Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 01:37 - 2016/10/28

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1621
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1621

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1621

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


28.10.2016
Жұмаш Кенебәй
«ҚАЗАҚ ЖАЛҚАУ» ДЕГЕНДІ КІМДЕР және
НЕГЕ ОЛАЙ ДЕП АЙТАДЫ?
«Қазақ жалқау» дегенді Қазақ Елі өз тәуелсіздігін алғаннан сәл бұрын жоғары жақтағылар, қолында әйтеуір билігі барлар әузімен айтыла бастады. Сөвет одағы кезінде де бұл сөз тіркесі бөлғәнімен, мемлекеттік деңгейде қозғалған емес.
Тәуелсіздіктің елең-алаңында ешкім түсінбейтіндей опыр-топыр басталғанда, атап айтқанда, ауылды, ауыл шаруашылығын сыртқа тепкенде, оған ілесе жаппай жекешелендіру басталғанда: «қазақ жалқау» деген сөз тіркесі ана жаппай жекешелендірушілірдің сүйікті ұранына айналды. Олардың ондағы мақсаты – ен-тегін қазақ байлығын өзге кірмелерге берген болып, артында өздері тұрып алуды мақсат тұтқаннан еді. Бұлар солай істеді де.
Соның нәтижесінде қазақ ауылдары малынан айрылды, қаңырап бос иесіз қалды, жаппай жұмыссыздық басталды, жұмыссыз қазақтар қалаларға үдере көшті, қала жолатпады, қаңғып далада қалды.
Әсіресе, жұмыссыз қалған қазақ жастарына қиын болды. Олар күн көріс үшін неше түрлі жаман әдеттерге барды, анаша тартты, құмар ойындарын ойнады, ұрлық жасады, қыздарымыз тән саудасының бұйымына айналды, түнгі клубтәр, сауналар, моншалар, қөнәқүйлер, шетелдік туристердің ермегіне айналды қайран қазақ аруларының дені.
Қазақтың осылай азуына на «қазақ жалқау» деп айтатындар кінәлі екені айтпаса да түсінікті. Өкінішке қарай, ширек ғасыр бойы бұл «қазақ жалқау» үрдісі жалғасуда.
Басында ештеңені түсінбей қалған қазақ жастары қәзір біртіндеп естерін жиып, ұзын етектілері етектерін қымтап, ұяттың не екенін қайта түсіне бастады. Бұған да шүкір. Мемлекеттік деңгейде қазақ жастарына тәрбиелік, тағлымдық ештеңе де жасалған жоқ. Қазақ жастары өздері тырбанып, ана лас дүниеден бойларын аулақ сала бастауының өзі біздің ұлтымыздың ояна бастағанын көрсетсе керек.
Бүгінде кез келген қазақ жасының аузынан: «тағы бір Желтөқсән керек» деген сөзді жиі естимін.
Бұл нені көрсетеді?
Бұл ұлтымыздың болашағы жастарымыздың естерін жиып, жапа шеккен ата-бабаларының ешқәндәй да «қазақ жалқау» емес екенін тұла бөйләрімен ашына сезініп, қандай күреске де дайын екенін көрсетеді.
Біздің қазақ енді ешкімге де өздерін қорлатпайды және ондай арам ойлары барларға тіке жауап пен соққы беруге әзір...
Жұмаш Кенебәй,
28.10.2016 жыл.
Жұмаш Кенебәй
«МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» ДЕГЕНДІ АЙТҚАН...
«Мен жастарға сенемін!»-
дегенді айтқан Мағжаннан,-
Өз тұсында не жастың бағы жанған.
Аралдағы адамдай жастарымда,
Ал, бүгінде неліктен бәрі де арман?
Қазақ жасы!
Ұлы ақынның қалайда осы айтқанын,
Өтінерім, жадыңнан шығармашы?
Қәжет болса, «аттан сал!», ұрандашы!
Тек әйтеуір ешқәшән жылнбашы?!
Қазақ жасы!
Ұлтыңның болашағы
Өз қолыңда екенін ұмытпағай!
Жүргеніңмен бәрінде біліп талай,
Жатқанын біл жаманның іріп талай,
Еркін өсші ойыңды құлыптамай!..
Жұмаш Кенебәй,
28.10.2016 жыл.
ҚАРА СУЫҚ...
Қара суық, қара күз,
Маужыраған қаламыз.
Мына жалаң суықтан,
Неге жаурап барамыз?
Рас, жазға жетпейді-ау,
Не нәрсе ойдан кетпейді-ау?
Қара суық, осы бір
Қыс түскенше кетпейді-ау.
Деме өсімен іс бітті?
Көңіл неге қыстықты?..
«Қара суық» дегенмен
Аңсата ма-ау ыстықты...
Жұмаш Кенебәй,
28.10.2016 жыл.
ОЙ САЛАР МА?..
Алматыда жер қара,
Қиыршық қар үшқәнмен.
Мән бермейді ел де ана,
Ептеп суық қісқәнмен.
Өмір кешкен алаңсыз,
Жасыл баққа боп арман.
Ағаш біткен амалсыз
Жапырақтан тоналған.
Бітпегендей бір ісі,
Көңіл біткен арманда.
Қара күздің бұнысы
Ой салар ма жандарға?..
Жұмаш Кенебәй,
28.10.2016 жыл.
Жұмаш Кенебәй
НЕ НӘРСЕ ДЕ АРМАН-АУ...
Көңіл шалқып толатын,
Тәтті ойларың толатын,
Бар кезінде жаздың да
Сәні бөлек болатын.
Күннің нұры себелеп,
Тек сұлулық өрелеп,
Көктемнің де келбеті
Қолда барда керемет!
Ой дегенің ұшқын ба,
Көкке қалқып ұштың ба?
Ақ мамыққа малынған
Өз сәні бар қыстың да.
Көп түнерер аспанды-ай,
Әзер қадам басқандай...
Қара күзде қәзіргі
Басқа бояу басқандай.
Жүдеу тартқан тал да анау,
Жүдеу тартқан маң да анау,
Қолдан шығып кеткен соң
Не нәрсе де арман-ау...
Жұмаш Кенебәй,
28.10.2016 жыл.
Қайырлы таң, Қазағым!
Таңдарыңыз ашық, көңілдеріңіз бекем болсын!
Барша мұсылмандар үшін (ішінде өз қазағымыз да ) орны бөлек ЖҰМА күні мүбәрәк болсын!
Игі ниетпен,
Жұмаш Кенебәй,
28.10.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1621

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 2 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 9 min
Боз кілемде балуан қызд 9 min
Білім және ғылым вице-м 9 min
Бас инспектор ақау шыққ 14 min
Бокстан әлем чемпионаты 19 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 19 min
Бас инспектор ақау шыққ 23 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 29 min
Қазақстанның бірқатар а 29 min
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt