Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11804365046 %54 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 17:49 - 2016/01/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1193
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1193

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1193

Мақала жолдаушы: Kasim karyr
Мақала апторы: Қөжәберген-жырау
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Баласы халдан-бошақтың сыбан рабтан,
көрші елді жауламақ боп көз алартқан .
бурятты хәқименен қосып алып,
барабы татарларын келіп шапқан .

барабы татарларын қалмақ шапты,
татардың біртәләйі қырғын тапты .
қалғаны ұбап-шұбап, бас сауғалап,
жалма-жан қазақ жаққа көше қашты .

бұлар кеп кереилерге паналады,
ел көріп орта жұзды сағалады .
орта жұз қамқорына алғаннан соң,
жарымы барабы елі аман қалды .

бұл қырғын көп ұзамай қазаққа ауды,
наймандар тастап көшті алтай тауды,
жалайыр, найман, қоңырат, қарақалпақ,
қиналды тоқтата алмай келген жауды .

бұларды қуып қалмақ қобданы алды .
қаңырап тарбағатай, жәйсәң қалды .
ел босып, жер иесіз қалғаннан соң,
ол жерге қалмақтар кеп қоныстанды .

теріскеи алатауды қалмақ алды,
найман мен қоныратты қуып салды .
қайран жер жау иелігіне көшкеннен соң,
жоңғардың алатауы деп аталды .

торғауыт, жоңғар, ойрат – бәрі қалмақ,
орыстар мен қытайды жүрген алдап .
сол екі елден алған соң дау мылтықты,
келеді жолдағы елдің бәрін жалмап .

шыңдарын алатаудың бұлт басты,
кез болып қысаңшылық қазақ састы .
жау қалмақ шегіркеше қаптап кетіп,
қайран ел есі шығып, көше қашты .

қырылу әләкөлден басталып тұр,
қазақтар жау қалмақтан жасқанып тұр,
орыстар мен қытайға арқа сүйеп,
ит қалмақ сол екі елден күш алып тұр .

қазақты қалмақ қолы бас салып жұр,
мекені әр ауылдың бос қалып жұр
жалайыр, найман, қоңырат, қарақалпақ
айырылып мекенінен зар жылап жұр .

алтын, күміс, мал беріп аямай-ақ,
орыстар мен қытайдан білгір жалдап .
сыбан рабтан ден қойып өнерпәзғә,
ғәскерін үйреттірді бес жыл қамдап .

болмаса қалмаққа өнер қайдан келсін,
тетігін зор мылтықтың қайдан білсін,
осындай мол жәбдіқпен келіп шапты,
дегендеи қайратымды қазақ көрсін .

ызғарлы күншіғістән жел келеді,
шұбырған алтай жақтан ел келеді,
еділден убашы қалмақ тағы шапты,
зор бөгет тас маңдайға кез келеді .

осылай екі жақтан тиды қалмақ,
ғәскерін күн-тұн демеи жиды қалмақ .
қазаққа екі беттен шабуылдап,
тұсырды беибіт елге ауыр салмақ .

қазақтың сахарасы жер құлпырған,
қытай мен орыстарды қызықтырған .
қоқан, хюа, бұқар да көз алартып,
қазақты бас салуға дайын тұрған .

қаруын орыс, қытай қалмаққа сатты,
айдап сап малғұндарды қоқандатты .
қырғызып қазақтарды қалмақтарға,
орыстар қамалдарын салып жатты .

жау болды ағайын ел естек бізге,
жасады ол да жорық елімізге .
қоқан да күнгеи беттен қоқандады,
соқтықпақ өйғір, қырғыз тағы бізге .

мұсылман көмектеспеи мұсылманға,
бермеді қару-жәрдем қысылғанда .
түрікпен, қоқан, хюа, бұқар жау боп
жат болды өзбек, тәжік дін исламға .

бектері ойғыр, шұршыт болып найсап,
тонады көшкен елді сан атой сап .
күншілдік мұсылманға кесір болды,
бималым замананың сырын айтсақ .

өйғірдің анасы - қытай, атасы - түрік,
қітәймен көрші тұрды жиенсініп,
соқтығып ұлы жүзге алсын-алсын,
шетінен еліміздің салды бүлік .

шұршыттың анасы - қытай, атасы - араб,
жатпайды олар-дағы текке қарап,
тиысып найман, қоңырат, жалайырға,
мазасын кетірді елдің шабуылдап .

қоқан, бұқар сатпады мылтық - қару,
олардың болды ойы бізді шабу .
қазаққа күнгеи беттен түре тиып,
жолдарын ойластырды олжа табу .

хюаның тигіш еді мылтықтары,
сол мылтық қазақтарға сатылмады .
аз еді ел ішінде күлдірмәмәй,
өзінің иесінен артылмады .

қамданған қалың елде күш болады,
қамсыз елге жау-душпан тұс болады .
өңтүстіктен соқтықты түрікпендер,
сор маңдайға қасқыр да өш болады .

еділ мен жәйіқ жақтан көш келеді,
көш бас сайын бір топ нар бос келеді .
жер мен судан айырылған қиын екен,
мөлтілдеп көзге ыстық жас келеді .

еділ мен сарыарқаға көмекке кеткен,
сарбаздар тез оралмай елі күткен .
киінді қыз-келіншек еркектерше,
бұл күнде ат үстінде адам біткен .

қазақтар бұхар жаққа елші салды,
дұшпаннан сақтау үшін мал мен жанды .
елші апарған тартуды алғаннан соң,
азырақ хюа, бұхар тынышталды .

шағатын қалмақ болып улы жылан,
қоныстан ауды қазақ болып құлан .
мал бағып, тыныш жатқан елімізге,
ит қалмақ оқ боратып, салды ылаң .

ел едік, егін егіп беибіт жатқан,
күтпеп ек жау болар деп пәле баққан .
қысқа қам жасауға да үлгерместен,
кез болдық қалың жауға дабыл қаққан .

бастарын қаратаудың мұнар жапқан,
сылдырап сырдың суы сылаң қаққан .
жүргенде момын халқым көшіп - қонып,
кенеттен қалмақ құрды қанды қақпан .

ел көшті бұхар жаққа айдап малды,
айрылып асқар тау мен шалқар көлден .
тарақты, арғын, қыпшақ жылжымады,
арқада құйқалы жер сары белден .

сыр бойы, қаратауда қоныс болмас,
келсе де үйсін-найман әләкөлмен .
мылтықты жауды көріп, шыдап болмас,
қазақтар қамданбақ боп хабар берген .

басынан алатаудың көш келеді,
көшкен бас сайын жорғалар бос келеді .
аты жоққа аттылар жәрдемдессе,
құдайым ондай ысты хош көреді .

қаруын орыс пен қытай сатпаған соң,
қатынас арадағы тоқтаған соң,
сенделді хандар, билер ақыл таппай,
кенеттен қалмақ елді таптаған соң .

өткен жыл әйтеке би дүниеден өтті,
келгенде елу алты жасқа ажал жетті .
"бағыну бір көсемге дұрыс қой!" - деп
боларын осы апаттың болжап кетті .

төреден әйтеке би безін деді,
келді ғой көсем сайлар кезең деді .
қазақты батыр көсем басқармаса,
быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді .

ақылды болсын батыр көсем деді,
басқарса қазақ болар есен деді .
көрші елмен татуласып, тіл табысар,
тағы да болсын өзі шешен деді .

осындай көптен көсем ізде деді,
хандарды шеттетуді көзде деді .
қазақты төре бастап көгертер деп,
малтаңды би мен бектер езбе деді .

үш жүзден үш ақылшы болсын деді,
қазаққа бақ пен дәулет қонсын деді .
сайланған көсемдерің кемеңгер боп,
халықтың болашағын шолсын деді .

бұл сөзді би мен бектер ұға алмады,
бас қосып, дұрыс кеңес құра алмады .
үш жұздың шонжарлары төре жақ боп,
ортадан батыр көсем шыға алмады .

өткен күн өйләғәнмен, қайта оралмас,
бақыт құс ұшып кетсе қайтып қонбас .
өсиетін әйтекенің естеріне ап,
қәзібек, төле, ақсуат шайқады бас!

қәзібек, төле, ақсуат шешен жорға,
қиналды ақыл таппай осы жолда .
сайланды абылқайыр ғәскер басы,
өзінше ел билігін алып қолға .

жас биы кіші жұздың малайсары,
ол-дағы ақыл-айла таба алмады .
бас қосып күлтөбеде кеңес құрып,
жон көрді қоршау бұзып құтылғанды .

кім жақсы көрер деисің ұтылғанды,
сонда да ел аппатан құтылмады .
арасы хан, сұлтанның ала болып .
кездеисөқ ел жағдайы оңа алмады .

еділдің арғы беті қыстап ұдай,
қолдайтын одан басқа халық болмай .
бірігіп кіші жүзбен тізе қосып,
қалмаққа қарсы аттанды қара ноғай!

болысар одан басқа халық болмай,
қазағым серкесі жоқ болды қойдай .
желікті күннен-күнге қәнішер жау,
ішсе де күндіз-тұны қанға тоймай .

бар болсаң, ысымызды оңда құдай,
қазақты қан майданда қолда құдай .
аз тәуке өлгеннен соң быт-шыт болдық,
қазақтың басын қосар көсем болмай .

айрылды бай, мырзалар саудасынан,
бектердің ұшты бақыт сау басынан .
аң аулап жүрген кезі түскен айналып,
жаңылды хан, сұлтандар таубасынан .

ажырады ер інісі мен ағасынан,
төмендеп бұрыңғы ерлік бағасынан .
өсірген әлпештеп-ақ ұл мен қыз,
адасып қалды ата-анасынан .

бас қоспай, қайран елім бытырады,
хал-жағдай күннен күнге құлдырады .
жау атқан дау мылтыққа төтеп берер,
қазақтың қолында жоқ еш құралы .

қолда бар қылыш, қанжар, садақ, найза,
айбалта, сойыл, шоқпар, кетпен, қайла .
осының бәрін қару етсек тағы,
таппадық қарсыласып ешбір айла .

япырым-ау, мынау құтсыз жыл ғой қоян,
қазаққа дегені ме қанға боян!
жаралы және ішетін тамағы жоқ .
әр жерде аштан өлді талай ноян .

құлдырар болды енді қоғамымыз,
болды ғой аяқ асты отанымыз .
кетірген барша жұрттың берекесін,
билер мен ханға болсын обалымыз .

қорғанар жоқ бекініс, қамалымыз,
тайды ғой еріксізден табанымыз .
жау атқан дау мылтыққа тоқтау болмай,
таусылды ақыл-айла, амалымыз .

қирады ақ орданың сүйектері,
кілемнің қырқылды ғой жиектері .
соғыс аштық, суыққа ұрынған соң,
қарттардың селкілдеді иектері .

талды ғой сарбаздардың білектері,
шайылды сардарлардың жүректері .
хан, патша қазынасындай болған қазақ
шошынды құлағандай тіректері .

тозды ғой арулардың желектері,
өртенді таудың қайың, теректері .
суықта бала-шаға дірдектеді,
талай жан есі шығып дедектеді .

көзінен қазақтардың бал-бұл ұшты,
күндері той-думанды, мерекелі .
бытырап шыл боғындай тозып кетті,
болса да біздің қазақ берекелі .

дариға-ай, ел табаны ауған ба еді,
қалмақта бұрын мылтық болған ба еді .
қашаннан қазақ-қалмақ шабысса да,
дал мұндай қырғын апат болмап еді .

басынан қаратаудың көш келеді,
көш бас сайын тайлақтар бос келеді .
туысқаннан айырылған қиын екен,
мөлдіреп екі көзге жас келеді .

елдердің бұхар жақта болмай жәйі,
тышқақтап көп қырылды, құлын-тайы,
қалмақтар зор мылтықтан доп атқан соң,
қазақтың оң жағынан тумады айы .

қысқа қам жасауға ел үлгермеді,
шабындық қиын болды өртенгені .
доп атып дау мылтықтан надан қалмақ,
қазақты соғысуға келтірмеді .

қазақта жоқ бекініс, қамал, қорған,
сақтану қиын болды жау оғынан .
шұбырды бет алдына жосып халық,
ажырап қанды ұрыста өз тобынан .

сайғақтай сая таппай туған жерден,
бақ-береке қашты ғой талай ерден .
қолына ұстағаны таяқ болып,
әр жерде қалды өліп есіл мерген .

қанданды қазақ атам қең даласы,
өлік пен ашқа толды сай-саласы .
құтқармақ елді апаттан боса-дағы,
әнеттеи жолда қалды ер данасы .

соғыс, аштық, жұт елге келіп қабат,
қәзәқпен хош айтысты сән-салтанат .
қырылып бала-шаға, кемпір мен шал,
тыры жұр қару ұстап ер азамат .

жау алды ұлы жұзды бұлтартпастан,
үстіртке қарақалпақ көше қашқан .
орта жұз, кіші жүздер қоршауда боп,
соғысып қалың жәумен араласқан .

бектері қарақалпақ болып жалтақ,
оларда ой болмады тізе қоспақ .
бірігіп тым болмаса туыс болып,
ұрысқа шыға алмады бізді қостап .

басында күлтөбенің болып жиын,
тұсынды ел зор апатты болар биыл .
құрсаулап жан-жақтан жау қоршап келеді,
қоршаудан шығуға амал табу қиын .

тараз бен түркестәнді қалмақ алды .
тәшкентке жетіп нөпір лаң салды .
тігілген ақ ордалар, қайран қоныс,
қаңырап тіршіліксіз босқа қалды .

кердері теңізі, сыр, қаратаудан,
ыққан ел соққы көрді қалмақ жаудан .
сахарадан таба алмай жанға сая,
есті алып, әлсіретті қоныс ауған .

шабуыл, аштық пен жұт қысқан заман,
қазақтан бақыт құсы ұшқан заман,
қолданар мылтықтары болмаған соң,
қалмақтан қазақ қашып-пысқан заман .


бүгінгі күн - мұнар күн,
жер бетін тұман басқан күн .
жалантос аспас асудан,
кәпір қалмақ асқан күн .

беибіт жатқан халқымды,
жаныңа қалмақ басқан күн .
ақыл таппай қиналып,
билерім қатты сасқан күн .

паналар жер таба алмай,
ер етегін басқан күн .
атуға болмай мылтығы,
қалмақтан қазақ қашқан күн .

сәмеке, ғайып, болат сұм,
соңына елді ерте алмай .
хонтайшыға сатылып,
елдің сырын ашқан күн .

шағырмақ күнім түн болды,
хан мен сұлтан жын болды .
сәмеке, ғайып, болаттың,
сатқындығы шын болды .

әбілмәмбет солқылдақ,
ақ балшыққа борпылдақ .
келіспеиді ерлермен,
қабандарша қорсылдап .

ұрысуға болмай хал,
талай сабаз болды дал .
әр жерде қалды көмілмеи,
бала-шаға, кемпір-шал .

адамдар көп сұлаған,
балалар көп жылаған .
талай сұлу сымбатты,
көзінің жасын бұлаған .

қазақтың жасыл даласын,
тұтын мен шаңға орантты .
атаңа нәлет ит қалмақ,
қорғасын оқты боратты .

құмалақтай қорғасын,
талай жанды сұлатты .
дал мылтықтан түскен доп,
ерді әтімен құлатты .

боздағынан айырып,
ата-ананы жылатты .
сүйгенінен айырып,
сұлуларды шулатты .

жекпе-жек шығу аз болды,
мылтығына кәпір мәз болды .
қазақтар түсіп қыспаққа
қалмақтың көңілі жаз болды .

кіші жұз алшын байұлы,
байбақты дат палуанның,
көтергеніне қарасаң,
жасыл ала ту болды .

не болса да көрем деп,
соғысып жәумен өлем деп .
қоршауды бұзып өтем деп,
күлтөбе басы шу болды .

ер емес жаудың туын құлатпаған,
қалмақтың адамы жоқ жылатпаған .
қолында мылтығы көп нөпір қалмақ,
шығұды жекпе-жекке ұнатпаған .

түспен деп кәпір қалмақ алдауына,
аянбай қарсы шығып қас жауына .
орта жұз, кіші жұз де күшін қосып,
қалмақтың быт-шыт қылды қоршауын да .

мылтықсыз қазақтардың қаны қызды,
тастамай жетектеді ұл мен қызды .
батырлар найза ұстаған алға түсіп,
орта жұз, кіші жүздер қоршау бұзды .

аға баласы - ұлы жұз болып қолды,
жау басып, қайран бауыр быт-шыт болды .
қазақ пен татарларға босқа өшігіп,
сыбан рабтан ит шықты қанды жолды .

баласы сыбан рабтан шона даба,
соқтықты елімізге көп лаң сала .
жалайыр мен найманды қуып тастап,
құрығын тағы салды дулаттарға .

баласы сыбан рабтан халдан серен,
татар мен қазақтарды қыра берген .
доп атып зор мылтықтан үсті-үстіне,
күн сайын жұртың қанын төге берген .

ит қалмақ қазақ қанын судай шәшті,
мылтығы көп болған соң, күші асты .
жау тиып, есі шыққан есіл дулат,
арғын мен қыпшақ жаққа көше қашты .

меимән боп қайын жұртқа келіп едім,
сыи-қүрмет кіші жүзден көріп едім .
еліме қайтар кезде жау қамады,
жаратқан осыншама не қып едім .

жорықта қырық бес жыл ғұмырым өтті,
орта жас ол да мені тастап кетті .
ит қалмақ соғысуға душар қылды,
болмаса ақсақалдық кезең жетті .

қазаққа қиын болды келген індет,
ежелден жауға шабу ерге міндет .
шығарда жау қоршауын күшпен бұзып,
екі ұлым майданда олды науан, бекет .

екі ұлым, екі атқосшым оққа ұшты,
торт боздақ қара жерді барып құшты .
өлімін төрт сабаздың көрген шақта,
өртеніп ышы-бауырым күйіп-пысты .

сол кезде өзімді-өзім тоқтата алмай,
ұрандап "ошыбайлап" салдым айғай .
сілтедім оңды-солды көк найзаны,
жығылды талай дұшпан салып ойбай .

пенденің бала деген жүрегі ғой,
аз күндік тіршілікте тірегі ғой .
боздақтың жаудан кегін алу үшін,
қалмақтың жендеттерін түйредім ғой .

екі ұлым бірге еріп келіп еді,
қызықты сыр бойынан көріп еді .
ақыры қан майданда шаһид болды,
қос құлыным жау қалмаққа не қып еді .

қалмақтың алақандап ұрттап қанын,
құштырдық талайына аттың жалын .
әйтеуір бір өлім деп, қылыштастық,
қазақтың қорғау үшін мал мен жанын .

үйде, түзде болсаң да, бір-ақ өлім,
дұшпаннан алған дұрыс елдің кегін .
келсем де алпыс бірге найзаладым,
қалмақтың қанға құмар талай бегін .

кезінде қыннан қылыш суырылған,
апшысы ит қалмақтың қуырылған .
орта жұз, кіші жұз боп қоршау бұзды,
еріксіз дұшпан жақтан ту жығылған .

болсам да қол бастаған батыр ноян,
қайғыны ішімдегі қалай жоям .
елімнен ғәскер ертіп шықпасам да
шайқастым алпыс бірде болмай қоян .

айырылды тұлпар атым тағасынан,
тозып тұр ақ сауытым жағасынан,
қайралған қайық болат алдаспаным,
боялды қызыл қанға сағасынан .

қоян жыл дал алпыс бір мүшелім ғой,
жасымнан сардар болған кісі едім ғой .
көрші елге елшілікке ылғи барып,
халқыма адал қізмет істедім ғой .

тіліне араб, парсы едім жетік,
оны да қолданбадым өнер етіп,
шамамша ел қорғаны - батыр болып,
мен жұрдым өз халқыма қізмет етіп .

адам деп өз бойына өнер жиған .
ел ышы деп атайды мені имам .
жас кезімнен көп аттанып,
болғам жоқ бәлгер, молда, қожа, ишан .

жасымнан қол бастаған болдым сардар,
соңымнан еріп жұрды өңкеи дегдәр .
кез болдым алпыс бірде қатал жауға
ісіне қүдіреттің не амал бар?

замана күннен-күнге қағынып тұр,
қатал жау тұс-тұс жақтан жабылып тұр .
аяитын ешбірі де көрінбеиді,
талайтын жолбарыстай шабынып тұр .

болды ғой қиын заман япырым-ау,
жарар еді қазақ қалса апаттан сау .
улгіртпеи елден сарбаз жиюға да
соқтықты қапияда меирімсіз жау .

тарығып ұзақ жолдар тарттым беинет,
туатын күн болар ма бізге зеинет .
қолында ағалардың тыры ме екен,
ең кенжем - жалғыз қызым, құлыным зеинеп .

өтежән, қарабас би, тобыш ағам,
үш ағам аман ба екен жау оғынан,
көрем бе, тұған елді көрмеимін бе,
білмеимін жаудың беті өте жаман .

дариға-ай, тұған жерден алыс қалдым .
белгісіз не болары біздің халдың .
тыры боп елмен бірге кездесер ме,
үйдегі он ұл, бір қыз балапаным .

білмедім жолда мұндай сор боларын,
апаттың қазақ үшін зор боларын .
орта жұз кереи-дағы ауды ма екен,
білмеимін ыстың алда не боларын .

қай заман, мына заман бағы заман,
болар ма баяғыдай тағы заман .
қара орман, тұған жерім алыс қалып,
көл-дария көздің жасын ағызамын .

қызығын жаулар көрді жиған малдың,
нақақтан қанын төгіп талай жанның .
быз кеткенде жорықта жүрген ұлым,
шіркін-ау, тырымысың қайда бардың?

бұл заман байқап тұрсам, қайғы заман .
бос кеткен ер еңбегі зайғы заман .
есіл, ертіс, тобылдағы тұған елге,
жететін күн болар ма есен-аман .

кенжесі ем, толыбай сыншы қөжәберген,
бата алғам әнет пенен аз тәукеден .
күйзелген ел жағдайын көзбен көріп,
өзегім өртенген соң айтам өлең .

"елімәй-ай" - деп бастай бер, айша жарым,
быз айтпасақ, кім айтар елдің зарын .
жауға шабар қасымда жасағым жоқ,
өлең айту болды ғой бар амалым .

быз айтпай, елдің зарын кім айтады,
мұндай жәй ел қайғысын ұлғайтады .
халқына қысылғанда айтпағанда,
пайдалы насихатын кім айтады .

асынған құтты болсын жарақтарың,
жырыма құлағың сал қарақтарым .
"шабуылы жау қалмақтың күшті екен" - деп,
кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің .

жорықта жолың болсын азаматым,
ұнаса менің айтқан насихатым .
қожа, молда, ишандар көтін қысып
қоржынға салып қойсын шариғатын .

намаз оқып жатқанда жаулар қырар,
атылған дал мылтықтан доп кеп ұрар .
мынажат қып жәйіміздә отырғанда,
ит қалмақ ұстап алып тұтқын қылар .

қөңілің алла мен дінге болса таза,
тартқызсаң жау қалмаққа қатан жаза .
жұмақтың төрінен орын аларсыңдар,
кешірілер намазың болған қаза .

мекенің болсын тау мен орман, тоғай,
ол жерден жау алуы болмас оңай .
ұрыста қазақ қолын аруақ қолдап,
халқыма надыр алла пана болғай!

тұрмыстың көрдің, міне, ауырларын,
аман бол қайда жүрсең бауырларым .
тастама ата-анаңды, ұл-қызыңды,
қасыңда жұрсын бірге алған жарың .

астыңда болмаса да тұлпарларың,
аянбай соғысыңдар сұңқарларым .
майданда өл, жауға тыры берілмеңдер,
төкпеңдер жау алдында беттің арын .

бұл заман болды елге қиын заман,
шіріткен тамам елдің миын заман .
шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
қағынды қазақ үшін биыл заман .

қәзібек, ер жәнібек, әлдәбек би,
көрді олар өз халқынан кеткенін күй .
үшеуі тозған елді біріктірер,
қайғырма, азаматтар, есіңді жи .

тірлікте жарамайды күдер үзген,
сайла орын, жер үй салып, жапан түзден,
қазақтың қыздарына жараспайды,
қалмақтың бектеріне көзін сүзген .

қыздарым, келіндерім, жәуінгер бол!
дұшпанға басыңды име, ұсынба қол!
сендер де қару-жарақ асыныңдар,
қалмақтан кек алатын өжет жан бол .

қыздарым, келіндерім, топ құрыңдар,
ерлерше киініңдер, сай тұрыңдар .
ұрыста өл, мазақ болма, берілмеңдер,
қалмақты селебемен шапқа ұрыңдар .

қиыншылық ылғи болмас, әлі-ақ өтер,
ерлерім жауды ұзатпай тентіретер,
бөгенбәй, ерсәрі, асқап, жабай, көшек,
қалмақты қойша қырар, зар еңіретер .

шәкіртім қайда екен бұхар жыршы,
ол бұхар әрі ақын, әрі сыншы .
ол-дағы қарап жатпас аттан салар,
сөзіне оның, халқым, құлақ түрші!

бұхаржан биылғы жыл отыз жаста,
атағы әқіндіқпен шықты алашқа .
ол-дағы көп қайғырып жүрген шығар,
түскен соң ауыр беинет қайтсын басқа .

кереидің батыры бар әқпәнбеттеи,
оған да қоймаушы еді қалмақ беттеи .
естісе, сарбаз жиып, туын ұстап,
дұшпанға келіп тиер жанған өрттеи .

бар еді кіші жүзде батыр жәйнәқ,
жау десе аттанушы еді жұзы жәйнәп,
ол-дағы халқын жинап, жасақ құрып,
қалмақты "а" дегенше шығар жәйпәп .

сүйеи жұр әлсізіңді әлі барың,
қолдағы жолдас болсын қаруларың .
ұрысқа жау қәлмәқпен шыққан кезде,
алла мен аруақ болсын сыиынарың .

бұл келген заман болды бастарыңа,
тоқтарың қайырыла жұр аштарыңа .
қолдай жұр бір-біріңді тастамаңдар,
тізе қос, етек жиып, ес барында .

ұрыста қиындыққа шыдай берсек,
қалмаққа қырылатын келер кезек,
табағын жаудың өзіне қайта тартар,
бөгенбәй, ерсәрі, асқап, жабай, көшек .

жәуменен басталғанда үлкен ұрыс,
қаршылдап жарқылдасын алмас қылыш .
бастап өт сарыарқаға қалған елді,
жараспас ер жігітке босқа тұрыс .

ашыңдар ел өтетін жаудан жолды,
шаншыңдар көк нәйзәмен оңды-солды .
майданда жолың болғыр сардарларым,
жинаңдар құрастырып қалың қолды .

бастасын тозған елді көсемдерім,
ақылшы болсын сөзге шешендерім .
хан, сұлтан, төрелерді ел санамай,
тізе қос, күшті жиып есендерің .

төрелерге сенім жоқ, ел ермесін,
қазағым хан тұқымын дос көрмесін .
хан, сұлтан, төре, қожа, өңкеи құзғын,
оларға енді тізгін жұрт бермесін .

сарыарқа қазақ жері кіндігі деп,
атаның мүлкі болсын жиғандарың .
жау қалмақ - ата жауым ит екен деп,
қалмақтың мойны болсын қиғандарың .

жау керегі меруерт, маржан ба еді,
қалмаққа елді қыру арзан ба еді .
қазақ пен қалмақ талай соғысса да,
жаңбырдай қорғасын оқ жауған ба еді .

дау мылтықтан доп атып,
қазақты қалмақ күйретті .
қалмаққа мылтық атуды,
орыс пен қытай үйретті .

атаңа нәлет сұм қалмақ,
дау мылтығын сүйретті .
жазықсыз жұртты бостырып
даланы тегіс күңірентті .

меимән боп келемін деп қуаң сырға,
қайта алмай қиналдым ғой, мен де қырға .
халқымның мүшкіл халын көзбен көріп,
қобыз ап қосып тұрмын мұңды жырға .

жасынан ер жүрегі шерге толған,
халқына қарайғанша қорған болған .
қиналып қысылғанда, жыр шығарған,
кереиде қөжәберген бабаң болам .

сүйген жарым айшаның,
асыл тегін сұрасаң,
кіші жұз алшын ішінде .
есентемір елі еді,
сылаң сырдың бойында,
мекені бестәм жер еді .
алдында өрген малының,
есебі жоқ көп еді .

қайын атам қабылан би,
өз халқына бел еді .
қартайса да беделді,
айтулы ердің бірі еді .

жағалбайлы басшысы, -
сансызбайұлы төспенен .
тізе қосып екеуі,
сыиынып алла, аруаққа,
мұғаджар тауға бармақ боп,
көшті бастап жөнелді .

жауда қалып туған жер,
еңіреді ел мен ер .
аударып табан көшсе де,
мұғаджар тауы шалғай жер!

шықса да талай қарсы дұшпан жауға,
шабақтай болды оралған құрған ауға .
алшынның рулары бел байлады,
көшпек боп еділ-жәйіқ, орал тауға .

күн бар ма енді бізге жиналатын,
дам-тұзы туған елдің бұйыратын .
сауқшыл, беибіт жатқан қазақ едік,
жау көрсек, қарсы бірге жұмылатын .

өскенбіз қазақ ұлы бір ұяда,
қызыққан ел емеспіз дұнияға .
үлкенді кіші сыилап әрқәшәндә,
топ болса, сөз бастатқан қарияға .

сәлғәнмен қалмақ қатты бүліншілік,
қуса да елді жерден быт-шыт қылып .
шыдаңдар тобың бұзбай, азаматым,
арылар әлі-ақ бастан қиыншылық .

қолдай жұр ғарыбыңды әлі барың,
қоныстан жылжымаңдар күші барың .
мекеннен марал ауса, жәйі болмас,
еске ұста, бұл сөзімді есі барың .

би мен бек бір-біріңді сынамаңдар,
дауласып ел арасын былғамаңдар,
сардарлар сарбаз жинап, күш құраңдар,
сөздерін хан, сұлтанның тыңдамаңдар .

жырымды ұғыныңдар милыларың,
қосқайсың елдің басын сыилыларың,
аянбай жау қәлмәқпен соғысқанда,
алла мен аруақ болсын сыиынарың .

қаратау, сыр, сарыарқа, еділ-жәйіқ,
тұрақты қазақ елі қонысы деп .
санаңдар түп қазыққа соны лайық .
әуелден мал кіндігі өрісі деп .

жасақты қоймаған соң әрбіре шепке,
насихат жүрмеген соң әр кез көпке .
көшумен күні өткен біздің қазақ,
кез болды беиғәмдіқтән зор індетке .

мұндай боп жаудан табан тайған ба еді,
жаңбырша қорғасын оқ жауған ба еді .
өтпес өмір, өткелсіз кешу болмас,
түзде өлмеи, үйде өлген арман ба еді .

басталды елде аштық көп ұзамай,
қалмақтың шабуылы аз болғандай .
ұшырады шұбырындыға жас пен кәрі,
сұм заман қазақтарға қас болғандай .

жау қалмақ жақындады шуға таман,
сескенді ел есі шығып, онан жаман .
күн сайын әр ауылды жау кеп шауып,
орнап тұр ел басына ауыр заман .

торғауыт, жонғар, ойрат бәрі қалмақ,
орыстар мен қытайлар қойған жалдап .
сол екі ел қару-жарақ бергеннен соң,
құртпақшы мұсылманның бәрін жалмап .

күнгеи жақты қаптаған қалмақ алды,
жетісудің өңірі елсіз қалды .
бостырып үйсін, найман, қоңыратты,
жәй жатқан қазақтарға лаң салды .

жас келмеи екі көзге қайтсын енді,
көңілім зор апаттан көп сескенді .
мұздады жылы жүрек күн-тұн сайын,
жау қалмақ елге қаптап беттегелі .

дын ордасын былғады кәпір қалмақ,
оқ таып, жолдағы елді өтті жалмап .
айнала қазақ жерін жаулап алып,
тұсырды мұсылманға ауыр салмақ .

қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ,
басынып ата жауым етті мазақ .
орыстар мен қытайдан көмек алып,
көрсетті жауыз қалмақ елге азап .

қазақтың жағдайына болып қанық,
байлаулы қазақ қолын пайдаланып .
иесіз қалған жерге шатыр тігіп,
орыстар жанталасты қорған салып .

зерәбшәнғә ел кетті,
естілерден ес кетті .
дүние-малды тартып ап,
қазақты жау еңіретті .

сұм қалмақ шабуылдап бірнеше ұдай,
қоршауды бұздық қолдап аруақ, құдай .
аштарға аттың бірін сойып беріп,
келеміз айша екеуміз жұрып тынбай .

нағашым айдабол би, күлік мырза,
ісіне халқы олардың болған риза .
аруағы екеуінің қолдай түссе,
көреміз туған елді дам бұйырса .

талайды оққа ұшырып, кесіп басын,
жау алды қазақтың кең сахарасын .
күнәсіз жүкті әйелдің ышын тіліп,
түйреді нәйзәмәнен жас баласын .

тірлікте бұл сұмдықты көрмеиін деп,
шамамша жауға соққы береиін деп .
дұшпанға ыза кернеп, кәрсі шаптым,
майданда шаһид болып өлеиін деп .

дүшпәнмен ұрыс салдым аянбай-ақ,
аялдап алды-артыма қарамай-ақ .
мені көріп жастар да аттан салды,
қалмақты найзаладық аямай-ақ .

айналып зор шайқаста ұрыс соңы,
жаңбырша жауып кетті қалмақ оғы .
дұшпандар оқ бората бастағанда,
шегінді шығын болмай қазақ тобы .

қай заман, мына заман, сорлы заман,
пендені бұғаулайтын торлы заман .
атадан ұл, анадан қыз айырылып .
халқымды жәйләді індет мулде жаман .

қағынып тарылды ғой заманымыз,
тозды ғой жаяу жұрып табанымыз .
толласыз зор мылтықтан доп атылып,
сарқылды ақыл-айла, амалымыз .

мына заман, қай заман, құйын заман,
жұрт шұбырып болды ғой бәрі ақтабан .
әләкөлден басталды сұлаған жұрт .
мәңгіртті есті алып, қонын ауған .

басынан қаратаудың көш келеді,
тай, тайлақ көш басы сайын бос келеді .
ауылдар жұбын жазбай бірге көшсе,
быр-бырын қиын жолда ес көреді .

арқаға кеткен ғәскер қайтты оралып,
шуға жетті атының мойны талып .
бары де ну намысқа паналады,
қалмақ боп шыбын жанын аман алып .

аңғал қазақ алданған,
төренің сөзін малданған .
жан-жағынан жау қамап .
жол таба алмай дағдарған .

шапқыншы қалмақ құтырып,
жерімізді таптаған .
дау мылтығын сүйретіп,
қүмірскәшә қаптаған .

қырсығы тиып хандардың,
қалмақтан халқым ұтылған .
опасыз сұлтан, төреден,
жон болар, елім, құтылған .

көсемі жоқ қазақтың басы қатқан,
төрелер жау қалмаққа елді сатқан .
жасанып жарақтанған қанқұйлы жау,
бас салды қазақтарды беибіт жатқан .

құй ойла, құй ойлама, бытты жұмыс,
бастаңдар қоршау бұзып, үлкен ұрыс!
жорықта жолың болғыр боздақтарым .
жараспас ер жігітке босқа тұрыс .

хан, патша қазынасындай болған қазақ,
торт түлік малға толған далалары .
қарулы ит қалмаққа болып мазақ,
үш жұздың көп кинәлді даналары .

қазақтар паналады тоғай-нуға,
кең дала толып кетті айғай-шуға .
соғысқан ит қәлмәқпен қазақ қолы,
түскендеи болып еді от пен суға .

өленге қостым көзбен көрген көпті,
халқымды соғыс, аштық тентіретті .
быразы найман, қоңырат, жалайырдың,
сарысу өзеніне келіп жетті .

бұл заман, қай-қай заман, мыстан заман,
қазақты қалжыратқан дұшпан заман .
шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
қар жауған қантардағы қыстан жаман .

қия алмай дала, тау-тасын,
сиғыза алмай ер басын .
жер-суынан айырылып,
халайық төкті көз жасын .

мінгестік айша екеуіміз жалғыз атқа,
амалдап қамшы бастық ақбоз атқа .
құтылып жаудан алыс кете бардық,
әйтеуір тұтқын болмай ит қалмаққа .

сыиынып алла менен аруаққа,
бет түзеп біз жөнелдік арқа жаққа .
"ауылға жетем" - деген зор үміт бар,
елімді жолықтырсын біздің баққа .

мекенім есіл, ертіс, тобыл бойы,
елімнің жәйілуші еді ешкі-қойы .
күн туып ата жаудан кек алатын,
қалмақтың іске аспасын қарам ойы .

сұм дүние опасы жоқ жалған екен,
бізден бұрынғы ерлерді де алған екен .
бақұлдық ел-жүртімен айтыса алмай,
елде өлмеи, далада өлген арман екен .

өткен күн көз алдыма жәй бір елес,
күйініп өлең-жірмен айтым кеңес,
жұз жиырма төрт мың пайғамбар мен,
отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен,
солардан қөжәберген артық емес .

дәулет-бақ пен перзентке асығыс жоқ,
біреуге ерте, біреуге кеш береді .
жоқшылыққа еш жүйрік жеткен де жоқ .
пендеге шыдамдылық дес береді .

сұм соғыс, аштық пен жұт нені қойсын .
айырылды ел бар дәулет пен жиған малдан .
ит қалмақ оқ боратып несін қойсын,
хал кетті нелер асыл сардарлардан .

санама біріңді артық, біріңді кемге,
бырыңды-бырың сүйе сүрінгенде .
әр уақыт тобың жазбай бірге жүрсең,
татисың аз да болсаң іргелі елге .

тарқатпа сарбаздарым жиыныңды,
жаудан кек ап, оңайлат қиыныңды,
қалмақты жеңіп шығып, құдай өңдәп,
боздақтар қайтадан тап үйіріңді .

нұр жауар талапты ерге деген ермін,
есіркеп қашан алла жеткереді .
құдайдан елге амандық тілеп жұрмын,
қазақты қашан қолдап ескереді .

қажыды халы азайып біздің халық,
мәңгіртіп соғыс, аштық жүдеткелі,
көлігін қолда барлар пайдаланып,
жөнелді ел бет-бетіне күнелткелі .

атқарып тауыр жұмыс елшілікте,
ұнадық ер атанып көпшілікке .
айырылып қасыма ерген төрт боздақтан
дал бүгін мен тап болдым кемшілікке .

батыр деп түсіп елдің ықыласы,
мен болдым жас шағымнан жорық басы .
кешегі орда бұзған отыз бесте,
сыилап еді мұсылманның кәрі-жасы .

бөлғәнмен отыз түрік тектеріміз,
түріктің көп елінен шеттедік біз,
мұсылман қасқыр болып мұсылманға,
қандастар жат боп кетті дал осы күз .

уайымдама, айшанжан!
қалды деп боз ат шабандап .
жетерміз елге біз аман,
аң атып жеп амалдап .

қайғыра көрме, ой ойлап,
қалармыз деп жаяулап .
есен болсақ, жан жарым,
барармыз елге баяулап .

бөгелмеиік аялдап,
жүреиік әтпен аяңдап .
ұзап шықтық алысқа,
жете қоймас ит қалмақ .

болса да адам үшін жаман ресім,
қалайша айтпай қоям мұның несін .
халқымның хал жағдайын өлең етіп,
жырладым апат күннің шежіресін .

артымда өзім өлсем атым қалсын,
жырыма барша жұртым құлақ салсын .
"бабамның қөжәберген өлеңі" - деп .
ұмытпай кеиінгі ұрпақ есіне алсын .

самарқанд, бұхарадан білім алғам,
өнерге құштар болып жас шағымнан .
атанып зерек шәкірт қатарында,
үргеніш медресесін тамамдағам .

қоршауға түспеи көшіп төле кетті,
соңынан бірәз ауыл ере кетті .
ит қалмақ бізді бүгін жеңгенменен
түбінде жауды қазақ жеңер депті .

құрттатып ет жеитүғін қалмақ кәпір,
қазақтың сахарасын жәйләді ақыр .
теңемек болып бізбен терезесін,
жауығып жұрушы еді тігіп шатыр .

ыс болды-ау, аса қиын таңдай татыр,
қорланды жаяу қалып сансыз батыр .
жәйнәғән гүлдеи тұрмыс ғайып болып,
дариға-ай, ойда-жоқта болдық пақыр .

бұл апат үш жұз елін тентіретті .
халықтың дайындықсыз есі кетті .
жал-жая, қазы-қарта жеген қазақ,
амалсыз шоп тамырын қөрек етті .

батырлардың ағасы,
қырықта жас шамасы .
қамқор болар халыққа,
бөгенбәйдің данасы .

қанжығалы бөгенбәй
алтынды тонның жағасы .
осы күнгі сардардың
бәрінен артық бағасы .

тазартылар күн туар,
қазақтың кең даласы .
ел қорғаны ұл туар,
қалмақтың құрыр шарасы .

жазығы жоқ қазақтың,
батырлар болар панасы .
елді қырған қалмақтың,
жыртылар әлі-ақ жағасы .

қазақтар түйіп қабағын,
қалмақтың орып тамағын .
қайта тартар дұшпанға,
өздері тартқан табағын .

быт-шыт қып шебін, қамалын,
әбден құртып амалын .
қазағым жерін тазартып,
тайдырар қалмақ табанын .

қанды ұрыс екі жаққа да қиын болды,
әйнәкөл жағасында қырғын болды .
орта жұз, кіші жұз боп қарсыласып,
қалмақтан алты мың жан шығын болды .

қазақтар қаша көшіп ұрыс салды,
бетпәқтә адастырды қалмақтарды .
еділ-жәйіқ, арқаға қазақ ауып,
шу, талас, сыр, қаратау жауда қалды .

бостырып жалайыр мен наймандарды,
алтай мен алатауды қалмақ алды .
жалайыр, найман, қоңырат бөрібәйғә еріп,
сарысу бойына кеп қоныстанды .

тұсында таңбалы тас болып шайқас,
қазақтар ата жәумен салды әйкәс .
қалмақтар үсті-үстіне оқ боратты,
дегендеи үш жұз ұлы көріп байқас .

соғысып бұл ұрыста байқасқанда,
қаймықпай жау қәлмәқпен шайқасқанда .
дұшпандар жеме-жемде ұта алмады,
қолма-қол қәзәқтәрмен айқасқанда .

ашынған қазақ қорқып бұға алмады .
қалмақтар жекпе-жекке шыға алмады,
мылтығы жеткілікті кәпір қалмақ,
шығуды жекпе-жекке қаламады .

бес мыңдай жау қырылған үзкент жақта,
екпіндеп баса көктеп келген шақта .
бөгедік сарысуда қалмақ қолын,
дұшпандар өте алмады батыс жаққа .

жауларға қарсы тұрды алшын қолы,
кесілді еріксізден қалмақ жолы .
әймәқкөл жағасына жетсек тағы,
келмеді абылхайыр жиған тобы .

көп тостық абылхайыр келеді деп,
тосыннан жауға соққы береді деп .
алайда негізгі қол көрінбеді .
қорықтық халық түгел өледі деп .

қамданып жасақ жиып, тігіп шатыр,
қолбасшы абылхайыр қайда жатыр,
сәмеке, әбілмәмбет, ғайып, болаттың,
көмегі қазақтарға болмады ақыр .

қайғырып қазақ елі шекті уайым,
зор соғыс төмендетіп хал-жағдайын .
жырымды әрі қарай ұластырып,
азырақ қайын жұртты баяндайын .

басында мамыр айы шықтым жолға,
дедім мен алла, аруақ өзің қолда .
ай жұрып қайын жұртқа келіп жеттім,
көрместен ешбір беинет ұзақ жолда .

қазақтан бақыт шіркін тайған ба еді,
қалмақта бұрын мылтық болған ба еді .
елімнен бақыт құсы ұшып кетіп,
қалмақтың шадтарына қонған ба еді .

қазақтың қамсыздығын жаулар сезген,
тыңшысы қалмақтардың елді кезген .
шал-кемпір беинесінде жер шарлаған,
санақшы тұтқындалды жаннан безген .

қалмақтың аямасын әбден сезем,
жаулардың қорлығына қалай төзем .
дұшпандар дау мылтықтан доп атқанда,
күңіренді тау, орман, көл, асау өзен .

тарақты ер байғозы қолдың басы,
бұл күнде жиырма алтыға келген жасы .
ол дағы кіші жүзге күйеу екен,
сыилаған оны да елдің кәрі-жасы .

қатысты кіші жүзден тайлақ мерген,
құлатты көздегенін атқан жерден .
быр мерген саңырақ атты жараланды,
тайлақтың жолдас болып қасына ерген .

әйгілі тайлақ, саңырақ батыр емес,
шығатын жекпе-жекке жандар емес .
өзгеше мергендікпен аты шыққан,
болмаса дара жұрып қылмас егес .

байғозы қолма-қолда екен күшті,
ер болып, жеке шығып, көзге түсті .
атысқа ғәдеттенген қалмақтардың,
бетпе-бет кездескенде зәресі ұшты .

мекендеп тобыл, ертіс екі арасын,
қазақтың күйге бөлеп ен даласын .
сауықшыл орта жұздың кереиі едік,
үш жұздың жат көрмеген еш баласын . . .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1193

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер