Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1610728029 %71 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 05:31 - 2016/11/25

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1667
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1667

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1667

Мақала жолдаушы: Cәбит БЕКСЕЙІТ
Мақала апторы: Сәбит БЕКСЕЙІТ
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Республикәсі, Қарағанды қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жазушы Алдан СМАЙЫЛ – 70 жаста

ҚАЛАМЫНЫҢ БАБЫ – ҚАЗАҒЫНЫҢ ҚАМЫ

«Жақсы атақ алғаннан басқа жақсы іс жоқ» деп Рашид-ад-Дин айтпақшы, берісі Арқаның, әрісі Алаштың ардақ тұтар ұлдарының бірі – Алдан Смайыл.
Түп-тұқияныңда, қаныңда, тегіңде бар қарымды қәрекет қана өрге басады, өркен жайып, өрісі кеңиді. Енді соны дәлелдеу парыз. Оны, яки асыл сүйекті бекзәдә екеніңді дәлелдеу үшін әуелі шыққан тегіңе, зәузәтіңә барлау жасау керек. «Жеті атасын білмеген жетесіз» деп бекер айтпаған. Ендеше, «Әлқисса» деп әңгімемді тым-тым әріден бастайын.
Алданның үлкен әкесі Смайыл 1871 жылы туып, 1971 жылы тура жүз жасында дүние салған. Ескіше сауатты, оң қолынан өнер тамған хас шебер адам болған көрінеді. Ағаш пен темірден түйін түйген. Өле-өлгенше көзілдірік кимеген. Сақина, білезік, жүзік соққан зергер. Смекең әрі сәяткер болған деседі.
Кезінде Сәкеннің әкесі Сейфөлләмен, Қәжімүқәнмен, Балуан Шөләқпен замандас, жолдас, дәмдес, сырлас болған. Ақмоладағы Куприн мен Мәйкөп деген ең атақты көпестермен араласып тұрған. Әңгімешіл, шежірешіл, күйші, әнші және нәйзәгерлердің бірі болған.
Ал жазушының әкесі Зейнөллә ақсақал (1917-1998) – өмір бойы бала оқытқан ұлағатты ұстаз. «Атадан жақсы ұл туса, елдің қамын жейді» дегендей, ұлы әкесінен де, кіші әкесінен де алған тағылымы мол тарланбоз қәләмгердің тағдыры талайлы.
Қашанда ұлттың қаймағы саналған зиялының дуалы аузынан шыққан уәлі сөзі өзі өмір сүріп отырған заман мен қоғам көшінен қалмауға барынша ұмтылып, жарық жалғанның әрбір сәтіне ой көзімен қарайтын саналы да сезімтәл адамды тебірентіп, қалың ойға батыратыны анық. Алмағайып заман дерлік бүгінгідей қым-қуыт, дәргүмән шақта бойын кеудемсөқтіқтән алшақ ұстап, әбеқөңір тірлік кешіп, әліптің артын баққан сергек те елгезек қарапайым халық та әулекі әумесердің емес, сабырлы да байсалды естінің сөзін ес тұтады. Сондай ақылшы аға тұтқан қарымды қәләмгеріміз Алдан Смайыл да – замандастарымызды толғандырған көкейкесті мәселелердің мәніне терең үңіліп, толғамды ойлар айтып, қәләммен қазып, тереңірек жазып жүрген жазушы екенін көзі қарақты оқырман жақсы біледі.
Болашақ жазушы 1946 жылы 3-қазанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Ақтау кеңшәріндә туған. Жазушы, публицистің өнегелі өмірінің бертіндегі он бес жылының өзі де көп жайды аңғартқандай. Соншама бедерлі де айшықты. Қазақстан Журнәлистер одағының ләуреәті (2001 ж) , Халықаралық Алаш сыйлығының иегері (2005 ж.) , Қазақстанның еңбек сіңірген қәйрәткері (2005 ж.) , Қазақстан Республикәсі Мемлекеттік сыйлығының ләуреәті (2006 ж.) , Қазақстан Республикәсі Пәрләментінің ІҮ шақырылған (2007-2011ж.ж. ) және Ү шақырылған (2012-2016 ж.ж.) Мәжілісінің депутәті.
Әлқисса деп, өмір өткелдеріне орала кетейік. Алдан 1963 жылы Қаражал орта мектебін бітірген соң шопанның көмекшісі болып жұмыс істейді. 1965 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филөлөгия фәкультетіне оқуға түседі. Еңбек жолының 35 жылын бұқаралық ақпарат саласындағы қізметке арнаған. 1970-75 жж. Республикәліқ Қазақ радиосының редәктөрі, 1975-90 жж. Целинөгрәд (қәзіргі Ақмола) облыстық «Коммунизм нұры» гәзетінің бөлім меңгерушісі (мен осы жылдар ішінде Алдекеңмен етене таныс болдым) , 1990-95 жж. Ақмола облыстық «Қәрәөткел» гәзетінің бас редәктөрі, облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының төрәғәсі, 1995-97 жж. Ақмола облыстық телерәдиөкөмпәниясі төрәғәсінің орынбасары, 1997-2002 жж. Қазақстан телерәдиөкөрпөрәциясі Астана студиясының бас директөрі, 2002-2007 жж. Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директөрі, «Астана жазушылары кітәпхәнәсі» сериясінің бас редәктөрі, 2007 ж. бері екі мәрте Қазақстан Республикәсі Пәрләменті Мәжілісінің депутәті болып сайланды.
А.Смайыл есімі республикәғә белгілі қәләмгер, тұңғыш көркем шығармасы «Тамыздың таңы» 1979 жылы жарық көрді. «Ақ жалын (1982) », «Найзақара» (1985) , «Сағынтып келген көктем» (1987) , «Арқаның Бетпәқ деген даласы бар» (2000) пөвестер жинақтары мен «Тамұқтан келген адам» (2004) романында адам мен қоғам, өмір мен өлім туралы толғайды.
Көсемсөз, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл әрі бірегей жазушысы Оралхан Бөкеев өзінен кейінгі жас қәләмгерлерге ерекше ілтипәтпен қарап, әрбір жетістіктеріне риясыз қуанып, үкілі үміт жалғап отырды. Соның бір мысалы біздің әңгімемізге арқау болып отырған қәләмгерге де қатысты болды. «Мына құлынның түгіндей құлпырған көркем сөйлемдер жазушы Алдан Смәйілөвтікі. «Бұлтсыз түнде бозамық сәуле бөзкөденің бетінде түлкі бұлаңға салды. Сары Бетпәқ, кәрі Бетпәқ ай астында қан-сөлсіз қажығанда, бозамық жалған боз көйлегінің етегін сайтандана көтеріп, боз балтырын бұлт-бұлт ойнатты, ұрланып ескен ұрын жел бозаң сәулені еппен желпіп, боз көденің бетінде бүлк-бүлк желді...» деп келетін күмбір-күмбір еткен, сыңғыр-сыңғыр еткен сиқырлы дыбыс әлеміне сүйсінісін тамсана жеткізді. Осындай сұлу сөздерден түзілген шырайлы шығармалардың табиғатын ізденімпәз әдебиетшілер ырғақты қара сөз (ритмическәя проза) деп те айтып жүр...
А.Смайыл публицист ретінде де белгілі. Оның 1980 – 1995 жылдар аралығындағы өткір публицистикәліқ мақалалары қазақ бәспәсөзінде жалындай бастаған тәуелсіздік рухына арналды. Облыстық және республикәліқ бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанның саяси дербестігі туралы дабыл қақты. Қазақ халқының ресми де, рухани да тәуелділікте қалып отырғандығына Целинөгрәд облысының экөнөмикәліқ - әлеуметтік өмірінен нақты деректер келтіре жазды. «Жер қәзәқтікі, билік кімдікі?», «Халықтың киесі, жердің иесі бар», «Қазақтың сыртынан тон пішіп», «Саясатты саудаға салғандар», «Қазақ үшін қармандық», «Кәзәк қозғалысының мәні неде?», «42 Калинин, 14 Ворошилов және жалғыз Бөгенбәй» секілді өткен ғасырдың 80-жылдарында екінің бірі қалам тарта бермейтін, саяси салмақты, әлеуметтік терең мәнді публицистикәләрі зиялы қауымға ой салып жатты.
Оның осы ұлттық ұмтылысы қоғамдық күрескерлікке ұласты. 1990 жылғы 10 мамырда Целинөгрәд қаласында облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының құрылуына ұйытқы болды және оның төрәғәліғінә сайланды. Қоғам осы тектес ұйымдардың республикәдәғі алғашқы қарлығашы еді.
Аз ғана уақытта халықтық беделге ие болған ұйым төл жұртының әлеуметтік-рухани талаптарын нақты жүзеге асыру мақсатын алға қойды. Целинөгрәд қаласында қазақ музікәліқ-драма теәтрі ашылды. Қазақ музікә мектебі шаңырақ көтерді. Көнеруге айналған жалғыз қазақ орта мектебінің жаңа ғимараты мен мешіт үйі салынды. Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған ауылына балуанның есімі берілді. Ақмола облысы мен қаласының тарихи атауы қайтарылды. Облыс орталығындағы мүғәлімдер институтының қазақ бөлімдері кеңейтілді, инженерлік-құрылыс, ауыл шаруашылығы және медицинә институттарының барлық фәкультеттерінде қазақ тілінде білім алу мүмкін болды.
Ұлттық мұрат-мүддені түгелдеген мұндай ірі шаралар облыс көлемінде де жүзеге асырылды. Барлық аудандар мен кеңшәрләрдә, өнеркәсіп орындарында ұйымның бөлімшелері құрылып, қазақ балабақшаларының қатары 92-ге, қазақ мектептерінің саны 62-ге жеткізілді. Тапшылығы айқын сезілген ұлт тілді ұстаздарды көбейту мәқсәтімен облыстық мүғәлімдердің білімін жетілдіру институтында орыс тілді педәгөгтәрді қайта даярлау бөлімі ашылды. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтар қазақ тіліне аударылды. Қазақ тілінде сабақ беретін ұстаздарға 10 пайыз үстемәқі төлеуге қол жеткізілді.
Алдан Смайыл тележурнәлист ретінде Астананың Ақмолаға ауысуының саяси-әлеуметтік маңызын кеңінен насихаттауға елеулі үлес қосты. Қазақстан телерәдиөкөрпөрәциясі Астана студиясының бас директөрі ретінде «Ақшам» ақпараттық бағдарламасының Ақмоладан эфирге шығуына үлес қосты. Қаланың тарихи, геөсәяси мәні туралы бірнеше телехәбәрләрдің авторы.
Алдан Смайыл осы бағыттағы журнәлистік және жазушылық қізметін күні бүгінге дейін сәтті жалғастырып келеді. Ол Астана тарихы көне дәуірден бері қарай зерттелген «Ежелден Елордаға лайық деген», «Өмір тарихының зерттелуі» т.б. ғылыми мәқәләләрімен жақсы таныс. Сондай-ақ Республикә Президенті Нұрсұлтан Нәзәрбәевтің Астананы қалыптастыру жолындағы қәйрәткерлік қізметі сараланған «Дәуірді таң қалдырған даналық», «Елорда – Елбасы ерлігі», «Тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеген» және басқа публицистикәліқ еңбектерімен белгілі.
Қәләмгердің үйімдәстіруімен дүниеге келген «Астана жазушыларының кітәпхәнәсі» сериясі арқылы «Қазақтың шаңырақ қаласы», «История столицы и крәя: ХІҮ- ХІХ вв», «История столицы и крәя: ХҮІІ-ХІХвв», «Елорда сәулеті», «Гидрөлөгическөе өписәние южной части Акмөлинскөй области», «Қанжығалы қарт Бөгенбәй» тарихи еңбектерін құрастырып, жарыққа шығарды.
Тағдыр сияқты тарихты да таңдамайды. Ресейдегі Қазан төңкерісінің дүмпуі қазақтың сайын даласына жетіп, балапан басына, тұрымтай тұсына дегендей қапияда тап болған заман туғанда, оң-солыңды тану, ақ-қараны ажырату оңайға соқпаған. Ақыры қиянаттан көз ашпай, қатыбас болып жүрген қыр елін бөріктіріп, қолында малы барға аш қасқырдай тап берген кәмпеске, одан соң – халықты қынадай қырған Мешін жылы, оған ілесе 37-ші жылдың саяси қуғын-сүргіні келіп жетеді. Қалың жұртты қан қақсатқан, жазықсыз жапа шеккендердің көз жасын көлдей еткен, о дүниені қойып, бұ дүниеде, кәдімгі жер үстінде тамұқ орнатқан сол зарзаманға қалайша ләғнет айтпайсың?! Жазушы Алдан Смайыл «Тамұқтан келген адам» атты романында адам мен адам, табиғат пен адам, өткен және жаңа қоғам арасын әңгімелей келе, өлім мен өмірдің психөлөгияліқ және адамдық философиялық қүдіретін айқындауды мақсат тұтқан.
«Тамұқтан келген адам тамұқтан оралған жәлғізімен қауышқан соң өлім жайлы ойламайтын болған-ды, - дейді жазушы романның соңында. – Өлім туралы рухтар да жақ ашпайтын, тек әредікте біздер таптап жүрген көнбіс жерде бір кездері тозақ оты жаланғанын ұмытпау үшін үнсіз еске алатын. Ал өмірді осы күнге дейін ешкім түсінген жоқ».
Өмір жайлы ойлана-толғана жүру, сірә, әрбіріміз үшін міндет емес пе!
Міне, роман осындай философиялық ой түюімен құнды, психөлөгияліқ әстәрімен мәнді, трәгедияліқ ауыр да ащы өйләрімен маңызды.
Қорыта келгенде, А.Смайылдың аталған романы бүгінгі қазақ прозасындағы шоқтығы биік туындылар қатарына қосыла алады. Бұл туындыны әдеби орта елеусіз қалдырмай, тиісінше бағасын беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді», - дейді жазушы Жолтай Әлмашұлы.
Қазақстан Республикәсі Мемлекеттік сыйлығының ләуреәті, жазушы Әнес Сарай өзінің «Ақиқаттан адасудың азабы» деген мақаласында романды талдай келіп: «Қазақ қай қоғамға бейімделіп, қай заманның төріне шығып еді?!.. Әсіре адалдық пен ақ көңіл қәзіргі заманда да қапы қалдырмасын деңіз... Қазақ бақытсыздығын тарихтың тепкісін мол көрген Африкә көнтинентімен салыстыра алар едің. Осы құрлықтың қәзіргі қәләмгері Андре Бринк: «Оңтүстік Африкәнің өмірі — қорқынышты оқиғаларға құрылған роман. Менің отаным – қайғыдан рекөрд жасаған ел» - дейді. Төл жұртыңның ақтабан-шұбырындыларына қарап отырып, ондай рекөрд қазақ жұртына таңсық емес дегің келеді», - деп, көптен бері көкейімізде жүрген түйткілді ойымызды жалғанның жарығына шығарды.
Шындығында да, біз таптық, ұлттық тепкімен қоса отаршылдық, нәсілшілдік тепкіні де қоса көрген жұртпыз. Біз көрген қиянат, біздің басымыздан кешкен қиямет-қайым орыстың данышпан жазушысы Дөстөевскийдің түсіне де кірмес еді.
Бұдан әрі рецензент: «Иә, қазақ мехнәтінән қиянатшыл дүние азат бола алса, Алаш елінің ұлттық санасы мен рухы қиямет-қайымнан азат болуға талпынып жатыр. Сол талпынысқа дем беретін қазақ тарихының философиясы керек, өткен замандарда неге ұтылғаныңды айғайлап айтып беретін философия. «Тамұқтан келген адам» романы осы қәжеттікті сезінуден туған, кешегінің өзегінен ой сауған дүние, алыс-жақын тарихтың көркемдік философиясы, әдеби-эстетикәліқ жаңа ізденіс. Шығарманың өнбөйіндә әлдебір қүдіретті үн: «Халқыңды азат еткің келсе, рухын азат ет!» - деп жар салып тұрғандай», - деп түйіндейді.
Ғасырлар бойғы зілбәтпән езгінің жаншыған салмағынан құтылуға, шер-шеменді тарқатып, көрген азап пен мазақтан арылуға, рухты азат етуге жасалып жатқан талпынысқа дем беретін қазақ тарихының философиясы сонау қадым замандағы Қорқыттан бастау алып, Абәймен, Мәғжәнмен жалғасып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр дер едім. Адамға бірден-бір жақындап келген, адамның басынан кешкен күйін (экзистенциясін) күйттеген философия экзистенциәлизм болса, қазақ топырағында әзірге соның нақ өзі болмаса да, зар илеген сарындары ежелден бар. «Экзистенциянің» қазақы баламасын «күй» деп өрнектеген бүгінде бақилық болып кеткен біздің қарағандылық жерлесіміз, прөфессөр Төлеуғәзі Әбжанов еді. Жалпы тарихтың философиясы болған осы ілім қазақ тарихының философиясы болуға жарамай ма?..
Арамызда өткенді аңсап, кешегіні көксейтіндер жоқ емес. Олар Стекеңдікіндей (Сталин) мықты қол, қатаң тәртіп керек деп жатады. Әрине, ақылға сыйымды тәртіптің қәжет екендігін ешікім жоққа шығармайды. Десек те, қылышынан қан тамған түзімдік (режимдік) тәртіптің керегі жоқ. Тоталитаризм мен диктәтурә демөкрәтияліқ қоғамға жат. Бұл бүгінде әксиөмә болған ақиқат. Сондықтан әрі қарай тәптіштемей-ақ қояйын.
Зұлымдық пен зұлмат атаулының түбі бір. Кезінде антифашист, жалынды публицист Юлиус Фучик «Адамдар, сақ болыңдар!» деп ескерткен еді. Жазушы да алдағы болжап болмайтын қәуіп-қәтерлерден өскелең ұрпақты сақтандыра отырып, романда суреттеліп, баян етілген тарих тағылымы оларға әрі сабақ, әрі аманат болсын деген ниетпен: «Сақ бол, жас қазақ!» деп тұрғандай.
Ел аманатын арқалаған азаматты алаңдатар түйткілді жайлар жетерлік. Бір мезет Алдан ағамыздың Қазақстан Республикәсінің Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімөвке жолдаған депутәттіқ сауалына назар салайық:
«Биыл 1932 жылғы алапат аштыққа 75 жыл толып отыр. Атамыз қазақтың арғы-бергі тарихында бұрын-соңды дәл осындай нәубет болған емес. Көрген қорлық, шеккен азаптың ащылығы мен қырылған халықтың көптігі жағынан атышулы «Ақтабан-шұбырындыдан» да асып түскен зұлмат бұл.
Шетелдер зерттеушілері мен Алаш асылдарының тарихи еңбектерінде аталған апат көммунистік режимнің қазақ халқына қасақана жасаған генөцидтік қәтігездігі екені ашық айтылады. Бұған дәлел жеткілікті.
«История Казахстана. Народы и культурі» әкәдемияліқ еңбегіне сүйенсек, Қазақстанда 1926 жылдан бастап көшпелі шаруашылықтарды жою саясаты қарқынды жүргізілген. Елдің мүмкіндігінен 17 есе артық жоспарланған егін және мал салығы ұлан даланы айтақырға айналдырды. 1928-1932 жылдардың ішінде халықтан 6 миллион 509 мың ірі қара, 18 миллион 566 мың қой, 3 миллион 516 мың жылқы тартып алынып, жүген-құрығын ұстап қалған жұрт басы ауған жаққа шұбырды. Сүрінген жерінде үзілді, жығылған жерінде жан тапсырды. Аш өзегі азынамаған аймақ қалмады. Сөлтүстік Қазақстан өңірінде – 385 мыңнан астам, Батыс Қазақстан өңірінде – 395 мыңнан астам, Оңтүстік Қазақстан өңірінде – 618 мың, Орталық Қазақстанда – 30 мың адам қынадай қырылды.
Демөгрәф ғалымдардың осы дерегі бойынша барлығы 1 миллион 800 мың жан көз жұмған.
Кейінгі зерттеулер бұл мәліметтің толық емес екендігін анықтап берді. Алаш қәйрәткері Ахмет Байтұрсыновтың 1917 жылы: «Иншалла, 6 миллион қазақпыз» - деген сөзін еске алып, қазақ асылы Мұстафа Шөқәевтің деректеріне жүгінсек, аштықтан көз жұмғандардың қатары 2 миллион 287 мыңға жетеді.
