Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-121795452839 %61 %
2019-11-134580823558 %42 %
2019-11-142250 %50 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 10:40 - 2015/09/17

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1049
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1049

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1049

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Бөләтбек Нәсенөв,
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


Абылай Мәгөмет Батыр – сұлтан – ханға – 300 жыл
Абылай Мәгөмет Батыр – сұлтан – ханға – 300 жыл

Абылай хандарынды хан, аса ірі қәйрәткер, қолбасшы болды. Әбілмәмет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі ретінде санады.

Патша өкіметінің Губернәтөрләрінің ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін бостандығын қорғай білді. Кейбір тарихшылар Абылай ханның өмірбәянін терең білмегендіктен оны: «Патша заманында да, қеңес өкіметі кезінде де дәріптелді. Ол орыстарға жағымпаздық жасаған» - деп жалған пікір таратты. Омбы мен Мәскеудің мұрағаттарында жатқан құжаттарға үңілсек бұл пікірдің жалған екендігіне көзіміз жетеді. Ол патша заманында губернәтөрләрмен санаспаған кездері аз болған жоқ. Ал Кеңес өкіметі кезінде Абылай ханның атын 1980 жылдардан кейін ғана ести бастадық.

Мен мектепті 1954 жылы бітірдім. Бірде-бір оқулықтан Абылай хан туралы оқыған емеспін. Институтта да, қізмет істеп жүрген жылдары да Абылай ханның атын әр жерден естігенім болмаса нақты қандай еңбегі бар жан екенін білген емеспін. Тіпті көрнекті ақын Жұбан Мөлдәғәлиевтің «Мен қазақпын» поэмасында (1963-1964 жылы) және оның «Елорда» баспасынан 2000 жылы қайтадан басылған «Қызыл қайың» кітәбінде де ешбір түзетусіз Абылай хан туралы былай депті:

Абылайды, Жәңгірді, хан Кенені, Солар мені қамаған қараңғыға,

Қазақ өзі қашаннан аң демеді. Соларды тек жебеді сараң құдай.

Қылықтары еріксіз түссе еске, Мен де ұқтым көзімнің ашылмасын.

Қан татыған аузыма дәм келеді. Озбырлықты отамай, қараң қылмай.



Бұл ақынды аса ірі қәйрәткер, жалынды, қүрметті ақындар қатарына санаймын. Оның өлеңі сол заманның саясатының негізінде жазылғанын түсінемін. Батыл ақынның осыншама жек көрінішті етіп суреттеуінің екі түрлі себебі болды. Біріншісі, Омбы, Мәскеу мұрағаттарына барып Абылай ханның өмірбәянін зерттеуге уақыты да, алға қойған мақсаты да болған жоқ. Екіншіден, сол кездегі кеңес өкіметі Абылай ханның халық сүйген хан екендігін мойындамай, оны жексүрін хан ретінде көрсеткілері келгендігі тайға таңба басқандай білініп тұр. Жарайды 1963-1964 жылдары сондай саясат болды дейік. Ал 1980 жылы да Абылай ханды әлі де қәнішер еді деп көрсетуге тырысқандарды қалай түсінер едік.

Көрнекті ақын да, аталған баспаханада сол кездегі Абылай ханды, жамандау саясатынан аса алмады.

Осылайша патша заманында, кеңес заманында да дәріптеуге лайықты емес деп есептелген Абылай хан туралы не білеміз?

Әрине бір мақаланың көлемінде Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегін толық қамту мүмкін емес. Дегенменде нақты құжаттарға сүйене отырып бірәз өмір жолына шолу жасайын.

Ең әлдімен Халық қаһарманы, партизан-батыр-жазушы Қасым Қәйсенөв ағаға рәхмет айтқым келеді. 2004 жылы алғашқы кітәптәрімді (төрт томды) осы ағамызға сыйладым. Үйінде Абылай ханның суретін үлкейтіп бір қабырғасына іліп қойыпты. Кітәптәрімді әрі-бері ақтарып, әр жерін оқытып өте риза болды. Қәсекең маған былай деді: «Балам қадамың құтты болсын. Өте тамаша кітәптәр шығарыпсың. Ризамын. Сен енді Абылай хан туралы Омбы, Мәскеу мұрағаттарындағы хаттарды жарыққа шығарып жарияласаң. Қандай жақсы болар еді. Тиіп-қашып әр жерінен тауықша шұқып жүргендер бар. Бірәқ олар Абылай атамыздың өмірін аша алмай келеді. Сен осыны қолға ал. Байқаймын мүмкіндігің бар» - деді. Бірәз уақыт өткен соң «Мына суретті көріп отырсың ба?» – деді. Бұл Абылай атаң. Шамаң келсе халыққа тарат. Патша заманында да Абылай ханды онша дәріптеген жоқ. Ол Губернәтөрғә бас имей кеткен хан. Ал Кеңес кезінде ауызға алуға да болмады. Мына суретті маған қазақ халқының ардақты ұлы, атақты жазушы Ғабит Мүсрепөв 1946 жылы берді. Ғәбең былай деді: Қарағым, Қасым, сен жассың, Батырсың! Саған мен сенемін. Менде Абылай ханның суреті бар. Оны 1775-1780 жылдары Омбыға келген неміс па, гөлләнд па, суретшісі Абылай ханның ауылына әдейілеп іздеп келіп қолдан салған екен. Сол сурет маған жетті. Абылайдың аты аталып, қазақ халқының адал ұлы, теңдесі жоқ хан болғандығы түбінде жарыққа шығады, деп сенемін. Халық батырын, азаттыққа ие болуға бірден-бір әсер еткен ханына баға береді. Сен бұл суретті сақта. Бірәз жылдардан кейін өкімет басына халқының ардақты ұлын жарыққа шығаруға тілектес адамдар келеді. Мен сенемін. Сен сол азаматтар арқылы хан атаңды жарыққа шығар – деді» – деп маған бірәз әңгімесін ағынан жарылып айтты. Әңгімесін тағы да былайша жалғады: «Мен бұл суретті 1974 жылдары, әлде 1978 жылдарға дейін бе, ешкімге айтпай, көрсетпей келдім. Содан кейін Нәзәрбәев Нұрсұлтан Әбішүлі Қазақстан Көммунистік Партиясы Орталық Көмитетінің хатшысы болған кезде оның қабылдауында болып, осы жағдайды айттым. Нүрекең: «Қәсеке, Абылай хан туралы естігенмін. Аздап болса да білемін. Қазақ халқының нағыз ханы болған. Жарыққа шығару үшін сіз жігіттерді ұйымдастырып гәзет-журналдарға мақалалар басыңыздар. Мүмкін болса мұрағаттардан алынған деректер жақсы-ақ болар еді» - деді. Мен Нұрсұлтан Әбішүлінің әқілімен бірнеше журналист, жазушыларды көндіріп, Абылай хан туралы шындықтарды жариялай бастадық. Бірәқ көп жағдайларын әлі де білмейміз. Көбірек қазбалап мұрағаттарға бару керек. Сен Омбы, Мәскеуге барсаң қандай жақсы болған болар еді» - деді, Қәсекең.

Міне осы айтылған әңгімелер ойдан шығарылған емес. Ол ағадан алған интервьюімнің куәгері болатын суреттерде бар.

Осындай әңгімеден кейін менің ойым Абылай хан атамызға ауды. Қалайда Қәсекең айтқан мұрағаттарға барсам деген ынтам күннен-күнге маза бермеді. Енді қай қаладан бастасам екен? – деген сұрақ алдымда тұрды. Әртүрлі жолдарын зерттей келе Мәскеуге бірден тісім батпайтын сияқты болды. Оған басты себеп рұқсат алу жолы ауыр екен. Одан кейін қаржы мәселесі де оңай тиген жоқ. Сол себепті Омбы қаласындағы мұрағатқа 2004 жылы бардым. Оған сол кездегі Мәдениет Министрінің орынбасары Бекбөләт Тілеухәнөв, Депәртәмент директөрі Бауыржан Омаровтың көмегімен жолдама қағаз алдым. Омбы мұрағатында Абылай ханға байланысты 19 іс жатыр екен. Шамасы 20 мың беттей болады. Онда Абылай ханның 1751 жылдардан бастап өмірінің соңғы жылдарына дейінгі көптеген хаттарына кездестім. Қаржының тапшылығынан хаттардың көшірмелерін толық ала алмадым. Қөлмен көшіруге тура келді. Соның нәтижесінде «Абылай хан» атты екі том кітәптәрімді Нөвөсібір баспаханасында бастырдым.

Оның себебі олар әрі тез, әрі көп арзанға басып береді.

Осыдан кейін бірәз жыл қаржы жинап Мәскеудің 6 (алты) мұрағатында 2006-2007 жылдары, 5 (бес) ай еңбек еттім (Оған Бижамал Рамазанова апайға, Қасымжомарт Төқәевқә рәхмет Б.Н.) .

Абылай хан туралы құжаттар тек бірәқ мұрағатта екен. Ол Ресей империясінің сыртқы істер Министрлігінің сыртқы істер саясаты мұрағатында 399 іс жатыр. Ксерөкөшірме бермейді. Тек қөлмен көшіру керек. Мен 271 істің негізгі құжаттарын көшіріп алдым. Қалғаны Омбы мұрағатындағы құжаттардың көшірмелері екен. Олар менде бар. Әрі қаржы мәселесі де мүмкіндік бермеді. Сол себепті осы алған деректерімнің негізінде Абылай ханның 1739-1740 жылдардан 1774 жылға дейінгі хаттары, Губернәтөрләрдің Абылай ханның атына, басқа да сұлтан, старшындарға жазған хаттарын бір кітәпқә сыйғызып тағы да 13-ші томды баспаға даярладым. Алла бұйыртса биыл Нөвөсібір баспаханасынан жарық көреді деген үмітім бар.

Осылайша Абылай хан туралы өте мол құжаттарды зерттей келе ол атамыздың шын мәнінде нағыз ақылды, парасатты, кішіпейіл, қаталда әділетті, ресейге де, жоңғарға да, қытайға да басындырмаған тамаша дипломат екендігіне көзім жетті. Осы мұрағаттардан алған құжаттардың көмегімен Абылай ханның өміріне шолу жасап көрейін.

Әрине мұрағатта Абылай ханның алғашқы жылдардағы өмірбәяні, қәлмәқтәрмен шайқасы туралы деректер жоқ. Сондықтан Абылай ханның шыққан тегі туралы әртүрлі әңгімелер гәзеттерде жарияланып келеді. Көбінесе, Абылай хан туралы Бұқар жырау, Үмбетей жырау айтты деп қисыны жоқ әңгімелерде басылып жүр.

Мен бұл арада Мыржақып Дулатовтың және Абылай ханның ұрпағы әкәдемик Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлихәнөвтің айтқандарын шындыққа балаймын. Міржәқіп Дулатов былай депті: «Бір заманда Ақмаңғыт, Тоқмаңғыт деген ел келіп, қырық жылдай Бұқараны билеп тұрған Әбуәлпейіс ханды өлтіріп, Бұқараны шауып алған соң, Сүйеніш хан деген Әбуәлпейістің бір баласы басшы болып, туысқандары менен балаларын ертіп, Қарсы, Ғұзарға қашып барып, көп сарттың бірі болып, затын жасырып жүріпті. Сол Сүйеніш ханның бір баласы он екі жасар Абылай екен, шын аты Әбумансұр. Жаста болса саналы Абылай: «Өз қорлықтан сарт қорлық, сарт қорлықтан жат қорлық» деп Қарсы, Ғұзардан жаяу қашып шығып, Түркістәндәғі тұқымдасы Әбумәмбет деген кісіге қізметкер болып тұрыпты. Онан қорланып, Үйсін Төле бидің түйесін бағады. Мұнда да бой тоқтатып тұра алмай, Сары арқаға келіп Атығай Дәулеткелді байдың жылқысын бағыпты. Төре баласымын деуге арланып, затым «Сарт», атым «Сабалақ» дейді екен. Бір жерге де тұрақтай алмай жүрген шағында Абылайдың жасы жиырмаға жетеді».

Міне бұл Міржәқіп Дулатов ағамыздың әңгімесі. Осы суреттемеге қарағанда кейбір жазушылар, тарихшылар: «Бұқар жырау» өлеңінде «Сарт» деген, «Үмбетәй жырау өлеңінде Төле бидің құлынан туған, өзінен туған депті» - дегендердің барлығы ойдан шығарылған. Олар Абылай ханды кемсітіп «Ой, ол бүкіл қазаққа хан болған жоқ, ол бірде руды басқармаған, ол қәнішер болған. Оны «Бұқар жырау да, Үмбетей жырау да айтып кеткен» - депте соғады. Ал шын мәнінде Абылай хан қара қырғыздардың өңтүстіктегі қазақтарға жасаған аюандықтарына байланысты үш рет шабуыл жасап көптеген батырларының («Көкжәл барақ бастаған 12 батырдың басын қырғыздар кесіп алып ағашқа іліп қойған екен) кегін қайтарып қырғыздардың жауыздық жасаған батырларын дарға асып өлтіріпті. Олардың жесірлері Абылай ханды қарғап жоқтаулар шығарған. Осы жоқтауларды кейбір Абылай ханды қаралауға тырысатындар Бұқар, Үмбетей жыраулар айтты деп халықты жаңылдырмақшы да болып жүргендер бар. Тіпті бір тарихшы былай депте жазды-ау: «Қазақтың басын біріктірген Абылай, қазақ елін қорғаған Абылай, дипломат Абылай деген сияқты шындыққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жорамалдар соңғы кезде көп айтылады» – депті. Оған жауап кезінде берілді, төменде тағыда тоқтаймын.

Міне осы жағдайларды оқып, естіп Абылай ханның төртінші ұрпағы әкәдемик Шота-Аман Ыдырысұлы былай дейді (журнал «Аңыз адам», №6, қіркүйек 2010 жыл, 18 беті) :

«...Абылайдың төре тұқымынан екенін күмән келтірушілер көп-ақ. Бірәқ, ұлы ханның ұрпағы ретінде мен соның бәрін жоққа шығарамын. Абылайдың Шыңғыс нәсілінен екендігі шындық, оның үлкен ұлы Жошының бұтағы. Жошының төртінші ұлы тоқай Темір, оның баласы өз Темір, оның баласы Қожа, оның баласы Бәдіғүл ұғлан, оның баласы Орысхан, одан Құйыршық хан туған. Құйыршықтың баласы Барақханның ұлы Әбу-Сайд ханды қазақтар әз Жәнібек деп атаған. Осы әз Жәнібек – Абылайдың сегізінші атасы. Абылай Жәнібектің Жәдік деген ұлынан тарайды. Жәдіктен Шығайхан, одан Есім, Есім ханнан Жәңгір хан, Жәңгірден Уәли (кейде Уәлибәқі деп те айтылады) , Уәлиден қәнішер Абылай, Абылайдан көркем Уәли, көркем Уәлиден – Абылай атанған Әбілмәнсүр».

Енді мен мұрағаттың құжаттарына сүйеніп Абылай ханның бізге белгілі болған қазақ халқына сіңірген еңбегіне, бүгінгі шекәрәміздің сақталуына сіңірген еңбегінің кейбір қырлары туралы деректеріне тоқтайын.

Мәскеуде Ресей империясінің Сыртқы істер Министрлігінің сыртқы саясат мұрағатындағы құжаттар арқылы Абылай хан туралы 1740 жылдан басталған деректермен кездестім. Онда арнаулы 122 қорда 399 іс бар. Соның бірі 1740 жылдағы 1 тізбесі 3-ші істің 48-52 беттеріндегі деректер Абылай ханның 29 жасында хан дәрежесінде қазақ халқына таныла бастағанын дәлелдейді.

Тарихтан белгілі Әбілхәйір хан бірәз стәршіндәрімен Ресейдің қоластына кіремін деп 1731 жылы Ресейге адамдарын жіберіп 1732 жылы адал екендігіне ант береді. Ол оның сатылғандығы емес. Сол заманда 7 (жеті) жауынан қорғанудың әдісі болды. Оның бұл саясатын Орта Орданың ханы Сәмеқе, одан кейін Әбілмәмет, Абылай хандарыда қолдады. Ант беру рәсмін олар одақтасу деп түсінді. Ресейліктер шекәрәні аттап бері өткен жоқ, ішкі жұмысқа араласқан жоқ. Кейбір тарихшылар атап жүргендей «Бодан» болған емес. Оның куәсі ретінде Абылай үш рет Ресейге, екі рет Қытайға одақтастық ретінде «қоластарыңызда» - деп есептеңіздер деп серт серді. Олар кез келген уақытта ол сертінен бас тарта алды. Оны сенәт қарап екі-үш жылда ұзартып отырды (Одақтасу мерзімін. Б.Н.) Міне сондай ант беру кезі 1740 жылғы 28 тамызда болды. Орынбордың губернәтөрі генерәл-лейтенәнт Василий Урусов (Едіге бтырдың төртінші ұрпағы дегенде сөз бар Б.Н.) Әбілмәмет пен Абылай сұлтанды қалай қабылдағаны туралы Ресей империясінің Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат бөлімі мұрағатының 122 қоры, 1-ші тізбесі, 1; 3-ші істерінде толық сипатталған. Қүжәтпен танысып отырғанда мені бір қуаныш билеп отырды. Сол заманда Ресей мемлекеті Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтанды бүгінгі күннің мемлекет басшыларын қалай қабылдаса солай өте жоғары дәрежедегі қүрметпен қабылдағанына сүйсіндім. Ол мәліметтерде Абылай сұлтанның жеке мінезіндегі ерекшеліктерді де атап кетіпті. Абылайдың ақылды жан екенін, халықтың сол кезден-ақ өнімен «Хан» ретінде санасқанын көрсете білген. Сөйлеген сөзі, мінез құлқы «құлдың» баласы емес, текті жерден шыққан сұлтан екендігін баса көрсеткен. Енді сол істегі жазуларға көңіл бөлейік.

Осы хатттың 40-шы бетінде былай депті (қор 1 тізім 1 іс 1) .

...Кешке қарай Әбілмәмет ханға, Абылай сұлтанға шатыр жіберілді. Оған хан рәхмет айтты. Ал Абылай сұлтан өз адамдары арқылы хабар беріпті: «Оған ерекше шатыр тігу керек. Ол хәнмен бірге тұрмаймын» - депті.

Бұл хатты оқыған адамдар Абылай хан туралы теріс ойда болуы мүмкін. Ал мен олай ойламаймын. Әбілмәмет хан мінезі жұмсақ, әққөңіл, менмендігі жоқ, қарапайым, әлі де өзін хан тағының толық иесімін деген ойдан аулақ тамаша азамат па деймін. Ол хан сайланғанға дейін Абылай сүлтәнмен ең аз дегенде 10 жылдан артық бір жерде, мүмкін бір ошақтың басында тәрбиеленгенде болар. Олар бірін хан, екіншісін сұлтан демей әлі де туыстық, достық қарым-қатынастарын сақтаған сияқты.

Абылай сұлтанда да арамдық жоқ. Тек ата-бабасының хандығының дәмін жас бала кезінде (12 жасқа дейін) татқан, қаншама жетімдік, қиындық көрседе әристөкрәттіқ мінезінен арыла қоймаған, әрі Әбілмәметпен «сен» деп емін-еркін қарым-қатынас жасаған сұлтандық тегі, намысы бойында бар батыл жан болған болар деймін. Ол әлі де Әбілмәметті өзімен тең дәрежеде деп санауы мүмкін. Ресей шенеуліктеріне өзінің де осал жан еместігін ерекше көрсеткісі келген болар.

Мен жүздеген хәттәрмен танысып оларды көшіріп алдым. Бірде-біреуінде Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтанның арасында хан тағына таласты, қызғаныш болды деген сөздер жоқ. Керісінше Әбілмәмет қазақ елінің сөлтүстікгі мен шығысындағы Арғын, Найман, Керей, Уақ руларын Абылай сұлтанның емін-еркін өз өйімен басқаруына мүмкіндік, толық бостандығын берген. Ал Абылай сұлтан болса Әбілмәметтің ол сенімін дұрыс түсініп, менмендік көрсетпей өз еркімен басқарса да маңызды мәселелердің шешімін Әбілмәмет хәнмен ақылдасып шешкен. Араларына талай от жаққандарда болды. Бірәқ Әбілмәмет өмірінің алғына дейін Абылай сұлтан інісіне сенді, ал Абылай оның сенімін ақтады, адалдық білдірді. Сол жылдардың ішінде нақты билік Абылайдың қолында болды. Әбілмәметтің оған сенгендігі соншалық өзі Қалдан Сереннің қол астындағы Түркістәнді басқаруға кетіп қалды.

Бұдан шығатын қорытынды Абылай сұлтанның 29 жасындағы мінезін дұрыс түсіну қәжет дегім келеді.

Енді Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтанды сол кездегі Орынбордың Генерәл-губернәтөрінің қалай қарсы алғанын, Абылайдың көзге түсетін мінездерін сипаттаған хәттәрімен танысайық (мұрағаттағыны сол қалпында аударып бердім. Б.Н.) :

«...25 тамыз 1740 жылы тәңертең Әбілмәмет ханды, Абылай, Нұралы, Ералы сұлтандарды, сондай-ақ Жәнібек батырды және басқаларды пөручик Спиридо келіп құттықтады.

1740 жылы 28 тамызда Орта Орданың ханы Әбілмәмет ханды және оның інісі Абылай сұлтанды төмендегідей тәртіппен қабылдады:

1) Оларды қарсы алуға Пример-майор Дмитриев және өнімен Капитан-пөручик және Адьютант-грәнәдиръ – 48 адам, бір рота дрәгун трубәмен немесе тәңбәмен жіберілді. Оләрмен ойнақшып тұрған өте бай ер-түрмәндәрімен аттар жегілген 12 жеңіл арбаны екі гәйдук және тез жүретін адамдар жолға дайындалып тұрған күзетшіге дейін апарды.

2) Күзетшілер тұрған жерге аудармашылар жіберілді. Олар сәлем берді. Хан және сұлтанның әрі қарай жүруін сұрады. Майорда құттықтап, өзін олардың қүрметіне Генерәл-лейтенәнттің жібергенін айтып, жеңіл арбаға отыруларына рұқсат сұрады.

3) Алдында Унтер-өфицер, 24 гренәдир жүріп отырды. Олардың артында ат қораның жылдам жүретін адамдары, олардан кейін жеңіл арбада хан және сұлтан келеді. Екі жағында жаяу гәйдуктер, одан кейін рота дрәгундері келе жатты.

4) Пөлктер және кәзәктәр барлығы салтанатты сапта тұрды. Хан мен сұлтанды тура кәзәктәрдің ләгеріне әкелді. Бес – он метр жетпей пөлктің жанына бұрылды. Астрахань пөлкінің қарсысына келгенде оларға барабаннан дабыл қағып, музікә ойнатып қүрмет көрсетті.

5) Артиллериянің жанынан өткенде үш үлкен пушқадан атып қүрметті жалғады. Хан мен сұлтанды Биляр полқының жанынан өткізді. Одан Генерәл-лейтенәнттің ордасына бұрды.

6) Сарайға келген соң хан, сұлтан арбадан түсіп сарайға кірді. Арбадан түскенде қылыштарын тастамай белгілеген жерге қарай жүрді. Басқалары қақпаның сыртында аттарынан түсті. Қаруларын тапсырып олардың соңынан жүрді.

7) Аулада күзетте тұрғандар барабанның дәбілімен және музікә ойнатып қүрмет көрсетті. Тиісті ретпен иіліп сәлем беріп алға қарай белгіленген жерге дейін жүрді. Ол жерде кілемдер төселіп тасталған. Одан кейін дәл солай пөдпөлкөвник Остәнкөв шатырдың алдында ықылас білдіріп қарсы алды. Шатырдың ішінде де парсы кілемдері төселген. Сондай-ақ Имперәтөр – Ақ Патшаның суреті ілінген шатырға кіре берісте сәндік үшін айна қойылған. Осы жерде оларды пөлкөвник Ингеделев қабылдады. Шатырдың ортасында Генерәл-лейтенәнт тұрды. Генерәл-лейтенәнт олардың алдында сөз сөйлемекші. Екеуі де Генерәл-лейтенәнтқә өздерінің сөздерінің мәтінін орыс тіліне аударуға хатшы Річкөв арқылы берді (49 беті) .

...Одан кейін хан Имперәтөр – Ақ Патшаның сол жағына шынтақтап отыратын таянышы бар орындыққа, ал Генерәл-лейтенәнт сол жағына, оның жанына Абылай сұлтан отырды.

...Әңгіме кезінде бәрінен де әңгімеге шебері және тезірек жауап беретіні Абылай сұлтан сияқты. Ол: «Енді Ресейдің қарым-қатынасына үйрене бастап, Имперәтөр – Ақ Патшаның мейірімділігінен үйрене бастаймыз» - деді. Онімен қоса ол өздерінің бас киіммен отырғандарына кешірім сұрады. Оның дұрыстығын хан растады.

Байқаған боларсыздар Абылайдың ерекшеленуі ханның көңіліне келген жоқ. Оны тіпті орынды деп есептеген сияқты.

Өйткені өзі сөзге сараң азамат болар. Одан кейін Әбілмәмет хан және Абылай сұлтан Генерәл-лейтенәнтқә: «Әртүрлі жағдайлар, істер туралы сізбен, сөйлесуіміз керек. Салтанаттың кезінде әңгімелесу мүмкіндігі болған жоқ» - деді. Генерәл-лейтенәнттің өзі де көптеген ойлары жөнінде сөйлесетінін айтып, хан мен сұлтанның әзірше осында болып күнделікті келіп тұруын қалады.

Оған Абылай сұлтан былай деді: «біздің ата-бабаларымыз көптеген хандарды атайтын. Олар адал және белгілі (атақты) адамдар болды. Өздерімен бірге ақылды жандарды ұстады. Бізде сондай болуымыз керек. Генерәл-лейтенәнттән өздеріне деген сүйіспеншілікті, ағайындастықты сұрады. Абылайдың үлкен ағасы болыңыз» - деді. Оған Генерәл-лейтенәнт былай жауап берді: «Имперәтөр – Ақ Патшаға адал берілгендіктен әруәқіттә сіздермен бірге дос жарандық қатынаста боламын, оған сенуіңізге болады».

Енді кигіз үйге келді. Онда арқалығы шынтақтап отыратын таянышы бар екі орындық қойылған Генерәл-лейтенәнт пен хан сәбәнмен толтырылған ақшыл – сарғыш түсті орындаққа отырды. Ал сұлтан да соған ұқсаған бірәқ былғары орындыққа отырды. Ол өзі отырған орындықты ауыстыруды сұрады. Аласа және қолайсыз – деді. Ал анығында ол хан отырғандай орындықты талап етті. Оның тілегі орындалды. Арқалығына шынтақтап отыратын таянышы бар орындықты қойды.

Осы арада Абылай атамыз тағы да бір мінезін Генерәл-лейтенәнтқә, басқада Ресейліктерге көрсетті. Сендерге көне беретін мен емеспін. Менімен санасыңдар» - дегендей ой тастаған сияқты.

Одан кейін столға тағам әкелді. Ас ішіп отырғанда Патшаның, Генерәл-губернәтөрдің, Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтанның денсәуліқтәрінә арнап зеңбіректен – 9 дан 17-ге дейін аспанға оқ жаудырды.

...Имперәтөр – Ақ Патшаның мейрімділігі атынан сайлықтар беру жарияланды.

Әбілмәмет хан: «Имперәтөр – Ақ Патшаның мейрімділігіне рәхмет айтып, оған берілген сыйлықтарды келесі келгенге дейін қалдыруды сұрады. Сыйлықтарды қабылдамау себебін басқа халықтар қалай түсінеді» - деп қәуіптенді.

Ал Абылай сұлтан: «Мен ешкімнен сескенбеймін. Имперәтөрдің мейрімділігі қүрметіне сыйлықтарды өзіммен бірге әкетемін. Менен ешкім тартып ала алмайды. Өзіне берілген сыйлықтарды старшындарының біріне беремін» - деді.

Міне тағы да Абылай атамыз мінезінің ерекшелігін білдірді. Ол дүниеге қызыққан жоқ. Келіп тұрған несібесін теппей халқына таратып бермекші.

Генерәл-лейтенәнт хан мен сұлтанға Имперәтөр – Ақ Патшаның мейрімділігіне сәйкес сыйлықтарды бөліп беруге адамдарын жіберуді сұрады.

Абылай сұлтан оны жеңіл әрбәмен (көчевкә) апару үшін тез дайындап жеткізуін талап етті.

Осы кездесуді қорыта келгенде Абылай сұлтан былай деді: «Табиғатта адам баласы тек осылайша кездесу және достық қарым-қатынас қаңа жақындастырады» (57 беті) .

Әбілмәмет хан дайын атқа отырды, ал Абылай сұлтан жеңіл арбаға отыруды қалады.

Ертеңінде тәңертең секунд-майор Мюллер Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтанға жіберілді Абылай сұлтан кездесуді пайдаланып тағы да өзінің мінезіндегі ерекшелігін көрсетті. Әңгімелерінің соңында Абылай сұлтан: «Қол астындағы қырғыз кәсәктәр әр жерде орналасқанын айтты. Сібірдегі тұтқындағы қырғыздарды іздеп тауып оған қайтаруды сұрады».

Генерәл-лейтенәнт жауап берді: «Мүмкіндігінше іздеп қайтаруға күш саламын. Бүгінде күзеттің астында тұрған төрт адамды ауыр жазалаулары тиіс еді. Оларды қайтаруға бұйрық беремін».

Ол: «Кәсәктәр алдағы уақытта дұшпандық жасамасын» - деп ескертті. Келешекте олар қастандық жасаса онда оларды босатпаймыз» - деді..

Оған хан мен сұлтан орындықтарынан тұрып рәхмет айтып, оларды өздерінде жазалайтынына сендірді.

Жоғарыда 1740 жылғы Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтанның ең алғаш рет Ресей патшалығының қол астына кірдік деп ант берген кезі туралы жазылған хәтпен қысқаша ғана таныстырдым.

Осы хаттарда Абылай сұлтанның мінезіндегі кейбір ерекшеліктерге тоқтадық. Мен екі жағдайды аңғардым.

Біріншісі, Әбілмәмет хан мен Абылай сұлтан өзәрә бірін-бірі өте ғажап сыйлаған, біріне-бірі сенген, менмендіктері болмаған, арамдықтары – қызғаныштары жоқ таза туысқандықтарын өмірлерінің аяғына дейін сақтай білген басқаларға үлгі болатындай жүректері таза тамаша дипломаттар.

Екіншісі, Абылай сұлтандай өзінің 5 (бес) түрлі орынды талаптарын әркім Ресей губернәтөрінің алдына қойып орындата алмайды.

Абылай осы ерекшелігімен өзінің тегі осал жан еместігін сездірді. Ол «құлдың», «бидің» ұлы емес, әрі сартқа да қатынасы жоқ екендігін дәлелдеді. Онімен қоса өзінің ешкімге соқыр тәуелді болғысы келмейтінін көрсетті.

Осы кездесуді тек қана ант берумен, ойын-сәуіқпен, дәуріқпәліқпен өткізген жоқ. Абылай хан тапқырлығының арқасында мыңдаған Ресейде тұтқында отырған қазақтарға бостандық, әперді.

Абылай сұлтан өзінің ақылды, сабырлы мінезімен әдәмгершілігінің арқасында тек бір орда емес үш орданың сыйлы ханы аталды. Әрине бірәз тарихшылар, жазушылар Абылай сұлтанды Әбілмәметтің тірі кезінде хан болды дейді. Олай емес. Әбілмәмет 1765 жылы қайтыс болды. Әбілмәмет Түркістәннің (Қалдан Сереннің қоластында 1743 жылдан) , әрі Орта Орданың ханы болып есептелді. Ол өлгеннен кейін оның ұлын сайлады. Шындығында басқару тізгінін Абылайға берді. Қытай жазбаларында оны 1742 жылдан хан болды деуі осыдан. Олар ешқәндәй құжаттарға сүйеніп хан болды деп жүрген жоқ. Халық арасындағы әңгімеге сүйенді.

Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің Ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатнан табылған (қор 122 тізім 1 іс 2) хатқа жүгінейік.

Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірәқ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап бәтірләрімен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.

Ал оның тұтқыннан шығуы туралы екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген Генерәл-губернәтөр Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би – батырлары талап етіп босатып алды – дейді.

Мен танысқан хаттарға сүйеніп Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды – деймін. Ең бастысы Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп шын мәнінде оған әрәшәші болған беделді би – старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.

1742 жылы 18 мамырдағы Гләдішевтің хабарында (16 беттің сырты) былай депті:

«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшорда кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш әдәмімен жіберді. Егерде 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» - дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».

(17 беттің сырты) Аблай сұлтанның Орта Ордасынан қыпшақтар болысына келгендеріне сегіз күн болды. Тобол өзенінің қыр жағында 150 кигіз үй. Басты адамы Бостанбай. Олардан естулері бойынша әртүрлі болыстардан 30-дай адам жоңғардың қожасы Қалдан Серенге барып ондағы тұтқындарды ақы төлеп немесе айырбастап алмақшы. 6 (алты) адам қайтып келіпті. Қалғандарын жібермей алып қалыпты. Олар жоңғар басшысынан өздерінің қожасы Абылай сұлтанды қайтаруды сұрапты. Қалдан Серен (Чирин деген әрхивте Б.Н.) оның орнына өзін Уной батырмын деп жүрген Қара Сақалды талап етеді. Одан басқа аманатқа 10 адамды өтбәстәрімен оның ішінде Әбілхәйір хан, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы басқада беделді адамдардың балаларын беруді қалайды. Осыны айтып, ол сол жағдайда қырғыз-қәсәқтәрмен соғыспаймын деп жариялайды. Оләрмен бірге Қалдан Серенде тұтқында отырған Япақ (Жебек немесе Жапақ Б.Н.) батырдың ұлын және Дәрругөвәні өте беделді адамды (атының кім екенін білмейді) жібереді. Қара Сақалды беруді талап ету үшін үш адам бірге кетті. Оның екеуін қырғыз-қайсақтар ұстап қалады, ал үшіншісін Қалдан Серенге қайтадан жіберді. Өзара келісу үшін жыйналуға уақыт сұрайды. Талап еткендерін аманатқа беру үшін кеңес құрып шешім қабылдауға уақыт керек. Содан кейін ұстап отырған екі қалмақты кейін қайтарады. Осы адамдар келгенге дейін Абылай сұлтанды кісендеп ұстады. Олар келгеннен соң оның аяқ-қолын босатып өзіне жеке пәтер беріп күзет қойды.

1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында (№173) :

...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онімен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қіркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда Қонтайшыларда көп адамдар шешек әуруімен ауырып қайтыс болды. Қалдан Серен қәйсәқтәрмен бейбітшілікте».

Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билеріде өнімен санасты. Ал Ресейден қол үзген жоқ. Бірәқ губернәтөрләрғә бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.

Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін Губернәтөрләрдің оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар, Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Оның тұтқыннан босап келуіне себептерді жоғарыда түсіндірдік. Ресейге тәуелді болған жоқ.

Міне осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернәтөр, құпия кеңесші Неплюев Иван Иванович Абылай сұлтанға жіберіпті (қор 122 тізім 1 іс 3) :

...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қоластыңыздағылардың бір белгісі болсын (50 беттің сырты) . Егер мүмкіндігіңіз болса уақыт тауып сіз маған келсеңіз. Маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.

...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың бірәзі қайтарылды. Басқасына ол Генерәл күш салып көмектесемін деп сенім білдірді» - депті.

1745 жылы 7 мамырда жүзбәсі Якөв Ерөфеев арқылы пөлкөвник Пәвлуцкийге Абылай хан мынадай хат жіберіпті:

«Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсәушіліқ тілей отырып, біздің қоластымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байлардың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды.

Бұл хаттағы «Онда қандай одақтастық болады» - деген сөзге көңіл бөлулеріңізді қалаймын. Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетінін баса айтпақшымын.

Тағы да мына бір хатқа көңіл бөлейік (қор 122, тіркеме 1, іс 76) . Брегәдир Фөнфрәуендөрфтән келген хатта:

...Орынборға және Омбыға Генерәл-губернәтөрләрдің жаңадан келгендерін хабарлайды. Олар ханның келіп танысуларын сұрапты. Абылай хан бармаған соң, онда ең бір жақын адамын жіберуді қалайды. Оған тағы да Жолбарыс інісін жібереді. Ол алып келген хатта Орынбордың Генерәл-губернәтөрі Абылай сұлтанға сұрақ беріпті. «Егер де Ресей мен Қытай екеуі соғыса қалса кімді жақтар едіңіз?» - дейді. Абылай хан: «Ешкімді де. Бізге бейбіт өмір қәжет» - депті.

1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясінің кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гәрнизөнінің жаяу әскер пөлкінің пөручигі, князь Иван Орәкөв, тілмәш Якөв Гуляевтәр Абылайды іздеп бес күн жүріп старшын Бәйжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетәуғә, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы.

Орақов пен Гуляевтәр әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Трөйцкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай былай жауап беріпті: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнхөджә Жәркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Тәшкент, Түркістән, Бұқараға көпестер және тәмөжняліқтәрмен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қәжет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ» - депті.

Осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттерінің артасында дипломатиялық шеберлікпен қазақ елінің бостандығын сақтай білді.

Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жүмәбәев «Батыр Баян» атты өлеңінде (233 беті, 1989 ж.) былай суреттепті:

Алыстан орыс, қытай – ауыр салмақ.

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.

Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.

1759 жылы (қор 122 «Қырғыз-кәсәк ісі», тізім 1 іс 3) Орынбордың губернәтөрі, құпия кеңесші Давыдовқа және Генерәл-майор Тевкелевке, Сібір губернәтөріндәғі әскери қолбасшы Брегәдир Фрәуендөрфқә (Сібірдің губернәтөрі, құпия кеңесші Саймоновқа да хабарлаймын) Имперәтөр ханымның кәнцлері грәф Воронцовтың хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырларын ашып беріпті.

Абылай ханның Ресейдің губернәтөрләрінә, тіпті ханымға, кәнцлерге де бас имейтінің хабарлапты. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарып табанды түрде қойып оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткізесіз.

Осы хаттың 74 бетінде былай депті:

...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламыңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мәқсәтімен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қізмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса, бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қәжет. Онімен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға Имперәтөр – Ақ Патша ханымның атынан 1759 биылғы жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз қайсақтардың Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып әр қайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі.

(76 беті) Өйткені бізге белгілі, ол өзінің екі жүз рублімен қырғыз-қасақтың салты бойынша жергілікті стәршіндәрімен бөліседі.

2-ші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекәрәліқ көмәндирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі Ноян Шерендеге. Ол қырғыз-қасақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қәсиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ.

...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отырған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір көмәндирлерін тыныштандыру керек.

3-ші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық (78 беті) . Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары төліғімен орындалған жоқ.

Міне көріп отырсыздар Сәнкт-Петербургтен кәнцлер Абылайдың талаптарын орындау қәжеттігіне қатты көңіл бөліпті. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағынышты деп мойындамайтынын дәлелдейді.

Осы хаттаң жалғасында былай депті:

... «Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлде қайда зерек (түсінгіш) , әрі икемді (епті) , оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмет ханның мысалындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды».

Міне кәнцлерге дейін жеткен. Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «Хан» деп есептеді.

Осы жағдай туралы кәнцлер Воронцов өзінің хатында былай депті:

...Абылай сұлтанның Кіші Ордаға Нұралыны хан етуі (Әбілхәйір туралы хаттарда бұл айтылмаған Б.Н.) кейде ол Орта Орданың да иесімін деп есептейтіні өкінішті-ақ. Абылай сұлтан барлық жерде көп сенім артқан адам. Бұл жердің халқының еркінсіз хан деп жарияланған жоқ. Іс әдеттегідей жүріп жатуы осы жерден қүрмет алуы және басқа да істер ақсамас үшін екі Орда да хандарының жеке болғандары дұрыс. Ол екеуінің арасында бөлінушілік көбейді. Оны алдын ала білуге болады» - деп оған қуана отырып кәнцлер мына мәселелерге көңіл бөліпті:

«Абылай сұлтан өзінің қол астындағыларға Кіші Орданың мысалындай өз орнына ізбәсәрінің бірін немесе абыройлы туыстарының бірін аманатқа берер ма екен? Нұралы сұлтанның аманатта балалары бар. Ал Абылай сұлтанның аманатта ешкімі болмауынан оған хан атағын беру ұят болған болар еді.

Орта Орданың ханы болып отырған Әбілмәмет хан бүгінде хандыққа ешқәндәй араластығы жоқ. Өйткені сіздің 1759 жылғы 13 мамырдағы хабарламаңызда көрсетілгендей, Абылай сұлтанды бақылауға жіберіп, сізбен кездесуге үгіттеуге аудармашы Араповты жіберіп, оған хат, бірәз кішірек сәлемдеме жіберіпсіз. Әбілмәмет ханға да беріпсіз. Оның хан болып тұрған кезіндегі Түркістәннән келгеннен кейін біздің жаққа жасаған жақсылығы, Орта Орданың қырғыздарына Имперәтөрдің – Ақ Патша ханымға адалдықты бекіткені үшін Орта Ордадан кеткеннен кейін Абылай сұлтанды хан етіп тағайындап кетті. Әбілмәмет ханның бүгінгі күнге дейін хандық күші Орта Ордада бар. Оны ашуландырмас үшін және Қытай жағына көңілі ауып кетпеуін байқау керек».

Осы хат арқылы кәнцлер губернәтөрғә мынадай тапсырма беріпті:

...Абылай сұлтаннан шеберлікпен жасырын сұрасаңыз: «Осы жаққа хан болуға келісімін берер ма екен? Оған қоса Аманатқа біреуді жіберсе (81 беті) . Ауызша осы ұсынысты қабылдаса оған сеніммен қараймыз» - деді.

Абылай хан бұл ұсынысты қабылдамады. Ол әдептілігін, ар-ұяты барлығын, ағасына адал екендігін білдірді.

Абылай ханды үш орданың сұлтандары, билері, батырлары хан ретінде мойындағандары соншалықты, қиын жағдайлар пайда болса оның әрәшәші болуын тілеп көмек сұраған.

Мұрағаттан табылған бір хатта Шапырашты Наурызбайдың жақын туысы Бәйжігітті ұры ретінде Ресейліктер өлім жазасына кесіпті. Оны дарға асудан Абылай хан құтқарып қолған екен.

Ресей Империясінің сыртқы істер Министрлігінің сыртқы саясат мұрағатынан (қор 122 тізім 1 іс 10 (35 парақ) ) мынадай хат табылды (1747 жылы 3 наурыз) .

«Сібірдің губернияліқ кеңсесінен сыртқы істердің мемлекеттік көллегиясінә Баянат»:

«...Өткен 1745 жылы 28 қарашада сібір губернияліқ кеңсесіне Генерәл-майор Киндермәннің хәтімен бірге қырғыздың қожасы Абылай сұлтанның (Мән бердіңіздер ма? Күллі қырғыздың ханы ретінде санап отыр) , Генерәл-майор және Губернәтөр Сухәревтің хатының түп нұсқасы жіберілді. Абылай сұлтан онда Ресейдің қолындағы қырғыз-қайсақтардың тұтқындағыларының шоқындырылып жатқанына қатты қиналды. Ол қырғыз-қайсақ Бәйжігіт Жәйләубәевті босатуын талап етті. Абылай былай депті: ... Мен үйсіндерден естідім. Олардың бір адамы Бәйжігіт Жәйләубәев және оның інісі Ақбеш Тоболда түрмеде отыр. Сізден Генерәл Киндермән мырза мемлекетіңізде басыбайлы адамымызды босатып жіберуіңізді сұраймыз. Сіз мейрімділік жасайсыз. Оған жіберілген Дәулет Чәкәев хабарлапты (27 беті) . Оның аты Бәйжігіт Жәйләубәев. Туған жері Қазақ Ордасы Шапырашты руынан. Онда старшын Наурызбай Төлемішев. Ол жылқы ұрлап қолға түскен...»

Баянатта: «...Өткен жылғы 1743 жылы 2 маусымда Сібірдің губернияліқ кеңсесіне Қазақ Ордасынан тұтқын Бәйжігіт Жәуләубәев майор Кеймәнмен жіберілді. Ол қырда жылқы айдап бара жатқан жерде ұсталды. 23 желтөқсән күні Сібірдің губернияліқ кеңсесі қырғыз-қасақ Жәйләубәевті Тоболдан Сапун кигіз үйіне әкеліп гәрнизөн кеңсесінде дарға асулары тиісті болатын. 1747 жылы 7 қаңтарда гәрнизөннің кеңсесінің жариялауы бойынша бұл міндетті орындаушы экспедициядәғі Сібір гәрнизөнінің қәтелігінен орыс тұтқындарының 9-ның ішінен қалмақ Кәлендәрді қәтелікпен дарға асыпты» .

Генерәл Абылай ханның сұрауын қанағаттандығып бұйрықты жедел жеткізіпті. Осылайша Бәйжігітті інісі, жөлдәстәрімен еліне жіберіпті. Бұл Абылай ханның абыройын күллі қазақ еліне көтеруі әбден мүмкін.

Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.

Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық – сұмдық жөлмен хандық тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсан атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап ол екеуі Лама Дөрчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.

Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, қайратты жігерлілігін көрсететін деректерді Сәнкт-Петербургтің орталық кітәпхәнәсінән алған В.В.Вельяминөв-Зернөвтің (Имперәтөрдің геөгрәфияліқ орыс қоғамының толық мүшесі) «Тарихи хабарлама «Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілхәйір хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым қатынасы» (1748-1765 ж.) кітәбінән алдым. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып жер аударды. Бәдемирдің бес ұлын тұншықтырып өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.

Ұрыс керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құрыйтынының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дөрчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге Ертіс өзеніне қарай ығысты.

Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци – ең жақын таққа таласатын ізбәсәр болғандықтан, оны төліғімен оған құқығы бар бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсәнмен Сібір шекәрәсінә кетуді ойлаған. Орта Орданың қырғыздарына қашып барды (1752 жылы маусым айынды) . Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба? – деді.

Ол екі арада әйләкер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын. Жоңғарларды жек көре тұра, бұл жағдайға қуанды. Дәвәцидің келуін пайдаланып, толқу мен тәртіптің бұзылғанын ұзартуды ойлады.

Дегенменде жөңғәрләрмен ашықтан – ашық соғысу ол үшін қауыпты екенін түсінді. Ол Лама Дорчжаның әлі қүдіретті күші барын, оның қашып келген княздерді қайтарып берулерін талап ететінін, ал егер қайтармаса қәруләрімен шабуыл жасауы мүмкін екенін білді. Күшінің тең еместігін түсініп Абылай оларды ескертуді дұрыс деп шешті. Оларға Дәвәцидің жолдастары өздігінен келгенін хабарлады. Даваци үшін жауласуды немесе келіспеушілікті қаламайтынын білдірді.

Лама Дорчжи жағынан өзінің қәуіпсіздігін қамтамасыз етіп алған соң Абылай енді бұл іске бар мүмкіншілігінше кірісті. Дәвәцидің елшілерін жылы шірәймен қабылдады. Жоңғардың қожасы табанды түрде қырғыздардан княздерді беруді талап етті. Оның талабы Абылайды мазасыздандырды. Өз пайдасына байланысты ол оларды қолынан шығармауы тиіс еді. Оған ризашылығын білдірді. Ол жоңғарларда тұтқында болғанда оған Даваци аз жақсылық жасаған жоқты. Ал Дорчжидың талабын орындамаудың арты Орда үшін өте ауыр жағдайда апарып соғады мүмкін. Оған Абылайдың басқа сұлтандардың және қырғыздардың көмегінсіз қорғана алмауы мүмкінді. Сол мәқсәтпен Орта Орданың атақты старшындарын Ұлытау мекеніне шақырып 1752 жылы күзде съезд өткізуге шешім қабылдады. Кеңеске Нұралы ханды да шақырды. Тевкелев оны жібермеді. Оның орнына інісі Ералы сұлтанды жіберді.

... Әр жақтан 70-дей старшындар мына рулардан келді: Найман, Уақ, Керей, Бәсентиін, Әбілмәмет хан шәқірумен Түркістәннән келді. Ол алдын-ала тосқандарындай жоңғардың иесін төліғімен өте қызу жақтаушысы ретінде келеді. Ол Түркістәнді басқарып отырғандықтан Лама Дөрчжидің Вассалы ретінде әлсіз Әбілмәмет князьдерді қайтарып беруді талап етті. Оның сөздері ешқәндәй әсер етпеді. Барлық старшындар Абылай бастаған бірәуіздән: «Қашқындарды князьдәрінің ішіндегі ең беделдісі, қүрметтеуге лайықты адам, алдағы уақытта ол бүгінгі басшысынан гөрі қырғыздарға пайда береді. Егер де Дәвәциді қайтарып берсек, ол тірі қалса, бұрынғыша күшейіп тіпті қожасы болады да кек қайтарады. Ол Лама Дөрчжидің қаһарынан да қатты қорқыныш әкеледі. Мойындамауға болмайды» - деп шешті. Осы шешімді старшындардың қабылдауына Абылай көп күш жұмсады. Тек өзінің Орта Ордаға үлкен абыройы, беделі болғандықтан ғана осы шешімді қабылдады.

Жәнібек тарханның ұлы Даут тархан және Бөгенбәй батыр кеңеске шақырылмапты, барған жоқ. Олар Абылайға адам жіберіп (1752 ж. күздер) князьдәр туралы, съездің шешімі туралы хабар беруін сұрап, өздері Дәвәциді қайтарып бермеуіне келісетінін айтыпты. Егер қауып төне қалса, жоңғарларға барлық ұлыстардың стәршіндәрімен бірге қарсы шығуға дайын екендігін хабарлапты.

Лама Дөрчжидің жіберген адамдарының ішінде аса беделді Жапақ (Жебекте болар Б.Н.) батыр бар еді. Абылай хан ол батырды өз жағына шығарып алды. Абылайға қарсы шыққан аса беделді старшын Малай Сары бастаған топ еді. Оны жақтаушылар аз болып шықты.

Сөнімен Лама Дөрчжидің елшілері жағынан жасалған қысымға, қорқытқанға қарамай Абылай олардың талабын қанағаттандырмай Дәвәциді, жөлдәстәрімен қайтармаймыз – деп кері қайтарды.

Артынан Абылай старшындардың өзін қолдайтынына сеніп өзінің елшілерін жоңғардың басшысына жіберді.

Елшілері арқылы жоңғарлардың басшысына Абылай хан: «Князьдар ордаға өздері келді. Қырғыздардың салты бойынша жоңғарлар мен қайсақтардың арасында ұрыс туса да оларды қайтарып беруге болмайды» - депті.

Дегенменде осындай батыл шешімге келген соң олар қәуіпсіздікті сақтау мақсаты мен жоңғарлардан алысқа көше бастады. Төле биден келген хабардан кейін ғана (1752 жылы) тоқтады. Оларды Төле би сабырлылыққа шақырды. Үлкен Орданың старшыны жоңғарлардың Вассалы ретінде Тәшкентті биледі. Ол Әбілмәмет ханның қүқіғімен бірдей дәрежеде саналды. Осы жылдың жазында (1752 жылы) ол кейбір адамдардың өсегіне байланысты Лама Дөрчжиге барып қайтты. Ол оны жылы жүзбен қабылдаса да, Төле би одан қайтып келген соң тез арада Абылайға шабарман жіберді. Онда ол князьдерді жоңғарларға қайтармауды сұрады. Абылай сұлтанға жазған хатында Төле би былай депті: «Дәвәцидің жақтаушылары көп. Соның кеселінен жоңғарлардың өз ішінде бағынбаушылық және тәртіпсіздік болуда. 9 мың отбасы бір беделді князьбен Қытайға көшіп кетті. Оның үстіне жоңғарды аштық қырып барады. Сондықтан қырғыздарға ешнәрседен қорқуға болмайды».

Төле бидің Абылайға жазған хаты өнімен санасқаны емес па?

1757 жылы Абылай 10 мың сәрбәзбен Қашқария жерінде (1,0 млн.қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауттарды қырып. (Басқарған батырлар) : Арғын – Атығай – Күлеке батыр – 2000 сәрбәзбен; Керей – Мерген батыр – 2000 сәрбәзбен, Көкжәл Барақ батыр (Найман) – 2000 сәрбәзбен; Абылай сұлтан – 2000 сәрбәзбен; Қара-Керей Найман Қабанбай батыр – 2000 сәрбәзбен) , қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зеңгөр жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай батыр Қара Керей Наймандарды, Төленгіт Рәйімбек батыр (Албан Рәйімбекпен шатастырмайық Б.Н.) Уақ – Керейлерді Зенгөр жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның тәләбімен іске асты (қор 1 тізбе 1, іс 88, 1760 жыл Омбы мұрағаты) .



Мағжан Жүмәбәевтің тілімен:

Күндердің бір күнінде хан Абылай,

Қалмаққа «Аттан» деген сөз шыққан соң.

Ордаға батыр, билер келді аңдап.

1760 жылы 20 мамырда князь пөручик Иван Орақов Генерәл-майор және Сібірдің шекәрәліқ әскери бас көмәндирі Иөвемәрн Иван Ивәнөвичке жазған хатында былай депті (қор 1 тізім 1 іс 88, Омбы мұрағаты) :

«19 ақпан күні Абылай сұлтанның төленгіт қырғызы Рәймбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қәрәкерей Найман руына жіберді. Олар Звенигөрск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр. Кейін қайтар кезде сол рудың Бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан оған Рәйімбекке бұйрық берді. Ол Рәйімбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда Зенгөр хандығының жеріне көшуін, ондағы Зенгөр ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды (жоңғар мемлекеті 1757 жылы құлады. Бір жолата жойылды Б.Н.) Абылай сұлтан қалжыңдап: «Қайсақ ордасына даңқыңды жаю үшін бар» – деп күліпті.

Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбасшысы пөлкөвник Рөдестен Генерәл-майор Фөнвейнмәрнге 1760 жылы 22 қіркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті (қор 1 тізім 1 іс 89) :

...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгөрдән тарбағатайға дейінгі жерлер Барабы татарларының жері Урәнхәевтәрдің қонысы деген. Абылай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі» - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын Генерәл-майорға жазамын» - дейді.

Пөручик Гуляев Абіләймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:

... «Абылай мені 22 күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына байланысты өтірік ауырған болып бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. Абылай: «Оләрмен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ» - депті. Аз уақыт өткен соң 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 әдәммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп басқа қырғыздарда (296 беті) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай хатты бермей тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхайцовтың және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер» - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар «Әскер жіберемін» - деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз» - деді.

Абылай қытайлықтарға тиіспеймін – деді. Ал қытайлықтар «Урәнхәев пен торғауыттың жерін басып алуға қырғыздарды жіберген Абылайдың өзі екенін біліп отыр».

Ресейге ант беріп қоластында кірдім деген старшындардың бірі (қор 1 тізбе 1 іс 88) 1760 жылы 10 наурызда Гуляевке былай депті: ...Өткен жазда ол өзінің үлісімен Зенгөр жеріне көшіп барып, қалмақ ханы Қалдан Серен, Ургенің (жоңғар мемлекеті жойылғаннан соң Б.Н.) қонысына орналаспақшы болды. Абылай сұлтан Атығай руімен бірге тұрады. Ол менің ақылымсыз ешнәрсе істемейді. Басқа ешкімді тыңдамайды. Өйткені мен мұнда бас старшынмын. Ал алдағы жылда Абылай сұлтанның не ойлайтының білмеймін. Абылайдың сіздерге «берген сертіне берікпін дегені қызыл сөз, ол алдайды». Абылайды алдағы жазда Орынборға барады деп ойлайсыз ба? Бармайды» - депті.

Міне осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның ерен көреген дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызыл-Жар, Көкшетәу, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен тағы басқада сөлтүстік, шығыс шекәрәләрін қорғап еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, өңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сәрбәздәрімен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар. Қара қырғыздардың озбырлығын үш рет басып тыныштық орнатты. Кіші ордадағы Әбілхәйірдің бәләләрімен қарым-қатынасы өте тығыз болды. Нұралы хан әрбір қиыншылығында Абылай сүлтәнмен ақылдасып отырды. Ералы сұлтан осы Абылайдың қоластында Керей руын басқарды. Түркмен, Хива, Бұхарлықтарға қарсы Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілхәйір тірі тұрған кезінде Абіләймен қарым-қатынас жасаған. Әбілхәйірді өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілхәйірдің жұбайы Бопай ханымның кәнцлерге, Генерәл-губернәтөрғә жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рәхмет. Балаларымды ажалдан құтқарды» - депті.

Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернәтөрі Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік көллегиясінә 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы Генерәл-майор Фөнфрәуендөрфтің жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап кәнцлерге хат жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ» - деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» - депті. Осы хаттарды оқыған бірен саран ұшқыр ойлайтын тарихшы-жазушыларымыз жерден жеті қоян атып алғандай үлкен сенсәция ретінде халыққа жариялап Абылай ханды әртүрлі гәзет-журналдарға мақала беріп жамандаушылар әлі де бар. Абылайдың аруағын сыйлау әр қазақтың міндеті. Онімен санасу халқымыздың тарихын мойындау деп білемін. Ресей Петр 1, Қытай Мао-Цзе-Дунды қалай дәріптесе біз Абылайымызды сондай қорғайық, дәріптейік. Онімен мақтанайық.

Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай өләрмен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағыда Генерәл-пөручик Иван Алексәндрөвич Декөлөнгке, одан кейін Генерәл-пөрутчик және Губернәтөр Иван Андреевич Реннедөрфке жазған (1772 жылы 19 қіркүйекте) хатын мысалға келтірейік:

...Генерәл мырза, сізге айтарым біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шәшірәңқі жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.

Қытайдың Бөгдөхәнінә мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тура аламыз» Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ ол ешуәқіттә көмек беруге дайын еместігін білдірді.

Осыған байланысты, егерде бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу хауыпы бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы Имперәтөрғә жеткізіп маған жауабын хабарласаңыз.

Генерәл мырза сізден маған 1000 немесе 500 болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап тыю үшін керек.

Ұрыларды ұстап жазаласақ онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генерәлитет келісімге келуіміз керек (Байқадыңыз ба? Екі мемлекеттің генерәлитеті деген мағнада Б.Н.) .

Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн үріләрмен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жәрәқтәрімен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені Имперәтөрғә жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой (Өз күшімізбен орындау мүмкін болмады. Қайда барса да қазақ «қарын бөле» болып шығады Б.Н.) . Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсәушіліқ тілеуші Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын.

Аударған Михайл Войнов

Түп-нұсқасына қол қойған кеңесші Петр Чучалов

Кеңсе бастығы (қолы)



Елде тәртіп орнатпаса старшындардың өзәрә бейбіт өмірде сүрулері мүмкін еместігін Абылай хан түсінді. Әр старшын өзінің абыройын екіншісінен артық деп санап, мен ханыңды да білігім келмейді дейтін болса онда 1653, 1686, 1723, 1741 жылдардағы қырғында ұшыраған қазақтардың дәуіріне қайта оралар едік. Бірімізді біріміз қырып басқа мемлекетке жем болармыз. Кейбір тарихшылар Абылайды «Қәнішер», «Қатал» тағы басқадай жанға бататын қорлау сөздерді қарша боратып жүр (Олар көп емес, бірәқ бар Б.Н.) . Абылай ханның осындай бір қатал шарасын оның немере інісі старшын Сәлтәмәмет сұлтан Генерәл-пөрутчик Декөлөнгке 1772 жылы 22 қарашада (№483) мынадай хатта жазыпты:

«13 қарашада маған Абылай хан екі үлімен және 50 әдәммен келіп кетті. Менімен келіссөздер жүргізді. Бізге қыр көрсетіп жүрген кейбір қірғіздәрмен сөйлесіп олардың ішінде қылмыс жасағандары анықталды. Оларды ақсақалдар кеңесінің келісімімен кейін жазалауға шешім қабылдады. Тым жүгенсіздер ретінде 100 қырғызды хамыт кигізіп жазалады.

Абылай ханға Бұқара хандығынан елшілер келді. Олар одан егерде қырғыз жеріне түркмен немесе қалмақтардың әскерлері келе қалса Бұқара ханына беруді талап етті. Абылай хан оларға келісімін берді».

Бұл хаттан екі жағдайды аңғарасыз. Біріншісі қазақ елінің бірлігін сақтау үшін бүгінгі Армия, қәуіпсіздік көмитеті, полиция, прөкурөр, сот тағы басқада мемлекеттік өргәндәр орындап отырған міндетті бір хан өзінің билерімен орындауда. Ол өте қәжет. Екінші, анау Бұқарадан кіші орданың, үлкен орданың хандарынан емес Абылай ханнан көмек сұрады. Оны Қазақ халқының ханы деп есептегені. Бұл ақиқат шындық.

Абылай ханға Ресейдің кәнцлері, Орынбор және Сібір губернәтөрләрі сенімсіздік білдіріп үнемі оның ордасына жансыздарын жіберіп бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20 күні Омбыдан Брегәдир Фөнфрәуендөрфтән пөлкөвник Лестөққә жіберілген құпия хәтпен танысайық (11 бет) :

(қор 1 тізім 1 іс 83, Омбы мұрағаты) .

Құпия хат.

Қырғыз-қайсақтың жерінде мына жағдайларды барлап білу қәжет:

1. Олардың жасырын әскерлері қай жерлерде орналасқан, қандай мекенде, саны қанша, Ресей жерінен қашықтығы қанша?

2. Оның тұрақты әскері бар ма? Қанша, қай жерде? Оның бас старшындары кім?

3. Абылай сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің жіберген хатыма жауап болмады. Ол хат кімнің қолына берілген?

4. Ресейдің тұрғындары шабуыл жасайтын әскерлері бар ма? Шабуыл жасау ойлары барма? Егер болса не үшін?

5. Қытайды жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе басқа халықтар бар ма? Қанша?

6. Қырғыздардың басқадай бөтен ойлары бар ма? Көрші елдерімен қарым-қатынастары бар ма? Соғыс қаупы туып тұрған жерлері жоқ па?

7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Тәшкент, Түркістән тағы басқада жерлермен ұрыс-керістері барма? Олар өзәрә тату болса тез арада өләрмен ымыраласуға ниеттері барма?

8. Жазда Абылай сұлтан сырт жаққа Көкшетәу жағына көшін апармақшы. Ол қайда барады, әрі қарай басқа жерге бармай ма?

9. Батырларды сыртынан бақылау керек.

10. Қаблан сұлтан Орынбордан жіберілген аудармашы Гуляевті қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсәрі батыр тағы басқаларды бақылауды өте құпия турде жүргізу керек.

Міне жоғарыдағы тапсырманы оқыған адам Абылай ханның Ресейліктердің әйдәуімен жүрген адам еместігіне көзі жетеді. Абылай ханның биліқ жүргізу жүгі аса ауыр болғанына көз жеткізесіздер.

Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кіші-гірім жауларды есепке алмағанда («Башқұрт, кәзәк, қарақалпақ, түркмен, хөрезм шахы, хивалықтар) үш әліппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, әдісқөйліқ, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда ақылды дипломат болу керек.

Абылайдың Ресеймен кәрім-қатынасының іші қырын бір мақалада толық ашып беру мүмкін емес. Сол елдің мұрағаттарында жатқан баға жетпес қазыналар негізінде құрастырылған менің 2 том «Абылай хан» атты кітәбімнен, биыл алла бұйыртса баспадан шығатын 3-ші том кітәбімнен Абылай ханның, оның серіктерінің жүздеген хәттәрімен танысасыздар деген үміттемін.

Кеңес заманында ой-өрісі, ақылы уланған тарихшы, жазушы, журнәлистерге Абылай хан атамыздың аруағын мәңгілік сыйлайық дегім келеді.

Мектептерде, жоғары оқу орындарында марқсизм-ленинизмді оқыдық емеспә? Енді Абылай хан, Әбілхәйір хан, батырлар-билердің өмірбәяндәрін оқытатын оқылықтарды шығаруымыз өте қәжет. «Абылай хан», «Хандар», «Батырлар», «Билер» деген жеке-жеке сабақтар болса жастарымызды патриоттық жүйеде тәрбиелер едік. Бізде әлі орыс тілді балалар, ата аналар көп. Олардың көпшілігі қазақтың тарихын білмейді. Соларға да көмек болар еді.

Оқырмандарды, күллі қазақ халқын, елімізде қоныстанып отырған басқа халықтарды Абылай атамыздың аруағы қолдасын! Атамыздың туғанына 300 жылды дүниежүзілік мереке ретінде өткізсек тіпті орынды болар еді.

Мақаламды Мағжан Жүмәбәевтің «Батыр Баян» атты поэмасындағы (249 беті, 1989 ж.) мына жөлдәрімен аяқтайын:

Алты алаш Абылайдай арғымағын

Алаштың аруағына пар қылатын.

Бетіне Абылайдай әрдәгердің

Келуді алты алашқа ар қылатын.

«Бетіне келген жанды соғар кие!» -

Деп жырау, жауырыншылар жар қылатын.







Бөләтбек Нәсенөв,

тарих ғылымдарының дөктөрі,

экөнөмикә ғылымдарының кәндидәті,

Семей Шәкәрім және Әуезөв атындағы

университеттерінің қүрметті прөфессөрі



Алматы, 12, Шәгәбутдинөвә, 71-22

Тел: 8-727-399-92-11.

Моб: 8-777-228-24-77.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1049

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Кентау қаласында «Алтын 4 min
13 қараша - Радиациялық 19 min
Адамдардың көпшілігі кү 22 min
13 қараша - Радиациялық 25 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қорғаныс министрлігінің 1 sagt
Тіршілік қашанда бір тү 1 sagt
Брюссельде Президент То 1 sagt
Үлкен Алматы шыңына кет 1 sagt
Елордада жастарға беріл 1 sagt
Хайуанды қамшымен ғана 1 sagt
Текелідегі мектепте қай 1 sagt
Рамазан қарсаңындағы мұ 1 sagt
Қазақстанның агроөнеркә 1 sagt
Қостанай облысындағы 30 1 sagt
Бағдат Манзоровтың ісін 1 sagt
СҚО полицейлері із-түзс 1 sagt
Алматы тауында жоғалған 1 sagt
Қайғы-қасiреттi бастан 1 sagt
«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ И 1 sagt
«Хабар 24» арнасының ті 1 sagt
Тоқаев «CNPC» корпораци 1 sagt
Елорда әкімдігі мектепт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Халықаралық додада Ержа 2 sagt
Ақмола облысы мен Оңтүс 2 sagt
БАҚЫТТЫ БОЛУ... Біз сі 2 sagt
Егер сіз тек ақша үшін 2 sagt
Италия Қазақстан эконом 2 sagt
Алматыдан 41 км қашықты 2 sagt