Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 03:19 - 2016/11/22

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1657
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1657

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1657

Мақала жолдаушы: Almasbek
Мақала апторы: Жауапты редәктөр: барша тегіс қызы, нұрлан жарылқасын ұлы
Аптордың мекен-жайі: Құлжа қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Айтулы халық өнерпәзі мағауя бәймүхәмет үлімен сыр - сұхпат
келу қайнары: іле гәзеті

нұрлан жарылқасын ұлы

нұрлан: сәлеметсіз бе, мағауя аға, көптен бері өзіңізбен, өміріңіз жәйлі сыр - сұхпатта болуды ойға түйіп жүрген едім. мінеки, сәті түсіп, дидарласқаныма айрықша қуанып отырмын. бір басыңызда әншілік, ақындық, термешілік, сәзгерлік сынды төрт түрлі өнердің тоғысқанына халқымыз куә, осындай көп өнер сізге қайдан дарыды екен?

мағауя: рәқімет, нұрлан бауырым, осындай дара өнер қүдіретін силаған табиғатқа неге разы болмайын. одан соң, бұл өнер анамның ақ сүтімен дарыды, сондықтан нағашыларыма да кішілікпен қүрмет білдіремін. шекспир «дарын дегеніміз ұшықын ғана, оны лаулатып қоздыратын талант, талант болмаса өшіп қалуы да мүмкін» деген екен, аз ғана ерекшелігімменен «бырдың өнері мыңның игілігі» дегендеи көптің игілігіне жарасам, маған бұдан артық бақыт болмас, сірә. қуанатыным өз ұрпақтарым нүргүл мен гүлзинәтім менің жолымды қуып жүр. менің ғана жолым емес - ау, қазақтың өнер мүрәгерлері болып, дәстүрлі ән - терме орындап жүргені ата - ана болған біздерді мақтаныш әлеміне қалықтатады.

нұрлан: өзіңізді және өнер жолындағы өміріңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз?

мағауя: мен 1956 - жылы тоғызтарау ауданы жырғалаң ауылында дәулетті отбасында дүниеге келген екем. 1970 - жылы бастауыш мектептің 4 - кләсін оқып жүрген жерімнен «бай шаруаның балалары мектепте оқуына болмайды» деитін асыра сілтеудің кесірінен мектептен қайтарылып, өндіріс жұмысына жегілдім. 1974 - жылы жырғалаң ауылдық орта мектеп қоғамнан бала жиып оқытқанда, сол қатарда орта мектепке түсіп оқыдым. 1978 - жылы жырғалаң ауылдық ошағанды мал шаруашылық мектебіне оқытушы бөлумен қоғамдық қізметке араластым. менің өнерге жол тартуым 17 жасымнан басталды, әсіресе, орта мектеп қабырғасында көнсерттерге қатынасып жүрген кезімде домбыра тартып ән салу жағынан алғашқы сауатқа ие болдым десем болар, 1978 - жылдан бастап аудан, аймақ, облыста өткізілген бұқаралық мәдениет қимылдарына қатынасып талай мәрте силық алдым. сол еңбектерімді таныған жергілікті партя, үкімет тараулары 1984 - жылы жырғалаң ауылдық мәдениет функтіне қізметке орналастырды. 1989-, 1990 - жылдары шинжяң мәдениет - көркемөнер кәдрләр мектебінен білім толықтырдым. 1995 - жылы тоғызтарау аудандық мәдениет - денетәрбие мекемесі мәдениет сарайына сол кездегі әкім самархан ағайдың қөлдәуімен жөткеліп келдім.

нұрлан: мағауя аға, орындаған әндеріңізді бала жасымыздан бастап радиодан, ән - терме таспаларыңыздан тыңдап сусындап ержеткенбіз, сол ән - термелеріңізді қайдан үйрендіңіз? кімдерді ұстаз тұттыңыз?

мағауя: әкем жас кезінде ауылдағы халық ақындарына ілесіп өлең айтқан, ән - жырға жаны құмар кісі екен. шешем - гүлдәри да жас кезінде той - томалақтарда айтысқа түскен дегенді ел аузынан естігенім бар. мен білгенде, шешем сөзге шешен адам болатын, бізді сындап ұрысқанда сөзіне жауап тауып бере алмай қалатынбыз. әкемнің ән - жырға құмарлығынан болар, біздің үйден мен ес білгелі радио қабылдағыш үзілген емес. менің ән үйренуіме қазақстанның «шалқар» радио прөгрәммәсі үлкен мектеп болды. одан соң, ауылымызда ағаштан бітеу шауып жасаған домбырасы бар нұқ қасым ұлы деген домбырашы атамыз болған. сол жарықтық атамыз маған домбыраның құлақ күйін келтіру мен перне басуды көрсетіп берген еді. сол кісіге қоса бұрынғы би - шешендердің сарқыты- сөзге шешен әнсәр керуен ұлы деген атамыз болды, сол кісіден де аз өнеге - үлгі алғамын жоқ. 1984 - жылы алғаш шинжяң халық радио стансясына шәкен қалиолла ұлы ағамыз естәйдің «жәй қоңыры», мәдидің «үш қарасы» сяқты әндерді жазып алды. кеиін радиода таратқанда осы әндердің текстерінің әредік жерлерінде аздап қәтеліктер болып жүргенін сездік. ол тұста қәзіргідеи ән жинақтары және басқа үйрену мәтерялдәрі кемшіл болатын, сондықтан ондай қәтеліктерді жұрт кешірер деп ойлаймын. 1978 - жылдан кеиін заман оңалып ел ішіндегі тойларда өлең айтатын болды. ел аузынан да бірқідіру халық әндерді де үйрендім. осылардың нәтижесінде қәзірге деиін шинжяң халық радио стансясы мен орталық халық радио стансясына 100 ден артық ән терме жаряладым. «силамасаң болама», «қарғаш - әй»,«әри - ай», «елу ердің жасы» сяқты төрт жыр таспасын халқыма жырдан шәшу еттім, облыстық, автономялы райондық телевизядә 1986 - жылдан бері мен орындаған қыруар ән - термелер жаряланып келеді.

нұрлан: сіз айтыс ақыны сипәтімен аймақтық, облыстық айтыстардың аламан бәйгесіне түскен екенсіз, айтыс өнеріне қанша жасыңыздан бастап беиімделдіңіз? кімдермен айтыстыңыз? одан соң термеге қалай ауыстыңыз?

мағауя: мен 1980 - жылдан бастап, тоғызтарау ауданында өткен ақындар айтысында айтысқа түсіп жүрдім. 1983 - жылы шілдеде іле аймағының 2 - кезекті ақындар айтысы мөңғүлкүре ауданы қашажар ауылының суықтоғай деген жерінде өтетін болып, тоғызтараудан танымалы қәләмгер ағамыз көпбөсін сәскин үш ақынды бастап жолға шықты. ол кезде жол да нашар болатын, суықтоғайға жеткенше автобуздағы ақындар әндетіп, өлеңдетіп бардық. көпбөсін ағамыз барғанша мені автобузда түрегелтіп қойып ән салдырды. кеиде автобуздың басына төбемді ұрып та алам. мен жас баламын, маған бәрі де қызық сезіледі. қазыр ойласам, сол реткі сапар мені шыңдаудың, елге танытудың бір тәсілі екен - ау... мен сол реткі айтыста күнес ауданының ақыны нүрсәрәмен айтысуға сахнаға шақырылдым. екеуіміздің айтысымыздың үлкен мазмұны - өзді өз ауданымыздың ерекшелігін мәқтәнішпен жырлау болды. айтыс қызба табанға жеткенде, нұрсара:

әріптес қандай жақсы сезімдерің,

балқытты жан - жүйемді сөзің сенің.

атақты ауданыңда неменең бар?

сяқты менің сонау бежіңгерім дегенде,

мен:

жолымның алыс - жақын шиыры бар,

нұрсара бұны дағы ұғынып ал.

немене бежіңгерің,

ауданымның -

ет кені шаролайдай сиыр бар.

аламыз бір өзінен үш тонна ет,

соғымға шақырғаным биыл бір бар - деп жауап қайырдым.

содан осы жолғы ақындар айтысында айтысқа түсумен қатар «сөйле десең сөйлеиін» атты халық термесін орындап едім, көрермен көптің дүрілдеген қол шапалағы басылмай қойды, жиын асабасы тағы бір терме орындауыма рұқсат етті. сөнімен шылбы әлімәқін ұлының «жігіт сыны» атты термесін орындап тыңдарман көптің алғысына жауап қайтардым. сол реткі қимылда іле қазақ автономялы облыстық мәдениет мекемесінің сол кездегі бастығы сәбиғәзі ағамыз ақындарға ашқан шағын жиын үстінде «быздың ауыз әдебиетіміздің терме жанрын мағауя жолдас сахнаға қайта көтерді, бұдан кеиінгі қимылдарда, сөзсіз, жалғастырамыз» деді. келесі жылы іле қазақ автономялы облысының 30 жылдық торқалы тойында әр аймақтан екіден термеші қатынасатындығын облыстық мәдениет мекемесі ұқтырды. содан бастап мен терме өнеріне қарай ойыса бердім. ал терме жанрын халық танып, 2008 - жылы мемлекеттік қорғалатын беизәттіқ мәдени мұрағаттар қатарына қосылды.

нұрлан: қәзірге деиін қанша өлең - толғау, ән әуені мен тамаша термелер жаздыңыз? атын атап, түсін түстеп көрсетіп, солардың ішіндегі уәкілдік сипатты шығармаларыңыздың мазмұнын қысқаша баяндай кетсеңіз?

мағауя: мен біртәләй өлең - толғау, 15 ән әуенін, 30 дан астам терме жаздым. осы жазғандарымның ішінде 10 термеге мақам (әуен) жазып орындадым, балам гүлзинәт 7 термеме мақам жазып орындады. танымалы сәзгер тоққожа әпен ұлы «теріңді төксең еліңе» атты терме тексіне жаңа заман үлгісінде әуен жасап MDY қосып, гүлзинәттің орындауында телевизядә таратылды. менің терме жасампаздығымда халық жылы қабылдап, кең таралып жүргені «сендермен кеңес құрайын» атты терме, бұл терме тек елімізде ғана емес, қазақстан сахналарында да орындалып жүргенін сол жақтағы азаматтарымыздан естідік. одан соң «қәдірлесең халқыңды» атты термем жаңа сабақ рефөрмәсі бойынша құрастырылған бастауыш мектеп 6 - кләс музікә оқулығына енгізілді. «айтайын ақыл, ағайын» атты термем айнұр қалай қызының орындауында орталық халық радио стансясы мен шинжяң халық радио стансясында таратылып келеді. бұлардан басқа «балама», «ақиқат ақталмайды демеңіздер», «мынажат» сяқты термелерім той - топтарда орындалып, дыбыс таспалары арқылы таралып жүр. ұлылардың «достық жоғалса, қоғам азады؛ махаббат жоғалса ұрпақ азады» дегеніндеи менің бұл термелерімнің мазмұны: ақылялық мазмұнды қамтыған халықты ынтымақ - берекеге шақыру, өнер білімге үндеу؛ алтынның бағасы шекті, әдәмгершліктің бағасы шексіз екенін түсіндіретін қоғамдық тәрбиелік мәндерді қамтып жатады.

нұрлан: еліміздің іші - сыртындағы терме өнерімен шұғылданып жүрген қаламдас саптастарыңыздан кімдерді атар едіңіз? мүмкін болса, олардың термелері туралы өз ой - пікіріңізді баяндай кетсеңіз?

мағауя: «ақын елдің дүлдүлі, әнші елдің бұлбұлы» деген ғой дана халқымыз, еліміздің сыртындағы өнер қәйрәткерлерінен менің ұстаз тұтып тәнті болатыным - нартай бекежәнөв еді. нәрекеңнің бас термесі «нартай» ұшқыр ой, шешен тілмен үндесіп, қабысып, қабатталып келіп тыңдарманның алпыс екі тамырын иітіп, көңілінен шығады. одан соң жәнібек кәрмәнөвтің «өмір толғауы» кісіні толғандырарлық айрықша тартымды терме. ал елімізден алып айтсақ, қыдырқан мүқәтәйевтің «арман - ай» термесі, айтыс аспанының ақиығы қүрмәнбек зеитінғәзі ұлының «неменеден белгілі» атты термесі мен жамалқан қарабатыр қызының «сәлемдеме» атты толғауы сяқтылар, менше халықтың ойынан шығатын тартымды туындылар.

нұрлан: сіз терменің текстін де, әуенін де өзіңіз жазып, өзіңіз өріндәумен халқымыздың жүрегінен терең орын алған термеші бөлумен бірге, іле педәгөгикә шуеюәні күйтүн оқыту районында ашылған «терме өнері» кләстәрінә терме туралы сабақ беріп келесіз. бұл сіздің терме өнерін зерттеуді де қолға алғандығыңызды көрсетеді. ендеше, терме тегі қандай өнер? оның өзге өнер түрлерінен парықталатын бөгенәйі қайсылар?

мағауя: оның рас, ұрпақ тәрбиелеу ұлағатты іс емес пе, өнер жолын қуған ұрпақтарға ұстаз болғаныма мақтанамын. ұрпақ біздің мұратымыз ғой, халқымызда «уықты басқұр сақтайды, ұлтты дәстүр сақтайды» деген аталы сөз бар, осындай ұлттық көркемөнер мүрәгерлерін тәрбиелеитін мектеп ашып берген партя мен үкіметке, ұлт мәдениетінің жоқшысы болып жүрген арқалы азаматтарымызға, бабаларымыздың өнерін үйренсін деп осы мектепке балаларын жіберіп жатқан барлық өнер сүйер ата - аналарға үлкен қүрмет білдіремін. ал тақырыпқа оралар болсақ, терме мазмұнында бүкіл адамзатты, қоғамды, ізгілікті арқау етіп тыңдарманын пәк те адал өмір кешуге үндеп, қянат пен жауыздықтың жолын кесіп, адамдар теңдігін басты мақсат етеді. терменің өзге музікәліқ өнер түрлерінен парықталатын өз алдына әуен, мақамы бар. музікә аспаптарынан домбыра, қобыз, гәрмөнмен сүйемелдеп орындалады.

нұрлан: рдайо - телевизядә таратылып жататын көнсерттерде, әуенін де, сөзін де өзіңіз жазып, өзіңіз орындап жүрген сізді де, ал өзі терме жазбайтын, тек өзгелердің термесін орындап жүрген орындаушыларды да «әйгілі термеші пәленбәй» немесе «термеші түгенбәй» деп атап жатады. сонда терме жасампаздығын жаратушы мен оны орындаушының арасында ешқәндәй парықтың болмағаны ма? біз білгенде, өз жанынан жыр шығарып айтатындарды «жырау», ал басқалардың жырын орындағандарды «жыршы» деуші еді, сол сяқты өз жанынан терме шығарушылар мен өз жанынан терме шығара алмайтын, тек өзгелердің термесін орындайтын орындаушыларды бір - бірінен парықтау керек сяқты? бұл мәселеге сіз қалай қарайсыз?

мағауя: рас айтасың, термені өзі жаратып, өзі орындаса да термеші, біреудің жаратқан термесін орындап жүргендер де термеші болып жүр. менше, басқалардың дайын термесін орындағандар «терме орындаушы», термені өзі жаратып, өзі орындағандарды «термеші» десе қәйтер еді. өзің айтқандай, «жырау» деген атау мен атауға болар ма? кеибір зерттеушілердің айтуынша, жырау - ертедегі хандардың ақылшысы, қол бастайтын қолбасылары немесе саяси қәйрәткерлері ішіндегі өз жанынан суырып салған өлеңдері арқылы хандарына ақыл - кеңес беретін ойшыл, шешен кісілер. жырау деген атауды кез - келген адамға бере салуға келмеиді деп жүр, қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін біле алмай қиналып жүрген жәйім бар. одан соң тағы бір іс - радио - телевизя да терменің әуенін жасағандарды да «термеші» деп жарялап жүр, менше, терменің әуенінде терменің мазмұны шықпайды, өйткені ол - дыбыс, тіл емес. терменің тексін баспаға бастырсақ «терме» деп жақшаға алынады, олай болса, терме не үшін әуенін жәзғәндікі болады?! менің ойымша, жоғарыдағы екі атаудың дұрыс - бұрыстығына зерттеушілер зер салып, әдебиет - көркемөнершілер бірлестігі не деп атайтындығы туралы шешім жасаса екен...

нұрлан: сіз әуелде айтыс ақыны болып сахнаға шыққан екенсіз, қазыр міне айтулы термеші болып отырсыз. сіздің терме өнеріне ойысуыңызға не себеп болды? егжеи - тегжеилі түсіндіре кетсеңіз.

мағауя: әуелде айтыс ақыны болғанымды жоғарыда айтып кеттім. ал енді термеге ат басын бұрудағы себебім: біріншіден, айтыс өнерімен салыстырғанда, табиғатымда термеге беиімділігімнің бар екенін байқадым؛ екіншіден, терме адалдыққа, адамдыққа, шапағат, меиірімділікке тәрбиелеитін аса құнды өнер екенін біртіндеп таныдым. үшіншіден, мен көсем сөзге бала жасымнан қызығатынмын, сондықтан шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, ақылялық сөздерді өзгелердің аузынан бір рет естісем болды есімде қалатын. «ер қазынасы - басқан із, ел қазынасы- көне көз, сөз қазынасы - ескі сөз» деген емес пе, мен ескі сөз қамбасын ақтарып, тіл қорымды байытып, нәсихәт ақылдың кілті деген рас болса, өмір тәжірибелерімді саралап халқымның көңілінен шығатын термелер жаратып, ұмыт болып бара жатқан осы бір ұлағатты өнерді хәлқіммен қайта табыстырсам деитін мұратты ұстандым.

нұрлан: біздің білуімізше, сіз тек терме жаратып, терме өріндәумен ғана шектелмеи, ұстаздық етіп шәкірт тәрбиелеуді бір мұратыңыз етіп ұстанып келе жатырсыз, сонда сіз шәкірт тәрбиелеу жолына қашаннан бастап түстіңіз? алғашқы шәкірттеріңіз кімдер болды?

мағауя: дұрыс айтасың, «шәкіртсіз ұстаз тұл» дегенді данышпан атамыз абай айтпаппа еді. мен терме айту мен халықтық әндерді айту жағындағы өзіндік шеберлігімді бетпе - бет отырып көрсетіп тәрбиелеген шәкірттерім болды. бұдан тыс ән таспаларымнан еліктеп үйреніп, сіздің шәкіртіңізбін деп жүрген өнерпәздәрді да кезіктіріп жүрмін, олардың дені ауыл арасы немесе басқа аймақ, облыстарда тұрады. мәселен: өзімнің жерлестерімнен тоғызтарау аудандық ән -би үйірмесіндегі қашатай жұманалы ұлы, іле қазақ автономялы облыстық ән - би үйірмесінде жұмыс істеитін әбдібәқіт сүлтәнбек ұлы мен пәридә мұқтар қызы, нылқы аудандық мәдениет мекемесінен алпысбай мүқәметжән ұлы, бұратала облысынан еркін зәкәря ұлы, алтай аймағынан қәділбек қабыл ұлы, рақат сеиітқәмзә ұлы қатарлыларды атауыма болады. бұдан тыс іле педәгөгикә шуеиүәні күйтүн оқыту районында сабақ беріп 70 ке жақын оқушы тәрбиеледім. бұлардың арасынан шығандап шыққалы тұрған шәкірттерім аз емес.

нұрлан: ұстаздық етіп шәкірт тәрбиелегенде нелерге мән берген жөн? өзіңізге шәкірт таңдауда белгілі талғам, өлшеміңіз бар ма? жоқ, әлде шәкірт боламын деп талаптанып келгендердің бәрін тәрбиелеи бересіз бе?

мағауя: белгілі өнер жолын қуып шәкірт боламын деген бала ең әлдімен сол өнерге қызығуы؛ өзі үйренбекші болған өнердің қадыр - қымбатын яғни киесін түсінуі؛ оның қәсиетін білуі؛ сол өнерді шынайы сүюі керек. екіншіден, үйренбекші болған өнеріне жаратылыстық (тума) беиімділігі болуы керек. үшіншіден, үйренуде табанды, қажырлы, жапа - машақатқа төзімді болуы керек. төртіншіден, өжет те қәғілез, мөрәлді да кішіпеиіл, халықтың өзіндеи қарапайым болуы؛ «гәуһәр балшыққа түссе де құнын жоймайды» дегендеи өнердің қәсиеті салауатынан әйгіленіп тұруы керек. бесіншіден, өнерпәз боламын деген кісі опасыз, тоғышар, қу, арамза болмауы؛ қашан да халқым деп жүрегі жарылып тұруы керек. осындай шарттарға толған шәкірттерді жақсы көремін.

нұрлан: жоғарыдағы сүрәуімізбен сабақтасып жататын тағы бір істі сұрайын. сіздің тәжірибеңізше, терме өнеріне талпынған жастар ең кемінде қандай шарттарды әзірлеуі керек?

мағауя: бұл сөзді өте жақсы сұрадың, өнердің оңайы болмайды ғой, терме орындау өнері де аса қиын өнер. өз басым терменің соңына түскеніме 30 жылға тартып барады, мен оның қиындығын үйренген сайын, жатылған сайын, тіпті, айқын сезініп келемін. егер менен өнеге алғысы келетіндер болса, терме өнеріне жол алған әрқәндәй бір жас ең кемінде мындай шарттарды әзірлеуі керек деп білемін.

бірінші, халық әндері мен халық көмпөзитөрләрінің әндерінен 50 де 60 әнді нашына келтіріп орындай алатын болуы керек. себебі, термені төкпелетіп, бастырмалата, сабаулап орындайтын болғандықтан әлдімен әнге ысылып төселмесе, жырғаған терме орындаушы бола алмайды.

екінші, төкпе күйлерден кемінде 10 күй шерте алатын болуы керек. сонда ғана терменің сүйемелі әдемі, ойнақы болып естіледі.

үшінші, терменің текстін жаттау қәбілеті болуы؛ мазмұнын түсіне алатын болуы؛ лөгикәліқ қәтеліктерін сезе алатын болуы؛ сөнімен бірге, терменің тақырыбын, авторының аты -жонын жаттап алуға жәуәпкерлікпен қарауы керек.

төртінші, терменің буын - ырғақтарына, қатаң - ұяң жерлеріне мән беруі؛ домбыраның үні басып кетіп терменің сөзі ұғылмай қалудан сақтануы؛ екі ішекті термелеп ауыспалы қағып, терме орындағанда, домбыраның әдемі дыбыстарынан ұтымды пайдалана білуі؛ сахналық образын терменің мазмұнына қарай құбылта білуі керек.

нұрлан: естуімізше, 2008 - жылы өтбәсіңізбен қазақстанға туысшылай барған екенсіз, «өнерлінің өрісі кең» - демекші, туысшылай жүріп те ондағы өнер сүйер жұрт пен ақпарат саласындағылардың ылтипатына бөленіпсіздер, сол жолғы сапарыңыздан терме өнеріне қатысты әңгіме тыңдағымыз келіп тұрғаны?

мағауя: 2008 - жылы тамыз айында жұбайым нәзигүл, қызым гүлзинәт үшеуіміз қазақстандағы туыстарымызға туысшылай бардық. біз алғаш талдықорған облысында болдық, сол арадағы туыстар мен достардың тәністіруімен тұңғыш рет жетісу теле арнасының «саты түскен сұхпат» айдарының жауаптысы гүлнәз деген бөйжеткен бізбен сұхпат өткізді. сұхпаттың мазмұны біздің елдегі (жүңгөдәғі) қазақ өнерінің, әсіресе, терме өнерінің дамуы туралы болды. біз бұл жақтағы жаңалықтарды толық жеткіздік. соңында өзіміз терме орындап өнер көрсеттік. 2 - рет алматыдағы рахат теле арнасының «ғибарат» бағдарламасында 45 минут уәқітпен тіке сұхпатта болдық. мұндағы сұхпатты ұлбосын деген бөйжеткен жүргізді. қызым гүлзинәт екеуміз екіден терме орындадық. теле көрермендерінен төрт адам телефөн арқылы сұрау сұрады. сұраудың мазмұны - біздің елдегі қазақтардың халық өнерінің өркендеуі, терме жанрының танылуы, бағалануы, дамуы жақтарындағы нақты істелген жұмыстардан хабардар болмақшы екен. мен біздің елдегі қазақтардың терме өнерін 1983 - жылдан бері қолға алғандығын؛ содан бері «қазақ термелері» атты топтамалардың шинжяң халық баспасынан арт - артынан шығарылғандығын؛ дыбыс таспаларының жарық көруі؛ термені ақындар айтысы қимылына қосып сахна төріне шығарып бағалап отырғандығын؛ іле педәгөгикә шуеяні күйтің оқыту районында 2007 - жылдан бері арнаулы терме кләсі ашылғандығын؛ терменің 2008 - жылы жыл басында мемлекеттік қорғалатын беизәттіқ мұралар қатарына қосылғаны сяқты игі істерді баяндап бердім. 3 - рет қазақстан мемлекеттік радио стансясы көркемөнер бөлімінің жауаптысы, әнші әйгүл имәнбәйвәмен сұхпатта болып, қызым гүлзинәт екеуміз терме мен халық әндерінен 15 - 16 нөмір орындап бердік.

нұрлан: мағауя аға, естісек, халық әндерін жинап, реттеп жүріпсіз, бұл өзі бір машақатты жұмыс қой, бұған қалайша қызықтыңыз? қәзірге деиін қанша ән жинадыңыз?

мағауя: халық әндері ата - бабаларымыздың асыл қазынасы ғой, ол кімді болсын өзіне қызықтырмай қоймас. зерттеушілердің көзқәрәсі - халық әндерінің ғасырларға жалғасуының себебін үш жақтан, яғни, бірінші, халық әндері халық өнерпәздәрінің бастан кешкен өқиғәләрімен тығыз қабысып, олардың күйініш - сүйініші, сағынш - арманы сяқты көңіл толқындарынан туғандығынан. екінші, халық әндері өнерпәздәрі жасаған дәуірмен, тұрмыс - тіршілікпен біте қайнасып, әуені мен сөзі өмірдің өзіндеи табиғи таза сұлулыққа суарылғандығынан. үшінші, халық әндерін кез келген халық әншілері өз мәнерімен, әншілік сезімін қосып кем - кетігін бүтіндеп отырғандығынан деп қарайды. мен де сол халық өнерпәздәрінің қатарында жүргенім үшін, бір қыдыру әндерге толықтырулар жасап, тізгін - шылбырын түріп халық арасына қайта жібергенім рас. қәзірге деиін халық ішінен «алтыннан аяқ», «гүл, гүл жамал», «ақмарқа» сяқты 30 ға тарта ән жидым. бұдан былайғы жерде де халық мұрасын жинау жүмісімен жалғасты шұғылдана бермекпін.

нұрлан: «елу - ердің жасы» деп өзіңіз айтқандай, терме өнерінде кемеліме келдім деп ойлайсыз ба? әлі де жетпеи жатқан жерлеріңіз барма?

мағауя: әрине, ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше білім іздемек парыз деиді ғой, азырақ еңбегіме төқмеиілсіп отырғаным жоқ. ежелден өзіме өзім қанағаттанып көрген емеспін. ылғи да өзімді өзім кінәләумен келемін. қандай адамдар жылт еткен еңбегіне бола сабасынан асып - төгіліп жүргенін түсінсем бұйырмасын. дегенмем, өткен өмірім тырнаштап жиған тәжірибе - сабақтарымының қоймасы емес пе, құлшына үйреніп жұрттың көңілінен шығарлық жаңа туындылар жаратып халқыма арнасам деимін. тек алла жар болса ғана.

нұрлан: жә, мағауя аға, бағанадан бері өнерлі өміріңіз туралы бір талай сыр шерттік. соңғы бір сұрауым - өнер жолында еткен еселі еңбектеріңіз қара ормандай халқыңыздың жүрегінен өзіндік орынын тапқанына сеніміміз кәміл. ал, сіздеи бір асыл ұланын партя мен үкімет тараулары ұмыт қалдырмаған болар?

мағауя: менің еңбегімді әділ бағалаған партя мен үкіметке алғыстан басқа айтарым жоқ. сұрап қалған соң жауап бере кетеиін, 2006 - жылы тоғызтарау аудандық мәдениет - дене тәрбие мекемесі «мәдениет қәйрәткері», 2007 - жылы іле қазақ автономялы облыстық халық үкіметі «еңбегі сіңген термеші», 2006 - жылы шинжяң ұйғұр автономялы райондық халық үкіметі «таңдаулы халық өнерпәзі», 2007 - жылы іле педәгөгикә шуеюәні күйтүн оқыту районы «терме тәрбиешісі - прөфессөр», 2008 - жылы шинжяң ұйғұр автономялы райондық мәдениет меңгермесі «терме мүрәгері» атағын берді.

нұрлан: «ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер» деген ғой халқымыз, өзіңізге және отбасыңызға бақыт, жасампаздығыңызға табыс тілеимін!

мағауя: рәқімет! бауырым, өзіңнің де өнерің үстем болсын.
жауапты редәктөр: барша тегіс қызы
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1657

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 2 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 9 min
Боз кілемде балуан қызд 9 min
Білім және ғылым вице-м 9 min
Бас инспектор ақау шыққ 14 min
Бокстан әлем чемпионаты 19 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 19 min
Бас инспектор ақау шыққ 23 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 29 min
Қазақстанның бірқатар а 29 min
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt