Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:15 - 2016/02/12

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1277
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1277

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1277

Мақала жолдаушы: Kasim karyr
Мақала апторы: Тұрсынхан ЗӘКЕН
Аптордың мекен-жайі:

Тұрсынхан ЗӘКЕН. ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ



ҚЫТАЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ МӘЙЕГІ

Қытай қорғанын алыстан орағытып, сары даланың сонау бір бұлдыраң, тұңғиық шетінде жасап жатқан көп халықты ата-бабаларымыз тым ертеден білетін. Дүйім дүниеге мәшһүр сол ұлы қорғанды әйгілі «Қиссасұл ән­биеде» «Ескендер сефилі» деп атайды. Онда айтылуынша оны шығыстағы көп халық — нәжүт-мәжүттерден сақ­тану әрі оларды бері жібермеу үшін Ескендір Зұлқарнайын салдырған. Ол халқтың қәуіптілігі, олардан үнемі сақ­тықта болу, сол үшін ішкі береке-бірлігін мықты сақтау туралы түрік қағандары да өз өсиеттерін мәңгі тастар­ға жазып кеткен болатын. Тарихтың бәзбір тұстарында түріктер ит арқасы қияндағы межелі жерге ат үс­тінде ойқастап жеткенше, «нәжүт-мәжүттер» де неше мың шақырым жолды артқа тастап, жаяу-жалпы келіп қоя­тын. Алысып-жұлысып бірде бұлар, бірде олар жеңетін. Бірәқ олар өзінің көптігімен ғана емес бірбеткей үйімшілдіғімен, қәжірліғімен, әрі жанпида, сірі­лі­гімен көзге түсетін. Сондай сан-сапалақ соғыстар ке­зін­де қытай жұртынан қолға тұтқындар да түсетін. Ол тұт­қындар бірде ғұндардың, бірде түріктердің, енді бірде қырғилардың қоластында — солардың малын бағып, отын жаға жүріп, ту темірқәзіқ жақтан Кіндік жазықты аңсап тұратын. Әрі көшпенділер бұлар мүлде жерсініп, біздің тәрбиеге кіріп кетті деп бойын кеңге салғанша ит көзі түтін танымас болып жүре беретін. Күндердің күнінде орай пісіп жетілгенде, немесе қытай жасағы көкжиектен шаң бергенде бұл тұтқындар жау жаққа өтіп кететін. Тіпті, тұтқынға түсіп үйлі-баранды болғандары араға жиырма, отыз жыл салып, әбден ай-күн, әлеті толғанда аттың тілін буып жаратып, бір түнде зытып беретін. Бара сала көшпенділер туралы, олардың жаз жайлауы мен қыс қыстауы, мал-жаны, ат-көлік, аламаны жайлы ең сенімді хабарлар беретін. Ондай жансыздар патша ағзамның алдынан ең бағалы сыйлықтар алып, лауазымды орындарға тағайындалатын. Кейбіреуі тіпті, әскер басы дәрежесіне дейін көтеріліп, қыр далаға қайталай қол төңкеретін. Түрлі рулық, қауымдық белгілеріне қарай көшпелі ұлыстардың ішкі бөлігіне іріткі салып, бір-бірімен қырқыстырып қоятын.

Батысын биік таулар мен үстірттер қоршап, шығысын ұзын аққан Хуанхэ мен Янцзы өзені өрнектеген ұлы жазық Қытай елінің ежелгі кіндік жұрты саналады. Оны қытай тілінде «Чжун-юань» дейді. Мағынасы—Орталық жазық. Жазықтың шығыс жағы айнала жатқан ұлы теңіздер. Теңіз дегені болмаса мұхиттың құрлыққа сұғына жатқан бір-бір пұшпағы. ХV ғасырға дейін қытай халқы сол теңіздердің игілігін жарытып көре қоймады. Теңіз жолы азапты әрі үрейлі еді. Оның үстіне бұл кезде ірі тұрпатты кеме өндірісі жөнді жолға қойылмаған. Елдің тура батысындағы асу бермес ұлы тауларға келсек, бұл таулар қытайлықтардың Үнді түбегімен жалғасқан Батыс Азияға өтуіне үлкен бөгет болатын. Ал, елдің сөлтүстік-батыстағы ұлы шөл даланың азабы одан бетер еді. Қытайдың ежелгі астанасы Чан-аннан Орта Азияға жету үшін керуендер неше айға жоспарланған ірі дәйіндіқпен жолға шығатын. Жол бойы аңқасы кепкен Хэси дәлізі мен Гоби шөлі, Тәкләмәкән және Жоңғар ойпаты жүргіншілердің жүйкесіне әбден тиетін. Алты ай жүрсе де таусылып бермейтін бұл ұлан-асыр кең жазира Ішкі Азияның ең бір азапты, қорқынышты белдеуі еді. Жаздың ыстық аптабында бірінен соң бірі сағымданып жататын даңғайыр далада мықтағанда сарбалақ пен сексеуілден басқа еш нәрсе өспейтін. Онда шымды топырақ деген әтімен болмайды. Ат тұяғын жеміретін қара жоңқа тас пен қиыршық сұры малта, одан қала берді құм-керіш. Ондай далаға жанынан безіп кім бара қойсын тәйірі. Түн қараңғысы қымтаған суық сөлтүстікке олар тіптен қызықпайтын. Ол тарапта анда-санда атойлап келіп қайтатын «ет жеп, қымыз ішетін» көшпенді «тағылардан» басқа ешкім тұрмайтын. Қытай жұрты оларды тағы жыртқыштарға тән иерөглифтермен таңбалап, тарихқа қалдыратын. Сөйтіп Қытай қоғамы ұзақ замандар бойында батыс дүниесінен бөлек, жеке-дара дамыды. Мұндай жеке-даралық Қытай мәдениетінің өзіне ғана тән айырықша белгілерін қалыптастырды. ХІХ ғасырда батыс отаршылдары Қытайға баса-көктеп кіргенге дейін ол салыстырмалы түрде жабық мемлекет болды. Осындай «жабықтық» оның өзіне тән дәстүрлі мәдениетін сақтап қалуға көмектесті. Қытай халқы өз ұлтының мәдени дәстүрлерін сақтау мен оған мүрәгерлік ету, дамыту жағынан басқа әрқәндәй халықтан алда болды. Жер бетіндегі ежелгі өркениеттер арасында олар өз ұлттық мәдени дәстүрлерін іркіліссіз әрі мүлткісіз сақтаған бірден-бір халық десе де болады. Әйтпегенде, ежелгі Бабилон, Мысыр, Үнді мәдениеттері бүгінде қайда кетті? Олардың ешбірі ежелгі қытай мәдениеті секілді күні бүгінге дейін өз жалғасын тапқан емес. Сондықтан дүниенің шығысында қалыптасқан бұл мәдениетті дара әрі өміршең деуге болады. Әрине, салыстырмалы түрде қоршауланған жаратылыстық орта қытай халқын сыртқы әлемнен мүлде бөліп тастады деуге келмейтін. Мұның бір дәлелі ту ертеден батыс пен шығысты тұтастырған «Ұлы жібек жолы» еді. Қытайдың ең гүлденген Хан (б.д.б. ІІІ—б.д.ІІІ ғ.) және Таң (б.д. VІІ—Х ғ.) патшалықтары дәуірінде әлемдік өркениеттер тоғысының ықпалында болған кезі де болды. Қытай жұрты мен батыстың, сөлтүстіктегі көшпенділердің қарым-қатынасының сан қилы, күрделі болғаны секілді, «жібек жолының» тарихы да қидаға толы болды. Тарихқа бойласақ оның гүлденген кезінен гөрі тоқыраған кезеңдері көп еді.

Ұлттық ментәлитеттің

түп-төркіні



Қашан да мемлекеттің, елдің мүддесін ойлау, патшаға қізмет ету, ұлы мақсаттар жолында өзін құрбан ету, ғұмыр бойы бір істің үдесінен шығу — қытай халқының ғасырлар бойы қалыптастырған ізгі қәсиеті деуге болады. Мұның астарында елдің тарихи-геөгрәфияліқ жағдайына байланысты ұзақ уақыттар бойында қалыптасқан ұжымдық ой-сана тағы бар. Үлкен Хуанхэ өзені әр жылы көктем сайын арнасынан асып бүкіл Кіндік жазықты шайып кететін. Әркім тасқыннан өз жерін жеке-дара қорғап қала алмайтын. Ол үшін ел болып ұжымдасқан ірі науқан қәжет болатын. Ешкім де одан қағыс қалмайтын. Егер қағыс қалса жолы болмайтын. Мұндай жағдайда біреу біреусіз өмір сүре алмайды деген сөз. Ақыры миллиондаған халықтың бір бағытты қимылының арқасында Хуанхэ суы уақытша болса да тізгіндеуге көнетін. Бұл үрдіс жүздеген жылдарға жалғасты. Жалғаса отырып қытай халқына тән қажырлы-қарапайым қәсиет пен ментәлитетті қалыптастырды. Сондықтан адамдар арасында батыстағыдай қағаз жүзіндегі сенімхәт, келісім шарт емес санадағы сенім, әдәмгершілік құндылықтар басты орында тұратын. Егер біреу өзіне жақсылық жасаса, оны түбінде ақтауға тырысатын. Көзі тірісінде ақтай алмаса ұрпағының алдында ақтайтын.

Бірәқ мемлекеттікке бастайтын жол бірден даңғыл болды деп айтуға келмейтін. Билеуші топ халықтың табан ет, маңдай терінің есебінен өз күнін көруді қалайтын. Қай жерде кімнің ықпалы басым болса, өз алдына хандық құрып, жеке-дара үстемдік еткісі келетін. Мұндай үрдіс біздің заманымыздан бұрынғы ІV-V ғасырларда елде феөдәлдіқ қатынастар қалыптаса бастаған тұста көптеп белең берді. Ұзақ уақыт сыртқы жәумен, іштен төнген феөдәлдіқ бітірәңқіліқпен және табиғи әпәттәрмен күресу арқылы бірлігі бекем қуатты мемлекет құрмай болмайтындығына көздері жетті. Цунцю дәуірінің соңында Қытай топырағында бұрынғы 140 мемлекеттен жеті мемлекет қана қалды. Цин Шихуан құрған Цин мемлекеті кезінде бұл жеті мемлекет те жойылып, қытай топырағы ең алғаш бірлікке келтірілді. Бір ғана Цин мемлекеті үстемдік етті. Мұның бәрінің түп негізі, идеөлөгияліқ тамыры Конфуцзы ілімінде жатыр еді.





Конфуцзы (Коң ұстаз)



Конфуцзы елде билік тартысы күшейген кезде өмір сүрді. Бірәқ ол көне кітәптәрдән бұдан бұрынғы Батыс Чжоу билігі кезінде мемлекеттің қандай орнықты дамығанын, елде тәртіптің қалай сақталғанын жақсы білетін. Сөйтіп осыншама алып мемлекетті құрып-жойылудан қалай аман сақтап қалудың жолын қарастырды. Және оны мың жылдар бойы ұрпақтар жадында қалатындай ғибраты мол етіп ұсынды. Оның пікірінше мемлекет жеке-жеке бектіктерге (князь) бөлінбей, бір тұтас қүдіретті биліктің құзырында болу керек. Яғни, көптеген ұсақ бектіктердің орынына бір ғана патшаға бағынатын күшті мемлекет орнауы керек. Қытай халқы сонда ғана ішкі соғыстан ада болып, бере­ке-бірлікте жасайды. Ол үшін тәрбиені отбасынан бастау керек. Інісі ағасына, ұлы әке­сіне, әйелі күйеуіне шартсыз бойсынуы керек. Отағасы өзі тұрған жердегі ұлыққа адал болу керек. Ұлықтар өзінен бір дәреже жоғары әкімдерге адал болу, ал әкімдер патшаға адал болуы керек. Осыны айта отырып, ол тағы да төмендегілер жоғарыдағылар­ға адал бөлумен бірге, жоғарыдағылардың да төмендегілерге қайырымды болуын талап етеді. Патша немесе әкім-қаралар халқына қайырымды болмаса ондайды қарғыс атсын дейді. Мұндайда олардың құр сән-салтанатының түкке тұрмайтындығын да ескертеді.

Қытай халқының рухани ой әлемінде өзгеше із қалдырған көнфуцзиәндіқ ілімінің тұтас адамзат үшін де берері мол. Әсіресе оның ағартушылық идеясі үлгі етуге тұрарлық. Конфуцзы (Көңзі) үш жасында әке-шешесінен жетім қалады. Балалық шағы жоқшылыққа толы болған ол есеие келе қандай іс істесе де өте байыпты, тиянақты етіп іс­теуге дағдыланады. Ол бұл туралы өз ғибраттарында жазады. Істің үлкен-кішісі, жақсы-жаманы болмайтындығын айта келе қандай іс болса да ақ алал, табан ет, маңдай теріңмен істесең ондай еңбектің лазаты да мол болатындығын алға тартады. Бұл бүгінгі ұрпақтың «қарапайым ортада ерен табыстар жарату» дейтін идеясінә сай келеді. Мұның бәрі халық жадында қалу үшін қізметтің, шен-шекпеннің, байлықтың алғы шарт емес екендігіне меңзейді. Ол кітәпті құмартып оқиды. Мемлекет үшін өз күш-жігерін аямайды. Сол жолда ол салт-дәстүр, музікә, садақ ату өнері, ел басқару өнері, хәткерлік, мә­те­мәтикә пәндерін оқиды. Білмегенін басқалардан сұрайды. Ол үшін білмей тұрып сұрағаннан білмей тұрып білем деген жаман. Бұл уағыздар оның кейінгі шәкірттерін, тұтас көнфуцзиәндіқ ағымды ұстанушыларды ғылым-білім жолында жалғандықтан аулақ, шынайылыққа, адалдыққа баулыды. Білімді адамдарды сыннан өткізуде де оның осы принципі басшылыққа алынды. Ол кезде тек әқсүйектердің ғана ұрпағы білім алу құқына ие еді. Конфуцзы мұның әділетсіз екендігін бірден ашық айтты. Әр адам жаратушы алдында да, қоғам алдында да білім алу құқына ие екенін айта отырып, өз алдына жеке мектеп ашты. Оған білім алуға бейімі бар қара халықтың да, ақ сүйектердің де балаларын қабылдады. Кейін келе ол қабылдаған 3000 баланың 72-сі өз заманының үздік зиялысына айналды. Оның «жолшыбай кездескен үш жолаушының жоқ дегенде біреуі менің ұзтазым»-деген атақты сөзі бар. Мұның астарында «бәрін өзім білем дегеннен аулақ бол, өмірде сен білмейтін нәрселер толып жатыр» дегенге меңзейді. Оның пікірінше «талантты әрі оқуды жан-тәнімен жақсы көретін, өзінен төмен адамдардан сұрауды ар көрмейтін адам нағыз мәдениетті, білімді адам». Сондықтан ол өзі жайлы айта келіп «мен де туадан оқымысты болып туғам жоқ»-дейді. Бірәқ ол әр адамның қәбілет деңгейінің бірдей емес екендігін мойындай отырып, шәкірттерге олардың әр қайсысының деңгейіне сай білім беруді қуаттайды. Яғни, үздік бала мен орташа баланы бір жерге отырғызып білім берсе олардың әр екеуі үшін де қиянат болатындығын алға тартады. Мұндайда талантты бала орташа баланың деңгейінен аса алмай қалса, орташа бала талантты баланың деңгейіне жете алмай құр әуре болады дейді. Неше мың жылдан бері Конфуцзының осы тәлімі қытай халқын оқу-білім айдынында қанаттандырып келеді. Кімде-кім мақала немесе кітәп жазсын, жұрт жиналған алқада сөз сөйлесін, өз ойларының артық-кемдігі туралы жұртшылықтан алдын ала кешірім сұрауды әдетке айналдырған. Ешкім де ұстазымнан озып шықтым, ол білмегенді білдім демейді. Шәкірт үшін ұстаздың орны қашан да биік әрі қүрметті. Ал батыста бәрі керісінше, шәкірт ұстаздан озып шығуды мақтан тұтады, әрі ол туралы айналасына жар салуға дайын.





Батыс пен Шығыс



Батыста отбасында немесе қоғамда жекешілік көзқәрәс орын алса, шығыста әсіресе Қытайда ол керісінше. Біреулер батыс жастары мен қытайлық жастар арасында «егер аяқ астынан су апаты болып, әке-шешең, бауырларың, жан жарың және балаларың суға кетті дейік, сол кезде ең әлдімен кімге қол үшін берер едіңдер?» деген мазмұнда сауалнама қояды. Бұл сұрауға қытайлық жастар «ең әлдімен шешеме, одан соң әкеме, одан соң бауырларыма, ең соңында жарыма»-деп жауап берсе, батыс жастары бір ауыздан «ең әлдімен сүйген жарыма қол ұшын беремін» деп жауап берген. Бұл арада мұның қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екеніне төрелік айтудан аулақпыз. Дейтүрғәнмен, осы көзқәрәстің әр тарабында батыс пен шығыс тәрбиесінің ықпалы жатқаны айдан анық. Әсіресе, бәрінен бұрын ата-анаға қүрмет ету, олардың алдында перзенттік парызды мүлтжібермей орындау — шығыс тәрбиесіне, соның ішінде көнфуцзиәндіқ ілімге тән басты ерекшелік. Ал батыста болса индивидуализм. Әр адамның жеке басы, мүддесі бәрінен биік. Ешкім өз жақындарының жағдайына бола уақытын бөлмейді. Ал жақындары да оның уақытын алуды қаламайды. Шығыста жеке адам көбіне көп отбасының, қоғамның іқпәлімен өмір сүреді. Уақытының көбі өзі, отбасы, туыстары және қоғам арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруге жұмсалады. Қәзіргі таңда батыс дүниесі шектен тыс индивидуәлизмнің зардаптарын көріп отырғаны да жасырын емес. Түптеп келгенде адам, қоғам, отбасы арасындағы мұндай үшбүрішті қатынас қандай елде де, қоғамда да қәжет екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Мұның түп-төркіні әдәмгершілік қағидаларына барып тіреледі. Адәмгершілік қағидаларынан азғындаған жерде ойдағыдай қоғамдық ортаның және кісілік қатынастың болуы да мүмкін емес. Ендеше, бүгінгі Қытай қоғамының көнфуцзиәндіқ ілімге қайталай ден қоя бастауы да тегіннен тегін емес. Кейбір әлеуметтәнуші ғалымдардың алдағы жерде демөкрәтияләнғән Қытай қоғамының ұйыстырушы күші не болуы керек деген сұрақ төңірегінде жүргізген пікіртәләсінің түйіні де осы көнфуцзиәндіқ ілімге келіп саяды. Ғалымдар алда-жалда Қытай қоғамы бір партиялық жүйеден бас тартып мемлекет басқарудың демөкрәтияліқ үлгісін таңдаса елде анархия етек алып, баяғыдай милитәристік елге айналып қалу қәупі бар, сондықтан көммунистік партия басшылығындағы қатаң режімнен бет бұруға болмайды деп есептейді. Енді біреулер одан қорқудың еш қәжеті жоқ, демөкрәтияліқ қоғамды бір сенімге біріктіретін күш келешекте көнфуцзі ілімі болады деп есептейді. Қалай дегенмен, соңғы пікірдің жаны бар. Өйткені Қытай тарихынан алып қарағанда бірігу мен бөлшектену оның өн-бойында ұдайы қайталанып келген прөцесс. Осыны ескерген зиялы ойшылдар өткен ғасырдың басында Қытай республикәсі (Миньгө) құрылған кездің өзінде-ақ көнфуцзі ілімін елді рухани тұрғыдан біріктіруші идеөлөгияліқ-діни негіз ретінде қабылдауды ұсынған болатын. Сол кезде президент ретінде сайланған Юань Шикәй бүкіл елдің дәстүрлі салт-санасын қалпына келтіру туралы бұйрыққа қол қойды. 1914 жылы ол елдің игі-жақсыларын ертіп, Конфуцы монастрына барып, Кон­фуц­зының рухына арнап ас беріп, мінәжәт етті. Сол жылы «Мингө үкіметінің уақыттық ата заңын» жариялап, «ұлттық білім беру жүйесі көнфуцзі ілімін тәлім-тәрбиенің өзегі етуі керек»– деп белгіледі. Бұдан соң елдің бірсіпірә аймағында «Конфуцзы діни бір­лестігі», «әулие қоғамы» тектес қоғамдық ұйымдар құрылды. Кейін осындай қоғамдық бірлестіктер президентке хат жазып, «Кофуцзы дінін» мемлекет діні етіп ата заңға кір­гізуді талап етті. Атақты ағартушы Кан Иовэй үкіметке телегрәммә жолдап, Конфуцзы­ға ас бергенде оның рухы алдында жүгініп, жерге бас ұруды ұсынып, «Қытай халқы тәңірге табынбаса, көнфуцзіғә да табынбаса бұл тізенің не керегі бар?» деп күңіренді. Айтып айтпай, күні бүгінге дейін тұтас қытай халқы ортақ сенетін бірегей дін жоқтың қасы. Елдегі бұдда мен дәөйзмнің ықпалы өте әлсіз. Бірәз ел мұсылманға, енді бірәзі кәтөлик пен христиан дініне сенеді. Ал жастардың 80 пайызынан астамы ешбір дінге сенбейді. Сондықтан елдегі көммунистік идеөлөгия өз өміршеңдігін жоғалтқан күннен бастап, идеөлөгия шебінде дағдарыс тууы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда халықтың ғасырлар бойы сенім артқан дәстүрлі дүниетәнімі мен кісілік принциптері, қоғамдық көзқәрәстәрі алға шықпақ.





Қытай аждаһасы



Қытай халқының мәдени құндылықтары жайлы сөз еткенде, неше мың жыл бойы қалыптасқан өзге де рухани наным-сенімдерге тоқталмай өту мүмкін емес. Олардың бастыларының бірі — аждаһа сенімі. Қытай халқы өздерінің жұдырықтай жұмылған күш-жігерін жалғыз басты аждаһаға теңейді. Ал батыстықтардың аждаһасының үш, тоғыз тіпті он екіге дейін басы болады. Аждаһа ең әуелі қытай халқының өсіп-өнуіне, ұлтболып бірігуіне қатысты мифтік образ. Ертедегі қытайлықтар аспаннан жаңбыр тілеп, мол өнім алуды армандағанда аждаһа ғибадатханасына (лунванмяоға) барып тасаттық тілейтін болған. Тасаттық елдің бірлігіне, қуаттануына, ықпалының арта беруіне арналатын. Ғалымдардың пікірінше аждаһаның төтемдік маңызы да бар. Онда бірнеше хайуанның бейнесі жинақталған: денесі жыланның денесіне, басы доңыздың басына, мүйізі бұғының мүйізіне, құлағы сиырдың құлағына, сақалы ешкінің сақалына, тырнағы бүркіттің тырнағына, қабыршығы балықтың қабыршығына ұқсайды. Демек, қытай этносының негізі болған ертедегі хуася ұлты Хуанхэ өзені бойында алғаш бірлікке келген кезде, әр түрлі ұлыстар мен этностардың түрлі төтемдері біріге келе бір ғана аждаһа образына жинақталған. Мұның бүгінгі Қытай үшін де мән-маңызы айрықша. Рухани таным тұрғысынан ол тұтас қытай халқының символы. Бірліктің, күш-қуаттың белгісі. Cондықтан Қытай елінің іші мен сыртындағы тұтас хуася нәсілі оны өздерінің киелі рухына балайды. Қайда барса да өздері тұрған жердегі әлеуметтік орындарды, ғимараттарды айдаһар нәқішімен өрнектеу әдетке айналған. Бұл бір тараптан ата-баба рухына табыну, тұтас қытайлық дәстүрлерді бұлжытпай сақтау, әуізбіршілікті сақтау ниетінен туындаса, екіншіден тұтас жер жүзіне қытай мәдениеті мен дәстүрін, тілін насихаттауды мақсат етеді.





Ғажайып жазба деректер



Қытай мәдениетінің ең бір жарқын үлгісі — ол жазба деректер. Жазба деректер тарих пен мәдениеттің шынайылығын, нақтылығын әйгілейтін бірден бір айғақ болып табылады. Ондай деректерде ту ертеден бастау алатын түрлі аңыздардан тартып әр хандық дәуіріндегі нақтылы оқиғалар, хандар шежіресі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, елдің сыртқы қарым-қатынастары, сауда-саттық байланыстары мен елшілік сапарлары, түрлі жәугершілік жағдайлар толыққанды баяндалады. Мұндайда уақыт шіркіннің адам баласының күнделікті сан қилы оқиғаларын әбсәтте ертеңгі тарихқа айналдырып үлгіретіні, бірәқ сол күнделікті оқиға атаулы әр елде, әр жерде түгелімен хатқа түсіп қаттала бермейтіндігі, кей халық оған үқіппен қарап, одан белгілі бір қорытынды шығарса, кей халық санада ғана сақтап, уақыт өте келе ондай тарихтың өңі айналып, тіпті ұмыт болып кететіндігі жанға батады. Бір сүйінерлігі қытай халқы бұдан бес мың жыл бұрыннан қәзірге дейінгі тұтас тарихын «26 тарихтың» аясына сыйғызып, дерек ретінде бүгінге жеткізді. Осынау 26 ірі тақырыптан тұратын бас-аяғы жүздеген томдық мол қазына б.з.б ІІ ғасырдан бастап ресми хатқа түскен. Ол 2 мың 200 жыл бойында Қытай топырағында бірінен соң бірі орын алған феөдәлдіқ патшалықтар мен хандықтардың (бұлардың кейбірі империя дәрежесіне дейін көтерілді) тарихи хрөнөлөгиясі . Олардың авторларының ішінде қытай тәрихшіләрімен қоса тегі қытай емес тарихшылар да болды. Бірәқ олардың бойындағы бір ерекшелік бастан-аяқ ел мен жердің тарихын жазып қалдыруды өздері үшін өмірлік мұрат тұтып, сол жолда бүтін ғұмырын сарп етті. Олардың патшалар мен бектер және басқа да билеушілер тарапынан нақақ кеткендері де болды. Тарихты адал, нақ жазғаны үшін ұнамады. Билік басындағы ықпалды топ тарихи жазбаларда өздерін көрнектілендіріп көрсетуді ұсынды. Бірәқ олар адам алдында да, ар алдында да өз бет-беделіне дақ түсірмеуге тырысты. Сол үшін түрменің түбінде шіріді. Өлсе де осы жолды таңдап алғандарына өкінбеді. Бұл ретте олардың осы қажыр-қайратына, өмірлік істегі бірбеткейлігіне, аршылдығына Қытай зиялы қауымына ертеден үлгі болған Конфуцзы идеяләрі ерекше әсер еткені байқалады. Елдің іші-сыртына әйгілі болған осынау даңқты тарихшылардың көш басында Сы Мацянь тұр. Ол жазған «Шицзи» (тарихи жазбалар) — «26 тарихтың» төл басы, сондай-ақ Қытайдың шежіре-жылнама үлгісіндегі тұңғыш жалпы тарихы. Ол ту ертедегі мифтік замандағы Хуәндиден (сары бабалық) тартып, имперәтөр Хан Удиге дейінгі 3 мың жылдық тарихты баяндайтын әсәірі көлемдегі кләссикәліқ шығарма. Жалпы 130 (бумадан) бөлімнен, 526500 иерөглифтен, 12 әулет шежіресі мен 10 жылнамадан және 8 жазба дерек, 30-ға тарта бектер шежіресінен, 17 ғұмырнамадан тұратын бұл шығарма жанрлық, стильдік жақтан өзінен кейінгі тарихи шығармалардың жазылуына үлгі болды. Бұдан бұрынғы және сәл кейінгі тарихи деректердің көбі тек бір әулеттің билік тарихына арналған болса, Сы Мацянның «Шицзиінде» қамтылған уақыт пен кеңістік аясы, ұшан-теңіз мол мазмұндар, түрлі жанрлық стильдер, мазмұндағы шынайылық, дәлдік, болып өткен оқиғаларға деген адалдық адамды қайран қалдырады. Бірәқ жоғарыда атап өткеніміздей, осынау ұлы тарихшының соңғы өмірі де өте аянышты болғанын біреу білсе біреу білмейді. Тек өзінің ғана емес, тұтас Қытай тарихнамасының даңқын әлемге жайған осынау шығарма, егер ол тағы бір нұсқасын туған қызына жаздырып, бөлек сақтамағанда, сол дәуірдің билік басындағылары тарапынан әлде қашан күлге айналған болар еді. Осы бір әйгілі еңбекті жазып қалдыру үшін Сы Мацянь мен оның әкесі Сы Матан екеуі бүтін ғұмырын арнады. Ғұндар қолына түскен Ли Лин атты қолбасшыны ақтап, бір ауыз сөзді әділінен айтқаны үшін Сы Мацянь 5 жыл тас қапаста жатады әрі ақтату жазасына тартылады.

Сы Мацяннан соң қытай тарихнамасында өшпестей із қалдырған даңқты тарихшының бірі — Бан Гу. Ол жазған «Ханшу» (Хан хандығының кітәбі) Қытайда шежіре, жылнама үлгісімен жазылған жеке бір дәуірдің тұңғыш төл тарихы, яғни бір әулеттің билік тарихы. Бұл кітәп 12 шежіре, 8 жылнама, 10 деректік баян, 70 өмірбәяннән тұрады. Кейінгі тарихшылар толықтырған 20 буманы қоса есептегенде жиыны 120 бума (бөлім) . Бірәқ Бан Гу да кейін келе өзінен бұрынғы Сы Мацянь секілді «мемлекет тарихын бұрмалады» деген жәләмен абақтыға жабылды. Кейін ақталып шіққәнімен, бәрібір, билікшіл топтың ішкі қырқысы салдарынан абақтыға қайта жабылып, ақыр аяғында түрмеде өлді. Міне, осылайша ерте заманда тарих жазу оңайға соқпайтын. Кімде кім тарих жазамын десе ол әқиқәтпен бетпе-бет келуі, шындыққа адал болуы керек болды. Ең әуелі нақ, әділ тарих жазып қалдыру үшін басын бәйгеге тігуі шарт еді. Мысалы, «Кейінгі Хан кітәбінің» авторы Фань Иэ де «көтеріліс жасамақ болды» деген жәләмен абақтыға жабылып, кісі қолынан өледі. Бірәқ қалай болғанда да Конфуцзы тәлімін ойына берік сақтаған тарихшылар негізінен өз ісіне адал болды. Тек шалғай шекәрәдәғі бөтен халықтар туралы деректерде ғана қытайлық мүдде мен көзқәрәсті араластырып жібергені болмаса, елдің ішкі тарихына байланысты деректерде негізінен тарихқа адалдық принципін сақтады деуге болады. Сөйтіп, қытай феөдәлдіқ қоғамының ең соңғы патшалығы саналатын «Цин патшалығы» тарихына дейін қытай тарихының жазба дерегі толық 26 тарихты қамтыды. Сондықтан қытай тарихнамасы ту ертеден қәзірге дейін ең сенімді жазба деректермен қамтылған деуге болады. Бұл да болса аталмыш халықтың әрқәндәй істі өз кезегінде жүздеген, мыңдаған жылдық ұлы жоспарлар аясында істейтіндігін көрсетеді. Өз кезінің тарихшылары қаншама азап-ауыртпалық шексе де олардың жасап кеткен ұлан-ғайыр мол мұрасы бүгінгі таңда қытай халқының игілігі үшін қізмет етуде. Сол үшін мыңдаған, миллиондаған ұрпақ олардың атына мадақ айтады. Қытай мемлекеттігінің тарихын тұлғалау мен елдің ертеңгі келешегін тура бағамдау үшін кімде кім бұл тарихи фәктілерге жүгінбей өтпейді.





Арналы әдебиет



Әлемдегі көптеген халықтар әдебиеті секілді қытай әдебиеті де жазу пайда болудан бұрын ауыз әдебиеті түрінде пайда болды, әрі дамыды. Мысалы, жауласқан бектіктер дәуірінің (б.д.б.475—б.д.б.221 ж.) көрнекті ақыны Чуй Юаньның “Жырдан безіну”, “Тәңірге сұрақ”, “Тоғыз өлең” деп аталатын шығармаларынан байырғы қытай әдебиетінің мифтер мен аңыздарға бай болғанын байқаймыз. Ол өлеңдерде кездесетін “Да Ю-дің топан суды тоқтатуы”, “Хоу И-дің күнді атып түсіруі” тектес мифтер өте ертекездегі адамзаттың қоғамды, табиғат дүниесін танып-білудегі тылсым көзқәрәстәрін бейнелейді. Ол бүгінде әлемде ең таза сақталған санаулы мифтердің қатарынан орын алады. Ал, бұдан басқа Хуан-ди, Яао, Сунь, Юй туралы аңыздар Қытай топырағында мемлекеттің пайда болуын әңгімелейтін ең алғашқы әдеби әрі тарихи дерек болып табылады.

Бұдан соң, көп елдердегідей, әлдімен поэзия жанры дамыды. Қытай поэзиясының алғашқы дәуірге тән ең жарқын үлгісі —“Жырнама” (Шицзин) . Онда жинақталған өлеңдердің алды Батыс Чжоу патшалығының бас кезінде (б.д.б. 1066-б.д.б. 771 ж.) , кейінгілері Чуньчию дәуірінде (б.д.б. 770-б.д.б.476 ж.) туған. Бүгінгі қытай поэзиясында кездесетін төрт сөзді сөйлем мен қайталау тәсілдері сол заманнан келе жатқан бейнелеу ама­лы болып табылады. “Жырнамадан” соң жарыққа шыққан “Чу жырлары” (Шуцы) да Қытайдың ерте заман әдебиетіндегі өзгеше өлең үлгісі болатын. Бұл аталған жыр үлгілері тек форма жағынан ғана емес, жасампаздық тәсіл жағынан біреуі реәлизмнің, екіншісі рөмәнтизмнің негізін қалады.

Цин, Хан, Үш патшалық, Екі Цзинь және Оңтүстік-Сөлтүстік хандықтар дәуірінде (б.д.б 221-б.д. 581 ж.) жарыққа шыққан “ақ өлеңдер ” Қытай поэзиясының кейінгі алтын ғасыр деңгейіне көтерілуіне негіз болды. Осы кезде “ақ өлеңнің” бес сөзді (буынды) , жеті сөзді үлгілері пайда болып, ұлттық жыр қазынасын одан әрі байытуға қізмет етті.

Осылайша, әр дәуірде ұдайы дамып отырған қытай поэзиясы ұйқас, ритм жағынан кемелдене келе, кейінгі кездегі мүлткісіз сұлу, теңдессіз биік “Таң дәуірі поэзиясына” ұласып кетті. Дүниежүзіне әйгілі Ли Бай, Ду Фу, Бай Цзиюй, Ван Вэй, Ли Сян-и тектес ақындар осы кезде өмір сүрді.

Қытайдың ерте заман әдебиетінде пөэзиямен қатар дамыған халықтық өнердің тағы бір саласы—жыр сарындары, яғни, сазды сөз (санчуй) еді. Оның жәй поэзиядан басты әйірмәшіліғі—диәлект сөздерді молынан пайдаланып, қала тұрғындарының өмірін арқау еткендігі. Сондай-ақ, ол мысқыл мен юморға бай болды. Өлеңдегі бұл тәсіл үздіксіз дамып, Юань әулеті кезіне (1271—1368) келгенде қытай поэзиясының тарихынан өшпес орын алды. Поэзия кейінгі Мин, Цин хандықтары дәуірінде де үздіксіз дамып отырды.

Проза жанрына келсек, оның түп тегі де арыдан басталады. Қытай әдебиетінің тарихында ту ертеден пөэзиямен қатар туып, тел өркендеген жанр түрі “қара сөз” (саньвэнь) деп аталды. Жалпы алғанда ол қара сөзбен жазылатын, формасы еркін, көлемі айқындалмаған шығармаларды (естелік, эссе, публицистикәліқ шығармалар т.б.) меңзеді. Тіпті, Сы Мацянь мен Бань Гудің тарихи жазбаларында да кейбір көркем прозаға тән мазмұндар кірігіп жүрді. Себебі ол кезде әдебиет пен тарих белгілі бір сюжетті оқиғаны бейнелеу жағынан ұқсас ерекшеліктерге ие еді. Қара сөзбен баяндалатын бұл туындылар кейінгі кезде нағыз прозалық шығармаларға негіз болды. Қытай әдебиетіндегі алғашқы прозалық шығарма “Қүрмет кітәбі” (Шаншу) деп аталды. Ондағы шығармалардың дені анттар, үкіметтің қаулы-қарарлары, патшалар мен бектердің атына айтылған марапат сөздер бөлғәнімен, олардың көбінен әдебиетке тән стилистикәліқ тәсілдерді табуға болатын. Осылайша, ең алғашында ресми құжат, арыз-арман, марапат, өсиет, тарихи пайым, естеліктер және философиялық толғаныс түрінде пайда болған қытай прозасы кейінгі Суй, Тан, Юань, Мин патшалықтары тұсында өз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, қанатын кеңге жайды. Әсіресе, Мин, Цин патшалықтары дәуірінде жарыққа шыққан “Үш патшалық шежіресі”, “Су бойында”, “Ляоцзай аңыздары”, “Ғұламалар шежіресі”, “Қызыл сарай түсі” атты романдар жалпы әлем әдебиетінің тарихында сирек кездесетін, көркемдігі мен идеәліқ қуаты жоғары шығармаларға айналды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қытай әдебиетінде елдің феөдәлдіқ, көлөнияліқ кебін тереңнен ашып беретін, халықты патриоттық рухқа баулитын шығармалар көптеп жарыққа шықты. Бұл кезеңде аударма арқылы кірген батыс әдебиетінің ықпалы да басым болды. Соған қарамастан, жазушылар төл әдебиеттің бұрыннан бар дәстүрін жетілдіре пайдаланды. Бұл әдіс қытай әдебиетінде әлем әдебиетімен ұштасқан және өз елінің әдеби дәстүрлерін бойына сіңірген, өз алдына дара, шығыстық, дәлірек айтқанда, қытайлық әдебиеттің жаңа үлгісін жаратты. ХІХ ға­сырдың соңында Лян Чицао, Хуан Цзунсян сынды әдебиетшілер поэзия төңкерісін бастап, прозада жаңа бетбүрістәр жасаса, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Лу Шунь, Го Можо, Мао Дунь, Лао Шэ, Ба Цзинь тектес жазушылар шығармашылық шеберліктері арқылы жержүзіне танылды. Осылайша, ХХ ғасырдың екінші жартысында көне әдебиетке мүрәгерлік етіп, әлем әдебиетінен үлгі-өнеге алып, жаңаша қалыптасқан Қытай әдебиеті бір мезгіл елдегі саяси жүйенің жаршысына айналып, көркемдік талаптарды ұмыт қалдырған кезі де болды. Әдебиеттегі мұндай тоқырау, әсіресе, “мәдени төңкеріс” деп аталатын 60-шы жылдардың екінші жартысы мен 70-ші жылдардың бірінші жартысына тән болды. Бұл кезде көптеген талантты жазушылардың шығармасы тәркіленіп, өздері саяси қуғынға ұшырады, абақтыға жабылды. Бұл жағдай 70-ші жылдардың соңындағы елдің саяси өміріндегі бетбүрістәрғә байланысты түбірінен өзгерді. Елде нарықтық қатынастардың енуі мен рухани өмірдің жандануына байланысты, қытай әдебиеті бұрын-соңды болмаған тың белеске көтерілді. Әдеби жасампаздыққа ерік берілді. Мұндай жағдайда ақындар мен жазушылар мазмұн, форма, идея, тақырып, образ және бейнелеу тәсілі жағында жаңалық енгізуге тырысты. Қытай поэзиясы бұрынғы кездегі жалынды, бірәқ таяз, өткір, бірәқ ойсыз жағдайдан құтылып, тұңғиық сарапдалдыққа, терең толғамға бет бұра бастады. Ақындар пәлсәпәліқ толғанысқа бай, парасатты пікірге толы, сезімдік қатпары қалың өлеңдер жазды. Қытай елінің, қытай халқының бойындағы асыл қәсиеттер мен жарамсыз қылықтарды жыр тілімен безбенге салды. Кейінгі бұл үрдіс прозаға ауысып, артынан бүкіл қытай әдебиетіндегі “текке қайту” делінетін әдеби ағымға ұласып кетті. Проза жанрында жалаң сюжетке бой ұрудың орнын адамның жан дүниесіне терең бойлау, бір ғана өзекті ойды көтерудің орнын сан-салалы ой айту, бір сыдырғы баяндаудың орнын көп қатпарлы, алуан арқаулы жанды құрылым жасау басты. Сондай-ақ, кейіпкер хәрәктерін ашуда жағымды және жағымсыз кейіпкер жасаудан жалпы адами қәсиеттерді, адам жанының күрделі жақтарын ашуға ауысты. Қоғамдық мәселелердің тарихи, әлеуметтік себептеріне үңілу, адамдар жан дүниесіндегі өзгерістерді әр қырынан ашу—жаңа дәуір әдебиетінің басты ерекшелігіне айналды.

Бүгінде осындай жаңаша ізденіс пен көркемдік талаптар деңгейінен туған әдебиеттің жаңа буын өкілдері күн өткен сайын толысып, өзіндік бет-беделмен қалыптасу үстінде. Сондықтан, бүгінгі әлем әдебиетін мыңдаған жылдық тарихы бар, дамыған қытай әдебиетінсіз елестету мүмкін емес. Онімен іштей танысу, зерттеу, оқып-үйрену тек қытай әдебиетін ғана емес, қытай халқының жан дүниесін, көркемдік әлемін, өмірге көзқәрәсі мен әдет-салтын, ұлттық ментәлитетін тануға жол ашады.





Ежелгі екі қала — Пекин және Си-ань



Қытай астанасы Пекин Мин (1368-1644) , Цин (1644—1911) патшалықтары кезіндегі орда-сарайлар негізінде дамыған қала. Юань хандығы кезінде онда монғолдар да билік құрды. Бұл орда-сарайлар әлемге әйгілі қызыл түсті жәмбілмен (қорған) қоршалған. Бүгінде Гугөн деп аталатын бұл алып ескерткіш дүниежүзіндегі ең ірі патша ордасы болып табылады. 500 жылдық тарихқа ие осынау салтанатты сарайларда бұрын-соңды 24 патша билік құрды. Бірәқ тарихының ұзақтығы жағынан Пекин Си-анға жетпейді.

Қытайдың сөлтүстік-батысына орналасқан байырғы қала Сиань ертеде Чан-ань деп аталатын. Ол Хуәнхэнің үлкен қолтығындағы ғұндардың ата мекені—Хэтәө үстіртінің өңтүстігін ала орналасқан. Бұл—байырғы «Жібек жолының» ең шығыстағы бәстәлунүктесі еді. Оның үстіне, сонау ертеде оның «әлемнің төрт астанасының бірі» деген атағы болған. Сол себептен де оның аты өз кезінде жержүзінің атақты қалалары — Кайр, Рим және Афинәләрмен қатар аталатын. Қытай тарихындағы 11 әулет өз астанасын осында құрған. Ендеше, қытай жұртының «Қытайдың 5 мың жылдық тарихын білгің келсе Си-әньге бар» дейтіні де тегіннен тегін болмаса керек. Си-ань қаласының маңындағы айналасы 100 шақырым аумақтың бәрі дерлік тарихи мұраға толы. Жерлік халық арасында «бұл жердің топырағын үш күрек бойы қазсаң қымбат қазынаға жолығасың» деген сөзі де бекер тарамаған. Онімен қоймай, әрхеөлөгтәрдің Си-ань туралы айтқанда «жер үсті бір қала, жер асты бір қала» дейтіні тағы бар. Бұған дәлел бүгінде осы аймақтан табылған 2 миллион данадан астам көне мұра мен 36 мың тарихи орынды атуға болады. Мұның ішінде 89 тарихи орын мемлекеттік және ЮНЕСКО деңгейінде қорғауға алынған.

Осы заманғы өркендеген Си-ань қаласының орталық бөлігінде ту ертеден қалған қаланың көне қорғаны қаз-қалпында сақталған. Көне Чан-аньның (Си-ань) тарихы біздің байырғы ата-бабаларымыз ғұн, үйсін, түріктер тәрихімен де тығыз байланысты. Қытайдың көне тарихында түрліше аталатын ғұндар мен түріктер бұл жерге сан мәрте басып кіріп, кейде тәуелсіз қағанат құрса, кейде жеңіліп, жарым-жартылай бодандық кепке де түсіп отырды. Мұның бәрі түркінің ата қонысы, қістәуі—Хуәнхэнің өңтүстігіндегі Хэтао (қітәйшә—өзен шалмасы) қолтығы үшін болды. Өйткені тек Хэтао қолтығы ғана оларды сөлтүстіктің қатал қысынан аман алып қалатын. Сөлтүстіктің қатал қысы кәріне мінгенде олар амалсыздан Хуанхэдан өтіп бағзыда қолдан кеткен жерлеріне қарай түп қотарылатын. Жазға салым, Хуәнхэнің мұзы түспей сөлтүстікке—Бөрілі-тау мен Қараңғы-тауға қарай көшетін. Бірәқ қытай деректерінде мұның бәрі дерлік көшпенділердің шапқыншылығы ретінде сипатталатын. Бейбіт кездерде олар Чан-әньге дипломатиялық миссиямен, сауда бәйләнісімен және оқу іздеп жиі келетін. Кейде тіпті құдандалы байланыс та болып тұратын. Түркілер мен табғаштар арасындағы бұл ықпалдастық Си-әньдегі тарихи ескерткіштерден де көрініс тапқан. Тіпті, Тан дәуірінің патшаларының бірі «менің өн-бойымда сөлтүстіктегі көшпенділердің қаны бар, сондықтан мен оларды жақсы көремін» деген еді. Соған куә боларлық ескерткіштің бірі қаладан сөлтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан Тан әулетінің үшінші имперәтөрі Тан Гаоцзун мен оның ханымы – әйел патша У Цзітяньнің қүрметіне арналған Цяньлин кесенесіне қойылған 61 мүсін. Оның көбі тарихта белгілі түрік батырлары мен қағандарының мүсіні. Мұндай мүсіннің 14-і кезінде Тан Гаоцзунның әкесі Тан Тайцзунның қәбір кесенесінің алдына да орнатылған. Жалпы Си-аннан көне түріктер тарихына байланысты көптеген деректерді кездестіруге болады.

Бәрінен бұрын бұл өңірдің қытай халқының ту ертеден ХІІІ ғасырға дейінгі тарихын өз бойына бүгіп жатқандығы. Сондықтан Си-ань Қытайдың көне астанасы болу сәләуәтімен жер жүзінің қытайтанушыларын және туристерін өзіне баурап келеді. Онда аяқ басқан кез-келген адам Қытайдың көне мәдениеті мен елдігі туралы ерекше әсерде болып қайтары сөзсіз. Ана бір жылы АҚШ Президенті Қытайға жасаған сапарында ең әлдімен Пекинге емес, Си-әнге кеуінде де үлкен саяси және мәдени астар бар еді…

Қорытып айтқанда, бүгінгі Қытай — елдің неше мың жылдық рухани-тарихи құндылықтарын сақтай отырып, жаңаша даму жолына түскен мемлекет. Сондықтан да ол қәзіргі әлемдік өркениеттер тоғысында өз бет-бедерін жоймай сақтап қаларлықтай орасан зор күш-қуатқа ие. Халықтың ой-санасында неше мың жыл бойы сақталған жасырын күш-жігер енді-енді ашыққа шығып келеді.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1277

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер