Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1610728029 %71 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 01:53 - 2016/11/01

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1631
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1631

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1631

Мақала жолдаушы: Almasbek
Мақала апторы: Білісбек әбдірәзәқ
Аптордың мекен-жайі: Құлжа

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


«ұлттар әдебиеті» журналы, 2016-жыл 5-санынан алынды

(пөвест)
көз ұшынан көрінген қара тұмсықтан шынтақ айнала берсеңіз алдыңыздан бораннан ығып барып ұйлығып қалған қысырақтың үйіріндеи шағын ауыл көрінеді. қайнаған қаланың тіршілігінен қашықтау, есінеп-құшынап жатқан кәдімгі қазақи ескі ауыл. ауылдың желкесінен емінген қырат- жондардың салмау-салмау көлбеген көлеңкелері ұзарып күн бесінге құлаған сәттерде, ауыл маңы азан-қазан күйге еніп, көңілді бір күйлі тіршілік басталады. әне сондай сәттерде өрістен қайтқан төрт түлік малдарын түгендеп, қотандарына қайырып қайту үшін ауыл адамдары әр үйден маң-маң басып, қоржа шетіндегі алаңқы жиектерге жинала бастайды. әсіресе, ол арадан ойын қуған жас балалар мен ендігі ермегі ескі әңгімеге ауысқан кәряләр көп табылады. сөнімен амандық-есендіктен басталған бағызы бұл жұрттың әңгімесі баяғыша ноқтасы түріліп, мұхит асып кетіп жатады. қоралана көк жасаңға малдас құрған үлкендерді шыбындаған құлындай шыр айналып, құлдырыңдап жас балалар жүреді. сондай көңілді күндердің бірінде жасаңда отырған жұртты бетке алып барақ келе жатты. астында көммунәдән бері келе жатқан кәдімгі көкшөләқ. ерге құймышағын қондыра алмай екі қапталына кезек-кезек бөксесін бұрғыштап, түйгілеи беретін барақтың бұл әдеті жұрт көзіне ертеден үйір болып кеткен. «егеу құйрық» деп сылтың етіп те ел оны бұл әдетінен жаздыра алған жоқ. атқа пұт артты болды әлдімен құймышағы көтеріледі, одан ары қарай басы қақшаңдап, бөксесі бұлғақтап бара жатады. ат үстінде күн бойы, түн бойы жүрсе де осы жүріс, осы тепек. қораланып отырған көпшілікке ұмсына келіп тізгін іріккен барақ:
ـ әссәләумәғәләйкөм,-деп, әуелгі әдетімен ерге құнжың етіп қырындап отыра кетті.
ـ е, бала түздегі төрт түліктің тірлігі қалай, көктем келісімен итқұс жарықтықтың да жорығы басталып кететін еді ғой,-деп, топ ішінен бір кәря ел назарын өрістегі малға бұрды.
ـ аман-есен екен,- деп, қолындағы тобылғы сап қәмшісімен бас киімінің күн қағарын көтеріп, ерінің екінші қапталына бөксесін жөткеді:
ـ қасқыр жегенді қойып, қырдағы жылқы үйіріне өмірде мен көрмегенбір мақұлық келіп қосылыпты, бөліп жебереиін деп қанша айырсам да үйірден кетпеи қойғаны,-деді кеиігендеи кеиіп байқатып. ел елең ете қалды. топ ортасында отырған тұңғат кәря өз құлағына өзі сенбегендеи:
ـ не деиді,- деп ошарыла бұрылып оң құлағын төседі. барақ баяғы сөзін тағы қайталады. асыр салып жүрген ойын балалары да үлкендердің етегіне тығылып үн шығармай ұйлығысып қалды. бұл кездегі үнсіздікті тағы барақ өзі бұзды:
ـ күнім-оу! кеипіне қарап тұрсаңыз құлан, қашыр, есекке де келмеиді. терісі түге жыландай жып-жылтыр. әйтеуір мен көрмеген мақұлық,-деп барып тоқтады.
ـ жануар жылқы түлігі үйіріне өйтіп бөтен нәсілді мақұлықты жолата қоймаса керек еді. «көзіңе қос көрініп жүрмесін», ـ деп тұңғат кәря тыжырынды.
ـ жоқ-а, кәря! жарты күн байқастадым,- деп шыр-пыр болды барақ.
ـ олай болса сенің бұл мақұлығыңды көріп келуге менің астымда көлігім жоқ, томардай болып тоңқаңдап отырған түрім мынау. тілімді алсаң ертең жылқыңды етекке түсір. өзің де төр жәйләуғә мал айдардың алдында тұз жалататын шығарсың, көреиік ол мақұлығыңды,-деп тұңғат кәря бұйыра сөйлеп еді, барақ та басын изеп мақұлдық берді.
жасы сексеннен алқымдаса да тұңғат кәрянің бойы тіп-тік, от орнындай омырауын жапқан аппақ сақалының өзі жалаудай желбіреп, көз алдыңа әлде бір үйірін күзеткен құз басындағы ақ бас құлжаны әкелердеи еді.
құймышағын ерге түйгілеп тебініп барақ кетті. беимәлім мақұлықтан хабарданған ел еріндерін шылпылдатып, езулерін тартқылады. ортада оны жын-шайтанға жорығандар да жоқ емес. сөнімен барақтың бұл хабарына тянақ таба алмай тақымдасып, таласып жатқан елдің бүгінгі бұл әңгімесіне осы кезде өрістен қайтқан малдың азан-қазаны келіп қосылды...
*****
тұңғат кәрянің түсіне бүгін баяғы өзінің жылқышы жігіт кезіндегі аққабаның үйірі кіріп, үйдің іргесінен шұрқырап шауып өткендеи болып шошып оянды. кеудесі келі түйгендеи дүрсілдеп жатыр екен, тілін кәлимәғә келтіріп кеудесін аптады. әне содан қайтып көзін қанша жұмып, өзін-өзі қанша ұйқыға шақырса да үркек аттай дөңбекшіп қайтып жата алмады. жамбасы тас батқандай шымылдап, сыздап, оңды-солды көп аунақшыды. шарасы таусылып төсектен басын көтерді. танауы кеуіп-солып бүйірінде бүрісіп немересі жатыр. аталық меиірімі оянып мекірене барып маңдайынан иіскеді. ақырында түннің елең-алаңына қарамай, сеңсең ішігін қасындағы немересіне қалтырды да аяғына кәлөшін іліп, шапанын желбегеи жамылып түзге беттеді. айнала құлаққа ұрған танадай тыныштық. түн етегі әлі түрілмепті. ақ бас таудан айдынданып ұра төмен суық жел құлаштайды. үркер төбеден аумапты, сонау аспанның шығыс көкжиегінде шоқтай жанып шолпан тұр. тым алыстағы тау қойнауынан талып жеткен байғұз үні түн омырауын тырмалап жөргегінде жетім қалған нәрестедеи безек қағады. кәря үй іргесінен айналып әудем жерге жетті де бір тізелеп жүгіне кетіп кіші дәретке отырды. қара құмандағы жылымық су етіне тиер-тиместен ызғарға айналып, тызғаяқтаған суық жел қолапандай кең пішілген жеиде-дамбалының өңірін кеулеи түсіп денесі жаурайын деді. ағаш үйдің есігі ашық қалыпты. табалдырықтан аттай бере тосылып қалды. кәря түзде жүргенде қараңғылық үйге кіріп үйелеп жатқандай, көзін айналаға жүгіртпеи қойды. еден шетіне жүгініп отыра кетті де, сипалап жүріп құманын орнына қондырды. жамбастап барып төрдегі төсегін тауып алды. таңғы бамдат намазын өтеуге әлі де ет пысырымдай уақыт бар. іргедегі тошаладан кәрі әтештің қәзірше шақыратын ٴтұры жоқ. кәря немересі оранып жатқан сеңсең қара ішіктің омырауына тұмсығын тығып, сәбидің ірімшік иісін искеп көз шырымын алмақ болып еді, ұйқы қызталақ кірпігіне қонатын емес, көзін қанша жұмса да көз алдына қаба жалды аққабаның үйірі ойқастап келеді де тұрады, келеді де тұрады... әсіресе, аққаба айғырдың айғай жалды жаңғыртатын баяғы сол дауысы, бүгін де құлақ пердесін солқылдатып жыртып жібере жаздап кісінеиді де тұрады.
ـ бұл не сұмдық сонда,ـ деп ойлады тұңғат кәря: ـ түлен түрткендеи бұл не сұмдық! жануар аққабаның көңілден көтеріліп, бұл дауыстың құлақ түбінен кеткеніне де жиырма жылдың жүзі болмап па еді. бұл үнді тұңғат санасынан шынында да зорға қуалаған, әзерге шығарған! әуел десеңіз, соның кесірінен кезінде жынданып кетерге де тәс қалған. сөнімен ең ақырында ендігі қалған балтаның сабындай қысқа ғұмырын тыныш ортада өткеру үшін, құрығын тастап жылқышылық кәсіппен де қош айтысып, осы өндіріс әтіретінен бір-ақ шыққан. деседе, бұл барыстағы тұңғаттың тартқан азап-дертін бір құдай мен бүгінгі өзінен басқа ешкім білмеиді. мынау тау ішіндегі мүлгіген қалың қоржа алғашында тұңғаттың көзіне омайып-омайып отырған қорқыттың моласы болып көрінетін. ондай кезде ол өзін қаңқасы қалған тірі өліктеи сезініп, басы ауған жаққа безіп кеткісі келетін. қатын-бала демесе баяғыда-ақ байқұс шал сөйтер еді. тірліктегі тұрмыстың тұсауын тірі пенде үзіп шығып кете алмайды екен. бәріне де көнді, көндікті. ٴалы де көзіне жылқының жас тезегі көрінсе жылағысы келеді, айғайжал десе аузынан ақ жалын атқалақтайды.
*****
тұңғаттың көзін тырнап ашқалы бергі көрген-білгені жылқы түлігі. ата-бабасынан келе жатқан кәсібі -жылқышы. отыз жыл өрәзбек байдың жылқысын бақты. аққаба міне осы кездері оның үйірге өз қөлімен қосқан айғыры еді. құла құлынның қу мүшесі бір көргеннен-ақ тұңғатты өзіне тартып әкеткен. содан бастап малсақ жылқышының қырағы көзі қоғадай қалың жылқының ішінен құла құлынды іздеп жүгіретін еді. әншеиінде күн шуақтап ұйқы мастау болып есінеп-құшынап тырайып жата беретін жас төл, тұңғат бір жолы жылқы көздеп өріске келгенде, жалын жерге салып жіберіп шыбындап тұрған енесінің мойнынан арлы-берлі қарғып өтіп жүріпті. құла құлын бойынан бөлекше бір қәсиетті байқаған құрық иесі кеиінгі кездері бөгде көздерден бұл жануарды барынша тасалап ұстауға тырысты. өрәзбек байдың өзі де бие байлағалы тұңғатты шақырып, өрістен маңызы бар отыз мама бие сұратқанда, бұл құлынды енесімен бірге бие бауға жібермеи жасырып алып қалды. міне осылайша құла құлын құрық, ноқта көрмеи қысыр еміп жілік майын ерте жинап жетілді. келесі жылында қысыраққа қойған құла құнан айғырын көрген мал иесі өрәзбек тұңғатқа іштеи төтенше разы болды. есті кісі басына қонар бақтың «қойшының таяғынан...», жылқышының құрығынан екенін жазбай таныды. әне сол күннен бастап байдың түздегі бараң-қылаң деп бөлінетін үш мыңнан астам көп жылқысының бар тізгіні тұңғаттың қолына өте бастады. бұған кеибір тумалас жақындары көлденең көк әтпен араға түспек болып көріп еді, бай бәрін де желді жағына жолатпай қойды. қысырақтың үйірін құнанында-ақ қасқырдан қорғаған құла айғырдың атағы сол жылдың өзінде-ақ, осы өңірді дөңбек сүйреткендеи дүңкілдетіп жіберді. құла айғыр міне осылайша қүрметтеліп құнанында-ақ «аққабаға» айналды.
аққаба десе, аққаба еді ғой жануар! түзде баранын байқаған беисәуәт кісінің өзін үйіріне жолатпай, немесе, бөтен адамның арлы-берлі алдын орап ойқастап айбар көрсетіпжүріп үйірін көзден тасалап әкететін. сөйтіп жануар жиырма жыл өрәзбек байдың үш мың жылқысының басы болып, мойнына ноқта- құрық ілмеи өтті. әдетте мыңғырған жылқысының өзі де толық санын білмеитін бәйекең өріске барғанда, ең әлдімен іздеитіні міне осы аққаба еді. онсыз оның көзіне мал көрінбеитін. жаз келіп жәйләуғә көшсе де, күз келіп қыстауға түссе де бұл арадағы елдің күзететіні аққабаның үйірі, аққабаның қимылы. ең әлдіменбір-екі күн шиыршық атып бүкіл тау қойнауын кісінеп кезеді де жүреді. малсақ бақташылар жануардың байыз таппай жанталасып жүргенінен-ақ, аққабаның енді хәрекетке көшетінін біле қоятын. сөнімен көш көліктері жинастырылып кәрі-құртаңдар қыстауға әлдімен аттандырылады. бір бөлім кісілер көш жолындағы бұрма, бұқпа жерлерді күзетіп тұру үшін олар да көш артудан күні бұрын ерге қонады. соңында аққабаны күзетіп көштің артын жинастырып алуға білегін сыбанып кілең жастар мен тіс қаққан жылқышылар қалады. мұндай кездерде бүкіл маңға хабар бергендеи аққаба айғайжалдың қырына шығып алып кісінеиді-ай келіп. ары-бері ойқастап келіп қос аяғын көкке көтеріп аспанға тік шаншылғанда құйрық-жалын жанып тұрған жалау екен деисің. қүдіреттің күшін қараңыз: көп өтпеи әр сайдан, әр салмаудан өрәзбек байдың айтулы бараң-қылаң жылқылары бастарын қылқитып, шыбындап келіп айғайжалға жинала бастайды. бір төбеге түйемен әкеп тұз шәшіп та ешкім мұндай көп жылқыны қоралай алмаса керек. аққаба бір кезде артынан ٴұйырын ертіп, көне көш жолына түседі де басын жерге салмастан тартып отырады. жылқы жануарлардың бұл қылығы кеиде көз алдыңа сардарға еріп сап түзеген соғыстағы сарбаздарды елестетсе, кеиде аспан асты топан суға толып кеткендеи түсіңе де кірмеген көрініс пайда болатын. күн-түнімен бір сөткеге созылатын бұл көш ешкімге де, ештеңеге де бөгеу бермес, жол бермес еді. содан да шығар дәл осы кезде бұл араның бұра-тана тұрғындары сапарға шығуы керек болса, көшкен жылқыға кезігіп қалудан кәдімгідеи сақтанатын. аққаба үйірінің қозғалған, қозғалмағанын сұрастырып сұрау салып аз болмаған әлекке түсетін.
аққаба десе, аққаба еді ғой жануар! сөйтіп жүргенде қас басынан «алты ұры» шығып, бар қазақ әкпәр-сеиттің етегінен еріп «ереуіл атқа ер салды». өрәзбек бай жылқысын елдің бұл ереуілінен аяп қалған жоқ, үйір-үйірімен батырлардың алдына салып беріп, сапарларына ақжол тілеп отырды. бұл ауылды былай қойғанда көрші ауылдың әскерге алынған азаматтары да алдағы ұрыстағы серігі секілді мініс көлігін осы ауылдан қалап сұрататын еді. ондайда үйдегі бай өрәзбек те, түздегі жылқышы тұңғат та олардың қолын қақпады, тілегін түсінді. міне осылай кілең аққабаның кіндігінен тараған бараң дөнен мен бестілер боздақ ерлердің тақымында әуіздіғімен алысып , тебінгісіне тер қатып алдыңғы шепке аттанып жатты.
ٴсойтып жүргенде аңсаған азаттық күнде жетті. ел іргесі орнығып, елеңдеген халық еркін отырып тыныс алғандай тіршілік басталды. сол жылдың қысында аққабаға асатынан ажал жетті. топты көкжәлдің торуылына жолыққан аққаба үйірін баяғы әдетінше қарлы тепсеңнен жылыстатып, анталаған аш бөрілердің алдында айдынданып жалғыз қалды. алапат айқас басталды. тұмсығына шабынып жетіп келген жеті қасқырдың біреуін желкеден тістеп жұлқи лақтырды. мойыны үзілген ұлыма арысы-гүрісі болып әудем жердегі көбік қарды көкке шәшіп, қайрандағы балықтай тулап қала берді. дүлеи мінезге шындап мінген дала тағылары барған сайын өршеленіп, өрекпи түсті. аққаба алысып жүріп аңдамастан бір жағы кәдімгі кереге жартас, бір жағы үрдесін қасат қәрмен кептеліп қалған тұйыққа келіп тірелді. қамыс құлағын үйірі үркіп бет алған жаққа тіге кісінеп-кісінеп кеп жіберді. алдында азуы айғызданып анталаған алты қасқыр тұр. қылт етсе оқ жыландай атылатын әлетте. қос аяғын көкке көтеріп арқыраған бойы топты қасқырға қарсы атылды. қайласы қалмады, қапылыста бір қасқырдың азуы жүген-құрық ілініп көрмеген қылтамақтан келіп жабысты. жануар қос аяқтап тарпымақ болып еді, тізесі қасқырды мойнына ұмсындырып, көкжәлғә тіптен күш алдырып жіберді. айқасқан азу ажырайтын емес, тынысы тарылып барады. төбесіндегі мелшиген меңіреу шың шыр-көбелек айналуға көшті. аққаба ақырғы жәндәрмен қимілмен ту сыртынан жабысқан қасқырды қос аяқтап періп кеп жіберді, «қаңқ» еткен дыбыс құлағына үзіліп жетті. одан арғысы бұлыңғыр бірдемелер... жыл сайын үйірінен бұларға бұрау бермеитін аққабаны, бүгін бұл бес қасқыр, бөлтірік кезіндегі өлекшін-анасын өлтірген ата жауын ортаға алғандай жәукемдеді. зәудің басы «құрқылдаған» құзғынқа толып кетті. күн бешінге таяғанда отардағы жылқы қораға үйірін бастап орқырап оралатын аққабаның бүгінгі кешіккенінен кәдік алған тұңғат, жылқышының біреуін ертіп алып, күндізгі жылқы үйірі бет алған белге тартты. алдарынан аққаба айғыр жоқ, үздік-создық болып селкеуленіп, саяқтай басып, ٴалсын-ٴалы артына елеңдеп құлақ тіге оқыранып келе жатқан жылқы ٴүйіріне жолықты. тұңғаттың кеудесі келі түйгендеи өрекпіп, тұла бойын қорқыныш сезім билеи бастады. «я, қамбар ата жар бөләгөр» деген тосын тілеудің тіл ұшынан қалай ұшып шыққанын да сезбеи, астындағы атын борбайлап ала жөнелді. аққаба мен жеті қасқырдың алғашқы кездескен кезеңіне жеткенде, көзінің алды қаймақшып шыпылдап жасқа толды. қалың көбік қардың бетінде арлы-берлі ойқастаған айғырдың ізі айғызданып анық жатыр. шеңбер жасап, шеп құрып қамалаған қасқырлардың да қалай толқып, қалай сырғығаны, қалай шабуылға өткені қар бетінен қағазға түскен кәртәдәй болып көрінеді. түз тағысының да өз айла-шарғысы болатынын тұңғат бала кезінен жақсы білетін. «қап, әттең! шатқа түсіріп әкеткен екен, қырсықтың үлкені шығатын болды » деп, ылди-төмен тартқан ізбен індете төбешікке жеткенде, төмендегі тұйықта қызыл қырман болып жатқан бүгінгі қанды майдан көз алдына екрәндәй тартыла кетті. «тақ әкеңдіден» басқа аузына сөз де түспеді, атын борбайлап, бауырымдаған кісіше үн салып бәрәді...тізгін үшімен көбік қарды бұрқақтатып төбеден түсіп келе жатқан, қос атты кісіні көрген бес қасқыр, аққабаның қасынан жылыстап қалың самырсынның арасына кірді де кетті. жануардың көзі жұмылмай қу басы ғана қалыпты, ішек-қарны ақтарылып жатыр. аққабаның басына тұңғат бұрын жетті. сойдақ ізбен сүріне-қабына жеткен аттың үстінен өзін ол омбы қарға тастап жіберді. көзінің алды көк мұнар, аққабаның көзінен ол күндегідеи өзін іздеп еді көре алмады. жанары мүлде семіп, ақ-қарасы араласып, көлбеттеніп кетіпті. басын құшақтап бар дәуісімен аңырады-ай келіп. қасындағы жолдасының да жон-арқасы бүлкілдеп егіліп отыр. екі кісі екінтіде аққабаның басын өңгеріп қыстаудағы қостарына қайтты. өрәзбек байдың отардағы малына бас-көз болып келе жатқан 4 -5 кісі, оларды сүйек келгендеи сүміреиіп қарсы алды. дастарқан басында ٴбарының де тамақтарынан ас өтпеи қылғынды. түгелімен тілдері тартылып, мылқау адамға айналып мелшиіп қалған. айғайжалдың сол күнгі ٴтұны бұларға өмірлерінде табандап өтпеи қойған ең ұзақ талыстұн болып сезілді. тұңғат түнімен көзін ілген жоқ. әлдімен кездігін қайрады. сонан кеиін қостағы май шамның жарығында жәйләніп отырып аққабаның бас терісін бітеу күйінде сыпырып алды, одан от жағып қазан көтерді. аққабаның басын таң атқанша самырсынның бытырадай от шәшәтін қу бүтәғімен тынбай қайнатты. жерге жарық түскенде қазан ошақтағы оттан түсірілді. жарықтықтың басында торғай шөкім ет қалмапты, борлап тастағандай аппақ. таңғы астан кеиін тұңғат қу басты құшақтап қостан шықты. атына мінді де айғайжалды бетке алды. ұйқыдан әлі оянбағандай ақ көрпесін жамылып дала жатыр. өзгеше бір өлі тыныштық. оны орқырап кісінеп оятатын енді аққаба жоқ. айғайжалдың кезеңіне шыққанда тұңғаттың кеңсірігі тағы да тотяиын құйып жібергендеи дуылдап кетті. жалдың үстіндегі оқшауланып өскен шоғыр қарағайдың қасына жетті. ер үстінен көтеріліп, мұжылған бір қу бұтақтың теке мүйіз түбіріне аққабаның басын ілді. жылқышы жігіт айғайжалдың басындағы баланың тұлымындай топтанған бұл топ қарағайдың бұдан кеиінгі күндерде «бас ілген» атанарын сонда былды ме деші?! қу басты қозғап көрді, тұғырына қонғандай мызғыр емес. тізгінін кері тартты. шоқ қарағайдан ұзап шыға бере артына бұрылып еді, өзегіне «лап» етіп тағы да өрт ілінді. іші-бауыры ақтарылып кете жаздап, атының жалын құшақтап айдалада үн салды. жылқышы тұңғат бұрын-соңды бүйтіп көзінен жас шығарып, жылап көрмеген. міне осы кезде қарсыдағы жал қарағайдың арасынан қасқырдың ұлыған үні естілді. тұңғатқа түз тағылары баспалап, бағып, басынып келе жатқандай сезік тудырды. ол отардағы қосқа келгенде, ондағы жігіттер аттарын сайлап, күндегі дағдамалы жұмыстарына аттанғалы тұңғатты күтіп тұрыпты.
- ал, бауырлар, енді абай болыңдар. аққаба кетті, енді бөрілер бізге тыныштық бермеиді. жаңа ғана жал қарағайдан жаман дауыс естідім. мен ойдағы ел-жұртқа бүгін барып, ертең ораламын,-деп, тұңғат тебініп атының басын бұра берді...
қыстаудағы өрәзбек байдың қонысына ол кешкі ымыртта келіп ٴтұсты. жылқышының бұл суыт жүрісінен секем алған кәря:
- бас аман ба?- деп, баяғы әдетіне бағып, ең әлдімен отардағы елдің есендігін сұрады.
- біз аманбыз ақсақал. аққаба үйірлі қасқырдың торуылына түсіпті...,-деп, тұңғат ернін жымырып, жүзін төр алдындағы тарландап қалған өрәзбектен бұрып әкетті. мал иесіне бұл хабар тіптен оңай соқпады білем, басындағы құндыз бөркін жұмарлап, тізесіне қондырып тістеніп отырып қалды. содан бір мезгіл болғанда:
- аққаба қотанымның құты, малымның басы еді. өз ажалынан өлсе әңгіме бір басқа, байқайым, басымнан бақ тайғалы тұр екен,- деп, жантайып жастыққа жата кетті.
- не деиді, сонша таусылып! қалған қалың малың жетпеи ме саған?- деп, бәйбіешсі қарттың қатты күрсінісін ұнатпағандай үн қатып еді, отағасы؛
- көресіңдер, менің күнім де көп ұзамас...,-деп, кереге жаққа бетін бұрып, ٴсозының артын құлақ естімес күбірге айналдырып әкетті...
арада алты ай өткен жоқ, ел ішіндегі байлардың малын көллективке өткізіп алып, өздерін үкімет қолға ала бастады. міне солардың алдыңғы қатарында өрәзбек те ұсталды. оның қалың жылқысы жаңа құрылған фермәнің жанды малына айналды. қырық жыл құрық ұстаған тұңғат та қотандағы мәлмен бірге сол фермәнің бір мүшесі, шопаны болып шыға келді. тұңғат қоғамның бұл толқындарын түсіне алмай басы қатып әлектеніп жүргенде, жоғарғы үкімет арнаулы адам жіберіп оны аудан орталығына шақыртты. ол онда бұрын да өрәзбек байдың жылқысын айдап базаршылап бірнеше рет барған. бұл жолы ол базар емес, басқа жүміспен барғалы отыр. өзінің осылай ауданға аттанатынын алғаш ойлағанда тұңғат:«орайы келген жақсы сапар болатын болды» деп іштеи қуанып қалған. өйткені, ұсталып кеткен өрәзбек байдың артынан қырқ жылдық малшысы тұрып іздеп бармаса, ар алдында өзінің қарттың қайырымына қянат істеген қылмыстыға айналатынын ойлап, қиналып жүретін.

ауданға барғанда көрді, баяғы ауылда байдың қора-қотанының қізметінде болған көне көздерінің бәрі сонда жиналыпты. бәрімен де ол жарқылдап, самбырлап амандасты. көбінің түге түктері сыртына теуіп сыздана қалыпты. «е, бұлар да кәря үшін менен де арман қиналып жүрген болды ғой» деп топшылады. өзі тіптен «үлкен кісі пәлеге жолығып қамақта жатса, кешігіп келгеніммен қоймай оспадар қылық жасап алған жоқпын бә?»деп, айтарға болмаса ұялып та қалды. ертесі үкімет бұлардың бәрін шағын мәжіліс үйіне жинады. осы кезде тұңғаттың төбесінен су құйып жібергендеи сілеиді де қалды. тілмәш арқылытор үстелге келіп жәйғәсқән бастықтың сөзінен ұққаны؛ бүгінгі құрылған үкімет кедеи төмен-орта диханның үкіметі екен. бұлар қәзіргі саясатқа сәйкесіп, өрәзбек байдан көрген зорлық-зомбылық, тартқан азап-тәуқіметтерін айтып болысынша ашылып- сайрап алулары керек екен. айтып айтпай ала қаптың аузы ашылды. өрәзбек байдың бас-аяғында жүрген қойшы, шопан, малшы-бақташылардың бәрінің де сыры тұңғаттың төс қалтасында еді. бірімен бірі жәй күндері де жұлдызы қарсы күндес болып, абысындай арпылдсатын да жататын. бірінің мінген аты бірінен мойны озып кетсе болды дүние бүлінетін؛ « маған жылқышы мандам, тобан аяқ атты мінгізіпті» деп тұңғатты қойып, салып ұрып өрәзбек кәрянің өз алдынан бір-ақ шығатын. үкімет адамдарының сөзінен кеиін ортадағылардың бірі отырып, байдың қайсы бір жылы өзгеге соғым беріп өзіне бермегенін міңгірлеп айта бастап еді, екінші біреуі «мынадан мен кем соқсам жер соғайын» дегендеи, әлгі жапа сөйлеген әріптесімен жанаса кетіп؛ бай баласының кіндік шешесіне көйлек кигізіп, өз әйелінің күңнен де бетер қорланып қалғанын жыларман көңіл күймен жеткізді... «күң» деген сөздер құлағына жеткенде, тымсақты көргендеи бастықтың тіптен өңі татарып кетіп отырды. бақташылардың бақастық сөздері бұл ортада өрәзбектің без бүйрек қаталдығы болып, қылмыс ретінде қағаз бетіне қатталып жатты. тұңғат бәрін іштеи түсініп отыр؛ бұлардың қызыл кеңірдек болып қызбаланып жатқаны зайырын қуып келгенде өрәзбек бай емес, өзді-өзінің ит таластырғандай ішкі күншілдігі еді. баяғыдағы қара қостың іргесінде құрыт қайнатқан қазандай бырқылдап жататын қатындардың өсегі міне осылай қызды-қіздімен ортаға салынып, өрәзбектің басына маяланып биіктеп бара жатты. тұңғат көпке деиінтіс жармады, түнеріп үнсіз отырды. бір кезде мұны да сезе қойған төрдегі кісі:
-сен жігіт неге сөйлемеисің, әлде жаңа үкіметті жақтағың келмеи ме, жоқ болмаса бұрынғы кедеилердің байлардан қорлық көріп келгенін терістегің келіп отыр ма?! бізге бүгін өз майданыңды ашық түсіндір. мыналар өрәзбек байдан осынша көп азап тартып жүргенде, сені май шелпекке орап асырап па еді,-деп, тұңғатқа тікендеи қадалды.
- мен сөйлесем шындығын сөйлеимін, бастық!- деп орнынан көтерілді тұңғат.
- дұрыс бізге де сол шындығы керек,-деп шегеледі ол.
- отыз жыл өрәзбек байдың жылқысын баққаным рас. бұл отыз жылда бәйекең, түздегі өз жылқысының да толық санын білген жоқ. бажы-құжы, соғым-сойыс, ағайын-тағайынның алым-берім мініс көлігіне деиін мен басқарып, мен төстедім. міне, өтірік десеңіз мына отырған кісілерден сұраңыз. аттың жүйрігі астымда, астың дәмдісі алдымда болды. бай десеңіз өрәзбектен бұрын мына отырған мен баймын, сөзім осы...,- деп, тұңғат орындыққа отыра кетті. тілмәш арқылы оның сөзінің арғы-бергі мәнісін түгелімен ұғынғантор үстелдегі бастық басын шайқап, алдындағы ақ қағазға бірдемелерін түртіп жатты. уақыт та біртәләйғә барып қалған, ешкім де екінші рет сөз алып бұл қырманды қайтып сапырған жоқ. үлкен бастық ауылға бұлардың енді қайта берулеріне болатынын айтып, алдындағы қобыраған қағаздарын қолтықтап есікке бет алды. өнімен ере жөнелген тілмәш жігіт табалдырыққа жете бергенде тосылып, тосырқап артына бұрылды:
- жігітім, жарайсың! әкеңнен нағыз ұл боп туған екенсің,-деп, ол тұңғатқа бармағын шығарды. есік «тарс» жабылды. бұл сөз мұндағы өрәзбек байдың қотанында жұмыс атқарған басқа ағайындардың төбесінен жасын түсіріп жібергендеи жәйсіз тиды. шамалы уақытқа деиін сілеиіп қыбырсыз отырып қалды. ертесі ел келген іздерімен кері қайтты. тұңғат жылқы фермәсінә жол алды.
көп өтпеи қалың әскер көңкемен өрәзбекті ортаға алып ауылға әкелді. еңкеиген кәрі мен еңбектеген балаға деиін жиналған зор жиналыс болды. «кері төңкерісшілермен ауыз жаласқан, кедеилердің табан ет, маңдай терін сүліктеи сорған, адамдықтан шығып кедеидің кеибіреуін қинап өлтірген...»деи ме?! қойшы әйтеуір, ол кісінің өрісінде жүріп өлген адамның бәрінің де ажалы өрәзбектің мойынына артылып шықты. ара түсер адам жоқ, бұл сұмдықты тыңдаған елдің көзі тошаладай төңкерілді. жиынның ең соңында баяғы аудан орталығына шақыртылған байдың бақташыларының ішіндегі шешендеу біреуіне шаршы топтың алдында шер төктірді. ақырында өрәзбекті ауыл шетіндегі жар қабақтың түбіне апарып, елге теріс қаратып жүрелетіп отырғызды да ту сыртынан қалың әскер сапқа тұрып атты да тастады. мылтықтың сол бір одағай үнінен кеиін қатардағы бір әскер, қолындағы көсеуімен бүге түсіп жатқан мәйтті бүйірден түрткілеп-түйгілеи бастап еді؛
- жетер енді! жаны шыққан мүрденің енді сендерге не жазығы бар,-деген топтың ортасынан қарлығыңқы бір үн естілді. қалың елдің арасынан кимелеп алға озған көрші ауылдың кәрясі әлризә, аса таяғын серт ұстап жар түбіне жалғыз кетіп бара жатты. оның жолын тосқан да, етегінен ілескен де ешкім болмады. ең әлдімен ол екі бүктетіліп бүге түскен сүйектің бетін қыбылаға қаратты, шүйдеден тиген оқ маңдайын жұлып әкетіпті. қол созым қарсыдағы жар қабақтың бетіне деиін қан жауып, шәшқән шалаптай болып шәшірәғән адам миын уыстап жүріп шытына түйді. бүгінгі бұл қанды майданнан жиналған елдің қарасы өшкенде, сонаудағы қарасудың иінінде талға байланып, шана жегілген жалғыз торы ат тұрды. сол күні түнде баяғы аққабаның басы ілінген айғайжалдың етегіндегі салмау-салмау төбелердің біріне өрәзбектің де басы барып көмілді. әлризә ауылдағы әдеттегі көп кедеидің бірі еді. көп өтпеи ол да ұсталып кетті. ел ішіндегі гу-гу әңгімеге сенсек؛ оны да арызданып ұстатып жіберген кісі, баяғы байдың бақташыларының бірі екен. жарықтық жүрген-тұрған жерінің бәрін де оқтан өлген өрәзбекті«шеит» деп, құран бағыштап жүріпті. әлризә ауылға түрмеге алты ай отырып оралды. бірәқ өле-өлгенше басынан «тортқұл елемент» деген қалпағы алынбай, соңғы өмірі күреске тәртілумен өтті. тұңғат өрәзбек байдың атылған хабарын жылқы фермәдә жүріп естіді. естіді де аядай ауылда болған бұл істерді санасына сидыра алмай-ақ қойды. көп жағдайда тұңғаттың есіне еріксіз өрәзбек оралатын, өрәзбек оралса аққаба түсетін. аққабаны да ұшты-күйлі санасынан өшіріп тастағысы келген, бірәқ, неге екені белгісіз олай істеуге шамасы жетпеи-ақ қойды. жаңа құрылған жылқы фермә басшыларының түздегі түлікке өрәзбектеи оң қабақ танытатыны шықпады. бастықтың қолы қойылған шәй қағазының қиқымдары-ақ, аққабаның соңғы үйірін шетінен жетелеп кетіп жатты. шыр-пыр болған тұңғаттың тірлігі керуенге үрген ит, қолға қонған шыбын құрлы болған жоқ. жылқышы жігіт құрықтың енді қадыры қалмағанын, айдалада енді өзінің адамның аққабасына ұқсап жалғыз қалатынын әбден түсінді. сөнімен бір түнде өткен-кеткен өмірдің бар қізіғімен қоштасып,итарқасын арқалап ойдағы отырақшы ауылға көшіп кетті.
*****
қо..қо..қоқақтаған ақ әтештің үні тұңғатты қалың ойдан тез сергітіп жіберді. бойында дәреті бар, түзге көтерілді. шығыстағы көкжиектің шымылдығы түріліп, арғы жағынан күлтеленіп таң шапағы көтеріліп келеді. кәдімгі«қүзғін ұшпай, кемпір тышпай» деитін, қараша ауылдың әлі де ұйыған тыныштықтың бесігінен бел шеше қоймаған кезі. кәря қыбыланы бетке алып таңғы азанға қол жәйіп, құлақ қақты. ауылдың әлде бір тұсынан маң төбеттің маңқ еткен тарғыл дауысы мен шәбелеңдеген сақ құлақ қаншықтың шыж-быж болып тыраштана үрген үні естілді. құманын көтеріп еңкеңдеп есікке бет алған тұңғат тұра қалып, жүзін ауылдың батысына бұрды. жалғыз ноқат ауыл шетінен аулақты бетке алып алыстап бара жатыр. таң бозынан атқа қонған бұл жүргіншіні ол, көзінің алды көк мұнарланып анық тани алмай тұрса да, көңілінде сөзсіз «барақ» деп кесетті. шынында ол барақ еді.
барақтың әкесі бұрын өз ортасында кәдімгідеи бардам болған кісі. азаттықтан кеиін байлардың малы көпрәтсяғә алынып, тайқазан орнағанда ерін арқалап ел қатарына қосылған. бай-кедеидің ара-жігі ажыратылып, күрестің көкпері майдан ала бастағанда, жарықтық жанын ешкімге қинатқан жоқ, ауырмай-сырқамай тасатынан келген ажалдан баһиға аттанды. әкесінен жастау қалған барақ күреске көп тартылып кетбесе де, соңғы кездері өрлеп оқи алмады, елдің етегінде қораштау күн кешірді. осы байлықтың өзін кеиде адамдар «баянсыз» деп байқамай жаңылысатын сяқты, оның да «тыры жан –тысты бақа»- ұрпақтар жалғастығы барысында адам қолынан ұшар кезі, басына келіп қайта оралып қонар тұсы да болатын тәрізді. барақтың кезінде әкесінің қолынан балақ бауын үзген бақ-дәулет тосыннан баласының төбесіне келіп қайта қонақтағалы да көп болған жоқ. екі жылдың алдында байлардың қаржысы қайтарылғанда, баяғы бай әкенің көпрәтсяғә қосылған төрт түлігі түяғімен ұлының қотанына түгел келіп кірмесе де, қайтқан сілекеиінің өзі барақ байқұстың қорасын қараң-құраң мал баранына айналдырды.
тұңғат кәря үйге оралып, таңғы бамдат намазын өтеді. қолындағы тәсбиғін саумалап, тарамыстап тағы да көп отырды. әйтеуір, беимәлім көңілінде қобалжу бар. оның басы қайдан басталды, түбі немен тынарын бір қүдіреттен басқа ешкім де білмеиді. келіні түздегі ошаққа от қалап, таңғы астың да әзірлігін көріп үлгерген екен, есік алдындағы жатағандау қоржа тамға жиналып бір ұйлы жан шәйге отырды. дастарқанға бата жасалып, баласы түздегі тіршілікке жинала бастағанда, төргі үйден төсектегі немересінің «аталаған» әуені естілді. сөнімен кәря немересін тұрғызып, киіндіріп, таңғы оразасын аштырып етегінен ертіп үйден шықты. аталы-балалы екеуі елден ерте қозғалып, ауыл шетіндегі күндегі көгәлді шымға келіп тізе бүкті. әр үйден бірлі-жарым төрт түліктерін өріске айдаған ел, ауыл шетіндегі бада малдың баранын ілезде молықтырып жіберді. бақташының бадырақтанып шығатын барлығыңқы дауысы барған сайын үзіліп-талып әлсіреп, қоржадан өрген қалың мал көз ұшындағы көкжиекке жұтылып бара жатты. өріске мал өргізе шыққан ауылдың қарттары, баяғы әдеттерінше тұңғат отырған көгәлді алаңды айналсоқтап қалып қойды. сөнімен бүгін де бір шоғыр ел көк жасаңда жәйғәсіп отырып өткен-кеткен әңгіменің көрігін басуға құлшынды.
бұл ортадағы бүгінгі әңгіменің адымы аршындап ашыла қойған жоқ. мұндай қысыр кеңестің бәрін де сөз құрығы қолында, қолқасыз-ақ әңгіменің түңлігін өзі түретін тұңғаттың түнерген мына отырысы кім-кімді де болмасын кідіртіп, тоспа қойып отыр. тұңғат әлсін-әлі барақ кеткен бөзтөбеге ата қаздай мойнын созып, күн салып қояды. бір кезде әне сол бөзтөбенің балағынан бері қарай тұмсық айналған ірі қара малдың шоғыры көрінді. қәзірше бұл қараң-құраң тұңғаттың көзі жететін жерде емес, кәря мойынын ішіне алып, көзін жерге салған беті көптің көк көжедеи қатықсыз әңгімесіне құлықсыздау құлақ түріп отыр.
- е, барақ бай да малын тұзға алып түскен екен, көк жәйләуғә көш түзеитін уақыты жеткен екен де...,-деген топ ортасынан әлде біреудің сөзі, тұңғатты қасында сұлата салған тобылғы таяғына қол создырды. шиыршық атып отырған шал балаша ширақы қимілмен орнынан тез көтерілді. бөзтөбеге күн салды. көзінің алды бұлдыр да бұлдыр бозамық дүние. ұзақ тесіліп қараған сайын дала төсі қаймақшып ымыр-шымыр беинеге ауысып ала жөнеледі.
- әлгі түздегі жылқы үйіріне келіп қосылған мақұлық та бар сяқты,-деиді біреуі тұңғаттың тағатын тіптен тауса түсіп.
- сендер өзі нені көріп тұрсыңдар,-деп алға озды кәря. шамалы уақыт өткен соң барып оның көз ұшындағы қалың мұнардың ішінен шыбындап шұлғып басып келе жатқан үйірлі жылқының сұлбасы біртіндеп айқындала бастады.
- барақ жылқының артында жалғыз қараға ілесіп келеді...
- е, қайыру бермеи көткеншектеп келе жатқан әлгі мақұлығы сол болды онда...,-дескен ел ақырын алға қарай аяқ оздырды. тұңғаттың көзіне барақтың бараны әлі де шалынған жоқ. үйірлі жылқы ауылдан әудем жердегі қара судың иініне келіпиіріліп тұра қалды. барақ болса көтерем малды көттіктеп алып келе жатқандай, жалғыз саяққа ілесіп айғай салым артта сүйретіліп созылып әреңге келеді. кешегі қүбіжіқ«мәқүліқті»өз көздерімен көруге асыққан ауыл адамдары енді міне адымдарын аша түсіп, қарасу жағасына жақындап барады. аш ішектеи иректелген бұлақтың бума тұсынан тұңғат кәря таяғын жебеи шаншып қарғып өтті. міне осы кезде арғы жағынан барақ та бұл топқа жақындап таяп келді. әне-міне таяқ тастам жерге де жетті. алдындағы әлгі мақұлық топтанған елдің аяқ жағынан келіп, қарасу жағасындағы жасыл құраққа мойын салды. ат басын ауыл адамдарына бұрған барақ, ер үстінен қоқаң етіп құймышағын көтеріп тебініп кеп тоқтады:
- болдырып болған екен, әзерге жеткіздім,- деді ол түтіге сөйлеп, ердің екінші қапталына бөксесін қондырып жатып. терісі жыландай жып-жылтыр, былай қараған көзге тып-тырдай көк беттеніп көрінеді. мінер жақбыр құлағы түбінен жоқ, қамшылар жағындағы құлағының тұқылы ғана қалған. құйрық, жал, кекілден қылтиған қылшық таба алмайсың, құймышағы ыңыршақтың қасындай итынып тұр. тыртиған тірсекте селтеңдеп сабаудай болып бірдеме көрінеді. міне осы кезде:
- жетеңнен айналайын жануарым-ай, жерді аңсап, елді аңсап жеткен екенсің ғой?!,- деп, топтан озған тұңғат әлгі құбыжық мақұлыққа қарай сүрініп-қабынып, еңкеңдеп дауыс салып бара жатты. үлкен кісінің сүйретпе кәлөшінің бір сыңары көне тоз етігінен суырылып жолда қалды, оған қарайтын тұңғат жоқ, таяи бере қолындағы аса таяғын да аулаққа лақтырып жіберді. құбыжықты қызықтап тұрған ауыл адамдары тосыннан туған бұл көрініске ауыздары ашылып аңырды да қалды. мақұлық тұңғат кәрядән тіксініп үріккен жоқ, қайта қарттың омырау өңіріне тұмсығын ұмсынып иіс алғандай әлпет танытты. құбыжықтың бара салып басын құшақтаған кәря кәдімгі көріске көшті.

- тентіреп кеткен тектім -ай...
- боздап жеткен боздағым-ай...
-құлдыраңдаған құлыным-ай...
-айға шапқан айбозым-ай... жүректің ең түпкі шұңқырынан қырналып шығып, ең жанашыр жақыныңның, бауыр ет балаңның қазасында ғана шыбын жаныңды қақыратып шығатын азалы бұл жоқтау, естіген елдің шынында есін шығарып жіберді. не болып қалғанын түсіне алмай дағдарған жұрт, тұңғатты жазатайым есінен адасып жынданған екен деп те екіленді. қаймана кісінің де қабырғасын сөгіп, ет бауырын езетін бұл үн, бұл дауыс әрқәндәй есті кісінің жүрегін қәндәуірмен шабақтап кетері қах еді. есін жиған ел бір кезде құбыжықтың мойнынан тұңғат шалдың шырмалып қалған білегін әзерге ажыратты.
- құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер...,-деп, омырауын жапқан аппақ қудай сақалынан жас тамшысы тарамданған тұңғат, маңындағы елдің бәрін ата қаздай етегіне жинап алды. айналасындағы ауылдастарының бәрінің де бұл кездері көздері қанталап болған еді. тіптен, көңілі бостаулары ыиықтары бүлкілдеп, жанарлары бұлауланып бұрлығып тұр. әйтеуір, адамның қайдағы-жәйдәғісін еске түсіретін тосын толқыныс туды. солығын басқан тұңғат бір кезде көпке көз салып бойын тіктеді:
-осыдан бес жылдың алдында жоғартынан осы ауылға елу жылқы салығы түсіп, ішкі өлкеге мал айдатқанымыз естеріңде ме?
- есімізде,-десті көпшілік жамырап.
- олай болса, еи, еркін әкең бөләтбек марқомның қорасынан сол жолы бір ірі қараның есебінде ұрғашы құлатайдың кеткенін білетін шығарсың?-деді, топтан шеткерек тұрған жиырма жастар шамасындағы жалбыр шәш бала жігітке бұрылып:
- білемін ғой,-деп, міңгірледі ол.
-ендеше еркін бала, мынау сол сенің кезіндегі құлатайың, биыл міне жетіге шығып, жертүбінен жетіп отыр,-деді тұңғат, мақталы шапанының бастырма қалтасынан қолжаулығын суырып, суланған көзін сүртіп жатып. бұл сөзді естіген бұл арадағы елдің көз алдына, осыдан бес жылдың алдындағы қыстақ әтіретінің астық қамбасына елу жылқының жиналып, үйірімен үрімжіге айдаған көрінісі елестеді. деседе сондағы жер түбіне айдалған құлатайдың бес жылдан кеиін құбыжық болып ораларын ешкім де санасына сидыра алатын емес. үрімжіге сол жолы мал айдап барып-келген ауыл азаматтары؛ байқұс жылқыларды отарбаның сүйреткен жетек қорасына қанша қамалап айдаса да шығара алмай діңкелері құрығанын, ең ақырында қасқа айғырды қамалап ұстап, көзін шітпен таңып жүріп төсеніштен әлдімен алып шыққанын, мұны көрген жылқы үйірінің артынан қотарылып өздері көтерілгенін айтып келген. мұны естіген мұндағы қарттардың көбі көздері суланып сол кездің өзінде жылап та алған. тұңғат кәрянің төсек тартып жатып қалатын бір тұсы да міне осы мезгіл еді. кезіндегі сол құлатайдың ноқта иесі жалбыр шәш еркінді қойып, бұл арадағы жиналған топтың көбі тұңғаттың бұл тұжырымына екі ұдай күй кешті. елдің екіленіп тұрғанын қарт қалт жібермеи таныды:
- жарайды, жарандар! мен осы жасқа келіпөзінің оттаған өрісін, аунаған топырағын, су ішкен суатын осы жылқыдай жақсы көретін, жер жады тіршілік иесін кезіктіргемін жоқ. жаратқан жануарға осыншалық ес бергенде, бақадай болса да бақылдасар тіл берсеші! бүгін бәрін өз ет қүләқтәріңмен естір едіңдер. қайран жануар-ай, десеңші! сәрөзеннің басынан келді ме, қай жерінен келді? бір өзі ғана біледі. жылқының жылағанын көріппе едіңдер. көрмесеңдер, енді міне, көріңдер! көзінің суағары жастан құрғамай, өзектеніп, өлеттеніп кетіпті,-деп қарт тағы да кеңкілдеп өксік атып, жон арқасы селкілдеп ала жөнелді. жиналған жұрт ұмсынып келіп құбыжықтың жанарына ұңылды. жылқының шынында жылайтынын мұндағы ел сонда көрді, сонда білді. көзінің алды соқталанып қазырдың өзін де су жүгіріп тұр.
- еи, барақ! мына қүләбиені бүгіннен бастап бірінші құдайға, екінші саған тапсырдым. бас-көз болып, жәйләуғә өз жілқіңмен бірге жәйләтіп кел. кездескен мың ажалдан аман қалған мұның да қорғаушы бір құдайы бар шығар. деседе, саяқтап жүріп түздің итқұсына ілігіп жүрмесін. қалғанын мына халық күзде келгенде көре жатар,-деді, тұңғат кәря сөзін түйіндеп. жиналған елдің бұл байламға бұра тартар өзгеше қолқасы болмады, сөз өсімен тәмәм болып тянақ тапты. сөнімен қарт немересін үйіне жүгіртіп тұз алдырды, құбыжықтың арқа-басын тарақтап тұрып өз қөлімен жалатты. күн кешкіріп, көз байланып, ел орынға отырғанға деиін, құбыжықтан құлағдар болған ауыл адамдарының бұл арадан аяғы үзілген жоқ. көрген ел кешегі қайран күліктің бүгінгі мүскін халын көріп бәрінің де алқымы өксікке булықты.
арада аунап айлар өтті. алыстан андағайлап көрінетін асқар таулардың арқа-жондары аламыштанып, қоңыр күздің де сызды самалы сыр берді. кешегі жасыл кілем - төр жәйләудің түгі кетіп, төрт түлік малдың да танауы етекке түріле бастады. міне осы кезде көк аспанды қоңыраулатқан қоңырала қәзбен ән таластырып жәйләудәғі ел де жарыса күзеулікке көшін түзеді. «барақ ертең көшіп келеді екен» деген хабарды естіген күні, тұңғат қарттың ұйқысы тағы бұзылды. кәря ертесі сиыр түс әлетінде аса таяғын сүйретіп елден бұрын тағы да баяғы ауыл шетіндегі жасыл алаңға келіп малдасын құрды. баяғы ауыл, баяғы қауым, баяғы әңгіме, баяғы... барақтың жылқы үйірі қарасудың бойына басқа түліктерден бұрын жетті. сауыры сабынданған семіз жылқылар осқырынып, оқыранып, тай-құлындар құлдыраңдап көздеріне тосын көрінген бөлекше бұл тірлікке тосырқай қарайды. көп ел бүгінгі бұл жылқы үйірінен баяғы көктемдегі құбыжықты көздеріне іліктіре алмай әлек.
-жануарым-ай, құйрық-жалы күлтеленіп түлеп шыға келген екен ғой,-деп, тұңғат кәря сақалын салалап, әудем жерде жанары шоқтай жанып тамсанып тұр. сонда барып баяғы құбыжықты түстеи алмай тұрған ел, үйірлі жылқының арасынан құла биені көрді. көктемдегі көкбеттеніп көрінетін жыландай жылмағай терісі бөртеленіп кәдімгі құла түске айналыпты. сауыры жонданып қунап алған. құйрық-жал, кекілі де күлтеленіп, түбіттеніп келе жатыр екен. басын жерге салып шібіндәғәнүйірлі жылқының арасынан ел оны әу баста, барақтың құйрық-жалын күзеп жаңа матаған қысырағының бірі шығар деп түйген. селтең еткізіп құла бие басын жерден көтеріп алғанда барып, ел оның баяғыдай қос құлағының жоқтығын көрді. қайран қүләбиенің кесілген қамыс құлақтары, құбыжық беинесінің ең соңғы белгісі болып, жануардың құдай берген құлын мұсынының берекетін кетіріп-ақ тұр. түс ауа көштің соңын жинастырып, үйіріп барақ та жетті. алдынан ауылдың әдетімен боз балалар сусын алып шыққан екен, шөлі қанып қарасудың бойында қораланған ел қатарына келіп ол да жәйғәсіп, қораланған қауымның әңгімесіне араласты.
- барақ балам,-деді тұңғат кәря бір кездері қатарындағы жігіт ағасына мойын бұрып:
- барақ балам, малыңа құла биенің құт болып қосылып отырғанын міне бүкіл ел көріп, қуанып қол жәйіп отырмыз. құдай қаласа бай болады екенсің. жануар қүләбие баяғы атақты аққабаның нәсілінен еді. алдағы күндерде еркек құлын еріп жатса екіленбеи үйіріңе айғыр сал, құдай қаласа баяғы қазақтың қазанаттары өрісімізге оралатын шығар?! адам секілді мал да тегіне тартады. көзімнің тірісінде аққабаның арқыраған үнін тағы бір естіп өлсем арманым жоқ. бүгіннен бастап бұл жануардың түздегі бағымы мен бабын өзіңе тапсырдым,-деді.
-иесі хош көрсе...,-деп барақ басын тыр-тыр қасына беріп еді:
- құдай алдында құлабайталдың құны болса бөләтбек марқом менен алсын, барармын қасына!тыры болсам енді біреу келіп оған құрық салам деп ойламасын. мұндай есті малға есі бар ешкім де бұрын-соңды қанжар кеземеген. малдың төресі деген білсеңдер осы. өрісіңді қызғанба жүрсін қаздай қалқып, үйректеи жүзіп. өлсе өз әжәлімен өлсін, жемтік сүйегін де төбелердің біріне көміңдер, жануар жатсын солай аңсап келген жерін аймалап. «қайтқан малда қайыр бар» деиді ғой халқымыз, қүләбиемен еріп қамбар атаның киесі ауылға қайтып келгендеи сезік алып отырмын. құдайдан қорықса ұры- қары да енді оған сұғын қадай алмас ,-деп барып тоқтағанда, бүкіл ел қарттың бұл сөзін бүге түсіп тыңдады.
қүләбие бұл жылы барақтың жылқы үйірімен бірге қыстан шықты. анда-санда қар қалың түсіп боран тұрған уақыттарда, барақ түздегі жылқы үйірін ауылға айдап әкеліп қолынан қорасында шөп шәшәтін. бұл уақыттарда қүләбие үйреншікті әдетімен баяғы тұңғат шалдың есік алдынан табылатын. үйде адам жоқ кездері қашадан мойнын асырып, кәдімгідеи оқыранып адам шақырып тұрғандай әлет байқататын. кәря қыс басынан бастап бұл жануарды өзінің еншілі малындай тұз жалатып, жем беріп, қорасындағы шөптің шүйгінін оқырына төсеп қолға үйретіп алды. қыл аяғы тұңғаттың немересі де қүләбиені көрсе:«әтәмнің аты келе жатыр» деп үйге алақайлап жететін. аталған ақсақалдың жан үясімен бұл жануардың ортасында міне осындай көзбен көргенде ғана көңілмен сезінетін жақындық пайда болған еді. осылайдан осылай жануарды бар ауыл соңғы кездері хаюан екен деместен, ерекше бір ішкі жіліліқпен қабылдап кие тұта бастады. меилі өрісте жүрсін, меилі ауыл арасында жүрсін кәдімгідеи жол ашып қайырмақтап жақындық байқататын.
қыстың қымтанып алған ақ көрпесі сөгіліп, күллі тіршілік иесі асыға күтетін көктемнің шуақты күндері басталды. жыра-жылғалардың екі езуі көпіршіп, тентек бұлақтар асау тайдай тепкіленіп жатты. қырат-қырқалардың күнес беті буланып-бусанып, көк өскіндер басын жерден көтеріп бадырақтана бастады. міне осындай қәсиетті жер ананың омырауы исіне бастаған көктемде, тұңғат кәря тұйықсыздан дүниеден озды. қарттың бұл азасы қараша ауылды аңыратып та, қаңыратып та кетті. біздің қазақ «басыңа келсе үш күннен кеиін көрге де үйренесің» демеуші ме еді, ұлардай шулаған елдің үнінен шошып оянып шақырая қалған шағын ауыл, бір жетіден кеиін тағы да баяғы тыныштыққа бой ұсынып, қалғып-мүлгіп бұрынғы үйреншіктіөз күйіне көшті. қүләбие биыл да барақтың жілқісімен еріп ен жәйләп жәйләуғә кетті.
тағы да жаз өтіп күз келді. барақтың жылқы үйірінің бараны бұл күзде ауылға бұрынғысынан да молығып оралды. бұл кездері ауыл шетіндегі қарасудың бойында, көшкен елге күн салып тұратын топтың ортасында тұңғат кәря болған жоқ. тұңғат жоқ болған соң ең әлдімен құла биені күзететін, іздеитін көзде көп емес. бір талай уақыт озған соң барып, жасамыс тарта бастаған ауыл кісілерінің біреуі:
- барақты биыл құдай атыпты. тұңғаттың көзі кетті екен деп құла биенің арқасынан ала жаздай ер алмаған сяқты, көрдіңдер ме,әне! байқұс жануарға шыр бітіп, ет алмапты,-деді шықылықтап.
- әй, пенделік-ай,-деп, бас шайқады топ арасынан енді бір кісі.
- еркін қүләбиенің ақиқи иесі менмін әкетемін деп, жаз басында бараққа барып әлек салыпты,-деп кеиіді қатардан тағы біреуі. шынында да биыл байқұс бұл жануарға шыр біткен жоқ. еркіннің ерте жаздан таласқаны да шын. барақ қүләбиені еркінге бермеимін деп қанша ара түскенімен, жылда осылай жылқы үйірінде жүре беретініне күмәндәніп ала жаздай тақым артып алған еді.
- еркінге саттырып, иә соғымға сойдырып қүләбиені қор еткенше, байлап семіртіп тұңғат кәрянің келе жатқан жылдық нәзіріне арнаған дұрыс,-деді, қатардан тағы бір білгір шығып.
- жоқ, бұлай істеуді кәрянің аруағы ешқәшәндә қош көрмеиді. өйткені, көзінің тірісінде қүләбие өз ажалынан өлсін деп өсиет қалтырмады ма?- деді қоңырлаубыр дауыс.
-өсиеті несі, кәне кімге жазып ұстатып кетіпті. өлетін адам өлді , қуып келсе құла биенің иесі үкімет. баяғы тайқазанның кезіндегідеи семіртіп сойып, елге етін тараздап таратып бергені ең дұрыс,-деп өктем бір үн гүж ете қалды. жұрт дауыс шыққан жаққа жапырыла қарап еді, осы қыстақтың тайқазан тараудың алдындағы қыстақ бастығы екен. көп ел осының сөзінен кеиін бұғып қалды. қойшы әйтеуір, бұл күні ел қүләбиені қоярға жер таппай күңкілдесіп тарасты.
арада айналып ай өтті, қоңырсыған қоңыр күздің толған тұсында, бұл қараша ауылға қаладан көңке мінген топты кісі жетіп келіп түсе қалды. түстері де өзгешелеу؛ арасында сақалдысы да, мұрттысы да бар. желкесінентүйіп алған шәштіні ту сыртынан әйел екен ғой деисіз де, айнадай алдынан қарсы келе қалсаңыз иегіндегі шоқша сақалын көріп шошып кетесіз. бұл кісілер шағын ауылды шініменен шошытып жіберді. «сапалы өндіріс көлігін жетілдіреміз» деи ме?! әйтеуір, бұл араның елі өңі түгілі түсінде де естіп-көрмеген қайдағы бір әңгіменің ұшығын шығарады. алғашында ауыл шетіндегі топтасқан елдің қатарына келіп темір көліктерінің тізгінін іріккен бұл кісілер, мұндағы түрғіндәрмен тәжікелесіп сөйлескен еді бірден түсінісе алмады. бұлайша бұратана кісілермен жол үстінде әңгіме жарастырып кете алмастарын түсінді білем, көт айналып көліктеріне көтеріліп қыстақ кеңсесіне тартты.
- ой, мыналардың бие табыңдар, тұқымын асылдандырамызы несі...
- жылқыға тәжірибе жасағанды қай атамыздан көрген едік...
- сендерге, шөпті аз жеитін, күшті көлік жетілдіріп береміз деп, күнім-оу, өздері құдайдың сөзін айтады ғой...
тағы сондай несін айтасың жұлына, жұлқына сөйлеген сөздер, қыстақ кеңсесіне бет алған әлгі кісілердің артынан абалап жатты. бұлардың сөзін кеиінгі естіген елдің көздері тошаладай болып,тыпты де сыртына тепшіді...
тағы да бір кеш батты, тағы да бір таң атты. аспанның жүзінде жаңа пысып қаймақшып келе жатқан қазандағы шып-шып толысұттың бетіндеи шарбы бұлттар шымырлайды. бада малдар баяғыда өріске өріп кеткен. ауыл шетіндегі алаңқыда қораланып «пысты, пыстылап» қарта ойнап отырған елдің көзі, кенеттен қүләбиені жетектеп таудан түсіп келе жатқан бараққа түсті. құйрығын ердің үстінен тоқтау-толассыз қоқаңдатып ол да отырған жұртқа таяп келеді.
-бәйеке, бұл не жүріс?! құла биенің мойнына бүгін қалай арқан түсіп қалған,- дегендеи, сынды сұрақтар бараққа бұршақша борап кетті.
- е, ит білеме?! қыстақ бастығы таң атпай құла биені осында құрықтап жеткіз деп тебініп үйіме барыпты. бұл биеге билік айтуға сіздің шамаңыз жете қоярма екен, қыстақ халқын жинап алып сөләрмен сөйлессеңіз қәйтеді десем؛ биеңді жау алмайды, қасқыр жемеиді, қаладан келген кісілер бар, соларға бес минутқа керек болып тұр, артынан өзің алып кетесің деді. ізіне түсіп келген кісілерме деп арғысын өзім де қазбалап сұрап кетпедім ,-деп ақтала сөйлеген барақ құйрығын ер қапталынан тағы да бір аунатып үлгірді. ел бұған тағы да таң-тамаша болды. қыстақ кеңсесін бетке алып, ат үстінде қопаң-текең ойнаған баладай басы қаздаңдап барақ кетіп бара жатты. бір кезде кешегі келген кісілердің көңкесі, бұл отырған топты шаң қаптырып қастарынан жанап өте шықты. қыстақ бастығы мен барақ қүләбиені жетектеп көңкенің артынан ілесті. көңке де, бие жетектеген екеу де көз ұшындағы қоршамалы шабындыққа барып тоқайласты. отырған топ енді міне орындарынан еріне көтеріліп, бөкселерін қамшыланып жаяу-жалпылы солай қарай жылжыды. ауылдан әудем жерде 5, 6 гектәр шамасында қоршамалы шабындық бар. тайқазан тарағалы бергі ешкімнің де үлесіне бұйырмай, тусып тұрған ауылдағы ең шұрайлы жер. күз келіп бүкіл ел шалғысын шыңдай бастағанда, оның қызығын алыстағы ауыл басшылары мен осы арадағы қыстақтың атқа мінерлері көреді. қараша халықтың ішінен қызыл көзденген қыжыл сөздер шыға бастап еді, қыстақ бастығы оларға бұл жердің иелік ұқығы жоғары үкіметте екенін жеткізіп қос иығын көтерді. одан ары тәжікелесуге батына алмаған ел сөнімен аузын басып тынды. шынында да солай болса болғандай, ат шаптырымдай бұл аумақ тас қамалға бергісіз берік темір төрмен құрсауланған.
үздік-создық қозғалған ел шабындықтың темір есігіне келіп тірелді. қүләбиені мойнындағы арқаннан босатып, омырауын соққан шалғына жалғыз жүздіріп қойыпты. жануар жәйқәлғән шөптің ішінде шыбындап қойып жәйбірәқәт жәйіліп жүр. кешегі келген кісілер бүгін өте көңілді көрінеді. бір-біріне иек қағысып күле сөйлесіп, білектеріндегі күнмен шағылысқан күміс баулы сағаттарына әлсін-әлсін көзілдіріктерінің әстімен қарағыштап, ауылдың батысындағы ханның қара жолына жалтақтасып қояды. әудем жерде арасында кәрі-жасы, жетектеген кеибірінің баласы да бар, қалалықтарға қосылып кете алмай үркердеи болып далалық қауым тұр. өрден келген кісілердің дабырынан елдің бәрі үлкен жол жаққа қарап еді, қара жолдың шаңын шумақтап бір қара машина тура осылай тартып келеді екен. жақындап келгенде барып бүкіл ел, әлгі машинаның үстінде құлағы құрықтай болып жалғыз қара есектің келе жатқанын көрді. машина ентігіп келіп елдің қасына жетіп тоқтады. қара есектің қүрметі қарамашинаның үстінен кәдімгідеи үйшік жасап кежімдеп әкелгенінен-ақ көрініп тұр. шөфер машинаның артын көткеншектетіп апарып, кішкене төмпешікке тіреді де артқы қорабын жатқызып, қара есекті қаладан келген ел қаумалап жерге түсірді. өзі де бойы тереиген әңгі есек екен. шаппалықтың темір есігіне таяи бере әлгі есек шалғын шоптың ішінен жоны қылтиып көрінген қүләбиені өзінің медісі деп қалды ма кім біледі? аяқ астынан «аңқ,аңық...» аңырап, қолды аяққа тұрмай шиыршық атып ала жөнелді. есектің бұл одағай үніне аңырып, таяқ тастам жерде құлағы жоқ қүләбие тұр. қара есек жанын қоярға жер таппай, алдындағы темір есіктің өзін жапырып кетердеи дүниені дүрліктіріп азынады-ай келіп. кешегі келген кісілер жабылып жүріп әңгі есекті әреңге тоқтатып тұр. осы кезде қорғанның темір қақпасы ашылды. есектің мойнындағы ноқтасы сыпырылды. артқы шатының арасынан қара көсеуін сүйреткен қара есек, шалғын шөпті жапыра қүләбиеге тапырақтап тұра жөнелді. бие байқұс қара жерден жік шыққандай жетіп келген жетпегірден осқырына үркіп, ойқастап сырт айналды. қара есек қоятын емес, аңқ, әңқ...қүләбие қәзіріше қасына әңгі есекті апаратын емес. өңмеңдеп жетіп келгені сол еді, қос аяқтап тұрып көкке көкитіп алған есектің қу басынан «өлген жерің осы» дегендеи перді де жіберді.
- о, өлді,-деп ауыл адамдары шу ете түсті. қүләбиенің жанашыр жақтасы болып жамырасып кеткен елді, кешегі келген кісілер жақтырмай ала көздерімен атты. есек талмау жерінен оқ тиген арқардай ұзынынан түсті. қүләбие осқырына ойнақтап шыға келді. темір тордың сыртындағы ел қанша өкшелерін көтеріп, бойларын сөзғәнімен қалың шалғын қара есекті бұл кезде ел көзіне көрсетпеи көміп тастады. қаладан келген кісілердің күбір-сыбыры көбеиіп, шабындықтың есігінен біреуі шікеріге оза беріп еді, осы кезде қара есектің делдең етіп шөп арасынан әлдімен қос құлағы көрінді. беитәніс кісілер бойларына жан біткендеи жамырасып кетті. бір кезде басын сілкілеп орнынан есек тұрып келе жатты.
- түйт, патшағар! мынаның ит жандысы-ай,-деп қалды топ ішінен бір дауыс. есін жинап үлгірген есек айналасына қос құлағын тігіп, мойнын созып іңкәрін іздегендеи сүзеген көзденіп тұрды да, қүләбиені көре салып тағы да жынданды. аңқ, аңқ... әңгі есекті құла биенің қос аяқтап тепкен соққысы шінімен қорғантып тастаған тәрізді. бұл жолы бара салып бас сала алмады. тұмсығын көкке тігіп, құрықтай мойнын жасқана қайқаңдатып, қүләбиенің артқы сауыр жағына алыстан тап-тап беріп, қанатын жәйіп алған күрке тауықша құмарлықтың құртын төгетін оңтайлы сәтті күтіп шыр айналады. байқұс қүләбие алысқа ұзап кеткеннен басқа енді қорғаныстың қалмағанын білгендеи, шабындықтың ішін шыр айналып ұзақ шапты. қара есек қатарласып шапса,қуалап қүләбиеге жете алатын емес. деседе, малғұнның өңмеңдеуін қоятұғын түрі жоқ, баяғы сол аңырау, баяғы сол шоқырақ. қүләбие қоршаудың қайсы бұрышына барса да артынан аңырап қара пәле жетеді. байқұс жануар жанын шүперекке түйіп тағы да жөнеп береді, артынан жарбаңдап көлеңкедеи қуалап қара есек келе жатады. тағы тұра қашады, тапырақтап тағы қуып береді. бұл қашты-қудының бүгін тоқтар, толастар түрі жоқ. қүләбие көсеуін сүйреткен бүгінгі бұл зәндемнен құтылғысы келеді, ал, құмарлықтан құтырып алған қара есек шаршап-шалдығу, болдыру дегенді білмеиді. құдай оның осылайша жанын сірі қылып жаратқан соң не шара. қүләбиенің құдайға сонда не жазығы бар екен деші! бір кезде қүләбие тордың ту сыртында тұрған топқа қарап кісінеп-кісінеп кеп жіберді. мүмкін жануар болсада байқұс жазған жағадағы тұрған елден меиір-шапағат күткен шығар?! бірәқ, өкініштісі бұл елдің ортасында бүгіндер баяғы тұңғаттар тұрған жоқ еді. о, жалған дүние-ай!... қүләбие қолтығынан қолау болып, қос құлағынан айрылып, тұяқ көбесінің тұқылы қалғанша ұмтылып жарық дүниенің бір түкпірінен өзінің осы өрісін өліп-талып аңсап жеткенде, бол жаһанның бүгінгідеи тар, бүгінгідеи жиіркенішті екенін сезбеген еді. шабындықтың шығыс жақ бір мүйісіне бұрын жеткен қүләбие тұра қалып іш босатты.
- әттеген-ай, жануар әбден болдырып бұрлықты-ау!-деп, топ ішінен булыға шықты бір дауыс. шоқақтап жеткен қара есек қүләбиенің аялдап тұрған жеріне басын салып жіберді де тіптен есінен адасып аңқ,аңқ, әңқ...есіріп ала жөнелді. жағадағы елге қүләбиенің қолтығы бүріліп, шабысы шау тартып баяулап бара жатқан сайын, қара есектің адымы аршындап ашыла түскендеи сезілді. күн шығыстағы көкжиектен арқан бойы көтерілгенде басталған бұл қашты-қуды, дамыл алмай күн батыстағы ұясына құлағанға деиін жалғасты. қүләбие қәрәтерге малшынды. қайран жел қанат жануар десеңші, темір тордың ішінде діңкесі құрып, ендігі шабысы шоқыраққа ауысты. мойнын алдыға оздырып қанша ұмтылса да жануардың төрт тағанындырыл билеп, шабындықтың бір бұрышына жеткенде алды-артына теңселіп солықтап тұрды да қалды. қара есек аңырап кеп алдыңғы екі аяғын биенің сауырына сала бергенде құла жазған етбеттеп барып ұзынынан түсті. төрт аяғын бауырына жя алар емес, басын бір-екі рет көкке көтерді де оқыранып барып тастап жіберді. темір тордың сыртында телміріп тұрған елдің дымы ішіне түсіп барады. қара есек болдырып халы кетіп құлап жатқан құла биені шыр айналып шықты да, тағы да адам ойламаған тағылыққа басты. қаршылдатып қүләбиенің құймышағынан тістелеи жөнелді. тісі қадалған жер қәндәуірмен шабақтағандай қызыл қанға боялып жатты. жануар жәндәлбәсәмен тыпыр-тыпыр етеді. бір кезде аңыраған әңгі есектің азуы талықсып жатқан биенің тақыр шабынан келіп қадалғанда, қалың ел:
- ой, бұу! олтырды-әу,деп шиебөрідеи шу ете қалды. басын жерге тоқпақтап қүләбие орнынан ұмтылып тұрып келе жатты. барақ «ыңқ» ете түсті. қараша елмен бірге еріп келген бір ер бала бетін басып «баж» етіп отыра кетті.
*****
қылышын сүйретіп қыс келді. биылғы қыстың қабағы тым қатулы؛ әлдімен қапалақтатып қарлатып алды да, артынан абыжыландай ақ боранын ысқыртып, бір-ақ күнде бұл өлкені бүріп әкетті. табиғат жарықтықтың биылғы тарпаң бұл мінезі, қырдағы төрт түлікке де бұдан кеиін қырын келетіні белгілі бола бастады. жылдағы бұл кездері өрісте ойнақ салып жүретін барақтың жылқы үйірі тұз тілегендеи міне осы кезде шұрқырап ауылға түсіп алды. арқа сүйегі арсаланып, құймышақ-сауырына қатпыш болып қан байланған баяғы қүләбие тұңғат шалдың қашасына келіп оқыранды. бұл кездері бұл қораның ергеншегі енді оған ашылудан мүлде кеткен еді. «қүләбиеге есек шаптырыпты» деген баяғы әңгіме, бұл қардан да бұрын бұл өлкеге жауып кеткен. біреулер жағасын тістелеген, біреулер көз алдына тұлдыр шұнақ қүләбиені келтіріп қарадай тыжырынған. қүләбие екі күнде есін жинап қоршамалы шабындықтан шыққанда да тұңғыш рет тұңғат кәрянің үйін іздеген. марқомның немересі есіктің ергеншегін көтеріп кіргізіп алған еді, әкесі қолына бақанын алып қорадан оны қайтадан топалаң малды көргендеи тұлан тұтып қуып шыққан. алты жасар байқұс баланың әке билігіне сол күні әмірі жетпеді. үй жаққа жалтақтап мойын бұрып ұзап кетіп бара жатқан қүләбиенің соңында солығын баса алмай кемсеңдеп ұзақ тұрды. атажанды немеренің тұңғат шалды осы сәт тағы бір жерлегендеи көзінен жасын көлдеткенін көрсеңіз ғой, шіркін! баланың әкесінің бұлайша бұланайдың бұлтынша бұзыларының да өзіндік себептері бар еді. ауылдағы құрбылары кездесе кеткен жерінде:
- қалай қашыр мінеиін деп, қүләбиенің құлындайтын күнін санап жүрмісің?..
- соғымға сойып ал, есек шапсада еті адал ...деген сяқты сүзеген сөздермен қыжыртатынды шығарды. онсыз да олақ тілді әкеге қүләбиесі құрысын, құтылмас пәле болып жабыса бастады. «иесімін» деп жүрген жалбыр шәш еркін енді бұл кезде, талағың түскірді тіптен «танымайтын» болып шықты. барақ бай да биылғы қыстың кесәпәтін көлденең тартып, қорадағы жиналған жем-шобым жетпеиді деген сілтәумен қүләбиені үйірінен сырыта бастады. міне осындай малдың да өз ортасынан жетімсіреитін кезі болатынын кім көрген. көшелердің бұрма-бұрышында ту сыртын боранның өтіне беріп, түндер бойы қар жамылып шығатын қүләбиені бұл араның тұрғындары күнде көретін еді. байқұс жануар сіреу қарда өріс іздеп түзге кете алмай, көше бойындағы қоралардың қи күресіндерін тіміскілеп жүретінді. қаншама күндер өткені белгісіз, ел де мүмкін кешігіп еске алған шығар, қүләбие бір кездері көзден ғайып болды. ұры-қары әкетті деитіндеи байқұс биенің өз басы пышаққа да жарамайды, сіңіріне сүйенген көтерем. құлағы тұлдыр шұнақты ешкім де малданып өрісіне де, қонысына да сидырып кете алмасы ол да мұнда тұрған әңгіме. онсыз да оның есекке шаптырған дақпырты бүкіл далаға даңғарадай шулы еді. қаладан келген баяғы «тәжірибешіл»кісілердің бұл биені әспеттеп әкеткен шығар деудің де дәйегі жоқ, өйткені, басқа емес биыл ешкім де оны жол мен жонды қосып жіберген мына қалың қарда әспәнмен келіп әкетпесе, аяғы жетер түрі жоқ. байқұс жануарға ажал жетіп өлген болса, оның өлексесін ит-құс әлде қашан мынау жарық дүниеге жаря етер еді. міне осылай қүләбие бұл дүниеден ең соңында шімесіз, дерексіз кетті.



«ұлттар әдебиеті» журналы, 2016-жыл 5-санынан алынды
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1631

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Менің жазғы демалысым 5 min
Оралда қос автокөлік тү 6 min
Шамалғандағы апат бойын 10 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
Апаттан зардап шеккенде 30 min
Хабарландыру! – S 30 min
Пойыз бен автобус соқты 1 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 1 sagt
Футболдан кезекті қайыр 1 sagt
Шамалғандағы апат болға 1 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 1 sagt
Бас көлік прокуратурасы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Бішкекте барысты қорғау 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Иран әйелдері футбол та 2 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
А каков твой намаз?! | 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 2 sagt
Қарағанды облысында жаң 2 sagt
Пойыз бен автобустың со 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
"Ақырына дейін авт 3 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 3 sagt
Болашақ Олимпиадаға ап 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Алматы облысында пойыз 4 sagt
Пойыз бен автобустың со 4 sagt