Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 11:12 - 2016/11/03

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1634
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1634

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1634

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


https://e.mail.ru/attachment/14781709870000000410/0;2

Жұмаш КЕНЕБАЙ (КӨКБӨРІ)






Бұл еңбегімді , өмірлері күреспен өткен: батыр атам –
Садық КЕНЕБАЙҰЛЫ
мен
асыл апам – Бишән КЕНЕБАЙ келіні
және
нағашы атам – Ахмет ЖҰМАТАЙҰЛЫ
рухтарына арнаймын!

Автор.


Автордың бұл өлеңмен жазылған көлемді тарихи романына – өткен ХХ-шы ғасырдың 1917 – 1952 жылдары аралығында қолдарына қару алып, кеңестік қызыл қырғынға қарсы шыққан және осы жолдан көздері жұмылғанша таймаған, есімдері Аягөз, Семей өңіріне мәлім болған, нағыз ұлт қахармандары – Садық Кенебәйүлі, оның асыл жары Бишән Кенебәй келіні, Орінбек Бұршақбайұлы, Ахмет Жұматайұлы, ұлы қажы Шәкәрім Қүдәйбердіүлі, ұлт үшін от пен суға түскен, Аягөздің Ақшатау ауылының қасындағы Қалғұтыдағы Садық Кенебәйүлінің күшімен салынған «Ақ шкөл» мектебіне ақ баталарын берген: Ахмет Байтұрсынұлы, Міржәқіп Дулат, Жүсіпбек Айымауытұлы, Шәкәрім Қүдәйбердіүлі сияқты «Алаш» көсемдері және есімдері қалың жұртқа онша белгілі емес, қазақтан шыққан от жүректі азаматтардың бастарынан кешкен қанды оқиғалар арқау болған.

Оның үстіне романдағы кейіпкерлердің барлығы да өмірде болған адамдар, бір сөзбен айтқанда, осы романның авторы, ақын Жұмаш Кенебәйдің арғы асыл тектері екені де рас.

Романдағы оқиғалардың ең бастысы – Аягөзде, Ақшатауда, Семейде, Шыңғыстауда, Баршатаста, Аләкөлде, Алматыда, Шығыс Түркістәннің: Шәуешек, Шағантоғай, Қарабура, Құлыстай, т.б. жерелерінде өтеді. Романның басты кейіпкерлерінің бірі – Садық Кенебәйүлі қызылдар қолынан Шығыс Түркістәндә асқан қәтігезікпен әрі әюәндіқпен өлтірілсе, оның құдасы әрі қарулас серігі – Ахмет Жұматайұлы, кеңестік қызыл тыңшылар тарапынан Қарабурада ұсталып, Аягөзде сотталып, әуелі өлім жазасына, кейін 25 жылға кесіліп, атақты Қарағанды («Қар ЛАГ») ләгерінде белгісіз жағдайда көз жұмады. Міне, және басқа оқиғалар – романда төгіліп тұрған өлең жөлдәрімен, алуан түрлі шым-шытырық өқиғәләрмен, қазақтың көркем де бай тілімен өте сәтті баяндалғанын, көзі қарақты оқырман, осы кітәпті оқу барасында, бірден аңғарары даусыз.

Сөнімен, қәділі оқырман, «Аягөз» романына кезек береміз.

АЯГӨЗ

(Тарихи роман)






1. Аягөз және қанбайтын бір шөл...
(Кіріспе орнына)

Жауайын деп, жауайын деп жаумаған…
Қап-қара бұлт Ақшатаудан аунаған.
Айғыржалда құйып жатты сол жаңбыр,
Біздің жаққа бір тамшысы тамбаған.

Суды аңсаған жердің ерні кебеді,
Тағдыр салды, бәріне адам көнеді.
Қара атына мінген әкем Айтжұман,
Шөбі күйген өрісті өрлеп келеді.

Кім болды екен… әқтөс үрді абалап,
Бір топ қонақ аттанған-ды бағана-ақ?
Балалардың тамағын жүр әзірлеп,
Анам Қайныш жер-ошақты жағалап.

Бар тіршілік – жорғалаған, жүгірген,
Мына ыстықта шықпай қалған бірі іннен.
Аптап ыстық кіреді ішке лақ етіп,
Киіз үйдің іргесінен түрілген.

Неткен ыстық, бұрын ешкім көрмеген,
Күйеді аяқ қурап жатқан шөңгеден.
Тас бұлаққа бас қоямыз жата қап,
Кілең бала – қаталаған, шөлдеген…

Бұрын-соңды біздің жақта болмаған,
Дүниеге аптап ыстық орнаған.
Көлеңкеңнің өзі күйіп кеткендей,
Анда-санда бізді ыстықтан қорғаған.

Тез шөлдейсің, тастай суға қансаң да,
Тез күйесің суға түсіп алсаң да,
Ақтылы қой жайылмайды үйездеп,
Бір тоймайтын күндіз-түні жайсаң да…

Отқа оранып, күйіп жатыр бар ғалам,
Басылар ма, іштегі шөл қанбаған?
Жауайын деп, жауайын деп жаумаған,
Қап-қара бұлт Ақшатаудан аунаған…

Қазандағы ыстық судай қайнаған,
Толқып жатқан сағым-теңіз айналам.
Жауайын деп, жауайын деп жаумаған,
Қап-қара бұлт Дөненбәйдән аунаған...

Келе жатқан қалың өрттей лаулаған,
Шөп біткендер жанып жатыр қаулаған.
Жауайын деп, жауайын деп жаумаған
Қап-қара бұлт Аягөзден аунаған...

Бұл ыстықтан күйіп жатыр бар ғалам,
Табғаттың қырсығына таң қалам...
Жауайын деп, жауайын деп жаумаған,
Қап-қара бұлт Ақжайлаудан аунаған.

Мына ауылға ыстық зауал жетті ғой,
Қызыл от боп, ұйпап, жайпап өтті ғой.
Игіліктен, Желтүмсіқтән көшкен бұлт
Біздің жаққа тағы жаумай кетті ғой.

Аптап ыстық қызыл өрттей лаулады-ау,
Қызыл жалын жалап жатыр тауды анау.
Өкпетіден, Сандықтастан көшкен бұлт,
Бізге жете басқа жаққа аунады-ау.

Арманының ақ жалынан ұстамай,
Бар бақыттың қолымыздан ұшқаны-ай.
Сыртта ыстық, іште жалын қосылып,
Өртеп, жалап, мына шөлдің қысқаны-ай.

Шөлі қанбай, әкем шайын ішеді,
Шөлі қанбай, анам шайын ішеді…
Ешқашан да қанбайтындай мына шөл,
Шөл дегенің қандай ұлы күш еді!

Жалғыз ғана бұл аптаптың шөлі ме,
Кім біледі, Шөл дегеннің шегі не?
Ешқашан да қандай сусын болса да
Басылмайтын ата-анамның шері ме?..

Кеберсіген еріндерін тамсайды,
Екі бейбәқ, сонда нені аңсайды?
Барлық кінә болса мына аптаптан,
Сазарғанша құрғыр жаңбыр тамса игі.

Өткен күннен мына Ақшатау, не білген?
Замана ма, сайларына көмілген?..
Мен білгелі ата-анамның ешқәшән
Шөлдері бір қанбай өткен өмірден.

Өткен күннен мына Өкпеті, не білген,
Тар уақыт па, өткен күннен жеңілген?

Шөлдің ауылы көшпей қойған сияқты,
Игіліктей, Желтүмсіқтәй өңірден...

Күндіз-түні азынаған жылатқан,
Бір тынбайтын жел кетер ме құлақтан?
Шөлдің ауылы көшпей қойған сияқты
Біз жайлайтын Қарағандыбұлақтан.

Не қүдірет шөл дегенің ол қандай?
Жаны сірі пенде неткен сор маңдай.
Біз қыстайтын Өкпеті мен Дегелең,
Сары желден әбден запы болғандай.

Дене дір-дір, мына ыстықтан тоңғандай,
Дене дір-дір, ішке бір шөл қонғандай...
Біз қыстаған «Жаңа баз» бен «Жалғызсу»,
Бір қанбайтын шөл ордасы болғандай.

Тағдыр бізді тағы немен сынапты?
Күндер жылжып, өтіп жатыр сұрақты...
Тастай суық Тәсөткелдің суы да
Қатты ыстықтан буға айналған сияқты.

Бұл өңірге тағдыр жүгін артқандай,
Су жоғалған пайда қуған сарттардай...
Мына аптаптан жер-дүние мүлгіген,
Қоңыртаудың басы сарғыш тартқандай.

...Ауыр болған ата-бабам тағдыры,
Жаумай қойған сазарғандай жаңбыры.
Ақтас бойы, Ағали мен Дәндек те
Мына ыстықтан күйіп кеткен барлығы.

Ерегесіп, таң ағарып атпады,
Ерегесіп, күн қызарып батпады.
Қатты ыстықтан ағып кеткен бар жеміс,
Қалғұты мен Қаратоғай жақтағы

Бұл өңірдің қыры менен ойы да,
Ірі қара, жылқы, ешкі, қойы да,
Батпақ және Ақжайлау мен Сандықтас,
Күйіп кеткен Мамырсудың бойы да.

Өткен күннен ана Аягөз не білген?
Ақ селеулі дала аумайды кебіннен...
Мен білгелі ата-анамның ешқәшән
Шөлдері бір қанбай өткен өмірден.

Ақша бұлттар төмендемей көшеді,
Сорлы пенде қызыл шоқты кешеді.
Ақ пен қызыл қырғынының куәсі
Битан таудан ыстық жалын еседі.

Бір тамшы су – қол жетпейтін армандай!
«Су!», «Су!» дейді сорлы пенде арланбай.
Таңсықтағы «Қозы-Көрпеш» мазары,
Қызыл жалын құшағында қалғандай.

Аягөздің жеміс-жидек бауы да,
Иірімді қалың шөпті қауы да,
Қызыл өрттің құшағына түскендей,
Мәңгі қарлы Тарбағатай тауы да.

Жалын құсқан іште жатқан шер еді,
Сорлы пенде не азапты да шегеді...
Мен білгелі ата-анамның ешқәшән
Бір қанбайтын қаталаған шөлі еді.

Ненің шөлі, Айтжұманды қинаған?
Ненің шөлі, Қайныш анам қинаған?
Неге, неге, көп күрсінді қос мұңлық,
Несі болды бұл Жалғаннан қимаған?

...Ол жақта да талай бұлттар тамбаған,
Күрсінумен шөлден бір сәт танбаған.
Тасып аққан Қарабура бойында
Екеуінің шөлі ешқәшән қанбаған.

Күлге айналған онсыз дағы сар далаң,
Бүкшиеді кейуәнәдәй зарлаған.
Орқашардан салқын самал есетін,
Бет қаратпас бүгін жалын жалмаған.

Су таптың ба, қонағыңа сарқып бер,
Сен өзгені өз басыңнан артық көр.
Отқа оранған, Шағантоғай, Дөрбілжін,
Отқа оранған, қазақ қонған Бәрқітбел.

Бұл ыстықтан дала өртеніп, жанады,
Буланады ақсақалдың жанары...
Мына аптапта ішті жалын шөл қысқан
Қазақ көші таудан асып барады...

Еріндері бос ауаны қармаған,
Бұлт келсе де, тамшы болып тамбаған.
Майлышат пен Жалпақталдың бойында
Екеуінің шөлі ешқәшән қанбаған.

Қатты шөлден құрғыр пенде сорлаған,
Ауа жетпей, бір тымырсық орнаған.
Қалың қамыс, қалың шилі Құлыстай
Жері дағы шөлге медет болмаған.

Шәуешек жақтан лекіп соғар самал да,
Соқпай қалған ішін тартып табанда.

Қиын екен қатты шөлдің қысқаны
Онсыз дағы мына ауыр заманда.

Ауыр қандай қалың ойлар батпандай,
Дүниені біреу өртеп жаққандай.
Садық атам, Бишән әжем мазары,
Мына ыстықтан күйіп, жанып жатқандай.

Бұйырыпты жат топырақ сорынан,
Құтылмаған залым заман торынан.
Садық атам ана жылы қызылдың
Оққа ұшқанды жансызының қолынан.

Замананың кеткен әбден кетеуі,
Бір қайтпаған ерлігінің өтеуі.
Аягөзін, Ақшатауын аңсаған
Жатыр әне Бишән әжем екеуі.

Уақыт солай, қаламайық, қалайық,
Солар үшін жаудан өшті алайық...
Баса алмаған екі мұңлық шөлдерін
Жат өлке де жатыр әне қарайып.

Екі асылым, жасқа жетпей қаусаған,
Қалың жауға қарсы шыққан самсаған...
Екі мұңлық шөлдеп жатыр қаталап,
«Ақ шкөлін», Қалғұтысын аңсаған.

Біз айрылдық екі бірдей арыстан,
Екі жаққа көштер жиі ауысқан.
Садық атам, Ахметтей нағашым,
Екі елде де қалың жәумен алысқан.

Деп тілеймін: «тағы бізді зарлат па?..»
Бізге таныс: «Бергі жақ та», «Ар жақ та»...
Садық атам, Бишән әжем – бұл жақта,
Ер Ахмет – нағашы атам «ҚәрЛәг»-та...

Босқа кетпес атқан оғы ақырған,
Тумысынан от жүректі батыл жан,
Садық атам – арғы бетте оққа ұшса,
Нағашы атам – сол «ҚарЛАГ»-та атылған...

Ахмет ер – Ақсуаттың ұлы еді,
Мұрын, Мырзас – оның арғы тірегі.
Ұлтымыздан шыққан асыл азамат,
«Қазағым!» деп соққан отты жүрегі.

Бұл нағашым, тумысынан ер еді,
КГБ-да оның барлық дерегі...
Оның ауылы Ақсуаттан бір шетте
«Қізілкесік» деген ғажап жер еді...

Ойлар, ойлар, бір тоқтамай ағылар,
Пенде біткен өткен күнін сағынар...
Анам Қайныш – сүйіктісі Ахаңның,
Құрманғажы, Қизат, Имаш тағы бар...

Орқашар тұр, Желтүмсіқ тұр мұнартып,
Көш келеді алыс жақтан ұн артып...
О ағайын, шындап ойлап қарасаң,
Ер жігітке Нағашыдан кім артық!?.

Өртке оранған әдеттегі таң нұры,
Жаумай қойды-ау, туған жердің жаңбыры?
Ауыр болған, қиын болған азапты,
Бізге ұқсаған нағашылар тағдыры...

Кім «жоқ!» дейді, өткен күннен көп белгі,
Ұрпағы үшін олар қанын төккен-ді.
Бұл өмірден бұлардың да шөлдері
Дұрыстап бір басылмастан өткен-ді...

Менің текті Қайныш анам шөлі де,
Айтжұмандай, асыл әкем шөлі де,
Бұл өмірден өте берген ақырын
Тарқамастан екеуінің шері де...

Ыстық жалын тұла бойды қармапты,
Түн баласы көз шырымын алмапты.
Қанша ішсе де Қарабура суынан
Қос мұңлықтың шөлі өмірі қанбапты.

Жалғыз қалған жолаушыдай шөлдегі,
Екі мұңлық расында шерлі еді.
Қарабура – олар үшін жат мекен,
Содан ба екен бір қанбаған шөлдері.

Зұлмат тағдыр Аягөзден айырды,
Ақшатауы болмаған-ды қайырлы.
Қарабура – Шығыс Түркістәндәғі
Болса дағы қазақ жері байырғы.

Қос мұңлықты жерсіндіре алмаған,
Шөл қысқанда іш өртеніп лаулаған...
Туған жердің сағынышын әкелер
Ақша бұлттар көк жүзінде аунаған.

Жат мекенде уақыт шіркін өтпейтін,
Ыстық шөлде сағыныш-гүл көктейтін.
Тулап аққан Қарабура өзені -
Жылап аққан Аягөзге жетпейтін.

Кей сәттері көңіл өсіп тасатын,
Қандай қиын шекәрәңнән асатын.

-Шіркін тастай, Аягөздің суын-ай,
Бір жұтқаннан қандай шөлді басатын!-

-Аягөздің суы жылда тасатын,
-Жұрт көктемде Ақжайлауға асатын,
-Шіркін, тастай Қалғұтының суын-ай,
Бір жұтқаннан қандай шөлді басатын!

-Қымыздықты айт, араныңды ашатын,
Сарқырама мөлдір суын шәшәтін!..
-Шіркін, тастай Сандықтастың суын-ай,
Іштегі ыстық шөлді бірден басатын!

-Құрық бермей, қырда құлын қашады-ау,
-Алуан гүлдер жұпар иісін шәшәді-ау...
-Бұлақтағы мұздай қымыз ішкенде
Сол заматта сарайыңды ашады-ау...-

Деп сөйлесіп, екі мұңлық оңаша,
Қуанысып қалатын-ды балаша.
Содан кейін көз жасқа ерік беретін,
Екеуі де шөгіп кеткен қараса...

Көкте талай от найзағай ойнаған,
Бітпейтін бір олар шөлге тоймаған.
Атәмекен – Аягөзге келсе де,
Екі мұңлық шөлдегенін қоймаған.

Шөл қысқанда ауа жетпей қармаған,
Кенезелер өрт ішінде лаулаған.
Екі мұңлық Ақшатауға келсе де
Сол шөлдері титтей дағы қанбаған.

Шөл дегенде алынбайтын кек бар ма?
Бізді қойшы, шөлдемейтін шөп бар ма?
Бұл қанбайтын сонда қандай шөл еді,
О Жаратқан, шөл дегенде шек бар ма?

Ата-анамды ойлап мен де шөлдедім,
Кейін білдім, неден сендер шерлі едің…
Қандай шаттық, қуаныштар болса да,
Басылмаған ешқәшән да шөлдерің.

Қалды астында нөсерлеген жаңбырдың,
Қу медиен шөлде қалған ал бір күн…
Аз тартпаған еді менің ата-анам,
Не құқайын, не зұлматын тағдырдың…

Өтті деуге бола ма өзі, бекер күн,
Дүниені қуғәнменен жетер кім?
Екеуінің ата-анасы – Садық пенен Ахмет,
Көрді азабын екі заман, екі елдің.

Келгенімен не заман мен не дәуір,
Сирегенмен орнында тұр, әне, ауыл!
Екі әулеттің шаңырағын бірәқ та
Қисәйтқәнмен, құлатпаған не дауыл.

О әулие, асыл тегім, жат аман,
Қуат алам сендер берген батадан.
Екі атам – Ахмет пен Садық жоқ,
Ол да кеткен Бишән әжем атаған,
Жоқ және де мені тапқан ата-анам...

Мен де бірәз «бар» мен «жоқты» көргемін,
Ең бастысы әтәмекен елдемін...
Өле-өлгенше Айтжұман мен Қайнышты,
«Әке!», «ана!» деп көрмеген пендемін...

Еркелеткен көрдім ғажап күндерді,
Асыл әжем сан емізген түндерді,
Айтар болсам, оның нақты себебін
Садық атам, Бишән әжем білген-ді.

Титтейімнен ерке болдым мен деген,
Айтқанды істеп, басқаларға көнбегем...
Екі жасқа келгенімше жүзімді,
Міне ғажап, Қайныш анам көрмеген.

Дәл соларға ұқсап тартқан қылығым,
Екі мұңлық – менің қайнар тұнығым.
Былай қалып, өз әкем мен өз шешем,
Шынын айтсам, Садық, Бишән ұлымын...

Бақыт бейне, Аягөздей толатын,
Бақыт бейне, қызыл гүлдей солатын.
Болған кезде Садық атам – өз атам,
Ахмет ер – нағашы атам болатын.

Екі ер де, жандар болған көшелі,
Айыптары – қызылдарға өш еді.
Садық атам – Қалғұтыға ең алғаш
Мектеп ашқан зиялы адам деседі.

Атәмекен ұлын сүйген ерікті,
Жер бар ма екен, Қалғұтыдай көрікті!
Атам ашқан «Ақ шкөлге» «Алаштың»
Серкелері келіп бата беріпті.

Ахаң, Жақаң, Жүсіпбек пен Шәкәрім,
Жайған жұртқа «Ақ шкөлдің» атағын.
Бүгін міне, тәуелсіз ел болсам да,
Арыстарды ойлап ойға батамын...

Нағашы атам – жүрек жұтқан арыстан,
Хас дұшпанын танитын-ды алыстан.
Өмір бойы Садық пенен Ахмет
Қас жаулары – қізілдәрмен алысқан.

Менің үшін таусылмайтын дастаным,
Уақыт үшін өмірлерің қас-қағым,
Қос дәуірге, қос мемлекетке сыймаған
Сендер жайлы хикәямді бастадым.

Ақшатаудың бұйра-бұйра таулары,
Күресте өткен тіршіліктің бар мәні…
Өмірлерің – Аягөздің суындай,
Болған еді мағыналы, арналы.

Қасарысқан шабуылға шегінбей,
Қалың ойлар, бейне жаудың шебіндей,
Мына өмірдің аптабынан менде де
Бір шөл бардай – ата-анамның шөліндей.

Маужыраған айлы түнді – түн деймін,
Шақырайған ыстық күнді – күн деймін,
Солар жайлы мынау ұзақ сапарда
Бұл шөлімді баса алам ба, білмеймін?..

Не шайқастар – Ақшатаудың ойында,
Не шайқастар – Аягөздің бойында,
Не шайқастар – Қалғұтыда өткен-ді
Керемет бай қарақат пен мойылға.

Бұл өмірден олар неге асықты?
Небір көштер небір шөлден асыпты...
Садық атам, Бишән әжем шөлдерін,
Осы Аягөз өзенінен басыпты.

Аз болды ма, не бір азап көрмеген,
Тұла бойды бір сағыныш кернеген.
Қайныш анам, Айтжұмандай әкем де
Осы Аягөз өзеніне шөлдеген.

Тап болғандай тағдырына көлденең,
Жігер кейде жексен болған жерменен.
Ел «Қарайлас» деп атайтын, Төлеухән
Атамыз да, Аягөзге шөлдеген...

Сағыныштан жас келеді жанарға,
Әй шіркін-ай, жаңбыр бүгін жауар ма?
Аягөзін сүйіп өтті өлгенше,
Менің бір тал Жұмағазы ағам да...

Аягөздің көркіне мен тамсанам,
Қайда кеткен қайың-терек самсаған.
Менің асыл Төлеуғәйшә әпкем де,
Бір ғажабы, Аягөзін аңсаған.

Көне тарих – маған бір сыр ақтарды,
Талай жердің суын мен де татқам-ды...
Тұңғышымыз – Сырым ұл да кенеттен
Қоңыртауда мәңгі ұйқыға батқан-ды..

Мен қәләмгер, ой тербеген сөз қуған,
Бастан өткен небір қызық, кез думан...
Ерғазы інім, Рауан мен Жаухазын,
Ақшатауда жастайынан көз жұмған.

Бұл пенде де күндер аз ба мұңайған,
Туа біткен әр пендеге сыр-айнаң...
Осіләрмен Ақшатаудың құнарлы
Топырағы төмпештенген, тыңайған.

Аягөзге жеткен жүйрік ойым да,
Бір ақ білек асылды ма мойынға?..
Менде оянған ең алғашқы махаббат,
Айлы түнде осы Аягөз бойында.

Қәнішіер боп қағынғандар жөргектен,
Жауыз аспас қызылдардай жендеттен.
Бас кезінде ХХ-шы ғасырдың,
Садық атам осы өңірде ержеткен.

Көз ашпаған мұнар, мұнар, мұнардан,
Қайран халқым жол таппаған тұманнан.
Жорықтарда жүрген атам түн қатып,
Аягөзден атын талай суарған.

Хас батырды шынықтырған «жекпе-жек»,
Шағылысқан найзағайдай кекке кек..
Аягөзде және Батпақ бойында,
Қізілдәрмен келген талай бетпе-бет.

Атыстардан сәби жылап оянған,
Қиял болған небір тәтті ой, арман...
Бұл Аягөз, сылаң қаққан сұлудай,
Талай рет қызыл қанға боялған.

Қозы-Көрпеш – Баян сұлу сияқты,
Ғашықтарға мекен болған шуақты.
Бұл Аягөз – өзі жылап әққәнмен
Сағыныштан талайларды жылатты...

Бұл Аягөз – жас сұлудың есімі,
Бұл Аягөз – шын бақыттың есігі.
Бұл Аягөз – Көк Түріктің бір кезде
Бәрі де аян, болған алтын бесігі,

Аруларым, тал бесігін тербеткен,
Менің текті бабаларым ержеткен,

Аягөздей, шын мәнінде аруды,
Іздесең де таба алмайсың жер-көктен.

Аягөзде – таң да сұлу атқандай,
Аягөзде – күн де сұлу батқандай!
Бұл Аягөз – сан мың жылдық тарихтың
Сырын бүгіп, іштен тынып жатқандай.

Аягөзім – менің алтын мекенім,
Мен де сенің бір перзентің екемін.
Аягөзім – менің жалғыз іңкәрім,
Өле-өлгенше сені жырлап өтемін.

Аягөзім – дүниедегі асылым,
Аягөзім – менің жалғыз ғашығым!
Қанша тарих жатыр дейсің өзінде,
Бұл өңірдің әрбір түйір тасының...

Бұл жасымда ат шалдырдым сан қырға,
Қалдым талай боран менен жаңбырда.
Әлі күне келе жатқан өтелмей,
Парызым бар, Аягөзім алдында.

Өзін тапқан ата-анаға парыздар,
Осыны ұққан нағыздардан – нағыздар.
Біле-білсең, өле-өлгенше әр перзент
Өзі туған қара жерге қарыздар.

Кім болса да, мейлі, ойсыз, ойлы да,
Ол бәрібір бұл өмірге тойды ма?..
Қай пендеде бұйырған дәм таусылса,
Оралады қара жердің қойнына.

Мәңгілік жоқ, бәрі де артта қалған де,
Қалауынша кім керегін алған де...
Бұл өмірде жүргенімде жер басып,
Бір парызды өтеп өтесем арман не?..

Кім көрмеген, тағдырдың не дауылын,
Кім татпаған, тәтті өмірдің жалынын?
Ол пенделік, ол перзенттік парызым -
Ата-бабам және Аягөз аруым!

Бір мұң бар ма, Аягөздің жүзінде?
Бір мұң бар ма, шөбі күйген түзінде?
Аягөзде – ата-бабам ізі бар,
Аягөзде – жатыр менің ізім де...

О, жас ұрпақ, қол жеткенше өрлеңдер,
Туған елің үшін және ерлеңдер!
Өмір бойы Алматыда тұрсам да
Аягөзден мені бөле көрмеңдер?

Жер астында жатыр, бұрын өлгендер,
Жер үстінде жүр ғой, талай көргендер...
Аягөзден, Ақшатаудан және де
Қалғұты мен Қоңыртаудан бөлмеңдер!

Бала кезде желбіреген тұлымым,
Басқаға емес, Аягөздің ұлымын!
Аягөзге тартқан барлық қылығым,
Аягөзім – менің жалғыз тұнығым!

Сол жақта ма, күткен жандар жолымды?
Осы жақтан таба алдым ба, жоғымды?..
Анау тұрған Ақшатау мен Қалғұты,
Аягөздің келбетімен толымды.

Аягөзім – жарқыраған жарығым,
Аягөзім – дертті ме өзі жаны мұң?..
Аягөзім – ай келбетті аруым,
Аягөзім – басылмаған жалыным!

Оңашада түпсіз ойға батамын,
Өмір – күрес, не тартса да татамын...
Бір әулеттің өткенінен сыр шерткен
Романды «Аягөз» деп атадым...
Өз алдына: «бөлім», «тарау»... тартылды,
Оқиғалар өрбіп жатар әр қилы.
Бұл роман – болса да көлемді,
Көтеретін жүгі болды ауқымды.
Бұзып, жарған өткен күнді тас-қамау,
Мүмкін емес жорық жырды бастамау...
Бастан-аяқ өлеңменен жазылған
Бұл роман – өзгелерден басқалау.

Ашып айтсам, ақиқаттың айқыны,
Келер болса баяндауы, айтуы,
Қандай, қандай, романның өзін де
Сүрінбеген қазағымның бай тілі.

Арманда ма, көрмеген де, көрген де,
Әр шумақты мықты үйқәспен өргенде,
Қазағымның өлең-жыры ғажайып,
Желіп берді-ау романға келгенде.

...Атыс, шайқас, сөз сайысы, ерегес,
Жекпе-жек пен жаға жыртқан төбелес...
Романның өн бойында өрбіген
Мұндай, мұндай, жағдайлар да жоқ емес.
Ойлап тұрсам, адам рас пенде екен,
Пенделіктен – озып туған кем де кем.

Бұл қазақта романды өлеңмен
Жазған ақын жалғыз ғана бе екем?

Сөз білгендер – ортасына құт болған,
Сөз ұқпаған – ал есерлер жұт болған.
Інж-умаржан, асыл сөзі қазақтың
Сан мың томдар қанша атанға жүк болған.

Арман бар ма, ұлтың үшін жана алсаң!
Арман бар ма, өз орныңды таба алсаң!
Ұшан-теңіз мол байлықтың осынау
Бақыттымын, бір мысқалын ала алсам!

Өмір – мұхит дауылдарда тулаған,
Мен – қарағай, сол дауылдан сынбаған.
Ыстық болса , өз баласы әр кімге,
Маған да ыстық, өзім тапқан бұл балам!

Армандарды – көк тіреген таулар де,
Жастық шақты – жеміс толы баулар де.
«Аягөздің» атын алған кітәбім,
Аягөзді асқақтатса арман не!

Менің үшін, Аягөзім – асылым,
Аягөзім – менің алтын ғасырым!
Өзі қымбат менің үшін ерекше,
Аягөздің әрбір түйір тасының...

Жел шайқаса, көк шалғынды ойында,
Ерке самал ойнақ салар қойында.
Баян сұлу, Ай, Таңсықтай арулар,
Ержеткен-ді осы Аягөз бойында.

Аягөзге көз біткендер тоймаған,
Тереңіне қалың ойлар бойлаған.
Қозы-Көрпеш сынды асыл азамат,
Баянды іздеп, Аягөзін бойлаған.

Сәудәгерлер мына жақтан, ар жақтан,
Керуен, керуен, ағылатын жан-жақтан
Қарабай мен Сарыбайлар қысы-жаз,
Осы Аягөз жағасына мал баққан.

Көктем сайын думан қосып дуына,
Құс жиналған Аягөздің нуына
Көк Түріктің қағандары, ерлері,
Ат суарған осы Аягөз суына.

Аягөздің суын ішіп жайландым,
Қиялымда аспан бардым, ай бардым.
Инаныш пен Таян, Күшлік сияқты
Болған мұнда қағандары Найманның.

Сүйген жарды арғы бетке алып өт,
Анталаған қалың жауды жарып өт.
Шыңғыс қаған нояндары кезінде,
Аягөзге ат ойнатқан сан рет.

Бұл Аягөз – талай сырын бүккен-ді,
Шексіз байлық байларына біткенді..
Абылай хан Аягөздің бойына
Сол жылдары хан ордасын тіккен-ді.

Аягөзде қолға талай ту алған,
Хан жарлығын батырлары құп алған.
Ер Қабанбай осы Аягөз суына
Талай рет Қубас атты суарған.

Бұл Аягөз – талай жәйді көрген-ді,
Талай ерлер жау қолынан өлген-ді.
«Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» сияқты
Ұлы жырды осы Аягөз берген-ді.

Сан мың өлік, Аягөзге кептелген,
Ондай, ондай жәйді Аягөз көп көрген...
Ана жылғы қызыл қырғын, аштықты,
Осы Аягөз өз басынан өткерген.

Ол кездері заман жаман долданған,
Кетпеген-ді күндіз-түні қолдан қан...
Садық атам және Ахмет батыр да,
Қызылдардан Аягөзде қорғанған...

Сатып кеткен талай пасық өлермен,
Қызылдарға олар «ер» боп еленген...
Бұл кітәптә оқиғалар сан қырлы,
Бастан-аяқ баяндалған өлеңмен.

Ашық және күндер көрдік дауылды,
Артта қалды ауыр жылдар дабылды...
Бұл кітәпқә бергендеймін шынында
Түк қалдырмай бойымдағы барымды...

«Шындықты жаз, өніменен ойнама!»-
Деген тарих, қалғандары ой ғана...
Соған қарап, мына мені ағайын,
Осіменен таусылды деп ойлама!

Кеудеңізде болса ұлттық отыңыз,
Олар жүрген жолды басып өтіңіз.
О қәдірлі оқырманым, сөнімен
Өзім жазған «Аягөзді» оқыңыз!..
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1634

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


В.Исламова күрестен Ток 21 sek
Ли кічяң сант - петербу 21 sek
Шамалғанда шенеуніктер 23 sek
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 1 min
Бас инспектор ақау шыққ 4 min
Павлодарда 22 жастағы ж 10 min
УЕФА Чемпиондар лигасын 10 min
Британ премьері Брекзит 10 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 13 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 20 min
Боз кілемде балуан қызд 20 min
Білім және ғылым вице-м 20 min
Бас инспектор ақау шыққ 25 min
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Тоқаев: СҚО-ны газданды 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Ақтөбе мен Орынбор шека 1 sagt
Қазақстанның бірқатар а 1 sagt
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt