Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 18:28 - 2021/02/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2432
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2432

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2432

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Нұрхалық Абдырақын
Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді,
ділі өшсе ұлтын жоғалтады,
діні өлсе адамдықтан бірәқ кетеді.
Мөңғөл шапқыншылығы, орыс отаршылдығы, жетпіс жылдық сөветтік қызылдар қырғыны кезінде тәнін берседе, рухын бермеген, өзін берседе, иманын бермеген қазақтар, егемендік алған соңғы жылдарда интернет әғісімен ағып, бейпіл ауызданды, рухын тонатып, мінезі өзгерді. Құдды жүгенсіз атқа мінген адамдай, белгісіз бағытқа кетіп барады....
Бабаларымызды сол алапат жылдардан аман алып шыққан, өлмес те өшпес күш не, оны қайдан алды? Көп адамдар идеөлөгия дегенде ұлттың салт-дәстүрін көз алдына келтіреді. Салт-дәстүр ұлттың ділі, ел басқарудағы моральдық заңы. Анау болмайды, мынау болмайды салтқа қайшы деп отырамыз. Онсыз ұлт болмайды. Десе де, ол ұлттық идеөлөгия рөлін атқара алмайды.
Ежелгі адамдар өздерін қоршаған құпия әлемді өз өресі жеткен деңгейде түсініп, қабылдауға тырысты. Бұл көптеген сенім мен нанымдардың пайда болуына себеп болды. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейін жеткен деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетәнімі оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фәктөр екендігін білеміз.
Дәстүрлі нанымдардың негізгі түрлеріне: Aнимизм (тaбиғaттағы жанды-жансыздың рухы бар деп қарау және оған бас ию) . Фетишизм («ерекше қaсиетті зaт» сенімі және олардың мaгияліқ қуaтынa негізделген. Пұтқa тaбыну, бойтұмaр тaғыну) . Төтемизм, ата-баба аруағына табыну, шаманизм, көкке және жерге табыну, тәңіршілдік пайда болды.
Біздің алғашқы нанымдарымыз төтемизмге негізделді, әр тайпаның өз төтемі болды. Қазақтардың әлі күнге көк бөріні пір тұтуы, аққуды атпауы - осы мифтік жануарлардың күші мен қамқорлығына деген сенімі.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын жан тұрағы деп қарастыру - оларды қүдіреттендіруге жол ашты. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың ара жігін ажыратты және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырды. Әлемдік діндердің бастау тегіне Көкке табынудың (Тәңірге сену) өзекті қағидалары оларға арқау болған. Көкке табыну - уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған өртәмен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі тәңірге, аруаққа, төтемге табыну болды. Ол кездің әдебиетінде басты тақырып елдік, ерлік, салт-дәстүр, жоқтау еді.
Бұл үрдіс пайғамбарымыз (Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті, 751 жылы Қарлұқтар кезінде Тараздағы Атлақ шайқасынан кейін Аббәсилер билікке келуді. Содан бастап Тұран елі ислам дінін өз еріктерімен қабылдай бастады. VIII-IX ғғ Орта Азияда араб тілі мен мәдениетінің үстемдігі айқын сезілді. Әл-Фараби тағы басқа көптеген оқымыстылар осы кезде шықты.
X-ғасырда орта азияда парсы тілі мен мәдениетінің үстемдігі байқалды, атақты Зафарнама сол кезде жазылды. Х-ғасырдың соңғы жартысынан бастап Қәрәхәниттер дәуірі басталды, Сатұқ Боғра хан өз тегін, өз тамырын іздеді, өздерін--- ежелгі Тұрандықтардың ұрпағымыз деп жар салды. Осылай үш жүз жылға жалғасқан өз еліндегі мәдени, тілдік үнсіздік ғасырын бұзды. Ислам дінін ел идеөлөгиясі етіп, түрік текті мұсыманбыз деп заңында жазды. Осыдан соң XІ-ғасырда түрік тілі мен мәдениеті өз теритөриясіндә салтанат құрды.
***
Ұстазы Арыстан бабтың соңғы деміндегі өсиетімен Йассауи Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани хәзіретінің қізіметінде болып, мүршидтік кемел мәртебеге жетеді. Жүсіп Хәмәдәнидің екінші хәлпесі қожа Хасан Андәки 1157-жылы рамазан айының 26-жұлдызында дүние салған соң қожа Ахмет Йассауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде, Илаһи әянмен Түркістәнғә баруы ләзім болады. Пірлікті қожа Абдулхалық Ғыждуани хәзіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған қол беруін өсиет етті. (Мәуләнә Әли ибн Хусейін. «Рашахат ани әл-Хаят».-Астана,2017. 456 бет) . Туған өңірінің діні басқа отаршыл халықтардың қол астында қалатынын біліп, халқын құтқаруға келеді.
Түркістән халқында ежелгі оғыздардан сақталған 24 төтемдік символ болды, олар көк бөрі, бүркіт, ителгі, қыран, сұңқар, тазы, қаршыға, үкі, қарылғаш, аю, ай, күн, жұлдыз, тұмар, от деп жалғаса беретін. Ежелгі дүниетәнімдә біздің ата-бабамыз қасқырдан тарайды, не қасқыр емізеді, әйтеу, ит тұқымдас етіп көрсетеді. (Қытай жазбаларында «сөлтүстік патшалықытар және ит елі» деген үлкен аңыз бар) . Міне, бұл Йәссәуиден бұрынғы бүкіл түрік халықтарына ортақ шежіре. Бүгіні адамтану ғылымында біздің ата-тегіміз қасқырдан тарайды деп айтуға бола ма, Дәрвинизмнің адам маймылдан жаралды дегеніндей күлкілі нәрсе емес пе. (Яссауи фенөмені. С.Керімбәй, М. Төлеген, Ә.Нәби, А. Тасболат.-Алматы: «Орхон» Баспа үйі,2017.456 бет) .
Пайғамбарымыздан бұрын құрып-бітуге шақ қалған Араб түбегі Қүрәнмен сусындап, қырық құрау болған арабтардың басы бірігіп, мәңгілік Илаһи ілімнің нұрына шомылды. Құран түспесе, Пайғамбарымыз сол жерде тумаса Мекке мен Мәдинәғә миллиондаған адам барар ма еді. Уотт Мөнтгөмери «Исламның орта ғасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: Пайғамбар мисуәгі әлемге тіс жауатын щеткәні сыйлады. Сүннет көйлегі пижмаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал мұрт, шәш тырнақты алу жеке гигиенә мен мәдениетті үйретті. Бұрынғы төсекке де жүн шекпендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ідіспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін Еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды, Араб цифыры, көмпәс, қағаз жасайтын дирмендер Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды. Зәйтүн, інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді, егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтыр қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинәғә жаңа серпін берді, солай Ибн Сина әтімен аталды.
Адамды тәрбиелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқтаған соң, ұстаздық қізметті әулие-ғұламаларға берілді. Қожа Ахмет Йәссәуиге Алланың нұры түскен үлкен әулие.
Қөжә Ахмет Йассауи түркі халықтарының дүниетәнімінің көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетәнімді ислам қәғидәлірімен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды. Дәл солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шәшті. Қоғамды жаңартты, Йассауи түркінің ежелгі өмір сүру заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес жақтарын сол бойынша қалдырды, қайшыларын назиралық жөлмен ақырын жаңғыртып, синтез жасай білді.
Йассауи атамыз қазақ ұлтының ұлттық идеөлөгиясін жасады.
Жыр-дастандардағы төтемдік ұғымдарды илаһи ілімге сай етіп назиралық жөлмен жаңғыртты. Тәңірді-Аллаға. Көкбөріні- Адам атаға. Періні- періштеге. Киесі бар адамды- Әулиеге. Құт қонған дуалы ауыз адамды- Пірге ауыстырды т.б, солай қазақты келешек толысқан ұлт ретінде дайындады, ру басына қожаларды қойып, дәстүрлі діни сана қалптастырды, дін ғибадат қана емес, әуелде ұят болады деп әдеп-ақлақ, иба-ізет, ар-намыс, білім-өнеге, әдәмгершілік, мейірімділікті үйретті. Үлкенді силап, кішіні аялайтын көркем мінезді ұлтқа айналдырды. АН-ФАЛ сү¬ресінің 29-aятындa: «Ей, мү¬мін¬дер! Аллaдaн қор¬қыңдaр, Оғaн құл-шы¬лық жaсaңдaр, тaқуa бо¬лыңдaр, сондa Аллa сен¬дер¬ге ерек¬ше қaбі¬лет бе¬ріп, жaқсы мен жaмaнды, aқиқaт пен жaлғaнды aйырaтын қүш бе¬ре¬ді. Кү¬нәлaріңді ке¬ші¬ре¬ді, сен¬дер¬ді жaрылқaйды. Аллa қaмқор¬шы, aсқaн жомaрт». Міне осылай Құранда көп жерде мадақталатын шын тақуалықты халық жанына әдемі сіңірді.
«Бір шәугім шай бөліспеген еншіміз» деп танымайтын бір бейуәнә Алтайдан Атырауға дейінгі алып аумақты көк тиінсіз аралайтын болды. Елінде жетімі, жесірі, қайыршысы жоқ ұлтқа айналдырды. Ел иманын парыз, ужіп, сүннет, мүстәхәп, мәндүп, нәпіл әмәлдәрімен қорғады. Адамдардың өмір сүру салты сүннетке лайық болды, солай тариқатты ұстанған озық ұлт деңгейіне көтерді. Қатынның пірі күйеуі деп, от басында отағасы «хан» болды, күйеуі қайтыс болған әйелдің пірі кем болды деп «кем-пір» термині қалыптасты. Ауыл ақсақалдары соттың рөлін атқарды, билер жоғары сот болды. Солай қоғам тәртібі күшті түзелді. Йассауи ислам ілімін қазақтың мақал-мәтеліне орап елге ұсынды, өлең-жырдың бәрі имандылыққа шақыратын ТҰНЫҚ жырға айналды, қазақтың рухани сұранысына тамаша азық бере білді. Сансыз шәкірт оқытты, соның арасынан әулие мақамына шыққандар халықты кереметімен тура жолға салды. Бүгінде кез келген қазақ «атам молда болған»,- деп мәқтәнішпен айтады, себебі барлық қазақ дінді мықты ұстанған, «Иа-сиин» сүресін білмейтін қазақ кемде кем болды, ол кезде. Соның күшімен бізді жаулаған моңғолдар,т.б өздері бізге жауланып, сіңіп кетті. Орыстың ағы мен қызылы болып үш жыз жыл қазақты отарлап, ойына келгенді істегенде де бізді жоғалта алмады, қытайдың қайыс ноқтасы қанша қатайсада қазақ жоғалмайды. Қазақтың өмір сүруі басқалар үшін қылмыс болған сол заманда Йассауи ілімінің рухымызға сіңуінен аман қалдық Әллһәмдүллә. Алайда тәуелсіздік алған 29 жылдан бері қазақтар өзін таба алмай адасты, сан мәдениет пен сан тарихтың ішінен өзін іздеп жүр.
Йәссәуи ілімі қазақ мәдениетінде, дүниетәніміндә, ментәлитетінде, әдебиетінде (өлең-жырларында) , мақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрінде күні бүгінге дейін айқын көрініп тұр. Йассауи ілімі болмаса қазақты көз алдыға елестеу мүлде мүкін емес. Йәссәуидің қазақ жыраулар поэзиясын қалптасыруда сіңірген еңбегі өз алдына. Жыраулар пірлерінің «Хәл» ілімін меңгеріп, дуалы ауызға айналып, ел-жұртқа, хандарға жірмен кеңес берді. Жыр тыңдағанда арқасы қозбайтын, рухтанбайтын қазақ жоқ, қазақтың бойындағы Алла жақсы көретін көп қәсиет бар, әқкөңіл, адал, арлы, намысты, ұятты, батыр т.т. осы жырдың рухына сіңгені болмақ, Алып далада диялект жоқ, ұлттың өзегін шірітпей ұстаған бір күш осында жасырынған. Сондықтан да жыраулардың еңбегі өлшеусіз. Күні бүгінге дейін халықтың тілі һәм көзі болып келе жатқан айтыс соның заңды жалғасы. Қазақты аттан түсіріп, қазы мен қымыздан алыстатып, жырын өртеген орыстар, бізді бізден жақсы білген. Йассауи ілімі қазақ ұлтының бас идеөлөгиясі болғаны айдан анық. Абылай хан бастаған қазақтың хан-сұлтан, игі жақсылары алыс аумақта өмір сүрседе, соңғы демінде өзін «Йәссәуидің жанына апарып жерле»,- деп өсиет етуін терең ойлансақ бірәз дүниенің басы ашылары хақ. Біз қанша Йәссәуиден алыстасақ сонша қазақ ұлтымыздан алыстаймыз. Әрине, жалған, білімсіз, надан сопылық басқа, (буддис, христиан сопылары тауда өмір сүрді, тәркі дүние болды, үйленбейді) . Құранда еш жерде сопы термині кездеспейді, тек Асхабул суффа туралы айтылады. Біз дінсіз ғалымдардың көзімен тақуа мен сопыны шатастырдық. Йассауи атамыз нағыз тақуа, 63 жасынан соң жер астында ғұмыр кешуі Пайғамбарымызға деген әдбінен және Илаһи аян (анығын Алла біледі) . Қазақ идеөлөгиясі Қожа Ахмет Иәссәуиден бастау алады. Қожа Ахмет Йссәуидің ілімінің бастау көзі сүйікті Пайғамбарымызға барып тіреледі. Ал ата тегі пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу Тәліпке барып тіреледі.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарих саханасына «жадит» ұғымы шықты. «Жадит» араб тілінде «жаңа» деген мағына береді. Білім мен руханият саласындағы идеяліқ ұстанымды ұстанған жәдитшілдік бағыттағы мұсылман халықтары, соның ішінде қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Оқу-ағарту саласындағы Исмайыл Гәспринскидің жәдитшіл ұстанымының қайнар бастаулары түркі әлемінің көрнекті ұстаздары Әбдінәсір Әл-Курсави (1776-1812) мен Шаһабуддин Бәгәуиддинүлі Әл-Мәржәнидің (1818-1889) дүние танымдық көзқәрәстәрі мен ұстанымдары болды. Жәдитшілдік қозғалысы мұсылман халықтарын даму мен өрлеу жолына, заманына лайық ғылым-білімнің жетістіктерін пайдалана отырып, өркениетті елдер қатарына қосылуды мақсат етті. (Б.Қ Бейсенөв. Қазақ ойшылдары дін туралы: оқу-құралы-Алматы, 2012.-192б 161бет) .
Абай жәдитшілдік жолды ұстанған зиялы. Ол өз ұлтының тамырын дәл басып, барлық кеселін айтып, одан арылудың да жолын көрсеткен. Мағжан атамыз «қазаққа ақылдан да, ақыннан да Абайдан асатын ешкім жоқ, одан кейін қолға қалам алудың өзі ұят»,- деп толқыған екен. Абайдың Абайлығы оның «Патша Құдай сиындым, тура баста Өзіңе» деп бір Алладан медет сұрайды, бар ісін Соған тапсыра қолына қалам алуында жатыр. Ол Құранды тікелей оқып нәр алған, Йассауи ілімін қазақ жыраулары негізінде терең меңгерген, шығыс шайрлары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науай, Сәйхәлилерді түп нұсқада оқып бойына сіңірген. Өркениеттер ағысын орыс көзімен оқыды осының бәрін Абай өз хәлібінің (жүрегінің) сүзгісінен өткізіп синтездеп, туған еліне өлмес шығарма етіп ұсынды. Қазақтың бас ақыны, қазақ көсем сөзшісі «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бөс»деп елді бірлікке шақырып, үлкен болашаққа бастады, «Құдай бір Құран шын, Құдайдың Өзі де рас, Сөзі де рас» деп өзіңді жаратқан Алланы тануға үндеді. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түссе сәулесі, іштегі кірі қашырса, адамның хикмет кеудесі»деп адам айналамына бір сәт ақыл көзімен емес, жүрек көзімен қарай алсаң Қүдірет иесін танисың. Сонда Жаратушының нұры түседі, бар күнәдән пәктенеді, сол кезде адам нағыз адамға айналады деп өзінің «толық адам» болу идеясін ортаға салады. Абай «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкінді, ағасы Қүдәйберді ауыру төсегінде жатып інісі Абайға аманаттаған баласы Шәкәрімді өз тәрбиесіне алып, өзі шықпаған биікке жеткізді. Шәкәрім қажы қазақ өркениетінде өз алдына бір әлем.
ХХ-ғасырдың басында ұлттық рух Алаш көсемі Әлихан Бөкейхәнің бойынан және оның жанындағы тау тұлғалардан көрінді. Алаш зиялылары жәдитшілдік жолды мықты ұстанды. Олар «Әр қазақ қызының бас жасауына Абайдың өлеңдер жинағын беретін болсын»,- деп үндеу жасап, Абай өлеңдерін баспадан шығарып елге таратқан екен. Демек, бұдан Алаш арыстары ұлт ақылманы Абай Құнабайұлын өздеріне рухани ұстаз тұтқанын аңғарамыз. Алаш зиялылары «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен «Қазақ», «Қазақстан» гәзеттерін шығарып ұлт, дін мәселесін көтеріп орыстандыру мен миссөнерлік саясаттың жымысқы әрекетін әшкерелеп халқына көз құлақ болды. Алаштықтардың молдасы Ғұмар Қараш ағартушылық бағытта көп кітәптәр жазды. Жәдитшілдік Алаш көсемдерінің қазақ мемлекетін құру идеясінә тың серпін берді. Әманда, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!!! Қазақ мәңгілік ұлт!!!
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2432

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер