Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 11:14 - 2015/08/31

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1012
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1012

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1012

Мақала жолдаушы: Jolawshy
Мақала апторы: Жұмаш Кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Алматы қаласы

Жұмаш Кенебәй
Төлькө что ·
"ҚЫЗ БЕН КҮЗ" атты жырымды назарларыңызғ ұсынамын!
Ертең қіркүйектің бірі, алтын күздің - бірінші күні. Яғни, Алматыға алтын күз келді деген сөз!
Табиғаттың осынау алтынға малынған ғажайып сәтін қылшылдаған жас кезімде, анықтап айтқанда, тура "қайран жиырма бесте" жырға қосқан едім. Байқауымша, бұл жыр әлі де маңыздылығын жоймаған сияқты...
Сол "ҚЫЗ БЕН КҮЗ" атты жырымды алтын күздің алғашқы күніне және сіздерге жырдан тарту ретінде соны назарларыңызға қайталап ұсына отырып, сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді...
ҚЫЗ БЕН КҮЗ
Көрген адам қалмайтын елең етпей,
Бет біткеннің өңдісі кереметтей,
Мен сұлу Қызды көрдім.
Ақын жаны тұра алмас елең етпей,
Көздің жауын алатын кереметтей,
Мен сұлу Күзді көрдім!
Қыз мұңайса, мәз болып Күз күледі,
Күз мұңайса, мәз болып Қыз күледі,
Екеуін де Сезім дерсің!
Қызды көрдім, мен одан Күзді көрдім,
Күзді көрдім, мен одан Қызды көрдім,
Екеуін де Егіз дерсің!
Өмірімде жүрсем де талай көріп,
Қайта-қайта оларға қарай беріп,
Бір ғана Мінді көрдім...
Жәсірғәнмен өзгеден, өздерінен,
Қаншама шаттанса да көздерінен,
Бір ғана Мұңды көрдім!..
Қыз ойлайды:
«Жас дәурен өте ме?»-деп,
Күз ойлайды:
«Қатал Қыс жете ме?»-деп.
Мен сұлу Қызды көрдім!
Мен сұлу Күзді көрдім!..
(Жұмаш Кенебәев. «ҚАРЛЫҒАШ», «Жалын баспасы, 153-бет) .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1012

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер