Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 05:27 - 2015/10/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1082
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1082

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1082

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш КЕНЕБАЙ
ТЕКТІ ҰЛТ!
Құла туса, аладан,
Ол кәдеге жараған.
Біздің Қазақ о баста
Ер Түріктен тараған.
Желден жүйрік жануар,
Тұлпарыңды танып ал.
Біздің ұлттың бойында
Ер Түріктің қаны бар.
Сабақ алған өмірден,
Бір кетпейді көңілден.
Сосын қазақ – ар қарай
Руларға бөлінген.
Тұтас ғылым, бұл деген,
Құл боп қалар, құл деген.
Тексіз болған ежелден
Жеті атасын білмеген.
Жатып алмай, жүрген жөн,
Лайықты өмір сүрген жөн.
Сондықтан да Қазаққа
Жеті атасын білген жөн.
Қазағымның таңы да,
Қанша дерек тағы да?
Ұқсамаған ешкімге
Біздің ұлттың қаны да.
Сен ойымды бұзба да,
Анау - ұл, ол – қыз бала.
Әлемдегі көп ұлттан
Қаны таза біз ғана.
Бақыт түсіп аспаннан,
Ұлы жорық басталған.
Тектілігі адамның
Осы қаннан басталған.
Қожайынға – құл керек,
Қәсиетті - бұл терек.
Міне, біздің қазақтың
Қаны таза, ұлт ерек.
Тіл білмеген – мәз емес,
Өткен күннің сазы – елес.
Бұл қазақтың ішінде
Азғандар да аз емес.
Текті туған, халық ұлы,
Қазағымда салт ұлы.
Олар кілең құлдардың
Бізге жеткен сарқыны.
Бір ерекше ұл болған,
Және сорлы күң болған.
Құл-құтандар онсыз да
Құлақ кесті құл болған.
Ұлымыз бар - саналы,
Қызымыз бар – саналы.
Ақиқаты өмірдің -
Құлдар – құл боп қалады.
Қаның неге, қайнады?
Көзің неге, жайнады?
Ақаң, Жақаң, Әлекең,
Олар ұлттың қаймағы.
Көңіл - бірде толатын,
Көңіл – бірде солатын.
Ана құлдар солардың
Көзін құртқан болатын.
Жас келеді жанарға,
Кілең иттер талар ма?
Тап болған-ау, ұлтымыз
Құл билеген заманға.
Бәрі қалып, азаптың,
Бәрі қалып, мазақтың,
Бұл да өтеді біртіндеп,
Бағы жанар Қазақтың.
Сөз ұғатын қалған жоқ,
Құл ұйқысы қанған жоқ.
Иә, өзім сол күнді
Көріп өлсем, арман жоқ!..
Жұмаш КЕНЕБАЙ
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1082

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер