Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1610728029 %71 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 06:14 - 2016/10/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1601
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1601

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1601

Мақала жолдаушы: Almasbek
Мақала апторы: Қожырбайұлы Мүхәмбеткәрім
Аптордың мекен-жайі: Маңғыстау

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Маңғыстаулық ұлы әулиелер, даналар мен данышпандардан қалған өсиетте егер Адам ата ұрпақтарының басым көпшілігі (елдер мен мемлекеттер) Алланы мойындамай үлкен күнәғә батып, ауыр «салмақ» жинаса «Ақырзаман» жалпыға бірдей келеді деген. Одан ешкім ешқәйдә қашып құтыла алмайды. Демек, жамандық әтәулімен күресу әр бір адам баласына Алләмен аманат етілген парыз. Бұны Манқыстау шежірешілері былайша жырлаған:
«Хәзіреті Нұхының
Заманында су тасып
Көкке толқын шарпыды,
Таулардан асып шалқыды,
Айнала тегіс жер жүзі
Ашығы қалмай қалқыды,
Кемеге мінген болмаса
Жоқ қылған дейді жалпыны.
Кәпірлердің сол күнде
Таусылды қалмай тамтығы.
Мұсылман-кәпір болғалы
Келе жатыр осылай
Арамның соғып салқыны (266 бет) .

…Жамандықты, жарандар,
Ете көрме «талап» деп.
Хабарлаулы Құранда:
«Он сегіз мың ғаламның
Ақыр түбі — ғарап» деп.
Ғаламды ғарап етпекке
Ысрафил соры суырар,
Он сегіз мың ғаламның
Заманасын қуырар,
Ахирет күні кәпірлер
Гүрзіменен ұрылып,
Шінжірменен буылар.
Тамуғының сөнбейтін
Лаулаған түтін-буы бар
Ысыраттың тарылған
Қараңғылық жолы бар.
Ысыраттай көпірден
Жаһан қалмай қуылар.
Ұрәнімен Мүхәммед
Көтеретін сол күнде
Ләуәлихәнді туы бар (272 бет) .

…Бұрынғы өткен заманда
Жәһилдің қауымы жоқ болды
Алланың қаһар желінен,
Нухының қауымы тәрк болды
Топанның тасқан селінен,
Лұттың қауымы жоқ болды
Жебірейілдің бір соққан
Қанатының лебінен.
Пиғылы азып адасқан
Алланың тура жөнінен
Әлек болды талай жұрт
Бәдіғәт істің көбінен.
Азғындық тапқан әркімнен
Дәреже сүйтіп кеміген (347 бет) .

…Оныншы жылдың шағында
Аспаннан, ай күн тұлданып
Жұлдыздар ақты атылып,
Алланың нұры тамбады –
Топырақ жауды сапырып,
Жұлдызында қауыстың
Күншіғістән бір дауыл
Сегіз күн соқты ақырып,
Қара жерден малды айдап
Теңізге тықты батырып,
Ғаламат болып ой мен қыр
Бүліне жазды қапылып.
Қаһарланса Тәңірім,
Қауызына сияр тарының
Он сегіз мың мақұлық…
Налыттың Алла халқымды
Болды ма құлық жақпаған? (Сәттіғүл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы-1996. 349 бет) .

Осы ойымызды ары қарай сабақтасақ, күнәләрдің жүрекке тигізетін әсері удың өз дәрежесіне қарай денеге тигізетін зияны сияқты. Бұл дүние немесе әқіретте болсын адамдарға жолығатын жамандық пен аурулардың көбісінің себебі осы күнәләр емес пе? Ойланшы Адам ата мен Хауа анамызды жаннаттан шығарған не нәрсе? Сондай бір ләззәттәр мен ніғметтердің, қуаныштар мен рахаттардың жайы болған жаннаттан, уайым-қайғы мен қиыншылық, сынақтардың жайы болған бұл дүниеге оларды не нәрсе түсірген еді?
Ал, Ібілістің Алланың рәхметінен алыстатылып, ләғнетке ұшырап, оның ішкі-сыртқы дүниесінің қорқынышты да, ұсқынсыз бейнеге айналып аспан иеліктерінен қуылуына не нәрсе себеп болған еді? Иә, ол Ібілістің жақындықтан алыстыққа, рәхметтен ләғнетке, сұлулықтан ұсқынсыздыққа, жаннаттан тозаққа, иманнан күпірлікке, Раббысына болған достығынан дұшпандыққа, ұлықтау, пәктеу сөздерінен өтірік пен қиянатқа, серік қосушылық пен жаман жаққа, сауапты істерден күнәләрғә өтуіне себеп болған нәрсе ол – күнә. Соның салдарынан ол Алланың шексіз мейірімінен алыстап, азабына душар болды. Және бүкіл кәпірлер мен серік қосушылардың, парасатсыз пасықтар мен күнәһәр жасықтардың басшысына айналды.

Тарих тағлымы: Алланың әмірлерін атқармай, тиымдарынан тиылмай Оның рәхмет назарынан мақрұм қалып, қор болудан Алланың өзі қорғағай!

Және кешегі Нұх пайғамбар қауымына ешбір құтқарушы табылмай, топан су астында қалып өлім қауышуларына не нәрсе себеп болған еді?

Ал, үстерінен жеті түн, сегіз күн соққан жойқын желден апатқа ұшыраған Ад елінің сондай үрейлі азапқа душар болуларының себебі неде?

Ащы дауыстан кеуделеріндегі жүректері тоқтап өлген Самуд елінің жойылуына не себеп?

Періштелер жоғары аспанға көтеріп, кейін аударып жермен жексен етілген Лут қауымының
зардабы неден?

Төбелеріне қорқынышты бұлт шоғырланып, сол бұлттан үстеріне от жауып қырылған Шұғайып қауымының қәсіреті неден?

Кеше “Мен Құдаймын” — деген Ферғәуінді, оның жойқын әскерін теңіз астына шөктірген қандай Қүдіреттің күші еді?

Ал, байлығына мастанып, Құдайын ұмытқан Қарунды мәлімен, жәнімен, үй-жәйімен жерге жұтылуына себеп болған нәрсе не еді?

Және кітәп түсірілген қауым иәһидилердің бастарынан бірнеше азаптарды өткізіп, тіпті кейбір тайпаларының маймылға, шошқаға айналуларының салдары неде? Иә, Нух пайғамбардан кейін қаншалаған қауымдар өтті? Олардың қаншасы азаптарға душар болды? Не себептен? Әлбетте бәрі күнәнің себебінен!

Бұл азаптардың бәрі Құран Кәрімде айқын көрсетілген:

— «14.Әрі біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған хәлдерінде топан су алды. 15.Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік» (Құран Кәрім. «Әл-Әнкәбут» сүресі) . Тәпсір: Нұх пайғамбар, оған Аллаһтың сәлемі болсын, елін тоғыз жүз елу жылдан аса ұлы Аллаһқа бойсұнуға шақырды. Ибн Касир.
6.Олар өздерінен ілгері өткен қанша халықты құртып жібергенімізді көрмеді ме? Біз оларға жер жүзінде сендерге бермеген күш-қуат бердік. Оларға аспаннан мол жаңбыр жібердік әрі астынан өзендерді ағызып қойдық. Содан кейін күнәләрі себебінен оларды құртып жібердік те, олардан соң жаңадан басқа халықтарды пайда қылдық» (Құран Кәрім «Әл-Әнъам» сүресі) .
«36.Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма. 37. Әрі Біздің көз алдымызда кеме жаса. Әрі әділетсіздік еткендер жөнінде Менен сұрама! Анығында, олар суға батырылады. 38. Ол кемені жасап жатқанда, елінің уәзірлері мен бектері оның жанынан өткен сайын оны келеке етті. Ал, ол: «Егер бізге күлсеңдер, сендер бізді келеке еткендей, біз де сендерге күлетін боламыз. …40.Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған (кемеге) әрбір түрден жүбімен және үй-ішіңнен (өздеріне байланысты) сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», — дедік. Онімен бірге иманға аз ғана (адам) келген еді. …42. Ол (кеме) оларды таулардай толқындарда алып жүзді. (Сонда) Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге (кемеге) мін әрі кәпірлермен бірге болма!» — деп үн қатты. 43. Ол: «Мен тауға (шығып) паналаймын, ол мені судан сақтайды», — деді. (Нұх) : «Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана (апаттан құтқарылады) , — деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды. 44. (Кейін) : «Ей, жер! Суыңды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» — делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол (кеме) Жуды (тауына) тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар (Аллаһтың мейірімінен) алыстатылсын!» — делінді. 45. Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен – ең әділ үкім етушісің», — деді. 46. Ол (Аллаһ) : «Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», — деді (Құран Кәрім. Һұд сүресі) .
Тәпсір: Адай ата шежіресі бойынша Нұх қауымы Адай ата – Қүдәйке (Қу Адай әке) және оның екі баласы Тәзіке (үлкені) және Қосай (кішісі) болып таратылады. Суға қарық болған халық сол Қүдәйкенің екі баласының елі. Нұх пайғамбардың тегі Қосай. Кеменің тоқтаған жері қәзіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт (Қазық жұрт) тауы. Сол тауда «Кеме қалған» шоқысы мен осы аттас ауыл; Ленгер (Іліңгір, якөр) елді мекені (ауданы) ; Әңгір ауылының аймағындағы тау шоқысының ернегінде Адам Ата мен Ауа Ана киелі тасы мен сол шоқының етегінде Қайып Ерен Қырық Шілтендер су ішкен бұлақ бар. Ол өңірде бұлардан да басқа «Пайғамбар тоқтаған», «Пайғамбар саусағы», Ақ бура, Көзді ата, Шілтер ата (Қайып Ерен Қырық Шілтен) атаулары сақталған. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұл тарих Адам Ата мен Ауа Ананың қарашаңырағының иелері қазақ халқы тірі тұрса ешқәшән өлмейді. «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған» деп күні бүгінде де ел аузында айтылып келеді. Бұл күндері Қазығұрт атауының шығу тегі жөнінде әркімдер қазақтың шежіресі мен оның сөз жасау қағидасын білмегендіктен әр-түрлі жорамал-тұжырымдарға жол беріліп жүр. Дұрысы, Қазығұрт біріккен сөз, Қазық және жұрт деген екі сөзден тұрады. Атам Қазақтың сөз жасау жүйесінде «Қ» мен «Ғ» ауысып қолданыла береді. Манқыстау-Маңғыстау. Ал екі сөзден біріктіріліп бір сөз жасағанда, екінші сөздің бірінші дыбысы, немесе бірінші сөздің соңғы дыбыстары, дыбыс үндестігіне сәйкес түсіп қалады: Қүдәйке (Қу Адай әке) , Тәзіке -Тәз «Тәз,Тәж) әке, Манқыстау (Мандардың қыстауы) , Бидай (Би Адай) , Отан (От Ман) , Оғыз (Оқ қыз) , Үстірт (Үстіңгі жұрт) , Қәзір – Қаз бір (пір) , Қырат (Қыра Ат) , Торат (Торы Ат, Таурат) , Әкел (Алып кел) , Апар (Алып бар) , Биыл (биылғы жыл) , Кенжәхмет (Кенжеәхмет) , Зейнөллә (Зейінөллә, Алдоңғар (Алдыоңғар) , Қөжәхмет (Қожа Ахмет) т.т. Қазық қазақтың лақап аты, яғни бүкіл әлем елдерінің қарашаңырағы. Сол сияқты қарашаңырақ пен қазықта синоним сөздер болып табылады. Ал, Жұртқа келсек, бұл Қәсиетті Құранда айтылатын ежелгі Жуды тауының атауы. Қазық пен Қазақтың, Жуды мен Жұрттың (Жұма, Жұмыс, Жұқа, Жуан, Жусан, Жуа, Жүгері, Жүз, Жүздеген, Жүздеп, Жүзінші, Жүзік, Жүзім, Жүзбәсі, Жүзу (суда) , Жүзгіш, Жүзбе-жүз, Жүздесу) түбірлес болатындары осыдан. Қәсиетті Құранда айтылған Жуды тауы осы тау. Еске ұста! Қазақ та Сөз түбірі (өз түбі) ешқәшән жаңылысып көрген емес.
Мұны аз көрсеңдер сіздерге тағы дерек келтірейін: Бұл тұжырымым шындық болатын болса, онда Нұх пайғамбардың моласы неге сақталмаған деген сұрақтың өз-өзінен туындап тұрғаны анық. Шындығын да, Атамыздың моласын табудың еш қиындығы жоқ. Бұл жерде де, сөз түбіріне (өз түбіне) , яғни сөздің атасына сөз береміз. Таптық па? Иә, Иә! Ұқ (Үк) , яғни Үкәшә ата. Өздеріңіз көріп отырғандай атамыздың есімінің сөз түбірі Ұқ (Үк) , яғни Нұқ (Нүк) .
Үкәшә Ата мазары – Қаратаудың күнгей бетінде, Өгіз тау шатқалы маңындағы қыратта, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістән қаласынан 42 км жерде. Кесенесінің жалпы ұзын 16 м, ені 5 м, биіктігі 3,5 – 4 м. Ғимараттың батыс жағында, диәметрі 3,5 – 4 м, биіктігі 4 – 4,5 м болатын шірімейтін қаңылтырдан күмбез тұрғызылған. Негізгі құрылысы тау тастарынан тік төртбүрішті етіп қаланып, сырты ақ және сұр түсті цемент қоспасына қиыршық тас араластырылып сыланған. Кесененің ішіндегі мазардың биіктігі 160 – 170 см, ені 150 см, ұзындығы 12 м-ге жуық. Кесененің батыс жағында 200 м жерде Үкәшә ата құдығы бар.
Ал, Ашаға келсек бұл екі дүниенің, немесе бір заттың екіге бөлініп айырылатын жері дегенді білдіреді. Мысалы, Ашатаяқ, Ашамай. Бұл қазақтың тектік шежіресінде де, сөз жасау жүйесінде де тек қана соны білдіреді. Аліпбидің (Әліппенің) бірінші дыбысы «А» мен басталып «А» мен аяқталатын сөздерде де солай: 1.Аға, 2.Ада, 3.Аза, 4.Ала, 5.Ана, 6.Апа, 7.Ара, 8.Аса, 9.Ата, 10.Ауа, 11.Аша, яғни Үкәшә ата (Нұқ пайғамбар) 9-шы Ата мен 10-шы Анадан айырылып (бөлініп) кетіп тұр. Қайран Аталарым! Жарайсыңдар! Сөз жасасаң осылай Жаса! Тарих жазсаң осылай жаз! Бұл тарихты Ұлы Жаратушы – Алладан басқа ешкім, ешқәшән жоя алмайды.
Себебі, жер бетінде бір қазақ тірі тұрса, домбыра жойылмайды. Қазақтың домбырасына, Салдардың бас киімдеріне, қазақ келіндерінің сәукелесіне «Үкі» тағатын себебі осы. Біздің үкілеп, аялап жүрген атамыз (Нұқ пайғамбар) осы Үкәшә атамыз. Үкілі домбыра, Үкілі Ыбырай, үкілі почта, үкі, үкі ою, үкім, үкімет, үкімет басы атаулары осы атамыздан қалды.
Бұны азсынсаңдар, тағы бір дәлел келтірейін: қазақтың тек қана сөзі емес, сөйлемдері де осылай жасалған. Сөйлем арасы мен соңына қойылатын тыныс белгілері де (үтір, нүкте, үтір-нүкте мен қос нүктелер) осыны білдіреді. Үтір дегеніміз Аллаһтың Ад еліне жіберген Һұд пайғамбардың есімі болса, қос нүктеміз — Қосай Нұқ атамыздың аты мен тегін білдіреді. Тағы қайталаймын. Сөз түбірі (өз түбі) ешқәшән жаңылыспайды.
Нұх пайғамбардың тегі қазақ болатын, оның кемесі тоқтаған жерінде күні бүгінде де қазақтар отыр. Оларда осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Нұх пайғамбардың үш ұлының ең үлкені Қам өз әулетімен қәзіргі Үнді елі жеріне кетіп, сонда қоныстанды. Қазақтан бөлініп өзге өңірге алғаш қадам басқан Қам атамыз болды. Қазақтың «Қадам (Қ-ада-м) » — Қамның атасы деген сөзі осылай дүниеге келді. Жылқы мен жылқышылардың пірі Қамбар атамыздың да тегі осы. Ортаншы ұлы Сам (Шам) өз әулетімен қәзіргі Иран, Арабия жерлеріне барып қоныстанды. Ал, Нұхтың кенжесі Иәфес, әке бүйріғімен сөлтүстікке (Европа жеріне) қоныс аударды. Нұқтың өз елі қәзіргі қазақ даласындағы Қазығұрт тауы (Сырдария өзені) алқабын жаз жайлау, Маңғыстауды қыс қыстауы етіп, мәңғі тұрақтап қалды. Ата жұрт бүткіл жер шарындағы үш ұлының елдерін осы өңірден басқарды. Осы өңір 70 000 жылдан бері бүкіл әлем елдерінің астанасы болып келеді. Көшпенді ел (қазақтар) бүкіл әлем елдерінің ана тілін ешбір елдің тілімен будандастырмай бүгінгі күнге жеткізді. Біздер Нұх атамыздың қарашаңырағының иесіміз. Қазақтың Иа, Иә, Ие, Кие, Қия, Қарақия, Қиян, Қия деген сөздері сол Иәфес атамыздан қалды. Еске ұста! Сөз түбірі жаңылыспайды.
«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістән жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иәфес атты ұлын сөлтүстік жаққа жіберді. Үшеуіне айтты: «Адам перзенттерінен үшеуіңізден өзге ешкім қалған жоқ, үшеуіңіз үш жұртқа отырыңыз, ұрпақтарыңыз көп болса, сол барған жерлеріңізді жұрт етіп отырыңыз».
Иәфес атасының әмірімен Жуды тауынан кетіп, Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иәфестің сегіз ұлы бар еді, ұрпақтары көп болды. Олар мыналар: Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймәр, Тарих. Иәфес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», -деп өсиет қылды, оған Иәфес ұғланы (оғланы) деген лақап қойды.
Түріктің төрт ұлы бар еді; Түтік, Хәкәл, Барсажар, Амлақ. Түрік өзі өлер шағында үлкен ұлы Түтікті өз орнына отырғызып, қайтпас сапарға кетті» (Әбілғәзі «Түрік шежіресі») .
Атам Қазақтың «Үлкен ұл тақ мүрәгері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» деген ұлағатты сөзі содан бері жалғасын тауып, өмірден Ата мен Әке кетсе, әулеттің билігі жасы үлкен ағаға көшіп, ал қарашаңырақ кенже ұлда қалып келеді.
Қүдәйке қауымы ғұмырларының соңына «Қос нүкте» қойылуына олардың Аллаға иман келтіруден бас тартулары себеп болды.

— «65. Сондай-ақ, Ад еліне бауырлары Һұд (жібердік) . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Қорықпайсыңдар ма?» — деді. 66. Оның еліндегі күпірлік етуші (қарсы болған) уәзірлері мен бектері: «Негізінде, біз сені бір жетесіз көріп тұрмыз әрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз», — деді. 67. (Һұд) : «Әй, елім! Мен – жетесіз емеспін. Анығында, мен – әлемдердің Раббысынан (жіберілген) Елшімін. 68. Сендерге Раббымның жолдағандарын жеткіземін. Әрі сендерге сенімді кеңес берушімін. 69. Сендерге ескертуі үшін араларыңнан болған бір кісі арқылы өздеріңнің Раббыңнан еске салу, (ескерту) келгеніне таң қаласыңдар ма? Оның сендерді Нұх елінен кейін, халифа (олардың орнын басушылар) еткенін әрі жаратылыста үлкен еткенін естеріңе алыңдар. Жетістікке жету үшін, Аллаһтың игіліктерін естеріңе алыңдар», — деді. 70. (Олар) : «Сен бізге, біздің Аллаһтың жалғыз өзіне құлшылық жасап, ата-бабаларымыз табынып келгендерін тастауымыз үшін келдің бе? Егер шын сөзділерден болсаң, бізге уәде етіп отырғандарыңды келтір», — деді. 71. (Һұд) : «Ақиқатында, сендерге өздеріңнің Раббыңнан азап және ашу келді. Сендер өздерің және ата-бабаларың (пұт құдайларды) атаған есімдер жайында менімен тартысасыңдар ма? Аллаһ олар жөнінде ешбір дәлел түсірмеген. Ендеше күтіңдер, мен де сендермен бірге күтушілерден боламын», — деді. 72. Сонда Біз оны және өнімен бірге болғандарды Өзімізден болған мейіріммен құтқарып, аяттарымызды өтірікке шығарғандардың артын үздік (толық жойдық) . Олар иманға келмеген еді. …74. Оның сендерді Ад елінен кейін халифа (орнын басушылар) еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды еске алыңдар. Аллаһтың игілікті істерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», — деді» (Құран Кәрім «Әз-Аъраф» сүресі) . …«58. Әміріміз келген кезде, Һұдты және өнімен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімізбен құтқардық әрі біз оларды ауыр азаптан құтқардық» (Құран Кәрім «Һұд» сүресі) . 6.Ал, Адтықтар жойқын, аязды дәуілмен жойылды. 7. Ол (Аллаһ) оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол енді іші кеуек құрма ағаштарындай құлап жатқанын көресең» (Әл-хаққа сүресі) .
Тәпсір: «Ад қауымы сол замандағы адамдарға қарағанда дене бітімдері бойшаң, күш-қуаттары да мол еді» Ибн Касир. «Олар Елшімен өздері ойдан шығарған, ал шын мәнінде жоқ құдайлардың аттары жайлы таласты» А.Саъди. Адттықтар пұтқа табынған. Олар Аталарының мүсінін тастап жасап, оларды Құдай деп есептеді. Бізден күшті кім бар деп, Аллаһқа иман келтірмей, менмендікке салынғандары үшін аязды күнде жеті түн, сегіз күн дауыл соғып жоқ етілді. Бұл адамзаттың тарихи шежіресімен де толықтай сәйкес. Жеті саны жеті аталық жүйемен, яғни Бұзау атаның ұрпағы Жеменей атамыздың есімімен сәйкес болса, сегіз саны осы Жеменейден бөлінетін Семиттердің есімімен сәйкес келеді. Құран Кәріммен тыйым салынған нәсілшілдікті (расизм) , ұлтсыздықты (интернәциөнәлизм, көсмөпөлитизм) уағыздайтын Иудайзм (Жаңа Өсиет, Евәнгелие) дінінің қозғаушы күші осы Семиттерден бөлінетін еврейлер болып табылады.
Маңғыстаудағы Ақтау қаласының 16 шағын ауданында, Бейнеу ауданы Боранқұл кентінің өңтүстік шығысында 20 км. қашықтықта «Алты құлаш әулие» деген екі киелі орын және Маңғыстау ауданы Шайыр ауылының солт.-шығ. жағынан 12 км. жердегі «Қіріқкез» қорымдары бар. Қазақта «құлаш» пен «кез» ұзындық өлшемі. Сонда аталарымыздың бойы 10-12 метр, тіпті одан да биік болған. Бұл атау сонау ескіден де ескі замандарда жер бетінде алып мамонттар (ертеректе Түпқәрәғән, Саура маңынан мамонттың сүйегі (тісі) табылған болатын) ; алып қарақұстар (Манқұс немесе кейінірек Дегелек) «Отпан таудың басында, Дегелек деген бір құс бар, Аспанда тұрып ысқырса, Мың ордалы жылан басылған» деген Қашаған жыраудың жыр шумақтарын еске алайық (Адай ата. 1 кітәп 127 бет) ; алып кесірткелер мен алып айдаһарлар өмір сүрген замандарда, ол заманның адамдарының бойлары да, соларға сәйкес 10-12 метрге дейін жеткен. Олар алып адамдар деп аталған. Бұл жағдай өткен ғасырдың аяқ кездерінде қәзіргі Арабия жерінен бойы 10-12 метр адамдардың қаңқасы табылғаннан кейін ғылымда да мойындалған. Маңғыстаудағы Қараман ата және Оңтүстік Қазақстан облысындағы Үкәшә (Нұқ пайғамбар) атамыздың қәбірлерінің де ұзындығының 10-12 метр екенін қосыңыз. Маңғыстауда бойы үш, үш жарым метр адамдардың молалары күні бүгінде де кездеседі. Сондай молалар Сәйөтестен теңізге қарай 35 км. жердегі Сисем ата әулие қорымында бар. Енді осы алып адамдардың қатарына Ерсары атамызды да қосып, белдеріне «Ерсарының қайрағын» байлап қойсаңыз өте әдемі үйлесіп кеткен жоқ па?! Қәзіргі «білгіштер» Ерсарыны түркпенге телиді. Ал, оның жоғарғы жағында Адай таңба тұр. Білгішсініп, өз атаңды әркімге бір телігенше тастағы «таңбаларды» оқып үйренейік, Ағайын!
Рашид Ад Диннің Оғыз дастанында былай деп жазылыпты:
…«Сахарада Жәмік (ямік) деген бір уәләят болды. Өзі күшті қуатты ел саналып, бір адамы басқаның он адамына қарсы тұрарлық еді. Бұлар Сыр бойын ерте заманнан қоныстанған.
Байтақ ұлыс Оғыздарды билеген Инал Сыр Жабғухан еді. Оған Дада Керейжүқ уәзір болып, оның қізметін басқарды. Бұл Қарақожа ұлы Қорқыт ата еді. Шыққан тегі Оғыздың Баяты еді. Ол асқан ақылды данышпан, керемет адам еді. Өзі нақыл, сәуегейлік сөз айтқан. 295 жыл ғұмыр кешкен қария кісі…» («Оғыз» дастаны, тәржімә, 1972, 55-57 беттерде) .
Тәпсір: Нұқ атамыздың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауы Сыр өңірінде. Жәм (Жем) Адайдың Бұзау тайпасына жатады. Оғыз бен Адай синоним. Шындығында Оғыз (Оқ пен қыз) Адайдың ұрпағы. Сыр өңірі, Сырдария өзені, Сыр (Жабал) елі сол атамыздан қалды. Қорқыт атамызға көмментәрий қәжет емес. Баят – Бай Ад (Бай Адай) деген екі біріккен сөзден тұрады. Қәзіргі он екі Ата Байұлының негізі солар.
Әлемге әйгілі Египет пирамидаларын осы алып адамдар салған деп тұжырым жасасақ дұрысы осы болар. Ол жайлы Құран Кәрімде айқын аяттар бар. «38.Ал, Фиръаун: «Ей, уәзірлер! Мен сендер үшін өзімнен басқа құдай бар екенін білмеймін. Ей, Һаман! Лайды оттың үстіне салып (кірпіш құйып) , маған Мұсаның құдайына көтерілуім үшін биік мұнара тұрғыз» (Құран Кәрім «Әл-Қасас» сүресі) . Демек, Пирамидалар Перғәуіндәрдің Ұлы Жаратушы-Алләмен мәңгі сөйлесу үшін салған мұнаралары. Адам қөлімен салынған мұндай құрылыс жер бетінде бұрын-соңды болып көрген емес. Ол аса ауыр жер сілкіністеріне де, аса күшті дауылдарға да, тіпті топан суларға да төтеп бере алады. Пирамидаларды да салғандар осы қазақтың ата-бабалары. Оған Египет пирамидасының ішіндегі бөлменің қабырғасынан табылған «домбыра мен Адайдың «тіл таңбасы» толықтай куәлік ете алады. Енді осының үстіне Кайр (Египет) мұражайына қойылған Тутанхамонның (Египет перғәуіні, мүрдесі пирамида ішіне жерленген) бала кезінде ойнаған ойыншығы қойдың асығы және пирамидалардың ең биік шыңының Адайдың таңбасы «жебемен» сәйкес келетіндігін және Құран Кәрімде Перғәуін әскерінің «қазық (қазақ) » деп аталғанын қосыңыз.
«Жақында Египет ғалымдары Пирамида тастарының құрамына химиялық сараптама жүргізіп, оның адам қөлімен жасалғандығына көз жеткізгендерін мәлімдеді» — деп жазыпты Экспресс гәзеті (http://kinofilms-online.ru/hot-news/novosti/nauka-i-tekhnologii/648-uchenye-raskryli-tajnu-stroitelstva-egipetskikh-piramid) .
Мысыр пирамидалары тастарының қолдан құйылғанын бұдан 20 жыл бұрын қазақтың біртуәр ұлы, өнертәпқіш Сейілбек Қышқашов дәлелдеп кеткен болатын.
Жер бетінде әлемге әйгілі пирамидалар көп. Олардың санатына Қытайдың Сиан жазығындағы пирамида, Мексикәнің Юкәтән жазығындағы Кукулкән пирамидасы, Андадағы Нөрте-Чикө мәдениеті пирамидалары жатады. Осы пирамидалардың ішіндегі ең әйгілісі жоғарыда айтылған Египеттегі Гәзе (Қаз) пирамидалары. Ғалымдардың дәлелдеуінше осы пирамидалардың бәрі бір мезгілде салынған. Осы пирамидалар соңғы кезде «ұйқыдан» оянып, бәрі де аспанға сәуле (жарық) шәшә бастаған. Бұған түсінік беруге ғалымдардың білімдері жетпеуде.
Бұл қауымның да азап шегіп ыдырауына, олардың менменсіп, «бізден күшті кім бар», — деп Ұлы Жаратушы — Аллаһқа иман келтіруден бас тартулары себеп болды.

— «73.Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты (жібердік) . (Ол) : «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау – Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады. 74. Оның сендерді Ад елінен кейін халифа (орнын басушылар) еткенін және жерде орналастырып, оның жазықтарында сарайлар тұрғызып, ал тауларынан қашап үй жасағандарыңды естеріңе алыңдар. Аллаһтың игіліктерін еске алыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар», — деді. …77.Сөйтіп олар түйенің тірсегін қиып, өздерінің Раббысының әміріне бағынбай, шектен шықты. Кейін: «Ей, Салих! Егер елшілерден болсаң, бізге уәде етіп жүргеніңді (азапты) келтір», — деді. 78. Сонда, оларға бір сілкініс тиіп, олар үйлерінде етпеттерінен жатқан күйі қалды. (Құран Кәрім «Әл- Аъраф» сүресі) .
«4.Сәмүд және Ад елдері «Қариъаны» (Қиямет күнін) өтірік санады. 5.Сөйтіп Самұдтықтар «Тәғиямен» (шектен тыс қуатты нәрсемен) жойылды. 6.Ал, Адтықтар жойқын, аязды дәуілмен жойылды. 7. Ол (Аллаһ) оны олардың үстіне жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде соқтырып қойды. Сен ол енді іші кеуек құрма ағаштарындай құлап жатқанын көресең» (Құран Кәрім «Әл-Хаққа» сүресі) .
Тәпсір: «Бұл елдер елшілерді теріске шығарып, міндетті түрде болатын Қиямет күніне сенбей, күнә, азғындық істерде болды». А.Саъди. «Бұл – үрейлі зор айқай. Бұл дауыстан олардың жүректері жарылды» А.Саъди. Құран Кәрімде бұндай теңеулер көптеп кездеседі. Самуд елі Нұх пайғамбардың үш ұлының (Хам, Сам, Иәфес) ортаншысы Сам атамыздың елі. Атәмекендері Арабия түбегі. Шам (Сам) шаһары атаулары солардан қалған. Шам шаһары — қәзіргі Сыр (Сирия) елінің астанасы Дәмәск (Дамашық) қаласының ежелгі атауы.
Бұл қауымның да опат болуына олардың әділетсіздік танытып, қиянат жасап Ұлы Жаратушы – Аллаға құлшылық етпеулері себеп болды.

— «54.Сондай-ақ Лұтта өз еліне: «Сендер өздерің көре тұрып, жиіркенішті іс істейсіңдер ме? 55.Сендер әйелдердің орнына, еркектерге тәни құмарлық (шаһуат) танытасыңдар ма? Иә, сендер – надан елсіңдер», — деді. 56.Оның елінің жауабы: «Лұттың үй-ішін кенттерінен шығарып жіберіңдер. Өйткені олар таза болуды қалайтын адамдар», — дегеннен басқа сөз болмады. 57. Сонда Біз оны және үй-ішін құтқардық, тек әйелінен басқа. Оның артта қалушылардан болуын алдын-ала белгіледік. 58. Сөйтіп, Біз олардың үстіне тастан жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры қандай жаман» (Құран Кәрім «Ән-Нәмл» сүресі) .
Тәпсір: «Лұт Ибраһим пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, ағайыны еді. Әрі оған еріп иманға келген болатын. Кейін аса ұлы Аллаһ Лұт пағамбарды, оған Аллаһтың сәлемі болсын, пұтқа табынатын, жиіркенішті істер істейтін және жолаушыларды төнәушіліқпен айналысатын елге дін уағыздау үшін жіберілді. Лұт пайғамбар оларды тәубеге келуге шақырып, күнә істерінің күйзелтуші азапқа ұшырататынын түсіндірді. Олардың күнәдән қайтпайтыны анық болған кезде, оларға қарсы Раббысына дұға жасады. А.Саъди.
Бұл қауымда әйел мен әйел, еркек пен еркек жаппай жыныстық қатынасқа түскен, яғни қәзіргі тілмен айтқанда көптеген Европа елдеріндегі сияқты «лезби және гөмөсексуәлизм» — мен айналысқан (Орыс тілді биліктің Қазақтың Ұлттық иделөгиясімен айналыспау салдарынан мұндай жағдайлардың соңғы жылдары елімізде етек жайып бара жатқаны ащы да болса шындыққа айналып барады) . Оның әйелі күнәһәрләрдің қатарынан болғандықтан құтқарылмаған. Алла олардың үстіне аспаннан тас (күкірт пен от) жаудырып қырғынға ұшыратқан. Бұл қауым пұтқа табынған және жолаушыларды төнәушіліқпен айналысқан.
Ұлы Жаратушы – Алланың хақ жолына қарсы шығып, азғындыққа: пұтқа табынып, жиіркенішті істер істегендері және жолаушыларды төнәушіліқпен айналысқандары үшін жазаға тартылды.

— «85. Сондай-ақ Мәдиян еліне бауырлары Шұғайыпты (жібердік) . Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңбер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Сендерге Раббыңнан анық бір дәлел келді. Өлшеулі және таразыда туралықты ұстаңдар әрі адамдардың заттарын кемітпеңдер. Жер беті түзетілгеннен кейін онда бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар. Егер иманды болсаңдар, осылай етулерің өздерің үшін қайырлы. 86. Әрі адамдарды қорқыту үшін әрбір жолда отырмаңдар. Сондай-ақ Аллаһтың жолын қисайтуды қалап, одан иманға келгендерді қайтармаңдар. Өздерің аз болған кезде Ол сендерді көбейткенін естеріңе алыңдар. Бұзушы-бүлдірушілердің соңының немен біткеніне назар салыңдар!» (Құран Кәрім «Әл-Аъраф» сүресі) .
«36…Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер»,- деді. 37. Олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларды бір сілкініс ұстады да олар үйлерінде етпеттеп жатқан күйлерінде қалды» (Әл-Әнкәбут сүресі) .
Тәпсір: «Аса ұлы Аллаһ оларды үйлерінде жазалап жойды» А.Саъди. Мадиян патшалығы өзінің ұзақ ғұмырында кейбір істерде әділетсіз болғандықтарынан Аллаһтың бүйріғімен жер сілкіну салдарынан опат тапты. Қазақтың Шұғыла (күн сәулесі, білім сәулесі) деген сөзі Шұғайып пайғамбардан қалды. Авторлық құқық пен сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды. Әділет пен әділетсіздік, мәдениеттілік пен мәдениетсіздік деген ұғымдар осылай дүниеге келді. Әйтпесе біз әділеттің де, мәдениеттің де не екенін түсінбеген болар едік.
Мадиян елінің де Аллаһтың қаһарына душар болуына, олардың да кейбір істерде әділетсіздік танытып, «таразыдан» жеп және Құдайға құлшылық етуден бас тартып, әқирет күніне иман келтірмегендері (сенбегендері) себеп болды.

— «4.Негізінде, Фиръаун жер бетінде (өз елінде) өзін жоғары қойып, оның халқын бөлді. Ол (Фирһаун) олардың бір тобын езгіге салып, ұлдарын бауыздап, ал әйелдерін тірі қалдыратын еді. Ақиқатында, ол бұзушы-бүлдірушілерден болды. 5.Ал, Біз ол жерде (Мысырда) әлсіз болғандарға игілік көрсетуді, оларды жетекші етуді әрі мүрәгерлер етуді қалаймыз, 6.Сондай-ақ оларға ол жерде билік беруді әрі Фирһаун мен Һаманға және екеуінің әскеріне олардың қорқып, сақтанған (қәуіптенген) нәрселерін көрсетуді. …39. Әрі ол және оның әскері ешқәндәй құқығы болмаса да өздерін жоғары санады әрі олар Бізге қайтарылмаймыз деп ойлады. 40. Сонда Біз оны және оның әскерін ұстап (жазалап) , теңізге тастадық. Әділетсіздердің соңы не болғанына назар сал. 41. Әрі Біз оларды Отқа (тозаққа) шақырушы жетекші еттік, ал Қайта тірілу күні оларға көмек берілмейді. 42. Әрі осы өмірде Біз олардың соңынан қарғыс ертіп қойдық, ал Қайта тірілу күні олар (Аллаътың мейірімінен) шеттетілгендерден (ұсқынсыз, жиіркеніштілерден) болады. 43. Біз алдыңғы ұрпақтарды жойғанымыздан кейін, Мұсаға адамдар үшін көрнеу дәлелдер, жолбасшы (тура жолды ұстауға басшылық) және мейірім ретінде, олардың еске алулары үшін Кітәпті бердік (Әл-Қасас сүресі) .
Тәпсір: «Елді жіктеп, топтарға бөліп, Исрайл ұрпақтарын езгіге салып, қысым көрсетті. Өзінің тағын қәуіпсіздендіру үшін олардың ұлдарын өлтіріп, тек қыздарын қалдыруды бұйырды. Аса ұлы Аллаһ Исрайл ұрпақтарын қорлық езгіден құтқарып, оларды имандыларға жетекші және дүние игіліктеріне мүрәгер етуді қалады». А.Саъди. Аллаһтың қәһәрімен (олардың әділетсізідіктерінің салдарынан) Перғәуін әскері теңізге батырылды. Әділетсіз басшыны қолдаған бүкіл әскер Ұлы Жаратушы – Аллаһтың қаһарына ұшырап ауыр жазаға тартылды.
Олардың да жазаға тартылуына әділетсіздіктері (жазықсыз жандарға опат келтірулері) себеп болды. Сөзсіз әрбір қиянаттың артында Аллаһтың жазасы бар.

— «78. Ол (Қарун) : (Бұл мал-дәулет) маған білімім үшін берілді», — деді. Ол білмеді ме, Аллаһтың одан бұрынғы ұрпақтардан күш-қуаты одан мықты әрі жинағаны да көбірек болғандарды жойып жібергенін? Қілміскерлер күнәләрі жайлы сұралмайды. 79. Сонда ол елінің алдына сән-cәлтәнәтімен көріктеніп шықты. Әрі осы дүние тіршілігін қалағандар: «Әттең! Қарунға берілгендей нәрсе бізге де берілгенде еді! Ол – сөзсіз, үлкен үлес иесі», — деді. 80. Ал, өздеріне білім берілгендер: «Сорларың бар болғыр! Иманға келген және ізгі амал жасағандар үшін Аллаһтың сыйы қайырлы әрі ол сабыр етушілерге ғана бұйырады», — деді. 81. Сонда Біз оны және оның үй-жайын жерге жұтқыздық. Оны Аллаһтан құтқаратын ешбір топ болмады әрі ол өз-өзін де құтқара алмады.
Тәпсір: Ол өмірдің барлық қызығы тек қана дүние-мал жинау деп ұғынды. «Оған адамдар: «Бұл өмір сені әқиреттен тосып қоймасын. Аса ұлы Аллаһ берген игіліктерді, мүмкіншіліктерін Жәннәтқә жету үшін пайдаланып, садақа беріп, Раббыңның разылығын табуға тырыс. Дүниеңнің бір бөлігін өзің үшін пайдалан. Сонда сен өз дініңе де, әқиретіңе де пайда келтіресің. Аллаһтың жаратқандарына жақсылық жаса», — деді. …Олар өздерін ізгілер қатарында есептеп, осылай жалғаса береді деген сенімде болды. Алайда, бұл оларды азаптан қорғай алмайды. Адамның байлығы оның өзгелерден артықшылығы деген сөз емес». А.Саъди. Игілікті іс (мешіт, көпір, жол, мектеп-медресе салу, ғылым-білімге т.т. жұмсамады) жасамады, қайыр-садақа бермеді, Аллаһтың рақымшылығын табуға тырыспады. Ол өте менменшіл және тәкәппәр болды. Аллаһтың қәһәрімен оны (Қарынбайды) , үй-ішімен және барлық дүние-мүлкімен жер жұтты. Осының бәрі кеше ғана осындай бай болуды көксеген өзге жұрттың бәрінің көз алдында болды. Тура осындай жағдай күні кеше, бар-жоғы осыдан жүз жылдай шамасы бұрын (1917ж.) , Кеңес үкіметі билікке келер тұста болып өтті. Бұнда бүгінгі тек қана қарабастарының қамын ойлап жүрген байларға және тек қана бай болуды көксеп жүргендерге үлкен ғибрат бар.
«Қарун – Мұсаның руынан болған бай адам. Ол байлығына масаттанып, адамдарға әділетсіздік істейтін еді. А.Саъди. Қазақтың шежіре, аңыз-ертегілеріндегі ең жағымсыз кейіпкерлердің бірі «атақты» Қарынбайымыз осы.
Бұл жерде жазаға тек қана «Қарынбайлар» мен «Шық бермес Шығайбайлар» тартылды. Бай болсаң, бар болсаң артық қаражатыңды еліңдегі кедейлердің (жөқ—жітімдердің) жағдайын жақсартуға жұмсауға тиіссің. Ал, қәзіргі кейбір «азғындар» ел аузынан жырып, арам жөлмен жинаған байлықтарын шетелге тасып жүр.

— «10. Әрі Біз Ер Дәуітке Өз тарапымыздан артықшылық бердік. «Ей, таулар! Онімен (Дәуітпен) бірге жаңғырық беріп (Аллаһты дәріптеуін) қайталаңдар. Ей, құстар! (сендер де) қайталаңдар – дедік. Әрі оған темірді жұмсартып: 11. «Ұзын сауыттар жаса және оның бөліктерін (шығыршықтарын) мөлшерлеп ал. Әрі ізгілік істеңдер. Ақиқатында, Мен не істеп жатқандарыңды Көрушімін», — дедік. 12. Ал, Сүлейменге тәңертеңгі шығуы бір айлық, кешке қайтуы бір айлық жолды басып өтетін желді (бағындырдық) . Біз оған мыстан бұлақ ағыздық. Және Раббысының рүқсәтімен оның алдында жындардан жұмыс істейтіндері болды. Әрі олардан кім әмірімізден шықса, оған Саъир азабын таттырамыз. 13. Олар оған, ол қалаған құрылыстарды (сарайлар мен мешіттерді) , кескіндерді, әуіздей үлкен ыдыстарды және берік орнатылған қазандарды жасап беретін. (Оларға) : «Ей, Дәуіттің әулеті! Шүкір ету (Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдіру) үшін амал істеңдер», — дедік. Құлдарымның азы ғана шүкір етуші (берген игіліктеріме разы болып, алғыс білдіруші) . …15. Сәбәліқтәр үшін олардың тұратын жерлерінде белгі (нышан) — оң жақ және сол жақтарында (орналасқан) екі бағы — бар еді. (Оларға) : «Өздеріңнің Раббыңның ризығынан жеңдер және шүкір етіңдер (Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер) . Жақсы ел әрі аса кешірімді Раббы», — (делінген еді) . 16. Алайда олар (шүкірсіздік етіп, құлшылықтан) теріс бұрылды. Сонда Біз оларға тасқын суды жібердік әрі олардың бақтарын жыңғылды әрі азғана сидры (тікенекті ағашы) бар екі бәқпен алмастырдық» (Сәбә сүресі) .
Тәпсір: Сәбә – Иемендік елдің аты. Бұл елдің қытай жазбаларындағы атауы Сә (Са) , олардың ұрпақтары Сақтар, Сарматтар. Бұл бүгінгі қазақтардың ежелгі ата-бабаларының атауы. Иеменнің қазақша атауы Жемен. Олар Қаз Адайдың шежіре дерегі бойынша Адайдың жетінші буыны, яғни алтыншы немересі Бұзаудан тарайды. Иемен дегендегі «И» дыбысы, бұл Ата (Ада) деген ұғымға жалғанған, Адай дегендегі, атаның баласы, ұрпағы дегенді және сөнімен қатар Нұқ пайғамбардың кіші ұлы Иәфес дегенді білдіреді. Олардың ұрпағынан Ер Дәуіт пен он сегіз мың ғаламды билеген Сүлеймен шықты. Оларға Аллатағала көптеген артықшылықтар берген. Кейіннен, «Олар шүкірсіздік танытып құлшылық етуден, бойсұнудан бас тартқан кезде оларға жаза түсті. Бірқәтәр ғалымдардың пікірі бойынша сәбәліқтәрдің салып, пайдаланып келе жатқан су бөгетін (плотинаны) Аллатағала егеуқүйріқтәр жіберіп тестіріп, тоған құлап, бұларды сел басты. Сөйтіп Сәбәліқ тайпалар азапқа ұшырап, олардың бір бөлігі жан-жаққа тарап кетті». Ибн Касир. Бұлардың бір бөлігінің жазаға тартылуына, олардың шүкіршілік етпей, әділетсіздік танытып, Аллаъқа құлшылық етуден бас тартқандары себеп болды. Дегенмен, олардың артында Сақи, Мырза, Жомарт деген ең жақсы ұғымдар қалды.

«41.Адамдардың өз қөлдәрімен жасағандарының (күнә, қылмыстарының) себебінен құрлықта және теңізде бүліншілік пайда болды. (Бұл) олардың істеген күнәләрінің кейбірінің жазасын татуы әрі олардың (қүнәләрдән) қайтулары үшін». (Әр-Рум сүресі) .
Тәпсір: «Жердегі түрлі бақытсыздықтар және қиыншылықтар – адамдардың жаман істеріне берілген жаза. Бұл бақытсыздықтар жазаның дүниедегі бір бөлігі ғана. Сөйтіп, олар күнәдән аса ұлы Аллаһқа бойсұнуға қайтып, тура жолға түсуі үшін. Бұл барлық кемшіліктен пәк Аллаһтың құлдарына деген мейірімі. (А.Саъди) . Аллаһқа иман келтірмей, күнәлі істеріңді ары қарай жалғастыра берсең, ар жағыңда, яғни келесі «дүниеде» сені тағы тозақ күтіп тұр.
«116. …Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қілміскер болды» (Құран Кәрім «Һұд» сүресі) . Тәпсір: «Әділетсіздер, тек дүние қызықтарына беріліп, одан басқа ештеңені қаламады. Соңында олар жазаға лайық болып жойылды». А.Саъди.

Тарих тағлымы: Сөзсіз әрбір күнәнің ішінде азап бар. Егер кімде-кім сол күнәні жасаса және сол күнәлі істен бас тартып тезірек тәубе жасамаса, онда ол күнәнің қәсіретті зардабы оған міндетті түрде айналып соғары сөзсіз. Бірәқ өкінішке орай, Құдайын ұмытып жасаған күнәні, Құдай да ұмытады-деп ойлап, алданып жүргендер қаншама? Ақиқатында Алла еш нәрсені ұмытпайды. Алла бәрін көруші.

ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ - АЛЛА ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БАРШАҢЫЗҒА ИМАН БЕРГЕЙ!

Қожырбайұлы Мүхәмбеткәрім, Маңғыстау
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1601

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Менің жазғы демалысым 5 min
Оралда қос автокөлік тү 6 min
Шамалғандағы апат бойын 10 min
Осы араны басып көріңіз 20 min
Апаттан зардап шеккенде 30 min
Хабарландыру! – S 30 min
Пойыз бен автобус соқты 1 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 1 sagt
Футболдан кезекті қайыр 1 sagt
Шамалғандағы апат болға 1 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 1 sagt
Бас көлік прокуратурасы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Бішкекте барысты қорғау 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Иран әйелдері футбол та 2 sagt
Шамалғандағы апат: Авто 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
А каков твой намаз?! | 2 sagt
Алматы облысындағы жол 2 sagt
Шамалғандағы апатқа қат 2 sagt
Қарағанды облысында жаң 2 sagt
Пойыз бен автобустың со 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
"Ақырына дейін авт 3 sagt
Бокстан әлем чемпионаты 3 sagt
Болашақ Олимпиадаға ап 3 sagt
Бас көлік прокуратурасы 3 sagt
Алматы облысында пойыз 4 sagt
Пойыз бен автобустың со 4 sagt