Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:09 - 2016/11/17

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1652
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1652

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1652

Мақала жолдаушы: Almasbek
Мақала апторы: Оралтай ұлықпаш ұлы
Аптордың мекен-жайі: (‹‹іле айдыны››2016-жыл.5-санда жаряланған)

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Таяу жылдардан бері қаланың батысына кереге жәйғән <<жастар бақшасының>> қызылды-жасылды гүлдері құлпыра ашылып, мың сайрам құстары тамылжыта әнге басып, дыр-думан болып жатыпты- дегенді еміс-еміс естігенім болмаса , олай қарай аттап баспаған екенмін. "жақсыны көрмекке" дегендеи бір күні сеиілдеп сонда барғанмын. ел айтса, айтқандай-әқ"керемет"екен, ала-құла, ашық-шәшіқ киінген қыздар мен алқызыл шәшті жігіттер, топ-топ бәлешік шыршалар мен жылауық талдардың қалқасында, бірін-бірі зарығып, сағына көріскендеи еміне еркелесіп, құшырлана құшақтасып тұр, қымсынбайды. әуелі бір топ ойын баласы туыттан сақтану дорбасын әуізімен үрлеп, шар жасап алып, ұшырып ойнап маз-майрам. айналама ұрлана қарап, аяңдай басып келе жатып, бақшаның әуелдегі орнының ескі қабырстан екендігі, осында бір қылмыстының қара күрең жүрек қанын тамшылатып, денесін жып-жылы күйінде, жер қойнына тапсырғанымыз қалт ойыма түсе қалды. бұл шындығында естен кетпес, жағаңды ұстатар оқиға еді. себебі мұндай оқиға ет жүректі пенденің басында сирек кездесетін.
менің қізметке жаңа шыққан күндерімнің бірінде, кәмәндірөпкәмен ауданға келгенмін. жол-жөнекеи әдвөкәт сабақтасым жолығып қалып:
-естіп келген боларсың? бүгін әлгі ағаң елдәқтің ашық соты, оны бүгін <тарыс> деиді, әтәукересін беріп, көңілін аулап, бақұлдасып қоймайсың ба?-деп, сұқ саусағын нәгәншә жүрек тұсыма нұқып тұрып, суық хабарын дүк еткізді. <<әтәукере>>,<<бәһи>> дегенді әліге сезінбеген жас жүрегім тас төбемнен пыр-пырлап ұшып, алыстап бара жатқандай сезілді. <<өлім,әту, шабу>> дегендерді тек кинөдән көргенім болмаса, онытыпты өмірде болатын болмыс деп түйсінбеген екенмін. енді, міне, тап құлағымның түбінен <<тарс>> дегендеи мылтықтың ашты дауысы, дабыл жарғағымды жәріпөтіп, миымның айран-асырын шығарғандай басым зеңіп кетсе керек.
-не болды? өңі түскен бөздеи бозарып кеттіңғөй, қорқатын дәнеңе жоқ, ол да бақыр басты пенде, ұйымдық жақтан туысқандарына тіл жеткізгенбіз, әлі ешкім келмеді. оның үстіне ауылдарыңның қатынасы да қолайсыз, келіп қалған екенсің, оған кездесе кет. -деп қолқалады. игі іс болсағой, сылтаудың керегі не? жаяу жалпылы болсада сорлы шешесі жалғыз қызын ертіп, ауылдың бір көзқәрәқті ақсақалын алдыға салып, түнімен болсада жетіп келер едіғөй, гәп басқаша... қорқыныш пен ұят барлығында шеңгелдеп, осы бір қанды қол, азғынды көруден мүлде бас тартқызып, заңның біржәқтілі етіуіне тапсырғаны маған да, әдуәкәт сабақтасыма да беимәлім емес-ты.
-еи, пәкенегім, жалтарма! <<жел соқпаса шоптың басы қимылдамас>> деген. қалайда бұлтаруға болмайтын қандассыңғой, <<өлім айтып келмеиді >>деуші еді, әзіреиіл жан алғыш құмбырасын көтеріп келіп тұрмай ма? жаны жәй тапсын, бәлкім айтары да бар шығар?- деді де, жетелеи жөнелді.
түрменің тегі қандай екенін тәңжәріқтің<<түрме халынан>> оқығаным болмаса, қайдан білеиін? темір төрмен торланған биік дауал үстіде қаруын серт ұстап қасқая тұрған екі әскер, бүткіл жауыздық атаулыны осында тұншықтырып тұрғандай көрінді. үлкен қап-қара қақпаның алдына тұмсық тірегенде, екі дүниенің ортасында тұрғандай күй кештім. беиіш пен тозақты кім көрген? әпсәнәуи топшылауымша, беиіш пен тозақ деген осы- қара қақпаның аржақ-бержәғі,төрт-ақ елі аралық секілді сезілді.
-қара қақпаның сыртында жүргеніміздің өзі беиіш екенғөй- деп күбірледім ішке кіріп бара жатып. сабақтасым:
-я, өміріңде жамандыққа жолдас қоспастай болдыңғой, келгенің соңғылыққа жақсы болған екен- деп еш кәперсізқәрқілдәп күліп алды да:
-<<тозаққада үш күннен соң көндігеді>>деген емес пе? жазатайым қонақ болып қалсаң, бұл араға сенде бауыр басып кетесің әлі-ақ-деді арқамнан қағып, ішке кіргізіп жіберіп.
-жағың қарыссын әдуәкәтім! «жақсы сөз жарым ырыс>>-деген, жақсысоз айтсаңдар нелерің кетеді?-деп тәубемді үйірдім іштеи.
ақыры қара қақпаның ішкі жағындағы қілміскерлерге кездесу бөлімінің есігін қобалжи аштым. екі сақшы жігіт пен елдәқ үшеуі отыр екен. сақшының біреуі елдәқтің алдына жәйіп қойған <<заңнан сауат >> деген гәзеттің үстіне, жылқының қазысын дөңгелектеп кертіп беріп отыр. елдәқ мені көргенде жалма-жан орнынан ұшып тұрмақшы болып ұмтылып еді, сар бұын болған бұзауша сенделектеп, тамға сүйеніп барып, бойын әзер түзеді. бір кездегі алпамсадай денесі қушиып, терісі тұз салған тұлптай сарғайып сартап болған, шәшін тақырлап сыпырып тәстәғәндікі ме, төбесі мен иегі сүзбе сүзген дорбадай созылып, бозарып, көзі шүңіреиіп, жанарының оты өшкіндеп көрінді. барып сүйеи бергенімде, аяғындағы ирелеңдеген кісені сұп-суық сұры жыландай тұла бойымды түршіктіріп жіберді. ой, дүние-ай! қалайша елжіреп кеткенімді білмеимін, жанарыма жас толып, көңілім босап кетіпті. елдәқөзі тоқтау айтып жатыр. оның мына мүсәпір күйі өткендегі балалық шағын есіме салды.
кезінде ол біздің қыстақтағы балалардың атаманы болатын. қалың қара борбайлар өнімен еріп, үнемі тобылғы шабуға баратынбыз. біз орақ, теселермен тықылдатып, түбірін шаба алмай мылжалап, тоңқаңдап жатқанымызда؛ ол екі қөлімен тобылғы сабағының ұштарын саумалап біріктіріп алып бытырлатып, түп тәмірімен жұлып-жұлып әләтіндә,өзінің шанасын толтырып болған соң, қалғандарымызға көмектесетін. оқымайтын кеи күндері бұзау бағып тиірмен түбекке де баратымыз, ол кезде елдәқ бірде қызыл сары сағыз керіштен әр түрлі қаюандардың құыршағын жасап берсе؛ ара-тұра балық аулап беруші еді. балықтарды былқылдатып- жылпылдатыпбыр-бырымызды қорқыту үшін ойнайтынымыз болмаса, қалай жеудің де жонын білмеитінбіз.бір жолы:
- балықты қайтып жеиді? деп едім.
-былай жеиді- деп, тірідеи бір шабақты қылқ еткізіп жұтып салғанда, қалың бала шұрқырап-шулап, зәре-құтымыз ұшқан ды. енді, міне,біркездегі арыстай азамат торға түскен қырандай жапақтап, гәзет үстіне туралған етті қорғаншақ иттеи жалтақтап жеп отыр. менің көңілім әнтек орнына түскен соң, ол әлдімен шешесінің жәй-күйін сұрады.
-жақсы екен, кеше барып амандасып қайтқамын. деседе үйден шыға алмай жасып қалпты, өзіңізге сәлем айтып, алаңсыз болсын деді-деи салдым. шынымды айтсам бұл оқиға туылғаннан кеиін, ол үйдің маңына жоламаған едім. ел ауызындағы:« ебептің де себебі бар, бәрінің обалына қалған сол- мыстан кемпір>>-деген өсек, бала күніміздегі жанқалтасынан жарты құрт үзілмеитін қормал шешеміз туралы көңілімізді су сепкендеи сұытып тастаған. мен түгілі ауылымыз бойынша ол кемпірді көргіміз келмеи қалған. мұндай жағдайда не айтып, не тілек білдіретіннің жөнін де білмедім. тек оның достары мен туыстарының жағдайын сұраған сұрауларына ғана нарау жауап беріп отырғам. есіктен еңгезердеи және бір жігіт кіріп келіп, елдәқті қапсыра құшақтап, ұзақ амандасты. ол біздің ауылдың жігіті, бізден екі-үш кләс жоғары оқыған елдәқтің сабақтасы болатын. қазыр ауданда қізмет істеитінін білетінмін. әкелген бірәз мәнтісі мен оншақты бас ашты қызыл бұрышын гәзеттің үстіне қойып жатып:
-я, <<генәрәлім>>, сенің қызыл бұрышты құшырлана жеитінің әлі есімде, құнығып жүрген шығар деп, әдеиі алып келдім -деді де, ол да бір әңгімесін бастап кетті.
быздың ауылдың балалары әқтеректіктер мен көктеректіктер болып екіге бөлініп алып, ортақырдағы ескі кесек құмданда ұзынды күн топырақ атыс жасайтынбыз, сонда сен жүңгөнің генәрәлі, ал мен жапонның тәйжүні ролын алатын едік қой. бір жолғы сұрапыл ұрыста бізді тықсыра құғындап, жаман тамның ішінде<<тисе терекке, тимесе бүтәққә>>деп ауыр соққылап, екеуміздіңде басымыз жарылып, көзіміз көгеріп кетіп еді. сонда сен қызыл бұрышты қаршылдатып шайнап тұрып, қорқу дегенді мүлде білмеуші едің. ақыры біз толасыз атқылаған оқтарыңның қысымына төтеп бере алмай тізе бүккеміз. сонда бізді жазалап, бүкір шалдың ауласынан бір қалта көгөніс ұрлатып әліп,өзің қоладан құйып жасап алған қызыл шәшәқті мәузеріңді шошаңдатып тұрып:
-енді екеуміз қызыл бұрыш жеп сайысамыз- деп, <әскери бұйрық>тұсырып, бәсекеге отырғамыз. есіңде ме?сөндә мен зорға 20тал, сен 40 тал жеп жапондықты және бір жеңгенсің. тәйжүн болғанымды қәйтеиін, апта бойы артымның удай ашығаны әлі есімнен кетпеиді,-деп қарқылдап күліп, елдәқті арқаға қағып-қағып, қолына бір тал ашты бұрышты ұстатты, барлығымыз қосыла күліп, әтәукере дастарқанына да көңілділік бағыштадық.
-әй, досым-ай, қайран күндер-ай, бүйтіпөз қөлімдіөзім қандағанша, жапон соғысына қатынасып, қан майданда өлсем, арманым жоқ едіғөй.-деп ауыр күрсінді. бәріміз ішімізден тынып, басымызды шұлғи бердік.
-тамақ жеңіз-дедім, оның тәбетін тарттырайын деп, алдыдағы мәнтіге қарай қолымды созып .
-тарт, бұл сендердің астарың емес-деп қолымды қағып жіберді. бұл <<әтәукере>>, тірліктің ең соңғы бұйырған ырызғысы. сендердің ырызғыларың таусылмасын!ұлың бар, қызың бар, балларыңның балларына өсиетқіп айтып жүріңдер ,бастарыңа қандай қямет күн тұсада жан баласын жазым қылмасын, әйелі еріне, ері әйеліне адал болсын, бұраудың да сұрауы бар екен. аллатағала жазасын екі дүниеде де тарттыратынына сеніңдер-деп өсиетін айтып бара жатқанда, тағыбыр сақшы кіріп :
-мынаған қол қой, әқіиесі қәйсініңіз?сізде қол қойыңыз-дедібір нұсқа хұжатты беріп. елдәқ көргенде жоқ, қолын қойды да, онысын маған ұстата беріп:
-менің үкім қағазым, қазыр атқарылады, көріңдер, сен қол қоя бер-деді. мұнша көп жанның қанына ортақ болған адамның өліміне әрі-сары болатын не бар?-деп ойладым да қол қойып бере салдым. алайда ол өзінің бүгін атылатындығын білмеидіғөй- деп ойлап отырғам. енді сөз буаздыққа салудың қәжеті қалмады-ау деген өймен:
-солай екен аға, енді айтарыңыз, тапсырарыңыз болса тоқталмаңыз-дедім төтесінен. бетіме бажырая жалт ете түскенде, бауыздау алдындағы жылқының жанарындай көзі ағараңдап көрінді. сақшыларда сезді білем, біреуін қалтырды да, басқасы шығып кетті.
-<<құс жаңылып торға түседі, тұлпар сүрініп орға түседі>>,<< қөліңмен істегеніңді мөйніңмен көтересің>> деген сөз бар емес пе? енді амал жоқ досым, барлық адамның баратын жері сол, тек баратын жолы ғана ұқсамайды. қандай тапсырарың бар? айта бер, біз қолымыздан келгенше көмектесеміз- деп сабақтасы да өтінді.
-я, дұрыс айтасың, мен атылатындығыма өкініп отырғам жоқ, қілішпен қырық жерімнен шауып өлтірсе де қылмысым оған қаптал жетеді, артымда ұрпақ қалмағанына тіпті де өкінбеимін. тек қартайған шағында шешеме шемендеи шер арқалатып, ел-жұртымның сүйегіне кетпестеи қара дақ таңбалап кеткеніме, өкінемін, балаға ат қойғандада байқап қойған дұрыс екен-деп өзін-өзі шәпәләқпен тартып жіберіп еді, сабақтасы осылған бетін бетіне басып:
-бүйтпе елдәқ-деп ауыр күрсініп қалды. сәлден соң шайынан бір жұтып алып,созын жалғастырды.
- ұзын сөздің қсқасы, мен бір түрлі намыс үшін қызыл қырғын салдым. сақшыға бар қылмысымды тапсырсам да, заңға саймайтын кеи тұстарын тағы сол намыс үшін жасырып қалдым.бырақ көрге ала кетсем болмас деп отырмын. қылмысты болсамда мені түсінулеріңді, тегінде жан құмар, қан құйлы емес екенімді түсінулеріңді өтінемін?! бірге туысқандарым мені келіп көрмеуі мүмкін? үкімет барда, сендер барда көмусіз қалмаспын-деп ,ауыр бір күрсініп алды да, ақтық сөзін жалғады.
-менің үйлену барысымды білесіңдерғөй, біреуге ғашық болу дегенің соқыр текенің там сүзгені секілді ئыс екен. оның жанында төлегеннің қізжібекке ғашықтығы түкке тұрмас бәлкім? менің әкем базарбайдай жүздеп жорға, тоғанақ-тоғанақ алтын-күміс бермесе де, оны сүйетіндігімді екі қөліммен, маңдай теріммен, адал жүрегіммен дәлелдегенмін. сол кезде төсек тартып ауырып жатқан әкем:
- мен әлдімен құда болатын жүртті,келін болатын баланы көріп келеиін-деп белін буып, ол ауылға барып келген соң:<құда болмаймыз>- деп қолын бірәқ сермеген. оған ғашық жүрек қайдан көнсін? ала жаздай қайынатамның үйінде, шөбін шауып, қорасын салып жүріп алдым. әкеңнің науқасы салмақ тартып қалды дегенді естіп, шөп басына шық тұрғандабырақ келгенмін. әкем сол жолы өләрмен құда болмауының жәйін айтты. сүйтсем<< мәдениет төңкерісінде >>әкеме қағаз қалпақ кигізіп, ауыл-ауылды аралатып, сазай жасап апарғанда, енем <<әктивтер>> уәкілі екен де, әкемді күреске алып, басына теуіп кетіпті. бұл жәйді, әрине, істің болары болып, бояуы сіңгенде естіп қалдымғой, әкеме аузымды ашып, мақұлдық бере алмадым, ол кісі де теріс қараған күйі аттанып кетті. амал қанша теріс батасын беріп кеткенін қолға қырсау түскенсөң біліп отырмаймын ба!-деп күрсінді. елдәқтің үйлену кезіндегі хикәяләрін мен өқумен сыртқа шығып кеткендіктен толық білмеиді екем. бұлда қызыл қырғын салатын себеп емесқөй? кінәлі болса, қоғам кінәлі шығар? деген өймен:
- сонда, аға, осыған бола ма? деп қалдым.
-я, бұған бола атойын салуға жарамас, бірәқ <<шеше қарғысы боқ, әке қарғысы оқ>> дегенді ендітүсіндім. біз үй болып бір жылға жетпеи-ақ, шешем мен қатынымның арасынан қара мысық сұмаңдап өте бастады. ұсақ- түйегін айтпай-ақ қояиын, мен сендер секілді оқи алмаған соң, білектің күшіне таянып елге жалданып, там соғып, қора салып, айлап-апталап сыртта жүремінғөй. бір жолы үйге келсем, қатыным жоқ. шешем ботадай боздап жылап отырып шағынды.
- ана -у -ың, көзіңе шөп салып жүр, екі күннің бірінде шүлдірлеген біреу келеді де, шайтаншағына міңгестіріп алып кетеді. қайда қаңғып жұрсың десем, жұмыс істеп жүрмін деиді. кеше түнде оның келуін тосып қақпаның артында жасырынып аңдып отыр едім, әлгі неме мінгестіріп әкелді де, аузы-басын түк қоймай арамдап кетті- деді. екеуінің бірін бірі тілдерінің жеткенінше жамандайтынына құлағымда әбденүйір болып кеткен. бірәқ ұятқа тиетін мына сөзіне шыдай алмадым.
-ол қайда? деп едім әшумен.
-көзім көріп тұрған бетбәқтіқті үндемеи қоюға дәтім қалай шыдасын? түндегісін айтып едім, бетсіз қашан бет бақтырушы еді?тілінің заһарын шәшіп, қолдарыңнан келгендеріңді қылыңдар- деп, кетіп қалды, кеткен шығар байларына- деді.
сөнмен неде болса анығына барайын деп, қайынжұртқа қарай ат суытбайжұрып кеттімғөй. жол-жөнекеи көзіме шөп салып жүрген қылығына шыдамай, ажырасып кетеиін дегенді ойласамда, оның ойнақы бота көзі мен ешкімде жоқ сыңғырлаған күлкісін, әсіресе, тоқпақтай қос бұрымын, ып-ыстық құшағын қимадым. әжірәсқәніммен маған енді қатын қайдан табылады, немді беріп қатын аламын? бәлкім шешем басқа біреуді көрген шығар?- деп, өзімді өзім жұбатып бардым. мен барғанда жылы қабақ танытқан ешкім болмады, әуелі енем бұлқан-талқан болып:
-тайт бандының тұқымы, тақыр тұлақ шешең келінін күндеитін солғұрша кім еді? ол да кезінде пәленбәймен көңілдес едіғөй, үкімет бекер адамға қалпақ кигіземе? -деп жерден алып жерге салды. қатынымда шәуілдеп:
-шыбар жылан маған күн көрсетпеитін болды, айтқанының бәрі өтірік, менімен үй боламын десең іргеңді олардан сөгіп, ауашаланып шық- деді.
ақ сүтін берген анама сенерімді, не қойнымда жатқан қатыныма сенерімді білмеи, ақыры бұл қазанның қақпағын намыс үшін жылы жауып қойып, отау құрып шығуға бекідім де , бірнеше күн мал-жанына қарасып, аптығын басып, сабасына түскен соң, алып қайтқанмын. келген соң кіші әкемнің көмегімен шешемді де иландырып, ауашадан екі ауызды там салып бөлініп шығып, ит тірлікпен екі-ұш жылды да өткіздікқөй, мұндада жырғаған тыныштық болмады, жоқшылықты есепке алмағанда , қатынымның қаңғы бастығын тя алмай салған керістеріміз аз болмады. оның бәрін айтып қәйтеиін,<<әрлі арына қараса, арсыз жеңеді>> дегендеи, ақыры сөйлемеитінде болғамын. тек арманым бір шыр еткен шикі өкпелі болсақ, ол ана болса, барлығы да жөніне түсер деген үмітпен бақсы-бәлігерге көрініп, ем-дом істетеиік-деп едім, көк айыл бұған қайдан көнсін? сонда да сәттібір күні, үкілі бақсыны іздеп барып бал аштырғам. ол құмалағын шәшіп жіберіп:
- әй балам-ай, жолыңды көлденеңдеген көп кесір кесіп тұр екен, отбасыңды жын-жыбылыс иектеп, аяғыңның астында үлкен қара жылан арбап жатыр, сауысқаннан сақ бол, шілдехәнә көрсем деген арманың бар екен, маңдайларыңа бір жұлдыз бітіп барып, ағып кетіпті, байқаймынбыр балаң шетінеп кеткен бе?-деп бетіме қарады. басымды шайқап едім,
- онда әйелің түсік тастаған ба? деп және сұрады. басымды және шайқадым.
- иә, мархом әкелерің түсіп тұр екен. қайыры сен жеті жерге садақа беріп, жеті-жеті қырық тоғыз улы жыланның басын кереге бас сайын іліп қойсаң, бәлкім пәле-қаладан аулақ боларсың, ал, әйеліңе оң жақтан жабысқан әзезіл, сол жағынан жабысқан машайық бар, мұны желген иттың шібіғімен жеті рет ұшықтау керек, -деді. сол кезде аңғармаған екенмін. нақ тәуіп екен, басқасын істеуге болсада, желген иттың шібіғімен ұшықтау мүмкін емес шығар?-деп болымсыз күлімсіреді. бағанағындай емес, екі бетіне қан жүгіріп, қызарып, ажарланып бара жатқандай көрінді көзіме. осы кезде:
- ой, шяуху жақсы ма?-деп бізге таныс уаңдайпұ кіріп келді. сол тұстағы ауылдағы жалғыз дәрігер осы еді, шала қәзәқшәсімен елдәқті құшақтап:
- қатыржам болады, мамаңды мен бағады-деп жатты. тағы бір сақшы келіп:
- жарым сағат уақтарыңыз қалды-деп ескертіп еді.
- меніңде санаулы миноттарым қалған екен, тезірек аяқтастырып жібереиін-деп әңгімесін жалғастырып кетті, өлетін адам осылай болама? тіпті көсіліп, шешен болып кетіпті.
-бақсының балынан соң қолым жұмысқа, аяғым үзеңгіге бармайтын болды, үлкендердің кеңесімен әулие үңгіріне жеті бесік жасап апарып, жеті әулиеге тауап жасадым. бақсы ойнатып, ұшық шығарайық десем оған қатыным көнбеген соң, амалсыздан бәлігерімнің 21 күнге серттеп берген демидесін жасырын іштіріп, үйден шығармай, бірде алдап, бірде арбап, көңілін өзіме аударайын дедімғөй, қайдан меиірін берсін? қанша аймалап құшып-сұйып жатсам да, кескен томардай сұлық қана жатады, кеиде тіпті маңынада жуытпай, қыршаңқы байталдай қос аяқтап текпілеп, теріс қарап жатып алады. ұят болсада айтайын, ер жігіттің үлкен аңсарының бірі, ақ некелі төсек ләззәтін татып, ұрпақ сұюғой. қалған кезде меилі арбаға жегіліп, етікпен су кешісн, меилі қатықсыз қара су ішіп, қатқан нан қажасын бәріне разы. қатыным ақыры бұл қысымыға шыдамады білем, сынықтан сылтау тауып, бір күні ұрысып-соғысып алды да, төркініне кетіп қалды. кеткенінеде үш айдың жұзы болып қалған. арада күннің сәтін талдап екі рет шешем мен кіші әкемді ертіп барып, алып қайтайын деп жосын жасаған да едік, ажыраймын деп қара есекке теріс мынды де алды. қойшы болды, <<қозы көрпешті айталмаған, бұзып алады>> деушіме еді?сөзім де, амалым да қалмады. үстіп дел-сал, бөйкүйез жатқан бір күні көршіміздің қатыны, жабайы мысықтың тырнағынан қалған екі-үш мекиенімізді тастың астынан алып, үйге қоқақтатып қуып кірді.
-ой, не болды? дегем, алдынан шығып.
- не болушы еді? мал иесіне тартпаса арам өледі деген, мына жез өкше мекиендерің сабан-топанның тамтығын ұшырды. ойнас қылатын жерін тапқан екен. не тапқан жұмыртқасының тамтығы жоқ, талағы түскір өзінің өлексе қоразы не бітіреді қайырмай?-деп тепсініп кетті. бұдан бірнеше күннің алдында беи уақыт шақыра берген соң, қоразымның қоқиған мойынын бұрап, итке тастаған едім. жігіт адамға тірлігінде бұдан артық қорлау болмас? онсызда қатынсырап, күйекке түсетін бұғыдай жарап, көзімнің сұғы көрінген шұңқыр беинеге ұялап жүрген. әлгі мекиендерімді қораға жем шәшіп кіргіздім де, бірден ұстап алып, қатынымды елестетіп тұрып, артын жөндеп, бастарын кесіп-кесіп тастадым-деді шімірікпестен. мынау жынданған екен деп ойладым іштеи. сабақтасы:
-ой, досым не айтып отырсың? мынауың.....-деп сөзінің соңын міңгірге айналдырып еді, сақшы жігіт:
- өтірік деугеде келмеиді, түрмеде жатқандар уақыт ұзара келе бірін-бірі осылай істеитінін көзімізбен көріп жүрміз, соған қарағанда-деп созының соңын олда жұтып алды.
-содан ары басқа бір адамға айналып кеткен сяқтымын-деді елдәқ сөзін жалғастырып, өмірімде арақ ішіп көрмеген жан едім, бір құмбыра арағыңды тік тұрып, ауызынан сілтеи салдым да, естіп жүрген өсектерімді рәстәуүшін қәрәкерге қамшы басып, әуелі мына кісіге— уаң дәйпүғә бардым, бұл кісі біздің ауылдағы әйел біткеннің сырын білетін адамғой- деп оны нұсқап қойды.
- менің қатынымның саған бала түсірткені қандай әңгіме? деп едім, бірәз қипалақтап барып:
-солай болады, қазыр бала алмайды-деп түсірткен-деп мойындама жазып берді. сонан соңғы екі-ұш күнде арақ ішіп әліп,өзім үстінен түскен тірәктөршіғә, қарындасым сезіктеніп жүретін дүкеншіге, шешем айтатын шайтаншақтға барып, пышақты кезеп отырып, мойындама жаздырып алдым да, ертесі ертемен қайынжұртыма тарттым. жолда қайынатам мен балдызым кездесті, олар жем әкелгелі ауылға жүрген екен. қайынатам:
-үйге бара бер, біз жем алып ертең келеміз-деді. жол-жөнекеи өзіме-өзім сабыр айтып ашуымды басып, егер барлығын кешірсем, ол кемшіліктерін мойындап, ендігәрі суық жүріске салынбаймын -десе, жер аударып, алысқа, құлақ естіп, көз көрмес жерге көшіп кетеиін-деген байламғада келгем. осы ойдың жетегімен қыстауларының астындағы өзектен өте бергенімде қарсы алдымнан көзіме таныс сылаңдаған бір өртүлкі тағыда жолымды кес-кесітеп өте шықпасы барма, әй, жолым болмайды екен! деп тіксініп қалғам. барғансоң бірден сөз бастамадым. баяғы әдетімше қора-қопсыларын тазалап, сыртта жүріп алдым. шай іш, тамақ іш деген адам болмады. бұрын жезде аға деп жүретін келінімде теріс қарады. ақыры ақшамнан соң, қатынымды түпкі үйге шақырып, әңгімелесеиік десем, ат тонын ала қашты, шыдамым тақа таусылып, бәрінің алдында, естігенімді, көргенімді, мойындамаларды жәйіп салдым.
- қолыңнан келгеніңді істе, сенен ажыраймын-деген сөз болды ақыры алғаным. енеме де тілек, шұбамды білдіріп:
- барлығын кешіреиін апа, ақылыңызды айтыңызшы?!-деп едім.
- сендерше болғанда қызымды қатын қылмаған еркек қалмаған екен. көммунәнің қатыны болып кетседе, тап саған бармайды. өңкеи бойдақ, ана отырып қалған қарындастарыңды қатын қылыңдар!-деді етегін қағып. <қарындасың> дегенде тағы быр әңгіме бар, ол әзезіл қарындасымды азғырып, жаман атын шығарып жіберген, аяғы бұл күнде бұқпа болып отырып қалдығой, қарындасым ғана емес, ауылдағы біртәләй қыз-келіншектердің де сорына тышқан, мұны айтпай-ақ қояиын. барлығын көк қәтиреге жазып қойғамын, кеиін көрерсің- деп маған тапсырғандай болды да:
-бәріне төзсемде тап осы сөзге қалай төзеиін. қаным басыма шапшып, екі жұдырығымды бір-біріне ұрғылап, тысқа шығып кеттім. бірәз айналсоқтап, тұлабойымды сыздатқан жан азабымды тежеп, неде болса кетіп қалайын деп атымды қорадан алып шығып ерттеп жатып, осылайша кетіп қалам ба? жоқ, енді менің барар жерімде қалмады. - деп ,қәрәкерді қайта оқырға қойдым да, түпкі үйге кіріп жатып қалдым. үй артынан алақаншықтың қобыздан шыққан мұңлы күйдеи ұлыған үні онсызда мазамды алып, өткен-кеткеннің барын есіме салды, көзім әнтек ілініп кеткен екен, құйрығы көз жеткісіз сонау алыста ирелеңдеген бір алып айдаһар есіктен басын сумаңдатып, мені жұтбақшы болды, жалма-жан кездігімді суырып алып, тамағынан тартып кеп қалған едім, үйдің ішін қып-қызыл қан жауып кетіпті, қанға малтығып жатып оянып кеттім. қара терге малшынып, жүрегім атқалақтап тұр екен, киімшең едім, ақырын тұрып, ауызғы үйге шықсам, шам сөндіріліп барлығы шырт ұйқыда жатыр. соңғы рет салымымды бір сынап көреиін дедім де, шет жақта жатқан қатынымның жанына жантайып, қолымды жүгірткен едім, ыршып тұрып, шешесінің қойнына кіріп кетті. үміт жібінің бырақ жолата үзілгенін сездім, далаға тағы шықсам, ай иықтан аунап, артжақтағы таудан асып, үйдің маңын қараңқылық жауыпты, тек ала қаншық қана қарсыдағы төбеге шығып алып, тоқтаусыз бір сұмдық әуенмен озандатып ұлып тұр, қораға кірсем жануар қәрәкерім тықыршып, жер тарпып, әлсін-әлі пысқырады,быр сұмдықтың болғалы тұрғанын сездім де ,қашып құтылайын деп жолға шығып едім, алдымнан ағараңдаған адам секілді, байқасам әкемеде ұқсаңқырайтын біреу шығып:
-еи, ынжық, осылай қайтасың ба? бәрін өлтіріп кет-дегендеи болды. қайта артыма қайттым да, атымды мамағашқа байлап, маяның түбінде шөп кесіп жүрген жады бар еді, соның дұзын шығарып алып, өзім жатқан үйдің терезесіндегі сұляудан шегеленген бір көзді жыртып, сабын ішке кіргізіп қойып, жатып қалдым. содан ары оңым бе, тұсым бе? білмеимін, қалың қыз-қырқын, қатын-қалаш қаптап келіп мені жұлып жатыр екен, жалма-жан жадыны алдып оңды солды сермеп, оларды тып-типыл қылдым, екі кішкене сәбидің шыр-шыр еткен дауысын анық естісемде, меніңде сабиымды дүниеге келтірмеи жатып-ақбыр укілмен ұзатып едіңдер? деп, оның ересек тартып қалғанын шауып тастап, енді бесіктегі сәбиге қол сілтеп едім, ой, алла, сендерге өтірік, өзіме шын. баланың періштесі болады дегенді көзім көрді. абпақ киінген біреу жүзінен қан сорғалаған жадыны қолымнан жұлып алып далаға лақтырып жіберді. үй іші көрдеи қараңқы, не болғанын білмеимін, әл-дәрменім құрып, есік алдына шығып отырдым. таң сызылып атып келеді екен. бара-бара жарық та түсті. үсті басым қабыршақтана қатқан қып-қызыл ала қан. ақырын үйдің ішіне баспалап барып қарасам, сәкінің астында аяулымның басы бұп-бұйра шәшімен домалап жатыр екен, жеңіммен бетіндегі қан дақтарын сұртып, екі шықшытынан ептеп ұстадым да ернінен сүйіп, маңдайынан иіскеп едім, көзін ақырын ғана ашты да бір ауыз сөз айтып, қолымнан шоршып жерге түсіп кетті. не айтты деисіңдерғөй? оны да көк қәтиреге жазып қойдым.-деді күрсініп. содан соң есіме келе бастаған екенмін,үйдің ол жер, бұл жерінің бәрі шәшіліп жатқан қол-аяқ... айтпаяқ қояиын, қорқасыңдарғой, көрім болғанда бесіктің арқалығын ғана шауып барып тоқтап қалған екенмін. басқасын түгел жәйрәтіп салыптым. мына көріністі пенденің көруіне дәт ете алмадым, шырқырап жатқан сабиды бесігімен көтеріп тысқа алып шығып, қалыңдап көрпе жауып қойып, қайта кіріп бұрша-боршасы шыққан өліктерді ортаға жинап, көрпелермен үстін жауып, кілет үйдегі кәтелде тұрған кәресінді шәшіп-шәшіп жіберіп, от қойдым да, шу жануарым деп, ауылға қарай құйындай құйғыттым. шыбын жаны шырқырап, үйді шыр айналып жүрген алақаншық шәбелеңдеп келіп, әулекілене ат құйрығына жармасып еді, болат тұяқ сарт еткізді білем, қаңқылдаған күйі артына қарай зытып берді. жол-жөнекеи жүргінші біреу кездессе, сәлемімді сақшыға жеткізе сал деп келемін,бірәқ ешкім кездеспеді. қара жол қақ айырылып, мәдіні жұтқан қара тау рас болсаң, жұт мені деп тілеп келемін. артыма бір қарағанымда будақтаған қара түтін түсіме жиы енетін қара айдағардай бұратылып, көкке көтеріліпті.-быздың шаңырақтың пәле-қазасы өсімен аяқтассын!-деп те тіледім жаратушыдан. күн шылбыр бойы көтеріліп қалғанда, ауылдың аяғына, өзен бойындағы тар қысаңға іліндім де, атымның ауыздығын алып, тізгін-шілбірінтүріп,кекілінен сипап тұрып:
-саған тіл, қатынға діл біткенде, маһшарда кездесеиік, қош жануар!- деп айдап жібердім. өзім баяғы шыл-кекілкке тұзақ құрып, тобылғы шабатын жерлерімді аралап, бір уыс жұсанын жұлып алып искелеп, жерге жата қалып, сұп-сұық қарына бауырымды төсеп арыздастым да, ақырында көк ирымның басындағы жартастың қабағына келіп, ең соңғы тілегімді дауыстап, өзенге секірдім. құлап бара жатқанымда, қәрәкерімнің ащы кісінеген дауысын естігенімді білемін.бірәқ мен сяқты қанқұйлы жанды суда қабылдамай ма, жоқ, әлде осы бір жәйді айтып кет, елге сабақ болсын деді ме? әйтеуір, мұздың кебегіне кіріп бара жатқанымда жануар қәрәкерім шалқұйрығын суғасалып жіберіп, жағаға қарай лақтырып жібергендеи болды. есімді жисам, сақшылардың жанында жатыр екем. құдайға шүкір, тағы 7 ай жарық дүние көрім. - деді арық қөлімен басын сипап, қарқылдап күліп.
- сонда қандай арыздасу айтып едіңіз?-дедім күлгеніне қайран қалып.
- оны көк қәтиреге жазып қойдым, бауырым, сен озың ғана көр, тіпті менімен бірге туғандарға да, басқаларғада көрсетуші болма, ең соңғы өтінішім болсын, мәңгі құпя сақта ?!-деді жалынған беинеде. үнсіз басымды изедім.
сақшыларда :
-сотқа шығатын уақыт болды, тазалық істеп алсын , ақы иесі қайсының? мынау оның естелік қәтиресі екен, деп бір кішкене көк қәтирені маған ұстатты. біз соңғы рет елдәққә бақыл бол айттық. оның шырайынан бұл дүниеге деген қимастықтың ныспы да білінбеді. артынан бақшаның әуелгі орнынан ахым қаздырып, мәйтін күтіп алған едік.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1652

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас инспектор ақау шыққ 7 sek
Бокстан әлем чемпионаты 5 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 5 min
Бас инспектор ақау шыққ 9 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 15 min
Қазақстанның бірқатар а 15 min
ҚР Президенті отандық а 18 min
Жол апаты кезінде оқиға 24 min
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 25 min
Президенттік жастар кад 25 min
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Әлемдік және дәстүрлі 1 sagt
ЖИҺАД ЕМЕС, ТЕРАКТ R 1 sagt
«Жаңа латын әліпбиін ен 1 sagt