Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 06:27 - 2016/10/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1602
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1602

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1602

Мақала жолдаушы: Almasbek
Мақала апторы: Тоқтаубай мәкебәй ұлы
Аптордың мекен-жайі: Сауан ауданы бөртінке аулдық мәдениет үйі

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


(жазушы батырқан қүсбегинмен сұхпат)

тоқтаубай мәкебәй ұлы: қүрметті батырқан аға, сізді әлдімен жуықта жарық көрген он төмдіғіңізбен құттықтаймын, сіз еліміз оқырмандарына осы еңбектеріңіз арқылы танылған танымалы қәләмгерсіз, сондай- ақ осы шығармаларыңыздың ішіндегі кешулер атты ғұмырнамалық романыңыз арқылы озыңыздың өмір жолыңыз оқырмандарыңызға қанық. біз, сізді көпті көрген көзі қарақты танымалы қәләмгер ретінде жүңгө қазақтарының жазба әдебиетінің қалыптасуына және дамуына еңбегі сіңген алғашқы буын қәләмгерлердің бірі деп атасақ дұрыс болар.
батырқан қүсбегин: шинжяқ қазақ жазба әдебиеті 18- ғасырдың соңына ала 19- ғасырдың бастарында қалыптаса бастады ғой, осы дәуірдің жазба әдебиетінің көш басшылары ретінде жүсіпбек қожа шайқысылам үлімен, ақыт ұлымжы ұлын атауға әбден болады. жүсіпбекхөжә шайқысылам ұлы текесте қайтыс болған, ол өмірінде «қізжібек», «миғыраж», «мүхәммет құнапя», қатарлы көптеген кітәп жазған ғұлама жазушы. ал, ақыт ұлымжы ұлы «қажыбаян» қатарлы көптеген кітәптәр жазған ғұлама ақын, бұлар еліміздегі қазақ жазба әдебиетінің алдынғы уәкілдері болып саналады. қазыр енді ақыттың шығармалары жинақталып баспалардан шығарылып қүрметтеліп жатыр. осыған жалғас, таңжарық жолды ұлы, асқар татанай ұлдарын осылардың заңды жалғасы деп айтуға әбден болады. 1930- жылдардың бас шенінде сөвет үкіметінің қудәләуімен елімізге ауып келген шәкерімнің ұлы зят, қәзез қатарлы оқымысты әдебиетшілерді үшінші буын қәләмгерлер десе болады, осы қәләмгерлердің ықпалында, 1934- жылы «алтай гәзеті» дүниеге келді, 1936- жылы «шинжяң гәзеті» жарық көрді. міне осы кезде ниғімет мыңжан, қажықұмар шабдан, рәжіметөллә әпше, мағаз раздан ұлы қатарлы бір тобы әдебиетті алға қарай дамытты, сөйтіп азаттықтан бұрын ниғімет мңжанның «тұрмыс тілшісі» деген пөвесті жарық көрді, азаттықтан кеиін қаусылхан қозыбай ұлының «алғашқы адымда», әхмет жүніс ұлының «бұлттан шыққан күн» пөвесті, рәхметөллә әпше ұлының «құпя құдалық» қатарлы сүбелі туындылары жарық көрді. міне бұл еліміз қазақ жазба әдебиетінің алғашқы даму кезеңі болып саналады, әрі, сол тұста жазылған шығармалар уақыттың сынынан сүрінбеи өтіп әліде оқырмандарының іздеп оқитын туындыларына айналды. төртінші буын болып мақатан шарыпқан ұлы, омарғазы айтан ұлы, задахан мыңбай ұлы, ғани саржан ұлы, оразқан әхмет ұлы, шайсолтан қызыр ұлы қатарлы бір шоғыр әдебиет қосынын толықтыра түсті, менде осы шоғырдың арасында әдебиет әлеміне қадам тастаған әуескерлердің бірімін.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: я олай болса сіз еліміз қазақ қәләмгерлерінің төртінші буынының уәкілі болдыңыз, енді өзіңіздің әдебиетке қалай келгеніңізді, және әдебиетші болуға итермелеген қандай қүдіретті күш екенін айта кетсеңіз:
батырқан қүсбегин: мен өзім өте көп оқығам жоқ, бұнда біріншіден әкем ауыл арасындағы айтыстарға түсетін, қиса- дастандарды таңды таңға жалғап айтатын қисәгер адам болған, оның үстіне тізгін ұстаған адам болғандықтан әйгілі отарбай ақынның ұлы абдысалық ақын әкеммен құрдас үйге көп келетін, өлең жірләрмен қоса ол кісі баяндайтын зуқа батырдың әңгімелері менің кеиінгі «зуқа батыр» романын жазуыма тұғыр қалыптастырды десемде болады. үйткені мен бала күнімнен сөз құмар құйма құлақ едім, осы ерекшелігіммен осы отбасынан көре қалғаным бар, одан кеиін өзімің алдымдағы ағам шәріп қүсбегин әрі ақын, әрі шешен еді. ол кісінің сөз сәптәуләрімен жазған өлеңдері мені қатты қызықтыратын. сол ағам мені 1951- жылы ұрымжы педегөкикәлік мектебіне кіргізіп қойған, сонда оқып жатқанымда шинжяң өлкелік партя биросының партя мектебі құрлды да сол мектепке алмасып кіріп оқыдым, содан сол мектепті тауыспай тұрып 1953- жылы қізметке шығып кеттім. менің ағам шәріп қүсбегин мына рәхметөллә ләрмен сабақтас болатын, мен кішкене күнімде оқып жүретін көптетген өлеңдері, «батима» деген дастандары бар болатын, бірәқ осы кісінің сол шығармалары кеиінгі алмағайып заманда қайда кеткені беимәлім, мен өзім сонау тарым жаза ләгерінде жүрдім, ол кісінің өзіде тым шіркін- ай күн кешкен жоқ үйткені оқымыстылардың басына айланған бұлт ол кісіден айланып өткені жоқ, жазған- сызғандары қолға алынғанда тозып жоғалыпты. мен осы кісіге еліктедім, ол кісінің және оның қатарындағы ақын- жазушылардың туындыларын оқи жүріп, соларға еліктедім, осылайша әдебиетке әуестене бастап, 1955- жылдан бастап алғашқы туындыларымды жарялай бастадым. өстіп жүргнде 1956- жылы шинжяң гәзетіне алмасып барып, әдебиет бетіне жауапты редәктөр, және тілші болдым. одан кеиін әдебиетке деген құштарлығым тіпті еселеп артып, өчеріктеріммен өлеңдерім із суытпай жаряланып тұрды. алаулаған жастық жалын әдебиетке деген өлермен құштарлықтың арқасында 1963- жылы «ұзақ кешу» деген романымды жазып бітіріп баспаға ұсындым. баспаның жауаптылары романымды оқып шыққаннан кеиін, « бұл роман жалпы жақтан өте сәтті жазылған роман, сіз романның ішіндегі таптық күреске қатысты кеибір жерлерін, кеибір адам аттарын өзгертіп қайта дүзетіп, тезден өңдеп, беруіңізді сұраймыз» деген пікір жазып романды өзіме қайта берді. қырсық шалғанда мен кітәбімді қайта өңдеп дүзетіп болмай жатып қолға алынып кеттімдәғі, көптеген өлеңдеріммен бірге «ұзақ кешу» романымда кәмпескеленіп кеттіде сол қалпы қайта қолыма тимеді, міне бұл менің өмірдегі бір үлкен өкінішім болып қала берді. болмаса шинжяң қазағында тұңғыш роман жазған адам мен болатын едім.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: сіз сол алғашқы ұзақ кешу романыңызды кеиінгі еңбектеріңізде жаңғыртпадыңызба?
батырқан қүсбегин: жоқ оны қайта жаңғыртпадым, бір жазған дүние алғашқы шабыттағы қол тәбімен құнды, ондай кесек дүниені қайта жазам десең желісін табарсың- ау, бірәқ алғашқыдай болмайды, үлкен кесек туындыны қойып бір өлеңді жоғалтып алсаң қайта жазып көрші? жаза алмайсың. «ұзақ кешу»дегі ышынара өзіме қатысты уақиғалар ғана кеиінгі «кешулер»іме кірді, бөлғәнмен жазылуы мүлде басқаша. құдая шүкір деимін «ұзақ кешу» рөмәніммен өлеңдерім тері тарамысын алдырмай ғайп болып кетседе, дәптерімнің берті ақ қалған жоқ, тән әзәбімен, жан азабын қатар тартқан жаза ләгерінде жүрген күндерімнің өзінде де, мен болашаққа деген ұмытымның шылбырынан айрылмадым, тарымнан «жан» романымның алғашқы кітәбін жазып оралдым, бұл бес кітәп болды бұнда баймолладан бастаған еліміз қазақ зялыларының бір ғасырлық тағдыры беинеленген, баймолла кезінде автономялы райондық халық істер меңгермесінің бастығы болған адам, ірі зяли, кеиін шиыңсысай өлтіріп тастады, сол кісілерден бастап өзімізге деиінгі бір ғасырлық барыс баяндалады. одан соң «зуқа батыр», «пана», «кешулер» ды қосқанда сегіз роман, екі пөвест, отыздың үстінде әңгіме, бес- алты дастан, екі жүзден астам өлең жаздым. міне осылардан үкмет қаржы босатып он томдығым жарық көрді, алла бұйырса алда тағы жоспарға енген бір екі әңгіме, пөвесттер жинағым жарық көреді. осы орайда айта кетеиін, мен кезінде қәте саясаттың құйынына ұшырап жастық шағым ойран болсада, кеиінгі кездері, пәртянімен үкіметтің қамқорлығына бөленген, ел ағаларының назарынан қалмаған, ең бақытты жазушылардың бірімін. сол шексіз қамқорлықтың айқын дәлелі міне өз қолдарыңдағы осы он томдығым. сол үшін партя- өкіметке, ел ағаларына, жазушылар қоғамына, бәспәгерлерге үлкен рәхметтен басқа не айтам.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: он томдығыңыздың басылып шығуы пәртямен үкіметтің үлкен қолдауы, қомқорлығы болды, бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш. ал, енді- осы еңбектеріңізге озыңыздың көңіліңіз толама? сіз ендігі жерде осыған ғана қанағаттанып тұрып қалмайтын шығарсыз, алла ғұмыр беріп, денсәуліғіңіз қалпына келсе әліде ойға алғандарыңыз бар шығар?
батырқан қүсбегин: мен ауырғаннан кеиін өз романдарымды қайта бір оқып шықтым, жаман емес екен. шинжяң қазағындағы оқырмандары ең көп менің романдарым ғой, «зуқа батыр» романы бес рет басылым көрді, 25 мың тирәжбен, қалғандары екі реттен басылым көрді, «жан» бес кітәбі 30 мың тирәжбен таралды. осы жолғы он томдықты есептемегенде. оны қосқанда алды алт рет арты үш рет басылым көрген болады. міне бұдан менің кітәптәрімнің сұранысы қанша екенін білуіңе болады. менің «жан» романымның бірінші кітәбі радиода берілгннен кеиін көп өтпеи бәркөл жақтан бір кәря үйге іздеп келді. оның сондағы бар айтқаны «батырқан қарағым біз сенің романыңды радиодан қалт жібермеи естіп ерекше бебірендік, әсіресе әнеу сарноғайды өлтіргеніңе қатты риза болып, содан өзіңе рәқметімді айтайын деп келдім» деді. міне маған осыдан үлкен силық барма? « <зуқа батыр> романы оқылып жатқан кезде әйелдер радионы қарстарына қойып алып сиыр сауадаы екен, сар ноғай өлгенде шүйінші- шүйінші әлгі сарноғай жауыз өлді деп сауған сиырларын тастай салып бір біріне жүгіріпті» дегенді ауыл адамдарынан естідім. ал, ел арасында мал ұрыларын сақшылар сұраққа тартып «малды қай кезде ұрлайсыңдар» десе «батырқанның «зуқабатыр» романы радиода оқылғанда ел біткен соны тыңдайды, біз дәл сонда ұрлаймыз деп айтыпты»؛ ал балалары кешке тәңертең роман тыңдап малға тіл алмаған бір кәря қыстақ жауаптыларына «<зуқа батыр>ды мал қамайтын және мал өргізетін уақыттан басқа уақытта оқыса» депті деген деген қалжыңда тарап жүр. міне бұл қалжың бөлғәнімен белгілі шындық жатыр. ал, «кешулер»ді оқығандар кезіккенде өздерінің романды оқып отырып бірде жылап бірде күлгенін айтады. шығарма оқырманды баурамаса жылатып күлдіре алмайды. «зуқа батыр» түркядә түрік тіліне аударылды, үлкенді- жышылы шығармаларым «тяншан әдебиет силығы, «жаңа дәуір әдебиет силығы», «автономялырайондық кітәп силығы», «қазақ- қырғыз <дұлдұл> әдәбиет силығы» қатарлы сүбелі силықтарды еншіледі. міне осыған қарап менің шығармаларым халық жүрегінен жол таба алған шығармалар деп айта аламын. енді денсәуліқ жар берсе әліде ойлаған жоспарларым бәреді, бірәқ қазыр қалам ұстаудан қалып қалдым. деседе қолымда жазылып болып жарық көрмеген, әңгіме, өчерік, ақын- жазушылар жәйлі жазылған есселерім, сапар естеліктерім болып әлі бес, алты кітәптіқ шығармаларым жатыр, осы жолғы он томдықтың сегізі роман, біреуі әңгіме пөесттер, жинағы біреуі өлең дастандарым, әңгімелерімнің көбі бұған кірген жоқ, ал өчеріктеріммен, есселерім, естеліктерім әлі қозғалған жоқ. ендігі жерде шама келісінше осыларды реттеп көзімнің тірісінде баспаларға беріп, ғұмыр болса осылардың жарық көргенін көрсем деимін, оған үлгіре алмайтындай болсам тапсырып кетем. ал, «үмітсіз шайтан ісі» деген денсәуліғім біртіндеп қалпына келіп жатса, оймда жүрген әдебиет жәйлі ойларым, және репөрмәдән кеиінгі қоғамдағы жетістіктермен, кеибір сәтсіздіктер туралы қалам тербесембе дегем, соған қоса шағын әңгімелермен есселерім бар еді жазам деген. оның бәрін қағаз бетіне түсіре аламба, жоқпа? оны алдағы күн белгілеиді. алғаш ауырып жығылғанда түсіме әкеммен шәріп ағам кіріпті, содан шәріп ағам бір жаққа асықтырып «батырқан жүр күн жәй болып барады» десе әкем «шарып сен кете бер, батырқан үш- төрт күннен кеиін барсын қазыр бір аз жұмысы бар» деп жатыр екен, соған қарағанда, әліде бір неше жылдық ғұмырым барма деп үміттенем. үйкені мен өзім алғы күннен үміт үзіп көрмеген жанмын. кім біледі енді тағдырымыз алланың қолында. тағы соның алдында бір түсімде әкем түсіме кіріп «батырқан балам домбыраны алып маған бір күй тартып берші» деп еді, домбыраны алып шертеиін десем екі ішегі бір- біріне оралып шертілмеи- ақ қойғаны енді ойласам мынау аяқ- қолға түскен шырмау екен. соны ойласам қалам ұстай алмай қаламба депте қала берем кеиде. бөлғәнмен бірітіндеп жақсарып келе жатқандай сезінемін өзімді.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: алаң болмаңыз қазыр медиссинә ғылымы ең дамыған дәуірде жасап отырмыз, «батпандап кірген науқас мысқалдап шығады» деиді екен бұрынғылар, бұл күндерде өтіп. қатарға аман- есен қосылып қаламыңызды қайта қолға алып, жазылып болған шығармаларыңызды қарық көрсетумен бірге, ойда жатқан қазыналарыңызды жара ормандай хәлқіңізбен қауыштыруыңызға тілектеспін, әрі орындалады деп сенемін. үйткені сізге «жәнкешті жазушы» деген атауды тектен- тегін бермеген болар, орайы келгенде сұрай кетеиін, сіз жалпы тағдыры аңызға айналған адамсыз, сіз туралы айтылымдарда көп. соның арасында «батырхан тарымға бармаса жаушы бола алмаушы еді» деген сөзді естіп қаламыз. ал сіз өзіңіз осыған келісесізбе?
батырқан қүсбегин: қазақстанда тұратын танымалы жазушы, менің кезіндегі шинжяң гәзетінде бірге істеген қзметтесім қәбдеш жүмәділ ұлы бір сөзінде «түрме саған ұшан теңіз білім силаған үлкен мектеп болған екен» деп «жан» романын «түрме әдебиеті» деп атаған еді, «батырхан тарымға бармаса жаушы бола алмаушы еді» деушілердің жаңғыртып жүргені сол ғой. шынын айтқанда, мен тарымға бармай тұрғандада жазушымын ғой. бірәқ маған, түрме өмірі көп нәрсені үйретті, көп нәрсемнен айырды. басым аман, баурым бүтін кездерінде абақты деген үш уақыт тамағын беріп, адамдарды ішін пысырып қамап қана бостандығынан айыратын орын деп ойлайтынмын. «батырхан тарымға бармаса жаушы бола алмаушы еді» дегнді айтушылар екі салаға бөлінеді. бір тобы, мені тарымның тас түрмесінде жатып, қолы бостықтан жазушы болып келді деп ойлап жүргендер. олар түрменің дәмін татпаған соң, түрмені бастаптағы мен сяқты ойласа керек. ол араның әзәбімен тозағын айтпай- ақ қояиын, ондағы басыңда бостандық жоқ елдің қабағын баққан күндер қазыр ұмыт болып кетседе, жаныңда қалған жарақаттардың аузын кеиде байқамай тырнап алатын кездерің болады. оның бәрін «кешулерде» жаздым. мен сол ауыр күндерде шынымды айтсам қаламымды алданыш еттім, тіпті оны өзімнің руқани сүйенішім еттім, әйтеу жалықтырмайтын бір бұлдыр үміт мені өмірден тұңылдырып көрген жоқ, сол үміт ақыры мені сол барса келместен аман алып оралды ғой. ол жерде өмірге деген құштарлығы бар, үмітінен айрылмаған адам ғана болашақ үшін қалам тербеиді. мен әне сол үмітінен айрылмаған пенделердің бірімін, замандастарымның «жан кешті» деп жүргеніде содан. енді «батырқан тарымға бармаса жазушы бола алмаушы еді» дегендердің айтып жүргенерін жүз пайыз терстеуге болмайды. сен ол жерге барғаннан соң не сяқты дана көкірек жәқсіләрменде, не бір қара жүрек жәуіздәрменде, кездесесің, олардың әңгімелерін естіп түрлі ойға кетесің. әр адамның өмір жолының өзі бір- бір әңгіме, талайлаған адамдардың өмір жөлімен танысасың. соның бір дәлелі ретінде айта кетеиін- мен тарымнан қайтарға үш жыл қалғанда жылы таяды қашпайды деп жеңіл еңбекке шегіп бақша қорытып қойды. мен сонда, бақша қоритын, кезіндегі шиңсысайдың қол астында істеген туанжаңы 2- түрменің бастығы 70 ке келген лю памилялы қәрямен бірге істеу орайына ие болдым, ол 1976- жылы гөминдәңнің соғыс қылмыстыларын түрмеден босатқанда түрмеден шығып, осы жердегі бір егіс алаңында қізметкер болып қалып қалған екен. үш жыл барысында кезіндегі шиңсысайдың құпя сұрқялықтары туралы, түрменің біз көрмеген құпя сырларын, тағы басқа көптеген мәтерялді сол адамнан иеледім, пенделерің басындағы сорға қасырынған бақыт болады, сәтсіздікке жасырынған орай болады екен. мен лю қәрямен үш жыл бірге бақша қору барысында ұшан теңіз сырларға қанығып мәтерял қорымды толтырдым. «батырхан тарымға бармаса жаушы бола алмаушы еді» дегенді айтушылардың енді бір тобы осыларды меңзеиді. бұны қәбдештің «түрме саған ұшан теңіз білім силаған үлкен мектеп болған екен» деген сөзі түйіндеп тұрғандай менде мұны теріс деп айта алмаймын.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: «жан» романының алғашқы кітәбін тарымнан жазып әкелдіңіз. еркіндіктен айрылған сол бір күндерде, осы нау үлкен дүниені қалай жаздыңыз?
батырқан қүсбегин: айдап істеткен ауыр еңбек қаншалық қажытсада алға қойған бір мақсатың болса сол ауыр еңбек сені қажыта алмайды екен. қаламым менің руқани тірегім дедім ғой сол ауыр еңбектен келіп тамақ ішкеннен кеиін сәл уақтым шықса ойыма оралғандарды, сементтің сары қағазына жазып, жастығымның ішіне жасыра берем, одан бір шәй тақтайым бар қағаз табылмағанда ойға оралғандарды соған жазып қойып еңбектен қайтарда сементтің қағазын ашық алғызып жүргізбегендіктен табаныма қаттап- қаттап ұлтарақ етіп салып әкеліп, шай тақтайдағыны соған көшіремде жастығыма жасырам. одан кеиін шай тақтайға жазған қауыпсыз, жазып отырғанда аяқ тықырын естіген заман аудара саласың. оның беті толғанда көшіріп болған соң шақайдың тәбәнімен үйкелеп ошырып тастап қайта жаза беруге болады менің «жан» романымның көптеген тараулары, және басқа дастандарым, көптеген өлеңдерім сол тарымда сол шай тақтайдың асты- үстіне жазылды. ондада кеиде қәріндәшпен кеиде күйемен жазылды қарындаштың тұқылы ұсталмай қалғанша жазамыз, ал қағазға жазып жүрген талай жақсы өлеңдеріммен дастандарымды көріп қойып тартып әкетіп жоқ қылды. әйтеу романымды барлық амал- айламды істете жүріп, көзімнің қарашығындай қорғадым. мен кеиін бақша қоруға шыққанымда, қағаз тауып «жан» романымды лю ақсақалдан алған деректеріммен толықтап, өңдеп көшіріп жүргенде, жазғандарымды өзіме жауапты бақылаушы бір ұйғұр әйел көріп қойып, тапсырып беруімді айтты. ол кезде босауға бір ақ жылдай қалған, мен шынымды айттым. «мынау менің осында жүріп жазған барлық қазнам бере алмаймын» дедім, содан ұйғыр әйел оны өзіне беруімді, оны жоғарыға бермеи сақтап қоятынын, түрмеден шыққанда өзіме қайтарып беретінін айтты. мен қолынан қағаз алып кітәпті бердім. өнерді қүрметтеитін құдайға қараған сол ұйғыр әйел түрмеден шыққанда кітәбімді өзіме қайтарып берді. соның арқасында «жан» романы аман қалды. міне осы еңбектерім әдебиетке деген өлермен құштарлығым, онан соң қажымас қажырым, ел жұртымның сөзімен айтқанда «жәнкешті» лігімнің нәтижесінде міне бүгін осындай қомақты нәтижелерге жетіп отырмын. менің артымда қалған өшпес белгім осылар ғой. еңбегінен нәтиже жаратам деген адам қажырлы болуы керек, азапқа тозымды, жапаға шыдамды, кез келген ойын-тамашаны, сауық- сайранды аттап өте алатын қатал көңіл болу керек.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: ал арттан ерген соңғы буынның әдебиеті туралы қандай ойдасыз?
батырқан қүсбегин: бізден кеиінгі мына шәміс құмар, шаймұрат қамза, әкпәр мәжит қатарлы үлкен шоғыр бар бұлар әдебиетті бір деңгеиге көтеріп тастады. одан кеиінгі біртөп әдебиетке келгеннен тартып олардың өрісі кең болды торап дүниеге келді осы арқылы алдыңғы буындардың бақытына бұйырмаған дүние әдебиетінің жауһарларынан сусындау бақытына ие болды. әдебиетті ақаусыз дамытты. оған көз жұмбаймыз. енді қәзіргі буын осы дәуірде қалам ұстаған жастар моды қуып жүр. ол болады, әдебиетте жаңалық болмайынша түлеуде болмайды, проза болсын, пөйезя болсын біздің дәуірдеде жаңаша бағытта жазғандар болған олардың уәкілі, омарғазы айтан ұлы, серік қапшықбай ұлы, жұмабай біләл ұлдары болды. 1959- жылы ұрымжының шығысына омарғазы айтан ұлы бар бәріміз болат қорту жұмысына бардық. ол кезде ұрымжының шығысы қабырғасы сөгілмеген тың дала қара құйрық, елік- бұғы жыртылып айрылады. біз қайла жотуларымыз күнге шағылыса болат қортатын тас қазамыз. тумысында өздерінен басқа көрмеген еліктер қашып барып белеңдерге шығып алып артына бұрылып қарайды, омарғазы сол жерде темір мүйіз деген өлең жазды, ол әрине сол кездегі сөтсялстік еңбекті жырлаған өлең сол өлеңнің бір тармағанда айтады «елік байқұс қайдан білсін, көмәнә құрып жатқанымызды» деп, бұл өлеңде жаңаша шәшпә өлең үйқәсімен жазылған өлең қарашы қай жері түсініксіз? ал серіктің өлеңінде «өрлеимін деп бір сайды, құлдап кетіп қалыппын» деиді. міне бұл екі жолға бір дәуірдегі дұрыс деп жүрілген қәте саясаттың барысын сиғыза салған. ал жұмабайдың шығармалары өзіндік дара қол табын қалыптастырған, өз оқырмандары бар шығармалар. бұларды оқымай қашатын адам жоқ. ал, жастардың жаңашылдығы басқаша қайдағы бір түсініксіз дүниелерді қаптатып құпялап өлімді көп айтады. бізде өлімді жырлайтын көріс жоқтау деген бар, ал әдебиеттің міндеті тың тіршілікті жырлау. естісем әуелі олардың арасында дәстүрлі әдебиеттің дәуірі өтті деушілерде бар көрінеді. енді жаңа слөппен жазған дүние ғана әдебиет, дәстүрлі әдәебиеттің қәжеті жоқ әдебиетті нөлден бастяимыз деушілерде бар екенін естідім. сонда олар анау абайды мағжанды, мұқағали мұқтар әуездерді елдің іздеп оқитынынына қарап ойланса болады. оларды қойып өз тұрғыластарымыздан ақындардан мағаз, задахан, бердібектерді, кеиінгі буыннан анау білісбек, бауыржан шормақ, балапан, азялардың жазғанын ел неге таласып оқиды, ал әлгі айтылмыс жаңа бағыттағы әдебиетті іздеп оқитын бір адам көрмедім ғой. бұл ойымда сыңар жақтылы жақтары болар бірәқ бұл өзімнің көзқәрәсім, әр адамның көзқәрәсі ұқсай бермеиді. сол үшін кеибір жастар жаңалық деген осы екен деп өзі жазғанды өзі түсінбеитін дүниелер жазғаннан көрі, халық жүрегінен жол табатын халықты тәрбиелеитін шығарма жазуға ұмтылыс жасаса нұр үстіне нұр болар еді. үйкені оқырманы жоқ ешкім оқмайтын шығарма жәзғәніңмен бәрі бір, не ел түсінбесе, не өзің түсінбесең болашақ қалай түсінеді? жастарға айтарым күңгірт дүние жазба емес жазыңдаршы, бірәқ көкеилеріңнен қалың қазақ оқырманын шығармаңдар. мұнда ұйқассыз өлең жазсаң басқа тілге аударғанға жақсы деитін қәте көзқәрәстә бар екен, түсініксіз дүние мың тілге аударсаңда сол түсініксіз күйінде қала береді. осы біздің қатар шыққан анау «дабыл», «бөке батыр», «ержәнібек», «жан», «зуқа батыр», « аң шадырын оқ табар» қатарлы романдардың сұранысы әлі жоғары ғой дәстүрлі әдебиеттің күні батса ол не? соңғы кезде кеибір жастар рахат құмар, атақ құмар болып барады. ізденгіш жастар аз. бір кітәбі немесе бір дастан, пөвесттері шыға қалған кеи бір жастар өзін құбылыс санайды, елдің бәрі соған қүрмет етіп тұруы керек, одан кеиін өзінің жазғанынан басқа шығарма шығарма емес болып қалады. мен айтайын олардың барар жері тым алыс емес. бұл жалпы жастарды айтып отырғамын жоқ, ышынара жастардағы белең алып келе жатқан әдебиетке жат қылық болғасын айтып отырмын. ақын- жазушы болам деген адам табысына масаттанбауы, қиындықтан қорқпауы керек, одан кеиін кішпеиіл болуы керек. сенің шығармаң құнды болса халық өзі- ақ сені төбесіне көтереді.
тоқтаубай мәкебәй ұлы: денсәуліғіңіздің тезірек қалпына келуін тілеимін, қымбатты уақытыңызды шығарып әңгімелескенңізге рәхмет!
батырқан қүсбегин: өзіңеде рәхімет

сауан ауданы бөртінке аулдық мәдениет үйі тоқтаубай мәкебәй ұлы

沙湾县博尔通古乡文化站 托合陶拜。玛克拜
TEL:13565549078
Email:tohtawbay@163.com
QQ:1534110982
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1602

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 2 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 9 min
Боз кілемде балуан қызд 9 min
Білім және ғылым вице-м 9 min
Бас инспектор ақау шыққ 14 min
Бокстан әлем чемпионаты 19 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 19 min
Бас инспектор ақау шыққ 23 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 29 min
Қазақстанның бірқатар а 29 min
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt