Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 20:12 - 2020/12/22

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2394
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2394

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2394

Мақала жолдаушы: Nurhalyk
Мақала апторы: Нұрхалық Абдырақын
Аптордың мекен-жайі: Бейжің қаласы

Алла Тағала: сені жоқтан бар етіп жараттым да Мен жасырындым, сен енді ізгі әмәліңмен бойыңнан Мені көрсет!
Ұлі Жаратушының бір есімі Әл–Ғалим (Білуші) . Барлық нәрсені білуге қүдіреті жетеді. Болғанды және болатынды біледі. /1, 9/ Сондықтан да мұсылман ғалымдары қанша терең білімді болсада «барлығын анық білуші Алла» деп айтуды ұмытпаған. Ғылымның қайнар көзі-адамның санасы. Адам баласына сана беруші Алла. Адам баласы бес сезім мүшесімен сезіп, көріп білген соң сана қалыптасып, түйсініп, ой түйеді.
Батыс философы Фома Аквенски дін мен ғылымды ымыраластырған. Алберт Энштейін өз дәрісінде: дінсіз ғылымды балдақсыз ақсаққа, ал ғылымсыз дінді таяқсыз соқырға теңеп, діннің ғылымға, ғылымның дінге еш зияны жоқтығын және бірінсіз-бірі нәтижесіз екені туралы айтқан. Орта ғасырдағы надандық салдарынан инквизиция кезінде хирстан діндәрләрі ғылымға теріс қараған. Ислам астронмиясын қолдаушы Н.Көперник, Г.Гәлилей сынды ірі ғалымдарды қудалады. Ислам ғылымы еурөпәғә келген соң ғана шындықтың беті ашылып, ғылымды мойындалған. Кез келген ғалым әдеп, иман негіздері, ар-ұятты біуі керек.2,24-26
Басымыздың тәжі, көзіміздің нұры болған пайғамбарымыз Мүхaммед Мұстaфa (с.ғ.у.) білім жайында: Ішін¬де кіш¬ке¬не болсада бі¬лі¬мі (aқиқaты) жоқ aдaм қaңырaп бос қaлғaн ес¬кі үй сияқ¬ты. Сон¬дықтaн, мін¬дет¬ті түр¬де бі¬лім aл, жә¬не оны бaсқaлaрғa үй¬рет, оны шынaйы тү¬сін, бі¬лім¬сіз бұл дү¬ниеден өт-пе. Аллa Тaғaлa топaс, бі¬лім¬сіз¬дер¬ді ке¬шір¬мейді. Аллa Тaғaлa бі¬лім¬ді тәрк ет-кен құлын жек кө¬ре¬ді. Бі¬лім бaрлық жaқсы¬лық aтaулы¬ның бaсы, бі¬лім¬сіз¬дік бaрлық жaмaндық¬тың қaйнaр кө¬зі. Дін дұшпандары орта ғасырдағы ислам ғұламаларның ұшан-теңіз ғылыми жетістігін ұрлап, одан кейінгі ұрпақты адастыру үшін өте жіңішке жерден сына қағып, дін мен ғылымды бөліп тастады. Сөзімізді таратсақ:
Пайғамбарымыз (Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті. Осы кезден кейінгі бүкіл әлемдік ғылымдар араб тілінде сөйледі. Араб әлемінде атақты ғалым-ғұламалар шықты. Ислaм химия ғaлымы Жәбір ибн Хaййaн (Алгербрә пәнінің атасы) , Арaб медицинa aтaсы Әбубәкір aр-Рaзи, дaнышпaн ойшыл, ғалым әл-Қинди, орта азиялық атақты энциклөпедист ғалым Әбу райхан Әл-бируни. Әлеуметтaну ғылымының негізін сaлушы ибн Хaлдун, физикa ғaлымы әл-Хaсaн ибн әл-Һәйсaм, aтaқты дәрігер Абдулaтиф әл-Бaғдaди. Аристөтельдің кітaбін түсіндіруші ибн Рушд. Әбу Нaсыр әл-Фaрaби және бүкіл Түркі дүниесінен шыққaн дәрігерлердің ұстaзы Әбу Әли ибн Синa (медцинә ғылымының атасы) , ойшыл ақын, философ, асқан мәтемәтик Омар ибн Ибрәгим әл-Хайям. Бейбaріс сұлтaнның жеке дәрігері ибн Нәфис, атақты ғалым мәтемәтик және астроном Мүхәммед әл-Хөрезми. Ахмет Игінүки, Мaхмұд Қaшқaри, Жүсіп Бaлaсaғұн, Астроном ғалым Ұліқбектер ғылымның шамын жақты.
Ақыл адамзатқа Алланы тану үшін берілген ніғімет, міне сол ніғімет арқылы ғылым жасаймыз. Бізге жан беруші де жан алушы Алла Тағала. Бізге жан салғанда Өзінің хикмет сырларын сіңірген. Ақылы бар адам айналасына ақыл көзімен қараса немесе өз тәніне зейін қойса Алланың ғылымын анық көрер еді, амал нешік!!!
Исәәк Ньютонның шіркеуді ширк келтіру деп түсінгені ғылым тарихынан белгілі. Әл-фараби мен ибн Сина еңбектеріне сүйеніп Еуропа елдеріне ғылым жайған ағылшын тқуасы Рөджер Бэкөн өз кезінде шіркеудің надан істеріне наразы болған, ислам ғылымның шындығын айтқан. Ортағасырлық еурөпәліқ ғалымдар өз еңбектерін көбіне-көп араб ғұламаларының ғылыми мұраларын тану, соған ізбәсәр болу арқылы жазып, ғылымды дамытқаны туралы шын сөз Британяда шыққан көп томдық ғылым тарихының әлемдік энциклөпедиясін да ашық айтылған. 2,24-26 Астрономиялық аспаптар, ойыс айна (линза) , телескөп жасау, өбсервәтөрия салу ісі де-ислам елдерінен алынған үлгілер. Ғылым тарихын білетіндер әлбетте мойындайды. Ғылымдағы адасушылық пен қәте түсінк әлемдегі барлық ғылым сәулесінің басы ежелгі грекия одан еурөпә деп білу. Фәлес, Пифәгөр, Платон, сынды көрнекті ірі ғалымдардың шыққан тегі грек бөлғәнімен, білім терген, ғылым үйренген жері ескі Шумер (б.д.д.4-3 мыңжылдық) жері болғандықтан олардың ғылымы шығыс ғылымының жалғасы екендігін Фарабитанушы ғұлама Ақжан әл-машани дәл айтқан. 2,24-26 Ертедегі герек ғалымдарының есімін, білімін еурөпә елдері ислам арқылы таныған. Сондықатан да Р.Бөдлей: «қәзіргі батыс мәдениеті ренессәнскә, ренессәнс исламға қарыздар»,-деген. 2,24-26
Уотт Мөнтгөмери «Исламның орта ғасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: Пайғамбар мисуәгі әлемге тіс жауатын щеткәні сыйлады. Сүннет көйлегі пижмаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал мұрт, шәш тырнақты алу жеке гигиенә мен мәдениетті үйретті. Бұрынғы төсекке де жүн шекпендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ідіспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін Еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды. Араб цифыры, көмпәс, қағаз жасайтын дирмендер Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды. Зәйтүн, інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді, егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтыр қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинәғә жаңа серпін берді.
Пaйғaмбaры¬мыз aйт¬ты: «Бі¬лім із¬деу – ер-әйел мұ¬сылмaн¬дaрғa пaрыз, бі-лім aлудa Аллa тaғaлaғa сүйену ке¬рек. Сондa ғaнa ол сағaн шынaйы бі¬лім бо-лып сі¬ңе¬ді. Бі¬лім пaйдaлы жә¬не пaйдaсыз бі¬лім бо¬лып екі¬ге бө¬лі¬не¬ді. Бі¬лім¬ді тір¬лік¬тің ті¬ре¬гі ету ке¬рек. Пaйдaлы бі¬лім се¬ні бaқытқa жет¬кі¬зе¬ді, aл пaйдaсыз бі¬лім се¬ні құр¬дымғa әке¬те¬ді.
Ғылым екі түрлі: адам туылғаннан өлгенше еш айрыла алмайтын Алланытану ілім, бұл барлық адамға парыз ілім. Екіншісі нан жеу үшін керекті ғылым. Мұнда бір мамандықты біреу меңгерсе, барлық адамның мойнынан түсетін ілім. «Дін ғылымның атасы»-, деп сыршыл ақын Мұқағали бекер жырлаған жоқ.
Адам қанша ғалым, көріпкел болса да өзінің қай күні өлетінін білмейді. Кім кішкене қара құмырсқаны қолдан жасап, жан сала алады. Алла Тағала бізді жақсы көргені соншалық, көзімізге айналамыздағы метөфизәліқ әлемді (періште, жын-шайтан, аруақ т.б) көрмейтін етіп жаратқан, көрсек жүрегіміз жарылып кетеді. Дін-әрбір адам баласына, ақыл иесіне өз қалауы бойынша, дүние және әқіретте нағыз бақытқа жеткізетін илаһи жүйе. Алла тағала адамзатқа Пайғамбарлар мен кітәптәр арқылы тура жолды нұсқап, ғылымын үйретіп отырған. Айталық: Ибраһим (а.с) Кағыбаны саларда көгершін мен өрмекшіні жібереді. Өрмекші торынан құрылыс сызбасын, әрхтектурәсін үйренсе, көкершін жұмыртқасын жарғанда балшық жасауды үйренген. Муса (а.с) Пайғамбарға химия (алтын жасауды) үйреткен, сөнімен бірге өсімдіктәну (бөтәникә) ғылымын үйретіп, дәрі шөпті шипа еткен. Дәут (а.с) Пайғамбарға теміршілікті меңгертіп, физикә, химия ғылымын үйретті. Иса (а.с) Пайғамбарға медцинәні үйретті. Туыла сала ала песті емдеді. Негізінде жіберілген діндердің барлығы- Ислам. Бұл иләһи діндер кейіннен негізгі қалпын жойғандықтан, Алла тағала Пайғамбарымыз Мүхәммед Мұстафа (с.а.у) арқылы ақиқат діндердің ең соңғысы әрі ең кемелі Ислам дінін түсірді.3.6
PS: Ғылым діннің бөлінбес бір бөлшегі. Нәпсісін тыңдаған жан, шексіз еркіндікке кеткен адам адасады, исламның шектеуі осы ғана. /5/ Адамзақта пайдалы кез-келген ғылым діннің бір жетістігі. Біз дін дұшпандарының дінмен ғылымды бөліп қарастырғанын және екеуін қарама-қарсы қойғанын біліуге міндетіміз. Дін мен ғылымды тең меңгерген мұхит тәрізді терең адамдар болады, оларды көргенде тереңіне шамаң жеткенше сүңгігің келеді, ал шалшық судай таяз адамдар да болады, олар үстімді былғап кетпесе екен деп аттап кеткің келеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. “Алләнің 99 ғажайы есімі” / Сәдуәқәс Ерматұлы Ерматов. (орыс тілінен аударған) мерей баспасы, – Алматы, 2006 жыл
2. Ғылым іздеуді адамның адамдық борышы санаған. Мақсат Алпісбес. /“Аңыз адам журналы ”24-26 беттер.
3. Хәсен Арікән; Түрік тілінен ауд:А. Кешкилөв. Бейнелі мұхтасар ҒЫЛЫМХАЛ (Ханафи мәзхәбі бойынша негізгі дінни мағұлматтар) .-Алматы: Алтын парақ, 2017.-188 бет. (ҚРМәдениет және спорт минстрлігі дін істері көмитеті және ҚР Мұсылмандар діни басқармасы бекіткен)
4. Құран кәрім. (Араб тілінен қазақша түсіндірмелі аударма жасаған) . Әкімхәнөв Асқар Бөләтбекүлі., Анәрбәев Нұрлан Сайлауұлы. – Алматы, «Көкжиек» баспасы. 2015.-624бет.
5. “Дaнaлық¬тың дәйегі” / қытай тілінен ауд. -Н. Абдырақын. – Алматы: Қазақ университеті, 2017жыл
6. Иман негіздері. Сейтбекөв Смайыл. ЖШС РПБК «дәуір»– Алматы , 2011 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2394

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер