Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:53 - 2020/12/25

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2396
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2396

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2396

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Жанарына ауыр өймен аздап мұң тұнған Бәқітәлі «Түркия елшісі лекция оқиды» дегенді естігелі есі кетіп, күн санай бастады. Пекин унверситетінде қырма сақалдарының арасында нұр жасырынған атжақты, томпақ бет, қоңқақ танауарық жігіттің шүңірек көзі көзілдіріктің аржағынан от шәшә елші сарнап тұр.
«Біз Түрктер тегінде Алтай тауынан Анадолыға бардық. Ежеледен қітәймен тату-тәтті көршіміз. Осы даланың апай төсінде бірге өмір сүрдік, Хан династиясы кезінде қытай Жаңшиян бастаған елшілерін жіберіп, алғашқы дипломатиялық қатынас жасаған, одан кейін көп байланыстаға жалғасты, өте-мөте Таң династиясы кезінде біздің Батыс түрік қағанаты мен тығыз қарым қатынаста болған. Соның дәлелі имперәтөр Шуан Зұңның (Тиянбау жылы) мәқүлдәуімен астана Ши әндә үлкен мешіт салынды. Гуаң жоуда Пайғамбарымыз Мүхәммед ( с.ғ.у) қүрметіне 35,75 мұнаралы Гуаңта (нұрлы мұнара) мешіті бар. Ол жерде сахаба Саад Бин әбу Уаққас (р.а) жатыр… Екінші Абдулхамит сұлтанның Пекиндегі Нюцзе мешітінің ауласында салған медрессесі әлі жұмыс істеп түр»…
Бәқітәлі елші сөзінің аржағына, ішікі үніне құлақ салды…осыдан кейін ол өзін өзі тануға кірісті. Менің ата-бабам хуаңди, янди, олар яньцы, хуаңхы бойында өмір сүрген деп оқытқан мүғәлімдеріне сенгеніне қатты ұялды. Ағылшын, қытай тіліндегі көп кітәптәрді оқыды. «Дінін білген толық адам, тілін білген жарты адам» екен деп күбірледі. Түркия елшілігіне барып мәдениетке жауапты елші көмекшісіне кездесіп, миллиардтың ішіндегі өз ұлтын сақтауды әйтті.Түркияғә бала жіберіп, тегін теөлөгия мамандығын оқытсақ деп өтініш жасады. Үш айда елшіден жауап алды. Біз маштапты үлкейтсек деп, сөз бастады елші Шинжияңдағы қазақ тағы басқа мұсылмандараға қәзір қауып жоқ. Құмырысқа илеудің ішіндегі мұсылмандардың балаларын жинап, парыз бен қарызды өтесек. Студенттің барлық жол шығындары да бізден. Сіздергеде жеткілікті қаржы беріледі. Бірәқ бала жинағанда қатты абай болу керек деп, ескертті. Шығарда «Пайғамбар мүрәгері» деп арқасынан қаға жымиды. Бәқітәлі елшінің сөзінде үлкен жүк жатқанын сезді, Гуаңжоу тарихын оқыды. Ол әлемнің үшінші астанасы атанған қала. Ежелгі жібек жолының теңіздегі басы. Бұрынғы аты Кантон, оны тіпті «ажалсыздар қаласы», «гүл қала» деп атапты. Пайғамбарымыз Мүхәммед ( с.ғ.у) басқа елдермен қатар 630 жылы қытайды да мұсылмандыққа шақырып, хат жазып, елші жіберді. Сахаба СаадБин әбу Уаққас (р.а) Гуаңжоуға келіп өз жұмысын бастады. 650-700 жылдар аралығындағы көп құлшыныстан соң имперәтөр Шуан Зұң өз астанасы Ши әндә бас мешіт салуға руқсат берді…Осідән кейінгі жүз жылдықта Гуаңжоу, Цюаньжоу, Хаңжоу қалалрында араб, парсы көпестері көбейді, жергілікті мұсылмандар пайда болды.
Бәқітәлі осы жерлердің астын қайта-қайта сызды. Жексенбіде досы Бақтиярды ертіп 21,200 шақырмдық қытайдың Great Wall-ның үстіне шықты. Алпауыт дала, алыстан тау сілемдері бұлдыраған... Қырат-қырат жотаралдың аржағында жәуінгер ғұндардың атты әскерінің дүбірі естілді, жандарынан шаңдатып өте шықты, тарих жазып отырған Сымачиян мен қоса басқа орда әтектерін лақша өңгеріп, алып кетіп бара жәтті….бәрі көзден ғайып болды.
Жаздық көникөлдә екеуі үйге қайтпай сахабалар салған сара жөлмен жұмыс жасауға уәделесті.
***
Жөл кәртәсін жасап сапарын бастады. Бұлар қай қалаға, қай елді мекенге табаны тиді болды, әлдімен мешітке барып, намаздан соң жамағатқа көз салады,ыңғайына келетін, мұсылмандық әдебі сыртында байқалған, нағыз иманды жанға жақындап сөйлесті. Бисмилла деп, Бейжіңдегі Нюцзе мешітіне барды.
Жолдары болып намаздан соң елуді еңсерген еркек қытайға жақындып сөйлесті, таза қытай, ойлаған жерінен шықты. 11сыныпта оқитын егіз ұлы бар екен «әйеліммен ақылдасайын ертең осында таң намазға келіңдер сонда жауабын берем» деп қуантты. Азәнмен екі ұлының құжаттарының көшірмесін қөлдәрінәберіп, ыстық құшақтасып қоштасты. Тиньәнмень алңына жақын жердегі Дингси мешітінде үйреншікті әдіспен Байзу жігітпен танысты. Ол байқұс далдырақтап тұр... қыз баланың тағдырына алаңдап жүргенін айтып, қуана келісті. Құжатының көшірмесін тез берді. Жолы болған олар отарбаға мініп, Жияңжиякөу арқылы ішкі монғұлдың Хохыт қаласына барды. Ол жерден екі дүңген, бес монғол бала тапты. Хилүңжияңдәғі қырғыздардың ауылына барып төрт шәкірт тапты. Чыняаңға келді. Қалың адам сеңдей соғылысады. Бәқітәлі батыс пен шығысты байқау үшін көкке қарады, күн көрінбейді, мұнарлы аспан. Көше толған құжынаған жүргінші, жолдың қарсы бетінде «ланжоу нюроумиян»мұсылманша деген маңдайшалық жанып-өшеді. Ақ тақиялы жас жігіт шай құйып, ілезде алдарын асқа толтырды. Жол соққан бұлар енді тамақтарын жей бастағанда екі ересек адам келіп қарама- қарысы отырды. Оларда мұсылман болып шықты. «Мұсылман мұсылманға бауыр» деп сөз бастаған Бақтияр бірден өздерінің тегін оқуға бала жинап жүргендерін айтып салды.
-Қайдай жақсы, қай жерге, қандай оқуға деп бадырақ көз қара кісі сұрай кетті.
-Түркияғә, дін оқуға деп лақ еткізді, Бәқітәлі санын шімшіді.
Телефөндәрін алды. Біздің туыстарда балалар бар деп жанындағы төмен қараған сығыр көз сарысы жанарын көтеріп лыпылдап кетті.
Мешітке жете бере қолфондары безектеп қоя берді. Бағанағы екеудің бірі мен екі бала таптым, құжаттарын берсем, жаңағы асханада кездессек деп, асыға сөйледі. Дәретін жаңалап Алла үйіне кіріп, отырмастан екі бас намазға тәкбір алды. Қиямда Бәқітәліге екеуден қатты сақтану ойы келді. Екі бас намазда тек суреті ғана тұрды.
Тағы телефөн безілдеді...Бесін намазына дейін барып келсек деп, Бақтяр белсенділік танытты. Кездескен асханаға жақындай бере қалтарыста тұрған полция көлігін көрді. «Тез кеттік» деп Бәқітәлі дереу теріс айналып, тәкси ұстап теміржөлбекетке бірәқ тартты. Олар отарабаға міне алмай әвтөбуспен Чәңшүнгежөл үстәді...телефөн тоқтаусыз безектеді...Телөфөн кәртәсін шығарып тастап, құлақтары тініштәлді...жеткенше жо бойы қалғыды, түісінде сақшы апарып тергеп жәтті..
Чәңшүнде жан-жағына сақтан ақарап, мешітке барды, ауыз күйген үрлеп ішедідегендей...сөйлесетін лайық адам таппады...қорқақтады...шаршап мұрындарынан қан ақты. Тиянжинге жетті, бойларындағы үрей кетті. Бала таба алмай Шыжияжуаңға сүлкіндері түсіп, сүлмірейіп отарабан түсті.
Бір үмітті арқалап, Хынаның Жыңжу қаласына келді. Қабағы күрттердей күжірейген қос жігіт, бесін намазын жәмәғәтпен оқыды. Мұсылмандық сәулеті құп жарасқан мешіттің іші тып-тыныш, сәлде ораған жұқа сары жігіт қытай әкецнтіне азан шақыды. Сиырдың тілідей ұзын кілемге қаз-қатар болып тізілген жүзге жуық адам «Аллаһу әкбәр» деп, тәкбір алды. Кесек денелі иманың артына тұған Бәқітәі асау нәфсісін қатты ағаш еденге ұрып, маңдайларын сәждегеқөйді. «Сүбһән Рббил Ағала» деп, іштерінен бес қайталап өздерінің кім екенін таныды. Тәбәндәрімен тізесіне ғана жететін жіңішке қалың кілем. Бәқтәлі айналасына қарады, барлығы қысық көз, қытайға ұқсайды. Мұсылмандықты қабылдаған қытайлар болуы керек деп, топшылады. Орта бойлы қара торы жігіттің көрсетуімен шағын жиырама адамдық халал асхана кірді. Ақ күріш пен балық жеп әбден шаршаған Бақтяр «Ұйғырлардың лағманы» деп, дауыстап жіберді. Бұндай дәмді тағам жемегелі қашан, обырлана жеді. Анадайда ақша санапотырған сары шал: біз сары ұйғырмыз. 700 жылық алдында осында ата-бабамыз қоныстаныпты. Бүгінде біздің сары үйғірләр бес мыңға жақындады. Хынанның Мианчи ауданы Ченчун ауылы Ючи қыстағында тұрады. Құлақатры елең ете түскен бұлар шалдың аузына кіре жаздап тыңдады. Тағы, тағы айтыңыз дегендей ентелей берді, бірәқ шалдың әңгімесі сөнімен бітті. Кешбәтә қосжолуашы Сары ұйғырлардың ауылында бір шәугім шай еншіміз бар бөліспеген деп, қуана барды. Жазық төбелі қызыл кірпеш үйлер қаз қатар тізілген, көшелері тап-таза, кішкене қақпалары ашық. Аулалары жасыл-желеке оранып төгіліп тұр. Жеміс ағашының түрі-түрі көшенің екі жағындада жайқалып, бастарын иіп, жемістерін төгеді. Ойнап жүрген бірнеше бала қытайша шүлдірлеседі. Қақпаның түбіндегі кемпір-шал құдды жүздеген жылдар бойы осы жерде тапжылмай отырып, көшенің бөлінбес бір бөлшегіне әлде қашан айналып тас мүсінге айналғандай жансыз, еш қозғалмайды. Жақындап сәлем берді. Жаны бар екен. Қытайша сөйледі. Пекин унверситетінің студентіміз, көникөлдә қыдырып жүрміз. Осында Сары ұйғырлар тұрады деген соң келдік, біз қазақпыз деп, Бақтияр Лю текті шалды әңгімеге тартты. Екі ұлы бар екен, одан үш немере сүйіпті. Немересі әлі кішкене. Біздің нысанаға ілікпейді екен-ау деген Бәқітәлі алға жылжыды. Келесі көше, қақпа аузында тағы шал кемпір үнсіз отыр. Қараңғы түспей тұрып бір үйге кіруді ойлады. Жақындап сөзге тартты. Олар ұрсып қалған ба, бүләрмен сөйлеспей бірден қолын ербеңдете «кет, кет» деп қуды. Құбылай заманында жоғары жік санатына жатқан ұйғырлар аймақ жаппай облыс басқарыпты, сол кезде осы аймақтың барлығында әкім болғандардың бүгінгі ұрпағы өз дінінен мүлде алыс. Бау-бақша өсіргені мен көше тазағынан басқа ешқәндәй түркілік сарын қалмапты. 700 жылдың ішінде қытайдан қыз алып, қыз беріп, үшінші ұрпағында ата тектерін қытайшалап хан ұлтына төліғімен сіңіпті. Ең шеткі көшедегі орта жас еркекпен кішкен әңгімелесіп, исләмдіні туралы сөз қозғап, оның тамырын басып көрді. Ол«жәбәйліқ»деп тік шапшыды. Баяғы кемір шалдың қақпасына қайта келді, олар есік ашпады.
Абажадай үлкен ауылдан ауыздарына су тамызатын жан шықпады, ауыл шетіндегі атыздыққа түнеп, әзәнмен Жыңжуға кері қайтты. Жүректері жылап, жандары езіліп қайтты. Нанжиң, Хыпи, Шаңхай, Уаханға барды. Тағы мұрындары қанады. Пайғамбарымыздың өмір жолы көз алдарына келді, шын түсінді.
Сахабалар қаласы Гуаңжоуға бейсенбі кеш бата жетті. Пайғамбарымыз Мүхәммед ( с.ғ.у) қүрметіне салынған 35,75 мұнаралы Гуаңта (нұрлы мұнара) мешіті мен Сахаба СаадБин әбу Уаққас (р.а) кесенесіне зиярат етті, сахабаның нұрына шомды. Жұма түнінде тәһжүт намазында көп-көп дұға жасады. Гуаңжоудағы жасыл аралға ағылған барлық мұсымандардың қатарында жұма намзына қатысты. Сондай үлкен әтмөсферә. Жандары тыншып, талай күндік жол әзәбімен, шаршағандары басылды. Малайзия, Индөнезия және Қытай мұсылмандарының қарасы қалың. 750 шақырым жол басып, Тайванның тұсындағы қытайдың күнгей шетіндегі көп жұрт біле бермейтін Цюаньжоу қаласының таулы қыратына тыныш мекенге жайғасқан қос сахаба басына барып құран бағыштап, сол кісілердің қүрметіне Алладан кешірім сұрап, істеріне берекет тіледі.Күйяңғә жол ұстап, от арбаға мінгенде қарсы күпеде отырған дүңген шал-кемпірің намаз оқығаны байқап, қатты қуанды. Сахаба берекетімен істері оңға басты. Жаңағы шалдың баласы мешіттің имамы екен. Отарба бекетінде әкесімен шешесін ұлы қарысы алды. Имам меддресеге ертіп барып, балаларға таныстырып өз еріктеріне салды. Бір күннің ішінде 8 дүңген, екі байзу ұлының құжаттарының көшірмесін алып, қуана-қуана Күнмиңғә тартты. Шінмен жолдары болы. Күнмиңнән 6 дүңген, 4 дайзу бала тапты. Ши әнғә келген беттен үлкен мешітке барды. Өздеріне аты таныс Жаң Хының мұсылман екенін имамнан естігенде бауырларын тапқандай қатты қуанды. Батысқа теңізбен жері рет барған, жер сілкініс аспабын тапқырлаған ол осы мешітті жеке қәржісімен тұрғызыпты. Алтын шаһар атанған ескі қала, байырғы қорғандар, дабыл мұнарасы, қоңыраулы қақпалардан ежелгі мұсылмандардың үні естілетіндей. Бұл ескі шаһардан 7 дүңгенбәлә тапты. Ланжоуға тоқтады. Құдды сахараға келгендей ауа жұтып, кең тыныстап танаулары ашылып, өздерін сондай бір қәупсіз сезінді. Қытайлық үлгіде, мұсылмандық нәқішпен безендірілген Ланжоу мешіті қытай-жопан соғысында Ма Бупаңға мықты бекініс болып, отаршыларды жолатпапты. Ақ тақиялы жамағаттың арасында сапқа тұрып, бес баланың құжатыналды. Линшия дүңген облысына әвтөбуспен барды. Ыстық қағыр ауа, көшеде еріндері жарылған, табиғи қара адамдар легі иық тиістіре айқасады. Орталық көшедегі меддреселер мүлде басақа әлем. Аулада ақ тақиялы адамдар. Ит тірліктен шаршаған жұрт, рухани әуәмен тыныстап, рақатанады. Ақ тақиялы дүңгендердікіне қарағанда төбесі жалпақтау, тақиясын қырлы, ені кең пішілген, мұсылмандық бас кимін баса кигендердің де қарасы қалың. Бесін намазынан шыға бірнеше тілде шүлдірлесті. Дүңген әйелдері сияқты қара қиім емес, өздеріне жарастыра жасыл шылаушындар, еді бір түрі қызыл қоңыр бұл оранған домалақ жүзді, әдемі келіншектерді көрді Бәқітәлі. Манжурлар билеген заманда мұсылмандардың құқық мүддесі тапталы, ары сынға түскенде қолдарына қару алып, қарсы шыққан дүңгендердің жанынан табылған Дүңшияң мен Бауан ұлтының ұрпақтары осылар. Дүңшияңдәрдің арғы атасы парсылардың саман тайпасы болған. Олар қытайды Монғол билеген кезде осында келіп, ақ жағалы болған. Бүгінде жер емшегін емген жай бұқара. Құбылай заманында монғол әскерінің құрамында болған мауранахырдан барған мүсілмәндәрмен мұсылмандықты қабылдаған Монғолдар батыс өңтүстік шекәрәні амандығын мықты ұстаған, міне солар ата-бабасы болып келетін, Баун (амандық сақтаушы мағынасында) ұлты осылай қалыптасқан. Олар ірі денелі жәуінгер халық. Кезіндегі әскери шендінің ұрпақтары бүгінде жер салып, қөлөнермен айналысады. Ұлттық пышақтары атақты. Сәудәмен айналысатындары да аз емес. Мұсылмандар облысынан он бес шәкірт тауып, қоржындары тола Чиңхайдағы салаларды іздеп, құзар таулардан асып, тар қысаңдардан өтіп, хуаңхының басынан қарап, табиғатына тамсана, шизаң үстіртіне жақын орналасқан салалардың өзі қожа болған таулы аудан Шүнхуә келді. Жиезі мешітінің рухани әтмөсферәсі бірден бұларды өзіне баурады. Этникәліқ аралдың иесі Салалар оғыздардың бір тайпасы. 13-ғасырда түйеге жүктерін артып, Самархандттан Ақман, Қараман дегенәғәйді жігіттердің бәстәуімен шығысқа үдіре көшеді. Көш басы ақ түйе тау асып, тас басып, осы араға жетіп шөгіп, сол жерде үлкен тасқа айналады.
Аһли сүннетті мықты ұстанған Салалардың бар тірлігінің өн бойына мұсылмандық әбден сіңгені бірден байқалады. Көзі ашық қытайлар қызыға қүрметпен қарап, зерттеп кітәп жазып, кинө ценәриясін жазады екен. Жер мен малды қатар ұстаған бұлардың дастарханы мол, қонақжай халық. Бөлінбеген бір шәугім шайға Жиезі мешітінен шыға, шүршіт ауыз, томпақ бет, қыртыс бадрақ көз Шұғайып есімді жігіт ағасы үйіне шақырды. Ұлттық ою өрнек, атадан балаға қалған жәдігерлер бірден көзге ұрады. Төре табақ ет, ірімшік, айран, шүбәт, қымыз құйып қонақ еті. Сүтті шай беріп, ағынан жарылып әңгімесін айтты. Көшпен әкелген Құранға 4 миллон юанға арнаулы бөлме жасатып, сақтап отырмыз дегенде көруге ынтзар болған Бәқітәлінің тілегін жерге тастамай, ертіп барды. Әр жарты сағатта үш есікті бөлек-бөлек келіп, үш жігіт ашты. Ішке еніп қәсиетті Құранды көрді. Далаға шықты, күн мейірлене шүлен шұғыласын төгіп тұр, көлеңкелері екі еселеніп ұзарды. Екінті намазында Дүгендердің жаңа мешітінде имамның тура артында тұрды Бәқітәлі мен Бақтияр. Имамның үнімен бұлар сілтідей тына тәкбір алып, қиямға тұрды. Милион ойлар ілезде жоғалды. Раббысына жалына, сәждеге кетіп бара жатты, асау нәфсіні жерге ұра «Сұбхан Рабил ағла» деп, Жаратушысын зікір етті. Жүрелей отырып, қайта жерге бас ұрып, Алланы еске алды. Әттахиятқа бұлттардың аржағында отырып, барша жандыны мен жансыздың сәлемін Аллаға жекізе сәлем берді, Алла Тағала сәлемімізді қабыл алғанын естіген періштелер шаһадат кәлмимәсін айтты. Екі жаққа сәлем берді. Намаздан соң күлімсіреген имам екеуді қайдан келгендерін сұрап, үйіне қонаққа шақырды. Әдемі асты үсті кішкене тақсылы істәкәнмен науат салған шайы таңдайларына бал татыды.
-Сіздер қайдан келесіздер.
-Біз Бейжіңнен келеміз. Студентпіз.
-Сіздер қанадай шәруәмен жүрсіздер.
-Өзіміз, ел арлап, жер көріп, қыдырып жүрміз.
-Сіздер жәй жүрген жөқсіздәр.
Сіздер менің қонағым емес, Пайғамбарымыз Мүхәммед ( с.ғ.у) қонағысыздар деп, сөз бастаған ол көзіне жас ала сөзін сабақтады. Таң ата түсімде Пайғамбарымызды көрдім «менің қонағым келеді, жақсы қарсы ал» деді, деп одан бетер өзін тоқта алмай жылап кетті. Бұларда қосыла жылады. Таң намаздан соң қарадым бөтен ешкім болмады, бесінде қарадым тағы ешкім жоқ, міне сіздерді екінтіде көріп, бірден түсім есіме түсіп, жаным толқыды. Барлық жайын бүге шігесіне дейін түсіндіріп, қайда барғандарын бәрін-бәрін тәптештеп айтып шықтты. Ол күні үйінде қонақ еткен имам таң намаздан соң Раңдұң меддресіне ертіп барып 500 шәкіртін толық жинап, барлық жайды түсіндіріп оқуға баруға шақырды. Сала, Дүңген, Бауан балаларынан 38 баланың құжаттын қолдарына алды. Шүнхуәдән кеткілері келмей, Мәшяңүн есімді имамға сондай бауыр басып кетті. Арапша есімі Шамсиддин, қырыққа енді келген жігіт бұларға бөтенше ыстық ықылас көрсетіп қолдарына ақшалай, заттай қымбат силықтар берді. Өзі ертіп Ниңшаның Инчуан қаласына барып ол жақтан 20 бала тауып берді. Пайғамбар берекетімен берекеттенген бұлар қимай, қимай қоштасып Бейжіңге қарай ұшаққа мінді. Бұлттарың арасына енгенше Шәмсидннің жылы жүзі,нүрлі бейнесі, әдемі мұрны көрініп, қол бұлғап тұрды...
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2396

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер