Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-1413325443 %57 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:55 - 2016/12/04

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1677
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1677

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1677

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш КЕНЕБАЙ (КӨКБӨРІ)









«ЗОБАЛАҢ» ДАСТАНЫ ҚАЛАЙ ДҮНИЕГЕ
КЕЛДІ ?






-1-







Бастау






Қәсіретті Желтөқсән туралы осы деректі әңгімені бастамас
бұрын, Қазақ Елінің («Қазақ Елі» деп айта алмай, өтер ме екенбіз Жалғаннан!?) алғашқы
мемлекеттік бастауында тұрған «Алаш» партиясы мен «Алашорда» Үкіметінің
серкелері: Әлихан Бөкейхән, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржәқіп Дулат, ЖаҺанша
Дөсмүхәмет, Хәлел Дөсмүхмет, Мүхәметжән Тынышбай, Мұстафа Шоқай және т.б. (біздің
жетесіз тарихшысымақтарымыз бен орысшыл құл-құтандарымыз, олардың бүгінгі
тексіз билектегі ұрпақтарының өздері ғана емес, ұлт көсемдерінің тегін де
«өвпен» атап жүр) жүздеген, мыңдаған ұлтымыздың біртуәр ұлдарының небір тар жол, тайғақ кешулерден өтіп, ең
соңында соры қалың Қазағымның тәуелсіздігі жолында орыс отаршылары жауыз қызыл
жендеттерінің қолынан өлтірілгендерін әлдімен ойға алдым. Сол есіл ерлер
аруағына тағзым еттім.


Сол боздақтарымыздың ортасындағы шоқ жұлдыздай осынау
қазақ халқының рухани және саяси көсемдері дәрежесіне дейін көтерілген жеті
кемеңгердің асыл бейнесі – біздің «Өз ұлтымның нағыз азаматымын!» деп, асқақ
айта алатын әр қайсысымыздың жүрегіміздің терең түкпірінен орын алуға тиіс. Ал,
мына тексіз, тілсіз, дінсіз бүгінгі дүбәрә билекте отырғандар әлі күнге дейін
орыс отаршыларының алдында құрдай жорғалап, «біздің тағы құл болғымыз келеді.
Бізді құл етші?!» деп, «ләпбәй, тақсырлап» жүрген кезде, жоғарыдағы ұлт
көсемдерін жиі-жиі ауызға алуымыз керек сияқты.


Біз бұл әр қайсымыз үшін аса қәсиетті әрі қымбат
деректерді тегін тілге тиек етіп отырғамыз жоқ. Себебі, «Алашорда» Үкіметі де
желтөқсән айында дүниеге келген. Сондай-ақ, бар өмірін туған жерінен жырақта
өткізген, бір ғана қазақтың емес, барша түрік халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігі
үшін табанды түрде күрескен Мұстафа Шоқай бабамыз да осы желтөқсән айында
дүниеге келіп, осы айда қызыл империянің қолынан, фәшистік Гермәниянің әскери
гөспитәліндә белгісіз жағдайда көз жұмған, біздің асыл текті ұлы бабамыз,
қайран ер!..


1995 жылы белгілі ғалым, түріктәнуші Фәдли Әли,
тележурнәлист әрі ұстаз Әмір Мөлдәбек, күйші Шәміл Әбілтәев ( осы адам – сол
жаққа бізді өзі бастап апарғандай және өзі жазған еңбектерде біздердің
аттарымызды да атамаған) мен Еуропа мұратшыл түрік ұйымдары федерәциясінің
қаржыландыруының нәтижесінде, біз осы елді 20 күннен астам уақыт аралап, Батыс
Берлин қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген Мұстафа Шоқай бабамыздың
басында болып, шағын митингі өткізіп, құрбан шалып, ол кісіге арнап, дұға
оқытқанымыз, біздің ол дұғамызды тікелей осы Берлин шахарындағы 33 мұсылмандар мешітіне барғандардың
тыңдағаны, сөйтіп, көп адам бізге келіп, өздеріне қонаққа шақырғаны, бүгінгідей
көз алдымда (Өзім авторы әрі жүргізушісі болған
«Түрік даналары» әйдәрімен жасалған, марқұм, прөфессөр Марат Барманқұлов
ғылыми жекекшісі, Әмір Мөлдәбек ректөрі болған «Мұстафа Шоқай» деректі фильмі www.tanym.tv , т.б.
сайттарда тұр. Онда ұлы бабамыз Мұстафа Шоқайдың 1936 жылы Берлин шахарында
оқуда жүрген Түрік тілдес жастардың алдында сөйлеген әйгілі сөзі берілді.
Бабамыздың сөзін Қазақстанға тұңғыш әкеліп, Қазақ радиосы жастар редәкцияснің
сол кездегі бас редәктөрі Иманбай Жүбәймен сұхбат өткізген, "Азаттық"
радиосының тілшісі Қиял Сабдалин болғаны өз алдына бөлек әңгіме...) .


...Біз сол жолы тура 1995 жылдың 27-желтөқсәніндә, ұлы
бабамыздың қайтыс болған күнінде, дәл сол жерде болуымызды, өзімізге жақсылыққа
балаған едік.


Бұл арада Мұстафа Шоқай оның «Түркістән» жырын жатқа
айтқан, поэзияда – бір ғана қазақ ақындары емес, барша түрік дүниесінің
ақындары арасында шоқтығы биік тұрған ұлы Мағжан Жұмабайдың да, «Алаш»
партиясында болып, қазағының жеке мемлекет болуы жолында, қасық қаны қалғанша
күрескенін, осы жолда қызыл империянің қолынан қаза тапқанын, неге айтпасқа!


«Алаш» маршын жазған Жүсіпбек Айымауыт, Қөшке
Кемеңгерүлі, Шәкәрім Қүдәйбердіүлі, Сұлтанмахмұт Торайғыр, Мүхәметжән
Тынышбайұлы, т.б. жүздеген, мыңдаған арыстарымыздың қәсиетті есімдерін, біз
қазақтар, құран сүрелеріндей, жадымызда жатқа ұстауымыз керек! Әсіресе,
бүгінгідей «Кедендік одақ», «Еуроазиялық одақ» деген желеумен қайтадан орыс
отаршыларына құлдану прөцесі басталған тұста, оның орны тіпті, ерекше!


Осы
жолдардың авторы, мына менің ұлы атам Садық Кенебәйүлі, ұлы нағашым Ахмет
Жұматайұлы, бірі шет жерде оққа ұшса, екіншісі, атақты ҚарЛАГ-та өлтірілген,
Семей шаҺарындағы «Алашорда» өкіметіне адал қізмет еткен, осы жолда қазақ
ұлтының асыл армандарын арқалаған асыл жандар екенін, мен қалайша жасыра
аламын!


Керісінше,
өзімнің асыл тегімді мақтан тұтамын, ол бабаларымызды өзім өмірден өткенше,
есімдерін әйгілеп, өздерін ардақ тұтамын! Қазақ - тектілікті ардақ тұтып,
тексіздерді – жек көрген. Қәзір ғой, тексіздерді билікте көтермелеп, шала
қазақтарды мадақтап, ұлтымыздың тілі мен дінін тәрк етіп, таза қазақтарды қорлап отырған, бүгінгі
қазақстандық намыссыздарды кім деуге болады? Бұларда ұлттық намыс, әтімен жоқ.
Оларға қазағыңның асыл армандарының, көк тиындық құны жоқ. Бұл – ащы да болса, ақиқат, ағайын!


Қазақстан
өзінің тәуелсіздігін алғанына, биыл, 2013 жылы 22 жыл толады екен. Бұл, тарих
үшін тым аз уақыт бөлғәнімен, біздер үшін
аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде, қәзіргі тексіз билік, еліміздің жер
асты, жер үсті байлықтарын тонап қана қойған жоқ, ұлтымыздың барлық асыл құндылықтарын
жойып жіберді. Бұдан өткен ұлтқа жасалған қастандық болмас, бұл өмірде?


1986 жылғы
Алматыдағы Желтөқсән көтерілісіне қатысып, осы жолда құрбан болғандардың,
жазықсыз айдалып, сотталғандардың, жазықсыз жапа шеккендердің барлығының
бойында – «Алаш» арыстарының рухы болмады деп, кім айта алады?


Кешегі, 2011
жылғы 16-желтөқсәндә болған Жәңәөзен қырғынында, өз ұлтының бәскесерлерінің
қолынан ұққа ұшқан жүздеген және жарақат алған мыңдаған қазақ жастарының бойында – «Алаш»
арыстарының рухы болмады деп, кім айта алады?


1986 жылғы
желтөқсән көтерілісінде, біздің қазақтарды аяусыз басып, жаншыған – орыстар
болса, 2011 жылғы Желтөқсәндә Жәңәөзен қазақтарын қырып салған, өзіміздің
тексіз, намыссыз қазақтар, орысшыл құлдар екені, өтірік пе?


Асылы, ұлт
тәуелсіздігі жолында қаза тапқандардың өлімінен қәсиетті өлім жоқ! Алматыдағы
1986 жылғы Желтөқсән көтерілісі де, 2011 жылғы Жәңәөзендегі қырғын да, «Алаш»
партиясы құрылған күнмен, Мұстафа Шоқайдың туған және өлген күнімен тұспа-тұс
келуі, яғни, желтөқсән айына тура келуі – кездейсөқтіқ болмаса керек!..


Мүмкін, осы
сәйкестіктер арасында, біздің көзіміз жете бермейтін, бір ұлы заңдылықтың бары
анық.


1986 жылғы
желтөқсән көтерілісін басып, жаншығандар – орыстар болса, 2011 жылғы
16-желтөқсәндә Жәңәөзенде қазақтарды – қазақтар атып тастаған. Ал, үшінші
Желтөқсән – шын мәніндегі біздің ұлттық тәуелсіздігіміздің салтанат құратын, мына
тексіздерден азат болатын айы болмасына, кім кепіл?!. (міне, 2013
жылы да бүгінгі дінсіз, тілсіз, тексіз құл-құтандар билігі 16 желтөқсәндәғі
Тәуелсіздігімізді атап өтудің орнына орыстың Жаңа жылын дүрілдетіп тойлап
жатыр. Таяуда сол орыстардың Астанадағы мемлекеттік шыршасын жел ұшырып әкетті.
Ақыры жақсылыққа болғай! Орыс Жаңа жылына әлі бір ай бар, ал, Қазақ Елі
тәуелсіздігіне санаулы күндер қалса да, аналар ол жөнінде жұмған ауыздарын ашар
емес. Өйткені, ол намыстан жұрдай құл-құтандар - қожайындары орыстардан, В.
Путиннен өлердей қатты қорқады!..)








-2-





Күдік





...Сөнімен, кезінде жұрт назарын өзіне аударған, сол бір
1986 жылғы 18-желтөқсәндә өмірге келген, Алманияның «Азаттық» радиосынан алғаш
рет берілген, 1990 жылы тәуелсіз-саяси «Азат» гәзетінің желтөқсән айындағы
санында жарық көрген, кейбір мемлекеттік басылымдардың күні бүгінге дейін
жариялауға жүректері дауаламай отырған, «Зобалаң» дастанының дүниеге қалай келгені туралы,
қал-қадарынша көпшілік оқырманға баяндап берудің сәті, бүгін түскен сияқты.


Әйгілі Желтөқсән көтерілісіне биыл 27 жыл, дастанның
«Азаттық» радиосынан берілгеніне 23 жыл, «Азат» гәзетінде басылғанына, 23 жыл
толуына орай, сол күндердегі басымнан кешкен оқиғаларды – қалың жұртшылыққа
баяндап берудің мүмкіндігі, енді тып отыр.


Айтпақшы, «Зобалаң» дастанының Алманияның Мүнхен
қаласындағы «Азаттық» рәдиөбекетінен қатарынан төрт күн бойы эфирден беріліп,
әлемнің әуе толқынын шарлағаны, оны Батырхан Дәрімбет, Қиял Сабдалин, үй-ішім,
балаларым, бәріміз, «Тәтәркәдәғі» жер үйімізде қиқылдап, шиқылдап, мазаны алған
ескі радиоқабылдағыштан әзер тыңдағанымыз, өз алдына бөлек әңгіме.


«Азаттық» радиосының Қазақстандағы тұңғыш тілшісі әрі
бюро жеткешісі Қиял Сәбдәлиннің кеңесімен бұл дастанның «Азаттық» радиосының
сол кездегі қазақ бөлімінің бастығы, ұлтымыздың біртуәр азаматы, ғұмыры
«Елім-айлап» шетелде өткен Хәсен Оралтайдың менің бұл туындымның шетелге
кеңінен таралуына, қосқан үлесі айрықша еді.


Ал, осы
шағын еңбегімнің өз отанымда әлі күнге дейін, дұрыстап насихатталмауы – қәзір
билік басында отырғандардың барлығы дерлік, сол атақты Желтөқсән көтерілісі
күндері, бейбіт қазақ жастарының қанын төккендер жағында болуы, басты себеп
еді. Яғни, кешегі қызыл көммунистердің өзі немесе солардың тікелей ұрпақтары
отыр міз бақпай.


Ол
шіркіндер, яғни, орыстардың сойылын соққандар, күні бүгінге дейін: «сол
қылмыстарымыздың беті ашылып қалып, жұрт алдында масқарамыз шығар?..»-деп,
өлердей қорқатындары тағы бар. Жасыратыны жоқ, мен білсем, солардың ұйқылары да
түзу емес, бойларына да жөнді ас
батпайтын шығар» деп, кейде өзімді-өзім жұбатқан да болмын (бірәқ,
қәзіргі қолдан жасалған, бабалары ешқәндәй мұра қалдырмаған: «миллиәрдерлер» мен «миллиөнерлер» - тағы сол
ұрылар, құлдар, солардың ұрпақтары болып отырғаны, жалған емес) .


Бір
өкініштісі, қәзіргі билік тұсында олардың мұртын балта да шаппайды. Осыны
білгенде, шарасыздықтан күйіп кетеді екенсің!


-Желтөқсән
туралы таза шындықтың беті қашан ашылады?


Бұл –
әділеттік іздеген барша Қазақтың түпкі арманы!!!


...Сөнімен
1986 жылдың 17,18-желтөқсәні күндері өз көзімменен көрген оқиғаларды
рет-ретімен баяндайын.





-3-


Қарсаңда





...1986
жылдың желтөқсән айы халыққа жайлы болып тұрды. Алматы аспаны ашық, әлі қар
жаумаған. Жұрттың дені, жеңіл-желпі киінген. Көпшілігі әлі күздік киімдерін де үстерінен тастамаған. Жалпы алғанда,
халықтың көңіл-күйі соншалықты жаман емес болатын. Жаман емес болғанда,
аста-төк молшылық пен демөкрәтия орнап, қазақтың шекесі қызып тұрмағаны, тағы
белгілі. Бірәқ, ел өмірінде бір өзгеріс болатын сияқты, біздің қазағымыз
елеңдеуде еді.


Михайл
Гөрбәчевтің «Қайта құру», «Жариялылық» саясаты дүрілдеп тұрған шақ. Аздап болса
да, «өлгеніміз, тіріліп, өшкеніміз, жанып» дегендей, біртіндеп, ана бір жылдары стәлиндік
қуғын-сүргінде атылып, асылған, итжеккенге айдалған ұлтымыздың ұлы перзенттері,
асыл арыстарымыз «ақталып» (олар «ақталатындай», қара емес еді, оларды қаралап,
сосын ақтап жатқан сөветтік улы, зымиян
саясаттың әсері болатын)
ортамызға қайта орала бастаған тұс еді.


Ұзақ жылдар
есімдерінің өзін ауызға алу, аса қәуіпті болып келген ұлтымыздың бетке шығар
қаймақтарының қайта оянған рухы , туған хәлқімен қайта қауышып жатқан бір
керемет кезең еді!


Жетпс жылға
жуық, барша халықты темір шеңгелінде ұстаған көммунистік қатал жүйенің іргесі
солқылдап, қабырғалары сызат бере бастаған кез еді.


Мұның өзі,
шын мәнінде қазақ деген ұлтымыз ішінен қан жұтса да, ұзақ жылдар бойы
амалсыздан сабыр сақтай отырып, асқан шідәмділіқпен (біздің бүгігі тексіз
билік жиі айтатын «төлерәнттіқ» емес) күткен ұлы сәт еді. Мен осы арада біздің қазақ деген
маңдайының соры бес елі ұлтымыздың, мыңдаған жылдардан бері ұлт екенін
дәлелдеп, дүр сілкініп, атқа қонып, егескен жауының басын алған сәттері қанша
рет болды екен деп ойлаймын.


Әлде біздің
ұлтымыз қәзіргі билік (2013 жылды айтып отырмын) айтып жүргендей, басын кесіп
алып жатсаң да, қыңқ демейтін асқан «төлерәнтті, төзімді» ұлт болып қала берді
ме екен?.


Біздің бұл
«қой аузынан шөп алмас» шексіз момындығымыз бен ынжықтығымыз, қашанғы жалғаса
бермек?


Ең әлдімен
біздің қазақ, шын мәнінде ұлт болып қалыптасты ма екен әуелі? Ұлт болып
қалыптасса, неге өзін көрсете алатындай, асау мінез танытп) ай келеді?


Әлде,
орыстың 250 жылдық бодандығы мен соңғы 70 жылдық тоталитарлық, сөветтік
әкімшіл, әміршіл жүйенің басыбайлы құлы болып кеткенбіз бе?


Қазақстан
өзінің тәуелсіздігін алған 22 жыл ішінде тіпті, құлданып кеткен бе?


Біздің
биліктің басына келген кешегі құлдардың өзі немесе сол тексіз құлдардың пәленбәйінші ұрпақтары, әлі күнге
Мәскеудегі қожайындарына жалтақтап, оларға мөлие қарап, сол құлдарша күн кешуде
ме?


Асылы,
құлдан есі дұрыс адам шығушы ма еді, әуелі?


Біреудің
қүләқкесті құлы басқарған ұлт немесе дербес, мемлекет оңа ма өзі?


Алдімен
құлдар басқарған мемлекет, шын мәнінде тәуелсіз мемлекет бола ала ма?


Өзі құл,
басқалардың алдында, қалайша сол құл түрінде қала бермейді деп ойлайсыз?


Болмаса,
1917 жылы Ресей қазан төңкерісі кезінде билікке кілең ұры-қары, бәскесер,
тексіз құлдар келіп, олар ұлтымыздың бетке шығар қаймақтарын кілкіп алып,
байларды, оқығн зиялы, тектілерді құртып, тексіздер ғана билікке келіп, ұлтымызды
тұтастай құлдар жайлап отыр ма?


Құл жайлаған
ұлт оңа ма, әуелі?


...Иә, мен
ол кезде, яғни, 1986 жылы тағы бір ұлт перзенті деген атқа төліғімен лайықты
азамат, Сейдәхмет Бердіқүлөв директөрі болған республикәліқ «Жалын» баспасының
проза редәкциясіндә қізмет істейтінмін. Редәкция бастығы – Мейрәм Асылғазин
деген жазушы жігіт, ол әрі баспа партия ұйымының хатшысы (осы жолдарды жазып
отырғанда, Мейрәм марқұм бұл дүниеде жоқ. Алла оның жанын жаннатта жылытсын!) .


Проза
редәкциясіндә: Кәмилә Қүдәбәевә, Жүмәкүл Әбдіғәпәрөвә, Мұратқан Қәниев және мен («ов», «ев», «ова»,
«евә», «ин», «иналарды» сол жылдардағы үлгі бойынша, әдейі жазып отырмын)
қізмет істейтінбіз. Жасыратыны жоқ, сол жылдары баспадағы менің де беделім жаман емес, редәктөрліқ жұмыс
жоспарымды тоқсан сайын әртіғімен орындаймын әрі баспа кәсіпөдәқ көмитетінің
басшыларының бірімін. Жалпы, атынан көрініп тұрғандай, баспадағы
қізметкерлердің барлығы дерлік жастар болғандықтан, ұжымның әуізбірлігі де
жаман емес еді.


Ашығын
айтқанда, «Жалын» баспасында қізмет еткен жылдарым, жеміссіз болған жоқ еді.
Бұл туралы кейінірек, арнайы тоқталамын. Сондықтан да енді тікелей алып отырған
негізгі тақырыбыма көшемін.






































-4-


Қар жауғанда


(1986 жылдың
16-желтөқсәні)





Ертеден бері
аспанды ауыр қорғасын бұлттар тұмшалап, күн сол күні бір жамандықтың белгісіндей,
ерекше түнеріп
тұрды. Бүгін қалай да, күн райының бұзылатыны даусыз еді. Көптен бергі күннің
аяқ-асты мінез көрсеткені, осы бүгін болатын. Әлде сан құбылып тұрған күн-райының өзі, бірдеңеге
көрініп тұрды ма екен?


Кішкентәй
қызым Арайлымды ерте балабақшаға әкелген мен әдеттегідей, Абай мен Гәгәрин көшелерінің қилысындағы алты
қабатты «Баспалар үйінің» алтыншы қабатындағы өз жұмыс бөлмемде отырғанымда,
кім екені есімде қалмапты, сол кіріп келіп:


-Қөнәев
орнынан түсіпті. Қазақстанға бірінші басшы болып, Мәскеуден бір орысты әкеліп
қойыпты!-деген
сөзнен кейін, баспадағы жұмыстың да мәнісі кете бастаған еді.


Әне жерде,
міне жерде, топтасып, дауыстарын қатты шығаруға батылдары жетпей, бүгінгі
болған маңызды оқиға төңірегінде, қызу әңгімелесіп тұрған, баспа қізметкерлері.
Әрине, ол әңгімелесіп тұрғандардың арасында, мен де бар болатынмын.


Сол 1986
жылдың 16-желтөқсәні күні өзім көрген және әңгімелескен барлық таныстарымның
жүздерінде, біртүрлі жасқаншақтық ізі бар сияқты еді. Ұзақ жылдан бері темір
бұғаудың ішінде келе жатқан біздің қазақтардың бойында құлдық індет бар
болатын. Оны қәзір де жоғалып кетті деп, ешкім де айта алмайды.


Бұл үрей –
ұзақ жылдардан бері кеңес жүйесі қалыптастырған және жұрт санасына мықтап
сіңірген, үгіт-нәсихәттің әсері еді бұл. Ол қоғам – адам атаулыны бір-біріне
сенбейтіндей етіп тәрбиелеген, керек десеңіз, біріне-бірін ашық жауластырып
қойған, әзәзіл қоғам болатын.


Оның аты –
бүгіндері қарасы мүлдем жоғалған, бірәқ, әлі де жұрнақтары бар, кеңестік
сөциәлистік қоғам
болатын.


Қазақстанға
қазақ басшының орнына, Мәскеудегі Орталықтың қайдағы бір, мұнда өмірі болмаған біреуді әкеліп
қоя салғаны, біздің қазақтарды олардың адам ғұрлы көрмегендері еді бұл.


Бір сөзбен
айтқанда, Мәскеудің біз сияқты біреудің жағдайына қарап жататындай, жаман әдеті
болмаған.


-Орысын
қойса, қоя берсін! Неге, Қазақстанның өз орысын қоймады? Орыссыз, кеңес
одағында бірде-бір ұлт, өз алдына дербес мемлекет бола алмайды. Біздің
барлығымызды адам қатарына қосқан да, осы, айналайын, орыс халқы!


Бұл – нағыз
қаны тамып тұрған қызыл интернәциөнәлист, әбден миы уланған, көммунист
қазақтардың, яғни, кешегі қазақтардың ең ақылды, тектілерінің тұқымдарын тұздай
құртқан, құл-құтандардың ұрпағының сөзі. Иә, құл біткенгде, қәйбір есі дұрыс сөз, ақыл болушы
еді.


Турасын
айтқанда, Қазақстанға орыс басшы
тағайындау, «адал» көммунист басшылар үшін, тіпті, шу көтеретіндей, ерекше
тосын ештеме емес болатын.


Бәленің
барлығы, қазақты қойшы:


-Өзіміздің
бір орысты әкеліп, қоя салғанда, жақсы болар еді,-деп, бір көммунист ағамның
айтқан сөзінде жатқан сияқты.


Жер бетінде
қазақтай, әқкөңіл, қазақтай, бауырмал, қазақтай, төзімді, қазақтай, сенгіш,
қазақтай, аңқау халық жоқ шығар?


Түптің-түбі,
осы басқа ұлттарда жоқ, тым көпшіл, қонақжай мінезі, қайтып айналып, өзіне сор
болып тиетінін, сорлы қазақ, онда қайдан білсін?


Бұл біздің
қазақ, сол күндері шынын айтқанда, өзін билеп, жаншып отырған «өз» орысын,
ренжіткісі келмеген. Ана Ресей орысынан гөрі, өз орысының таққа отырғанын,
қалаған. Сондықтан да болар, Қөнәевтің орнынан тез кеткеніне, қазақтың
кейбірінің қабырғасы соншама қайыса да қойған жоқ. Тіпті, оның кеткеніне,
қуанды!


Себебі ме,
себебі, қазақ – ана басқа ұлт өкілдері сияқты «ұлтшыл» емес, нағыз
«интернәциөнәлист»!


Қазақ,
өзінен гөрі, өзге ұлт өкілін, атап айтқанда, орыс ұлтын құдайындай көреді. Және сол
орысқа табынады. Орыстың айтқанын, текі етпей, орындайды. Бұл қазақтың –
орыссыз күні жоқ! Қазақтың сауатын ашқан да, оны білімге, еңбекке, т.б.
жақсылықтарға үйреткен де, ақымақ қазақтарды байлардан, тектілерден, ұлт
көсемдерінен азат еткен де, осы айналайын, орыстар!


Бірдеме
шықса, қазақтардың қазақша оқығандарынан емес, Мәскеуден орысша білім
алғандарынан ғана шығады! (бүгін де, қәзіргі 2013 жылғы, тәуелсіз Қазақстанның
сол құл-құтандары, дәл сондағыдай ойлайтыны, тағы да өтірік емес!) . Әйтпесе,
ұлы орыс халқы болмаса, мәңгүрт қазақтар, баяғы да ақ, қоңыз теріп, ит болып,
үріп, шошқа болып, қорсылдап кетпей ме?


Өзіміздікі
емес, Ресейден келген қайдағы бір қаңғыған орыстың Қазақстанның өз орысына
орнын бермей, тап бір соның әкесінің орнындай, қонжия кеткені, қазақтардың
жанына қатты батқаны,
рас еді. Тіпті, біздің қазақтардың ол қылығы – біздің қазақ сияқты
«интернәциөнәлист», «бесігінде табым деп іңгәләғән» (Сәбит Мұқанов) қазақтың сол
кездегі қызыл ұлттық
«намысына да» тиіп кеткені, өтірік емес болатын!


Өзімізден
гөрі, өзгені, болмай бара жатса, ең соңғы түйір нанын, аш отырған өз баласының
аузынан жұлып алып, кім болса да, әйтеуір, үйге келген бейтәніс қонағының
аузына тосуды қоймаған халықпыз ғой.


Біздің
қазақ, оны айтасың, төрдегі өз орнын, қайдағы бір келімсекке түсіп беретінін,
қәйтерсің. Қазақтың ол келімсекке, өрнімен қоса қатынын бермегеніне, шүкір де!


Неткен
әумесір, даңғой, тым жомарт ұлт едік, десеңші!


Рас болса,
жер бетінде мұндай
шектен шыққан «жомарттық» - қазақтан басқа, бірде-бір ұлтта жоқ екен. Осы бір
шексіз ақ көңілділігімізден, сан рет таяқ жесек те, әлі күнге дейін басымызға тиетін емес!


Сол
Г.Көлбинге де, тап бір, екі туып, бір қалғанымыздай, құшағымызды айқара
ашқанымыз, өтірік пе? Әлжәппәр Әбішев сияқты жазушы ағамыз айтқандай, біз сол
келімсекті «жиырма жыл күткеніміз» рас па, өзі?


Жазушы Әбіш
Кекілбәев айтқандай, «Геннәдий Вәсильевич, нағыз кемеңгер ме» еді? (1987жылғы
«Қазақ әдебиеті» гәзетінің бір санында жүр. Осы адам, арада пәленбәй жыл
өткенде, тағы да «өнер» көрсетіп, аты ғана «тәуелсіз» мемлекеттің басшысының
қолын желікпе қатындарша майысып тұрып, қайта-қайта шөпілдетіп сүйгенін, 2011
жылғы Жәңәөзен қәсіретінде жазықсыз оққа ұшқандарды қаралағанын, т.б. өрескел
мінездерін қалай түсінуге болады?..) .


...Сөнімен,
1986 жылғы 16-желтөқсәндәғі Мәскеудің бұл саясатына деген елдің алғашқы ау-жәйі,
алған әсері, еткен әрекеті, ойланып, толғанғаны, өздерінше кісімсінгендері,,
қуанғандары, өкінгендері, бір-бірін іштей бәқтәләстіқпен табалағандары,
Қазақстанды ширек ғасыр билеген Дінмүхәмед Қөнәевті қолдағандары,
қолдамағандары, ананы кемсітіп, мынаны әспеттеп, өсектеп, өтірік мақтап немесе
орынсыз мақтанып, ісінгендері, орысқа жағымпазданғандары, жүз, жүзге
бөлінгендері, айналып келіп, келімсекке жем болғандары, желінгендері,
таланғандары...


Тоқ етерін
айтқанда, тосыннан болған бұл жәйді таразылап, топшылап, қолдағансып,
қолдамағансып, білгенсіп, білмегенсіп, аңқаусып, ақ көңілді болғансып, біреуге
ор қазып, оған өзі омақаса құлап, желігіп, желпініп, екі ұдай болған
қазағымыздың жоғарыда мен суреттегендей мөлшерде түйсінді соры қалың, менің
елім, менің ұлтым. Бұдан не түсінуге болады? Бәрін де...


Ертең «қалың
елім, қазағымды» не күтіп тұрғанын, Қазақстан деген майлы шелпекке ие болған
шөйжелке Колбин де, үкіметті басқарып отырған анау да, КГБ-ның жандайшабы
болған мынау да, мылқау халық та, бұл хабарды естіп, алғашында селк етіп
оянғандай болып, бүкіл қазақ қайтадан қалғып, қор етіп, ұйықтап кеткен.


Сөйтіп,
ешкім, ештеңе білмеген, ертең не боларын ойлап бас қатырып жатпаған, біздің
қазақ, 16-желтөқсәннің кешінде тамаққа мықтап тойып алып, жастыққа жантая берген, қалғи берген.


Ал, енді
ана қазақстандық биліктің маңында жүрген
немесе басында отырған біреулер, тіміскіленіп, халықтың жағдайын шындап
ойлағансып, қайғырғансып, жұмысшы және студент жатақханаларына жандайшаптарын
шаптырып, түнімен оларды түртпектеп, дүрліктіріскен. Бұл шіркіндер, «мұнымызды
жан баласы сезбейді» деп ойласа керек. Мұндайларға қазақтан гөрі өздерінің жеке
бас билігінің мықты болуы, әлде-қайда тиімді еді...





...Жұмыс аяғында әдеттегідей, «Жалын» баспасының төменгі
жағындағы балабақшадағы қызым, Арайлымды алып, баспада бірге қізмет істейтін,
үйлеріміз де қаланың бір шеті «Тәтәтркә» деген жақта тұратын Әбубәкір Қайранов
деген ақын інімді ертіп алып, тура осы арадан үйге дейін апаратын 19-автобусқа
отырған болатынбыз.


Түнерген
аспан бір түрлі үрей сеуіп тұрғандай, соншалықты сұсты еді. Көлік ішіндегі көп
орыстың арасындағы аз ғана қазақтың өңдері күндегіге қарағанда, бір түрлі пәс
сияқты көрінді маған
(мүмкін, сол кездегі маған, қайран қазақтың өңі сондай болып көрінген де шығар) .


Ал,
автобустың алдыңғы жақтағы жәйлі орындарына былшиып, былшиып отырып алған
орыстардың бірінен-бірі өткен семіз-семіз қатындары (шыны, осы ұлттың қатындары
ерепейсіз етженді келетіні де, өтірік емес еді) өмірі ауыздарынан тастамайтын
бірдеңелерін былш-былш шайнаған қалпы, күйіс қайырған сиырлардай, ыңырана біз,
қазақтар жаққа, қашанғы өр көкірек әдеттеріне басып, менсінбей, танауларын көкке көтере,
асқақ қарайды.


Маған бұл
орыстар ерекше көңілді сияқты көрінді.


-Ей, ты,
баран!-деп, бір қазақ жігітін, өздері араққа сылқия тойып алған, еңгезердей,
еңгезердей үш-төрт орыс орталарына алып, төмпештеп жатыр.


Бұрындары,
аяқ аттаған сайын кездесе беретін бұл көрініске, біз «баран» қазақтардың етіміз үйреніп кеткелі қашан? Орыстар
тарапынан аспан түсіп жатса да, мыңқ етпейтінбіз, бұрын. Ал, бүгін бұл
көріністер маған басқаша әсер ете бастағандай. Ана қалың орысқа, бір түрлі жиіркене
қараймын. Бұлай қәрәғәніммен, олар менен ықпайтын еді. Олар жалғыз менен емес,
қазақ атаулыдан мүлдем ығу дегенді білмейтін.


Осы көлікте
келе жатқан бір қазақ, батылы барып, ана сорлы қазақ қандасына қаны тартып,
араша түссеші? Араша түскенді қойып, онсыз да ана қалың орыс ит сілікпесін
шығарған ол қазақ жігітіне батылдары барып, бастарын көтеріп, мойындарын бұрып,
қарайтын да емес.


Өз
көлеңкелерінен өздері қорқып жүрген, қайран біздің қауқарсыз қазағымыз-ай,
десеңші. Бір замандарда сансыз ержүрек батырлары болған, от тілді, орақ ауызды
ақындары болған, ханы мен қарасы болған бұл қазақ, орысқа бодан болғалы бері,
сол бір батыл мінездерінен, жұрдай болып тоналып қалған сияқты.


Ана қалың
орыстың сені менсінбей, тіпті, адам қатарына қоспай «қойға» теңелулерінің де,
жаны бар ма, қалай?


Сонау 1968
жылдан бастап, Алматыға келгелі көретінім, қалың орыс, көшеде де, көлікте де
солар быжынап, толып жүрген. «Бұл не деген, қара шыбын сияқты қаптаған қалың
орыс?» деп торыға ойлаймын ішімнен, осындай тарыққан сәттерімде.


Кісі толы
автобуста өзіңнің ана тілің – қазақша бірдеңе деп сөйлеп қалдың бар ғой, онда
сорлы басыңның бәлеге қалғаны дей бер. Қалың орыс саған табан астында жабыла
кетіп, қазақша сөйлеген сені, жерден алып, жерге салып, сөгіп, түтіп жеп жібере
жаздатын. Аналардың
алдында өзіңнің ана тілің – қазақша сөйлеу, олардың ұлттық намысын тәптәғәнмен
бірдей саналатын.


Сенің
ата-бабаңның кіндік қаны тамған жерді басып тұрған бұл келімсек орыстар, сенің
ұлттық намысыңа түкіріп те қарамайтын. Тіпті, осылар, қазақта ұлттық намыс бар
дегенге, мүлдем сенбейтін сияқты.


Бұндайға
қалада тұратын мен сияқты қазақтардың еттері үйреніп кеткелі қашан? Біз, қалың
орыстың алдында, қазақ болып туып, қазақ болып жаратылғанымыз үшін де, нағыз
кінәлі жандар сияқты едік.


Қазақтың жерінде,
қазақтың елінде, қазақтың қаласында, қазақтың астанасы, Алматы қаласында
қаптаған қалың орыстың, онсыз да аз санды қазақтарды басынғандары соншалық,
қатынына айғайлаған байындай, сені не деп «шүлділеп тұр?»-деп басынып,
қазақтарды қазақша сөйлетпейтін.


Иә, өмірде
бұдан өткен қорлық жоқ шығар?


Осы адам
төзгісіз ит қорлыққа жетпіс жыл бойы көніп келді-ау, көн терілі, маңдайының
соры бес елі, «қалың елім, қазағым!». Қазақтан басқа бірде-бір ұлт, соңғы 40-50
жылда, орыстың тепкісіне дәл біздей төзбеген шығар?


Қазақстанда
тұратын жүздеген ұлт өкілдері, дәл біз қазақтар сияқты, кеуделерін орыстарға
бастыра қоймаған шығар? (Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, «бізде
140 ұлт бар» деген өтірікті айтатын болғалы да, міне, 22 жылдан асыпты) .


Кеңес заманында,
Қазақстанды «ұлттар достығының лабораториясы!» деп көпірте мақтағансыған
«олар», шын мәнінде біз сияқты жергілікті ұлт өкілдерін сол лабораторияларға
арналған тәжірибе жасайтын жәндіктердің қатарына жатқызып келгені, өтірік пе?


Бір ғана
Семей пөлигөніндә 40 жыл жер үсті және жер астында жасалған атом бомбысының
сынағын – біз қазақтардың төзімділігін байқап көру үшін, сол орыстар жасап
келді. Біз қазақтар, сол орыстар ғана ойлап табатын аса қәтерлі «ойынның»
құрбаны болып келгеніміз, тағы да өтірік емес. Осының өзі-ақ, біз қазақтардың
орыстар ойына келгенін жасай алатын, тәжірибе жәндіктеріне айнала
бастағанымыздың «жарқын» белгісі.


Ал, енді біз
қазақтар, сол басқыншы елдің бөтен тілінде шүлдірлеп келіп сөйлегенде, сол
орыстардың өзін жаңылдыратын дәрежеге жеткен едік (қазақ өзінің тәуелсіздігін
алған 22 жылдың өзінде, тіпті, бұрынғыдан бетер орыстанып кеткенін, тағы да
жасыра алмаймыз. Бүгінгі билікте отырған дінсіз, тілсіз, тексіз, орысша
шүлдірлегіш шенеуніктеріміз соған дәлел бола алады) .


Бұған – «бұл, ұлтымыздың керемет алғырлығы» ретінде
мақтануға да болады, ал, керісінше, намыстан қара жердің жарығы болса, соған
кіріп кетуге де болады. Әлгі
орысша сөйлеп кеткен қара орыстар қазақтарды, енді қайтып, қазақша сөйлете
алмайтын пұшайман қәлге душар болғанымызды, кеш болса да, түсінген қалып
танытып, өзімізше мұрнымыздың астынан бірдеңе деп «міңгірлейтін» сияқтымыз...


Біздің бұл
«міңгірімізді» ұғып жатқан шала қазақ бауырларымыз да жоқ. Оларды «шала қазақ»
деп атасаң, тағы да өттері жарылып кете жаздап, намыстанатындарын қәйтерсің?
Бірәқ, олар да ондай намыс жоқ. Бүгінгі Қазақ елі тәуелсіздігі жылдарында билік
басына қаптап келіп алған сол шала қазақтар, қазақтың тілін, дінін, барлық
ұлттық құндылықтарын, табанға салып таптап отырғанын, кім жоққа шығара алады?
Ана мемлекетті басқарып отырған кешегі қызыл көммунист адамның өзі, басқасын
айтпай-ақ қояйын, көңілдесімен кілең басқа тілде шүлдірлесетінін, интернеттен
көріп, естіп жүрміз. Сөйтіп, біз «балық – басынан шіріген» заманды көріп
отырмыз.


Дәл қәзір де
(2013 жыл!!!)
сол қазақтардың көпшілігі – орыс тілді, яғни, орыстардың жақтастары, орыстардың
намысын жыртып, солардың сойылдарын соғушылар болып отырғаны, ақиқат! Бұлардың
дені, турасын айтқанда, орыстардан да жаман «орысшыл патриоттар» (бұл ойлардың
кейбірі – менің Желтөқсән көтерілісіне дейінгі ойларым) . Бұл «қара орыстардың»
- «ол сары орыстардан» ешқәндәй айырмашылығы жоқ. Ана «қазақ тілінің керегі
жоқ» деп ашып айтқан: Мұрат Әуезөв, Гүлжән Ерғәлиевәні, Бибігүл Төлегенөвәні –
қазақ деуге бола ма? Қазақ жерінде туып, қазақша оқып, қазақша білім алып, қазақша ән салып, бүгінгі дәрежеге
жеткен Бибігүл Төлегенөвәнің, ана ұлы жазушы Мұхтар Әуеөвтің баласы – Мұрат
Әуезөвтің қанының басқа екенін ашық сездіріп,
қазақтан теріс айналғанын, қалай түсінуге болады?.


М. Әуезөвтің Қазақ ССР-інің алғашқы пәрләмент отырысында,
республикәміздің атындағы «қазақ» деген сөзді алдырып тастап, «Қазақстан
республикәсі» атандыруының астарында оның таза қазақ еместігі жатқанын, кім
жоққа шығара алады? Осы
адам енді қазақ тіліне қарсы шығып жүр. Қазақтың бұлардың алдында, қандай
жазығы бар? Қашаңғы алшаңдап жүре берер дейсің, бұларды түптің-түбі қазақтың
дәмі атады!


Бұны аз
десеңіз, енді билік басына шет тілдерін білетіндер (олар да орысша оқыған
биліктегілердің «күшіктері») келе бастады.


Конституцияда
қазақ тілі – мемлекетттік тіл болып сәнәлғәнімен, іш жүзінде әлі де орыстың
көлеңкесінде қалып келеміз. Бұған намыстанатын билік басындағыларды әзірге
көрмей тұрмын. Қәзіргі тәуелсіз елдің пәрләментіндегі депутәтсімәқтәр, сонда
отырған сәусәқпен санарлықтай орыстар үшін, жандарын қинап, бірдеңе деп
шүлдірлеп жатқандарына, үйде отырып, мына мен жерге кіріп кете жаздаймын.


Бұл
шіркіндер, тым болмаса, өмірден қазақ болып өткен, құлдың тұқымы
болса да мейлі, кешегі
өздерінің ата-бабаларының рухын сыйламай ма?


«Балық –
басынан шіриді» дегендей, мемлекет басқарып отырған кісіден бастап, биліктегілердің барлығының балаларына
дейін, бір ауыз қазақша білмейді, оны олардың білгілері де келмейді. Және олар
осы қылықтарына тағы да намыстанып жатқан жоқ.


Ол
«балапандар», неге намыстанады? Қазақша үйрететін елді басқарып отырған
ата-аналарының түрі анандай болса, ол не істемек?


Қазақ тілі –
шын мәнінде мемлекет тіл болып, іс қағаздарының барлығы қазақша жүре бастаса,
«дәулердің» балалары оба тигендей, шеттерінен жұмыссыз қалар еді. Өздері билік
тұтқасында отырпғанда, ерке-тотайларын жұмыссыз қалдырып, аналарды жын ұрып па? Есің барда,
еліңді тапқаның жөн, ұлт үшін шырылдаған ұлтшылым сол. Олар тірі тұрғанда, орыс
тіліне көзіңді алартып немесе орыс тіліне тиісіп көр, өле алмай жүрсең!


Бұл саяси
жүйе – осы күйіндей жұптары жазылмай, билік басында тұра берсе, Қазақ Тілінің
бағы жанады деу, «түйенің құйрығы көкке жеткенмен» бірдей.


Сонау 1990
жылы КСРО-ның (кеңестік сөциәлистік республикәләр одағы) басқа республикәләрі
біртіндеп, өздерінің тәуелсіздіктерін жариялай бастаған тұста, империянің
іргесін Желтөқсән болып, тұңғыш шайқалтқан Қазақстан – орысшыл басшылардың
арқасында:


-Біз өлсек
те, Ресейдің құрамынан шықпаймыз!-деп, жер тепкіліеп, жатып алғаны, өтірік пе?


«Тәуелсіздік!»
деген әлемдегі ең қәсиетті сөзді айтуға аузымыз бармай:


«Егемендік»
туралы өлдім-талдым дегенде бір Декләрәция қабылдаған болғанымыз да кеше емес
пе!


Біздің билік
басындағылардың «Тәуелсіздік!» деген қәсиетті сөзді айтуға әлі күнге дейін
батылдықтары жетпеуі – олардың қәсиетінің қаншалықты екенін көрсетсе керек.
Тәуелсіздігімізді алғанымызға 22 жыл болса да, тоты құс сияқты:


-Егемен
елміз! Егемен елміз!-деп шаршағанша қайталай беріп, оны қоятын емеспіз. Оған
дәлел керек пе, міне.


Мемлекеттік
басылым «Егеменді Қазақстан» гәзеті, «Тәуелсіз елміз» дегенді айта алмай, қор
болып келеді. Тарихтың өзі мойындап отырған тәуелсіздігімізді мойындамай
отырған бұл мемлекеттік басылымды не деуге болады, сонда?


Қазақстанның
тәуелсіздігін алғысы келмеген. Қазақстанның ұлттық әскерін құрғысы келмеген,
Қазақстанның өз ваютасы – төл ұлттық теңгесін шығарғысы келмеген, ең
ақырғысы тәуелсіздігімізді алғанымызға 22 толса да, тәуелсіздікті мойындағысы
келмеген биліктің ұшар басындағы адамның, осы мемлекетті басқаруға құқысы бар ма
деген, заңды сұрақ туындайды.


Мұны
айтасыз, енді сол адам, «Кедендік одақ», «Еуроазиялық одақ» деген сілтәумен
елімізді қайтадан орыс бодандығына беріп отырған аса қәтерлі кезеңді басымыздан
кешіп отырғанымыз, тағы да өтірік пе?


Басқасын
айтпағанның өзінде, біз әңгімеге арқау етіп отырған – әйгілі Желтөқсән туралы таза
шындықты да, толық айтқызбай отырған оны не деп атауға болады?


-Біз сонда
қандай қоғамда өмір сүріп отырмыз? Біздің мемлекетіміздің келешегі бар ма өзі?


-Түптің-түбі
«Еуроазиялық одақ» арқылы Ресейдің отарына өз еркімізбен барып, басымызға
қайтадан құлдық қамытын киеміз бе?


-«Тәуелсіздік!»
деген қәсиетті сөзді бар дәуісімізбен айғайлап айта алмаған соң, оның қандай
мәні болғаны?


-Ақыры,
Қазақ елінің болашағы қандай болмақ?


Иә, ағайын,
сұрақ көп, бірәқ, жауап жоқ!





«Жартасқа
бардым,


Күнде айғай
салдым,


Одан да
шығар жаңғырық!»


(Абай) .





Осынау
данышпан ақынның өлең жолдары – менің бар қайғым мен қәсіретімді суреттеп
тұрғандай ма, қалай?


Осы арада
жоғарыдағы қаптаған көп сұрақтарға жауап беріп көрейін. 1917 жылғы қазан
төңкерісінде билік
басына Ресейдің кілең ұры-қары, бәскесерлері келгені өтірік пе? Иә, солар билікті
қан-төгіспен басып алып, ұлттың бетке шығар тектілерінің тұқымын тұздай құртқан
болатын.


Біздің қазақ
даласында да, сол бір бәскесер, шала сауатты тобыр билікке келіп, қазақтың
Әлихан, Ахмет, Міржәқіп, Мүхәметжән, Қөшке, Шәкәрім, Хәлел, ЖаҺаншақ, Мұстафа, т.б. сияқты ұлт
перзенттерін атып, асып, көздерін жойған. Сөйтіп, билікке кілең тексіз,
құл-құтандар келген. Олар билік құрған 70 жылдың ішінде қазақтардың тұқымы
тұздай құрыған.


Билікке
келген құл-құтандар, ұлтымыздың басына әңгір таяқ ойнатқан. Құлдар басқарған ел
оңушы ма еді. Қазақтың «құм жиылып, тас болмас, құл жиылып, бас болмас» деген
мақалындағы ойлар, айна-қәтесіз келген. Құлдардың – жігерсіз, намыссыз,
ұры-қары келетіні рас.


Осындай құлдар
басқарған ел оңушы ма еді. Әйтпесе:


-Бізге
тәуелсіздіктің керегі жоқ!-деп бақыра ма, ол тексіз?


-Біз
орыстарсыз өмір сүре алмаймыз!-дей ме, ол сорлы пенде.


-Біздің орыс
тілінсіз, күніміз жоқ!-дей ме, есі бар адам.





Бұны аз десеңіз, сол тексіздер Қазақ елінің жер асты, жер
үсті балықтарын кірмелерге су тегінге беріп, өздері шылқа майдың үстінде отыр. 2012
жылдың 9-мамыр күнгі ақпаратқа қарағанда, Қазақстанда 50 шексіз бай адам бар
екен. Оның 90 пайызы –
кірме ұлт өкілдері болса, қалғаны қәзіргі мемлекет басшысының өз «күшіктері»
екен. Бұларды құл-құтан, тексіз деп айтпаған да, енді кім деуге болады?


Бүгінгі ел
билігінде отырғандар – кешегі құлдар немесе сол құл-құтандардың тікелей
ұрпақтары. Құлда – бас, ақыл болмайды. Құлда –
ми жоқ, оларда тек қарын ғана болады. Бәспен ойлаған жақсы ма, жоқ,
қәрінмен ойлаған жақсы ма? Ал, қарында ми болмайды. Онда не болатынын, өзіңіз
біле беріңіз.


Кілең
ұры-қары, тексіз құлдар – 70 жыл қазақтардың қанын сорса, енді өз тәуелсіздігін
«алған-мыс» мемлекеттің озық ойлы азаматтарын абақтыларға қамап, атып, асып,
ойларына келгенін істеп отыр.


(жалғасы бар)
Жұмаш КЕНЕБАЙ
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1677

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар