Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:40 - 2016/02/29

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1328
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1328

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1328

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш Көкбөрі



МЕНІҢ КҮЙІМ, ҚАЗІРГІ...


Ауа жетпей қылқындым,
Маза болмай, мазадан?
«Қазақ» деген Ұлтымның,
Дертін қалай жаза алам?

Міне, осы сұраққа,
Жауап таппай келемін.
Бұл, тағы да сынақ па,
Кімге, қалай сенемін?..

Неге ол, берер жортақтай,
Не күтіп тұр алдымда?
Жалғыз өзім, жол таппай,
Айдалада қалдым ба?..


Менің күйім қәзіргі,
Дәл осыған ұқсай ма?
Қысқа айналтқан жазымды,
Тексіз, тізгін ұстайма?..

Жұмаш Көкбөрі,
29.02.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі



ҚҰТТЫҚТАЙМЫН, КӨКТЕММЕН!



Бұл, Бірінші Наурыз -
Бастауы ғой Көктемнің.
Көктем - жасыл Бағымыз,
Бәрі есте ме, өткеннің?..



Барша Қазақ Арулары -
Барша Ұлтымның Гүлдері,
Қыз-Жүректер, жалындады,
Сезім біткен бүрледі...


Бұл Табиғыт-Анамыздың,
Бар мейірін төккен күн!
Өңі кіріп, Даламыздың,
Келген күні Көктемнің!


Барша Қазақ Арулары,
Гүл Көктемнің көркі ғой.
Шешек атар бағым, бәрі ,
Сүйген жүрек өрті ғой...


Махаббаттың Ханшасы ма,
Қазағымның сұлулары.
Ерін - қызыл алшасы ма,
Естен алар бұның дәмі...



Сүйген – татса, бал шырынын,
Ләззәт алар - от демнен!
Қазағымның бар сұлуын,
Құттықтаймын, Көктеммен!..
Құттықтаймын, КӨКТЕММЕН!!!


Жұмаш Көкбөрі,
01.03.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі


«ЕҢЛІКГҮЛДЕН» АУМАЙДЫ,Ә!


Шың басында өсіп тұр,
Күнге ұмтылған Бір Тал Гүл.
Жұмсақ самал есіп тұр,
Сыйы мүмкін, бұл Таңның?


Күткен бәрі көптен бір,
Көктен сәуле саулай ма?
Хабаршысы көктемнің,
Еңлікгүлден аумайды, ә!..


Алдағысын білер кім,
«Құрық жалғап, сырыққа».

Осы гүлдің тілеймін
Ұрынбауын суыққа.



Жұмаш Көкбөрі,
01.03.2016 жыл.

Жұмаш Көкбөрі



ЖЫРЛАМАУҒА ХАҚЫМ ЖОҚ...


«Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу»,
«Еңлік-Кебек» елінен,
Аягөзге аян сырым,
Алматыға келіп ем...


Барлық ұлы махаббаттың,
Алып келгем сәлемім.
Жанға сыйлар шапағат бұл,
Естіп өскен әуенін.


Жүрегімде дамылдады,
Менен күшті Батыр жоқ.
Сондықтан да Аруларды,
Жырламауға хақым жоқ...


Жұмаш Көкбөрі,
01.03.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1328

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер