Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-14457388527 %73 %
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16372242649 %51 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:03 - 2016/11/27

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1668
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1668

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1668

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


28.11.2016 жыл,
Күн дүйсенбі:



«ӨМІР ҚАТЕЛІКТЕРІ» топтамасынан Үш жы:




1.ӨМІР - ҚАЙЫҚ...




Барады Өмір өтіп... аңдау қиын,
(Әрине, бұрынғыдай самғау қиын...)
Тағы да түн ортасы. Мен жалғызбын,
Басымда толған ойлар, таңдау қиын...
Өмірдің не дәмін де татқандаймын,
Таба алмай, кейде ол жанды тапқандаймын...
Бос кеткен бір кездерде уақытымның
Расы, өшін алып жатқандаймын....
Дегендей шатасқан күн, айыққан күн,
Бәріміз Өмір деген қайықтанбыз.
Сол қайық, қашан, қай күн аударылар,
Қалармыз бұл жол аман ғайыптан біз...
Бұл Өмір - қалай, қәйтіп өтер екен,
Басқасы Жақсылықтан, бекер екен...
Келеміз Өмір-Қайық, қалт-құлт етіп,
Кім - түпке, кім - жағаға жетер екен?
Бұл сапар, бақытың ба, сорың ба екен?
Сен күткен анау қысаң, жолың ба екен?
Үстінде Өмір-Қайық жүргендердің,
Тағдыры қай Мықтының қолында екен?..
Жұмаш Кенебәй,
28.11.2016 жыл.
Жұмаш Кенебәй
2.БҰЛ ӨМІРДІҢ МӘНІ НЕ?
Тағдыр мойын бұрғандай,
Кейде торын құрғандай,
Ойлап тұрсам, Өмірім:
Қәтеліктен тұрғандай.
Өткен күнім: тұмандай,
Күдік пенен күмәндәй.
Ойлап тұрсам, Өмірім:
Сүрінуден тұрардай.
Сүйгендердің нәрі не?
Сүймегеннің бәрі не?
Ұнату мен жек көру:
Бұл Өмірдің мәні ме?
Мені сатса, достан, дос,
Айдалаға босқан Көш...
Ойлап тұрсам, Өмірім:
Өткендей ме, бостан бос...
«Мен бе өзі?» Осы мен,
Қайда арманшыл есіл ел?
Қәтеліктен тұратын,
Өмір қымбат несімен?..
Жұмаш Кенебәй,
28.11.2016 жыл.
Жұмаш Кенебәй
3.АҢДАМАЙ СӨЙЛЕУ МЕН ҚАТЕЛЕСУ...
Іздегендерімді күттім бе?
Үмітпен құлақ тіктім бе?
Аңдамай сөйлеп сан рет,
Достарды іренжіттім бе?
Алды, артқа қарамадым ба?
Қалап та, қаламадым ба?
Аңдамай сөйлеп сан рет,
Жақсыны жараладым ба?
Адасып жүріп сар құмда,
Адасып жүріп бар құмда,
Аңдамай сөйлеп сан рет,
Жүрекке қаяу салдым ба?
Келгендей сұм ой, тегінге,
Демейтін жерде «дедім бе?..»
Аңдамай сөйлеп, сан рет,
Ал, содан таяқ жедім бе?
Адасып одан қалдым ба?
Есімнен кейде тандым ба?
Аңдамай сөйлеп сан рет,
Қәтеліктерге бардым ба?..
Айтып та қәйтем өңгесін?
Қәтелестім бе, сенгесін?
Аңдамай сөйлеп сан рет,
Бұздым ба көңіл пернесін?..
Тағдырдың жолы құлама,
«Өтем,-деп,-қалай?», сұра ма?
Адамның бүкіл Ғұмыры:
Қәтелесуден тұра ма?..
Жұмаш Кенебәй,
28.11.2016 жыл.




28.11.2016 жыл 2-бөлік:
Жұмаш Кенебәй
АЛТЫНДАЙ ҰЛТЫМ - ҚАЗАҒЫМ!...
Оятып барша тарапты,
Тағы бір міне, Таң атты!..
Алатау шыңын қар басқан
Алтындай түспен жалатты.
Қуаныш ішке сыймасын,
Ұйқышыл есін жинасын.
Бұл таң да бүгін Қазаққа,
Жақсылық қана сыйласын!
«Береке берсін!» дегейсің,
«Игілік берсін!» дегейсің,
Алтындай Ұлтым - Қазағым,
Уаймсыз таңың көбейсін!..
Жұмаш Кенебәй,
28.11.2016 жыл.



Жұмаш Көкбөрі
ҚҰЛДАР МЕН ТЕКСІЗДЕР, АҚЫЛДЫ БОЛМАҒАН!..
Соңғы кездеі астанамыз Астананы «ақылды қала» деген бірдеменің қатарына қосу науқаны басталып кеткен сияқты.
Ең бірінші, жансыз нәрселер мен хаюандарды қазақ «ақылдылар» қатарына жатқызбаған және оларды «ақылды» деп айтпаған.
Екіншіден, тіпті, солай болған күннің өзінде, ұлттық намыстан жұрдай, «шүлдір қаққан», Ресей мемлекеттік тілінде ғана сөйлейтін, өзінің мемлекеттік тілін менсінбейтін кілең орысқұл тексіздер тұратын қаланы қалай «ақылды қала» деп атауға болады?
Бұл, ең әлдімен қабырғалы қазақ ұлтын қорлау деп түсінемін!
Басып айтамын, қазақ тарихында құлдар мен тексіздер ешқәшән «ақылды» болмаған!..
Жұмаш Көкбөрі,
28.11.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1668

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар