Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1610728029 %71 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 02:18 - 2016/10/26

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1620
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1620

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1620

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Жұмаш Кенебәй




ҒАШЫҚТАР ӨЗЕНІ - АЯГӨЗ!





Қысы-жазы қар жатар,
Төскейінде мал жатар,
Тарбағатай тауынан,
Арайланып таң да атар!..



Мөлдір бұлақ кезеді,
Бастау алар өзегі,
Тарбағатай тауынан
Бұл Аягөз өзені.

Қанша жанды бағады,
Қанша малды бағады,
Бұл Аягөз өзені,
Үнсіз жылап ағады.



Жасымайды Аягөз,
Басы жайлы Аягөз.
Басқа өзендер сияқты
Тасымайды Аягөз.



Сағынғанда басып мұң,
Оған бәрің асықтың.
Бұл Аягөз сан мың жыл,
Шөлін басқан ғашықтың.



Асқақ біткен не деген,
Әне, анау төбеден,
Қозы, Баян қарап тұр,
Керемет қой о деген!

Құрғыр жүрек сезеді,
Уақыт неткен тез еді,
Бұл Аягөз о бастан
Ғашықтардың өзені!



Елтігендей әуенге,
Боялғандай мәнерге,
Аягөздің суындай,
Су бар ма екен әлемде?



Өзім сырын білемін,
Дүрс-дүрс соқты жүрегім...
Тек ғашықтар ішетін,
Суы балдай білемін.



Ғашықтарға бір сын бар,
Кереметтей тылсым бар,
Аягөзден асылы
Шын сүйгендер сусындар.



Көз жіберсең белестен,
Бір белгі бар елестен.
Бұл Аягөз бойында
Қайың, терек, мол өскен.



Жүрек сыздар сезімдей,
Сұлулықтың өзіндей,
Қарақаты ғажайып,
Арулардың көзіндей!



Ішкендер де арманда!
Ішпегенде арманда!
Бұл Аягөз суынан
Ерінде су қалған ба!


Даланы жел кезеді,
Қозы Баян көзі еді,
Бұл Аягөз о бастан
Ғашықтардың өзені!



Талай таудан өтемін,
Ертең мен де жетемін,
Аягөзге соға кет,
Менің әтәмекенім!



Әй жолаушы, басарсың,
Оған қүрмет жасарсың!
Бал суынан бір жұтып,
Ғашық шөлін басарсың!



Берекелі май өзен,
Жүрек тербер ай өзен!
Бұл Аягөз, Аягөз,
Емес қалқам, жәй өзен!..



Сен де ғашық болған жер,
Ол да ғашық болған жер,
Бұл Аягөз асылы,
Мен де ғашық болған жер...



Суы - шипа, дарулы,
Қысы - боран дауылды,
Аялайық, ғашықтар,
Аягөздей аруды!





Жұмаш Кенебәй,
26.10.2016 жыл таңғы сағат 05.27 мин.





Жұмаш Кенебәй






АҚШАТАУЫМ – ЖЫРЛАРЫМ...





Талай жолдан өтемін,
Бір күн оған жетемін.
Ақшатау мен Қалғұты -
Менің әтәмекенім.


Жолдың айтсам төтесін,
Не адасып кетесің.
Жету үшін әлдімен
Аягөзден өтесің.



Қоңыр, әппәқ, қара жон,
Ал биігі дара жон,
Аягөзден шыққан соң
Жатар алда қара жол.


Қалғұтыға жетесің,
Қоңыртауға жетесің,
Сол жөлменен шаңдатып,
Ақшатауға жетесің.


Таусылмайтын мың арман,
Өкпе тұстан шығар маң.
Бұйрат, бұйрат, жондардың
Сай-саласы ну орман.



Мөлдіреген аспан бар,
Алуан түсті тастар бар,
Сай-саласы бұлақтар,
Сай-саласы - бастаулар.



Берекесі, бар құты,
Сүттей әппәқ ар құты,
Міне, біздің Ақшатау,
Міне, біздің Қалғұты.



Қәжеті не қылжақтың,
Сұлулығын жырлаппын.
Жазы - рақат саумалды,
Қысы - қатты бұл жақтың.


Ол бұрынғы Ақшатау,
Ол бүгінгі Қалғұты,
Бүгін арман болғандай,
Жүрек сыздап, тоңғандай...



Ой алапат құйындау,
Саулап миға құйылды-ау.
Шынын айтсам егер де
Осы жағы қиындау...



Сонда менің сырларым,
Сонда менің мұң-зарым,
Сонда даға мен пақыр,
Ақшатауым - жырларым...




Жұмаш Кенебәй,
26.10.2016 жыл.

Жұмаш Кенебәй



АЛМАТЫНЫҢ АСПАНЫ...




Түр қалмаған түрінде,
Үн қалмаған үнінде,
Қара суық, қара күз,
Алматыда бүгінде.


Құстар қайда безді екен,
Алтын ба екен, жез бе екен?
Не қыс емес, жаз емес,
Қолайсыздау кез бекен.



Төніп келді міне бұлт,
Сыры неде білелік?
Алматының аспаны
Ашылмай тұр түнеріп.




Күпті көңіл басылар,
Басқан ойды қашырар,
Алматының аспаны
Мүмкін, ертең ашылар.



Менің санам жалғыз ба,
Айдалада қалғыз ба?
Сәл сабыр бер, пендеңе,
Шыдамсыздау жанбыз ба?..



Жұмаш Кенебәй,
26.10.2016 жыл.



Жұмаш Кенебәй



АЛМАТЫНЫҢ АСПАНЫ...




Түр қалмаған түрінде,
Үн қалмаған үнінде,
Қара суық, қара күз,
Алматыда бүгінде.


Құстар қайда безді екен,
Алтын ба екен, жез бе екен?
Не қыс емес, жаз емес,
Қолайсыздау кез бекен.



Төніп келді міне бұлт,
Сыры неде білелік?
Алматының аспаны
Ашылмай тұр түнеріп.




Күпті көңіл басылар,
Басқан ойды қашырар,
Алматының аспаны
Мүмкін, ертең ашылар.



Менің санам жалғыз ба,
Айдалада қалғыз ба?
Сәл сабыр бер, пендеңе,
Шыдамсыздау жанбыз ба?..



Жұмаш Кенебәй,
26.10.2016 жыл.

Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі)




ТАП-ТАЗА АҚ ТАҢ АТАТЫН КҮН ТАЯУ!..






Мына дәмі жоқ, татуы жоқ, су татыған құлдар билеген заманға біздің текті қалай Қазақ шыдап келеді деп таң қалуға болады.


Аналарда ұят жоқ, ал, Қазақта ұят бар.

Аналарда нысап жоқ, ал, Қазақта нысап бар, аналарда тектілік жоқ, ал, қазақта тектілік бар, аналардың қазақтың есебінен ұрлағандары бар, ал, қазақта түк те жоқ, ал, аналарда жаннан басқаның бәрі бар, ал, қазақта жаны мен ары бар. О дүниеге ешкім де ештеңе әкете алмаған, бұлар да соның кебін киеді. Бұларға құдай сана бермеген, ал, қазаққа молынан берген.

Қанша жәнтәләсқәндәрімен олар Қазақты жоя алмады, өздері ит болып қалды, ит болып өледі. Біздің Қазақ текті де қәсиетті ұлт! Өзеуремей, ентікпей, алақтамай, жалақтамай, ақырын сәбірмен күттік.

Енді бір аттасақ, Қазақ армандаған ақ таң мен күннің көкжиегі көзге түседі. Ол күн шықса, ана тексіз, дінсіз, тілсіз, тойымсыз, құл-құтандар, жарықтан қашқан сасық күзендердей, жан жаққа қашып, індеріне тығылады және қайтып ол індерінен шыға алмайды, сонда шіріп құриды.

Ал, Қазақ, таза қазақ, арлы қазақ, төзімді қазақ, ер қазақ, айналасына ұялмай, асқақ қарайды, оның ұрпағы «үш тілді емес», бір тілді болып шығады. Аналар ит болып мың тілді болып, былдырлап, шүлдірлеп, қыңсылап, итшілеп қалады б. сасып...




Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
26.10.2016 жыл.
Қайырлы таң, айналайын ҚАЗАҒЫМ!




«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» (Абай) қайырлы таң!
Бәріміз асыға күткен армандай асыл таң әсіқпәғәнімен де бәрі бір ататын болады!

Бәріміз ол таңды көреміз.

Сол ататын Қазақ таңы бақ пен береке әкелсін!


Қүрметпен, Жұмаш,
26.10.2016 жыл.

Жұмаш Көкбөрі




«АТАҚ БАР ЖЕРДЕ ШАТАҚ БАР...»




«Омырауларына салдырлаған қаңылтырлар таққандарды онша ұната бермеймін» деп, менің бүгінде жетпіске толып отырған Балташ ағам Түрсімбәев сан рет айтқандай, осы шынында да «итке темір не керек» деген қазақ тәмсілі есім түсе беретіні қызық екен.

Бұны, бірінші деп ұғыңыз.

Екіншіден, тізбелей бермейәқ қояйын, ана билік тарапынан (халықтың емес) шүлен тарқатқандай үлестірілетін алуан түрлі атақтар кімге керек? Соны алғанға ма, жоқ, қарапайым халыққа ма?

Бұлардың бәрі халықты бөлудің құйтырқы саясаты. Адамның барлығы құдай жаратқаннан бірдей, ешкімнен ешкім артық емес!

Оның үстіне: «атақ бар жерде, шатақ барын» атам Қазақ айтып қойған.

Қазаққа жат бұл атақ пен темірлер, кешегі қызыл империя кеңестен қалған дүниелер. Әйтпесе, бұрынғы қазақта болмаған ғой...

Осы жағын бір дұрыстап тұрып ойланатын уақыт жеткен сияқты ма, қалай?




Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
25.10.2016 жыл.



Жұмаш Көкбөрі





КІМ НАҒЫЗ МҰСЫЛМАН?


Жалпы, Дін мәселесінде абай болғанымыз жөн сияқты. Десе де бүгінде Қазақстанды жайлап бара жатқан мұсылман дінінің кей ағымдары да халықтың миын шатыстырып бітті.

Мына біздің тексіз, дінсіз, тілсіз биліктің олардың алдында соншалықты мүсәпірлігі мені ойға қалдырады.

Қәзір әлгі «террөрист», «ләңкес» деп жүргендерінің барлығы мұсылман дініне кірген орыс тілділер екен. Олар мына құл билікпен шүлдірлесіп сөйлесіп кетеді. Таза қазақ тілді мұсылмандарда ондай қан тілеген жоқ десе де болады.

Ана орыс тілді шүлдірбәйләрдің артында мұсылман әлемі емес, мына іргеміздегілер тұрған жоқ па екен деп ойға қаламын.

Ауыздарында Алла, қолдарында жазықсыздарды қырып салатын қанды қарулары барларды қалайша мұсылман деп айтуға болады? Оның үстіне біздің қазақ тумысынан қан төгіске жоқ халық болса...

Сонда кім нағыз мұсылман: ана орысша шүлдірлеген мұсылмандар ма, жоқ, тазақ тілді мұсылмандар ма?..




Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
25.10.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1620

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Менің жазғы демалысым 5 min
Оралда қос автокөлік тү 6 min
Шамалғандағы апат бойын 10 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
Апаттан зардап шеккенде 30 min
Хабарландыру! – S 30 min
Пойыз бен автобус соқты 1 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 1 sagt
Футболдан кезекті қайыр 1 sagt
Шамалғандағы апат болға 1 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 1 sagt
Бас көлік прокуратурасы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Бішкекте барысты қорғау 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Иран әйелдері футбол та 2 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
А каков твой намаз?! | 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 2 sagt
Қарағанды облысында жаң 2 sagt
Пойыз бен автобустың со 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
"Ақырына дейін авт 3 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 3 sagt
Болашақ Олимпиадаға ап 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Алматы облысында пойыз 4 sagt
Пойыз бен автобустың со 4 sagt