Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-111849557649 %51 %
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-1328054143 %57 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 02:58 - 2015/09/27

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1065
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1065

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1065

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Zhumash Kenebay
Жұмаш КӨКБӨРІ

Нұр-Дастан!

...Жолы болған жаманның,

Түрі жаман заманның.

«Сыртым дүрдей бөлғәнмен»

Мен бір дертті адаммын.

Болмай елдің елдігі,

Білінеді кемдігі.

Қәзәғіммен ауырған,

Менің дертім белгілі...

Ұлттың басы қосылмай,

Әр жаққа бір жосылды-ай...

Біреу сенер, не сенбес,

Дерттің жайы осындай.

Үміт оты өшуде,

Қиын түйін шешуге.

Билік – бөлек, Ұлт – бөлек,

Әр кім, әр күй кешуде.

Біреу - іші пысып жүр,

Біреу - босқа ішіп жүр...

Қазақ - жерде еңбектеп,

Билік - көкте ұшып жүр.

Сау тамтық жоқ денемде,

Бұл қорлыққа көнем бе?..

Билік - «сенер», мас болар,

«Еуразия» дегенге.

Қазақ – сыртта сор маңдай,

Билік – іште қорғанды-ай.

«ЭКСПО» да оларға

Әдемі ермек болғандай.

Не айтқанын білмейді-ау,

Міз бақпайды, күлмейді-ау...

«140 ұлт!» немесе

«Үш тұғырлы тіл» дейме-ау...

«Қымбат ас боп бозамыз,

Қозбас жерде қозамыз...

«50 елге» қосылып,

Түбі одан да озамыз!,

Бәрін озып, басамыз,

Таспас жерде тасамыз!..»

«2050 жылында

Америкәдән да асамыз...».

«Үлгі болып мұрамыз,

Ауыздарына ұрамыз!..»

««Нұрстандық» ұлт болып,

Жаңа бір қоғам құрамыз...»

«Қазақ ұлты оңбайды,

Құрту керек ондайды!»

Ол қоғамда әрине,

«Қазақ» деген болмайды.

«Арман ол күн бүгінде,

Өзгереді дінің де...»

«Сөйлейді ұлттың барлығы,

«Нұрстандықтар тілінде»...

Денең болмай, денең де,

Енең болмай, енең де,

Болмайды онда әрине

«Қазақстан» деген де...

Қазына-байлық толады,

Басқа бақыт қонады!

«Нұрстандай» мемлекет

Әлемге үлгі болады.

Шаттық кернеп денені,

Қазақ бәрін береді.

«Нұрстанның» көсемі –

Ол да «Нұрдан» келеді.

Үлгі алатын басқалар,

Бұлар нағыз қасқалар.

Шенеуніктер есімі,

Ол да «Нұрдан» басталар.

Жұрттың бәрі біледі,

Көсемі оның Ұлы еді!

«Нұрстандай» мемлекет

Нұр шәшәді үнемі!

Нұрланады қаласы,

Нұрланады баласы!

Нұр шәшәді құлпырып,

«Нұрстанның» даласы.

Мұндай ғажап болар ма,

Нұрланады тоған да.

Біз кәдімгі «тас» дейтін

Нұр шәшәді олар да.

Көз де нұрға тұнады,

Сөз де «нұрға» тұнады.

Бүкіл әлем нұр шәшіп,

Арайланып тұрады.

Мынау ғажап болмаған,

Қалған елдер сорлаған!

Адамзаттың Жұмағы

«Нұрстанда» орнаған.

Көз ұялар жарқылдан,

Қуаныштан алқынған.

«Нұрстанның» жандары

Құйылғандай алтыннан.

Жол да алтыннан құйылған,

Тау да алтыннан қиылған.

«Нұрстанның» үйлері

Ол да нұрдан құйылған.

«Нұр-балалар» туады,

«Нұр-дауыстар» тұнады!

Күндіз-түні дүние

Тек нұрланып тұрады.

Жылатпайды, күлдірмейді,

Алтын үндер күңгірлейді!

Амандасқандар да:

-Нұр-нұр, нұр-нұр!-дейді.

Кілең «нұрлар» келеді,

Тамашаны көреді...

Нүр-әртіс пен нұр-палуан

Күрессе кім жеңеді?..

Шуақ тарар «нұр-шыңнан!»,

Нұр-иықтар қыршылған...

«Нұр-Нұр!»-дейді айғайлап,

Құлақ тұнар «нұр-шудан!»

Нұр-жаулықтар тасталар,

Нұр-тренер басқарар...

«Нұр-еріндер» үлбіреп,

«Нұр-сүйістер» басталар...

Нұр-тамақтан татады,

Нұр-шаттыққа батады.

Нұр-еркек пен нұр-сұлу

Неке қиып жатады.

Нұр-қызғалдақ ырғалып,

Жарқ-жұрқ етер нұрқағып!

Нұр-ұстаздан нұр-шәкірт

Білім алар нұрланып...

Нұр-тілдер де байланған,

Нұр-жүректер жайланған.

Қисық Мырзан бүгінде

Ол да «Нұрға» айналған.

«Нұр-ұйқыдан» оянған,

Ол да «нұрлы» ой-арман.

«Оппозиция» атаулы

Тегіс «нұрға» боялған.

Таудан нұр-тас құлады,

Нұр-сәбилер жылады.

Жазушылар одағы -

Кілең «нұрдан» тұрады.

Көмескі екен мына күн,

Нұр аздау ма, шырағым?

«Нұр-әкимәт», «нұр-аудан»,

«Нұр-қала» мен «Нұр-ауыл».

Қара емес, «нұр-күйе»,

Іңген емес, «нұр-түйе»,

«Нұр-айғыр» мен «Нұр-бұқа»,

«Нұр-сиыр» мен «нұр-бие».

«Нұр-қарғалар» қырғидай,

«Нұр-жемтіктен» қылғиды-ай!..

«Нұр-помидор», «нұр-пияз»,

Жайқалады «нұр-бидай».

Жүгерінің дәні «нұр»,

Арпаның да дәні «нұр»,

«Нұр!», «Нұр!», «Нұр!», «Нұр!» және «Нұр!»

Дүниенің бәрі «нұр»...

Нұр шуаққа боялдым,

Нұр-тамаққа тоя алдым,

«Нұрстанда» бәрі нұр!..»-

Деп жатқанда ояндым...

...Тағдыр салды, көнейін,

Қайтып жерге келейін.

Өңім емес, барлығы

Түсім екен, не дейін?..

Артта қалып тоңған күн,

Бірден «нұр» боп толғандым.

Оянған соң «нұрланып»,

«Нұр-дастанды» қолға алдым...

«Нұр-шабытым» тыйылмай,

«Нұр-ойларым» құйындай...

«Нұр-қаламым» жорғалап,

«Нұрдан» әріп құйылды-ай...

Нұр-шегемен шегелей,

Нұр-ақылым себелей,

Түсіп жатты нұрланып,

«Нұр-ұйқастар» шегедей.

Нұр-бұлақтан нәр алған,

Нүрмен миым жаңарған.

«Нұр-дастаным» - меніңше

Таза нұрдан жаралған...

Күйбең тірлік құрсын да,

Қырсыздан ба, қырсынба?!.

Сен де оқырман, бір сәтке

Сол «нүріммен» сусында...

(«Нұр-дастанның» соңы)

ЖҰмаш КӨКБӨРІ
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1065

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер