Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-171587416432 %68 %
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19685218738 %62 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 07:05 - 2013/06/21

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=156
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=156

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=156

Мақала жолдаушы: Мұхтар
Мақала апторы: Мұхтар бұлғын
Аптордың мекен-жайі: Шинжяң іле күнес

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ

Мұхтар бұлғын қанатты сөздері

тағдырына налыған тайғанақ жолдан шыға алмас,
таз басынан ұялған ыстық күнде жүре алмас.
өз қадырын білмеген, өгіз - ғұмыр кешеді,
өгіз -ғұмыр кешкен жан, өздігінен өшеді.
жеке адамның барлығы ақылды, ақымақтық салыстырудан келеді.
құрдымнан сұм жаман, сұмнанда жаманы арамзалар .
сылтаушыл бала , сырдақ жігіттің қайнары.
асыл азамат ,кішпеиіл баладан ержетеді.
бос жүрген бала , бос белбеу азамат болады.
қисынын тапқан адамға өмірдің айтар сыры көп,
қюы қашқан адамға өмірдің айтар дымы жоқ.
бала мен дананың арасы бір аттам жол.
батырлық қара күште емес , игілікті істе көрінеді.
музікә мұғалымның мықтысы домбыраны қөлімен шертеді, осалы әузімен шертеді.
химя мұғалымның мықтысы дәрігер болады, осалы тәжрибехәнәдә әбігер болады.
әдебиет мұғалымның мықтысы ақын, жазушы болады. осалы сай-жырадан түлкі қағушы болады..
тарих мұғалымның мықтысы таусылмайтын шежіре болады, осалы түбі түскен бедіре болады.
дене- тәрбие мұғалымның мықтысы өқушімен бірге қиналады؛осалы тек еріні ғана дымдалады.
физикә мұғалымның мықтысы манторлықты кәсіп етеді, осалы тәжрибені нәсіп етеді.
жағрапя мұғалымның мықтысы кәртәні тірілдіреді, осалы кітәпті оқып беріп күліп жүреді.
мәтемәтикә мұғалымның мықтысы жинәқісөзшең келеді, осалы мыжыма тершең келеді.
саясат мұғалымның мықтысы қоғамды билетеді؛ осалы зар-замандық күй кешеді.
биөлөгя мұғалымның мықтысы тіршілікке жан береді؛ осалы мөдел көрсетуге ғана мән береді.
жаман қыз не шыққан жерін ,не барған жерін жамандайды.
жақсы қыз барлығын жағдайына қарай амалдайды.
жақсы қыз барған жерінде жәйқәлә өскен гүл болады,
жаман қыз барған жерінде қоқсыққа төккен күл болады.
ақымақ әйел күйеуін күйретіп күндеп жүреді,
ақылды әйел күйеуін күтімдеп гүлдеп жүреді.
есті келін енесін жағалайды,
ессіз келін енесін табалайды.
тентек жігітті отыздан кеиін көр,
елпек жігітті отыздан кеиін көм.
бала кезіндегі ақымақ өтірік ақымақ,
сара кездегі ақымақ нағыз ақымақ.
есті жігіт етек жеңін жя жүреді,
ессіз жігіт үміт жыбын қя жүреді.
ақылды жігіт алысқа ұшқан айроплан,
ақылсыз жігіт арқандаулы ат.
үлкен үйді келін біилесе , қайнағалары тегін билеиді.
нағашы бардам болса, жиеннің бәзәрі؛кедеи болса, жиеннің мазағы.
кемпірі бар үйдің керегесі сынбайды, шалы бар ұйдың шанасы тозбайды.
бажа жақсылығына бақса иіліп тұрған дос, жамандығына бақса, тиып тұрған дұшпан.
қашқан қыз барғанша асығады, барған соң аһ ұрады.
ұзатылған қыз байыса төркінін мал басады, кедеилессе дау басады.
күйеу кәртеиген сайын қайыншыл, қыз кәртеиген сайын дайыншыл болады.
есірік мұғалым оқушыға сақшы көзімен қарайды,
есті мұғалым оқушыға жақсы көзімен қарайды.
былымсыз оқытушы білімді оқушының күндесі болады,
былымды оқытушы білімді оқушының тілдесі болады.
ұлтшылдықтың қайнары адалдық, рушылдықтың қайнары арамзалық.
жерін сатқан қарыз арқалайды؛ұлтын сатқан бәрін арқалайды.
пайымы жоқ бастықтан бақай қулығы бар қатын артық؛ несиеге алған көмірден , арқалап әкелген отын артық.
батырлық білекте емес , жүректе болады. татулық ниетте емес , тілекте болады.
өсекшілік күндестіктен келеді, өшпенділік білместіктен келеді.
дарындының артында жау көп , сұлудың артында дау көп.
абысынның татулығы сөзінен,әғә- бауырдың татулығы көзінен білінеді.
бала анасын емес баласын ойлайды, онан соң , ісінің шаласын ойлайды.
айлығы бар ата қүрметті, ауырмайтын апа қүрметті.
байлықты көздеген мақаббат құзға батқан кемедеи, шындықты көздеген мақаббат теңізден де телегеи.
ауырып көрмеген ыңқылдауды білмеиді, ашығып көрмеген құрт ұрлауды білмеиді.
ынтасы жоқ қаламайды, қәжеті жоқ санамайды.
базарға барған қалтасын сипайды, мазарға барған бетін сипайды.
ойынпоз баланың ойына бақ, ойнақтаған тайдың жолына бақ.
құрт жеген жеміс тәтті болады, шындықтың үні қатты болады.
өгеи мақаббаттан жеріген әйел шалға көнеді, өмірі өксіген еркек жалға көнеді.
кәрі қыз үйленгенше қайғырады, үйленген соң жабдынады.
кәрі жігіт үйленгенше сән құрады, үйленген соң, бар қызықты дал қылады.
лазыны тұнық су сақтайды, жағымпазды қылықсу сақтайды.
кәртөшкінің жауы құрттан келеді, кәрі қыздың жауы сырттан келеді.
жемістің түсімін қи біледі, бастықтың көңілін си біледі.
жарқыраған құлақтандыруға сен Генше ,жағдайды білетін жаман шалға сен.
құлақтандыру әлдімен иландырады, онан соң уландырады.
ақ ұн іштім деп мақтанба , ағартқыштан сақтан.
азықтың дәмін көріп ал , ақшаның мәнін көріп ал.
ақшаның жалғандығын машина біледі, адамның жалғандығын қошына біледі.
бай болсаң жездең мықты , кедеи болсаң жеңгең мықты.
асқазанның ауруы кекіріктен келеді, ұрлықтың басы өтіріктен келеді.
өтіріктің бестен бірі ахиқат, өсекшінің үштен бірі насихат.
түнде шыққан завоттың түтіні түбіңе жетеді.
жерге сіңген улар сарқылып күбіңе жетеді.
арзан ойыншықтан дерт келеді, арзан төк сымнан өрт келеді.
шатақшыл адам сәқшімен бірге, шарқыш машина жебіреиілмен бірге жүреді.
пәрниктегі сәй дәрімен шығады, өсемін деген бастық *сәрімен шығады.
* сәрі- арап тілі ақша .
жуындыдан қотарған май сасық, арам өлжәмен байыған бай сасық.
жалдаптықтан тапқан пайдадан, жанашырлықтан тартқан зян артық.
еркегін қүрметтеген әйел намысты келеді,
ертеңін қүрметтеген бала алысты көреді.
опасыз әйелден ойылыңда үрген ит артық.
намысын білмеген әйел танысын күндеиді.
әулекі әйел базаршыл, әумесер молда азаншыл келеді.
бақыт іздеген бала алтын уақытын қүрметтеиді,
байлық іздеген бала құрғақ қялын дүрмектеиді.
асыл затты танитын көп,әсіл адамды танитын аз.
опасыз ұлдан орнықты көрші артық.
дырқы келіншек жақсы жігітті ез қылады.
бұрқы келіншек жаман жігітті ер қылады.
опасыз әйелден , осал әйел жақсы.
кері кеткеннің келіншегі қашады,
созы өктемнің қызы қашады.
жақсы қызың бар болса , өрісі кең жәйләуің,
жаман қызың бар болса, таусылмайтын байлауың.
жалғыз бойдақтықтан, жаман әйел алған артық.
әйелі бардың үйі бар , әйелі жоқтың не күйі бар?!
келіншегі қашып кеткен жігіт , қыздарға жаудыр көзімен қарайды,
күйеуі қаңғып кеткен әйел ,жігіттерге мөлдір көзімен қарайды.
жастығын ардақтамаған жігіт, қарттығын да қәдірлемеиді.
жақсы әйелдің сөзі мөлтек, өзі көнтек көрінеді, жаман әйелдің сөзі тентек ,өзі елпек көрінеді.
жақсы әйел ерін бағалай біледі, жаман әйел ерін табалай біледі.
әқселеу мен сабанды айрмаған,жақсы менен жаманды да айрмайды.
айылы мықтының аты жауыр болмайды, ауылы мықтының міндеті ауыр болмайды.
ақылдысын танымаған ауыл айдалада қалады,
ақымағын танымаған ауыл байбаламға салады.
берекенің игілігін көрмеген , келекенің қиқылығын қүрметтеиді.
асаулық шұра салынбаған кезде жарасады.
арманшыл баладан арқалы азамат шығады.
кәсібін сүйген кәря кәртеимеиді,
насыбын сүйген кәря тәлтеңдеиді.
кәсіп өзгерткен жолда қалады,
жаттай берген молда болады.
тауға шықсаң ,ойды ұмытпа, ойға түссең тауды құнытта.
қалталының сөзі алады, қайыршының өзі алады.
жалқаулық қылған қайыршы болады, жалықпаған жазушы болады.
саналы жігіт дәстүрін күзетеді, санасыз жігіт жастығын күзетеді.
быр ай қойшы болғанша, он күн күндікші бол.
күндікші сағатқа қарайды, айлықшы мағашқа қарайды.
кәсіп қуған олжасына қарайды, нәсіп қуған дорбасына қарайды.
ақшасы көпте мін жоқ, ақшасы жоқта дым жоқ.
білерменсіп сөйлемеитін бастық болмайды, бітімі аятылмаған тастық болмайды.
жағымпаз бастық жағдайшыл , жарамды бастық айғайшыл келеді.
өзін ойлаған бастық, демәлісқә шыққанда өгеи болады؛ өзгені ойлаған бастық, демәлісқә шыққанда егеи болады.
ақымақ бастықты қатыны билеиді, ақ көңіл елді ақыны билеиді.
арамзадан бастық болса, айналасына күн жоқ, ақ көңілден бастық болса , айналасында мін жоқ.
надан бастық болса , ақылдының соры , ақылды бастық болса , ақымақтың бағы.
достың қадырын шаршағанда , жердің қадырын аңсағанда білесің.
ана тілдің қадырын қысылғанда білесің , денсәуліқтің қадырын ұшынғанда білесің.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=156

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер