Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:29 - 2016/11/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1651
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1651

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1651

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


ӘППАҚ ҚЫСТЫҢ БЕС СӘТІ
топтамасы



Жұмаш Кенебәй



1.БІР ТАЗАРТШЫ, АЛМАТЫНЫҢ АУАСЫН!?.


Біз қала ғой, ауыл қандай мал, жанды?
Сынайтындай пейілдері тар жанды...
17-қарашада, дәл бүгін
Алматыға төпеп-төпеп қар жауды.


Аяз болса, білем құстар тоңарын,
Аман болсын, ұшып, қонған соларым!
Кәдімгідей қалың, қалың қар жауған,
Көрсетердей қыстың қалай боларын.


Енді таптың жүрегімнің дауасын,
О, табиғат, сен, данышпан, данасың!
Кір-қожалақ Алматының бір сәтке
Бір тазартшы, жоқ дегенде ауасын!..


Жұмаш Кенебәй,
17.11.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй


2. АДАМ ЖАНЫ ЛАСТЫҒЫН...



Төпеп, төпеп қар ана,
Үдей жауып барады, ә?.
Түн ортасы ауған шақ,
Өң кіргендей қалама.

Жасалатын тасада,
Кір-қожалақ, лас ана,
Мына жауған таза қар,
Соның бәрін баса ма?

Мазақ еткен жастығын,
Ләззәт еткен мастығын,
Баса ала ма мына қар
Адам жаны ластығын?..


Жұмаш Кенебәй,
17.11.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй


3.ЖАУ, ЖАУ ҚАРЫМ, ЖАУ ҚАРЫМ!



Ырсылдай ма, дәу қарын,
Тыржыңдай ма таз ана?
Жау, жау қарым, жау, қарым!
Жер әлемді тазала!


Жаны кірлер шыдамай,
Тазалықтан болдырсын!
Жоқ дегенде мынадай,
Лас қалаға өңі кірсін!


Тап-таза боп жан-жағым,
Қалайын бір мақтанып!
Жау, жау, қарым, жау қарым!
Әппақ, әппәқ, ақ мамық!..

Жұмаш Кенебәй,
17.11.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй


4. БАЛА БІТКЕН ҚУАНСЫН!


Қыс оралған күн екен,
Тәзәліқпен бір екен.
Әппақ қәрмен омбылап,
Жүре алмаған кім екен?

Бір ой миға келеді,
Қарға аунағың келеді,
Жауған қарды түнімен
Ертең бәрі көреді.

Шаттық шалқып, ту алсын!
Қарға орансын мұнар шың!
Ақ қәрменен ойнауға
Бала біткен қуансын!..


Жұмаш Кенебәй,
17.11.2016 жыл.

Жұмаш Кенебәй


7. ҚЫРДЫҢ ҚЫЗЫЛ ТҮЛКІСІ



Жан тазарып жатқандай,
Лас- келмеске басқандай!
Алматының ақ қысы,
Әппақ, әппәқ, ақ қандай!


Тек тәттіні татқандай,
Тек қуаныш тапқандай!
Адамдардың көңілі
Таза болса ақ қардай!


Өң кіріпті ақ тауға,
Өң кіріпті бақ, бауға!
Қырдың қызыл түлкісі,
Аунағандай ақ қарға!..


Жұмаш Кенебәй,
17.11.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1651

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда бос қалған өндір 1 min
Қанат Исламның келесі қ 2 min
Табиғи монополияларды р 2 min
Welcome to Aqtóbe: Ақтө 4 min
Мемлекет басшысы Петроп 10 min
В.Исламова күрестен Ток 12 min
Ли кічяң сант - петербу 12 min
Шамалғанда шенеуніктер 12 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 13 min
Бас инспектор ақау шыққ 16 min
Павлодарда 22 жастағы ж 22 min
УЕФА Чемпиондар лигасын 22 min
Британ премьері Брекзит 22 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 25 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 1 sagt
Боз кілемде балуан қызд 1 sagt
Білім және ғылым вице-м 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Тоқаев: СҚО-ны газданды 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Ақтөбе мен Орынбор шека 1 sagt
Қазақстанның бірқатар а 1 sagt
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt