Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-229031842 %58 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 16:19 - 2016/11/30

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1672
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1672

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1672

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


01.11.2016 жыл

Жұмаш Кенебәй



«ЕРКІН ҰЛТ» топтамасынан үш жыр:




1.БІЗДІҢ ҚАЗАҚ!..



Біздің Қазақ, көкте емес,
Сәл-пәл аздау, жоқ та емес.
Онсыз дағы бұл Қазақ,
Соншалықты көп те емес.


Көп нәрсеге көнеді,
Қадау, қадау, өнеді.
Ең бірінші, Қазаққа
Ауізбірлік керегі.



Тұсау болған асауға,
Кең, жақсылық жасауға.
Ағайын мен туысқа
Бармыз, баймыз қашан да.


Жақсыларын жоқтаған,
Жамандарын соқпаған.
Содан да ма бұл Қазақ,
Тура сөзге тоқтаған.


Жасық емес, ер ұлтпыз,
Сәл аңқаулау, сері ұлтпыз,
Жері қандай кең болса,
Пейілі де кең Ұлтпыз.


«Әттең де...» бар көптеген,
Ойнаған кім өтпенен?
Дархан ұлтты Қазақтай,
Басынбасын деп келем.



Бейне бұлақ, тұнық деп,
Бейне асыл ұрық деп,
Қан жағынан әлемде,
Қазағымдай бір ұлт жоқ!



Мақтан емес, шындық деп!
Сақтап қалар Бірлік тек!
Құл-құтаны есірген,
Осы жағы сұмдық тек!..



Жұмаш Кенебәй,
01.2016 жыл.


2. ҚАЗАҚ ҚАЙТА ГҮЛДЕЙДІ!..




Бұл Қазаққа кім жақын?
Бұл Қазаққа кім жатың?
Көп «әттеген...» бүгінгі
Оңалатын күн жақын.



Ұлт «дүр» етсе, от болар,
Күйдіретін шоқ болар!
Біздің текті Қазақты
Басынғандар жоқ болар.


Тексіз алды ор болар,
Арылмайтын сор болар!
Қазағымның Дін, Тілін,
Қорлағандар қор болар!



Ол не, жанға бататын?
Соншалықты қапа кім?
Киесі бар Қазақтың
Түбі оларды ататын!



Бүршік қайта бүрлейді,
Таң самалы үрлейді.
Құл-құтаннан арылып,
Қазақ қайта гүлдейді!



Ұлт ұрланды, тоналды,
Көш теңселіп, оңалды,
Бір қарғысы Қазақтың,
Жібермейді оларды!


Ұлт көктемі оралар!
Көре алмайтын соны олар,
Ана тексіз құл біткен,
Өзді-өзінен жоғалар...



Жұмаш Кенебәй,
01.11.2016 жыл.




Жұмаш Кенебәй





3. ҰЛТ НАМЫСЫН ДӘЛЕЛДЕ!





Өзіңе-өзің сенсеңші,
Намысты ұлға ерсеңші,
Ал, Қазағым, күттірмей,
«Дүр!..» сілкініп көрсеңші!



Жоқ болады бар қайғы,
От болады, замғайды!
Сен, сілкінсең, құлдардың
Зәре-құты қалмайды!



Сенген қарын, мықынға,
Ана кілең құтырма,
Онсыз дағы тексіздер,
«Тәйт!» де, дайын зытуға!



Ана итінің көзінше,
Езгілесе езін ше...
Момындығын Қазақтың,
Бұлар ұққан өзінше.


Жүрек неге бұлқынды,
Анау неге қылқынды?
Енді Ұлтымның есесін
Қайтаратын күн туды!


Осы жолы үлгерсек,
Көрер таң мен күндер сеп...
«Бұрауда да сұрау бар»
Екендігін бір көрсет!



Менің Текті Қазағым,
Менің отты Қазағым!
Ана кілең құлдарға,
Көрсет тартар азабын!



Мынау тұтас әлемге,
Ірілі, ұсақ бар елге,
Еркін Ұлттың ешқәшән,
Құл болмасын дәлелде!
Атар таңға «Сәлем!» де!!!


Жұмаш Кенебәй,
01.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1672

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ақтөбеде жолақысын карт 3 min
Ұстаздарды артық жұмыст 13 min
Парижде үкіметке қарсы 15 min
Атырау облысы Қазақстан 23 min
Тағы бір қазақстандық с 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Оралда жүкті әйел көпір 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстанда Цифрлық ком 1 sagt
Тоқаев "Оралман" сөзіне 1 sagt
Бекзат Нұрдәулетов – әл 1 sagt
Қостанайлық қайырымды ж 1 sagt
Қазнетке 25 жыл толды - 1 sagt
Министр Риддердегі спор 1 sagt
Димаш Құдайберген қытай 1 sagt
"Барлығын түсіріп, өзі 2 sagt
Балалар музыкамен айнал 2 sagt
Алматыдан 744 шақырым қ 2 sagt
Жанар Хамитова қайтыс б 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Тараздағы форумда той м 2 sagt
Министр шығыста жүр 2 sagt
Жанар Хамитованың ағасы 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Атырауда қазақтың тұңғы 2 sagt
Еліміздің АТОМ жобасына 2 sagt
Сарыағаш кеден бекетінд 2 sagt
Тоқаев СҚО-ға ұшып келд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Несіпбек Айтұлы | Әдеби 3 sagt