Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:47 - 2016/11/01

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1629
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1629

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1629

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі)
ТАҚ ТАЛАСЫ МЕН БАҚ ТАЛАСЫ – МӘҢГІЛІК ПЕ?
Ол кімге «зян», кімге «бақ»?..
Қандай жөлмен болса да алтын таққа бір бір мініп алған, патшалық не көрөльдіқ емес, қағаз жүзінде демөкрәтияліқ мемлекетте әділ сайлаулардың қай-қайсына да пысқырып қарамайтын өзінше «демөкрәт» билеушілерінің одан өлсе де түспей қоятынын, немен, қалай түсіндіреріңді білмейді екенсің.
Оны сол алтын тақтан түсірмей қоятын «керемет күш» - өз елінің байлығын шексіз тонаушылық пен ұрлау, басқаша айтқанда, ен байлыққа кіріп алып, есі шығып кетуі - бірінші себеп болса, екінші, себеп, оның айналасындағы өнімен табақтас болмаса жемтіктес ұрыларының одан айрылғысы келмеуі, сөйтіп, ол билеушінің жыл өткен сайын қылмысқа белшесінен бата беруіне себеп болады. Ол орнын бостатса, заң алдында жауап беретінін өте жақсы біледі. Содан кейін: «маған өлген соң бәрібір» деген принцип ұстанады. Былай кей сәтте осы істеп жүргендеріне іші қан жіләғәнімен, ана қаптаған жағымпаздары мен қолдаушыларын,тау-тау алтын мен өлшеусіз ақшаларды көргенде, соның бәрін тез ұмытып кетеді.
Мұндай таққұмарда туған ұлт та, оның мұңы мен мұқтажы да жоқ. «Олар өлмесе өмірем қапсын! Тек өз басы аман болса болды!»
Жалпы, «тақ таласы мен бақ таласы дегеніміз - үлкен саясат. Ол үлкен саясат та негізінен тазалық болмайды. Керек десең, бұл ұлы шайқаста ешкім де бақталастарын аямайды. Тіпті, өзінің ішінен шыққан баласын да, туған әкесі мен анасын да жер жастандырады» деген тәмсіл бар. Осы рас болса...
Ана мемлекет, ұлт байлығын өлшеусіз тонаған бүгінгі таққұмар билеушілер, тонаған байлықтарын өле қалса, өзімен бірге ана жаққа әкете алмайтынын уақытша естен шығарып, оларын әлемнің әр түкпіріндегі ұры ақшалар сақталатын «офшор» деген алтын сандыққа апарып салып тастайды.
Таққұмар сол билеуші туған ұлтын өлердей жек көреді де, қайдағы бір кірмелерге туған әкесіне жасамаған жақсылығын аямайды. Өйткені, ол өз ұлтынан қатты сескенеді де, ана алаяқтардан ұялмайды. Ал, оның туған ұлты, мемлекеті өлшеусіз қарызға батып, халқы қайыршылық күн кешеді. Ол оны көрсе де көргісі келмейді. Бос сөзбен, құрғақ уәдемен алдаған үстіне алдай береді.
...Ал, халықтың да шыдамның шегі жоқ емес, бір күні дүрк көтеріліп, ананы тақтан жұлып алып тастайды. Мемлекет пен ұлт бұл шайқас та көп зиян шегеді, бірәқ, содан кейін елде әділеттілік орнауы әбден мүмкін. Әлем тарихынан мұндай билеушіні, мұндай оқиғаны көптеп кездестіруге болады. Бірәқ, содан сабақ алғысы келмейтіндердің арамызда әлі көп екенін көргенде, не деріңді білмейді екенсің...
PS!
Иә, бұл менің қарашаның алғашқы күні жазған алғашқы ой толғауым. Оқыңыз, пікір айтыңыз, мүмкін мен дұрыс айтып отырмаған болармын.
Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
01.11.2016 жыл,
Жұмаш Кенебәй
БҰЛ ҚАРАШ ӨГЕЙ МЕ?..
Нені аямау, нені аяу,
Қараңғылық - не бояу?
Міне, қәзір түн ортасы,
Жұрт ұйқыда, мен ояу...
Білінбеген әуелде,
Мынау түнгі әуен бе?
Құсұйқылы мен сияқты,
Қанша жан бар әлемде?
Ұйқы әрине албасты,
Санамда ойлар алмасты.
Абай айтқан «қарашаның»,
Бүгін күні алғашқы.
Әлі күндіз шуақты,
Берді құдай сынақты.
Алматыда қараша -
Өгей бала сияқты...
Жұмаш Кенебәй,
01.11.2016 жыл.
Жұмаш Көкбөрі
ЖАМАНДАРҒА – ЖЕҢІЛ МЕ?..
Әділі бар, арам бар,
Неге бұлай адамдар?
Арәкідік болса да,
Кездеседі жамандар.
Түбі кімі сорлайды,
Түбі кімі оңбайды?
Бәрі адамның неліктен
Таза, әділ болмайды?
Мынау түсім, өңім бе?
Өкпем бар ма менің де?
Жақсыларға - жол ауыр,
Жамандарға - жеңіл ме?..
Жұмаш Көкбөрі,
01.11.2016 жыл.
Жұмаш Көкбөрі
БІЗДІҢ ҚАЗАҚ, ҚАНДАЙ ҰЛТ?
Сүйей ме олар бір-бірін,
Сақтай ма екен бірлігін?
Біздің Қазақ, қандай ұлт,
Кім айтады шындығын?
Қай биікке шықты өзі,
Одан нені ұқты өзі?
Білімі мен біліктің,
Қай жағынан мықты өзі?
Ақиқатын таңдайық,
Қәтелесіп қалмайық,
Тоқ етерін айтқанда,
Біздің Қазақ, қандай Ұлт?..
Жұмаш Көкбөрі,
01.11.2016 жыл.
Жұмаш Көкбөрі
Жұмаш Көкбөрі
ЖЕР КИЕСІ АТАДЫ!
Өз жеріне сия алмай,
Ұрлағанын қия алмай,
Қазақ жерін сатуға,
Кім барды екен ұялмай?
Астында өзі қай тудың?
Ығында өзі қай қудың?
Сатуды қой, бұл сөзді,
Өзі қылмыс айтудың.
Қан-қан болып жатады,
Ажал дәмін татады!
Жер киесі Қазақтың
Түбінде оны атады!..
Жұмаш Көкбөрі,
01.11.2016 жыл.
Жұмаш Көкбөрі
«ҮШ ТІЛ» және ӨШПЕНДІЛІК!
Қай сайтанға «үшкір» де,
Қай бетпәққә «түшкір» де,
Тілін қорлап Қазақтың,
Көшірген кім «үш тілге»?
Өз халқынан тасалап,
Ол ұрылар асамақ!
Қазақ емес, Қазақтан,
Нағыз құлдар жасамақ!
Бүгін жоқ та, кеше бар,
Бұл жұмбақ, кім шеше алар?
Туған ұлты Қазаққа
Неге сонша Өш олар?..
Жұмаш Көкбөрі,
01.2016 жыл.
Жұмаш Көкбөрі
ОСАЛДЫҚ!
Біреулер, жағдайын оңалтар,
Біреулер, өткенін оралтар.
Уақытша қиындық болғанда,
Көп адам салмағын жоғалтар.
Соңғы үміт жоқ жерде сетінер,
Көп сорлы қәдірін кетірер,
Көп пенде шын бетін көрсетіп,
Артынан оңбастай өкінер.
Сезімің, шынайы сезім бе,
Шінімен басқа емес, өзің бе?
Қай жанның сыналар уақыты,
Қандай да қиындық кезінде.
Адам боп өлейік, өлсек те,
Берме оны басқасын берсекте,
Сондықтан достарым, абай бол,
Ешқашан осалдық көрсетпе!..
Жұмаш Көкбөрі,
01.11.2016 жыл.
Жұмаш Көкбөрі
МАҚТАУ мен МАҚТАНУ
Ақиқат таза бұл енді,
Жоғалтып алдық жүгенді.
Қазақты құртар мақтану,
Және де мақтау біреуді.
Мақтаған жерде жоқ ерік,
Мақтану жаман елеріп.
Осыдан Ұлтым арылмай,
Болмаспыз әсте Кемел Ұлт.
Өтірік сөзге тоңбаймыз,
Бос сөзден кімді қорғаймыз?
Мақтану менен мақтауды
Азайтпай әсте оңбаймыз!
Жұмаш Көкбөрі,
01.11.2016 жыл.
Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі)
АУЫЗДЫҒЫМЕН АЛЫСҚАН ТҰЛПАР МІНІП...
Менің ФБ-дағы достарым!
Сіздер мені дұрыс түсінер деп ойлаймын. Себебі, соңғы кезде жазбай отыра алмайтын болдым. Көп жылдар тұншығып, сырқаттанып жүргенімнен бе екен. Енді тап бір бұғаудан босанып шыққан асаудай, өзіме өзім тізгін берер емеспін. Ауіздіқпен алысып, алыс, алыс құйындарға құйғытып шапқым келеді. Ат үстінде өскен қазақтың баласы емеспін бе, бір тұлпарға мініп, құйғытып шапқым келеді. Мына тас қалада тұншығып қалған кезде елегізіп қазақтың ұлы даласына қараймын. Ана Бетпәқ шөлінде, қалың құм ішінде адасып жүргім келеді.
Осындай кезде анау бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы Ақшатауға, ата-бабамның сүйегі жатқан Қалғұтыға, солардың ізі жатқан Ақжайлау мен Сандықтасқа, Қоңыртауға, Шыңғысқа, Көшбикеге, Өкпетіге, Аягөзге, Қозы мен Баян ескерткіші тұрған маң далаға, Еңлік пен Кебек жатқан үңгірге, арғы бабаларым Қәрәкерей Қабанбай, Ақтәмберді, Ақтайлақ би, Би Боранбай, Құттыбай би, Дулат Бабатайұлы, Әріп ақын, ана жердегі ұлы Абай жатқан жер, Күңке, Шәкәрім, арғы бабаларым: Төлегетәй, Қәрәкерей, Сыбан, Жәңгөбек, Сейтен, Ағанас, Тоғанас, Медет, Кенебәй, Айсаман, т.б. жатқан табиғаты ғажайып сол бір өңірлерге әуіздіғімен алысып, ақ көбігін шәшқән түлпәріммен бір қыдырып қайтуға барсам ба деп армандаймын...
Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
01.11.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1629

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас инспектор ақау шыққ 7 sek
Бокстан әлем чемпионаты 5 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 5 min
Бас инспектор ақау шыққ 9 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 15 min
Қазақстанның бірқатар а 15 min
ҚР Президенті отандық а 18 min
Жол апаты кезінде оқиға 24 min
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 25 min
Президенттік жастар кад 25 min
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Әлемдік және дәстүрлі 1 sagt
ЖИҺАД ЕМЕС, ТЕРАКТ R 1 sagt
«Жаңа латын әліпбиін ен 1 sagt