Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:32 - 2015/10/20

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1086
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1086

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1086

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш КЕНЕБАЙ
ЖАҢБЫРЛЫ КҮНГІ КӨҢІЛ-КҮЙ...
Үміт шіркін қайта өшеді жанып бір,
Ауа жетпей, күйін кешем балықтың...
Алматыға жаздай жөндеп жаумаған,
Мына жаңбыр екі күндей жауып тұр.
Әл таусылып, қалғандай ма құр жаным,
Түсініксіз осы қәлді жырладым...
Тоқтап, тоқтап, үздік, создық жауады,
Мезі еткендей сылбыраған бұл жауын.
Іздеместей сол бейнеден басқаны,
Ойлар,ойлар, тағы қайда бастады?
Бір түнеріп, бір ашылып қалады,
Таң атқалы Алматының аспаны.
Бір заманда алға жүйткір жасқанбай,
Ойлар, ойлар, неге еңсемді басқандай?
Бір қызығы көңілімде мына сәт,
Бір ашылып, бір түнерген аспандай...
Жұмаш КЕНЕБАЙ,
18.10.2015 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1086

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер