Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-101398437443 %57 %
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-12706185040 %60 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 09:48 - 2013/06/04

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=139
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=139

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=139

Мақала жолдаушы: AHBORI
Мақала апторы: Ауыт Мүқибек
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Астана

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ

Таңжарықтың жарық таңы енді атады
немесе
тұпнұсқаның түптелетін кезі жетті

сөнімен, осыдан он жыл бұрын алатау етегіндегі әсем алматыға ат басын тіреп, содан бері бірәз байырқалап қалған таңжарық жолдыұлының жыр керуені енді, міне, арқа төсіндегі астанаға да келіп жетті. кеше ғана (24-мамыр, 2013-жыл) еүу-де дүркіреп өткен ақынның 110 жылдығына арналған салтанатты жиналыс соның куәсі.
аталмыш шара өткізу бастамасын бұл жолы көтерген өрімдеи жас жігіттер – ұшқын сәйдірәхмәнүлі, ербөл алшынбайұлы, жарқын сәленүлі. жастарды қолдап, жетекшілік еткен «алаш» мәдениет және рухани даму иниституты мен «жас азамат» қоғамдық ұйымы.
елөрдәдә өткен дағдарысқа қарсы дүниежүзілік көнферентсясімен тұспа-тұс келіп, бірбөлім зялылардың келе алмай қалғаны болмаса, «110 жылдық», ашығын айту керек, ел ойлаған мәреден әлдеқәйдә жоғары деңгеиде өтті. «алаш идеясі және таңжарық жолдыұлы мұрасы» атты халқаралық ғылми-тәжірибелік көнференсяғә с.негимөв, қ.әлпісбәев, т.мәметсеиіт, б.омар, ә.шәріп, д.масымхан, ө.жәлел, б.жілқібек, і.өлжәй бастаған білікті ғалымдардың шын іқіләстәрімен дайындалғаны, ақын шығармаларының астарын одан ары аша түсуге, қәйрәткерлік тұлғасын шын мәнінде көрсетуге кірісіп кеткені бірден көзге ұрды.
көнференсяні «алаш» мәдениет және рухани даму иниститутының директөрі амантай шәріп өзі жүргізді. жоо-ның ректөрі ерлән сыдықовтың баса назар аударуы; әкәдемик сеиіт қасқабасовтың жиналысты ашуы; мәжіліс депутәті алдан смайылдың арнайы келіп сөз сөйлеуі; «нұротан» хдп-ның хатшысы ерлән қәриннің, өзі келе алмағаны себепті, арнайы уәкілін жіберіп құттықтауы; еүу прөректөрі дихан қәмзәбекүлінің іссәпәрдә жүрсе де, қытай астанасы бежіңнен телегрәммә жолдап, тілектестік білдіруі таңжарық рухына деген үлкен қүрметті, ақын мұрасына болған қызығушылықты көрсетті. мемлекттік бақ түгелге жуық жарыса жазды, хабарлады.
таңжарық жолдыұлы қәзір жұрт қолында жүрген осы өлең-дәстәндәрімен-ақ қазақ әдебиетінен ойып тұрып орнын алады. оған күмән жоқ. бірәқ, өмірі аумалы-төкпелі заманға дүп келген, имперянің жастай құрбаны болған боздақ үшін, әрине, өз түпнүсқә өлеңдерінің орны мен маңызы қашанда бөлек. қалпағына қарай, қырғызы да сай болу керек қой!
әңгімені осы мәселе төңірегінде қаузау үшін, сәл артаманнан бастауға тура келеді. 1978-жылы қкп 11-құрылтайының «үшінші жалпы жины» ашылып, ден сяопинның үшінші мәрте билік басына келген, екі-тізгін, бір шылбырды қолына шындап алған мезгілі – көмунистік жүйедегі қытай елінің аласапыраннан құтылып, жаңа дәуірге аяқ басқан кезі-тұғын. келесі жылы (1979-жыл, 30-қазан) бежіңде бүкіл қытай әдебиет-көркемөнер қізметкерлерінің төртінші құрылтайы ашылды. ден сяопинның өзі келіп, арнайы сөз сөйлеп, бағыт-бағдар ұсынды. «әдебиет-көркемөнер қізметкерлері партя мен халықтың сеніміне, аялауына, қүрметтеуіне ие болуға тиыс» («ден сяопин мақалаларынан таңдамалылар» 298-бет) деді ол осы жиналыста. осыдан кеиін лапылдап тұрған төңкерістік күрес бір жолата аяқталып, саяси, рухани бұғау алынып тасталды. қытай қоғамының барлық саласында жаңа серпін пайда болды. беибіт күн, мәмірәжәй тыныштық орнады.
бұл кезде таңжарықтануды сонау елуінші жылдары бастаған жазушы оразанбай егеубәев тарым алаңындағы жаза мерзімін тамамдап, жабылған жалдан арылып, жағылған күйеден құтылып, бір топ сәптәстәрімен бірге, қайта қатарға қосылған болатын. іркіліп-тартынбастан бірден қаламын қолына алып, өз шығармаларын жәзумен бірге таңжарық мұраларын жинау, зерттеу жұмысын бастап та кеткен.
таңжарық жолдыұлының шыңармаларының халық жүрегінен қағаз бетіне шындап түсе бастаған кезеңі де осы сексенінші жылдардың басы. алғашқы быр-екі жылда ақын өлеңдері қауырт жиналды. бүкіл шығыс түркістәннің түкпір-түкпірінен, тіпті алыс-жақын шетелдерден де таңжарықтың жыр-дастандары өз мекені күнес ауданының мәдениет мекемесіне келіп құйылып жатты. «түрме халы», «анар-сәуле» атты шағын кітәптәрінің шыққаны болмаса, ол кезде толық жинағы басылып үлгірмеген еді.
ал, ақын өлеңдерін қомақты кітәп етіп баспадан шығару, зерттеу жұмысының ең қарқын алған тұсы ақынның 80 жылдығынан кеиін басталды.
менің есімде қалуынша, таңжарық жолдыұлының 80 жылдығы күнес ауданында аталып өтілді. аталмыш мереитөйғә үш әймәқпен бірге, өлке орталығы үрімжіден де қонақтардың барғаны есімде. сол сапарында болу керек, омарғазы айтанұлы таңжарыққа арнап «қабыр басындағы ботам» деген дастан жазғаны бар. осы тойдан ұ Рімжіге қайтарында ақынның күнес ауданы бас болып жиналған мол мұрасын оразанбай егеубәев қоржынына салып, ала қайтады. бұл таңжарық ақынның қәләмімен қалай жазылды, халық жадында солай сақталған ең түпнүсқә өлеңдер еді.
осыдан кеиін, көп өтпеи, үрімжіден таңжарық жолдыұлының толық жинағын құрастыру қолға алынды. омарғазы айтанұлы, ғалым қанапяұлы, оразанбай егеубәев, қасымхан уатханұлынан құрам тапқан төрт адамдық арнайы круппә, әскери қонақ үйде айлап жатып, ақын өлеңдерін саралауға кірісті. өкініштісі, ел аузынан жиналған сол дүниелерді, сол кездің жағдайында, қаз-қалпында шығыру мүмкін емес еді. гөминдәң үкіметі билік жүргізген тұста өмір сүрген, сол үкіметтің күредегі мектебінен оқыған, қытайшаға жеттік, кеңес одағына барып-келіп тұрған, жасырын ұлт-азаттық ұйымын құрған, шығыс түркістән республикәсінің құрылуы қарсаңында күдікті ретінде қолға алынған, шың шысай түрмесінде жеті жыл отырған аты шулы алаш ақынының асау өлеңдерінің басы көмунизимнің қайыс ноқтасына ся қойсын ба?!
амал жоқ, тарпаң таланттың тас түрменің қабырғасын қақыратқан, қара аспандай күркіреп тұрған рухы асқақ жырларын жұмсартуға тура келеді. ақынға өз табиғатына мүлде жат «мәтерялист», «демөкрәт» деген шапан кигізілді.
«шапаны» жабылып, «табы айқындалғаннан» кеиін партя мен үкіметтің беті тіпті де бері қарай бастады.
сойтып, екі томнан тұратын қоңыр кітәп «таңдамалы шығармалар» деген әтпен 1985-жылы баспадан шықты. үшінші томы 2002-жылы жарық көрді.
бұл тұста тәңжәріқпен замандас; балалық, жастық дәуренін бірге өткізген; қоғамдық жұмыстарда тізе қосып қізмет атқарған; тіпті түрмеде бірге жатқан; аласапыран жылдардың қанды шеңгелінен әупірімдеп аман қалған әсеиін жақсылықұлы, ірімбек сарқұлжаұлы қатарлы көне көздер түгелге жуық тірі еді. сол қос томдықтың баспадан шығуына ғана қарап тұрған секілді, манағы дана көкірек қарттардың қәләмімен ардақты ақын туралы аса құнды есселер мен зерттеу мақалалары толассыз жазыла бастады. осылайша, бірден таңжарық тануға кең жол ашылды да кетті. ұзақ жыл көз жазып қалған әқінімен қайта табсу – ол кезде арғы беттегі қазақтар үшін өшкені жанып, өлгені тірілген бір мезгіл болды.
өрекең екі томдықты ілдәлдәләп шығарып алған соң, ары қарайғы жерде ардақты ақынның шыққан тегі, туған жері, үрім-бұтағы, өскен ортасы, азапты өмір жолы, атқарған қоғамдық қізметі, шетел асқан іздері, ақындық болымысы, өлеңдерінің ту тарихы, көркемдік әлемі, түрмедеге түсу себебі, қәйрәткерлік тұлғасы... жәйлі кең ауқымды зерттеуге бел шеше кірісіп кеткен болатын. осының бәрі қәзір айтуға оңай бөлғәнімен, әрбірі бір-быр томға жүк болатын күрделі тақырыптар. сол қызық та құнды дүнилер оразанбай қаламының қүдіретімен үрімжіден шыңжаңның алыс түкпірінде жатқан қарапайым қазаққа деиін күн құрғатпай жетіп жатты.
таңжарық жолдыұлы туралы ой толғамаған, пікір білдірмеген қәләмгер, әй, жоқ шығар деимін. қазақты қойып, әқінмен кезінде дос болып өткен әзезөв қасым, мөмін сапари бастаған ұйғыр зялылары да қарап қалған жоқ, өзі білетін шындықтарды қазақ туысқандарының қоржынына быр-бірлеп салып отырды. әркім өз шама-шарқынша, таным-түсінігінше безбендеп бақты.
әрине, бұл таңжарықты зерттеу толқынының үлкен арнасын өрекең – оразанбай аға егеубәев алып жатты. теплөвөз болып, осынау керуенді алға сүйреді де отырды.
бары де елім деп еңіреп өткен ақынға деген жақсы ниеттен, адал жүректен туған дүниелер ғой. дегенмен, амалсыздан жапсырған сол «мәтерялист», «демөкрәт» деген шапанның қызыл бояуын қалыңдататындардың, ақын жырларынан лелин мен мао тсзедун төңкерісінің боранын іздеитіндердің саны күн санап молайып бара жатты. «тәкең жәуінгер әтеист. халыққа, әсіресе, қазақ халқыныа әтеизм тәрбиесін жүргізу жөнінен жемісті еңбек еткен адам», «таңжарық тек қазақ халқының ғана аяулы ақыны болып қалмастан, қайта ол жұңхуа ұлтының да көрнекті ақындарының бірі» немесе «таңжарық идеясі – мәтерялистік қарапайым дялектикә» («сөнбес алау» мақалалар жинағы, 204, 255, 256 беттер) деген секілді батбаққа батыратын тұжырымдарды екі мақаланың бірінен оқуға болатын еді ол кезде.
таңжарық тәбиғәтінің тым жәйдәқтәліп, мүлде басқа бағытқа кетіп бара жатқанын байқап, шінімен қынжылған болу керек, сол кездегі іле қазақ автономялы облыстық жазушылар қоғамының төрәғәсі, қазақтың аса көрнекті жазушысы, оразхан әхметөв 1987 жылы өзі басқаратын «іле айдыны» журналында «сөнбес алау» деген атақты мақаласын жарялады.
оразанбай еге бәевтің түрмелес досы, қазақ қара сөзінің зергері оразхан аға әхметөв аталмыш мақаласында таңжарықтың ұлы абайдың дәстүрінен үлгі-өнеге алған шығыс түркістәндәғі қазақ әдебиетінің алғашқы өкілі екенін айта келіп, «таңжарық төңкерісшіл ақын. оның өмірі, бүкіл еңбегі отанының, туған халқының азаттығы, жарқын болашағы үшін арналды. бір үлкен суреткердің бар еңбегін бір идеяліқ жүйеге сиғызуға, бір өлшемге түсіруге әсте болмайды. сондықтан, таңжарық шығармаларынан тек төңкерістік идеяләр биігінен ғана емес, әр дәуірдегі ой толғамның, дүниетәнімнің лөгикәсі, шындығы тұрғысынан назар салуымыз керек» деді. ақынның «анар-сәуле» дастанының көркемдік әлемін жеріне жеткізе талдаған оразхан әхметөв тағы да ««анар-сәуле» дастаны – дәуір сынағынан өткен әдебиетіміздің асыл мұрасы. ол идея, көркемдік жетістігі жағынан өзімен замандас қазақ сөвет пөезясінің таңдаулы үлгілері – «сұлу шәш», «құралай сұлу», «күйші» дәстәндәрімен тең тұра алатын аса күрделі еңбек» деп бағалады.
бұл мезгілдің алшорда көсемдерінің енді ақтала бастаған тұс екенін ескерсек, таңжарық тұрақтайтын тұғырдың мәркс негіздеген көммунистік үрәндәрмен көмкерілген қызыл алаңдар жақта емес, бөкеихәндәр туын желбіреткен анау алыстағы алаш топырағында – әхмет, міржәқіптәрғә тақау тұрған жәнсүгіріптер, байзақовтар шыққан биікте жатқанын оразханның бәтілдіқпен, көрегендікпен нұсқап көрсетуі, таңжарықтанудың тізгінін өзінің әуелгі бағытына қарай бірден бұрып жіберді.
осыдан бастап ақын өлеңдерін талдауда жаңа көзқәрәс, тың серпін пайда бола бастады. бұған сол кездегі әдебиет әлеміне жаңа қадам басқан жас перілер өмәрәлі әділбекөв, ыдырыс әділхәнөв бастаған сыншылардың мақалаларын атап айтуға болады. өмәрәлі «заман талабы тылсым хаһарман емес» десе, ыдырыс таңжарықты бірден «ұлтшыл ақын» деп айта әлмәғәнімен, соған жақын, сол мағананы беретін «халықшыл ақын» деген тіркесті айналымға енгізе бастады. әрине, бұл «таңжарық – ұлттар достығының үлгісі», «таңжарық - мәтерялист ақын» дегендермен мүлде салыстыруға келмеитін жаңалық еді.
бырақ, бұл қадам да тым алысқа ұзап бара қойған жоқ. таңжарықтану ғылымы қанатын енді-енді ептеп ұлттық бәғітпен қаға бастаған сол кезеңде – 1989 жылы көктем мен жаз аралығында бежіңдегі студенттердің көтерілісі бұрқ ете түсті. оған қоса, тәуелсіздің аңсаған ұйғыр мен тибеттің де бас көтерулері жер-жерде жиілеп кетті. ереуілдердің соңы қанды қірғіндәрмен ақырласты да, орталықтан «буржуазялық еркінсуге қарсы» қатаң саяси науқан жүргізілді. мұндайда жұмыстың ең әлдімен бәспәсөз, ақбарат құралдарынан басталатыны белгілі...
әрине, таңжарықты зерттеу тоқтап қәлмәғәнімен, оған өз деңгеиінде тарихи баға беру қиынға соқты. бұрынғы кепешін қайта кимегенімен, есесіне көжеге қатуға келмеитін көкжәсіқ дүниелер тағы қылаң бере бастады. оразанбай егеубәев секілді тәсілін тауып, тігісін жатқыза амағандар аяғын аңдып басуға мәжбүр болды.
соған қарамастан, 1993-жылы таңжарық жолдықлының 90 жылдық тойы кең көлемде аталып өтілді. ары қарайғы жерде құлжа қаласындағы іле пединиситутінің жанынан, қай бағытта жұмыс істесе де, «таңжарықтану қоғамы» құрылды. онда арнайы қізмет істеитін адамдарға штат бекітілді. қоғам түгелдеи мемелекет қазынасынан қаржыландырылатын болды. күнес ауданынан таңжарықтың мүрәжәй үйі салынып, құнды жәдігерлер осында топтастырылды. ақын кітәптәрінің таралымы да бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. ең бастысы, алғашқы адымдағы «таңжарықтану» ғылмы қалыптасты.
соз реті келгенде айта кеткеніміз жөн шығар, осының бәрінде марқұм оразанбай аға егеубәевтің қуатты қолы тимеген, ащы тері тамбаған жұмыс жоқ.
жалпы, оразанбай егеубәевтің таңжарық мұраларын ерте бастан толықтай үрімжіге алып кетіп, өз уысында ұстауынан, аздаған күнестік ағайындардың «сан соғып өкініп қалғаны» болмаса, дәріптелу жағынан таңжарық та, зерттелу тұрғысынан таңжарықтану ғылмы да зян тартқан жоқ. әрине, үрімжіні күнес не қүлжәмен салыстыруға келмеиді ғой. ол автоном дәжесі бар бес өлкенің бірінің орталығы. оның үстіне, екі аралықта екі дәржелі әкімшілік (іле аймағы, іле қазақ облысы) баспалдақ тұр. ол кезде ұлттық автономя заңы жақсы атқарылатын. қазақ зялыларының қаймағы, бәспәсөз бен ақпарттың ошағы да осы қалада. өрекеңнің өзі де фөлклөрғә арналған «мұра» деген журналдың басында отырды. ең бастысы, пәрменді билік бар еді бұл шаһарда! етектегіні тауға шығарудан гөрі, тау басындағы дүниені етекке қарай сырғыту, әрине, оң Ай. оразанбай аға, бекер обалы кәне, осы мүмкіндіктердің бәрін көрегендікпен, ептілікпен өте ұтымды пайдалана алды. бұл – бір. екіншіден, өрәкең сонау бала жасынан таңжарыққа бәсібүтін берілген, екеуінің табиғаттары табысқан, саналы ғұмырын ақын өмірін зерделеуге арнаған, аруақ алдында қандай қиын күндерде де титтеи ауытқымай адал қізмет атқарған тұлға. өзі кең құлашты жазушы бөлумен қатар, аса білікті ғалым да болатын. оған әкеп жәнкешті қажырлығын қосыңыз. хәнмен де, қәрәмен де түгел тіл табысып, сөйлесе білетін деплөмәттіғі тағы бар. үлкен есіктерді қақпай кіретін атақ-абыройы мен бет- беделі қандай жоғары еді! ғасыр соңына таяғанда таңжарық жолдыұлының да, оны өмірлік тақырыбы етіп зерттеген оразанбай егеубәевтің да атағы аспандап кетті. екеуі бірін айтса, екіншісі еске түсе кететін егіз ұғымға айналды.
қысқасы, таңжарықтанудың аудан, аймақ көлемінде шаң қауып қалмай, жоғарыдан кедергісіз жарқырауының басты себептерінің бірі, міне, осы.
арада дүние адам таңғаларлықтай өзгерді. таңжарықтанудың шығыс түркістәндә басталған сол керуені енді шетел асты. өрекең – оразанбай аға егеубәев таңжарыққа қатысты ғұмыр бойы жиған-терген қолжазбалары мен тасқа басылған дүниелерін арқалап, меңтәйін жетелеп, қазақстаға келді. махсат – таңжарық армандаған тәуелсіз елде түпнүсқә өлеңдерді шығарып, ақиық ақынды өз үйірі – алашордашылар тобына қосу!
шінімен де, азат жырдың алып қанатын еркін қағатын, кедергісіз самғайтын жері осы кеңістік. оны кәрі тарлан кезінде білмеді емес, білді. тіпті, елден ерте сезді. аспаннан азаттық жауып, қазақ елі өз тізгінін өз қолына алғаннан кеиін де таңжарықты бұрынғы «шапаны» астында ұстай тұрып, өрекеңнің ақын өміріне қатысты тағы да бірәз жұмыстарды тындырып алуға бекігенін біз жақсы білеміз. ол – үрімжі әрхивіндегі түрменің тергеу мәтерялдәрі мен ақынға таққан айыбы болатын. жәнкешті ағамыз оған да тамтұмдап қол жеткізді...
бырақ, бұл қадам да оңды бола қойған жоқ...
енді, міне, 2003-жылы таңжарық жолдыұлының 100 жылдық тойын қазақстанда тойлау қарсаңында өрекең соның бәрін кәдеге жаратып, «таңжарық алаштың ақыны» деп қалуы мұң екен, үрімжі үкіметінің шу ете түскені! анау-мынау емес, қхр, шұар-дық партя көмитетінің екінші хатшысы ерін бауырына алып тулады.
«шұғыла» журналы шыққандығының 50 жылдығына арналған салтанатты жиналыста, төрт қәрәкөздің алдында: «алғашында оразанбай егеубәев арғы бетке барып алып, таңжарықты «алаш ақыны» депті дегенді елден естіп, сенбеп едім. кеше ғана гәзетке жазған мақаласын біреу әкеліп берді. оқып, шалқамнан түсе жаздадым. өз көзіме өзім сенбеи, қайта оқыдым. бұл не деген сұмдық! таңжарық төңкерісшіл, демөкрәт ақын есібінде өз бағасын елімізде баяғыда алып болды емес пе!? басқа-басқа, қытайдан бар атақ-дәрежені алып, нан жеп отырған оразанбай егеубәевтің бүйтетін жөні жоқ!!!» депті хатшы ағамыз.
бұл жәй екінші хатшының ашуы емес, алып имперянің азаттық аңсаған ақынды уысынан әлі де болса шығармай, тұқыртып ұстағысы келетін өктемдігі болып сезілді бізге. мына сөзден кеиін, оразанбай ағаны қойып, жәй тілеулес болып жүрген біздің өзіміз абдырап қалдық. айтарға болмаса, сонау 1956-жылы алғашқы болып таңжарық жөнінде «ақын ауылында» атты мақала жазып, соның себебінен «оңшыл-ұлтшыл» атанып жұмыстан қуылған, сотталып тарымға айдалған, сан мәрте азаптың адам төзгісіз түрлерін көрген, енді жер ортасы жетпіске таяғанда тәуелсіз елге келіп еңсе көтере бастаған өрекеңе де оңай тиген жоқ бұл жағдай. кәрі жүрегіне ауыр салмақ түсірді. «бытты, оразанбай егеубәев қытайдағы барлық атақ-дәрежесінен, зеинетәқісінән айырылады. сотталып кетуі де мүмкін!» деген суық сөз алматы көшелерінде ерсілі-қарсылы есті де кетті.
арада аз күн өткенде, аяулы аға үрімжіге барып, екінші хатшының қабылдауында болып, мән-жәйді толық баяндап, алаш ақыны дегенде оның алашорда үкіметімен «қатысы жоқ», тек ортадан озып шыққандарға айтылатын алаштың азаматы деген «мағанада» ғана қолданылған сөз екенін «тұсындырып», істі жылы жауып қайтты.
сойтып, тәкең өлеңдерінің соры тағы қайнады. арғы беттен бұрын-соңды келген ағайын мен мұндағы зялы қауым бастарын шайқап, жағаларын ұстаған күйі іштен тынып қала берді.
жалпы, осы шыңжаңдағы партя-үкімет орындарында бұрын лауазымды қізмет атқарған, қәзір атқарып отырған, болашақта атқаратын қандастарға бір ескертетін нәрсе бар. сөз тыңдаса, оспан, қәлибек, әкпәр-сеиіт, таңжарық, қажықұмар, шығыс түркістән... тақырыбына, мұ Мкіндік бар, олардың жоламағаны жөн. бұл көммунистердің «мазхабына» мүлде тура келмеитін, қазақ тарихында аттары алтын әріптермен айшықталып жазылатын алып тұлғалар. ертең тасқа басылған, манағыдай жиналыста қызды-қіздімен ауыздан шығып кеткен сол сөздерге жауап таппай жер шұқитын, ұлт алдында ұятқа қалатын, ұрпағының бетіне шіркеу болатын күн туады.
сосын не болды? сосын, таңжарықтың 100 жылдығы аса жоғары деңгеиде, халқаралық мәртебеде тойланды. алматыдан басталған той, нарынқолда сіргежярін жасады. таңжарық өлеңдері түпнүсқәдә емес, тағы сол бұрынғы жұмсартылған күйінде алматы баспаларынан басылып жатты...
той өткен соң, өрекең ғылым әкедеясі жағынан қолға алынып, шыға бастаған жүз томдық «бабалар сөзіне» ден қойды. арғы беттен алып келген ауыз әдебиетінің жәуһәрләрімен сол жүздіктің оншақты томын қамдады.
таңжарық шығармаларының түпнүсқәсін шығару үшін, қазақстан азаматы болсам қәйтер еді деп ойлаған болу керек, шеттен келген, зеинетәқісін қытайдан алатын зеинеткерлердің алды болып азаматтық алған тағы осы өрекең болды. амал қанша, арманына жеткізбеи, ажал шіркін алды да кетті. жәйірдән ұшқан мұзбалақ алатау етегінен барып мәңгілік мекенін тапты.
өкінішті жері сол, оразанбай егеубәев таңжарық тақырыпты шырқау биікке жеткізіп, өз деңгеиінде зерттеуге үлгіре алмады, әрине! оған оның былым-білігі мен қәбілет-қарымының жеткіліксіздігі емес, сол баяғы заманның тарлығы басты себеп болды. солай бола тұра, ол таңжарықтанудың іргетәсін мызғымастай етіп құрыштан құйып беріп кетті. ары қарайғы зерттеуді болашақтың, жас буынның еншісіне аманат қалдырды. ендігі жерде таңжарық ауылына атбасын бұрғысы келетіндердің бірде-біреуі оразанбай егеубәев әлеміне соқпай өте алмайды. қона жатып, жол сұрап, іздегенін тауып, бағыт-бағдарын айқындап аттанады. бұл ешкім көз жұмып, жасыра алмайтын шындық!
орағаң кеткелі де бірәз жыл болды. сарғайған түпнүсқә өлеңдер мен таңжарық ғұмырына қатысты құнды мәліметтер әлі басылмай келеді. қорапшаларға салынып, аузы желімделген бойы астанадағы айдын оразанбайұлының үйінде, меңтәй апаның қолында тұр қәзір.
өткен жылы шұар іле халық баспасы мен жазушы баспасы бірігіп, екі жазуда ақынның екі томдығын тағы шығарды. кімге бағытталып айтылғаны белгіздеу, әдрсісі жоқ, «жуас» өлеңдерден бас құрапты бұл кітәптәр да бұрынғыдай. ол аз болғандай, екі томда да жер-су, адам аттарын дұрыс жазбаған техникәліқ қәтелік дегенің жетіп артылады.
негізінде, т.жолдыұлының қхр-ның қәзіргі көмунистік жүйедегі қызыл үкіметімен үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. керек болса, оны аңсаған да емес. ол 1911жылы құрылып, 1949 жылға деиін билік құрған, кеиін тайванды паналаған қытайдың гөмин үкіметі тұсында өмір сүрген, текпісін көрген, ұлтының азаттығы үшін жан аямай күрескен тұлға. «әқөзен, әдуінгер – тұрағымыз, келеді заманды ойлап жылағымыз. азаттықтан бір хабар келе ме деп, елең-елең етеді құлағымыз» - дегендегі азаттығы қызыл қытайдың емес, қазақтың тәуелсіздігі болатын. бұл соншалықты ел түсінбеитін жүмбәқ, құпя да емес.
қытай қәзір жалпы бір ел бөлғәнімен, екі түзімдегі мемлекет. тайван мен шяңгәңдә кәпитәлизм, ұлы құрлықта сотсялизм салтанат құрған. аралдағы қансулар күнде үш уақ қкп-ының жеті атасын жездеи қақтап боқтап жатады. оған қытайдың еті өліп кеткен. ден сяопин ақсақал бұл жағын «көммунистік партяны балағатайтындарды қамтыған барлық әдәмдәрмен, олардың саяси көзқәрәсінің қандай болуына қарамастан, кеңінен ынтымақтасамыз» («ден сяопин мақалаларынан таңдамалылар» 3-том, 134-бет) деп баяғыда шешіп қойған. таңжарық кезінде кеңес одағында үш жыл тұрған, оқыған дегенімізбен, ол жақтан мәрксизм мен лелинизмді емес, «әхмет атын бұзып, болды маса, сөз жазды қос қыртысты, беті таса. ұйқыңды ызылдасам бөл деп еді, көрмедім ұққан адам оны да аса. ...жазылды мыржақыптан «оян, қазақ!», ескерді оны қашан ноян қазақ? орнына оянғанның ұйқы басып, қалдың ғой ши түбінде, қоян қазақ!» - деп алаш идеясін қабылдап оралғанын елдің бәрі біледі.
соған сай, таңжарық жолдыұлы да тәуелсіз қазастанда нағыз алаш ақыны беделімен, ал қытайда «мәтерялист», «демөкрәт» шәпәнімен өмір сүре береді. онда тұрған дәнеңе жоқ!
сондықтан, ендігі жерде, ақынның әрхивте жатқан қолжазбасын шығаруға ешкім кедергі жасай алмайды. таңжарық тұғырын оразанбай діттеген, оразхан нұсқаған жерге жеткізу – ендігі басты нысана болу керек! сол үшін түпнүсқәні түгендеп, түптеп шығаратын күн жетті!
2013-жыл, мамыр.
ас ана
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=139

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер