Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171254396739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 01:21 - 2016/11/01

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1630
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1630

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1630

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Көкбөрі





МӨДЕ ХАНҒА НЕ БЕТІҢДІ АЙТАСЫҢ?..
(ЗАР-ЗАПЫРАН)





Қайран Қазақ!
Қандай күнге тап болдың?
Өз жеріңе, өз еліңе жат болдың!
Қалмақтарға алдандың ба тағы да,
Жібегіне: қызыл торғын, ақ торғын...


Тышқандарды саған зорлап, ірі етпек,
Қора-қопсы, әжетхәнә күретпек.
Қайран Қазақ!
Сені тағы зөрліқпен,
Ана бетпәқ!
Табғаштарға құл етпек.



Болар халқым: күндіз бенен түн бірдей,
Болар халқым: қасқыр апан, ін бірдей.
Ол тексіздер, қара құрттай қаптаған,
Қазақ жерін жаулап алмақ білдірмей...




Ол жалмауыз, талғамастан қылғытқан,
Қорықпайды олар, мына біздей «ынжықтан».
Кілең құлдар, билікті алған қолына,
Қайран Қазақ!
Құтылмассың құлдықтан!



Аңқау Қазақ!
Көрінгенге сенесің,
«Өліп болдың» дегенім не, Өлесің!
Қайран халқым!
Үш жүз жылдай сүмеңдеп,
Кәпірлердің құлы болып келесің!



Ата салтың, дінің, тілің, жоғалған,
Қайран кезің мамыражай – ол арман!..
Бар қазынаң: жер асты мен жер үсті,
Бүгіндері түгі қалмай тоналған...




Көрінгенге орын бердің төріңнен,
Қайран халқым!
Жерің жақын көріңнен.
Барар жерің, басар тауың қалмады,
Айрыласың енді қалған ЖЕРІҢНЕН!




Өлейін бе, ана жаққа жақпаса,
Қәйтем енді кілең тексіз таптаса?
Күнге жеттің ата-бабам ескерген:
«Сары орысты әкем дейсің,
Қара малғұн қаптаса»...


Мен білемін тарихты, «мың өлдің»,
Шарасыздан талай рет түнердің.

Енді сенің барар жерің қалмайды,
Қайран Қазақ!
Тығырыққа тірелдің!



Түнмен бірдей, енді саған күн болмас,
Түсіндің бе, кімнің жақын, кім жолдас?
Ең соңында айрылған соң ЖЕРІҢНЕН,
Ұлттығың мен елдігіңе күн болмас!



Енді көзден бұл-бұл ұшар алтын ай,
Шыңырауға шым батасың, шалқымай...
Осіменен ел болудан кеттің бе,
Қойдай жуас, тұяқ серіппес халқым-ай!



Құл болған соң, құлдың сөзін айтасың,
Ұмыттың ба, ата-баба шайқасын?..
Ұлы Ғұнның билеушісі Мөде хан,
Қайтып келсе, не бетіңді айтасың?..



Қайран Қазақ!
Жаз жайлауға сыймаған,
Ағайынын, ағайыны қинаған...
Қойнындағы қатыны мен тұлпарын,
Қиғәнімен, ЖЕРІН - Мөде қимаған...



Аз болды ма, бастан кешкен азабың?
Аз болды ма, көрген қорлық, мазағың?
Мөде қаған сынды ұлы бабамның
Өсиетін тәрік еттің-ау, Қазағым!



Біліп тұрып, қас жауыңа болыстың,
Бабын білмей, бағын білмей қоныстың.
Намысыңды жеп кеткен бе, Қазағым,
Анау биттей кәнден иті орыстың?..



Кілең сатқын, жағымпаздар, дінсіздер,
Шала, дүмше, шүлдірлеген тілсіздер.
Құл-құтандар, намысы жоқ бойында,
Қайран Қазақ!
Сөләрменен бірсіздер...



Жетісіпсің!
Шүршіт алса жеріңді,
Бұл немене, алған емей еліңді?
Тұрсың Қазақ!
Жоқ болудың алдында,
Енді өзіңе, өзің қазып көріңді!..



Қайран Қазақ!
Мұң-зарыңды кім ұғар?
Тым құрмаса, інің де жоқ тығылар...
Білге қаған!
Ер Күлтегін!
Төнікөк!
Естеми хан!
Бумын қаған! – Ұлылар...




Ол иттерден сақ болуды ескереткен,
Қандай Ұлтсың?
Миы ашыған, ес кеткен?
Қалғып, мүлгіп, ұйқылы-ояу қалпыңда,
Бөксеңді де көтермейсің бөстектен.



Қыңқ етпейсің, жұлыныңды жұлдырса,
Сайрауыңды бір қоймайсың «бұлбұлша»
Ұлы Сақтың,
Ұлы Ғұнның,
Көк Түрік,
Аруағынан қорықпайсың ба, тым құрса?



Ана алғыштар, жылпыңдаған қасап-ақ,
Ана құлдар, көзге іліксе, асамақ...
Ұлан-ғайыр Дешті Қыпшақ даласын,
Мына құлдар, ту-талақай жасамақ!



Олар келсе, аруыңды зорламақ,
Сөйтіп, сені «сары орыстан» қорғамақ.
Әз Жәнібек!
Керей ханды мазақтап,
Абылай хан!
Хан Кенені қорламақ!




Жағымпаздар, сілімтікке жанаған,
Туған ұлтын, қан сорғыштай қанаған.
Тексіз, дінсіз, тілсіз дүмше ана бір,
Әулекіні мәңгі ханға балаған...



Сәулесі бар, күндіз інге тығылған,
Біреуі жоқ, Ақиқатты ұғынған!
Бас көтеріп, сөз айтатын Нағыздар,
Дінсіздердің сойылынан жығылған!..



Ағайын жүр, бір-бірімен кетісіп,
Қазақтар жүр, ру-ру, шекісіп...
Қайран Қазақ!
Анау алды жеріңді,
Ыржақтайсың, енді неңе жетісіп?!.




Кімге керек, бұл Далаңның кеңдігі?
Кімге керек, Отаныңның елдігі?
Жалтақтамай,
Аттан, Қазақ!
Атқа қон!
Кешігуің, өліммен тең ендігі...



Бұл күресте, ойыңа алма Өлімді,
Бүлдірместен таза сақта Тегіңді!
Аттан, Қазақ!
Аттан, Халқым!
Атқа қон!
Ішкі, сыртқы жаудан қорға ЖЕРІҢДІ!!!



Кезі жетті, тыйылатын күлкіңнің,
Қазақ үшін, соңғы шайқас, мүмкін бұл?
Жер дауы мен жесір дауы, ежелден
Қан ойнатар, Намысы еді-ау, Ұлтымның!!!



Ұлт дегенде, бойда қаның ойнайды,
Қаны теуіп, біздің Қазақ ойлайды...
-Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!-дегенде,
Атқа қонбас Қазақ сірә болмайды!



От жарқылдап, көктегі күн күркірер,
Жер-Жаханда атқа қонар Түріклер!
-Аруақ!
Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!-деп,
Күнде жақын бүкіл Қазақ сілкінер!



Бесіктегі сәби шошып, шырқырар,
Дінсіз, тілсіз, бейшәрәләр тұншығар!
-Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!
-Аруақ!-деп,
Ұды Дала, күңіреніп, бұлқынар!




Шатыр-шұтыр!
Аспан төсі қақырар!
Кілең дінсіз, сенгендерін шақырар!
Көкте – Тәңір, шерменде Ұлтын жебесе,
Ұлы тасқын, жолындағын жапырар!



Жауап берер, алдыңғылар, соңғылар,
Бұл заматта, ойбай салып, болды зар!
Екі дүниеде опа таппас Аруақты
Қорлағандар!
Анау тілсіз сорлылар!..




Жұмаш Көкбөрі,
21.04.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1630

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Оралда бос қалған өндір 1 min
Қанат Исламның келесі қ 2 min
Табиғи монополияларды р 2 min
Welcome to Aqtóbe: Ақтө 4 min
Мемлекет басшысы Петроп 10 min
В.Исламова күрестен Ток 12 min
Ли кічяң сант - петербу 12 min
Шамалғанда шенеуніктер 12 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 13 min
Бас инспектор ақау шыққ 16 min
Павлодарда 22 жастағы ж 22 min
УЕФА Чемпиондар лигасын 22 min
Британ премьері Брекзит 22 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 25 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 1 sagt
Боз кілемде балуан қызд 1 sagt
Білім және ғылым вице-м 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 1 sagt
Тоқаев: СҚО-ны газданды 1 sagt
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Ақтөбе мен Орынбор шека 1 sagt
Қазақстанның бірқатар а 1 sagt
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt