Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-231834676963 %37 %
2020-01-241670648361 %39 %
2020-01-2515842468 %32 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:29 - 2016/11/13

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1648
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1648

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1648

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


14.11.2016




ЖЕТІ ЖЫРҒА СЫЙҒЫЗДЫМ...
топтамасы


Жұмаш Кенебәй



1. КӨРМЕГЕНІМ ЖАҚСЫ ЕДІ...


Кімі, кімге налиды?
Кімі, неге жариды?
Туған Ұлттың жай-күйі,
Жанды аяздай қариды!



Не сыйлайды мына күн?
Үміт күтіп тұрамын...
Бәрін көріп, білгенге,
Тиеді екен тым ауыр.


Қайда дерттің басты емі?
Кімі, кімге: «қаш!» деді?..
Мұның бәрін көргенше,
Көрмегенім жақсы еді...

Жұмаш Кенебәй,
14.11.2016 жыл.




Жұмаш Көкбөрі



2. «ЖҮЗ ОТЫЗДЫҢ» ІШІНДЕ...



Тағы небір сұмдығы,
Тағы небір «шындығы»,
«Жүз отыз... ұлт» дегені,
Ойлап тапқан қулығы.


Тонауға есік ашады,
Ұлт байлығын шәшәді.
«Жүз отыздың...» ішінде
Қазақ ғана нашары.



Улаған не сананы?
Кімді, кімі сабады?
Бас көтерген қазақты
Олар қыра салады...


Жұмаш Көкбөрі,
14.11.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі


3. ҚҰРТУ ҮШІН ҚАЗАҚТЫ...



Құрту үшін Қазақты,
Кім есірткен бұзықты?

Құрту үшін Қазақты
Көп сұлуын бұзыпты...



Құрту үшін Қазақты,
Кілең жасты аздырған.
Ұлтқа салып азапты
Көрді өзіне қаздырған.


Құрту үшін қазақты
Шайтан яки ол «адам»...
Құрту үшін қазақты
Бар жағынан тонаған...


Жұмаш Көкбөрі,
14.11.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі



4.ЕРТЕҢІ БҰЛЫҢҒЫР...


Жұмыссыз ұлың жүр,
Жұмыссыз қызың жүр,
Бір ұлттың көрдің бе,
Ертеңі бұлыңғыр?..



Қай ұлттың соры бар?
Қылмыстың зоры бар...
Жұмыссыз жргенге
Не бәле жолығар...



Зорланған, зорлатқан,
Сұм заман орнатқан...
Әдейі осылай,
Ұлтты кім сорлатқан?..


Жұмаш Көкбөрі,
11.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі


5.БАТПАҚТЫҢ ІШІНЕН...


Орынсыз мақтандың,
Орынсыз тапталдың.
Батпақтың ішінен
Шыға алмай жатқан кім?



Азапқа көп шыдар,
Мұндай ұлт жоқ шығар...
Солардың ішінен
Жағымпаз көп шығар.


Қылмысын жақтайды,
Ұрысын сатпайды.
Ал, олар сурылып,
«Құдайын» мақтайды...


Жұмаш Көкбөрі,
14.11.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі



6.»ИТКЕ ТЕМІР НЕ КЕРЕК?..»

Қүләқкесті құл дерсің,
Есіктегі күң дерсің,
Арзан мақтау, мәдәқпен,
Күн кешкендер, кім дерсің?


Жоқ білік пен білім де,
Саз беттілік түрінде.
Бұлар Ұлттың сорына
Көп болып тұр бүгінде.



Қулықтары «керемет»,
Сұмдықтары «керемет»!
Десек тағы қоймады-ау,
«Итке темір не керек»?..



Жұмаш Көкбөрі,
14.11.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі



7.ҰЛТЫМ, ҚАЙДА БАРАСЫҢ?


Сен,и әкесің, анасың,
Әлі неге «шаласың»?
Ұлы Абайдан сөз ұқпай,
Ұлтым, қайда барасың?

Бұл Қазақты кем демес,
Бұл қазақты «сен» деме?
Адам таппай сөз ұғар,
Күңіренем мен неге?


Қайда басы соғылған?
Сияқты ма тоқ ұрған?
Кілең сұм мен алаяқ,
Бұл Қазақты не қылған?..


Жұмаш Көкбөрі,
14.11.2016 жыл.



ТҮЙІН СӨЗ...


Қаны аздарға, құйғыздым,
Орын жоқты сыйғыздым,
Бүгінгі ойды, ағайын,
Жеті жырға сығыздым...


Жұмаш Көкбөрі,
14.11.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1648

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар