Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 21:08 - 2020/12/14

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2384
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2384

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2384

Мақала жолдаушы: Sh.bokeev
Мақала апторы: Шаһидолла Самұратұлы (Ш.БӨКЕЕВ )
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан

ТІЛСІМ КҮШ

ШАҺИДОЛЛА САМҰРАТҰЛЫ БӨКЕЕВ



Жаратылыс дүниесіне қарап отырсаң бір жаратушы тілісім күш бар екеніне сенбесіңе шараң жоқ ,мейлі мүлде діні жоқ ,дінге сенбейтін қәуіммен ұлттардың өзі де сол өзгеше бір тілсім күшке қалай сеніп қалғанын білмей де қалса керек .
Әлем бойынша Алла тағала тарапынан ешқәндәй кітәп түспеген мынау ,қытай ,жапон ,кәрис,ветнәм т.б халықтар бер жағында Құдай жоқ деп жар салып түрғәнімен ,олардың аржағында еріксіз сенетін бір тілсім күштері бар .
Қытайлар адам өлсе ерекше қорқады ,оның жыны бар деп есептеп ,адамның өлігін үйіне түнетпей арнаулы тақтайдан үлкен қорап сандық жасап ,Өліктің үстіне бір пар жаңа кіиім кигізіп ,жейтін тәмәқ,ішетін арағына дейін сол мәйтпен бірге жаңағы үлкен сандықтың ішіне қояды және таң атқанша от шәшу атып ,оның жынын қуалайды екен.
Бұл да тілсім күш ...

*** *** ***

Ал біздің қазақ анау ежелгі шаман діннен ислам дінне кіргенге дейін де осындай бір төтем күштің барына сеніп келген.
Адамның жаратылысында және басқа да 18мың ғаламның жаратылысында бір тілсім күштің бары шындық .
Өмірде жын,шайтан деген бар,бырақ бұл нәрсе барлық адамның көзіне көріне бермейді ,оның өз көрінетін адамдары болады екен ,әсіресе адамға қізмет ететін хауанаттардың ішінде жылқы малының бұндай тілсім күшті сезінуі ерекше болады екен ,баяғда ата-бабаларымыз күн көшіп ,тұн көшіп жұрып не бір жағдайларды көрген ғой ,сонда мына жерде жын ,шайтан болған екен деген жерлерден өткенде астындағы мінген қойдай қоңыр жуас аттарының өзі өсқірірініп,пісқіріп,үркіп ,тартыншақтап әрең жүретінін көз қарақты кісілерден талай естігеніміз бар.
Бұл тілсім күш....

*** *** ***

Еренқәбірғә өңірінде Жымбы деген атақты мерген өмір сұрыпты ,ол көрген аңын атып алмай ,тірі жібермейді екен,бір күні оған шаңырақтай мүйізі бар үлкен бұғының бұқасы жолығыпты,Жымбы мерген садағын алып енді нысанаға алғанда,аспаннан бір мынадай дауыс естіліпті :
-Әй қарағым андағы бұғыны жаңа ғана ашы-түз артып келіп,терлетіп қоя берген едім демәлсін деп ,тійме оған-дейді .
Бырақ Жымбы мерген оны тіңдәмәй,тістерін тістеріне басып шықырлатып ,тістесіп тұрып ,қәйтісемде атамын оны деп ерегескен екен.
Сол кезде әлгі дауыс тағы шығып :
-Сенің тістескен тісіңді көрейін мен -дейді екен .
Сол сәтте Жымбы мергеннің жағы сембей,тісі қатты қақсап қоя береді де,бүғіні атпақ түгіл ,<<байтал түгіл бас қайғы >>болып үйіне қайтады.
Осы Жымбы мерген бір күні аң ауап жұрып ,тағы да бір мүйізі қарағайдай бұғыға жолғады,бұғы атқызбай тұра қашады ,Жымбы мерген қуа жөнеледі,сүйтіп бұғы қашып ,Жымбы мерген қуып бір 30-40km жол жүреді,кенет алдынан үлкен бір өзен жолығады ,тау ,орман қоршаған үлкен өзеннің кеңдігі 9-10 метірдей екен,бүғі сол тауды болып ағып жатқан өзеннің арғы бетіне секіріп өте шығады,арқасынан қуып келе жатқан Жымбы мерген де ет қізуімен сол өзеннің арғы бетіне секіріп өтіп ,тағы да бірәз жерге дейін қуып барып ақыры бұғыны ұстайды,қайтарда әлгі өзенге келсе өзі секіріп өткен аралықтан қайтып өту мүмкін емес дейді,әмәлсіз беліндегі бәлтәсімен қарағайды кесіп ,кшкене көпір салып өткен екен .
Жымбы мерген үнемі аңшылқты кәсіп етіп ,иен тауда жалғыз жүреді екен ,бір күні қатты шаршап келе жатса ,алдынан бір үлкен ақ отау жолығады,отаудың алдында аппақ киім киіп оранған әйел маралдарды тізіп желіге байлап қойып сауып отыр дейді ,Жымбы мерген үйге кірсе үйдің іші жәйнәп түр дейді ,әлгі әйел үйге кіріп ,бір кесе қымыз береді ,Жымбы мерген бір кесе қымызды ішіп алып ,төрге төселген үлкен қара киз текеметтің үстіне қыисая кетеді ,қанша уақыт ұйықтағанын кім білсін ,оянса ,киз үйде жоқ ,марал сауып отырған әйелде жоқ ,тек астында өзінің бөйімен бірдей текеметті қиып тастап кетіпті ,басқа түк жоқ дейді ,сол киелі текемет күні бүгінге дейін ұрапақтарының үйінде сақтаулы түр екен.
Бұл да тілсім күш ...

*** *** ***

Қазақтар ойбай мынаның көк бөрісі ,қан қызбалығы бар екен ,айғай көрсе тұра алмайды екен деген сөзді көп айтады ,бұның да үлкен жаны бар сөз ,бұндай топты ,айғай ,шуды көрсе елегізіп тоқтай алмайтын мінез адам түгіл хаюанаттарда да бар .
Бала кезімізде үйімізде бір ақ ат бөлді,сүйектері ерекше жаралған ,екі артқы аяғын талтаңдап бәсәді,көздерінен кәдімдей от шәшіп тұрушы еді,жәйшіліқтә мініп келе жатып ,《әйт》деп айғайласаң болды ,біттім дей бер,қүн-перен алып қашып шаба жөнеледі,қәншә тартсаңда ауыздыққа күш бермейді,әлдіндәғі нәрсені де елеп ескермейді,тәу болса тау,тас болса тас,ұра,жыра барлығынан секіріп өтуге пейіл,қөйші әйтеу ес кетіп ,жан шыққанда зорға тоқтатып алатынбыз,ал дүбірлетіп бірнеше атты әдәммен жүргенде тіпті еліріп кетеді,өндәйдә мініп жүріу мүмкін емес ,тұсып алып ,жаяу жетелеп алатынбыз.
Бұл да тілсім күш ...

*** *** ***

Баяғыда қысты күні қыстауда мал бағып жатқан бақташының қорасына қасқыр түседі,үйде мал иесі ақсақал мен кемпірі ғана болады ғой ,қарулы ақсақал бірден дамбалшаң далаға атып шығып ,қойларды шетінен тамақтап жатқан арлан қасқырдың құлағынан ала тұсып ,мойынын қайырып асытына басып үстіне мініп алады,бауыздайын десе кездігі шалбарының қынында қалып кетеді ғой , әй кемпір кездігімді әкел тез деп айқай салады ғой ,сонда айқайға еліріп ,бойына күш жыинаған арлан үстіне мініп отырған шалды лақтырып тастап ,сытылып кете берген екен.
Бұл да тілсім күш ...

*** *** ***

АҚШ та болған мына бір оқыиға видейөғә тұсып қалыпты...
Сыртта ойнап жүрген кішкене баласын қарап қояиын деп сыртқа шыққан анасы ,баласы түбінде ойнап отырған 3 метір біиктіктегі үлкен дуал баласына қарай құлап келе жатыр дейді ,анасы жан үшіріп барып ,дуалды ары қарай итереді ғой ,сонда балаға қарай құлап келе жатқан дуал ары қарай құлап ,баласы өлімнен аман қалады.
Бұл да бір тілсім күш...

*** *** ***

Алтайда өмір сүрген атақты Қозыбай палуан бір күні жолаушылап келе жатып ,жол-жөнекей бір үйдің іргесіне атын байлап қоналқыға түседі,үй иесі қазақ салты бойынша үлкен си көрсетіп ,етін асып жегізіп ,сорпасын,айыранын ішкізіп жатқызады,тұнның бір уағында қатты шөлдеген ол үй иесін оятқанды ыңғайсыз санап ,қазан аяқ жақты қараңғда қөлімен сыипалап жұрып ,айыран бә,іркітпе қолына ілккен астаудағы сусынды ішіп алып қайтадан ұйқыға бас қояды.
Тәңертең азанда дастарқан әзірлеп,шәй құйған үйдің келіні атасынан сұрайды:
-Ата қай күні сойылған жылқының бас терісін ағаш астауға салып ,іркітке шылап ,жібітіп,иілеп қойған едім,түнде үйге ит кірген бе,әзәндә тұрсам жылқының бас терісі де жоқ ,іркіт те жоқ ,құр астаудың өзі ғана қалыпты -дейді ғой .
Сонда Қозыбай палуан сөзге араласып :
-Шырағым келін мен түнде қатты шөлдеген соң ,сендерді оятуды ыңғайсыз көріп ,өзім тұрып,қазан-аяқ жақтан бір қолыма ілінген астау ма бір ыдыстан іркіт па бірдеңе ішкен едім ,қараңғда ештеңе көріп болмадым ,сонда тамағымды қаймақ құсаған бірдеңе қырнап өткен еді ,әлгі іздеп отырған жылқның бас терсі сол болды ғой онда -деген екен .
бұл да тілсім күш ...

*** *** ***

Жақын туысқан ағамыз айықпас дертке душар болып ,қатты қиналып жатты,жағдайы қатты нашарлап кеткен соң шипаханадан үйіне алып келдік ,алыстағы туыс -туған ,ет жақындардың бәрін шақыртып алдырдық,ағамыз қатты қиналып жатып ,еріндерін зорға қыимылдатып:
-Мен жазылмас дертке шалдыққанымды біліп отырмын ,енді өзімді де ,өзгелерді де қинәмәйн,Шешеме айттым жаңа ,рұхсатыңды ,батаңды беріңіз -деп ...
Басқа бөлмеде отырған апамыздың қасына барған едім,Апәміздің көздерінің жасы пара болып ,дұға жасап отыр екен ,болған соң маған айтты :
-Балам өте қиналып кетті ,жаңа менен батаңызды ,рұхсатыңызды беріңіз деді,"ей Алла баламның жанын бұдан ары қыинай көрме,енді өз ғұзырыңа алуыңа ыризамын ,рұхсатымды бердім "-деп дұға жасадым деді.
Жақыннан молдаларды да шақырып ,дем салдырып отырдық ,дем салып отырған молда айтты :
-Тек қана Алла білуші ғой алда не бөләтінін,деседе бұндай ауыру адамдардың қаншасына барып дем салып жұрмын ,мына кісінің жағдайы жаман емес қәзірше,қәләйдә бір апта өмірі бар деп ойлаймын -деді маған жеке шақырып .
Апамыз дұға жасағаннан кейін арада екі сағатқа жетпейтін уақыт болды ,біз көңіл сұрай келген қонақтарды дастарқан басына отырғызып ,енде бір кесе шайды қолымызға ала бергенде,әғәмізғә қарап отырған жеңешеміз бізді шақырды,шайды тастай салып,қаумалап ағамыздың қасына бардық,ағамыз шалқалап жатқан орынынан сәл солға қарай денесін бұрды дә,көз жанары сөніп,терең екі тыныстап барып ,демі үзіліп кетті қас пен көздің арасында .
"Ананың баласына жасаған дұғасы еш уақытта қайтарылмайды"-деген хадистың нақ дәлелін көргендей болдық.
міне бұл да тілсім күш.

Жіпке тізгендей қазбалап қуа берсең мұндай оқиға мыңдап табылады ,біз тек көз көріп ,құлақ естігендердің быразын ғана баяндадық.
Қорта келгенде Алла тағала 18мың ғаламдағы барлық жаратылысқа өзіндік тілсім күш берген ....
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2384

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер