Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 13:55 - 2021/01/04

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2404
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2404

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2404

Мақала жолдаушы: Sh.bokeev
Мақала апторы: ШАҺИДОЛЛА САМҰРАТҰЛЫ БӨКЕЕВ
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан Шімкент

ҰЛТЫМНЫҢ ОҒЫЛАН ОҒЫЗЫ-Шаһидолла Самұратұлы (БӨКЕЕВ )

(Ұлы жазушы,ғұлама ғалым Мұхтар Мағауин ағамыздың 80жасқа толуына арнаймын)

Қазақтың үлкен абызы,
Ұлылардың нақ ізі.
80 ге келді мұха ағам ,
Ұлтымның оғылан оғызы.
Жырлаған бес ғасырды,
Қорқыттың болып қобызы.
Ғалыммын деп жүрген талайдың,
Сайда-сан,құмда жоқ ізі.
Теңесе алмас бір сізге ,
Келседе тоқсан тоғыз .

80 ге келдің сенде аға,
Бәрімізде пенде аға.
Екі айналып бұл жасқа ,
Келмейсіз ғой енді аға.
Туып өскен тұғырың,
Қазақстандағы кең дала.
Сізге қоныс бола алмай ,
Құрлық астың ен дала.
Кетесізбе осылай ,
Бүтінделмей жең-жаға.
Әттең бір кем дүние ,
Айтқандай шешен Шер аға.

Сізге қастық қылғандар,
Аяққа тұсау салғандар.
Қызғаныштан көре алмай ,
Іштері от боп жанғандар.
Жолыңа қақпан құрғандар,
Қадырыың өтіп бір күні,
Армандар ,сізді армандар.
Жазғаның кәусәр бұлақтай,
Оқыған адам алған нәр.
Шұрайлы тілің-шұғынық,
Аумай қалған балдан дәл .
Дәриярясің жөңкіген ,
Өзіңе тән арнаң бар.
Тұяғысың тұлпардың ,
Соңғы жалғыз қалған бар .

Алатын мәңгі есіне ел,
Шын жүйіріксің көсілер.
Екі айналып өмірге,
Келмейді сіздей есіл ер.
Орын беріп төбеден ,
Қондырмаса төсіне ел.
Қазақ деген атқа сын,
Тарих қайтып кешірер·
Ұлықтай алмасақ ұғылды,
Болып жұрмыз несіне ел.

Құзар шыңда самғайтын,
Жәй төбеге қонбайтын .
Ақ иығысың Алтайдың,
Топшысы босап талмайтын.
Көздеген асау аңыңды,
Ауламай мәңгі тынбайтын.
Текке піткен өр мінез,
Өзін ғана тыңдайтын .
Сексеуіл томар секілді,
Балталасада сынбайтын.

Топырақ шәшпәйім көпке бар ,
Есіп жүр желдей көп хабар .
Өсекшлер көбейді,
Араға шоқ сап от жағар.
Ақыры бар әр істің,
Әр нәрседе шек болар .
Еркелете алмаған ,
Еліңе қалған өкпең бар.
Деген сөз бар аталы,
<<Бетеге кетер ,бет қалар>> .
Түсінуде бір ерлік ,
Текті адамда кек болар.

Жазғаның болып тым мықты …
Айтқаның үшін ірілікті .
Бетің,жүзің деместен,
Жер қылғаның үшін ынжықты.
Қабылдай алмай көп надан ,
Шырқыраған шындықты .
Тырнақ астынан кір іздеп,
Араға салып шын ірткі.
Көбе астна кіріп алған,
Болып бейне күбірткі.
Жәйлі орныңды суытып ,
Төсегіңнен түңілтті.

Жүрседе бөтен жат жерде ,
Қізмет қылды нақты елге.
Сондада көп көре алмас,
Малшынып көк тер,әқ терге.
Сыртынан өсек боратып,
Жаласын жауып жатты ерге.
Елемей бәрін ер тұлға,
Қаламын дос қып дәптерге.
Шыңғысханды бес том ғып ,
Тарихха қойып сап белгі.
Тірілтіп ұлы қағанды,
Төрімізге ап келді.

Абайдың жалғап ұлы ісін,
Қалам боп байлық ,ырысың.
Қабаған иттер қаумалап,
Тарылсада тынысың.
Ешкімге де бас иіп,
Көрмедің аға күн үшін .
Туада піткен мінезің,
Тек Құдайдың құлысың.
Көрсеттің көпке шінімен ,
Тектіліктің үлгісін.
Қандай ұлы болса жазғаның,
Өзіңде сондай ұлысың.
қосымша жүктелген суреттері:




كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2404

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер