Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 19:09 - 2021/01/23

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2419
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2419

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2419

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Нұрхалық.Абдырақын Әл-фараби атындағы Қазақ-ұлттық унверситеті, PhD дөктөр.
Ұлт мәдениетін, тарихын, әдебиетін зерттеуде сол ұлтты құраған этникәліқ топтарды, көшіп-қонған, басқа хәліқтәрмен этникәліқ және тарих, мәдениет, этнөгрәфия жақтарынан араласқан аймақтарындағы ерте заман мәдениет құндылықтарын құнттап зерттеуге тура келеді. Бұнда арғы ата-бабалары кезінде шығыстағы Жапон теңізінен батыстағы Балқан түбегіне дейінгі Еуразия сахарасын еркін кезген көшпенділердің ұрпағы түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті сол аумақтарға өз әсерін тигізгені анық.
Түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне қатысты тарихи деректер Қытай деректерінде молынан кездеседі, біз миф пен шындықтың ара қатысын, тарихи-мәдени, дін мен фиолсофиялық деректерді көшпенділердің көзімен қайта сараптаймыз.
Бұл мақалада миф–дін–филөсөфиянің әдебиет шеңберіндегі ұлттық наным-сенімнің Қытай әдебиетіндегі роман жанры арқылы дәйектеу. “Батысқа сапар” романында Қытайдың ежелгі аңыз-әңгімелері мен мифтерінде кездесетін кейпкерлердің бейнесі ашықталады. Ежелгі қытайлық дін фетишизм, төтемизм, әнемизм және мәгия сынды көне наным-сенімдері сөнімен бірге будда, ислам тағы басқа көзқәрәстәрдің кейіпкер бойындағы көрінісі талданады.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан бір арнасы – аңыз-ертегілер бір ұлттың дүниетәнімі, ой-өрісі, діні мен ділі, тарихы мен этнөгрәфиясі, салт-дәстүрі және мәдениетінің көзі, бастауы, айнасы. Сонау ықылым заманнан рухани қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізді. Аңыз-ертегілер халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігін, тарихын, қоғамдық өмірін суреттейді: өзінің даму прөцесінде көптеген өзгерістерге ұшырады, әрбір тарихи кезең ерекшеліктерін, қоғамдық ой-сана мен көзқәрәстәрді өз бойына жиды.
Мифке – ойдан шығарылған дүние деп қарауға болмас, керісінше, құрылымы жағынан ең қарапайым, ал рухани құндылығы жағынан баға жетпес аса қымбат көркем туынды деп қарау керек. Онда көзіміз көре алмайтын, құлағымыз ести алмайтын, тек жүрекпен сезінетін, мәтериәлдіқ әлемде шегі жоқ рухани әлем болмысының біртүтәс түсінікті көрінісі баян етіледі.
1. Аспан мен жер арасындағы байланысты түсініп болдық па ?
2. Тіршіліктің түп бастауы қайда, бүгінгі шалқар әлем қалай пайда болды ?
3. Бастауы бар құбылыстың ақыры да болар ма?
4. Дүниеге тікелей және жанамалай әсер ететін Қүдіретті күш не ?
Міне, осы сұрақтардың жауабын «Батысқа сапар» романынан табуға болады.
Миң патшалығының бастапқы кезінде атақты этнөгрәф ғалым, жазушы Ло Гуәнжүң Қытайдың өткен тарихындағы аңыз-әңгімелерін халық арасынан жинақтады, соның негізінде атақты 4 романның бірі саналатын “Үш патшалық қиссасы” романын жазды, оған іле-шала екінші “Су бойында” романын Шы Найан жазды, үшіншісі біз сөз етіп отырған “Батысқа сапар” романын У Шыңын жазды, төртіншісі қытайлардың бас кітәбі саналатын Цау Шуечин жазған “Қызыл сарайдағы түс” романы. Бұлардың барлығы да – үлкен “руханият шеңберінде” жазылған ғажайып роман болып саналады.
У Шынынның «Батысқа сапар» романы – ХVІ ғасырдан бері дүниенің түкпір-түкпіріне кеңінен таралған ең үздік шығарма және мифтік роман.
«Батысқа сапар» романы күні бүгінге дейін оқырманын жоғалтпаған, көрген сайын, оқыған сайын жаңа бір қыры ашылады. Ол балаларға да, ересектер талғамына да сәйкес, жас талғамайтын тамаша туынды. Алғаш рет кинөғә айналып 1967 жылы Гөнкөнктә оқырманға жол тартқаннан, қәзірге дейін 10 шақты рет қайталай кинөғә түсірілген, драмалық сахнада сансыз рет қойылған, балаларға арналып мультфильм де түсірілді. Қытайдағы барлық әлемдік діндер, миф, философия «Батысқа сапар» романында тоғысқанын анық аңғарамыз және сол феөдәлдіқ қоғамның шындығын, адамдық қатынас, мораль-этикесін жеткізу үшін ойдан да жазушылық қиялмен “жалған мен шынды” жалғаған кесек туынды.
Ежелгі қытайларда жалпы адамзатқа ортақ көз қарас болды, айталық; әлемнің жаратылысы, қоршаған ортаның ықпалы, тәңірге табыну, көп құдайлылық, (от, су, жаңбыр, боран құдайлары) ата-баба аруақтарына сиыну сынды сенімдерде болды. Уақыт әғімімен өзге өркениетпен тікелей және жанамалай араласты, өз аумағындағы әртүрлі тайпалар мен халықтардың мәдени дәстүрінің интегрәцияліқ прөцесі жүрді, осылардың нәтижесінде өзіндік қытай өркениеті қалыптасты.
Ежелгі қытайлықтардың фетишизм, төтемизм, әнемизм және мәгия сияқты көне наным-сенімдері болды. Сөнімен бірге Чжоу дәуірінен бастап патша – Көк тәңірінің ұлы болып саналды және бұл мәртебе Қытай билеушісінің еншісінде деген түсінік ХХ ғасырға дейін сақталды /3.174б/
Жауласқан бектіктер дәуірі (б.з.б 475-221ж ) «Қытай философиясының алтын ғасыры» саналады, онда ежелден қалыптасқан қытайлық құндылықтардың орнына, жаңа философиялық ілім пайда болды. Олардың ең бастылары көнфуций ілімі, даосизм, мойзм және легизм.
Біздің мақаламыздың негізгі жүгі болып отырған У Шыңын жазған «Батысқа сапар» романы Будда дінімен тікелей, басқа идеөлөгияләрмен жанамалай байланысты.
Будда діні Қытайда б.э. І-ІІІ ғғ. тарала бастады. Қытайдың билеуші топтарының жаңа дінді ретінде ІV ғасырдан бастап мойындай бастады. Жергілікті синтезі нәтижесінде VІ ғасырда чань-буддизм (чань – медитәция, қиялмен шолу) ілімі пайда болды. Оны уағыздаушы үнділік Бодхихарма деген адам болды. Қытай буддизмі толып жатқан бағыттар мен сектәләрғә бөлінеді. VІ ғасырдан Х ғасырға дейін Будда діні Қытайда мемлекеттік дін дәрежесіне көтерілді /3.175б/.
Фа-шунь (557-640) деген ғұлама негізін салған Хуаянь ілімі Тяньтай мектебінің ілімдерін жалғастырды. Ол ортағасырлық қытайлық философияға өз ықпалын тигізді: көнфуциәндіқ ілімдегі – «ли 礼» олар – заң, принцип, идеәл деп түсіндірді, солай көнфуцишілдер бұны қабылдады.
Чаньдық монастырларда міндетті түрде күнделікті еңбек, жаттығу, тыныс алу жаттығуларын жасады. Чань мектебі өзінің қарапайым және рухани еркіндігімен қытай поэзиясына зор ықпалын тигізді./3.186б/
Қытай тарихшыларының мәліметтері бойынша, мұсылмандар Таң әулеті (618-907 жж) билікке келген алғашқы жылдары қәзіргі Шыңжияң жері арқылы келсе, ал өңтүстік-шығысында мұхит арқылы Гуаңжоу қаласына келді. Бұл кезде Қытайға Ислам дінін таратушылар арабтар мен парсылар болды. /5.193б/
Қытай Таң дәуірі кезінде Орталық Азия, Сөгдиән аймақтары, араб елдерімен тығыз байланыста болған. 742 жылы Қытайдың астанасы Чанъань қаласында (қәзіргі Сиань) атағы елге жайылған光塔 мешіт, кейін тағы Үлкен Сиань мешіті соғылды [3.189 б]
1271-1368 жж. моңғолдық Юань әулеті билігі тұсында Қытайға сәудәгерлер, Ислам дінін уағыздаушылар, сөнімен бірге атақты мұсылман отбасының өкілдерін көшіп келді. Миң әулеті Юань әулетінің салып кеткен жолын әрі жалғастырды. Осы әулет тұсында мұсылмандар арасынан бірқәтәр қоғам қәйрәткерлері, көрнекті қолбасшылар, ақындар шықты. Қытайда дінге еркіндік терең тамы жайды.
Бірәқ қытайлар дінге келгенде, жеңімпәз не әлсізі деп бөле-жар қараған жоқ: мысалы қытайлық адам бір мезгілде даостық та, буддистік те храмдарға еш қамықпастан кіріп, шырақ жағып, тілек тілеп жалбарынады. Осыдан қытай халқында жиі мынадай фрәзеөлөгизм қалыптасты: «Қытай даос болып туылады, көнфуциән болып өмір сүреді, буддист болып өледі». /5.196б/
Таң дәуірінен бастап Сьянда тұрған мұсылмандар бір квәртәлді алады. Қытайда он мұсылан ұлт бар. Олар қытайдық барлық жерінде кездеседі. /3.196б/
Біздің бұдан түйетініміз, Қытайда көп діндік идеөлөгия қатар өмір сүрді. Жазушы У Шыңын осы ілімдерден құр алақан емес.
Қиял-ғажайып романдарды қиял-фәнтәстикәліқ жағы басым, мазмұны сан алуан түрлі, адамды өзіне баурау қуаты күшті, рөмәнтикәліқ стильге ие, бас кейіпкер¬лері халықшыл, жұртына адал адам ретінде суреттелді.
Тарихқа көз салсақ, Қытайдың Даду (Бесбәліқ) Бейжің қаласын 1271 жылы Құбылай қалың әскерімен басып алып, Юан империясін (元朝) құрды, 1279 жылы қәзіргі Қытай теритөриясінің негізін қалады. Осы кезде Қытайда жаңа әдебиеттің негізі қаланды, атақты Гуан Ханчиң, Уаң Шыфу, Бай Фу, Ма Жыюн қатарлы өз заманының озық драма жазушылары әдебиетке басқаша сарын алып келді. Сахналық жаңа жанрдың аты “аралас драма” (杂剧) деп аталды, онда бастан-аяқ жазушы жалықпай жұмыс жасайды, яғни шығарманы өзі жазады, сахнада барлық кейіпкердің образына өзі кіреді, демек өзі сценәрист, өзі режиссер, өзі әктер болады. Осы кезең Қытай әдебиетінде сахналық шығармалардың алтын ғасыры саналады, бұл қәләмгерлер әдебиеттегі “шындық пен жалғанды (幻与真) ” жаңаша жалғады, халық арасына кең тараған аңыз, мифтерді өз шығармаларында сол күннің шіндіғімен өте тамаша ұштастырды.
Қытайда XIII ғасырдың соңғы жартысында басталған қиял-ғажайып дию-перілер әдебиеті XIX ғасырдың басына дейін жалғасты, Миң патшалығының соңғы кезінде дию-пері, жын-шайтан, аруақ сияқты тылсым күштерді қатыстырып ұзақ роман жазу тіптен қыза түсті.
神怪小说 Жиячиң патша тұсында өз бигіне жетті, онда буддизм құдайлары, жын-албасты, шайтанды кейіпкер етіп роман жазу үрдісі жедел дамыды: Шүй Жоңлин мен Лушишың жазған “Пың Чын яни”, Ли Шужин жазған “Жиң Хуаюан” романдары және Пу Сұңлиң жазған “Лияужай аңыздары” осы бағытта жазылған.
Жазушы У Шың 1501-1582 аралығында жасаған, шын аты Шужоң, лақап аты Шы Яаңшанрын, бұрынғы Шан ян, қәзіргі Жияңсудың Хуйяң ауданының адамы. Әкесі У Шүй, шын аты Зы янши. Аумалы-төкпелі саяси жағдайда өмір сүрген, ұсақ сәудәгер болған. У Шыңын кішкентәйінән қиял-ғажайып ертегі-аңыздарға қызыққан, атақты ойшыл Гымудың кітәптәрін көп оқыған.
1550 жылы 50 жасында Бейжіңге келіп Кіжүй емтихәнінә қатысып, жолы болмайды, 6 жылдан соң кедейлік салдарынан өз туған жері Хүйәнге келіп монах болады, 60 жасынан кейін Хаңжоуға кетеді, өмірінің соңына дейін сонда тұрады.
Романда Қытайдың Таң династиясының Будда ғұламасы (Дхәрмәкәрия) Шуанзаң Сун Укүң, Жоу Бәжиенің қөрғәуімен Үндістәнғә барып барып Будда номын алып келген шын тарихтың негізінде жазған, ал шығарма сюжетін кейпкерлердің жолда көрген қиыншылықтарын (қытайда ежелден және кейіннен келген және тағы басқа) ұлттық наным-сенімердің негізінде 1551-1560 жылдарда жазылған, жалпы кітәп (20 бума) 100 тараудан тұрады.
«Батысқа сапар» атты романда адам айналасындағы көзге көрінбейтін, сезе бермейтін метәфизикәліқ тылсым әлемді көз алдымызға жанды түрде береді. Ақыл жетпейтін шексіздікті көркем шығармада бейнелеуге тырысады. Шінмен өмірде адам баласының барлық ісі осы көзге көрінбейтін қоршаған өртәмен тығыз байланыста болатындығын, соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіреді. Жазушының «батысқа сапар» романындағы бас кейпкерлеріне бірге назар салайық:
Романдағы бас кейпкер Шуан Заң (602-644) – тегі Чын, аты Хүй бұрынғы Ло аймағы, қәзіргі Хынан өлкесінің адамы, буддизмді бойына сіңірген ұстаз, қытайлық буддистік ағымын қалыптастырған, тақуа ұстаз. Романда оның аты Таң санзаң немесе Таңсың деп жазылады, ол өте әдепті, тұла бойынан ізеттіліктің исі аңқыған, аңқау да адал ретінде суреттеледі. Үнемі ақ боз ат мініп жүреді. Ол өте білімді, білім оның жанына (рухына) сіңген кемел тұлға. Таңсыңның бүкіл болмысы арқылы Буддистердің немесе Қытайдағы барлық дін адамдарының нақтылы шын тұр- тұлғасын сомдайды.
Таң патшасы Таң Тайзұң 629 жылы өзінің қүзіретін ұзарту мақсатында Шуан заңды Индияға Будда кәнөндәрін алып келуге жібереді. 657 бума Будда номдарын алып 644 жылы еліне оралады. Көрген-білгенін патшаға айтады. Сол кезде оның шәкірті Биянжи қағазға түсіреді, оны “Таң кезіндегі батысқа сапар” деп атайды. Ұстаздары қайтыс болған соң екі шәкірті “ұлы мейірімді Сан Заңның аңызы” деп қайта жазып шығады. Сондықтан романды У Шыңын жазған жоқ дейтін уәж де бар. 1920 ж. Лу Шүн мен Ху Шылар Чиың патшалығы кезіндегі ғалым Жоң Лүннің деректердің негізінде бір ауыздан жазушы У Шыңынды осы романның авторы деп бекітті. /2.128б/
Романдағы екінші бас кейіпкер Сун Укүң Барлық өнерді меңгерген. Ол Хуәгө тауындағы маймылдар патшасы, шын аты Сүншиңжі. Осы сапраға Сун Укүң жол серік болып бірге шығады, себебі оның өнері сондағы адамдардың бәрінен үстем болды. Оған Буддист храмында бар өнерді меңгерткен алғашқы ұстазы Шүй Пити бұл сапардың аса маңызды әрі қиян-кескі күрделі екенін білген. Рухани сапардың солай болатыны заңдылық.
Сун Укүңнің сан бейнеге өзгеруі, барлық қиыншылықта оның ақыл табуы, кез елген жерге көз ілестірмей барып келуі Қәсиетті Құрандағы “Нәмл сүресі” №16-40 аяттарын еріксіз есіңе салады; Сүлеймен (ғ.с) әкесі Дәуіт (ғ.с) тің пайғамбарлық пен патшалығына мүрәгер болды, оған құстардың тілі үйретілді және бар нәрсе тиеселі болды.
Сүлеймен (ғ.с) бір күні жындардан, адамдардан, құстардан жасақталған қалың әскер оның қолбасшылығында темірдей тәртіппен сап түзеп алға қарай жылжып келе жатты. «Құстардың ішінен һүдһүдті (бәбісек) көре алмадым, ол өз бетімен бір жаққа кетті ме? Себебі болмаса оны қатты жазалаймын» дейді.
Көп ұзамай бәбісек келеді. Сүлейменнің дәргейіне бас ұрып, жоқ болған себебін былай жеткізеді: «Сәбә жерінде бір әйел патшалық құрып елді билеп отыр, оның әйел патшасының астында үлкен тағы бар екен, соған қарағанда оның билігі бекем, пәрмені күшті көрінеді. Алайда олар мына әлемді жаратқан Аллаға емес, Күнге табынады екен, шайтан оларға өз істерін дұрыс көрсетіп қойыпты, олар өздігінен тура жолға келмейді. Сіз оларды тура жолға шықырыңыз» деп, өтініш жәсәйді.
«Сен мына хатты алып олардың патшасы мен кеңесшілерінің алдына таста да, жауабын алып кел» дейді. Әйел патша уәзірлерімен хатты оқиды, әқілгөйлері «біз сіздің қандай шешіміңізге болса да дайынбыз» деп, бар шешімді патшаның өзіне қалдырады. Патша ойланып елшілер жібереді. Сүлеймен пайғамбар Балқис патшаның әкелген тарту-таралғысын алмайды. «Маған Алланың берген ніғметі әлде қайда қайырлы әрі көп, сендер біреуге берген және алған нәрсеге мәз боласыңдар, патшаларың бағынсын, болмаса қалың әскеріммен еріксіз бағындырамыз» дейді.
Әйел патша Сүлейменге кеңесшілерімен бірге жолға шығады. Сүлеймен патша кеңес құрып: Уа, игі жақсылар! Олар менің алдыма келгенше, кім әйел патшаның тағын осы жерге алып келеді» дейді. Сонда жындардың ең мықтысы: сіз осы кеңесті бітіргенше сол тақты алдыңызға әкелемін дейді, сол сәтте Құранды терең меңгерген ерекше ілім иесі әулие адам: мен сол тақты көзіңізді ашып жұмғанша әкеліп беремін дейді, сол сәтте әлгі тақ Сүлеймен пайғамбардың дәл жанында тұрады [1.378-380 б].
Демек Сун Укүңді осындай әулиенің кейпінде суреттеген, әулиеде мекен, уақыт кедергісі болмайды, олар барам деген жеріне барады, келем деген жеріне келеді.
Сапар бастан-аяқ дию-пері, жын-албастылар жағынан және жол қиындығынан 9981 рет түрлі кедергіге тап болады. Осының бәрінде Сун Укүң ерекше өнер-қәсиетімен жол табады. Ол 72 рет өз бейнесін өзгертеді. Әділдік сүйгіш, еркіндік аңсағыш өте жағымды, ұстазына адал кейпкер ретінде суреттеледі. Оның жын-перілердің ішіне еркін кіріп-шығуы, бұлтардың үстінде ұшып жүруі, жердің асты мен үстінде бірдей кезуі, мүлде шамасы келмей қалған тұстарда қосымша кейіпкер етіп пуса құдайларын көмекке шақырады.

Романдағы үшінші бас кейіпкер Ислам (猪八戒) атының өзі кездейсөқ емес. Жазушы әр кейіпкер үшін өте қатты ойланған. Қытайдың қәзіргі заман атақты жазушысы Лу Шүн (1881-1936) шәшін төбесіне түйіп жүретін, төңкеріс жасауды білмейтін кейіпкеріне қытайша иерөглиф пен латынша “АQ” деп ат қоюы, ондағы “Q” әрпі төбесіне шәш қойған, немес ескі қытайдағы шәшін өріп төмен түсірген әпербәқәндәрді бейнелейді, сол сияқты жазушы У Шыңын жайдан-жай «Жу Бәжие猪八戒» деп алмағаны айдан анық. Жазушының руханияттың билігінде өмір сүргенін байқау қиын емес. Мұндағы猪 (zhu) иерөглифі “шошқа, доңыз” дегенді білдірсе, 八 (ba) иерөглифі “сегіз” дегенді білдіреді, 戒 (jiе) иерөглифі “тиылу, күнәдән арылу” дегенді білдіреді. Жу Бәжие өте әқкөңіл, ұстазға адал жан ретінде суреттеледі. Ол бір сұлу қызға ғашық болады, қыз оның кейпінен қорқып қашып жүргенде, сапарда келе жатқан Таң ұстаз бен Сун Укүң, Жу Бәжиенің ішкі жан тазалығын көреді. Сол сәтте Сун Укүң сулу қыздың бейнесіне еніп, оны артынан ертіп жүріп, ақыры дегеніне көндіріп қатарына қосады.
Қытайлар ежелден туылған баланы бөтен адамға көрсетпей, атын да ешкімге айтпай, есейгенге дейін бірнеше түрлі ат қояды, бұл балаға тіл-көз тиеді деген наным-сенімнен. Ал Исламда бала туылғаннан қырқынан шыққанша бөтен кісіге көрсетпей бағады, себебі нәресте періште, ол кез-келген адамды рухани бейнесінде көреді. Оның көзінде күнә пердесі жоқ.
Қәдір түні тағы басқа қәсиетті күн мен түнде көктен періштелер жерге түскенде, тақуа құлдарды ғана адам бейнесінде көріп, қалған күнәдә жүрген адамдарды күнәсінің деңгейіне қарай сан түрлі мақұлықтың бейнесінде көреді, демек кейбір адам ит формасында болса, кейбір адам қасқыр бейнесінде... Сондықтан бала шошып қалады. Нәрестенің жанынан 40 күнге дейін бір сәтке адам кетпейді, оны бала өз бейнесінде көрсе жүрегі шығып кетеді деп қарайды.
Романдағы Ислам үлкен 8 күнәдән тиылған адам. Романда ол қашанда жақсылық жасап жүріп, күнәғә ұрынады, сондықтан да оның шын рухани бейнесі күнәсінә қарай шошқа типінде алынған. Ол жақсылықа ұмтылады, адалдыққа жаны құмар, қамқор, жанашыр. Оның басы доңыз, денесі адам тәрізді сүйкміз бейнесіне қарамастан жақсы көресің. Қарап тұрып жаның ашиды. Шебер жазушы сола арқылы кәдімгі қарапайым адамның образын сомдалған.
Романдағы төртінші кейіпкер Ша Сың тағы бір аты У Жиң, Лю Ша өзенінің жағасындағы жын. Ол жүк көтеріп жүретін, қиын жағдайда көмек қолын беретін, ұстазға адал, оның ақ боз атын жетелейді.
Тәң ұстаз, Ислам, Сун Укүң келе жатып алып Лю Ша өзенінен өте алмай дағдарады, сол кезде Ша Сың бұарға қарсы шабуылға шығады, сонда әйләкер Сун Укүң оны жеңіп, қатарларына қосады. Ал романдағы ақ боз ат ең алғашқы Будда монахтың қытай жеріне мініп келген сәйгүлігі ретінде және жындардың атының түсі ақ болады деген түсініктің негізінде ақ түсті атты таңдаған. Ша Сыңның атты жетктеп жүруі де соның нышаны іспетті.
“Батысқа сапар” романын көммунистер өз мүдделері үшін әдемі пайдаланды. Романдағы Таңсыңды көммунистердің көсемі ретінде қабылдады, ал Исләмні жай қарапайым жер емген сауатсыз халық өкілі деп білді, ал ондағы жын-шайтандарды Миң династиясы кезіндегі іріп-шіріген билеуші топас тоғышар, шонжар шенеуліктердің типтік өкілі деп білді. Олар феөдәлдіқ жүйеде халықты сол романдағыдай сансыз қинаулардың астына алды деп түсінді, оларды тек Сун Укүң сияқты батырлар жеңеді, бүгінгі көмунистердің типтік образы Сун Укүң деп дәріптейді.
PS: Адам жаралғаннан күні бүгінге дейін бір тылсым күшті іздеді, ең алғашқы адамды кім жаратты, оның бүгінгі ата-бабасы қандай, айнала, қоршаған орта, жүгірген аң, ұшқан құс, аспан-жер, кез-келген есі дұрыс адам баласын ойландыратын нәрсе. Қытайдың атақты ақыны біздің жыл санауымыздын алғашқы 2000 жылдығында өмір сүрген Чүй Юан осы сұрақтарды өзіне қойып “көкке сұрақ” поэмасын жазған, бұл барлық ұлтта, барлық адамзатта болған сұрақ, осы сұрақтардың жауабын тек дін бере алады, алайда алғашқы түскен діндер адамдар тарпынан өзгертілді, ең соңғы түскен, ең сенімді қорғалған дін Исламда бұның барлық жауабы дайын. Осы шындық “батысқа сапар” романында өте жақсы бейнеленген.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әкімхәнөв А., Анәрбәев Н. Құран кәрім қазақша түсіндірмелі аударма.- Алматы, “Көкжиек баспасы”,2015ж
2. Юан Шиңфи. Қытай әдебиеті тарихы. (2-басылым) Жоғары педәгөгикә баспасы. – Бейжің, 2007.
3. Уаң Фихұң. Қытай әдебиетінің қысқаша тарихы. Жилин университеті баспасы. – Чәңчүн, 2010.
4. Алдәбек Н.А., Түргенбәй А.Ә. Қытай діндерінің тарихы. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017
5. Су Бихай. Қазақ мәдениетінің тарихы. Мөнөгрәфия.– Үрімжі: ҚХР ШУАР баспасы, 1989ж.
5. 中国古代文学(上册)姜光斗主编-上海:华东师范大学出版社2009. 517页
6. Абдырақын Н. Жаңа заман қытай әдебиеті.– Алматы: Қазақ университеті, 2013
7. Ахметбекқізі С. Қәжікенөвә « Қытай әдебиетінің хрестөмәтиясі»
8. Абдырақын Н. Гау Лимиң Көне Қытай әдебиетінің хрестөмәтиясі. – Алматы: Қазақ университеті, 2013
9. 中国古代文学(上下册) 蒋人杰主编-北京:高等教育出版社1997. 523页
10. 大学语文导读 徐绍建主编-武汉: 武汉大学出版社 2003年
11. Абдырақын Н. Қытай мифтерінің аудармасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012
12. 张明非主编。中国古代文学作品选, 广西师范大学出版社,2004
13. 郭预科衡主编。中国古代学史 上海:«上海古籍出版社», 1998
14. 钱华,刘德联主编 ,中国古代诗歌选读// 北京大学出版社 - 2004.- 231
15 吴承恩 西游记长篇小说 北京 金盾出版社。1997 全套两
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2419

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер