Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-06923296758 %42 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 18:28 - 2016/11/04

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1636
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1636

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1636

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Көкбөрі



НЕ ҮШІН БОСҚА АРАМ ТЕР БОЛЫП ЖҮР?...




Қазақ жерін сату мен жалға беру саясаты күн тәртібінен мүлдем түсіп қалды деп ойламау керек. Н. Нәзәрбәевтің ана жылы Қытайдан алған 19 миллиарда АҚШ долларының қайда жұмсалғаны белгісіз. Д. Нәзәрбәевәнің шырылдап қытай тілін қазақ мектептерін енгізбек болған әрекетінің артына сол миллиардтар тұрғаны даусыз.

Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде Қазақстаннан қолды болған 350 миллиард АҚШ долларының кімнің қалтасында кеткені де жұмбақ. Әлемнің әр түкпіріндегі офшорларда біздің ұрылардың қанша ұрлағаны жатқанын да ешкім айтпайды.


Қытайдан ана 19 миллиард АҚШ долларын алған тұста жұмбақ ақшаларын Қытайдың Гөнкөнгтәғі офшорларына салып, ол сенімсіз бола бастаған тұста оны Араб елдері бәнктеріне арқалап апарып, бірәз әуреге түскендер бар екен.
Ресей президенті В. Путиннің ұрлағаны 60 миллиард АҚШ доллары дейді.
Біздікінікі біреулер 100 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады дейді...
Жалпы бұл ұры ақшалардың бірәзі қолды болады, бірәз сол мемлекетке қайтарылады деген де сөз бар. АҚШ зәңгерлері офшорлардағы қолды болған сол тау, тау ақшалардың құпясын ашып, барлығының қоясын ақтаратын күн де алыс емес...


Менің бір түсінбейтінім, қанша доллар ұрласа да, қанша алтын жинаса да өлген адам оны өзімен ана жаққа бірге алып кете алмайды. Сонда бұл ұрылар не үшін босқа арам тер болып жүр?..



Жұмаш Көкбөрі,
04.11.2016 жыл.
ОРЫСҚҰЛДАР, «ЛАҢКЕСТЕРДІҢ» «КРЫШАСЫ МА?»


...Айтпақшы, Қазақстандағы әртүрлі діни ағымдардың артында біздің орысқұл биліктің аса лауазымды адамдары тұрған көрінеді. Мүмкін, бір ғана дөкей тұр. Ал, ана діндегілер, «ләңкестер» атанғандардың барлығы дерлік орыс тілділер екендігін ескерсек, біздегі орысқұлдардың ісі екені даусыз ба деп қаласың. Бұларға Алладан гөрі өздері ұрлаған байлықтарын қорғап қалу маңызды сияқты. Енді ойлай беріңіз?..



Жұмаш Көкбөрі,
04.11.2016 жыл.





«131-ҰЛТ» - КІМ ЕКЕН?




«Ұлттық» деген аты дардай «Қазақстан» телеәрнәсі – сол «Ырбыңбайлар» мен «Жірбіңгүлдердің» телеәрнәсі күйінде қалуда.
Ана аузы-бастарын қисаңдатқыш бәлелерден қашан құтылар екенбіз?
Соншама қорлайтындай Қазақтың не жазығы бар еді?
Жоғарыдан (кімнен екені түсінікті шығар) бұл санасыз ырбақайлар мен жірбіңгүлдерге: «мына ақымақ қазақтарды мазақ ете беріңдер. Олардың орнына 131-ұлт: дінсіз, тілсіз, тексіз нағыз «қазақстандық» ұлтсымақтарды енгізіміз» дей ме екен?..


Жұмаш Көкбөрі,
04.11.2016 жыл.




Жұмаш Көкбөрі





ҚҰЛҒА ҚҰЛ БОЛУ ҚАСІРЕТІ!..


Кеше Алматыдағы Ұлттық кітәпхәнәдәғі қайтыс болғанына бір жылдай болып қалған марқұм Нұрмахан Орәзбәевтің кітәбінің түсәукесеріне бара жатқам.

Кітәпхәнә Абылай хан мен Абай көшелерінің қиылысында. Мен Желтөқсән көшесіндегі аялдамадан түсуге дайындала бастадым. Осы кезде сарықарын тарта бастаған қазақ әйелі:

-Кешіріңіз, Мира көшесінен түспейсіз бе?- деді. Менің жыным ұстап:

-Алматыда Мира деген көше жоқ.-деп едім, әлгі әйел:

-Бар. Сіз сияқты ұлтшылдар Желтөқсән деп өзгерткен ол көшенің нағыз аты «Мира»! Сталин тірі болғанда, мына сіздердей ұлтшылдарды қырып тастар еді,- деп, долдана бастады. Мен Желтөқсәннән түсіп қалдым.

Амалсыз ойға қалдым:

«...Жаңағы Қазақ әйелі мен Стәлиннің арасында қандай байланыс бар, неге ол қәнішерді соншалықты жақсы көреді, Желтөқсәнді неге ұнатпайды?...»-деп.

Оның себебі айтпаса да түсінікті еді.

Бұл Қазақ әйелі кешегі құлдардың тұқымы. Өкінішке орай, ащы шындық осы. Қәзіргі нағыз дінсіз, тілсіз, тексіз, орысқұл «қазақстандық» билікте отырғандардың барлығы дерлік сол «құлдар» руынан.

Бұлардың ата-аналары – кешегі қызыл көммунистер немесе лениншіл қызыл көмсөмөлдәр, олардың аталары – қызыл бөльщевиктер, олардың аталары Кеңес одағына дейінгі қазақ байларының есігінде жүрген малайлары, құлдар мен күңдер еді. Сөвет өкіметі қазақ байларын, оқымыстыларын, тектілерін қырып, тастап, олардың орнына ана құлдар мен күңдерді қойған. Сол құлдар билігі Қазақ елі тәуелсіздік алғанда бірден билікті білдірмей басып алды. Олар да тек те, намыс та жоқ, болмаған және болмайды да. Қазақты, қазақтың тілін иттің етіндей жек көріп, Ресей сияқты бізді отарлағандар тілінде «шүлдірлеулерін» қояр емес.

Тіпті, мемлекет басшысының өзі сол отарлаушылар тілінде сөйлейтін әлемде бір мемлекет бар ма екен? Жоқ!...



Жұмаш Көкбқір,
05.11.2016 жыл.



Жұмаш Көкбөрі




Е. ТҰРСЫНОВТЫҢ «НАЦПАТЫ» КІМ?..



«Шалақазақ» , кинө режиссер Ермек Тұрсынов, қазақтың ұлтын сүйген азаматтарын: «олар нацпаттар» деп тағы да орысшалап мазақ етіпті.

Көңілдеріне келсе де айтайын, қазақтан шыққан орыс болып кеткендер ешқәшән да туған ұлтына қайтып оралмайды. Олар - құлдар. Құлдар - адам болыпты дегенді естегімін жоқ.

Е.Тұрсыновтың түсіріп жүрген кинөләрінің бәрі қазақ аруларын жалап етіп көрсетуден асқан емес. Онсыз да бүгінгі таңда ана жолға түсіп кеткен қазақ әйелдері аз емес. Қазақ аруларын жаман жолдан қорғаудың орнына бұл Тұрсынов сияқты туған ұлтынан безгендер, орысқұлдар, өршелене қазақты жамандайды, жаман жағынан көрсетеді.Түрсінөв туған ұлтынан артық жақсы көретін орыстардың әйелдерінің қазақ әйелдерінен асып тұрған ештемесі жоқ екенін, ол біледі, білгісі келмейді...



Жұмаш Көкбөрі,
05.11.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1636

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар