Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 11:56 - 2015/11/29

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1107
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1107

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1107

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Гүлжән Мұқатайқызы
Аптордың мекен-жайі: Almaty, KZ

Бөрібәй батырдың әкесі Сары би, батыр Тәуке ханның сеніміне ие болып, өзінің әқілділіғімен әділ де тура билігімен қоса, асқан шешен ділмәрліғімен әз Тәуке ханның алдында айрықша көзге түседі. Ресей мемлекетімен сауда-саттық, саяси қарым қатынас, шекерә мәселелерін шешу мақсатында 1690 жылы Сары би бастаған елшілікті Ресейге жібереді.Төбөльск қаласында келіссөз жүргізіліп жатқан кезде сол жерге көршілес жердің тонаушылары орыс жәуінгелерімен қақтығысып, орыстардан көп адам өлімі болады. Орыстар Сары батыр, биге «Сенің адамдарың», - деп жала жауып, елшілікке бірге барған кісілерімен бірге түрмеге қамайды. Тәуке хан І Петрге хат жолдап, елшілік заңын, ережесін өрескел бұзып отырғанын атап көрсетеді,елшілікке барған адамдарын қайтаруын талап етеді және бұл талабы нәтижелі болады. Бірәқ келіссөз жүргізіліп жатқанда Сары батыр, би түрмеде қайтыс бөләді.Тәуке хан Сары батыр, би өліміне бір жыл аза тұтып, жылдығы өткенше жәугершілік, барымта-қарымтаны тоқтатады. Сары батыр, биді халқы былай жырлаған екен ...

Асанның баласы Сары болды,

Жақсы кісі болады әрбір жолды.

Әркімге жақсылықты Құдай берер,

Басына бақыт, дәулет бірдей қонды.

Бөрібәй батырдың әкесі Сары жәй адам емес, қазақ елінің елшісі, мемлекет қәйрәткері, қазақ-орыс мемлекеті арасын мәмлеге келтірген сәясәткер. Сарының есімі орыс деректерінде ұшырасады. Қазақ-орыс мемлекеті қатынастары ХVII ғасырдың 90 жылдарында аса маңызды да күрделі нәтижелі мәселерді шешуде Сары бидің рөлі зор болды. Өзі өлсе де, артында қалған оң істері, халқына азық болған.

7. Асан би, батыр Жоланұлы

Сарының әкесі Асан өз заманында әділ би, елін, жерін жаудан қорғаған батыр. Ол кісі туралы жырларда былай делінген;

Жоланның баласы батыр Асан,

Ақылы бұ кісінің болған астам.

Мұнша халық билеген ақылман,

Бұл кісі де жақсы боп, болды көсем.

Тентекті салады екен табанына,

Шынжыр балақ, шұбар төс болып өткен,

Орысқа қарамаған заманында.

Бұл жырдан байқағанымыз Бөрібәйдің атасы Асанның жәй адам емес екені байқалады, орыс патшалығын көзіне ілмей, бағынбай өткені жырда тілге тиек болған. «Асанның алтауы, Асанның алты қасқыры» деп аталатын аталы сөз бар.

Бұның себебі Асанның алты батыр ұлдары елін, жерін қорғауда асқан ерлігімен

аттары шыққын: Сары батыр, Қырғиқонақ батыр, Жақсылық батыр, Бөрте батыр,

Қаржау батыр,Тоқа батыр деген өз кіндігінен туған балалары Асанның атын,тағы да биікке өрлеткен.



Жолан би, батыр Есенгелдіүлі,

Есенгелді би,батыр Қаптағайұлы



Бұл Жолан мен Есенгелді би, батырлар туралы жырда былай делінген;

Баласы Қаптағайдың Есенгелді,

Әр-әркімге қылайын мына жырды.

Есенгелді баласы Жарылқамыс, батыр Жолан-ды

Қай адамнан қалмады мына заман.

Қаптағай би, батыр Матайұлы

Қаптағай батырдың есімі бүткіл орта жүздің, оның ішінде қалың найманға ұран болғаны тарихта мәлім. Қаптағай би,батыр бөлуімен бірге, асқан байлық пен билікті қатар иеленген.Тәйпә көсемі, басшысы. Ол туралы жырда:

...Өкіреш Найман, Жәләйір,Төлегетәй,

Төртуіл, Қәрәкерей, Садыр, Матай.

Үш жүзде мұнан асқан жан болмаған,

Байлық, билік кетпеген ер Қаптағай.

Бұл жырдан Қаптағай батыр (шын аты Қолдас) өмір сүрген заманында ел іргесі сөгілмеген, ауыз бірлікпен ру, жүзге бөлінбей Қаптағай батырдың туының астында жауға біріккен Қазақ елін көреміз.

Алматы облысына қарасты Қапшағай қаласы туралы өлкетәнуші Владимир Таран өзінің «Сөлнечній гөрөд» атты еңбегінде Қапшағай қаласының атын Қаптағай бәтірмен байланыстырады. Оның жазуы бойынша,. «Қапшағай» сөзінің шығу тегінің тағы бір болжамы Жоңғар шапқыншылығы зәмәнімен байланысты, қазақ қолбасшысы Қаптағай батыр бұл жерде өзен арқылы өтіп, оның арнасын құм салынған қәптәрмен бекітіп тастамақшы болады. Яғни, қап сөзі де Қапшағай аталуына негіз болса керек.

Қаптағайдың әкесі Матай би, батыр. Ел арасында Матайдың азан шақырып қойған аты – Сәрікерей екен, іс әрекеті аюға ұқсағандықтан Матай атанып кеткен дейді. Матай деп аюдың еркегін атайды. Сәрікерей мен Қәрәкерей егіз деген сөз бар халық арасында. Матайдың әкесі Қытай (қытайдай көп болсын деп атын ырымдап қойған) , Қытайдың әкесі Төлегетәй (Төлек атай) , оның әкесі Құрманай, оның әкесі Сүгірші, оның әкесі Белгібәй (Өкіреш) , оның әкесі НАЙМАН (Найби) атамыз.

Көріп отырсақ мұндай текті тұқымнан, текті ата-бабалардан жай адамның шығуы мүмкін емес. Матай батырдан бастап қарап отырсақ оның кейінгі ұрапғының өзі шетінен қәрәкөк: бірі ел басқарған басшы-көсем, әскер бастаған қолбасшы, әділдік айтқан би, хан сарайында кеңесші, Қазақ мемлекетінің қалыптасуына ақыл-ойын, күш-қайратын жұмсаған қоғам қәйрәткері, елші, болыс. Есімдері ұранға айналуы тарихта өте сирек кездесетін жай. Есімі ұранға айналу үшін, міндетті тірде ол тұлға – батыр болу керек, ел басқара алатын шешендік пен бірге қәсиетті, аруақты, арқалы болу керек. Ал осы Найманның тек Матай руынан шыққан осыншама батыр, би болған екен, ал басқа рулардан қаншама батыр шықты десеңші?. Әулие Бұхар жырау бабамыздың «Найман болсаң Матай бол» деуі бекер емес екен. Жаттанды 2-3- батырды, биді, әулиені ғана айтып, ұрпаққа үлгі болар өзге тұлғаларды тасада қалдыру – тарихқа қиянат болады деп сөзімізді түйіндемекпіз.

Тәнекенің Қөжәбегінің немересі

Гүлжән Мұқатайқызы
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1107

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер