Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 09:00 - 2016/07/17

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1550
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1550

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1550

Мақала жолдаушы: Шолынбат жәрәсбек
Мақала апторы: Шолынбат жәрәсбек ұлы
Аптордың мекен-жайі: Нылқы ауданы мыс ауылы

Шолынбат жәрәсбек ұлы

жүрдек жыр - пайымды пөемә
(әдеби сын)



ана құрсағындағы сәби дүниеге келгенде, қолды-аяққа тұрмай, жер текпіленіп, бұлданып, тұлан тұтып, жарық дүниенің есігін серпе ашпаушы ма еді! міне осыған ұқсас өлең өлкесінде мына кең дүниеге сиғысы келмеи, мендік бітіспен сүрлеуге жол тартып, төске өрлеген тентек ақын өзінің бір өлеңін былай бастайды:
аңқылдақ адамдары, бауырмалды,
тамаша табиғаты, табын мәңгі!
қатпарлы қара таудың бөктерінде,
ақсу деп аталатын ауыл бар-ды.

хантаңыр қарап кербез көкке күле,
ұқсайды нар түйенің шөккеніне.
жұпыны қоңыр үй бар - менің үйім,
ауылдың батысында, шеткеріде

жер жасыл, содан болар, аспан жасыл,
сырласып әспәнімен асқар жатыр.
жел шіркін үп еткенде-ақ тіл біткендеи,
ұғуға болар еді тастан да сыр... — деп толғауы әрине тегін емес-ты. өлеңдегі табиғат суреті жалаң табиғат суреті емес, ол ақын табиғаты. ондағы өскен ел мінезі - ақын мінезі. менің айтпақ болғаным: туған жер, өскен елдің бар болмысын, табиғатын бойтұмардай етіп, содан рухани қуат алып, тәстүлектеи түлеп ұшқан, шынжяң қазақ пөезясінә өзіндік бітім-бөлмісімен келген, үзеңгілестерінен оза шапқан, нұр тілді ақын нұрболат әбдіқәдірдің пөемәләрі.
қазақ пөезясінә, соның қадау-қадау биіктеріне құлаш ұрған арқалы ақындардың қазақтың қара өлеңі деитін киелі шаңырағына келу барысына қарасаң, өзіндік бір сырды, ортақтықты, абайшалап айтқанда «үлкендікті» көресің. күллі қазақ даласын әнмен әлдилеген ақын, әнші, көмпөзитөр әсет найманбай ұлы: «ән салсаң әсеттеи сал аңыратып...» деп асқақтаса, абай құнанбай ұлы: «әр сөзіне қарасын... онандағы бір есті, ішкі сырын аңғарсын» деп, өлеңдегі терең қатпарлы сырды білуге үндесе, ал, ақ иық мұқағали мәқәтәйев: «кең дүние төсіңді аш, мен келемін» деп, өлең өлкесінің есігін айқара ашып, өнерге дауылдатып қадам қойса, нұр тілді нұрболат әбдіқәдір да: «қатпарлы қара таудың бөктерінен...», ондағы қәсиеттен қанаттанып, мәйектеніп, түлеп ұшып өлеңге келгендігін жасырмайды.
мен жуықта ғана ақын нұрболаттың «айды қорғау» деитін пөемәсі бастаған бір шоғыр пөемәләрін ден қоя оқып, ұлан - қайыр ойда болдым. алапат сезімде қалдым. өйтетіні, аталған пөемәләрдің дені лирикәліқ, психөлөгяліқ, философялық пөемәләр екен де, ондағы кең құлашты, тынысты, онда да нұр тілді нұрболат ақынға ғана тән ішкі ағын, тілге қамшы салдырмайтын жүрдектік, тап бермеде ой, табанда сөз табатын шешендік, ағынан ақтарыла асып-тасуы оқыған адамды ой теңізіне тоғытпай, нәзік жүрек қылын шертпеи қоймайды. кім-кімнің де әйтеуір жәй оқи алмайтыны анық! ақынның осы көл-көсір сыры мен сезімі қолыма қалам еріксіз алғызды.
мен осы мақаламда тек ақынның бірнеше пөемәләріндә өзім түйсінген кеибір ойларымды өқірмәнмен бөліскім келеді.
«айды қорғау» деитін пөемә әуелі әлемнің жаралуы туралы мифтік аңыздардан бастау алып жүре береді:
ғәжәйіп ертегінтәңірі көк те шерте ме,
ерте-ертеде, ертеде-ерте, ертеде,
қырғауыл жүні қызыл, ешкінің жүні бөртеде:
күн атты жігіт болыпты зеңгір өлкеде.
абат мекенде салтанат құрған кербез де сетер-күн, ай-сұлуға өлердеи, ес- тұссыз ғашық болады. бірәқ ай сұлу оны бойына тоғытпайды. құсаға булыққан сетер күн айдың бетін аямай тырнап, аймандай қылады, сөйтіп тыртық бетінен қорынған ай сұлу күндіз көп көрінбеи, көбінде түнде көрінетін боп қалады:
тек түнде ғана көк көлінде еркін жүзер ай,
келісіп іштеи імменен иә мәқүлмен —
оңашада үнсіз сырласады-мыс әқінмен,
хабарсыз деиді жердегі заң мен зәкүннен.
бірде жақсылық күтпеиді деиді күпірден؛
оңаша деиді, тозаңнан, желден, түтіннен.
.................................
күндеи нұр - жігіт кездеспеиді оған қайда да,
тым тәкәппәрліғі үшін сын айту керек айға да...?
көк көлінде салтанат құрып, қалықтаған ай сұлуда да өзіндік мұң-мұхтаж бар, олайы сырласы, мұңдасы жоқ, сопа басы жалғыз. бұл жерде ақын қоғамдағы ай тәқілеттес жанды меңзеп, соны ишаралап тұрмай ма?! осындай тәкәпәр паңдық қой, оны осындай хәлге түсірген! мұны ақын: «тәкәпәрліғі үшін айға да сын айту керек...» деп үкім жарялап, жар салады. енді осы мифтен өрбіген ақын ойы петхөвеннің әлемге әйгілі «ай нұры симфөнясімен» табиғи жалғасады:
.................................
толқытып ерек тербеді жанын діріл леп,
................................
сағыныш деген ғәнибет сағат - ұжымақ нақ.
ай нұры да - әппәқ, роял да - әппәқ, қыз – әппәқ.
табиғат, талант, өнер: бір нүктеде тұр асқақ,
адамның ұлы өміршең рухын растап!
..............................
құстардың қауырсынында ғана дамылдап,
қырық мың ғалам қырық мың түрлі қабылдап,
бүлтпен ұшты петхөвен айтқан ән-ырғақ.
қырық мың ғалам қырық мың түрлі тыңдады... - деитіндеи күллі ғаламды өзіне табындырып жаулап алған ғаламат симфоня дүниеге келді. міне бұл сайып келгенде табиғат, талант, өнердің бір нүктеде тоғысуы, олардың балық пен судың қатынасындай тіл табысуы, олардың арасындағы ішкі байланыс, қозғалыс, етене жақындық, үн ырғағы, сәйкесімді әуезі, дялектикәсі! бұл жазмыштан солай, мәңгі солай болып тұра береді, бір алланың әмірі жетпесе, оған адамның зорлығы ешқәшән жүрмеиді, үйткені адам табиғаттың зәредеи бөлшегі, жасуы ғана. содан пайда болып, өніп-өсіп көктеп, ең соңында табиғатқа қайтады. пөемә міне осындай көл-көсір ой иірімін ишаралайды.
енді бір ауық адамдардың аш көздігі мен нысапсыздығына келеиікші, пөемә не деп айтар екен:
.............................
тиынға ғана тірлігіңді балап - жол алдың؛
бұзып заңдылығын жібермек болып ғаламның,
ғаламның ұлы: сауабын білмеи обалдың —
қоқсығыңды айға төгетін де енді боп алдың.
таны мұжылып, кетіліп жердің бар сәні؛
жүз миллиондап артып жыл сайын адам жан саны
құлқынына бола құтырып кетіп жүрсе ме,
топырлап ойып, топырақты жеп те тауысады..?
мұнан да сорақысы:
жұлдыздар ара соғысты бастап жерсек деп,
..................................
ажал деп біліп, ақ айды көріп кебіндеи —
быр-ақ жолда айды «өлтіру керек» дедің бе-еи?! — дегеніндеи, кезінде күнді бойына тоғытпай бұлғақтаған, адамдар жағынан қәстерленген, музикәғә, адам рухына айналған ерке сылқым ай, енді бүгін араны ашылған, әдәмгершілік, ар-намысты аяққа таптаған көмпютөр басты ғалымдардың зерттеу нысанына, тәлкегіне, ойыншығына айналып қалмастан, күйрету нысанасына да айналып, ажал құшағында тұр! олардың ойынша айды күйретіп тастаса, жер шарында төрт маусым өзгерісі болмайды-мыс.
ақынның осындай тойымсыз, ойсыз ғалымдар мен ару ай арасында отқа түскенін көрсең! оның күйі көл қорыған қызғыштың күйінен бір аумайды ма деп қаласың.

техникәңә болайын!
ғалым да болсаң, айтатын уаж бар,
ағайын:
кеудемде айым — өзім аспан боп бағайын!
жіберем деген айды бір жолда быт-шыт қып,
саған аспаннан айдың көзімен қарайын —
ғалым да болсаң, айтатын уаж бар, ағайын...!
..................................
жыртығын жердің жамауға ғана керектеи,
ғылымың кеиде жіп өтіп берер тебендеи...
...............................
болмайды, ғалым! болмайды, ғалым! болмайды!
адамзат үшін айсыз күн кешу қандай-ды!?
күміс нүрімен ай жуып жердің келбетін —
ұрыдан жер бетін ай жалғыз ғана қорғайды؛
маймылдың арғы тегіне тіптен «ауысқан»,
онсыз да әнеки маймыл - пенделер ойнайды؛
адамдар дерлік өзгеріп түбі клөнғә...
айсыз бір түнде адасып жүрсе сорлайды...
болмайды, ғалым! болмайды, ғалым!! болмайды!!! — деиді.
енді бір ауық сіз айдың, әлемдегі нұрдың қазақ дүние танымындағы, қазақ ұғымындағы орыны мен қәсиетіне зер салыңызшы?! қазаққа шаман дінінен қалған сарқыт болуы керек: аспан денелеріне, өте-мөте ай, күн, жұлдызға сиыну, оны баға жетпес асылға балап қәстер тұту, одан бақыт-байлық дәмету, т.б нанымдары, мысалы, жаңа туған айға сәлем беру, айға қарап түрлі есеп-жорамал жасау және сондайлар... көне дәуір әдебиетін зерттеуші, белгілі қазақ ғалымы а. қірәубәйев бір пікірінде «дүниенің нұрдан жаралып, нүрмен қауышатындығын дәлелдеиді. ежелгі мифтердегі нұрдан жаралу желісі адамзаттың жабайылық санасынан емес даналық санасынан туған болуы мүмкін...» деи келіп, тағы да «нұр қазақы палсафада мәңгілік нәрсе, оған адамның ақылы жетпесе керек. яғни әлі табылмаған құпя» деп, қазақ санасындағы нұрдың ролына жоғары баға берген. осы жағынан келгенде, ақын нұрболаттың жырлаған «ай нұры» қазақтың ұғымындағы осы нүрмен белгілі жақтан сабақтасып жатқан сяқты.
әппәқ нұр - ақ қәсиет, әппәқ ар мен әдәмгершілік!
орыс пөезясінің негізін салған а.с пушкін айды суреттеген бір өлеңінде:
кеше түнде... есіңде ме, боран борап қар ұшқын,
кәрлі аспанды құрсаулады сүркеи мұнар тыныштық.
қара мұхиттың далдасына жасырынған ай ару,
түнгі аспанның алқасындай көрінеді тым ыстық! – деп, айды түнгі аспанның алқасына теңеп, оны адам сезімімен астастыра жырлайды. нұрдың қәсиетіне бас иеді. ақиық ақын м. мәқәтәйев «аққулар ұйықтағанда» пөемәсіндә әппәқ нұрдан жаралған айдынның ерке құсы аққудың қәсиетін жырлайды. «қәсиетке қарсы келме, оған қарсы оқ атпа!» деп үкім айтады. ақын нұрболат әбдіқәдір айды жырлау арқылы адам рухын әспеттеп көрсетеді. әппәқ ай — тұнып тұрған сұлулық, адам рухы, ол – аса таза қәсиет. кеиінгіге сөзі жететін мағжан жүмәбәйев бір өлеңінде:
қараңғылық қоюланып келеді,
пеш үстінде шоқ ақырын сөнеді.
күлімсіреп жанымдағы жас бала,
қызық көріп, сөнген шоқты үрлеиді.

шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да,
бірәзірәқ шоқ қызара түсті де.
дереу сөніп тезірек күлге айналды,
астындағы ыстық күлді құшты да.

пеш үстінде шоқ ақырын сөнеді,
сөнген шоқты үрлеп бала күледі.
ой басты ма? әлде көзім талды ма?
мөлт-молт етіп көзіме жас келеді. — деп, қараңғылық қоюланып келе жатқан кеште сөнген шоқты қызық көріп, үрлеп отырған баланың қимыл-қылығын жеріне жеткізе образдаған детәлдіқ суреті, сондағы нұр-шоқ ақын н. әбдіқәдірдің «айды қорғауындағы» петхөвеннің «ай нұры симфонясын» шығаруға негіз болған соқыр қыздың ой-дүниесін суреттеген детәлдіқ суреттен, сондағы ай нұрынан бір аумайды.
сәулесі айдың жаңбырша таңға сібірле!
ауаның сөзін сөйлесем, адам, түңілме.
петхөвен күйі шалқып тұр - айдың нұрында
майып қыз айды оқып тұр күйдің тілінде!!
...петхөвен салған дыбысқа толы ай нұры
бүгін де ғажап симай тұр ешбір ілімге...
осындағы майып қыздың терезеден үй ішін нұрға бөлеп тұрған ай нұрын көрмесе де, оны музикә тілінде жүрекпен терең сезініп тұрғаны, нұрболаттың «майып қыз айды оқып тұр күйдің тілінде!! петхөвен салған дыбысқа толы ай нұры, бүгінде ғажап симай тұр ешбір ілімге» дегені, мағжанның «ой басты ма? әлде көзім талды ма? мөлт-молт етіп көзіме жас келеді» деп, екеуінің осы құпя сырдың байыбына бара алмай толқулары өзәрә тіл табысып, үндестік құрап тұрмай ма?! бұл не деген ішкі келсім деп өзің де таңдай қағасың! менше, осы пөемәні ешкім қайталай алмайтындай сұлулық әлемінде тоғытып әкеп, шырқау шыңға шығарып, ішкі әуез, терең сыр дарытып тұрған қәсиет – нұрболат ақынның дара детәлдіқ суреттеуінде жатыр. демек, бәжәйләп қарағанға мұндай өзгеше тұс пөемәнің өн бойынан табылады. «сағыныш деген ғәнибет сағат - ұжымақ нақ. ай нұры да - әппәқ, роял да - әппәқ, қыз - әппәқ. талант, табиғат, өнер — бір нүктеде тұр асқақ», «кеудемде айым — өзім аспан боп бағайын! жіберем деген айды бір жолда быт-шыт қып, саған аспаннан айдың көзімен қарайын», «жыртығын жердің жамауға ғана керектеи, ғылымың кеиде жіп өтіп берер тебендеи...» деп толғайтын жерлері. өлеңге сиып кеткен терең астарлы сыр-сезімдер, филосопялық - психөлөгяліқ ирімдер ошарыла қолданылған сөз көріктеу әмәлдәрімен де көзге оттай басылады.
н.әбдіқәдірдің «айды қорғауы» терең тебіреністен туған, ішкі ой әғінімен айтылған, филосопялық-психөлөгяліқ лирикәлі пөемә. онда адам, жаратылыс, өнер (рух) арасындағы ішкі байланыстан қалыптасқан өзгермес заң тілге тиек етіледі.
белгілі ақын, жүйрік сыншы аманқан әлімнің: «жас ақын адами ‹мен› мен лірикәліқ ‹менді› ажырата алмаса, онда одан ештеңе де, ешкім де шықпайды» дегеніндеи, енді ақынның «‹мен› және мен» деген пөемәсі туралы да аялдай кетеиін. ақынның бұл пөемәсі ұлы абайдың:
өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
ол бірәқ қайтып келіп ойнап-күлмес.
«мені» мен «менікінің» айырылғанын,
«өлді» деп ат қойыпты өңкеи білмес.

ақыл мен жан - мен өзім, тән - менікі,
«мені» мен «менікінің» айырмасы екі.
«мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«менікі» өлсе өлсін, оған бекі... — деп, адам жаны мен тәнін терең боршалап, қазғылай толғаған, филосопялық - психөлөгяліқ толғауы мен ақын нұрболаттың аталған пөемәсі өзәрә төркіндесіп, өзінше ой түйген.
абай адамның рухын тәнінен бөліп алып, «менді» жанға, «менікін» тәнге тәуелдеп, тәнінің өлуі заңды, одан жан баласы қашып құтылмайды. ал «мен» (рух) мәңгілік. сондықтан «мен-мен» деп нысабыңды бұза бермеи, адамдық арыңды (рухыңды) таза ұста деиді. ал, ақын нұрболат не дер екен, құлақ түрелік:
мен деген бір жалғызбын,
«мендер» жүрген мың атып.
«мен», білгенге, жалғыз «күн»,
білгенге, мен — уақыт.

иманы жоқ бет арсыз —
меншігі бұл «мендердің».
мен - жан оты маздаған,
түкпірінде кеудемнің.

«мен» өтеді маймыл боп,
мен күн кешер адам боп.
«меннің» күнін жәй күн деп,
атауға жөн, амал жоқ.

«мен» жүреді шошқа боп,
менге осыны сендіртем.
бұл өмірге босқа кеп,
қайтыс болу — «мен», білсем.
қарап отырсаңыз, пөемәдә екі, яғни мен және «мен» бар. мұның қос тырнақшаға алынбаған мені- жан (әлде адам рухы) , ал қос тырнақшаға алынғаны «мен» тән. байқап отырсаңыз бұл өмір, бұл тіршілік — тұтас адам өмірі осы екі меннің тайталасы екен. одан өзге түк емес! өйткені адам бойындағы адамдық пен жамандық — осы екі меннің ішінде өніп-өсіп көктеиді. міне бұл өзіміз айтып жүрген қарама-қарсылықтың бірлік заңы — дялектикә.
жорғалайды құрт боп та,
үреді «мен» ит боп та.
«меннің» зәрін ұрттатпа,
мен жүректі жылт отқа!

жан, мен жаққа қонады,
тән, «мен» жақта қалады؛
жан мен тәнді манағы,
егіз десек жарады.
....................
аяма да тәніңді,
шынықтырғын тағы да.
тағы түлет жаныңды
дене - тәннің қабы да. — деген өлең жолдарында адам бойындағы осы мендер мәңгі тыныш күйде тұрмайтындығы, қозғалыста, үнемі өзгерісте болып, адам адамдық менін өзі ғана тәрбиелеитіндігін, соның кілті өз қолыңда тұрғандығын да ескертеді. ең соңында келіп, ұлы абайдың: «адам бір боқ көтерген боқтың қабы» деген пәйімімен табиғи түрде үндесіп кете барады. қысқасы, бұл пөемә әдәмгершілік ар-намыс туралы жыр десе де болғандай.
жоғарыдағы екі пөемә арқылы н. әбдіқәдірдің барлық пөемәләрінә лайық өзгешелігінен қорытарымыз, нұрболаттың жалпы өлеңдері мен пөемәләрінә тән ортақ қәсиет — бірінші, тап бермеде сөз табатын ұшқырлық пен ерен ой айту сонылығы. оқығанда адамды бірде шәшәсінә шаң жұқпайтын өрен жүйрікке, бірде үстінен су төгілмеитін су жорғаға мінгендеи кісіні бұлбұл қақтыра, еліктіріп, сезіміңді серпетін лирикәліқ жылы леп, әдемі саз-ырғақ, адамды сан алапат сезімге әкелетін ой тасқыны, сөз селі! содан барып туындайтын ішкі филосопялы — психөлөгялі ой ирімдері, ой ағымдары! м: «айды қорғаудағы» табиғат, талант, өнердің бір нүктенің бойында ұйып, асқақтап тұруы. соның жалаңаштанбай мифтермен оранып астарлануы.
екіншіден, бұл пөемә кең құлашты, қабырғалы жанр. онда көбінде адам мінезі, адам тағдыры жырланады да, лирикәлі өлеңдерге қарағанда қоғамдық өмірдің терең қатпарына, сырына үңіліп, содан соны пікір түюді көздеиді. пөемә ақыннан өлең сөзге төселуді, оның қыры мен сырына қанық болуды, кең тыныстылықты, алысқа шабуды талап етеді. менше, нүкең пөемәнің осы қырын да мықты игерген талант. әр пөемәсіндә адам баласының әр түрлі тағдыр-тәлеиі, ой арпалысы, жаныңды қылбұрауға салатын сезім серпіні бар. «ашқарақ» деген пөемәсіндә қәзіргі қоғамдағы рухани жақтан азып-тозуды, жан жұтаңдығын ішкі мөнөлөг арқылы ашады.
нұр жұтқызар зәру боп әйбәт күніне,
жалғыз құлақ күмбез тұр жаурап, түніне...
рухани әлемінің құты қашқан,
таңсық деисің кең жатқан аймақ кіміңе!?
үшінші, өзіндік өлең мәнері, ана тілін құлпыртып қолдану өзгешелігі мұндалайды. ақын н. әбдіқәдірдің көп өлеңі жалынан көлденең көк аттыға ұстаттыра бермеитін асау, өзіне тартып туған тәкәппәр, терең сырлы, қатпарлы пөезя. осы жағынан алғанда дәстүрлі пөезямізғә түрен салып, бөлек жаңалық ала келген деуге болады. ақынның сөз қолданысы шынында басқаша жаңа. онда да сөзді өз орнында дайын қоя салмай, оны алтын сақадай иіріп әкеліп, ойға, сезімге қарай икемдеп барып, соған тяқ, тұғыр ететіндігі. міне бұл - өлеңді өлең, ақынды ақын етіп, мәртебесін биіктете түсетін қәсиет.
............................
ақыныңның айына бұлт ілінді:
самалаға сұғайын кірпігімді.
өзегіме бір кесек от ілінді,
«сынған» тілім төсінен жыр шұбырды.
...........................
бырсын-бырсын заңғардан құмар құлауға,
шын адастың ә құру тұман, мұнарда.
тау сүйегін жібітер ғазал бер ғажап,
ботасыз інгенді иітем, сұрандым алла! — деитін өлеңді өлеңнен белгілі әдеби сауаты бар адам болмаса, әдеттегі оқырман не айтып, не қойғанының байыбына бара алмайды. енді «қырмызы шақтың қызығына сезім байлаулы», «жанары - оттан, жебесі - нұрдан жаралу», «жүрекке тыртық түспеу», «сағыныш деген ғәнибет сағат-ұжымақ нақ. табиғат, талант, өнер - бір нүктеде тұр асқақ», «жалпылдаған жансыз...», «кербез өмір бері қара сыртын берген», «мысық табан», «тау сүйегін жібіту» деген тармақтар мен сөз тіркестерін басқа ақындардан оңайға кезіктіру қиын.
төртінші, ақын нұрболат, менше, оқыған-тоқығаны, көргені, сезгені мол, білімді ақын. сол мол білім, ішкі рухани нәр тұтас өлеңдеріне мәйек болып, оны қанаттандырған. кеңінен көсіле, шешіле, есіле сөйлеуіне негіз болған. м: әр пөемәләріндәғі қоғам, жаратылыс, мифтер, ғылым - техникәліқ имформатсялар, тарихи, жағырапялық, био-химялық білімдер мен терминдердің өлеңде өз – өз орнында қолданылуы, қойшы әйтеуір, көп нәрседен хабардар екендігі әр өлеңдерінен төбе көрсетеді.


(соңы)
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1550

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер