Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:40 - 2016/01/28

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1235
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1235

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1235

Мақала жолдаушы: Kasim karyr
Мақала апторы: Баһар
Аптордың мекен-жайі:

Алапат оттың әсілгі толық нұсқасы еді, жорналдарда және бұрынғы көрілімдеріндегісі қысқартылған нұсқасы болатын....
алапат от
(пөемә)
табиғат жүкті боп тірлікке,
құшақтап тербеткен
тау - дала
ақша бұлт қыдырған зеңгірді.
адамызат өмірі-
әне сол бесікте оянған
махаббат бүбегі.

сен куә аяулы табиғат,
хауана, хауата оянған шақтарға.
сен куә тілсім орман –көл
адамызат аяғын тәй-тәй басқанға.

жылжыды сан түмен жылдарың
бөбегің есеиіп сан сырың ұрланды.
тарих боп жазылып сол түмен жылдарда
ер- әйел бір басқан із қалды.

сен куә табиғат әз ана,
быз бірге құдайды жараттық.
быз бірге құдайды өлтірдік.
өйімен өзіңе қол салған,
тумаңа
тұнжырап қәрәумен сен тұрдың.
зулады ғасырлар,
есеиіп кемелді жасқа кеп,
ана боп, ата боп, бала боп.
өзіңнен барамыз алыстап басқа боп.

сырларын жоғалтқан тарих,
бояды реңін сан түрге.
өзгермеи келеді сен берген,
ана- махаббаты,
әйелдің жанында сол күйде.

табиғат әз ана силаған,
сезімді бөлісіп көтеріп,
дөңгелеп өткенде жер шары,
аналық қоғамнан аталық қоғамға.
шу ғасау ғасырдың
жалына жармасып жеткенде,
бүгінгі зымран заманға.

сен куә
өзіңе ұқсаған әйелдің махаббатына,
еркек деп өртенген,
еркек деп желпінген,
жылынған,
суынған тек соның шарапатынан.

сұюдың нарқына
бағам мен қарайтын кештерде,
көңілдің аспанын торлаған
бұлттарды тіліп,
сезімнің нәзік әуенін
жүректер шерткенде,
оянды ұйқыдан
мылқау жүректер,
мүгедек сезімдер,
мүкісті құлақтар,
тыпты қара тастарда.

дал бүгін нәзік сол әуен,
құс қанатына айланып,
өжет от бүркіп,
саяз марғаулықты,
сараң енжәрліқті,
меиірімсіз індеттерді дауалап,
шығандап самғады аспанға.

бұлт жарып ұшқан сол қанат дауылы,
тылып түскен соң дүние аспанын,
екіге бөлінген содан,
махаббаттың таңыры
ынтық сол сезім
жалғады өмірді,
атаның балаға даңқы боп.
сен менсіз, мен сенсіз жаны мұң
жүдеиміз жарты боп.
жарты күн,
жарты ай,
жарты мәтерик
жарты аспан денелері,
болынып қалған сыңарын іздеп ұшады,
алапат от,
қағып жарты әлем терезені

жарты әлем
дүниені өртеген
шамшыл қыранның жанары
қарашығына сиғызып
жер шарының рухын
быр алып қол _ онда
жүрек қәнімен
симфоня жазады

дүние өркестірі ,
ойналып сол жанарда
мың-милион жылқы сезім
дүркіреп ұшады
дауылдар көтерген
алапат бір әуен
құлындай құлдырап төгіліп
мені келіп құшады

сол әуен менің әнім,
сыңарым боп дүниеге келген
таңырым боп төбемнен төнген
алапат от
мен үшін әдеиі
қүдірет берген

бұл ән _ әйелдердің әні,
әуені _ от,
әуезі _ от,
үні _ от,
күйі _ от,
күллі әлемді оятқан
ерлердің жаны
таны _ от,
жаны _ от,
көзі _ от,
созы _ от,
қобыздың көмеиінен шыққан үн ерлердің жаны

қабағын қарыс түйген қара таулар
ерлердің айбаты
қарсақ жортпас қара адыр
ерлердің қайраты
тегеуріні _ от,
тұяғы _ от,
азуы _ от
тереңге тартқан тамыры_ от,
қарағай боп көктеген ерлердің тәні
ұрттаған дүниені өртеп,
алапат от _ еркек

махаббат құйып зеңгір аспанға,
тост көтерген ,
қылышын қанға малып
бесік көтерген
таңыр _ еркек
биік бинаның қаңқасы
мағынасыз хат
қара таулардың жартасы,
қара көлдердің қайығы,
қақырап айрылған қара жер
қыран қанатының дауылы

еркек _ замандар бойы
әжеме әжесі айтқан
хял ғәжәйіп ертек
тыңдасам жалықпаймын,
қорқынышты дюларың мен
жеті басты айдағар,
жез тырнақ мыстандарыңды
бала күнімнен хялыма түнеп
жалаңаш сом тұлғаң
күйдірген мені өртеп
о, ұят жаралаған ,
лыпасыз хял,
от _ теңізі,
от _ құшағы
менің әнім бар
от шәшқән көзіңде
асығыс ғасырда
ақ сұңқар сезім,
сиқырланып сол үнге
оққа ұшады

еркек, о, еркек
ақ босағамның құдайы,
ала тауымның бұғысы,
қара түнімнің ұрысы,
қара аспанымның тынысы
дүние жаралған сенің
қаттылығыңнан,
морттығыңнан,
қалғыған үнсіздік оянған,
тұлпар мінезіңнен осқырынған

о, өзгерген дүние,
о, жалаңаш табиғат
от құшағыңа жылынып,
от қылышыңа ілініп,
бөлінбес сыңарың боп,
басылмас құмарың боп,
күйемін жалындап

жер шарын майдан етіп
палуан күрестірген,
жалғанды жалпағынан басып
мәтериктерді _ әйелдерге үлестірген
сен силамаған нәрсе барма әйелге
жанар тау!
мәгмәләрің от болып атылған
әйел біткеннің бойында,
сенің рухың бар жасырған
әйел біткеннің жанында,
сенің нұрың бар
әйел біткеннің тәнінде,
сенің ізің бар
әйел біткеннің санасында
сенің отың бар
әйел біткеннің даласында
сенің қосың бар
әйел біткеннің нәзіктігінде
роял ойнайды сенің саусақтарың,
ән салған,
жан салған,
селт етпес бетбәқ құмдарға
айтса таусылмас сырларға
сенің нар тәуекел шайқастарың,
айқастарың

алапат от
алапат махаббат,
дүниенің кеңдігін,
өрлігін, өлездігін,
жарықтығын, ғарыптығын,
мен сенімен таразыладым.
ғұмырымның жолдарының
ұзақтығын, тұйықтығын,
саған қарап бағамдап,
саған қарап саралап,
өлшедім.

жілуімен жүрегімнің
қуатының ертеңін.
молдыр бұлақтар
сенің қөліңмен әйелге құйылып,
шол қандырған соң,
шағып тастайсың,
жартасқа бір ұрып
күл парша болады әйел
сенің махаббатыңнан,
алапат отыңнан
аттап баса алмаған ,
сенің қаһарыңнан,
қара қосыңнан

күндіз азулы арыстан,
түнде жалаңаш періге табынып,
беиішке түнеген
төзәқтәғі‹‹мәңгілік патшалығын››
талақ етіп,
еріп балқыма қабатқа ағып кеткен
нәзік әйелдің періштелігінен

еркек, о, еркек
мәңгілік дүние
таусылмас ән,
жалғыздықтан құтылу үшін,
айтамын сені
әлсіздіктен құтылу үшін,
тыңдаймын сені
құмарлықтан азаптанғанда
жырлаймын сені
қарама-қарсылыққа өтіп
өзімді мазақтағанда
ұрлаймын сені

менің жанымдағы қайрат
сенің нобайың
менің ернімдегі ләззәт
сенің бояуың
жүген-құрықсыз алып қашқан,
асаудың арыны,
аждаһаның жалыны,
атпас таңның қарызы,
ақ жалындап тұрған,
ғасырдың тілсіз ағыны,
әйел бақытының қабыры
еркек

еркек, о, еркек,
махаббаттың бұлытсыз аспаны,
шапағаттың тілсім дастаны
әкемнің күзі бар сенде,
ағамның үзі бар сенде
нымның түні бар,
ұлымның сыры бар,
даламның мұңы бар
алып таудың салмағы түскен,
ғасырлардың арманын ішкен,
ақ таңдардың алауы ойнаған,
қоңыр кештердің арайы ойлаған,
сағыныш...
қялдар...
сенсің-
ыстық шүл,
ұрттаған сайын
құмарым қанбаған.

махаббаттың сай-саласынан қуаланған-нұр
сүйекті қарыған аяздан қүтілуүшін,
іздеп жұрып, жылынғам саған
жұмбақ сырыңды ұғыну үшін,
түсінбеи тұрып, ұрынғам саған

мағналы сүйлем,
маның –от,
әйелдің қайсы бар,
сендік отқа күймеген?
әйелдің қайссы бар,
жараланып сені сүймеген?
әйелдің қайссы бар,
күш қайратыңды шіп,
осал тұсыңды білмеген?

о,асыл әнім
орының алмасып ,
үзгерген дүниеде,
жоғалып, табылып,
құралып, шағылып,
өшіріліп жазылып,
тұлпар боп, жер тарпып жүрген кезіңде,
сан бояу, сан сәуле,
саған у тамызып,
тасқындар,
ағындар,
барады бар қәсиетіңді ағызып

атам заманнан бері қарай шырқалған,
сенің әрбір ноталарыңа,
қанша әйелдің жасы тамды?
айтып-айтып өзін тауысқан,
сенің жолдарыңда нүкте боп,
қанша әйелдің басы қалды?

сиқырлы ән сені жалғау үшін
қаншама әйел өлуді қалады?
үзіліп кетер тұсыңда
қаншама әйелдің,
дәнекер болды азабы!?

арына түскен із
арманынң шамы боп жағылып,
бақыт деп қабылдады,
қаншама әйел тәлкегіңді
тоналды,
жоғалды-өзі
өшкен жоқ әйелдің әні,
лаулаған құмарлықтан
қайтадан ән төгілді.

әйелден таралып,
әйелден нәр алып
ана деп бас ұрған,
ерліктің гүлі
жауыздықтың нұрынан
қуат алып ашылған,
шуақ боп қайта шәшілғән.

осы әннің қүдіреті
әйелді төзім қып,
әйелді сезім қып жаратқан
әйелді бұлақ қып,
әйелді шуақ қып таратқан
ғасырдың қап-қара түні күшкен
керуен жолындағы сырлы әрі нәзік
осы ән мені сұлу еткен!
осы ән мені сұлу еткен!

осы әнді айтып екінші рет дүниеге келгем,
қайта жасағам
о, асыл әнім,
ең алғаш рет
пәктігіммен ұятымды
өзіңе тарту етіп,
от ойыныңнан быт-шыт болып,
кеңістікке шәшірәғәмін
содан:
жұлдыз боп қадалып қалдым ,
зеңгір аспанға,
айға,
күнге,
айналып қалдым
таң алдындағы шолпанға

еркек, о, еркек,
сен өткен тариых
беттері кірлеген
сен өткен уақыт
шегін ешкім білмеген
сен даулпаз- күй,
бар әуенді ішіне жұтқан,
қос ішектің,
пернелердің,
саусақтардың
алапат отынан ұшқан

еркек- түнгі ұйқы,
тұс,
жуылып- тазарудың,
кірлеп, жоғалудың бесігі
оянамын маужырап,
арлы еркектің күзінен
ашылғанда,
бақытымның есігі.

дарқан далада,
қиқулы уақыт алаңы- қалада,
суларда,
нуларда,
еркек.
бар жерді еркек дәмі,
еркек әні
бар жерді сол нұрлы дала таңы.
жапырақ үстіндегі мөлдіреген шықтың
көзімен қарап дүниеге,
жәйіліп тұр ерекек алақаны.
сол алақан жылуы-
әйелдің тұғыры,
әйелдің ғұмыры,
әйелдің қызығы.
сол алақан жылуы-
алапат от
әйелдердің тағдырын жылытқан,
әйелдердің ғұмырын күйдірген.
төбесінен төніп,
ұзақ жылдар қатбарында
сезімдері мұздаған тағы
құштарынан жеріп.

шол- мәңгілік шөл,
ішкен сайын шөлдеген,
сусыз арал,
беитәніс жол
адасады әйел,
қяндарыңнан күрмеген.
еркек, жым-жырт тыныштық,
қялымды қянға сүйреген.
философя, дін,
байлық, кеңістік
мен пікір іздеген.

еркек менің тоқыған хялым
ең таза асыл жіптермен,
таңыр силаған тұмарым,
мойныма тағып,
түбеме күтеріп,
мәңгілік ардақ тұтатын
қәсіретімді жоғалытқан,
қәсиетімді оятқан,
ұлы- әнім

тыл қатып,
жан бітіп дүниеге,
сен болып сүйлеиді бар әлем
күз емес, сана мен,
санадағы жәрәмен
қоңыр бояу хат жазды
жарық күнге,
тұн реңі қәрәмен.

о, алапат от
мені таңыр еткен,
мені тебіреніткен,
күйіп жоқ болам,
бұл менің бақытым,
күліп тұрып қарсы алам,
ажал уақытын.
бұл ерлк
алапат отыңның
жаныма дарыған жарқылы,
сүйсе әр қандай бір әйел
дал осылай сүйер сыңарын,
дал осылай айтар жыр әнін,
дал осылай жазар, жанының қалауын,
жарының азабын.
мәңгілік шығандап тұрар
сыңарын іздеген
тұл дүниеден
ғазал үн.
осы үнді сымырып жыр жазар
жылдарға жұмбақ сыр құйып
менің қаламым...
қадалып тұрар
алапат отқа,
менің махаббат жанарым.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1235

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер