Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-141757522045 %55 %
2019-11-151990658361 %39 %
2019-11-1643998254 %46 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:23 - 2016/11/28

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1669
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1669

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1669

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Кенебәй






ҚАН ЖЫЛАП ОТЫРЫП ОҚЫП ШЫҚТЫМ!





Осы түнде менің атыма келіп түскен студент қазақ қызының ұзақ хатыныан алынған бұл қысқа ғана үзіндінің өзін бейжәй оқып шығу мүмкін емес. Ішім қан жылап отырып, оқып шығып, әзірше осы хаттан шағын ғана үзіндіні жұрт назарына ұсынуды жөн көрдім.
Міне, біздің қазақ жастарының бүгінгі адам төзгісіз жағдайына бір ғана дәлел осы болар деп ойлаймын.
Автор.




ХАТ:



«...Әкем мен анашымнын өздеріне дұрыстап киім-кешек алмаса да, өздері қалаған тамақтарын алып жемесе де, олар маған ауыздағыларын жырып береді. Бүгіндері университеттің ақылы бөлімінде студент болып оқып жүрген мен туралы әкем мен анамның екі сөздерінің бірі: « сен, осы өкуіңді жақсылап бітіріп, жоғары білімді маман атанғаннан кейін мына елдің кір-қоңын жуатын ең лас әрі ауыр жұмысты тастаймын» десе менің қайран асыл анашым, ал, өзі ауырып әзер жүрген, аса ауыр жұмыстағы әкешім қу сүйегін сүйретіп, өзі өлейін деп әзер жүрсе де: «сен, оқуыңды бітіргеннен кейін алаңсыз өле берсем де болар еді. Ана бастықтарыма биыл сенің оқуда екеніңді, оқу ақысын төлеу керек екенін айтып жатып, жалынып жатып, ана адам төзгісіз қара жұмыстың өзінен қысқармай әзер қалған едім, сен оқуды бітірген күні өле берсем де болар еді...»-деп отырады үнемі әкем. Олардың бұл сөздерін естігенде менің бала жүрегім сан бөлшекке бөлініп, қан жылайды. «Мұндайды көргенше...» деп кейде өмірден де түңіліп кететінім бар. Айта берсем, біздің отбасының жағдайы адам төзгісіз сондай ауыр жағдайда. Менің жыл сайын төлейтін оқуымның ақшасын табудың өзі менің дәрменсі әрі дімкәс ата-анама азап болып отырғаны жанымды аяздай қариды... Мен сияқты студент атанып жүрген қазақ жасының басындағы бұл ауыр жағдайды менен басқа кім түсінер екен, әй түсінбейді ғой... Себебі, өздерінің бастарынан өтпегесін, олар қайдан түсінсін...
Жұмыс жасап, ақша тауып жүрсем екен, әкем мен анама көмек ретінде... Бірәқ, әттең, қолымның кіскәліғін-ай, десеңші! Шынын айтсам мына мен ас ішіп, аяқ босатқаннан басқа не істеп жүрмін? Қәзір істеймін десең де жұмыс жоқ! Бар қолымнан келгені, ана мен үшін қиналып жүрген әкем мен шешеме сөз келмесін деп, сабағымды жақсы оқуға бар күшімді салудамын. Күндіз де, түнде де: «менің ардақты әкем мен асыл анам аман болса екен деп, құдайдан тілеймін!
Жаратушым менің бұл көз жасымды көре ме, көрмей ме, ол жағын тағы айта алмаймын...
Мен бұл хатты қатты қиналып кеткеннен кейін және асқан шарасыздықтан кейін амалсыз жазып отырмын. Бүгінгі қазақ жастарының көбінің басында дәп мендегідей ауыр жағдайлардың болуы да мүмкін. Ал, мен қатты қиналғаннан кейін, амалсыздан осы хатты жазып отырмын. Мені аямасаңдарда, ана қатты қиналып жүрген әкем мен анашымды аяйтын адам бар ме екен жер бетінде?..
Қол ұшын беріп, көмектесетін жандар болса ғой, шіркін, деп те армандаймын, кейде...
Әлеммен екінші курс студенті Венерә...»
(Толық мекен жайын, толық атын, тегін, оқу орнын кейін көрсетемін)
Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
29.11.2016 жыл.
Нравится
Нравится
Супер
Ха-ха
Ух ты!
Сочувствую
Вөзмутительнө
КөмментәрийПөделиться
5 Nurila Kudaskizy, Жүкел Хамай и еще 3
Көмментәрии
Қарақат Сәуріқтегі Сәғәтбекқізі
Қарақат Сәуріқтегі Сәғәтбекқізі Эх...атаң қоқи ит өмір-ай...
Бұл бір ғана отбасының жағдайы емес,қәншәмә от басы осылай өлместің күнін кешіп жәтір...жіптері міне-міне үзілер-деген үмітпен.....
Нравится · Ответить · 2 · 24 мин.

Қарақат Сәуріқтегі Сәғәтбекқізі өтветилә · 2 өтветә · 21 мин.
Imanbaeva Lyazzat
Imanbaeva Lyazzat Ой аға көзіме еріксіз жас келдәу .Қәзір қазақтың əр жанұясы осындай күн кешіп жатыр десем қәтелеспейтін шығармын (байларды айтпаймын ) Олар қайсы бірін ойлап бас қатырсын .Балық басынан шіриді демекші жоғарыдағы атамыз ойламағанда басқасына не шара .Бұл қыздың əке шешесіне Алла денсәуліқ өзіне төзімділік берсін .
Нравится · Ответить · 2 · 20 мин.

Жұмаш Кенебәй өтветил · 1 өтвет
Nurila Kudaskizy
Nurila Kudaskizy
Нравится · Ответить · 11 мин.
Nurila Kudaskizy
Nurila Kudaskizy Айтар сөзім жоқ сияқты...
Нравится · Ответить · 11 мин.
Жұмаш Кенебәй

Написать көмментәрий...




29.11.2016 жыл.
Жоғарыдағы (осы менің ФБ-мда. «Қан жылап отырып, оқып шықтым...» деген тәқіріппен)
СТУДЕНТ ҚЫЗДЫҢ ХАТЫН ОҚЫҒАН СОҢ ТУҒАН
ЖЫР. ЖЫР ЕМЕС БҰЛ ЗАР!..





Мынау неткен масқар-ай!
Жолы жоқ па басқадай?
Жоқшылыққа қор болған,
Қайран Қазақ жастары-ай!
Жұмыссыздық елдегі,
Дәрменсіздік елдегі,
Ауыр жағдай сендегі,
Ауыр жағдай мендегі,
Қазақ қызы мұңданар,
Қазақ ұлы құр қалар,
Дәл бүгінгі Қазақтың
Жағдайына кім қарар?
Не құқайды көрді олар,
Ар намысты берді олар...
Үміт болмай ешкімнен
Қазақ жасы жер болар!
Құлы болған басқаның,
Мына билік, тас бауыр!
Қалың қайғы бүгінде
Жастарымды басты ауыр.
Қазақ жасын бұзған кім?
Қазақ жасын сызған кім?
Қазақ қызын ана бір
Қысық көзден қызғандым...
Тауың күйреп қайтарсың,
Үміт күйреп шайқалсын!
Бұдан кейін Қазақтың
Жасына не айтарсың?..
Берме босқа бұлдана,
Босқа шалқып жырғама?
Есіңді жи, құл билік!
Жан жағыңа бір қара?!!
Ештеме жоқ таңданар,
Қазақ ғана арланар!
Қазақ атқа бір мінсе,
Сені атыңнан аударар!..
Жұмаш Көкбөрі,
29.11.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1669

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер