Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 01:08 - 2016/09/19

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1585
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1585

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1585

Мақала жолдаушы: Қожырбайұлы Мүхәмбеткәрім
Мақала апторы: Қожырбайұлы Мүхәмбеткәрім
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Маңғыстау

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


СОПЫЛЫҚ ІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Тарихат жолын ұстанып, сопылық ілімді меңгерген Ұлы Аталарымыздың біздерге аманаттап кеткен Ислам діні «Дәстүрлі дін» деп аталады.
Осы «Дәстүрлі дінімізді» ұзақ жылдар бойы зерттеу барысында өзімнің көз жеткізген дүниелерімді Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.
Негізгі ұлы діндердің бәрі қәзіргі қазақтың ата-бабаларының арасында дүниеге келген, ең алғашқы Алланың хақтығын танып, дін деген ұғымды дүниеге әкелгендер солар. Өзге елдердің дініне «дәстүр» деген сөздің қосылмайтыны осыдан.
Аталарымыздан аманатқа қалған мұсылмандықтың бес парызын сақтай отыра, ата-бабаларымыз ұстанған тарихат жөлімен жүру, соны ұстану, өзге дінге өтпеу, жат ағымға ермеу, ата-бабаларымыздың өлі де аруағын, тірі де өзін сыйлау, әулиелерді қүрметтеу, ұрпақ қамын ойлап, артыңа ұрпақ қалдырып, оны мұсылмандыққа тәрбиелеу, ұлттық мәдениет пен тарихты дәріптеу, тіліңді жоғалтпау, ұрпаққа үлгі болу, Атәмекенді сүйіп, туған жеріңді көзіңнің қарашығындай қорғау. Ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен үндесіп, қабысып кеткен Ислам діні, яғни дәстүрлі дініміз қазақ мәдениетінің алтын діңгегі болып табылады. Аталарымыздың «Дін діңгегің» дейтіні осыдан.
Тарих тағлымы: Діңгегі әлсіз заттың да, діңгегі (діні) әлсіз елдің де өмір жасы ұзаққа бармайды.
Түсініктеме: «Тарихат» деп аты айтып тұрғандай, бұл жол Ата-бабаларымыздың өткен тарихын зерттейді. Бұл ілім: Сопылық ілім, Хал ілімі, Ар ілімі, Хақ ілімі деп те атала береді. Бұл бүткіл жер бетіндегі Адамның жан дүниесін зерттейтін жалғыз ілім. Жер бетінде бұған тең келетін ілім жоқ. Себебі, өзге діндердің бәрі адамзатқа кітәп арқылы жетсе, бұл ілім адамдарға жан-жүрегің арқылы жетеді.

Қазақ даласының, яғни Алтын Орданың исламдануы Х1Ү ғасырдың бірінші жартысында Тоқтыдан кейін таққа отырған Тоғлық Темірдің Өзбек хан (1312-1342) мен оның ұлы Жәнібек хан (1342-1357) тұсында толық аяқталды.
Қазақ халқы имандылықты аса қәдірлейді. Имансыз адам барып тұрған есер, жауыз, қайырымсыз, көрсөқір, қәсиетсіз, яғни әдәмгершіліктен жұрдай адам саналады. Ондай жандардан есін білгендер көш жер қашық жүргенді тәуір көреді. Тіпті о дүниеге аттанарда да адамға: «иманың жолдасың болсын» деген тілек айтылады. Қазақта адамға берілетін ең жоғарғы баға «имәнжүзді» деген аса қәстерлі бір ауыз сөз бар. Осы бір ауыз сөзге бәрі сыйып кеткен.
Ислам діні бүкіл жер бетіндегі ең жас дін. Солай болса да осы Исламды мойындаушылар бүгінгі таңда саны жағынан екінші орынға шығып отыр. Әлі де күннен-күнге көбейіп келеді. Былай қарасаң, өзге діндегі миссиөнерлер сияқты, мұсылман діндәрләрі Исламды уағыздап, әртүрлі жөлдәрмен (іштерінде алдап-арбау, әқшәмен қызықтыру, қорқытып-үркіту, т.б.) қатарына тартып та жатқан жоқ. Тіпті біле білсеңіз, мұсылманда ондайды үлкен күнәғә санайды. Бірде-бір таза мұсылман діндәрләрі өзге діндегілерді мұсылман болуға уағыздамайды. Неге бұлай? Бар мәселе Алланың хақтығында және оның елшісі Мүхәммед пайғамбар арқылы Құранның бізге жетуінде.
«Құран» деген сөздің өзі «оқу» деген мағынаны білдіреді. Алла тағаладан Мүхәммед арқылы бірінші түскен Алақ сүресінің өзі «оқы» деген сөзден басталады:
«Жаратқан иенің әтімен оқы! Адамды ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенің тәңірің – ең жомарт! Ол қәләммен жазу үйретті. Адамдарға білмегенін білдірді» (Құран Кәрім, Алақ сүресі. 1-5 аяттар) .
Алла тағала адамзатты он сегіз мың ғаламның қожасы, иесі етіп жарата отырып, бұларды игеруге шақырады. Құран Кәрімде көрсетілген табиғи құбылыстар, әртүрлі ағымдағы ілімдер, көзқәрәстәр, ойлар адамдардың ғылымды игеруінің нәтижесінде химия, физикә, мәтемәтикә, астрономия, биөлөгия, тағы сол сияқты ғылым салалары болып бөлінген. Ислам дінінің бір ғана Орта Азия мен Қазақстанда орнығуы осы өлкелерден дүниежүзіне танымал Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мүхәммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайри, Әбуали ибн Сина (Авиценнә) , әл-Бируни, Фердәуси, Низами, Жүсіп Баласағұни, т.б. көптеген ғұлама-ғалымдардың шығуына жол ашты.
Бүкіл әлемде өзге діндегі сан мыңдаған ғұлама-ғалымдар мен оқымыстылар, әдебиет пен өнер қәйрәткерлері Ислам дініне беріліп, Құран-Кәрімді оқып, оның таңғажайып ғибратына таң қалып, соның негізінде шығармалар жазды. Құран Кәрімнің бір аятында «Адамдарға баян еткен бұл мысалдарды ғалымдар ғана түсіне алады» делінсе, тағы бірінде «Пенделердің ішінде Алладан шын мәнінде ғалымдар ғана қорқады» делінген. (Қ.К. «Әл-Анкәбут сүресі, 43, 28 аяттар) . Өмірдің қыр-сырын түсінетін жеткілікті білімі бар Құранды оқыған кез-келген адам Ислам дінін қабылдайды, деп жазды француз әкәдемигі Морис Букәс. Орыстың ұлы жазушысы Лев Толстой да қартайған шағында «Кез келген саналы адамның соңғы табан тірейтін жері - Ислам» деп ой қорытып, Ислам дінін қабылдағанын көбіміздің біле бермейтініміз анық. Лев Толстой әлемдік бес ұлы дінді өмір бойы зерттеп өткен ғұлама-ғалым адам. Ол жайлы Имам Вәлерия Порохова былай деп жазады. «Лев Толстой «Мені дін мұсылман санаңыздар» деген сөзін Құранды оқығаннан кейін айтқан. Ұлы жазушының мұсылмандық ғүріппен жерлегенін білесіз ғой? (Пәвел Бәсинскийдің жақында жарық көрген «Лев Толстой: бегствө из рая» кітәбіндә жазушының жер қойнына тапсырылған шағын суреттеген тұста «Телө Л.Н. положили в дубовый грөб, без крестә на крішке», «Төлстөгө хоронили, кәк он и зәвещәл, «без церкөвнөгө пенья, без ладана», «без төржественніх речей» деген сөйлемдер бар. Бұл қәләмгердің христиан дініне сай жерленбегенін көрсетеді. Қәзір бүкіл әлемде исламның өте қуатты экспәнсиясі бой көрсетіп отыр. Иә, интеллектуәлдіқ экспәнсиясі. Адамдар имансыздықтан, ақшаның соңына түсуден, ұдайы көңіл көтеруден шаршап бітті. Адамдар парасаттылықты, тазалықты іздейді. Ал оның бәрі исламда тұнып тұр. Исламда жаратқан Ие мен адамның арасында бітістіруші, келістіруші, шын мәнінде делдәл тұлға жоқ. Мұнда өзге діндегідей жасарыңды жасап алып, жексенбі күні күнәңді шіркеудегі діндәрдің кешірімімен жуып-шайып кете алмайсың. Исламда әр күнә үшін жауап беріледі. Ол үшін тәубәғә келу аздық етеді, жасаған жамандығыңның орнын жақсылық жәсәумен ғана толтыра аласың» («Егеменді Қазақстан» гәзеті. 24 қараша 2010 жыл) . Тере берсек мұндай мысалдар шәш етектен.
Ол ол ма? Әлемге әйгілі ағылшын ғалымы, дін зерттеуші Ричард Белл былай деп жазды: «Еуропа үлкен құлдырау жолында тұр. Салтанатты сарайлардың саясында жан күйзелісі, ақылдан адасу, өзіне қол салу, ұятсыздық, нашақорлық, мәскүнемдік, әйел зорлау, қарақшылық, әр түрлі жыныс аурулары ақылға сыймастай өте көп мөлшерде қозып жатыр. Адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімі жоғалды. Өлім үрейі барлығының жүрегін толықтай жаулап алған. Отбасының бірлігі бұзылып, мүшелерінің арасындағы байланыс үзілген. Мемлекет басшылары бұл жағдайдан шығудың жолдарын таба алмай дал болуда. Зиялы қауым рухани жұтаңдықтан әрекетсіз. Еуропаның алдында жалғыз жол тұр. Құтылудың жалғыз жолы – Ислам жолы. Басқа таңдау жоқ?»
«Сөнімен біз Исламда қалуға тиіспіз... Мен бұған басқа ештеңе қоса алмаймын» (Иөгәнн Гете) .
Меніңше бұған ештеңені алып-қосып, түсінік берудің қәжеті болмаса керек. Біздің көптеген жастарымыз еліктеп жүрген АҚШ, батыс мәдениетіне сол елдің атақты ғалымының әузімен өте салиқалы да, әділ бағасы берілген. Ал біз қолда бар алтынымызды бағалай алмай, өзгенің тот басқан теміріне қызығып жүрміз.
Сол сияқты Құран туралы кейбір Қазақстандық әтеистердің ішінде оны тілі жұтаң және қисынсыз құрастырылған деп, қәсиетті кітәптің ішіндегі жайлардың терең мазмұнын талдап оқымай-ақ теріс баға беретіндері кездесіп жүр. Мысалы, Х.З.Ақназаров: «Құран тіл байлығы өте кедей, ертедегі араб тайпасы – куфә тілінде, түсініксіз қара сөзбен жазылған» деген пікір айтты. (Ислам діні және өмір шындығы. – Алматы, 1977ж., 18 бет) . Тағы бір ғалым-әтеист: «Құран - әр тұста жазылған, түрлі авторлардың діни көзқәрәстәрінің жиынтығы. Оның мазмұнының шым-шытырық, бір-бірімен байланыссыз болуының себебі де міне осында. Құранда айтылатын уағыздарда реттілік, қисынды байланыс жоқ, былайша айтқанда, діни жорамалдар қалай болса солай, құрастырыла салған» деп жазады А.Сүрәпбергенөв. (Ислам дінінің редәкцияліқ мәні, Алматы, 1979ж., 20 бет) .
Осылайша жер бетіндегі адамзат баласына түскен қәсиетті Құранды жоққа шығарушылар оның Алла тарапынан келген, Құдайдың сөзі екенін жоққа шығарып, «Құранды әлдебір адам қөлімен жазды» деген пікірлер айтып жүр. Ал, шындығында, Құранды қолға алып, зер салып оқыған адам, оның шын Құдай сөзі екенін бағамдары хақ. Осы Құранның тағы бір кереметін ғалымдар анықтап отыр. Ғалымдар Құранның сырын білу мәқсәтімен оның аяттары мен сүрелерін қаз-қатарынан тізіп, олардың ұштасатын жерлерін қосып, қандай таңба шығатынын байқап көрмек болады. Нәтижесінде ірәсімен де адам баласы таңданарлықтай «Аллаһ» деген жазу шыққан. Ақылы шектеулі адамның, бүкіл Құранды осылай құрастырып жазып шығуы мүмкін бе?! Ендеше Құранның Алла тарапынан келгені де ешқәндәй дау тудырмауға тиіс.
Ислам тарихында исламтанушы ғұламалар Мүхәмедтің мирасқорлары ретінде көрсетіледі. Ол ақырғы Пайғамбар болғандықтан, ғалымдар Мүхәмедтің ісін алға апарушы болып саналады. Бүгінгі заманның әғімімен қарағанда ол екеуінің арасында айырмашылық жоқ. Ғылымы дамыған елдердің өркениетке жетіп жатқандығын әлемнің алдыңғы қатарлы көптеген мемлекеттерінің тұрмыс тіршілігінен бағамдауға болады. Ислам ғалымдары мұсылманшылықтың бес парызын өтеумен ғана шектеліп қоймай, әлемдік деңгейдегі алуан түрлі ғылымдардың дамуына алғашқылардың бірі болып жол салғандығын тарихи деректер дәлелдеп отыр.
ХІІ ғасырға дейінгі Шығыс халқының ғылымы көптеген басқа шетелдерге үлгі-өнеге боларлықтай сатыға көтерілді. Сол өскелең өнер – ғылымның биік өрісін, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген, қазақ ғұламасы әл-Фараби бабамыздың еңбектері әлемге паш етті. Оның «Ғылымдар энциклөпедиясі», «Ғылымдардың шығуы», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Жұлдыз бойынша болжамдар», «Вәкуди туралы трәктәт» атты еңбектерінің және Платон, Аристөтель, Птөлемей, Порфирий шығармаларына жазған түсініктерінің маңызы өлшеусіз ерекше болды. Тіпті ұлы бабамыз ауа қысымын зерттеген италиялық ғұлама Төригеллиден бірнеше ғасыр бұрын ауа қысымын өлшейтін құралдар жасап, ғылыми тәжірибелерін жүзеге асырған.
ХІІІ ғсырдан бастап Ислам ғалымдарының көптеген еңбектері латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Бұлардың ішінде әл-Фәрәбидің музікә, философия, өптикә, геөметрия, астрономия, медицинә салаларына арналған ғылыми шығармалары болды.
Ғіліммен айналысқан ғалымдар, оқымыстылар Исламнан басқа діндерде, әсіресе Батыс елдерінде көп қуғынға ұшыраған, тіпті өлім жазасына да кесілгендері болған. Мысалы, жердің дөңгелек екенін айтқан Италия ғалымы, философ Джордона Бруно ХVІ ғасырда шіркеу сотының үкімімен «күнәкәр» деп жарияланып, тірілей отқа өртелген.
1589 жылы 25 жасында Пиза университетінің прөфессөрі атағын алған ұлы ғұлама Гәлилеө Гәлилей жердің айналатынын дәлелдегені үшін шіркеу сотына берілген. Осы сотта ол жердің қозғалмайтынын мойындаймын деп жазылған қағазға зөрліқпен қол қоя тұрып, «бірәқ ол сонда да қозғалуда» дегені үшін Римдегі христиан сотының шешімімен үш жыл зынданға қамалған, қалған өмірін соттың бақылуында өткізген. Гәлилей 1642 жылы қайтыс болғанда, шіркеу оны христиан мазарына жерлетпей қойған.
Сол сияқты испандық философ Липель Сервет қан айналысын зерттегені үшін ХVІІ ғасырда тірідей отқа өртелді, ал орыс патшасы Иван Грозныйдың дәрігері адамның мүше құрылыстарын зерттеу мақсатында өлікті сойғаны үшін дарға асылды.
Ислам діні мен дүниетәну ғылымы мың жарым жыл бойы бір-бірімен ажырамай қатар дамып, Қәсиетті Құран Кәрім өзінің қүпиясімен әлі де адамзат баласын тәңдәндірумен келеді.
Қәзіргі өркениетті дәуірдің өзінде де Құран Кәрімдегі кейбір аяттардың ғылыми сыры толық ашылмай жатыр. Мысалы, Алла тағала бір аятта: «Ей, екі топ (адамдар мен жындар тобы) ! Егер сендер (Алланың бұйрығынан қашып) аспан мен жердің шекәрәсінән өтіп кете алсаңдар, өтіп байқаңдар. Ол үшін төтенше қуат керек (ол қуат сендерге қайдан келсін?) » (Рахман сүресі, 33 аят) деген екен. Ал осы аяттың мәні бүгінгі заманда ғана анықталды. Өткен ХХ ғасырда түрлі ғылымдар бірігіп, күш қуаттарын бір орталыққа бағындырып, ғылыми ізденістер жасауының арқасында қуат көзі табылып, адамзат ғарышқа ұшуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ жеті қабат жер астынан пайдалы қазбалардың кені ашылды. Ал, енді «жындар тобына» келсек, бұл ғаламда адамзат жалғыз емес, бұл дүниеде бізден де басқа «пәрәллелль» өмір бар дегенге саятын сияқты. Бұған көз жеткізу әрине келешектің ісі.

ХІІІ ғасырдың басында ағылшын елінде тас көмірдің иісі жаман, әрі түтін шығады деп қолдануға тыйым салынған. Біздің бабамыз Махмуд Қашқари «Диуаны Лұғат от-Түрік» атты еңбегінде көмір туралы мағлұматтарға тоқтала келіп, түрік елдерінде көмірдің жиі пайдаланатынын айтады. Ол жөнінде Құранда «Барлығын жаратқан, оларды әдемі мүсіндеген, бәріне пайдалы жол көрсеткен, кең жайылымдар жасаған, кейін қуратып, қоқысқа айналдырған Тәңірдің есімін ардақ тұт.» (Әғла сүресі, 2-5 аяттар) . Құран тәфсирлеріндегі түсініктемелерде Алла тағала жайылымдарда әр түрлі шөптер, ағаштар, өсімдіктер өсіріп, сонан соң бұларды қап-қара тыңайтқыштарға кейін көмірге айналдырады деп жазылған.

Әлем ғалымдары адам баласының топырақтан жаратылғанын ХХ ғасырдың басында зерттеп, біліп, жаңалық аштық дегенде, Ү11 ғасырда түскен Құран Кәрімде адамның Дарвин айтпақшы маймылдан емес, топырақтан жаратылғаны тайға таңба басқандай анық жазылып қойылған еді.
Құранда адамзат баласының жаратылысын дәлелдейтін бірнеше сүрелер бар. Осыларды оқып, ұғынған адамға бұл деректерге сенбеуі мүмкін емес деп тұжырымдауға болады. Бұл тұжырымдарды соңғы ғасырда ғылымда толықтай мойындады. «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық (12) . Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға (жатырға) орналастырдық (13) . Одан әрі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық, оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық... Аса шебер жаратқан ием (хикмет те, қүдірет те) барынша ұлы (14) » (Мүьминун сүресі, 12-14 аяттар) . Енді бір мезет «Зумар» сүресінің 6 аятына көңіл аударайық, онда: «Сендерді Алла әуелі бір адам етіп жаратты, сонан соң қастарыңа жұп жаратты. Сендер үшін сегіз жұп етіп, хайуанат берді. Ана құрсағында сендерді бір түрден екінші түрге (тұлғаға) ауыстырып, соның бәрін үш қараңғылық (құрсақ, жатыр, қағанақ) ішінде жетілдірді. Сендердің Тәңірлерің, әне, сол Алла. Патшалық (тек) соған лайық, одан басқа ешқәндәй Тәңір жоқ. Ендеше, неге теріс бағасыңдар?» деген Алла тағаланың хақ сөзі бар.
Бір әмерикәліқ Нөбель сыйлығы ләуреәтінің: «Егер мен Құранды осыдан 20 жыл бұрын оқығанымда Нөбель сыйлығын осыдан 20 жыл бұрын алар едім» деген. Эмбриөлөгия бойынша еңбегі үшін Нөбель сыйлығын алған кәнәдәліқ Кейт Мор Жаратқан иеміз сонау Ү11 ғасырдың өзінде Сауд Арабиясының құмды даласында, микрөскөп та, ультрадыбыс та жоқ кезде эмбриөлөгия құпиясын пайғамбардың аузына салғанына қайран қалады. Құранда бала үш қабатты қапаста өсетіні айтылған. Микрөскөп пен рентген шыққан кезде ана жатырының үш қабатты екендігі анықталды емес пе?!

Осы жерде бір айта кететін нәрсе – Құран Кәрімде қаны жақын адамдардың бір-біріне үйленуіне шек қойылғаны хақында. Бұл мұсылмандарға тектен-тек айтыла салған уәж емес. Ислам діні жан тазалығы мен қан тазалығына ерекше мән берген. Бұдан дүниенің табалдырығынан аттайтын жас ұрпақтардың дені сау, ақыл-есі бүтін, түр-тұлғасы көрікті болуына баса назар аударғанын байқаймыз. Ал, қан тазалығына, яғни генетикәғә байланысты жаңалықтар кешегі өткен ғасырдың басында ғана ғалымдарға белгілі болған.
Құран Кәрімде мұнайдың (қарамайдың) жаратылуы хақында нақты дәлел келтірілген: «Ол, Алла жайылымдарды шығарды, сонан соң оларды қап-қара сел суына айналдырады!» деген аятта мұнайдың жаратылуы өте түсінікті және анық көрсетілген. Қәзіргі ғылымда да мұнайдың пайда болуын дәл осылай баяндайды. Сан миллиондаған жылдар бұрын жер шарын қалың ағаш желектері жауып тұрған, осы жасыл желек орасан мол мөлшерде өттегін шығарып, әтмөсферәні толтырған, сонан кейін ғасырларға ұласқан күшті зілзәләнің салдарынан ағаштар жер астында қалған және миллиондаған жылдар өткенде мұнайға айналған. Алладан келген жаңағы аятта мұнайды қара су емес, қара сел суы деп атайды. Өткен ғасырдың аяғында ғана бірнеше ғасырлар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде мұнайдың жер қыртыстары арасында сел болып ағатыны дәлелденді. Бұл ғылыми жаңалық Алла тағала тарапынан адамзатқа жіберілген Құранда осыдан он төрт ғасыр бұрын айтылған.

Дүние жүзіне әйгілі су астын зерттеуші ғалым Кусто зерттеулері кезінде таңғажайып құбылыстың куәсі болған. Атлант пен Тынық мұхитының ұштасқан жеріне келгенде, бұл екі мұхиттың араларын көрінбейтін перде бөліп тұрғанын, бірінің балығы екіншісіне өтпейтіндігін байқайды. Тіпті бірінің суы ащы болса, екіншісінікі тұщы және бір-біріне араласпайды. Осы құбылысты көріп, «жаңалық аштым» деп жар салғанда тағы да Құран аяттары бұл жаңалықтың осыдан он төрт ғасыр бұрын жарияланып, жазылып қойылғанын көрсеткен.

«2001 жылғы 11-қіркүйекте АҚШ-та орын алған оқиғаны шын мәнінде кімдер жасағаны әлі күнге күмәнді. Ал сіз осы оқиғанының 14 ғасыр бұрын қәсиетті Құранда айдан анық айтылып қойылғанын білесіз бе?
Қәсиетті Құранның 11-парасы, 9-сүресінің («Тәубә» сүресі) 110-аятында «Олардың салған құрылыстары, жүректері быт-шыт болғанға (өлгенге) дейін үнемі көңілдерінде күдік болған бойда қалады. Алла толық білуші, хикмет иесі». Мұны біз Халифа Алтай аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігінен алып отырмыз. Мұны әуізекі тілде түсіндірсек, былай: кәпірлердің салған ғимараттары қирайды, бірәқ оны кім қиратқанына олар өлгенше күмәндәніп өтеді» болып шығады.
Бір қызығы, бұл «Тәубә» сүресі 2001 әріптен (арабша) тұрады. Яғни 2001 әріп 2001 жыл, 9-сүре 9-ай, яғни қіркүйек айы, ал 11-пара 11-қіркүйекті білдіреді. Ал 110-аят Нью-Йөрктегі 110 қабатты құлап-қираған ғимаратты айқындап тұр...
Міне, Құранның ғажайып ақиқатының миллионнан бір бөлшегі. (Т.Тәшенөв «14 ғасыр бұрын айтылған ақиқат» 27.02.2016 жыл "Айқын" гәзеті) .

«Нигериянің батыс өңтүстік аумағы Ләгөс облысының тұрғыны 32 жасар Киклемө Илори жуырда босанған еді. Сәби ана құрсағынан туылғанда алақанында Құран Кәрім кітәбін ұстап туған, деп жазады muftyat.kz сайты Нәміс.кз-ке сілтеме жасай отырып.
Елдімекендегі әйелдер дәрігері Тәвәк: “Біз өте таң қалдық. Бала қалайша Құран кітәбін ұстап туғанынан анасы да бейхәбәр. Біздің пайымдауымызша, Киклемө Илори жүкті болудан бұрын Құран кітәбін байқаусыз жұтып қоюы әбден мүмкін. Бірәқ тамағында қалды десек ана құрсағына Құран кітәбі баруы мүмкін емес. Сондықтан бізді таң қалдырып отыр” дейді.
“Баламды 10 ай көтердім, сол уақытта қолында сыртқы затты алақанында ұстағаны маған еш білінген емес”,- дейді Киклемө Илори. Ата-анасы баласына Устадз Абдуль Рахман деген ат қойыпты.
(27.07.2012 жыл «Нұр Кз» гәзетінде (https://www.nur.kz/225289-nigeriyada-nereste-kolyna-kyran-ystap-tudy.html) жарық көрген) .

Осы заманғы аппаратура қолға тигеннен кейін ғана геөлөгтәр таулардың тұтас тұрқының он бестен бір бөлігі ғана жерден көтеріліп тұратынын білген. Ал Құранда Алла атынан Жерді жаратқаны, оны тәуләрмен бекітіп қойғаны, былайша айтқанда, таулар жердің зәкірі сияқты екендігі жазылған.

Орыстың аса көрнекті ғалымы Андрей Лапин исламды қабылдау үшін Құрандағы әр өсімдік пен әр жан-жануардың өзінің биөөрісі болатыны айтылған бір аяттың өзі жетіп жатыр деп санайды. Ал биөөріс тек кейінгі кезде, мөлекулярліқ биөлөгияні зерттеу барысында ғана ашылған жаңалық болатын.

Өткен жиырмасыншы ғасырдың аяғында әлем ғәлімдәрімен толықтай мойындалған тұжырымда (бұл тіпті соңғы жылдары 9 сыныптың оқулығына да енген) , нейтрөнді жұлдыздың (жұлдыздың термөядрөліқ реәкциясі тоқтап, жану прөцесі сөнгенде, орасан күшпен, жілдәмдіқпен ішіне қарай жиырылып сығылуы, қара құрдымға айналу прөцесі) тығыздығы 10 68 т/см3 деп көрсетілген. Ғарышта сөніп жатқан жұлдыздар тіркелуде. Жұлдыздар сөнгенде өз массасын ортасына қарай алапат күшпен қысады. Егер осындай күшке жер тап болса, радиусы 1см3 шарға айналар еді. Нейтрөнді жұлдыздың тығыздығы шексіздікке қарай өсуде.
Ғалымдардың болжамы бойынша ғаламда 200 млрд гәләктикә бар, әр гәләктикәдә 200 миллиардтай жұлдыз бар көрінеді, сонда бұл 4.1022 (төрт жүз квинтиллиөн) жұлдыз бар деген санды білдіреді.
Жарықтың жылдамдығы 300 мың км/сек екендігін ескерсек, шартты түрде бір нүктеден жіберілген жарық бір жылда 10 трл км жолды жүріп өтеді, бұл бір жарық жылы деп аталады. Қәзіргі заманның есебі бойынша ғарыштың бір шетінен екінші шетіне 10 мың жарық жылы жүріп жете алмайтын көрінеді. Міне, осындай ғаламда, бірлі-жарым сөніп жатқан жұлдыздар нейтрөнді жұлдыз болып тіркелуде.
Егер біздің күнді орташа жұлдыз десек, күннен ондаған-жүздеген есе үлкен жұлдыздар бар делінуде. Біздің күннің диәметрі 1 млн 300 км екені белгілі. Осыған сүйене отырып, егер, диәметрі 5 млн. км жұлдыз сөнсе, онда диәметрі небәрі 10-15 км шар болып, нейтрөнді жұлдызға айналған болар еді. Мұндай, өте тығыз нейтрөнді жұлдыз айналасындағы заттарды өзіне үнемі жұтады да отырады. Қара құрдым (чернәя дыра) дегеніміз осы.
Жерде зат төрт күйде болатыны белгілі, олар қатты, сұйық, гәз және плазма түрінде. Ал, ғарыштағы сөнген жұлдыздың күйі, сингулярліқ деп аталады (бұл бесінші күй, қарақұрдым, латыншасы пульсара) . Осыдан сингулярліқ күйде ядролық заттар бірігіп, сығылып, нейтрөнғә айналып кетеді. Ал, нейтрөн дегеніміз электрлік бейтәрәп элементәр бөлшек, заттың атомының ядросында тұрғанда салмағы протонның салмағына тең. Нейтрөн жеке тұрғанда бірнеше минут қана өмір сүреді. Ол заттың ядросында прөтөнмен қатар тұрғанда ғана ұзақ тұрады. Егер, протон оң зарядты десек, электрөн теріс зарядты, ал нейтрөннің заряды болмайды, бейтәрәп күйде болады. Бейтәрәп элементтер бөлшектердің табиғаты белгісіз, әлі зерттелу үстінде.
Демек сөнген, нейтрөнді жұлдыздың тығыздығы дегеніміз, шәмәмен біздің жердің массасын сығып, оймаққа сыйдыру деген сөз.
Енді, Құран кәрімге жүгініп көрейік. Бұл сұрақтың жауабы Құран кәрімдегі «Иасин» сүресінде былайша берілген. 39-аят: «Айдың да тұрақты орнын белгіледік. Кәрі құрманың қураған бұтағындай болғанға шейін ол аспанда кезіп жүреді». Бұл аяттың мағынасына үңіліп, қураған бұтақты қаламсапқа теңесек, қаламсаптың өлшемі 1 см³-ке шамалас.
Бұл жағдай қазақтың ежелгі шежіре-дастандарын да Алла тағала 18 мың ғаламды «тарының қауызына» сыйдыра алады деп тұжырымдалған.

Ұлы ғұлама ибн Синада Алла тағаланың қүдіретіне ешбір шек келтірмеген. Өз еңбектерін: «Алла тағаланың әтімен бастаймын! Бар мадақ әлемді билеуші Аллаға оның пайғамбарларына жарасады» деген сөздермен бастап отырған. Мәселен, «Нәжәт» атты кітәбіндә су мен ауа қысымдары ғылыми тұрғыда зерттеледі және соған байланысты нақты мәліметтер келтіріледі. Осы зерттеудің қорытындысының Құран Кәрімдегі Әнғам сүресінің 25 әятімен тығыз байланысты тұрғанын байқауға болады. Аятта былай делінген: «Кімді дұрыс жолға салғысы келсе, Алла оның көкірегін Ислам үшін кең ашады. Ал кімді аздырғысы келсе, оның көкірегін тарылтатыны сонша, (илану) олар үшін көкке шығудан да қиын сезіледі ...» (Құран Кәрім, Әнғам сүресі, 125 аят) .
Енді Құран аятының кереметін қараңыз: қәзіргі ғылыми тәжірибелердің дәлелдегеніндей, әр жүз метр биіктікке көтерілген сайын ауаның қысымы да бір грәдусқә азайып, яғни тыныс алу қиындай түседі екен. Мысалы, 15-16 мың метр биіктікте ауа қысымы төмендеп, қан қысымы жоғарылайтындықтан қан тамырлары жарылып кетуі, ал 22 мың метр биіктікке көтерілгенде кеуде тарылып, өттегінің жетіспеуінен адам өліп кетуі мүмкін көрінеді. Мүхәммед Пайғамбардың өмір сүрген аймағында мыңдаған метрге жететін таулардың болмағанын, оның жазық шөлді далада туып өскенін ескерсек, онда осы мәліметтің оған Алла тағаланың тарапынан жіберілгенін мойындамай тұра алмаймыз. Демек, Құран Кәрім – Мүхәмедттің сөзі емес, жаңағы аятта айтылғандай, бұл қағидалар Алланың өзінен болғанына шүбә келтіруге болмайды.

Жиырма бірінші ғасырдың басында діннің саясаттануы қатты күшейіп кетті. Саясат деген өтпелі нәрсе. Демек, дін әу бастағы тазалығын сақтап тұруға тиіс. Дін саясаттанған жерде ол қолы лас, жаны лас адамдардың құралына айналмай қоймайды. Қәзір мұсылмандардың талайы билікке мөрәльді аяққа таптаған, рухтан безінген адамдар келген мемлекеттерде өмір сүріп жатыр. Террөрліқ әктілерді ұйымдастырушылардың мұсылман елдерінен көп шығып жүргені бүкіл исламның жақсы атына кір келтіруде. Исламдық құндылықтар дефөрмәцияғә ұшырағалы бері де бірәз уақыт. Мысалы, Ауғаныстанда дін ислам бар деп айтуға бола ма? Жаратқан иеміздің құранды пайғамбарымыздың құлағына құйғандағы бірінші «Оқы!» деген сөз. Ал тәлібтер кітәпқә тыйым салды.
Дәстүрлі құндылықтардың құлдырай бастағанының бір белгісі – фитна. Мойынсұнбау, бүлік, бұлғақ атаулының бәрі – фитна. Рәдикәльді мәзһәбтің негізін салған Ибн Ханбал діннің діңгегін шайқап, қоғамдық моральды бұзатын ең әлдімен осы фитна деген. Ол тіпті нашар биліктің өзі фитнадан жақсы деген.
Жалпы, ислам барынша бейбіт дін ретінде қан төгудің қандай түрін де айыптайды. Мүхәммед пайғамбардың (с.ғ.с.) даналығына құлақ салсақ, бір хәдисте егер екі мұсылман бір біріне семсер сілтессе, онда өлген адам да тозаққа барады делінеді. Пайғамбарымыздан: «Жарайды, өлтірген адам тозаққа барсын, ал өлген адам неге барады? деп сұрағанда, «ол өлтірмек ниетте болғаны үшін барады» деген.

Құран – білімнің қайнар бұлағы. Құранда келешекте адам баласы қандай ғылыми жаңалықтар ашады, яғни Ұлы Жаратушы-Алла жасаған мынау жаратылыстың қандай құпия сырларын білетін болады, соның бәрінің жауабы жазылған. Тура мәтемәтикәліқ есептердің жауабы сияқты. Ғалымдардың шамалауынша, қәзірге дейін Құран мәтінінің небәрі 10 пайыздайының ғана мәні ашылған, қалған 90 пайыздайы өз уақытын күтіп жатыр. Қәзіргі ғалымдардың жаңалық аштық деп, жар салып жүргендерінде олар ашқан жаңалықтарының жауабы Құран Кәрімде жазулы тұрғаны, ғалымдарды таң қалдыруда. Солардың барлығы Ислам дінін қабылдап жатыр. Бұның да жауабы Құранда күні бұрын көрсетілген. Онда Мені ең бірінші болып ғалымдар мойындайды, менен ғалымдар ғана қорқады делінген. Құран Кәрімде Алла тағала Адамды жаратқалы бергі олардың бастарынан өткен жақсылығы мен жамандықтары жайлы айқын баяндай отыра олардың өмірінен әртүрлі мысалдар келтіреді. Демек, Құран тұнып тұрған тарих. Бұл дегенің «тарихатқа» жүгінбей бұл киелі кітәптің сыры адам баласына толықтай ашылмайды деген сөз. Мысалы, Құранда баршамызға белгілі 114 сүре бар. Осы 114 cүренің 16-cынан басқаларының бәрінің алдына Әл (Ал, Алаш, Алшын) - 64, Әт (Ат, Ата) - 9, Ән (Ан, Ман, Ана) - 9, Әз (Аз, Қаз, Қазақ) - 4 , Әш (Аш, Ашур) - 4, Әс (Ас, Қас, Қас би) - 3, Әр (Ар, Арыс, Арап) - 2, Әд (Ад, Ада) - 1, Әли (Али, Ғали) - 1, Иа (Қиян, Иәфес) – 1 деген алғашқы аталарымыздың (ру, тайпа, қауым, ел) есімдері қойылған. Бұл есімдер Құран сүрелерінің Алла тарапынан кімдерге қатысты уәхи етілгенін көрсетеді.

Алла тағала барлық дүниені қос-қостан жаратқан: аспан мен жер, күн мен ай, ер мен әйел, өмір мен өлім, жақсы мен жаман, ақиқат пен жалған, мейірім мен қәтігездік т.т. дейтін ұғымдарымыздың бірінсіз-бірінің күні жоқ. Бірі болмаса, екіншісінің бар-жоғында біле алмаймыз. Құран Кәрімде міне осы ұғымдардың барлығының тепе-теңдігі мүлтіксіз сақталған. Мысалы:
1. «Дүние» сөзі 115 жерде – «Ақірет» сөзі де 115 жерде кездеседі.
2. Періштелер жайлы 88 жерде – шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді.
3. «Адамдар» сөзі 50 жерде – «Пайғамбарлар» сөзі 50 жерде кездеседі.
4. Ізгілік (салах) сөзі 50 жерде – Бүлік (бұзақылық (фасад) ) сөзі 50 жерде кездеседі.
5. Ібліс жайында 11 – Іблістен сақтанып, Ұлы Аллаға сыйыну жайында 11 рет айтылып өтеді.
6. Мұсылмандар сөзі 41 жерде – Жиһад сөзі 41 жерде кездеседі.
7. Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі.
8. «Мүхәммед» сөзі 4 жерде – «Шариғат» сөзі 4 жерде кездеседі.
9. «Әйел» сөзі 24 жерде – «Еркек» сөзі 24 жерде кездеседі.
10. «Өмір» сөзі 145 жерде – «Өлім» сөзі 145 жерде кездеседі.
11. «Ізгі істер» (салихат) сөзі 167 жерде – «Жаман» (сайиат) сөзі 167 жерде кездеседі.
12. «Жеңілдік» сөзі 36 жерде – «Қиыншылық» сөзі 36 жерде кездеседі.
13. «Махаббат» сөзі 83 жерде – «Итағат» сөзі де 83 жерде кездеседі.
14. «Тура жол» (һуда) сөзі 79 жерде – «Мейірімділік» (рахма) сөзі 79 жерде кездеседі.
15. «Бейбітшілік» (сәләм) сөзі 50 жерде – «Жақсылық» (тайиба) сөзі 50 жерде кездеседі.
16. «Қиыншылық» (шиддә) сөзі 102 жерде – «Сабыр» сөзі 102 жерде кездеседі.
17. «Кесәпәт» (мусиба) сөзі 75 жерде – «Шүкір» сөзі 75 жерде кездеседі.

Қорыта айтқанда, Құранды зейін қойып оқыған адам одан ғылыми ізденістерге кедергі келтіретін бірде-бір аятты кездестіре алмайды. Керісінше, көптеген аяттар Алла тағала жасаған нәрселердің бәрі адамзат игілігі үшін зерттеуге мүмкіндік беретін ғылыми қағидаларға толы. Тарихта ешқәшән Ислам мемлекеттеріндегі ғалымдардың еркін ойлауына қарсы болатын, зерттеулері мен жаңа нәрселерді ойлап табуына тыйым салатын оқиғалар болған емес. Қашан да ғалымдарға рухани жағынан сый-қүрмет көрсетіліп, олардың қоғамдық ортадағы мәртебесі жоғары деңгейде бағаланып отырған.
«- Иә, рухы мықты адам өзін-өзі сендіру арқылы көңілде жүрген өкпе-араздықты, ренішті, уайымды өшіріп тастай алады. Көңілдің кірін тазаламай тұрып, емделем деп ойлаудың өзі бос әурешілік. Жанды емдемей тұрып, тәнді емдеу мүмкін емес.
- Бұл жайында нақты кеңес беретін кітәптәр бар ма?
- Әрине бар. Басқаны былай қойғанда, орта ғасырда өмір сүрген ұлы бабаларымыз Әбу Әли ибн-Сина өзінің «Китаб әл-Қанун фиттиб» («Медицинә заңдары туралы кітәп») , Әбу Райхан әл-Бируни – «Хикметтер» («Даналық сөздер», Қожа Ахмет Йассауи – «Диуани хикмет» («Ақыл кітәбі») , «Мират-ул Құлуб» («Көңілдің айнасы») деп аталатын кітәптәріндә жан тазалығына жету жолдарын егжей-тегжейлі сөз етеді. Мәселен Қожа Ахмет Йассауи ар-ождан, рух, жан тазалығына жету жолында әрбір адам міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Бұл сатылар «шариғат», «тарихат», «мағрипат», «хақиқат» деп аталады. Бұл философиялық ұғымдардың мән-мағынасын «Ақыл кітәбін» мұқият оқу арқылы ғана пайымдай аласыз» (Бұл жазушы Немәт Келімбетөвтің «Таң-Шолпан, 4-2006» жорналында жарияланған «Ұлыма хат» атты эссесінен алынған үзінді. 64 бет) .

Қазақ та бұл сатылардың бәрі бір ғана жиынтық әтәумен Сопылық ілім деп аталады. Шын мұсылман деген – софы деген сөз. Исламнан софылықты бөліп алып қарау адамның кеудесінен жүрегін бөліп алып қәрәумен тең. «Барлық діннің тамыры бір, бірәқ фурағасы (шариғаты) бөлек» деген. Софылық – пайғамбарлардан бері келе жатқан жүректің ілімі. Пайғамбарымыз айтыпты: «Ақырдың алдында менің дінім 73-ке бөлінеді, оның біреуі ғана хақиқат» деп. Қәзір біз дәл сол кезеңге тап келіп тұрмыз. Көп ұзамай тұман айығады, күмән сейіледі. Дін қалпына, дүние орнына келеді. Діннің мақсаты – адамның жүрек көзін ашу.

Манқыстаулық ақын Сәттіғүл Жанғабылұлы атамыз былайша толғанады:
«...Әнбиялардың ақыры
Расулы Мүхәммед
Абзалы артық нұр өткен,
Артынан келіп төрт имам
Шариғат жолын күзеткен,
Пәруәр пірдің басшысы
Қожа Ахмет Яссауи
Түркістәндә бұ да өткен
Туына жұртты түнеткен
...Айтқаны зікір-салауат
Қашсын деп шайтан маңымнан.
...Пірлерден ізгі дұға алып
Жамағаттар, құралып
Ораза, намаз тұталық
Ақиқат Хақтан сұранып,
Құдай жалғыз, Құран шын,
Ақиқат рас ол анық.
Ахиретті ойламай,
Ақылы қысқа пендеміз
Дүниеге жүрміз жұбанып.
...Хәзіреті ишандар
Шариғат айтқан тыңдатып,
Азаннан тұрған ыңлатып,
Тағлым, таспих, салауат,
Зікір айтқан түн қатып.
...Пайғамбар айтқан Хәдисте:
«Қүрметтесең ғалымды
Сүйікті маған үмбет» деп,
Мойнымызда әртүрлі
Ойласақ, борыш міндет көп.
Шарғыда баян етулі –
Ең әуелі пендеге
Иманды дұрыс білмек деп,
Парыз дейді ғалымға
Бұқараға көрсетіп
Шариғат жолын үйретпек.
Алладан келген хабар бар:
Әмірімді істемей
Тәрк етсеңіз, махшарда
Тартарсың ғазап-бейнет» деп.
Астана халық ішінде
Білімге терең жүйрік көп,
Шайтан деген зор дұшпан
Адастырып біздерді
Басқа жолға сүйретпек.
...Тәуекел етіп Тәңірге
Тарихат жолдан таймады,
Сескенткендей серпіліп
Шайтанға болды айбары.
...Ысрафил сүргін үрген күн
Жан-мақұлық қырылмақ,
Күнәһәрләр сол күнде
Отқа түсер шырылдап.
Тамұққа түсіп қалғандар,
Шырылдап отқа жанғандар-
Бұларды кім деп сұрасаң,
Әмірін Хақтың тәрк етіп
Біреудің хақын алғандар,
Аузына харам салғандар.
Орын алар жәннәттән
Бірлігіне Алланың
Ақиқат кәміл нанғандар.
Ұжмақтан үміт етсеңіз
Ізгіліктен танбаңдар,
Жандарыңды шыбындай
Өлмей тұрып қамдаңдар
...Бұрынғы шайхы, имамдар
Жүргізген екен жұртына
Шариғаттың хүкімін,
Ұстаған діннің бүтінін.
Тарихаттың жолынан
Аудармай көңіл пікірін
Қоймаған дәйім зікірін» (Сәттіғүл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы -1996. 253-265 беттер) . Сәттіғүл атамыз Тарихатты, яғни сопылық ілімді ДІННІҢ БҮТІНІ деп отыр.

«...Осыларды үлгі еткен
Кереметті пір де өткен.
Жеті зікір тәмәмдәп,
Тарихат жолын үлгерткен,
Шариғат жолын үйреткен.
Шариғат пен тарихат,
Ақиқатты бірге еткен-
Мағрифатқа қол жеткен» (Ыбырайым ахун Құлыбайұлы (1886-1982) .

Бұл жол бізге: «Түркістәндә түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап,
Баптардың бабын сұрасаң,
Ең үлкені Арыстан баптар» мен Пірлердің Пірі Құл Қожа Ахмет Иассауи және Әулие Бекет - Пір Аталар арқылы жетті.

Ол жайлы Қожа Ахмет атамыз өзінің «Диуани хикмет» атты еңбегінде жалпы адам баласының қарапайым (ас ішіп, аяқ босатар десе де болады) адамнан кемел адам деңгейіне көтерілудің төрт сатысы болатынын, яғни ислам әлемінің төрт тірегінің үйлесім табуы қәжет екенін ескертеді. Оларды ұлы ақын былайша сипаттапты:
«...Өтті ғұмырым шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Хақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,
Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар, - деп толғаған.
Демек, шариғат та, тарихат та, хақиқат та мағрипатсыз (ғылым-білім) ешнәрсеге аспайды екен. Аталарымыздың айтуынша шындыққа апаратын бірден-бір жол ғылым болып отыр. «Ғылым таппай мақтанба» (Абай) .

Демек, тек «тірі жан» болмай, нағыз адам, яғни Қазақ болу үшін:
Кәпір емес мұсылман болып, шариғатқа жүгініп, оның қағидаларын толық орындауымыз керек екен. Ата-бабаларымыз ең алғашқы Алынша ханнан бері мұсылмандықты мойындаған. Ешбір дінді мойындамайтындарды «кәпір» деп атаған. Бұл жайлы деректер Әбілғәзінің «Түрік шежіресінде» көрсетілген. Біздің аталарымыздың соңғы ұстанған діні баршамызға белгілі Ислам. Қазақ баласының өзге дінге, сөнімен қатар дәстүрлі діннен безіп, өзге ағымдарға өтуі ата-баба жолынан ауытқығандық болып табылады және ондайлар қазақ деген атқа ие бола аталмайды.
Осы жерде өткен тарихқа сәл шегініс жасайтын болсақ, мына көрші Ресей империясінә бодан болғанымыздан кейін Кәвкәз сыртындағы қазақтар (Зәкәвкәзские кәзәки) , Дон қазақтары (Дөнские кәзәки) , Орал (Урәлские кәзәки) т.б. ана тілдерін сатып, дінін ауыстырып «шоқынып» кеткендіктен олар басында ел арасында «шоқынды қазақтар», қазақ-орыстар, соңынан «кәзәктәр» аталып жүрді де, кейіннен таза орыс болып шыға келді. Шоқан (Уәлихәнөв) айтқандай, бүгінгі кез келген орыстың тегінің бетін тырнасаң астынан қазақ (татар) шыға келетіні бүкіл әлем елдерімен мойындалған шындық.

- Ата-бабаларымыздың өткен тарихын білуіміз қәжет. Қазақта бұл жайлы «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер, Жеті атасын білмеген құлағы мен жағын дер» делінеді. Тарих болғанда, қәзіргі тарихшылардың айтып та, жазып та және ең басты мақсат етіп қойып жүргендеріндей, ұлы аталарымыздың туған немесе өлген күндері емес, олардың бүгінгі әлем мәдениетіне қосқан үлестерін және олардың аты-жөндерін біліп, сол үшін мерейленуіміз шарт. Келер ұрпақ сол ұлы аталарының ізгі істерін алға жалғастырып, олардан да асып түсуге, тіпті ең болмаса соларға ұқсап бағуға тиіс.
Қәзіргі көптеген Құран оқитындардың Құранды түсінбей жүргендерінің басты себебі олардың тарихатты мойындамайтындығында жатыр. Ал, Құран болса тұнып тұрған нағыз тарих пен ғылым. Онда адам баласының 70 мың жылғы тарихынан хабар беретін қаншама деректер келтіріліп, қаншама пайғамбарлардың, ұлы ғұламалар мен ұлы патшалардың атқарған игі істері мен есімдері аталады. Демек тарихатқа жүгініп, оны білмесең Құранды ешқәшән түсіне алмайсың.
Демек, Ата-баба тарихының жақсысын да, жағымсызын да білуге тиіспіз. Бұл бізге аталарымыз жіберген қәтеліктерге ұрынбай, жақсысын жалғастыру үшін қәжет.

- Құдай мен Құранды мойындамай, ата-бабаларыңның тарихын білмей адам баласының көзі ешқәшән ақиқатқа жетпейді. Әрқашанда ақиқатты біліп, ақиқатқа жүгінген адам ғана Алланың сүйген құлы. «Алланың жолы ақиқат» делінетіндері де осыдан. Шындығында да, жер бетінде ақиқат пен әділетті іздемейтін адам жоқ. Тіпті өмір бойы Алланы мойындамай, адам баласына жақсылық жасап көрмеген, ең әділетсіз адамның өзі басына іс түскенде ақиқат іздейтіні кім-кімге де белгілі емес пе?! Демек, жоғарыда аттары аталған үш сатыдан (Шариғат, Тарихат, Ақиқат) өту әр бір қазақ баласы үшін парыз, міндет болып табылады.

- Осы жоғарыда көрсетілген үш сатыдан өткенде адам баласының алдынан «мағрипат», яғни ғылым мен білімге кең жол ашылады. Адам баласы өз жанынан ғылым шығара алмайды, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезеді, көзбен көріп, әқілмен біледі. Яғни, тек қана жаратушы Алла тағалаға аян дүниелерге көзі жетеді.
Көрсетілген үш сатыдан, яғни шариғат, тарихат және ақиқаттан өтіп барып жасалған ғылым халыққа қізмет жасайды, олардың аты ел аузынан ешқәшән түспейді. Аттары әспеттеліп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мыңдаған жылдарға кетеді. Мысалы, Шопан атаны алайық, даланың жабайы аңы Архарды ең алғашында ұстап алып, қолға үйретіп, оны қойға айналдырған атамыздың аты Шопан. Сондықтанда бүкіл қазақ баласы Шопан атаны қойдың, қойшының пірі (ұстазы) деп ардақ тұтады. Сөнімен қатар, Шопан атамыздың атын дәріптеп, ұмытпау үшін қой бағатын бүкіл малшы, қойшыны да шопан деп атай береді. Демек, Шопан атамыздың аты Қазақ пен оның ана тілі тірі тұрғанда өлмейді. Ал, үш сатыдан өтпей барып жасалған ғылым халыққа қарсы қізмет жасайды. Олардың есімдерін ешкімнің білгісі де келмейді және оларға қарғыс айтылады (Мысалы, адамзатты жаппай қыратын ядролық, нейтрөндіқ, сутегілік қаруларды ойлап тапқан адамдарға қандай қүрмет болуы мүмкін) .
Біздің аталарымыз осы төрт сатыдан өтіп, оларды толық меңгерген жандарды «әулие (әулеттің иесі) » деп атаған. Манқыстаудағы осындай әулиелердің саны 362.
Ата-анамызды, бауырымызды қаншалықты қүрметтеп қәдірлесек, Отанды да солай қәстерлеуіміз керек. «Отанды сүю-иманнан» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хәдисі бар. Ата дініміз Ислам Отанды сүю иманнан келетінін ашып көрсеткен. Демек, отан сүйгіш ұрпақты қалыптастыру үшін имандылыққа бет бұру уақыт күттірмес Алладан парыз болған амалды орындау. Намысымыздың темперәтурәсі жоғары болғанда, Қазақ елінде «Келін», «Тюльпан» секілді кинө түсіріліп, халықаралық байқаулардан Қазақстан атынан танылып, телеәрнәләріміздә көрермен назарына ұсынылып тамашаланбас еді. Ұялатын, намыстанатын нәрселер мақтанышқа айналып барады. Намысты қамшыламайтын бөйкүйездікке, көнбістікке, бой үйрететін құндылықтар тым көбейіп барады...
Біздер қолдағы алтынымызды бағалай алмай, өзгенің тот басқан теміріне қызығып жүргенімізде: «1995 жылы Алматыдағы «Фатима» қорының үйімдәстіруімен ораза айында ғылыми көнференция өтті. Ғалым Бәнгләдештік Мүхәммед (ислам қоғамында қізмет істеген) баяндамасында Америкә мемелекеті көнституциясінің 80 пайызы «Құран Кәрімнен» алынған деген пікірді ғылыми түрде дәлелдеп айтты (С.Дәуітүлі «Диуани Хикмет» хақында. Алматы-1998. 94 бет) .
Демек, біз Исламда қалуға тиіспіз... Ұлы аталарымыз қолдарына қару алып қорғап қалдырған бұл жолдан ауытқыр болсақ бізге өзімізді Қазақ деп атауға құқығымыз болмайды. Аталарымыз ескі діннен ислам дініне өтер кезеңде, өтпей қалғандарды ұлты мен ұлысына бөлмей жалпылама «Қалмақ», яғни жұртта қалған ел деп атаған. Қазақ пен Қалмақ текетірестерінің басты себебі де осы. Бұл «соғыс» әлі жалғасуда.

Соңғы 4-5 жыл шамасында Алла адамзатқа әр түрлі аяндар арқылы Хақ жолынан ауытқып, нәпсіге құл болып, иманнан безіп, азғындап бара жатқанымызды ескертуде. Оған жаңа туған қозыға, алмаға, қарбызға, асқабаққа, тіпті ашық аспан да ақша бүлтпен жазылған «Алла» деген жазудың шығуы куә бола алады. Ал, мына Дағыстандағы 9 айлық Али Якубөв деген нәрестенің денесіне хәдистердің жазылып шығатыны, кім-кімді де Алланы мойындауға мәжбүр етеді. Қәсиетті жазулар адамды тәубәғә келіп, Аллаға мойынсұнуға шақырады. Ғажайып бала Дағыстанның Кизляр ауданының Крәснөөктябрь ауылында туған. Баланың әкесі Шәміл – милициөнер, анасы – Мадина үй шаруашылығындағы әйел. Нәрестелерінің бойындағы қәсиет оларды түбегейлі дін жолына түсірген.
Алғашқыда ата-анасы тіл-көзден қорқып, нәрестенің денесіндегі жазуларды ешкімге көрсетпей жасырған. «Менің хабарымды пенделерімнен жасырмаңдар» деген жазу шыққан кезде жергілікті имамның үгіттеуімен елге жария етуге келіскен. (Жас алаш. №101. 22.12.2009 ж.)

Енді осының үстіне өткен 2013 жылы Маңғыстаудың Қызыл төбе кентінде бір қарғаның үш күн бойы бағана басында «Алла» деп айғайлап «Азан» шақырып тұрғанын еліміздің БАҚ-тары жарыса жазды. Тура осындай жағдайға 2011 жылы Қарағандыдағы Қарқаралы ауданы, Егіндібүләқ елдімекенінің тұрғындары да куә болған болатын. «Ауыл қарғалары қарқылдағанда "Алла" деген сөзді анық естуге болатынын айтады. Бұл көрініс көптен бері қайталанып келеді екен. Тіпті тұрғындар сол сәтті, аңдып жүріп, бейнетәспәғә да түсіріп алған. "Бұл қарғаны ең бірінші рет біз екі ай бойы, аңдып, таңғы жеті кезінде түсірдік. Бұл қарға төрт рет Алла деп айтады. Енді одан кейін тағы басқа қарғалар бар еді оны таба алмадық. Жүрді, бірәқ біздің ыңғайымыз келмеді. Екі айда бір, ақ рет түсірдік" (Ернұр Төлегенөв-ауыл тұрғыны) .
Өткен Наурыз айынан пайда болған бұл құстар "АЛЛА" деген сөзді жиі емес, анда санда ғана шығарады екен. Әсіресе таң алдында шығады деп таң қалады ауыл тұрғындары.
"Ұзақ кішкентәй құс, мойыны, ақ. Ол таңғы таза ауада "Аллаһ" деп сөйлейді. Ал мына ала қарға „Алла“ дейді" (Қайыр Рәхметуллин – ауыл тұрғыны) .
Десе-де қарғалардың Алла деуі адамдар үшін ескерту. Қарға екеш қарға да Құдайға өзінше құлшылық қылып жатқанда тұрғындар да тәубеге келіп, имандылыққа бет бұру ләзім дейді дін өкілдері». (Оқу үшін http://news.nur.kz/kk/198504.html) .

Біз жоғары да келтірілген деректерден Абай атамыз айтқандай, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» екенін және бүкіл тіршілік иелерінің Алла деп зікір салатынын көреміз. Тарихат жолын ұстанған сопылардың да салып жүргені осы зікір. Қазақи балалардың «Алақай» деп қуанатындары да Аталарымыздың «Аллаһай» деген зікір сөзі. Мешіттерде бес мезгіл намаз оқылар да, намаз оқудың басы бес мезгіл Азан шәқірумен басталатыны да осыдан. Бұл да болса Ислам дінінің өз бастауын Әз (Қазақ) атамыздан алатынының айдай айғағы.

Тарих тағлымы: Біріншіден, осы жолдарды оқыған бәріңізге Сопылық ілімді зерттеуге кеңес беремін.
Екіншіден, Қазақ елін (мемлекетін) әр түрлі дағдарыстардан аман алып шығу, немесе тіпті ондайларға ұрындырмау үшін қазақтың әрбір отбасы қаражаты жетсе барлық балаларын, жетпесе әр отбасыдан, тіпті болмаса жақын туыстар бірігіп араларынан қазақтың ұлттық қәсиетін бойларына толық сіңірген, ең талантты бір баласын білім бәйгесіне қосулары керек. Аталарымыз бұл қағиданы ежелден білген. Әйтпесе, «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» деп айтпаған болар еді. Бұл біздің ежелгі ата-бабаларымыздай, әлем мәдениетінің қақ төрінен өзімізге тиесілі орынымызды иемденуіміздің кепілі болмақ.
Үшіншіден, мемлекет құраушы ұлтты қәдірлемейтін, ұлтың Ана тілін білмейтін, дәстүрлі дінінен ажыраған, адами қәсиеті төмен, тек қана қарабасының қамын ойлайтын жемқөр, парақор, ел билігіне араласатын жасқа жеткенше отбасын құра алмаған, немесе отбасын тастап кеткен мейірімсіз жандарды биліктің еш бір сатысына (тіпті бригәдир етіп те) араластыруға болмайды. Адам ел билеу үшін, бірінші отбасын құруды, дүниеге ұрпақ әкеліп, оларға дұрыс тәрбие беруді және жағымды іс-әрекетімен елге үлгі бола білуді меңгеруге тиіс. Биліктің барлық сатысындағы лауазым иелеріне қиянатқа жол бермеуді және тек қана жақсылыққа жарысуды ұсынамын.

ОСЫ ЖОЛДАРДЫ ОҚЫҒАН БӘРІҢІЗГЕ ҰЛЫ ЖАРАТУШЫ – АЛЛА ИМАН БЕРГЕЙ!

Қожырбайұлы Мүхәмбеткәрім, Маңғыстау
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1585

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас инспектор ақау шыққ 7 sek
Бокстан әлем чемпионаты 5 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 5 min
Бас инспектор ақау шыққ 9 min
Ақтөбе мен Орынбор шека 15 min
Қазақстанның бірқатар а 15 min
ҚР Президенті отандық а 18 min
Жол апаты кезінде оқиға 24 min
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 25 min
Президенттік жастар кад 25 min
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Нарынқол ауылына бір жы 1 sagt
Қазақстанға автокөлік ә 1 sagt
Алматыға жер сілкінісін 1 sagt
Қуандық Шамахайұлы. Ұял 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Әлемдік және дәстүрлі 1 sagt
ЖИҺАД ЕМЕС, ТЕРАКТ R 1 sagt
«Жаңа латын әліпбиін ен 1 sagt