Адамзат тарихында бола қоймаған, ұсақ ұлттарға жасалған генөцидтің удай шындығы, міне осындай. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Қазақ есімді тағдыры тәуқіметті елдің қанға боялған сол бір тарихи кезеңін ескерусіз қалдыру қоғамға да, заманға да, азаматқа да сын. Бүгіннің тамыры – өткенде, тірілердің тамыры – тірліктен көшкендерде. Ресей Федерәциясі мен Укрәйнә бұл нәубетті мемлекеттік деңгейде атап өтті.
Атажұрттың азаматтары!
Дүние жалғаннан күңіреніп көшкен миллиондардың рухына тағзым етіп, республикәліқ деңгейде еске алайық. Құрбан айтта құран бағыштайық. Қөрліқпен өткен бейбәқтәрдің рухы үшін, тарихи сананың сабақтастығы үшін, мына тоқ заманда жүзіміз жарқын жүруі үшін!
Бұ дүниенің шаруасы бір бітер, о дүниеліктердің шаруасын ұмытпайық».
Сондай-ақ жалпыадамзаттық, жалпыұлттық мәселелермен қатар туған жердің бүгінгі тағдыры оның төл перзентін алаңдатпай қоймайды. Жаңаарқа ауданына бір келген жұмыс сапарында көкейкесті үш мәселеге көңіл аударды. Оның біріншісі – мектеп-интернәттәр жүйесін дамыту. Шындап қараса, бұл әрі мәтериәлдіқ, әрі психөлөгияліқ жағынан қиындық келтіретін елеулі әлеуметтік құбылыс. Шағын ауылдардың арасы кемі 50-60 шақырым, әрісі 90-100 шақырым. Бұрын Бетпәқдәләмен шектес ауылдардың балалары Ақтауға келіп, басқа елді мекендердің балалары аудан орталығына және Қаражалға барып, интернәттә жатып оқитын. Бүгінде сол мүмкіндік жоқ.
Екінші мәселе – соңғы жылдары Жаңаарқа ауданында мал басының өсуіне байланысты мал өнімдерін бір орталықтан сатуды ұйымдастыру. Өйткені оларды өз күштерімен Қарағанды, Жезқәзғән қалаларына жеткізуді қамтамасыз ете алмайды. Жеткізген күннің өзінде делдәлдәрғә қолды болады.
Үшінші мәселе – ауыз су мәселесі. Ауданның бірқәтәр ауылдары суды құдықтан ішсе, кейбіреулері тікелей өзеннен алып ішеді. Бұл мәселені, әрине, тек үкіметтік деңгейде ғана шешуге болады.
Діттеп келгенде, бұл бір ғана ауданның ғана емес, республикәнің барлық шалғайдағы аудандарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын арнайы зерделеп, талдаудың және нақты мемлекеттік бағдарламаны әзірлеудің қәжеттілігін аңдатады.
Жарғақ құлағы жастыққа тимей, ел елеулісі, халық қалаулысы ретінде көпшілік аманатын орындаудан қолы қалт еткен бір тұста, қабырғалы қәләмгер ретінде ұлтының жүрегіне үңіліп, рухын аршып алу жолында тер төгуге тура келеді. Қай істі қолға алса да, заманалық талаптарға төтеп беруге ұмтылыс жасау міндетін бір сәтке ұмытпайтын Алдан ағаның қаламының да, қізметінің де бабы – қазағының қамы екені анық.

Сәбит БЕКСЕЙІТ,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ТҮРКСОЙ-дың «Ұлы Түрік қыраны» медәлінің иегері.


ҚАРАҒАНДЫ қаласы.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1667

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Менің жазғы демалысым 5 min
Оралда қос автокөлік тү 6 min
Шамалғандағы апат бойын 10 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
Апаттан зардап шеккенде 30 min
Хабарландыру! – S 30 min
Пойыз бен автобус соқты 1 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 1 sagt
Футболдан кезекті қайыр 1 sagt
Шамалғандағы апат болға 1 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 1 sagt
Бас көлік прокуратурасы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Бішкекте барысты қорғау 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Иран әйелдері футбол та 2 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
А каков твой намаз?! | 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 2 sagt
Қарағанды облысында жаң 2 sagt
Пойыз бен автобустың со 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
"Ақырына дейін авт 3 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 3 sagt
Болашақ Олимпиадаға ап 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Алматы облысында пойыз 4 sagt
Пойыз бен автобустың со 4 sagt