Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-15615321146 %54 %
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17515415137 %63 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:59 - 2013/05/11

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=112
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=112

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=112

Мақала жолдаушы: Jetpes
Мақала апторы: Жетпіс мизан ұлы ( мүшелер ауызынан жинап берген)
Аптордың мекен-жайі: Жүңгө гәнсу ақсай ауданы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ

Ұйықтап жатып доп тептім бір жасымда ,
ай шарындай бір бит отыр басымда ,
шәш түбінен баспалап кеп қарасам
мас боп шайқап сірке қыз жүр қасында !

өтірікті айтпаушы едім келтіріп,
шындықты айтам, өтірікті өлтіріп.
2 милион жылдан бұрын бір қазақ,
жыр жазыпты ғаламторда отырып.

атқа мініп, қымыз ішіп жүрдік деп,
келте хатқа кеткен екен толтырып.
әлем тордан көрдім бүгін сол хатты,
недеген хат жоғалмаған мол тұрып.

ғаламтордан зеріксеңдер, достарым,
әлем торды аралаңдар тор шығып.
танысасың сырт пләнетәдәғі дөстәрмен,
ақын қыздар ол арада молшылық.

әлем тордың жігіттері сал ـ сері,
айтысасың, жатса егер, жол шығып.
мұның бәрін өтірік деп ойлама,
әлем торға күнде жүрмін мол шығып.

әзірше мен осыншалық айтайын,
өтірік жоқ сөзімде бар мол шындық.
меніменен айтысатын жан барма,
өтірік қосып, шындық айтар жастарға.

өтірік өлең айтысатын тақырып,
көңіл қойсаң шындықта бар астарда.

айтуға шек қойылған өтірікті,
быр бастық қарыны аш кекіріпті.
шындық айтқан арамза, қулар ылғы,
еру күнде ел мазасын кетіріпті

су астында шоқ көтеріп ойнақ салдым
үйіне сүлеименнің ойнап бадым,
әкулә сойып мені қонақ қылды,
екі көл су ішкенде зорға қандым......

инелік арыз айтқан батыр екен,
қу кедеи маса байқұс тақыр екен.
қаптаған қалың шыбын аулдықта,
апталық қыимыл жасап жатыр екен.......

ай шарына атым мен жәйдәқ бардым ,
құс жолының аралап аймақтарын .
жерге түссем шөліркем қалған екем ,
мұхиттарды кесеме толтырып-ап ,
жұттым- ау кеп үрлеп тастап қаймақтарын

басында керегенің үрген қарын ,
көтердім бәлуәндіқпен соның бәрін ,
түйеме төстеп барып қойғанымда
мертікті көтере алмай қара нарым !

тозаққа барып едім кеше ғана,
жұмыстың бәбіменен есеп ала.
көп адам өте алмаған қыл көпірден ,
жұр екен қайшы алысып есек арба

басында керегенің бөлтірікті ,
айтпаймын өлтірсеңде өтірікті,
мың кісі бір тышқанға мінгескенде ,
ойпырмай ! тулап жығып өлтіріпті .

құдай да пара жеуді үйреніпті,
дүние енді нағыз күйге еніпті.
кеше келген перштеден пара бергем,
бүгін айтты жаннаттан үй беріпті.

қос перштем жамандап алдауыма,
сеніп қалып тез тұсты қармағыма.
екі иығым екеуіне пана болмай,
қарық болдым ай, шіркін жаңжалына.

сосын құдай таң қалып шақыртыпты,
арамыз бір адымнан жақын тіпті.
отырып-ап ел ісін ақылдастық,
не айтсам соған берді ол мақұлдықты.

мен айттым қазақ дедім жақсы халық,
соларды пайғамбар-ғып бақ сыналық.
оларда алқаштық жоқ надандық жоқ,
парақор- жалақордың жоқтығы анық.

құдай айтты көре алмастық бар деиді деп,
тылы үзін,көзі быраз тар деиді деп.
ашуым кеп тастадым айтып -айтып,
ешкімге соқтықпайды быздың қазақ,
іші күйсе мұз бенен қар жеиді деп

өлең айтып кележәтсәм,
ат үстінде айғайлап.
быр жігіт жүр қанжығаға,
байлап алып біртәйләқ.

өжігітім мұның не деп сұрасам
қыин қыстау заман болды қыр- асам
әзіреилге арытқы есікке барамын
міне айыттым қәлжәйімді сұрасаң

аспанда ұшып жүрген бина көрдім,
бинам аман болсын деп мина көмдім.
быр досым алпыс тонна арақ құсты,
шабына бұрау салып қинап едім.

аңдар көшті қаладан қабат алып,
деп жүр құстар жаңалық жараталық!!
қырға барып жер жыртып егін сапты,
өзеннен шығып кеткен қалың балық..

мың есе арытты кірісіміз қазыналық,
быр басқа он беиқүт үй салып алдық.
жер ауысып асты -ұсты сілкініп ет,
үйде аман, адамда аман қазып алдық

орыстарға бақтырып бақтарымды,
ағылшынға жегізіп қаспағымды.
қытайларды тірідеи салам орға,
негірлерге билетіп қара жорға.

мекен етіп байларға тасты ауылды,
ақшаларын лақтырдым мақта-ғұрлы.
жылаған соң ұйғырға отан беріп,
астанағып ал дедім қашқарыңды.

мұңғұлдарға бақтырып қошқарымды,
отырарға түнеттім достарымды.
депудәт-қып шақырдым астанаға,
қаңғып жүрген қәзеке мастарымды.

сахара шолын қоршап балық бақтым,
қызына құда болдым марыс жақтың.
перште атты құдайдың ерке қызын,
ат артына мінгізіп алып қаштым.

тышқан мырза ғашық боп мысық қызға ,
үкіні жіберіпті құдалыққа ,
тышқанның бай болғансоң дәулеті асқан
беріпті бір айропылан атасына .

той жасап мысық қызын ұзатқанда ,
беріпті алып кеме жасауына ,
жау болған лмисақтан мікең , тықаң ,
тату тәтті құда бопты осылайша .

қізмет жоқ жылап жұр бір топ шынар,
өтірік айтсам сіздерге жағым сынар.
қарғай мен қайыңдар аспанға үшті,
ойға кеп отрақтасты самырсндар.....



мүшелер ауызынан жинап алған:
___ жетпіс мизан ұлы
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=112

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Түркістан облысында АӘК 18 sek
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 6 min
Теннистен Азияның коман 21 min
Қарқаралының ұлттық пар 26 min
Көліктегі көп ойлар 1 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 1 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 1 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 1 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 1 sagt
Атырау облысында бетон 1 sagt
Исламдық қаржыланды 1 sagt
Индонезияда кеме өртені 2 sagt
Еліміз шеберлері қазан 2 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 2 sagt
Қазақстанда алғаш рет: 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Бразиля пәрләменті қауы 2 sagt
Полицейлер қарттар үйін 2 sagt
Жәнібек Әлімханұлы мен 2 sagt
1800-ГЕ ЖУЫҚ ҚАЗАҚС 2 sagt
Шетелдегі жүңгөліқ мұһа 3 sagt
Қазақстан қажылық мисси 3 sagt
Елорда әкімі тұрғын үй 3 sagt
А қ ш - ның сыңар жақты 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Мемлекеттік қызмет істе 3 sagt
Әнглянің еврөпә одағына 4 sagt
Виртуалды зертхана мект 4 sagt