Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 07:28 - 2016/02/15

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1287
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1287

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1287

Мақала жолдаушы: Kasim karyr
Мақала апторы: Зеинөллә сәнік
Аптордың мекен-жайі:

Кезінде біздің бабаларымыз ханзуларды «жиырма төрт шүршіт», үнділерді «он жеті делдір» деп атаған екен. соншама көп халықтың тек жиырма неше фамилядан құралатындығын олар сол кезде-ақ білген. солардың бір бөлігі болып келген алтынхан елі ежелгі найман-кереи хәндіқтәрімен іргелес отырғандықтан әрі наймандардың сол кезде ең үлкен хандық екендігін білгендіктен оның ханын «дауаң» (үлкен княз) деп, ал кереи ханын «уаң» (жәй княз) деп атаған. қытайларда «да» деген әріпті «дай» деп те оқиды. осылайша «дауаң» біртіндеп «даюаң» онан барып «таян» болып қалыптасқан. ал кереи ханы «уаң» (жәй княз) біртіндеп «уаң хан тұғырыл» болып өзгерген. оны тіпті еврөпәнің миссөнерлері «иван поп» деп атап кеткен.

1204 жылы найман хандығы күйреп, шыңғысхан жағынан жеңілгеннен кеиін, күшілік хан қәзіргі қазақстанның өңтүстік өңіріндегі кидән (қарақытай) хандығына келіп паналап, сол хандықтың билігін қолына алған. кешікпеи шәшілғән наймандарды төңірегіне топтап 1218 жылға деиін дәурен сүргендігі жұртқа мәлім. демек, 15 жылға таяу уақыт осы хандық күшіліктің билеуінде болған. абылғазы бахадұр ханның жазған естеліктеріне қарағанда күшіліктен талосал, әленсәл, баянсал, пөтөгісәл деген төрт тұғыр қалған. «сал» деген сөзге абылғазы «ханзада» деп түсінік берген. сөнімен бірге күшіліктің асис атты қарындасы және оның абуған, абығаш, ешмүхәт атты ұлдары, сөнімен бірге қол астында 2 мың адамдық атты жасағы болғаны жөнінде де жазба деректер бар.

шыңғысхан билік жүйесіндегі адамдарды тағайындауда хан әулетіне айрықша мән берген. найман, кереи, жалайыр, ұңғыт (уақ) тайпа көсемдерінің ұрпақтарын жерге қалдырмай бәріне де лайықты мәнсеп берген. шыңғыс ұрпақтары орта азяны билеген кезде найман жолым бидың мерв өңіріне, найман назар бидың балық өңіріне, найман қобыз бидың ежелгі мары қаласына, найман төлегетәй бидың ежелгі өзкент-түркістән өңіріне, найман жәнмүхәмед бидың шайбани хан әскерлеріне билік жүргізуі біздің осы пікіріміздің куәсі.

өзбекстәндәғі самарқан қаласының түбінде «өкіреш» және «өкірек» атты екі қыстақ бар көрінеді. бұл қыстақтардың байырғы тұрғындары біздің өзбек құрамына кірген найман ағайындарымыз екен. көшпенді өмірді бастан кешпеген олардың айтуынша «өкіреш» – үлкен бұқа дегенді білдіреді. яғни найман ханы иннәніг бұқа ханның ұрпақтары дегшен сөз.

1999 жылы пекиннен жарық көрген «торғауыт тарихы» деген кітәп бар. сол кітәптә қытайда тұратын «торғауыт» ұлысы кереи ханы тұғырылдың ұрпағы екендігі айтылады. олар – «еки кере» «бәк кере» деп екіге бөлінген. «еки кере» – үлкен кереи, яғни тұғырыл ханның тіке ұрпақтары, ал «бақ кере» – кіші кереи, яғни тұғырыл ханның қауымының ұрпақтары деп түсінік берілген. кітәп: «бырыншы әулет – марғұз хан, екінші әулет – құршақұз хан, үшінші әулет – уаң хан тұғырыл, төртінші әулет – арсалаң, бесінші әулет – әмеқүлән…» деи келіп, алтыншы әулеттен бастап моңғол есімдері тіркеліпті.

дал жоғарыдағыдай жағдай күшіліктің орталық қытайға билік жүргізген бір ұрпағының өмірінен де байқауға болады. таян хан өлгеннен кеиін гөрбәсу ханым шыңғыс ханның айымы болып қала береді. ол өз шөбересі күшілік ханның сауыс атты бір баласын бауырына алып тәрбиелеиді. сауыс 25 жасқа шыққан, яғни 1231 жылы өгедеи хан алтын хан еліне шабуыл жасайды. жастай жақсы машық көрген күшілік ұлы сауыс соғыс кезінде өзінің ерлігі және асқан шеберлігімен көзге түсіп, түменбәсіліққә тағайындалады. әрі орталық қытайдағы хынан өңірінің әміршісі болып белгіленеді. бырақ ұзақ өмір сүре алмайды. 1248 жылы науқастан дүние салады.

сауыстан беден атты ұл қалған. оны да әжесі гөрбәсу жастайынан соғыс машығына тәрбиелеиді. ержеткен соң қол бастап жорыққа аттанып, жолбарыс атып қытайдың юан хандығы дәуірінде «жолбарыс атқан генерәл» атанады. ол да әкесі сауыстың орнын басып, орталық қытайға билік жүргізеді. жазба деректерде: 1229-1309 жылдар аралығында өмір сүргені айтылыпты. беденнің үлкен ұлы әкімшілік қізметте болған, екінші ұлы нанғадай үлкен оқымысты болып, баласы боланиң (бораншы) екеуі найман шежіресін жазып шыққан.

сол кездегі юан хандығының ең әйгілі бәдізшілерін тауып: «найман хандығы құлады, хандары өлді, ұрпақтары санаулы ғана, иелу ханым (сауыстың шешесі) бір ұлын жетелеп тар жол тайғақ кешулерді бастан кешіріп аман қалғанына шүкірлік етеді» деген сөзді тасқа ойдырады. сосын, сауыс пен беденнің сүйегі жерленген хыби өлкесінің дамиң ауданына, осы құлпытасты орнатып, ұрпағына «төре» сөзін фамиля ретінде қолдануды ұйғарады. бұл найман әмірлерінің қытайлануының бастамасы еді.

әлгі құлпытасты 1330 жылы сәуірде орнатқан екен. осыдан соң олардың тұқымы төре шугуәң, төре шули, төре юичуан кете берген. бұлардың арасынан шыққан ғалым әрі ақын, қоғам қәйрәткері төре юичуан болған. бұл адам 1311-1382 жылдары аралығында жасаған. 1342 жылы төре юичуан орданы басқаратын ұлық болып тағайындалады. ол ордада тұрған кезінде патшалықтың ірі тұлғалары қарлұқ ақыны нәйжән, қаңлыдан шыққан әйгілі хатшы қаңлы көке, ұйғырдан шыққан ірі қәйрәткер сардар хәйшіңши, қытай ақыны ли гөфің және сол кездегі қытай астанасы ханбалықтағы (қәзіргі пекин) басқа да ғұлама ғәлімдәрмен таныс болған. одан кеиін бүкіл патшалығы бойынша жыр дүлділі күңзі-мыңзы тағылымының асқан білгірі, атанып, қытай әдебиеті дәуірінің «асқар биігі» болып танылады.

1368 жылы юан хандығы, яғни, шыңғыс хан әулеттерінің билігі құлап, орнына миң патшалығы келеді де бұрынғы биліктегі батыс өңірі адамдарын ордадан аластайды. бырақ төре юичуан бұл аластаудан аман қалады. жаңадан патшалық тұғырға отырған жоу юан жаң патша төре юичуанды өзіне ақылшы етіп тағайындайды. ол төре юичуанның ұсыныстары бойынша бір қыдыру жаңа заң-жарлықтар шығарады, үкімет өргәндәрінә рефөрмәләр жүргізеді.

осы мезгіл ішінде төре юичуан сол патшалықтың бас соты болып та істеиді. сол жұмыстарды ойдағыдай орындағандығы себепті 373 жылы сәуірде, екінші рет 1381 жылы наурызда патша жағынан марапатталады. «ежелгі қытайдың арқандай кітәптәрін түсіндіре алатын, күңзі тағылымының жүйрігі, сол заманның асқан білгірі» атанған төре юичуанның өлеңдерін жинау, реттеу өзі өлген соң 160 жылдан кеиін басталған.

белгілі қытай ғалымы хуаңшыңрын (1490-1540 ж.ж.) сол жұмысты атқарып, әрі оның өлеңдер жинағын баспадан шығарды. төре юичуан өмірінің ақыры өз ата-бабалары жатқан орталық қытайдың бір қыстағына өткен. бір халықтың мүлде құрып, ең соңғы тұяғының жат жұртта қалып жалғызсыраған өмірі, оның жан дүниесінде торығушылық, үмітсіздік тудырған. көне кітәптәрдән басқа ермегі, ақыл-кеңес сұрарлық адамы қалмаған. өз тағдыры туралы:



түстікке аттанды қыз таң сөгіле,

ел-жұртқа қарай-қарай жан егіле.

көңіл күпті, дәрмен аз, асыл ару,

кім ортақ болар енді мұң-шеріне

***

қолымнан кітәп тастаман,

оқимын ұзақ толғанам.

хар болам деп зарламан,

бай-бағландық садағам.

ескінің сөзі медетім,

оқысам жаным жадырар.

ермегім осы – байлығым,

өсімен үнім қарлығар…

демек, күшілік ханның ханбалыққа, орталық қытайға билік жүргізген бесінші ұрпағы осылайша өмірден өткен. осыдан кеиін қытай жазбаларында наймандар туралы айтылмайды. тек сол кезде найман төрелері төрт рулы ел, олардың қауымы 13 рулы елге айналғандығы жазылған. қытайдың жилин өлкесі жаулай өзені бойында «намынчи» яғни найман ауданы деген аудан аты осы уақытқа деиін сақталған. осы өңірде найманнан шыққан темугі, бүқәтемір деген ірі әскери сардарлар билік жүргізгендігі мәлім. бәлкім бұл солардан қалған із шығар. қытай және моңғыл деректеріне қарағанда жалайыр мұқалы қытайдың бүкіл шығыс-сөлтүстігін билеген. оның ұрпағы сол жерде – ордос өңірінде қалған. шыңғыс ханның тоғыз өрлігінің бірі кереи сорхан сары өз кезінде ұйғырларды билеген. ұрпақтарды солардың арасында қалған. қытайдағы өңтүстік шуар-дың меркіт ауданының байырғы тұрғындары баяғы шыңғыс дәуірінің меркіттері екендігі, ол жердегі «доландықтар» аталған халықтың «төлеңгіттер» екендігі жөнінде жаңа зерттеулер дүниеге келіп жатыр. олардың тілі, салт-дастұры ұйғырлардан гөрі бізге жақын екен. бұл күндері ұйғырласып кеткен сол меркіттер мен төлеңгіттер бәлкім баяғы кереи сорқан сарының билік жүргізген елі болуы мүмкін.

зеинөллә сәнік
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1287

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер