Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 08:16 - 2020/10/31

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2361
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2361

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2361

Мақала жолдаушы: Әлмәсбек төре
Мақала апторы: Төқмүхәмет Тұрсынұлы Бәзәрбәев
Аптордың мекен-жайі: Kazakhstan

Қызай ана ұрпақтарының ата-тек шежіресі

Автөр: Төқмүхәмет Тұрсынұлы Бәзәрбәев

Жәзғән: Имаш Әбдірәхмәнүлі



Қызай ананың бірінші жұбайы Шәғірмен, екінші жұбайы Тоқтар аға-інілі болып, екеуінің әкесі Құттыболат. Шағыр мен Тоқтар Төлегетәй бабаның өбересі (шөпшегі) болады. Қызай ана ұлы жүз Бәйдібек бидің қызы. Шағырдың екінші әйелі. Шағырдың бірінші әйелінен 6 ұл бар делінетін тарихи аңыз бар. Бұл анықталу үстінде. Шағыр танымал батыр, ерекше мерген делінген тарихи аңыз болғандықтан бұларды жазбадық.

Төменде Шағыр мен Тоқтардан болған Қызай анамыздың ұрпақтарын таныстырамын. Айта кетер жағдай – Шағыр және Тоқтардың Қызайанадан тарайтын ұрпағы осы кезде 16-ұрпақ дәуірінде тұр. Жан саны миллионға жету кезеңінде бұлардың бәрін жазып жолдау қәжетсіз деп қарадым. Өйткені бұл ұрпақтар Қытайда 2010 жыл толық жазылып біткен еді. Жинақтағанымызда бір емес, бірнеше кітәп етіп шығару мүмкін болмағаны үшін, Қызай ананың 337 бөбересі үлкен ру болып қалыптасқандықтан, жағдайлары бойынша өз ата-тектерін айырым шежіре кітәп етіп жарық көрсеткен. Қызайана ұрпақ ата-тек шежіресін Қызайдың бөбересіне дейін жазып. Қызай елі тәрихімен сәйкестіріп бір кітәп, олардағы ұлы тұлғаларды бір кітәп етіп шығару жағдайы бойынша істелген. Сондықтан мен қазақ елімізге Қызайдың бөбересіне дейінге жоғарғы бес атасын таныстырамын. Шағыр мен інісі Тоқтардың ұрпағы ана әтімен қоғамға танылғандығы үшін, Шағыр мен Тоқтардың шежірелер аты көп айтылмай, жазылмайтын себеп осы.

Шағыр мен Қызайдан-Жеңіс (жеңгелері кішкене күніңде «ит емгенсің» деген әзілдеуіне Жеңіс Итемген атаныпты) . Меңіс атты екі ұл туған соң, Шағыр қайтыс болады. Қызай ана әмеңгерлік сәлтпен, туған қайыны Төқтәрмен некеленіп Бегімбет, Бербіс атты екі ұлды болған соң Тоқтар да қайтыс болады. Қызай анамыз жесір, 4 ұлы жас жетім қалады. Қызайана қәсіреті ауыр қиыншылыққа ерекше шыдамдылық көрсетіп, 4 ұлының ынтымақ-берекесін ойлап Шағыр, Тоқтар ұрпағы болып, болашақта екіге бөлінбесін деп, 4 баласын өз атында Қызайдың баласы деп атайды. Бұлар ауыл болып өскенде 4 Қызай ауылы деп аталады. Ұрпақтары көбейіп, көркейген соң Қызай елі болып қоғамға танылады. Қытай елі 2000 жылы Қызайананы әйел затынан шыққан әлемдік тарихи ұлы тұлға деп, мемлекеттік ұлы тұлғалар әрхивіне алған.

Шағыр мен Қызайананың бірінші ұлы Итемгеннен – Бәйтелес, Жаулыбай, Тағай дүниеге келген.

Бәйтелестен – Андақұл, Құдайқұл. Андақұлдан – Жәнәлі, Қідірәлі, Есенәлі, Төлеген. Жәнәліден – Көрпебәй, Бөпебәй, Тезекбәй, Нүсіпбәй, Жылқыбай. Көрпебәйдән – Ербосын, Нұрбосын. Тезекбәйдән – Қалта, Додақ. Қідірәліден – Қыдыр, Қызыр, Өтеп. Есенәліден – Қошқарбай, Боранбай. Төлегеннен – Ынжіқүл.

Бәйтелестің екінші ұлы Құдайқұлдан – Ес, Дос. Естен – Жиенқүл, Назар. Достан – Мәутен, Әбірәлі, Түктібәй, Сүттібәй, Дүйсенбі, Жылқыайдар, Жамансары, Байсал. Итемгеннің екінші ұлы Жаулыбайдан – Бәйсенгір, Тәстемір. Бәйсенгірден – Дүйсек. Тәстемірден -Мөлкелді, Бөкелді, Қап, Төлеп. Итемгеннің үшінші ұлы Тағайдан – Онжасар, Бәкей. Онжасардан – Өмірәлі.

Шәғір мен Қызай ананың екінші үлі Меңістен – Тәңірберді, Тілеуберді, Тілеуқәбіл (ұрпақсыз жас қайтыс болған) .

Меңісүлі Тәңірбердіден – Қүттімбет, Құдайназар, Құттықадам, Байназар, Сексен, Қасаболат, Тоқсан, Жанбай, Тынбай. Бұлар 9 Тәңірберді әтәләді.

Тәңірбердінің бірінші ұлы Қүттімбеттен – Жаманқұл (Жөлмәнбет) , Елдай (Қарабас) , Сүйінбәй, Есілбәй. Тәңірбердінің екінші ұлы Құдайназардан – Жөлімбет, Есенкелді, Сүлтәнкелді. Құдайназар қызы Гүләйім, ұлы Есенкелді үшеуі тарихи батыр, ұлы тұлғалар. Тәңірбердінің үшінші ұлы Құттықадамнан – Бимәмбет. Бимәмбеттен – Болтай, Белбәй, Семізбәй, Бөрте, Тұяқ. Тәңірбердінің төртінші ұлы Байназардан – Қәзімбет, Қоңырбай. Тәңірбердінің бесінші ұлы Сексеннен – Тәстемір, Шобан. Тәңірбердінің алтыншы ұлы Қасаболаттан – Албай, Нұрбай, Өтеуіл. Жетінші ұлы Тоқсаннан – Қәрәменде, Жәнібек. Сегізінші ұлы Жанбайдан – Есенбәй. Есенбәйдән – Байторы, Бөрте. Қоңырбай, Қәрәменделер батыр тұлғалар. Есенкелдінің екінші ұлы Кененбәй ұрпағынан Бұқаш Қөсетүлі Қызайдың үш биінің бірі болған. Қызай елін Ілеге қоныстандырған елбәсі, тарихи тұлға. Тәңірбердінің тоғызыншы ұлы Тынбайдан – Бөрібәй. Бөрібәйдән – Мәукөбен, Қәрәкөбен, Сәркөбен.

Меңісүлі Тілеубердіден – Жанқабыл, Есенқүл, Оразай. Жанқабылдан – Есіркеп, Жарылқап, Жолболды, Төрғәй.

Есіркеп қоғамға танымал би болған тұлға. Жанқабылдың бірінші ұлы Есіркептен – Мірзәкелді, Ырай, Қарымсақ, Есенәмән, Боранбай. Жанқабылдың екінші ұлы Жарылқаптан – Нияз, Қожақұл, Мөңке. Жанқабылдың үшінші ұлы Жолболдыдан – Қожаназар, Жәләңтөс, Қараша, Қоқаш, Сарымық, Қарамық, Онбай, Маралбай, Бесбәй. Бұлар 9 Жолболды деп аталады. Қоқаш тарихи батыр тұлға. Қожаназар ұрпағынан Бәйеке Жазыбайұлы атақты қазаққа танымал би. Жанғабылдың төртінші ұлы ТОРҒАЙДАН – Аққошқар, Аманбай, Таймас, Қосбармақ, Төқпәнбет, Ақмұрт, Шотбас, Көрпеш. Бұлар 9 Торғай деп аталады.

Тілеубердінің екінші ұлы Есенқүлдән – Сөқірберді, Өтепберді, Қөжәнберді. Сөқірбердіден – Міметқүл, Асан. Өтепбердіден – Ескене. Қөжәнбердіден – Әлеке, Нүреке. Мәметқүлдән – Бурабай, Келінбәй, Тоқай, Ақай. Асаннан – Қәрәкісі, Көлбәй, Абыралы, Жауыр, Қоңырат, Тұяқ. Ескенеден – Тоқсопа, Уәли, Бекен, Айжан, Орыс, Қойбақ. Әлекеден – Тасболат, Жасболат. Нүрекеден – Тойғұлы, Төйінші.

Тілеубердінің үшінші ұлы Оразайдан – Жанмырза, Бірнәзәр, Қарамырза (ұрпақсыз жас қайтыс болған) , Ізбасар.

Оразайдың бірінші ұлы Жанмырза байлық және бәтірліғімен 5 «әйел алыпты. Бірінші әйелі Нәзікеден – Қалыңбай, Жәнібек, Тінібек. Екінші әйелі Айтбикеден – Еспенбет, Өмір. Үшінші әйелі Темірден – Жолдыбай, Сенкібәй, Ақкісі, Бәйкісі, Байыс. Төртінші әйелі Қәрәкөзден – Байқонды. Бесінші әйелі Ұланнан – Ебей.

Еспенбет, Өмір, Жолдыбай, Сенкібәй, Ақкісі атты 5 ұл батыр етіп жетістіргендіктен Жанмырза ауылы Батыр ауылы деп аталыпты.

Оразайдың екінші ұлы Бірнәзәрдән – Сапсары, Баян, Ақжігіт, Бәйжігіт, Байқара. Бұлар 5 Бірнәзәр деп аталады. Оразайдың үшінші ұлы Ізбасардан – Шегір, Шақатбай, Құлжа, Марал, Жандарал, Мейірбән, Қалдықұл. Бұлар 7 Ізбасар атанады. Шегірден – Шыңғысбай, Танабай, Төлеген. Шатақбайдан – Баба, Бақылтай. Құлжадан – Ақжарқын, Бекіне, Көпеш. Маралдан – Әбден, Қәбден. Жандаралдан – Даңғара, Манат, Еділ, Дәулетбәй, Шойқара. Мейірбәннән – Еңсе, Еңке. Қалдықұлдан – Сасай, Саспақ. Сасайдан – Асілбек, Мөлдібек. Саспақтан – Қозыбай, Можыбай, Қырғауылбай, Байсалбай, Шалғынбай, Тоғайбай, Балғынбай. Оларды 7 Қажының ауылы деп атайды. Бұл қажылардың жетекші ұйытқысы – Можыбай қажы болып, Қызайана ұрпағынан тұңғыш қажыға барғандардың бірі. Қызай ұрпағын 5 рет қажылыққа апарып, Қызай елінде ең көп қажы апарған. Ғылым жақтан әбден жетілген парасатты қоғамдық тұлға.

Қытай үкіметі 1952 жыл көктемде көтерілісшісің деп атып тастаған Мәлік қажы, Жапар қажылар осы 7 қажының кенжесі Балғынбай қажының ағалы-інілі екі ұлы. Тоқтар мен Қызайанадан Бегімбет, Дербіс екі ұл.

БЕГІМБЕТ ұрпағынан– Сасан Киікбәйүлі ел қамқоры, атақты би болған тарихи тұлға. Бегімбеттен – Бексейіт, Ақсейіт, Жарас, Аман, Тоқай, Таңат тарап «алты Бегімбет» аталады. Бексейіттен – Игілік, Сақау, Соқыр, Тәнік. Игіліктен – Әбікен жалғыз. Әбікеннен – бәйбішесі Көрпеден – Бәйжігіт, Бәубек (Барғана) , Жанан, Бекбәу (Топақ) , Асан, Үсен, Кенжебәй (Барлықбай) таралса, кіші әйелі Қәрәшәштән – Елшан, Құлшан, Дәуетәй, Қошқай тарайды, үшінші әйелі Бәтимәдән – Шаншар, Түнғәт, Шамбыл туып, жиыны 14 ата тараған. Өскен ру, әйгілі күйші Әшім Дүңшіүлі осы Әбікен атасының Жанан тармағынан тарайды. Сақаудан – Аққозы, Шүңгіл, Қуандық (бұлар бәйбішенің балалары) . Байқозы, Қарақол, Тіней, Марқа (бұлар тоқалдың балалары болып «тоқал» аталады) . Атақты Қызайдың үш биінің бірі Сасан Киікбәйүлі осындағы Байқозы атасынан тарайды. Соқырдан – Шөжек, Ес, Жарбол. Тәніктен – Ағанас, Тоғанас, Сеңкібәй. Ақсейіттен – Жақсылық. Жақсылықтан — Сірімбет, Қоңырбай, Ыріскелді, Тоғызақ. Сірімбеттен – Бәйтелес, Жәнтелес, Жәнібек. Қоңырбайдан – Қазанқап, Жалқы. Ыріскелдіден – Алшынбай, Үйсінбәй, Сиқымбай, Арғынбай, Болғанбай, Толғанбай. Тоғызақтан – Күребәй. Бұл Ақсейіт ұрпақтары «Бескөрік» деп те аталады. Жарастан – Қыңыр, Марқа, Сойылғас, Төлеміс. Бұлар «төрт Жарас» аталады. Қыңырдан — Қөжәберген. Марқадан — Тілеулі. Сойылғастан – Еркебәй, Ырысбай. Төлемістен – Қаржау, Бөрте, Көтен, Тірке. Тоқайдан – Лепес, Қара. Аманнан – Құрман, Бұқа. Таңаттан – Андас, Ақберді, Өтеберлі, Өтеулі, Дандабай.

ДЕРБІСТЕН — Сүйінбәй, Сүйіндік, Шәуке (Маймыл) , Есенберді тарайды. Бұлар «төрт Дербіс» аталады. Шежірешілер, Сүйінбәй мен Сүйіндік Қызай ауғанда бала-шағасына шешек шығып, Қазақстанның Ақмешіт (кейбіреулер Атбасар, Қоймаңырақ, Қозымаңырақ дейді) деген жерінде көше алмай мекендеп қалған екен деседі. Қәзірге дейін нақты дерек жоқ. Дербістің үшінші ұлы Шәуке өспеген ел, қәзіргі бары 3-4 отбасы. Қәзіргі Күнесті мекендеп отырғандар негізінен Дербістің төртінші ұлы Есенберді үрпәқтәрі.

Есенбердіден - Ұлығұл, Сүйер, Құттыбай, Тәттібәй. Ұлығұлдан - Жақсыбай, Қошан. Жақсыбайдан — Дәуіш. Қошаннан — Көлбәй. Сүйерден - Мәлік, Шолақ.

Құттыбайдан - Баян, Бөгенбәй, Тәстемір, Сады. Бұлар өскен ата болып, «төрт Құттыбай» атанады. Тәттібәй — өспеген ата болғандықтан олар өз алдына бір ру болып қалыптаспаған, олар Құттыбайдан таралатын Сады руімен бірге жүріп, бірге жасасып кеткендіктен, сөләрмен бірге «Сады» аталады, әйгілі ақын Таңжарық Жолдыұлы осы Тәттібәй ұрпағы саналады.

Жоғарыда Қызайана ұрпақтар ата-тегін таныстыруда сол ұрпақтар ішіндегі қоғамдық және тарихи әрдәгер тұлғалар аты-жөнін ғана жазып кеткен едім. Сол тұлғалар ішінен жағдайын біршәмә толық білетіндерімді тарихи деректеріне негіз етіп олардың барлығы болмасада 1-2-нің тарихи тұлға болу айтарлық еңбегімен тарихи ахуалын ортаға салмақпын. Бұнымның себебі – ата-текте тұлға деп ескерту берілген адамдардың қандай адам екенін түсіну оқырмандарға өте қәжет екен. Екінші жағынан оны ескертіп жазған мен болған соң азын-аулақ болсада түсіндірмесем құрыдан-құры жаза салған болып, жүйесіздік істеген болады екем. Сондықтан олардың тұлғалық деректерінен білетіндерімді қысқа жазып жолдамақпын. Қалғанын қатысты тұлғалар зерттеулерімен төліқтәр.

Менің таныстырар тұлғамның біріншісі – Қызай ұрпағындағы ең маңдай алды тарихи ұлы тұлға Есенкелді Құдайназарұлы. Бұл адамның жасаған дәуірі 18-ші ғасырдың басынан солғасырдың 70-ші жылдар соңына жалғасады. Осы дәуір барысындағы қалмақ хандығының қазаққа істеген айуандық жауыз соғыстарында Абылай ханның жетекшілігінде Қабанбай, Бөгенбәй батырлардың йық тіресе бірлесіп, қазақ ұлтын жойылудан сақтап қалған батыр. Өз еліне бас болған, шешен де әділ би. Алла жарылқаған қәсиетті, киелі адам. Есенкелді әкесі Құдайназардың және әпкесі Гүләйімнің қазақ үшін соғысып қалмақтың бетін қайтарып, екеуінің де асқан бәтірліқпен құрбан болған аруақтарына адал мүрәгерлік етіп қалмақтардан олардың кегін еселеп қайтарған. Әке, әпкесінің өмірлерінің нағыз жалғасы болған қазақтың біртуәр данышпан, батыр азаматы. Есенкелдінің батырлық, еліне бас болған шешен де әділ билігі туралы еңбектері 18-ші ғасырдың басынан бері зерттеумен қәләмгерлерден жазылып жарық көрсетіліп, Есенкелді әр ұлтқа, қоғамға таныла бастады. Есенкелдіні халық пен қоғам осы жақтарынан білетіндігі, танитындығы үшін, Есенкелдінің ол жағындағы толықтайтын орындарын мықты зерттеушілер толықтырар деген сеніммен мен Есенкелдінің Алла жарылқаған киелі қәсиеті жағындағы нақ өмір шындығын ортаға салмақпын. Адамның өмірі үрпәғімен жалғасады. Ұрпағы өмірін жалғастырған адамның аты өшпейді. Ең болмағанда ұрпағы менің әкем пәлен деп аты аталып, ата-тегі тарихқа қалады. Осы себепті адам өмірі үрпәғімен қәдірлі де қымбатты. Адам өмірінің ұрпақ арқылы жалғасу-жалғаспауы, бақытты болу-болмауы Алланың қолында. Алланың адамды жарылқау-жарылқамауында. Ендеше Алланың Есенкелдіні ұрпақтан қандай жарылқағанына қараңыз. Есенкелді жеті әйел алыпты, олардан 19 ұл болып, бәрінен ұрпақ жалғасып, 19 үлкен ру болыпты. Есенкелдінің ұлдары: бәйбішесі Жанардан – Маман, Кененбәй, Қабанбай, Досқана, Тілеуке, Қөжәберген, Қонақбай. Олар 7 Жанар деп аталады. Жанардан – Қарқара, Баян атты екі қыз дүниеге келді.

Атәқті батыр Қабанбай, Есенкелдінің үйінде қонақта болып жатқан түнде, Есенкелдінің Жанар бәйбішесі босанып, ұл туыпты. Есенкелді Қабанбайға «Сіз маған ақжолтай құтты қонақ болдыңыз, сіз келіп үйімізге қонған түні бәйбішем ұл туды, атын сіз қойыңыз» депті. Қабанбай батыр баланы алдырып көріп, көтере алса Қабанбай, көтере алмаса Жаманбай болсын деп ат қойыпты. Батырдың аруағының қолдауы болса керек, Есенкелдіүлі Қабанбайдың баласы Ботақара болып, оның ұрпағы Жәментіктен – Есбосын батыр. Бұдан Акпәр Сейіт батыр ұлдар туылып, 1944 жылы Нылқыдан басталған 3 аймақ төңкерісінің басшылары болып, Шығыс Түркістән үкіметтің дүниеге келуінің ең түркі негізін қалаған, сол үшін құрбан болған тарихи ұлы тұлғалар. Есенкелдінің бәйбішесінен кейін Үлімжі, Анар, Тәттібике (Тәттіқән) , Тасытқан, Насық, Қалиман, Елите қатарлы 6 әйелі болыпты. Бұл аналардан Есенкелді – Далан, Қойлыбай, Құланбай, Келдібек (Күт) , Асал, Қайың, Әмірсәнә, Бәті, Болат, Бұланбай, Жанақ, Сірімбет қатарлы 12 ұлды болып, жиыны 19 ұлы болыпты. Қарқара, Баян, Жәшімән атты 3 қызы болыпты. (Кей деректерде 23 ұлы болған депте айтылады) . Есенкелдінің осы 19 ұлы осы кезеңде үлкен 19 кезеңді рулы ел болып қоғамға танылып, 2013 жылғы санақта Есенкелдінің осы 19 рудағы ұрпағы 13840 түтін, 58594 жан болыпты. Іленің Күнес, Нылқы, Құлжа аудандарына шұғырлы қоныстаныпты. Қызайананың 84 өбересі ішіндегі ұрпағы ең көп өскендердің алдыңғы бірі болып қоғамға танылып отыр. Міне бұны Есенкелдінің киесі, Алланың Есенкелдіні жарылқауы демей басқадай не дей аламыз. Есенкелді ұрпақтарының қоғамдық бет-беделіне келсек, Есенкелдінің киесінің арқасында Алланың жәрілқәуімен Есенкелді ұрпағына елді басқарған білікті билер, бай, батыр, балуандар, ақын-жырау, жазушылар, күйші, әнші, жұлдыздар едәуір көп шыққан. Сөзіміздің дәлелі үшін ел басқарған біліктілермен батыр балуан ақындарынан бірден ғана дәлел көрсетейін. Батырлардың дәлелі жоғарыда аты аталған. Ел басқару біліктісіне Бұқаш Қәсетүлі дәлел бола алады. Бұқаш Есенкелдінің екінші ұлы Кененбәйдің баласы – Шағырай – Тіленші – Қөсет, бұдан – Бұқаш болып. Есенкелдінің бөбересі болады. Қызайана ұрпақтары 1882 жылы Ілеге біртүтәс жөткеліп баруда. Қытайдың Шыңжаңдағы билік өргәні Іле генерәл мекеме ұлығынан, Қызай төресі Қүдәйменде сұрап ала алмаған Іле жерін, ұлықты еріксіз көндіріп, ризалық рұқсатын алған Қызайдың атақты 3 биінің бірі. Қытайдан ақалақшылық мансап алып, Қытайға бет-беделін мойындатқан білікті тұлға. Бұқаштың әкесі Қөсет Қызай ұрпағы орыс басқаруында болған 1830 жылдан 1842 жылға дейін 13 жыл болыс болған. Балуандыққа дәлел айтсам: 1917 жылы 5-13 шілде аралығында Іленің Текес ауданының Сымтас жайлауында өткен, асқан бай Төйеке Жәмәнкөз ұлының асында 5 балуанға бәйге сыйлық берілетін болғанда, ең мықты бірінші балуан Торғауыт Саруанның балуанын Есенкелді батырдың ұлы Қонақбайдың немересі Жаядан есенгіретіп жығады. Жаядан атты құйрығынан алып, басынан асырып лақтыратын балуан екен. Екінші кезектегі Қарқаралының қырғыз балуаның, Есенкелдінің туыс батыр серігі Қоңырбай ұрпағы Қожа Ахмет жығады. Үшінші кезектегі Албанның балуаны, Жолболды Қожаназар ұрпағы Нұртаза жығады. Төртінші кезектегі Гассиядан келген Албан балуанды, Есенкелдінің Маман ұрпағы Оспанбай жығады. Бесінші кезектегі Қашқардың Дәу балуаның, Жаядан балуанның 19 жастағы інісі жығады. Ақын жырауларға Жүмәділ Маманды айтсақта жеткілікті. Әкпәр, Сейітті жазған дастаннан бастап, бірнеше өлең кітәптәрі жарық көрумен «Асқар таулар» атты романы жарық көрген, майталман ақын, күшті қәләмгер.

Менің екінші рет Қызайана ұрпағындағы тарихи ұлы тұлға деп таныстырар адамым Жанмырза Оразайұлы Қазақстанның «Қара өткел» деген жерінде туылған. 90 жастан асып қайтыс болыпты. Қәбірі Шағантоғай ауданы, Ақтөбе деген жерінде деген тарихшы, шежіреші қарттарымыздан бізге жеткен дерек бойынша. Жанмырза Оразайұлы 1700 жылы Қазақстанның Ақмола облысының Қәрәөткел деген жерінде туылып, 1791 жылы 91 жасында, Қытай иеленген қазақ жері Шағантоғай ауданының Ақтөбе деген жерінде қайтыс болды деп, шындық жүйесі күшті жоғарғы деректен мөлшерлеп тұрақтандырдық. Жанмырзаның қәбірін 2012 жылы 13 қазанда тарих зерттеуші ғалым Жақып Жүніс әғәмізбен зерттелген шежіреші, тарихшы, қазақ тілі маманы Мүқәмәди Рәйімбекүлі ағамыз үшеуміз Шағантоғай ауданына барып, тексеріп, Ақтөбенің дәл төбесінің үстіндегі тастан қостай болып үйілген қәбірді Жанмырза қәбірі деп тұрақтандырғанбыз. Кейін Жақып аға, ақпарат құралдары арқылы, Жанмырзаның бай, батыр, киелі тарихи тұлғалық еңбектерін халыққа қоғамға жариялаған болатын. Жанмырза байлық, батырлық, киелілігімен 5 әйел алыпты. Бұлардан 12 ұлды болыпты. Жанмырза үшінші әйелі Темірді, төртінші әйелі Қәрәкөзді бәтірліғімен, бесінші әйелі Ұланды киелілігімен бәйліғімен алыпты. Бұлардың оқиғалығын жазу мақаланың қәжетті болмаған соң жазбадым. Жанмырза Оразайұлы, Есенкелді бәтірмен немере туыс болып, заманы бір, жастары қарайлас екен. Сондықтан өз өмірлерінде өте жақсы сыйласып өтіпті. Туысы Есенкелді батыр нағашысынан елге оралған соң, Жанмырза ұлдарының ерекшелік бейімі бойынша. Еспенбет, Өмір, Жолдыбай, Сенкібәй, Ақкісі атты 5 ұлын Есенкелдіге қорғаушылыққа беріп. Батырлыққа, сәйіскерлікке тәрбиелепті. Есенкелді бұларды өте жақсы жетілдіріп өзімен бірлікте қазақты жауларынан қорғау соғыстарына қатыстырыпты. 1757 жылғы қалмақтың қазаққа бас иген бітім съезі Аягөздегі Жанмырзаның жайлауы Лайсуда (Батпақсу деп те аталады) , өткізілгенде Есенкелді, Жанмырзаның осы 5 батыр үлімен Абылай хан әскерлерімен бірлікте, съезге қатынасқандардың амандығын қорғапты. Жанмырза бай болғандықтан съез шығын қаражатының көбін көтеріпті. Сол жер «Кеңессу, Мамырсу» аталып тарихқа қалыпты. Есенкелді мен Жанмырза бір-бірімен өте жақсы сәйкесіп, 1723 жылғы Ақтабан шұбырындыдан кейін Қызайана ұрпағын Атбасардан бастап көшіріп Аягөзге және Жайсаң көл алқабына қоныстандырып қалмақтың қырғынынан сақтап қалса, 1771 жылы Абылай ханның және атақты батыр билердің қайтыс болуы салдарынан қазақтың берекесі бұзылғанда, орыс пен қытай қазақтың елімен, жерін бөліскенде Қытай иелігіне алған Іле, Тарбағатай, Алтай 3 аймақтың иен қалған жағдайын пайдаланып, оны мал бағып иелене тұрып қазаққа қайтарып алу мәқсәтімен, орта жүз 6 арысының сол кездегі біліктілерімен албан, суат, дулат туістәрімен ақылдасып жағдайы келгенін бастап көшіріп, сол 3 аймақ өңірге қоныстандырған басшылардың негізгі жауаптыларының қатарында Есенкелді Жанмырзалар өте белсенді рөл атқарған ел қамқоры.

Жанмырзаның қалған Еспенбет бастаған 4 батыр ұлы қытай иелігін Іле, Алтай, Тарбағатай 3 аймақ жерді қазаққа қайтарып алу үшін, қазақтарды сол 3 аймаққа жеткізіп қоныстандырған батырлар. Еспенбет Жанмырзаұлы Бурабай Абылай хан алаңында болған 1754 жылдардағы Шаған (Маржан) қыз уақиғасындағы күш-қайрат, мергендік, ақыл-парасат жағынан ерекше танылған Еспенбет болады. Кезіндегі жазылған деректерде Еспенбеттің ата-тек, руы жазылмағандықтан және бір бөлігі қәләмгерлердің Сыбан Еспенбет деп қарауынан Қызай Еспенбетке бұл еңбек берілмей келеді. Еспенбет Жанмырзаұлы Қызай еліне төре қәжет болғанда Қызайға Сәмәтөрені Есенкелді басшылығында әкелген ел беделділерінің бірі. 1760 жылы Абылай хан інісі Дәулеткерейді Шай-Лоң патшаға сәлемдесуге жібергенде, Жанмырзаның Өмір батыр ұлы Дәулеткерейдің сапар жолының амандығына жауапты қорғаушы болып барып, Абылай ханның елшілері деп оларды қызу қарсы алып, қабылдап Шай-Лоң патша олар қайтқанды Өмірге жапқан шапаны Өмірдің кенже ұлы Тайлақтың ұрпағы, Талдықорған Көксуғә қытайдан келіп қоныстанған Мүқәмәди Рәйімбекүлінің үйінде сыны бұзылмаған күйі мұра болып сақтаулы тұр. 1850 жылдарда отаршы, жауыз 30 орыстың құйрығына өз руы Оразайдың = 2 сызық теңдік таңбасын басқан Бәкей Өтегенүлі Жанмырза батырдың өбересі болады. Жанмырзаның әкесі Оразай атында 10000 түтін 40000 жаннан асқан үлкен ру бар.


Қызай ана тарихы туралы баяндама
21 желтөқсән 2018 ж
QANYMDA QAZAQ








ҚЫЗАЙ ЕЛІ ШЕЖІРЕСІ



АТАЛЫҚ - ҚАМБАР — ҚҰТТЫБОЛАТ — ШАҒЫР

ШАҒЫРДЫҢ ҚЫЗАЙ әйелінен – ЖЕҢІС (ИТЕМГЕН) мен МЕҢІС туады.

(ЖЕҢІСті жеңгелері «кішкене күніңде ит емгенсің» деген әзілдеуінен ИТЕМГЕН аталып кеткен делінеді) .

ШАҒЫР қайтыс болып, ҚЫЗАЙдың тиген өз қайнысы, екінші күйеуі – ТОҚТАРдан (оны ҚОЙШЫ ата деп те атайды) БЕГІМБЕТ пен ДЕРБІС туады.

Осы төртеуін (ИТЕМГЕН, МЕҢІС, БЕГІМБЕТ, ДЕРБІС) төрт Қызай, ал олардан тараған ұрпақтар ҚЫЗАЙ елі болып аталып кеткен.

ҚЫЗАЙЛАР руының осы таратылуы 3 шежірешінің: ОМАРАҚЫНҰЛЫ Андас, БАЗАРБАЕВ Төқмүхәмет Тұрсын және МҰСАБЕКҰЛЫ Дәуітбәйдің деректері негізінде, өзәрә сәйкестіндіре отырылып берілді.



ИТЕМГЕН

ИТЕМГЕНнен – АЙТ пен ҚҰРМАН деп айтылады. ҚҰРМАНнан ұрпақтар болмағандықтан, оның аты өшіп қалмасын деген ниетпен шежірелік деректерде олар «АЙТҚҰРМАН» деп бірге аталады және жалғыз болып саналады.

АЙТҚҰРМАНнан — АҢДАҚҰЛ, ҚҰДАЙҚҰЛ, ЖАУЛЫБАЙ (ТАҒАЙ) . (ҚХР-ның Шүбәртүбек, Абыралы өңірін мекендейді) .



Төқмүхәмет Тұрсын БАЗАРБАЕВтың дерегі бөйіншә:

ИТЕМГЕНнен – БАЙТЕЛЕС, ЖАУЛЫБАЙ, ТАҒАЙ.

БАЙТЕЛЕСтен – АНДАҚҰЛ, ҚҰДАЙҚҰЛ.



АНДАҚҰЛдан – ЖАНӘЛІ, ҚЫДЫРӘЛІ, ЕСЕНӘЛІ, ТӨЛЕГЕН.

ЖАНӘЛІден – КӨРПЕБАЙ, БӨПЕБАЙ, ТЕЗЕКБАЙ, НҮСІПБАЙ, ЖЫЛҚЫБАЙ.

КӨРПЕБАЙдан – Ербосын, Нұрбосын.

ТЕЗЕКБАЙдан – Қалта, Дөдәқ.

ҚЫДЫРӘЛІден – ҚЫДЫР, ҚЫЗЫР, ӨТЕП.

ЕСЕНӘЛІден – ҚОШҚАРБАЙ, БОРАНБАЙ.

ТӨЛЕГЕНнен – ЫНЖЫҚҰЛ.



ҚҰДАЙҚҰЛдан – ЕС, ДОС.

ЕСтен – ЖИЕНҚҰЛ, НАЗАР.

ДОСтан – МӘУТЕН, ӘБІРӘЛІ, ТҮКТІБАЙ, СҮТТІБАЙ, ДҮЙСЕНБІ, ЖЫЛҚЫАЙДАР, ЖАМАНСАРЫ, БАЙСАЛ.



ЖАУЛЫБАЙдан – БАЙСЕНГІР, ТАСТЕМІР.

БАЙСЕНГІРден – ДҮЙСЕК.

ТАСТЕМІРден — МОЛКЕЛДІ, БӨКЕЛДІ, ҚАП, ТӨЛЕП.



ТАҒАЙдан – ОНЖАСАР, БӘКЕЙ.

ОНЖАСАРдан – ӨМІРӘЛІ.



МЕҢІС

ҚЫЗАЙ ұрпақтары ішінде көп өскені осы МЕҢІСТЕР. Негізінен ҚХР-ның Күнес, Текес, Қас өңірлерін мекендейді.

МЕҢІСтен – ТІЛЕУБЕРДІ, ТӘҢІРБЕРДІ, ТІЛЕУҚАБЫЛ.



ТІЛЕУБЕРДІден – ЖАНҚАБЫЛ, ЕСЕНҚҰЛ, ОРАЗАЙ.

Төқмүхәмет БАЗАРБАЕВтың айтуынша сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік ахуалға орай ЕСЕНҚҰЛ мен ОРАЗАЙды ТІЛЕУБЕРДІден бөліп алып, ұрпақсыз ТІЛЕУҚАБЫЛдың балалары етіп көрсетіліп кеткен.

Сондықтан да болар көптеген деректерде (Омарақынұлы АНДАС) ЖАНҚАБЫЛ жалғыз, ал ЕСЕНҚҰЛ мен ОРАЗАЙ ТІЛЕУҚАБЫЛдан тікелей таратылады. Біз де осы нұсқаны қалдырдық.



ЖАНҒАБЫЛдан – ЕСІРКЕП, ЖАРЫЛҚАП, ЖОЛБОЛДЫ, ТОРҒАЙ. Бұлар Тоғызтарау, Шапшал аудандарын мекендейді.



ЕСІРКЕП қоғамға танымал би болған тұлға. Оның да таралуын 2 нұсқада беруге тура келеді:



Шежіреші Дәуітбәй МҰСАБЕКҰЛЫның жазбасы бойынша :

ЕСІРКЕПтен – ЕСЕНҚҰЛ, ЕСЕНАМАН, ОРАЗАЙ.

ЕСЕНҚҰЛдан – Мәметқүл, Ескене.

Мәметқүлдән – Боранбай, Ақай, Тоқай, Келінбәй.

ЕСЕНАМАНнән – Мыңжасар, Бақтияр, Байсоқыр, Жүребәй.

Міңжәсәрдән – Байсақ, Саспақ, Байсары, Сөтен.

Бәйсәқтән – Дәуіт, Мәйке.

Бәйсәрідән — Әбен, Етен, Қоқан, Қыстаубай, Байсоғар, Қазанғап, Нүктебәй.

Жүребәйдән – Жырғалаң, одан – Есікбәй.

ОРАЗАЙдән – Жанмырза, Бірмірзә, Байназар, Қойтон.

Жанмырзадан – Сеңгібәй, Байыс, Ақкісі, одан – Бесімбәй, одан – Өтеген, одан – Сәттібәй, Бәкей, Қыйсық, Жазай, Жазбай, Сектәй.

Сәттібәйдән – Мамырбай, Сәбірбек, Домбал, Тәнәбек, Қәмір.

Бәкейден – Демеу, Мошқабай, Ботый, Құсбай, Сәрсембі.

Демеуден – Сәрсембәй, Нүсіпбәй, Әлібек, Бәлбек, Шәйден, Алқожа, Әфәнді, Әбілбек, Жақасын, одан – Әріпжән.

Мөшқәбәйдән – Манап, Ысбытай, Нүсіпбек, Сыдық, Әбдірейім, Ысқақ.

Манаптан – Қөжәмберді.

Бөтійдән – Имәнбек, Рәзбек, Қәлменде, Әлменде, Әлмерек.

Қүсбәйдән – Имам Мүхәмет, Қасым, Қәнәлхән.

Сәрсембіден – Әуелбек, Омәрбек, Әділбек, Мүхтәрбек, Кемелбек, Қәнәбек.

Сектәйдән – Қоңырат, Екше, Тұрлықожа, Бурахан, Қөжәқән.

Бірмірзәдән – Байсақ, Саспақ, Байсары, Сөтен.

Қөйтәннән – Есбәнбет, Үштері.



2.Төқмүхәмет Тұрсын БАЗАРБАЕВтың нұсқасы бөйіншә:

ЕСІРКЕПтен – РАЙ, ЕСЕНӘЛІ, ҚАРЫМСАҚ, БОРАНБАЙ, МЫРЗАКЕЛДІ.

ЕСЕНҚҰЛдан – СОҚЫРБЕРДІ, ӨТЕПБЕРДІ, ҚОЖАНБЕРДІ.

СОҚЫРБЕРДІден – МӘМЕТҚҰЛ, АСАН.

МӘМЕТҚҰЛдан – Бурабай, Келінбәй, Тоқай, Ақай.

АСАНнан – Қәрәкісі, Көлбәй, Абыралы, Жауыр, Қоңырат, Түяқ.

ӨТЕПБЕРДІден – ЕСКЕНЕ.

ЕСКЕНЕден – Тоқсопа, Уәли, Бекен, Айжан, Орыс, Қөйбәқ.

ҚОЖАНБЕРДІден – ӘЛЕКЕ, НҰРЕКЕ.

ӘЛЕКЕден – Тасболат, Жәсбөләт.

НҰРЕКЕден – Тойғұлы, Тойыншы.



ОРАЗАЙдан – ЖАНМЫРЗА, БІРНАЗАР, ҚАРАМЫРЗА (ұрпақсыз жас қайтыс болған) , ІЗБАСАР.

ЖАНМЫРЗАДАН — ҚАЛЫҢБАЙ, ЖӘНІБЕК, ТІНІБЕК (1-ші әйелі Нәзікеден) , ЕСПЕНБЕТ, ӨМІР (2-ші әйелі Айтбикеден) , ЖОЛДЫБАЙ, СЕНКІБАЙ, АҚКІСІ, БАЙКІСІ, БАЙЫС (3-ші әйелі Темірден) , БАЙҚОНДЫ (4-ші әйелі Қәрәкөзден) , ЕБЕЙ (5-ші әйелі Ұланнан) .

(Еспенбет, Өмір, Жолдыбай, Сенкібәй, Ақкісі балалары батыр болып өскендіктен Жанмырзаның ауылы Батыр ауылы деп аталыпты)

БІРНАЗАРдан – САПСАРЫ, БАЯН, АҚЖІГІТ, БАЙЖІГІТ, БАЙҚАРА (Бұлар 5 Бірнәзәр деп аталады) .

ІЗБАСАРдан – ШЕГІР, ШАТАҚБАЙ, ҚҰЛЖА, МАРАЛ, ЖАНДАРАЛ, МЕЙІРБАН, ҚАЛДЫҚҰЛ. (Бұлар 7 Ізбасар атанады) .

ШЕГІРден – Шыңғысбай, Танабай, Төлеген.

ШАТАҚБАЙдән – Баба, Бақылтай.

ҚҰЛЖАдан – Ақжарқын, Бекіне, Көпеш.

МАРАЛдән – Әбден, Қәбден.

ЖАНДАРАЛдән – Даңғара, Манат, Еділ, Дәулетбәй, Шойқара.

МЕЙІРБАНнан – Еңсе, Еңке.

ҚАЛДЫҚҰЛдән – Сасай, Саспақ.

Сасайдан – Асілбек, Мөлдібек.

Сәспәқтән – Қозыбай, Можыбай, Қырғауылбай, Байсалбай, Шалғынбай, Тоғайбай, Балғынбай.

(Можыбай Қызай ана ұрпағынан өзі алғашқы болып қажыға барып, қалғандарын да апарған, парасатты қоғамдық тұлға. Сондықтан да оларды 7 қажының ауылы деп атап кеткен) .



* * *

ЖАРЫЛҚАПтан ( 2 дерек бойыша) – ҚАРА, ҚОЖАҚҰЛ, МӨҢКЕ, НИЯЗ.

ҚАРАдан – Боранбай, Мірзәкелді, одан – Сегізбәй, Тоғызбай, Асау, Базар.

ҚОЖАҚҰЛдан – Қөйкелді, Мөңке, Сасықбай, Саяқ, Қөқіш.

Қөйкелдіден – Қонақбай, Арғынбай.



ЖОЛБОЛДЫдан – ҚОЖАНАЗАР, ҚАРАША, ЖАЛАҢТӨС, ҚАРАМЫҚ, САРЫМЫҚ, ҚОҚАШ (тарихи батыр тұлға) , МАРАЛБАЙ, ОНБАЙ, БЕСБАЙ (ЕСБАЙ) . (Бұлар 9 Жолболды деп аталады) (Бұлар ҚХР-ның Мөңғүлкүре, Қізілкүре, Тоғызтарау өңірін мекендейді) ..

ҚОЖАНАЗАРдан – Қөжәбек, Бөжей, Ширмен, Тақара, Ботақара, Жәмәнкөз, Марқатай (Маралбай) , Балапан.

Балапаннан – Ақілбек, Айса, Жазыбай, Шөңке, Түгел.

Жәзібәйдән — Бәйеке (танымал би болған) .

ЖАЛАҢТӨСтен – Ерменбәй, Барақбай, Текебәй, Долан, Ақбала, Мамай, Дүйсенбі, Кәдірбек, Тұрдығұл, Балтабай.



ТОРҒАЙдан – АМАНБАЙ, ТОҚПАНБЕТ, КӨРПЕШ, ТАЙМАС, ШОТБАС, ҚОСБАРМАҚ, АҚҚОШҚАР.

Бір деректерде оларға ҚАНАЙ, БЕЙНЕС, ТІНЕЙ, ИТЕС, АҚМҰРТ деп қосып, 9 Торғай деп аталады) .

АМАНБАЙдан – Құлшығаш, Күшік, Төбет, Шәкірті, Сүттібәй, Пұсырман, Олжабай, Қонысбай.

ТАЙМАСтан – Жаңылыс, одан — Елтоқ, Әйтей, Делгір, Шалабай.



ТӘҢІРБЕРДІден — ҚҰТТЫМБЕТ, ҚҰДАЙНАЗАР, ҚҰТТЫҚАДАМ, БАЙНАЗАР, СЕКСЕН, ҚАСАБОЛАТ, ТОҚСАН, ЖАНБАЙ, ТЫНБАЙ. Бұларды «Тоғыз Тәңірберді» деп атайды.

ҚҰТТЫМБЕТтен — СҮЙІМБАЙ, ЕЛДАЙ (ҚАРАБАС) , ЖАМАНҚҰЛ.

СҮЙІМБАЙдан – ЕСЕЛБАЙ, ЖАМЕНКЕ, ЖАНЖІГІТ, ТОҒЫЗАҚ.

ЕЛДАЙдан – ӨТЕБАЙ, ҚОРЛЫБАЙ, ДҮЙСЕБАЙ, ҚОЙБАС.

ЖАМАНҚҰЛдан – ҚОРЫМСАРЫ, ЕРКЕСАРЫ, МЫРЗАСАРЫ.

ҚҰДАЙНАЗАР өз кезінде ТӘУКЕ ханның жорық қолбасшыларының бірі болған делінеді.

ҚҰДАЙНАЗАРдән – ЖОЛЫМБЕТ, ЕСЕНКЕЛДІ би, СО (Ұ) ЛТАНКЕЛДІ. Бұлар жұрт арасында «Үш жетім» деген әтпен белгілі.

ЖОЛЫМБЕТтен – БАЯНБАЙ (БАЯНӘЛІ) , БАЙБАРАҚ, ЖАЙСАҢ, ШАПШАН, АРЫҚПАН, МАЛАЙ, БАЙҚАДАМ.

БАЯНБАЙдан – Қорымбай, Қожан, Дөнен, Боқанай, Еміл, Жайық,

БАЙБАРАҚтан – Сәт.

ЖАЙСАҢнән – Өтей, Боранбай, Байғабыл, Баймұрат.

ШАПШАҢнан – Інкәр, Бүркіт, Қуандық.

АРЫҚПАНнан – Терлік.

МАЛАЙ мен БАЙҚАДАМның балалары табылмады.



ЕСЕНКЕЛДІ иісі қазаққа аты мәлім би. ҚАБАНБАЙ батырдың сенімді серігі ретінде, қазақ даласын жоңғардан азат ету күрестеріне қатысқан ақылшы. 1756 жылы бірінші рет АБЫЛАЙХАННЫҢ елшілерін бастап, Цин имперәтөрі Циянлүнмен кездесіп, оның жаһұт орнатқан көктәсін иеленген тұңғыш деплөмәт.

Бәрліқ деректер жиынтығы бойынша: ЕСЕНКЕЛДІден — МАМАН, ҚАБАНБАЙ, КЕНЕНБАЙ, ҚОЖАБЕРГЕН, ТІЛЕУКЕ, ДОСҚАНА, ҚОНАҚБАЙ (бұлар бәйбішесінің есімімен жеті Жанар деп аталады; ҚОЙЛЫБАЙ, ҚҰЛАНБАЙ, АСАУ, КЕЛДІБЕК (Бұлар шешелерінің әтімен Тәттібикелер атанған) және ӘМІРСАНА, БАТЫ, БОЛАТ, ЕСТЕК, ДҰЛАН, БОЛАТБАЙ, ЖАНӘЛІ.

Төқмүхәмет Тұрсын БАЗАРБАЕВтың нұсқасы бойынша ЕСЕНКЕЛДІнің бәйбішесінен кейін Үлімжі, Анар, Тәттібике (Тәттіқән) , Тасытқан, Насық, Қалиман, Елите деген 6 әйелі болыпты. Бұлардан ДАЛАН, ҚОЙЛЫБАЙ, ҚҰЛАНБАЙ, КЕЛДІБЕК (КҮТ) , АСАЛ, ҚАЙЫҢ, ӘМІРСАНА, БӘТІ, БОЛАТ, БҰЛАНБАЙ, ЖАНАҚ, СЫРЫМБЕТ деген 12 ұлды болып, жиыны 19 ұлы болыпты.

МАМАНнан – Тайлақ, Ботақан, Қөйкелді, Жаманғара, Шал.

ҚАБАНБАЙдан – Келдіқүл, Шүрек, Атақара, Айтбай, Сейтен, Ботақара, Атақ, Матақ, Тұрсын, Қозыбай, Дүйсенді, Асубай, Ақшолақ, Жансары, Дұлатбай.

Ботақараның бір ұрпағы Жәментіктен – Есбосын батыр – Ақпар, Сейіт батырлар.

КЕНЕНБАЙдан – Шағырай, Тілесбәй, Едіге, Өмірүзәқ.

Шәғірәйдән – Тіленші – Қөсет – Бұқаш (ел билігіне араласқан) .

ҚОЖАБЕРГЕНнен – Ханқожа, Меңлібәй, Бибатыр, Қорғанбай, Надра, Қәрә.

ТІЛЕУКЕден – Базар, Нарт, Есқожа, Жарқынбай.

ДОСҚАНАдан – Бәйтік, Сәйсіп, Тұрпан.

ҚОНАҚБАЙдан – Сарт, Кәдір, Елқонды, Бөлтек, Дербісәлі, Құрымбай, Тайтан.

ҚОНАҚБАЙдың бір немересі ЖАЯДАН мықты балуан болған.



ҚОЙЛЫБАЙдан – Ебей, Бертіс.

ҚҰЛАНБАЙдән – Әлімбек, Қөжеке.

ӘМІРСАНАдән – Жанбай, Жантай, Жолбарыс, Қабылан.

АСАУдан – Әбік, Тәбік, Текебәй, Мекебәй (Тұрар) .

КЕЛДІБЕКтен – Боз, Қәумен.

БӘТІден – Итаяқ, Итемген, Әз.

БОЛАТтан – Ырісбек, Әкімбәй.

(ЕСТЕК, ДОЛАН, БОЛАНБАЙ, ЖАНӘЛІ руларының таралуы табылмады) .



СОЛТАНКЕЛДІден — КӨБЕС, ТАБЫЛДЫ, СӘМЕМБЕТ, ИТҚАРА, ҚАРЫМБАЙ, ҚОЖАБЕК, ТҰРДЫҒҰЛ, МАЛТАБАР, ШӘКІЛ.

КӨБЕСтен – Отарбай, Оріс.

СӘМЕМБЕТтен – Садырбай, одан – Мырзабай, Нысанбай.

ИТҚАРАдан – Базар, Кен, Майлы, Татан, Байқадан.

ҚАРЫМБАЙдан – Болтай, Потай (Ботый) , Бегетәй, Абыз, Шора, Шормақ, Қүләйдәрбек. Бір деректерде ҚАРЫМБАЙды ТАБЫЛДЫдан таратады және бұларға Дастан деп қосады, ал Қүләйдәрбекті Құл және Айдәрбек деп екіге бөледі.

Пөтәйдән – Сүгір, одан – Аранжан, одан – Базарбай, одан – Мағаз, одан –Жанболат, одан – Дәурен, одан — Елдөс.

Өздерін ҚАРЫМБАЙдан тарататын тағы бір тармақ – Күрең.

Күреңнен — Есен, одан – Естемес.

Естеместен – Нөғәйбек, Қәнәтбек, Әбдіқәдір, Нәдірбек, Әлібек, Қәйіпбек, Үсенбек.

Нөғәйбектен — Әнуәрбек, Әділқәсім, Мырзақасым, Әзірбек

Әнуәрбектен – Сіләмжән, Сіләмбек, Біләл.

Сіләмжәннән — Рақымжан, Сержән, Мейіржән, Азамат.

Рақымжаннан — Мейірбән

Сержәннән — Ақтәң

Мейіржәннән – Мәғжән.

Сіләмбектен – Айтуған, Айтімүқән.

Біләлден – Медет, Мүрәт

Әділқәсімнән — Әжібек, Қәсімбек, Нүрдібек, Әзілбек, Қәзілбек, Айтбек.

Әжібектен – Әбдіуәхит, Серікжән

Әбдіуәхиттән – Толқын, Тұрсынжан, Нүрлән

Серікжәннән — Бәтіл.

Қәсімбектен — Әбдірәпіқ, Еркін, Мәлік

Әбдірәпіқтән — Ернүр

Мәліктен — Сейіл, Мерей

Нүрдібектен – Сүлеймен, Абылай, Айдын, Айқын, Қәйсәр.

Әзілбектен - Азат, одан — Қәжет

Айтбектен — Кәмілжән, Кәмілбек, Ерғали

Мырзақасымнан – Ыбрәйімбек, Кәмілбек.

Ыбрәйімбектен — Сәнму, Нүрдәулет , Нүрдәнәлі .

Сәнмудән – Қізірәлі, Биәлі.

Нүрдәулеттен – Бисәрі.

Нүрдәнәліден – Қірән.

Кәмілбектен – Нұрбақыт, Серікнүр.

Әзірбектен – Мекебек, Ризәбек, Мірзәбек, Ахіметбек, Іляр, Шәпәй.

Мекебектен – Бәқдәулет, Амәнтәй.

Бәқдәулеттен – Бәқітбек.

Амәнтәйдән — Арман, Қуәнтәй.

Ризәбектен — Жәнібек, Жәрқін.

Мірзәбектен — Құрбан, Марғұлан, Нүртүрғән.

Ахіметбектен – Арапат, Ахтам, Ажы.

Ілярдан – Елден, Елхам.

Шапайдан – Елмұрат, Қәжімүрәт.

Қәнәтбектен – Әмірбек, Орәлбек, Мәрәлбек , Бердібек, Сірдібек.

Орәлбектен – Бақытжан, Уәлиншін Уәш, Шәйзәдә, Назаржан.

Бақытжаннан — Әлімжән, Әкімжән, Қәдіс.

Уәлиншін Уәштен – Нүртілек.

Шәйзәдәдән – Ғалымжан.

Назаржаннан — Бәлнәр.

Бердібектен — Нұршат, Мәжит, Пархат.

Нұршаттан – Шаттық, Елшәт.

Мәжиттен — Олжас.

Пархаттан – Рәхәт.

Сірдібектен — Нүрмүхәмед.

Нүрмүхәмедтен – Кәмілжән, Сержән, Нұржан, Пәрәсәт.

Әбдіқәдірдән — Әбдіхәмит, Әбдіжән, Ормән.

Әбдіжәннән — Дәурен.

Ормәннән — Жанмұрат, Әкімжән, Есқәт.

Нәдірбектен – Қәлибек, Әлібек, Шәріп.

Шәріптен – Нүресім.

Қәйіпбектен — Төқтәрбек, Патық, Ажытай, Нұрлан, Ерлан, Саржан, Бүрлен.

Үсенбектен – Төлеу, Бұлғын, Қәжет.

Төлеуден – Шалқар, Шаттықнұр, Нұржұма, Ернүр.

ҚОЖАБЕКтен — Дәулетбәй, Тінен, Боқыш, Айтуар, Сүйіндік, Тарбағатай, Дөртуіл, Қәрәкесек, Жанбау.

ТҰРДЫҚҰЛдан — Байқожа, Шынқожа, Үмбетәй, Мошқа, Шошқа, Қабан, Түрікпен, Өтебәй, Арғынбай.

ҚОНЫСБАЙдан — Сағынай, Долбақ, Қуандық, Ерубай, Шерубәй, Көшімбәй, Байқошқар, Жексембі, Сүгірбәй, Бірімбет, Күлдей, Жұмай.

МАЛТАБАРдан — Естемес, Боратай, Арпа, Тұздыбай, Кеңгірбәй, Ортай, Тортай, Қәнқүлі.

СОЛТАНКЕЛДІнің қарашаңырағы кенжесі ШӘКІЛге қалып, қәзір АНДАС әулетінде. Таңбасы «4».

ШӘКІЛден — Ақтүбіт, одан – Абыл, Ұлтарақ, Шоды, Ыбырайым, Ағыс, Арабай.

Ұлтарақтан – Жансарбай, Сақал, Мәші.

Жәнсәрбәйдән – Аяпберген, Омәрәқін.

Аяпбергеннен — Шүрек, Дәулетбек, Уәтбек.

Омәрәқіннән – Дәулетхән, Мәңсүгір, Андәс.

Дәулетхәннән – Қәсен, Толқын, Түрдәқін.

Мәңсүгірден – Әлғазы, Ербол.

Андастан – Қәжет, Нұрбақыт, Елжас, Ершат, Есхат.



ҚҰТТЫҚАДАМнан – БИМЕМБЕТ.



БАЙНАЗАРдан – ҚОҢЫРБАЙ, ҚАЗЫМБЕТ.

ҚОҢЫРБАЙдан – АҒАНАС батыр, ТОҒАНАС, ТОҒАС, ЖҰМЫҚ.

ҚАЗЫМБЕТтен – АҚШОРА, ЖОМАРТ, АТЫМТАЙ, БАЙКЕЛДІ, ҚАНКЕЛДІ, ЖАНКЕЛДІ, ЖАНШОРА, ҚАНШОРА.



СЕКСЕНнен — ТАСТЕМІР, ШОБАН.

ҚАСАБОЛАТтан — АЛЫБАЙ, НҰРБАЙ, ӨТЕУЛІ.

ТОҚСАНнан — ҚАРМЕНДЕ, ЖӘНІБЕК.

ЖАНБАЙдан — БИМЕМБЕТ.

ТЫНБАЙдан – ЕСЕНБАЙ, БӨРІБАЙ.

ЕСЕНБАЙДАН – БАЙТОРЫ, БӨРТЕ.

БАЙТОРЫДАН – Сымайыл, Итбай, Жыса, Тоғышақ, Қарақұлақ.

БӨРТЕДЕН – Көкі, Топай, Тоқбай.

БӨРІБАЙДАН – МАУКӨПЕН, ҚАРАКӨПЕН, САРЫКӨПЕН.



ТІЛЕУҚАБЫЛДАН – ЕСЕНҚҰЛ, ОРАЗАЙ. Бұлар Тоғызтарау, Шапшал аудандарын мекендейді.

ЕСЕНҚҰЛДАН – ӨТЕПБЕРДІ, СОҚЫРБЕРДІ, ҚОЖАНБЕРДІ.

ӨТЕПБЕРДІДЕН – ЕСКЕНЕ.

СОҚЫРБЕРДІДЕН – МӘМБЕТҚҰЛ, АСАН.

ҚОЖАНБЕРДІДЕН – БАЙҒАРА, БАЙКІСІ.



ОРАЗАЙДАН – БІРНАЗАР, ЖАНМЫРЗА, ҚАРАМЫРЗА.

БІРНАЗАРДАН – АБА, ҚОЯН, САПСАРЫ, БАЯН.

ЖАНМЫРЗА бес әйел алған екен, олардан— ҚАЛЫМБАЙ, ЖАСЫБЕК, ЕСПЕНБЕТ, ӨМІР, АҚКІСІ, БАЙКІСІ, СЕҢКІБАЙ, БАЙЫС, ЖОЛДЫБАЙ, тағы 2 ҰЛ.



БЕГІМБЕТ

БЕГІМБЕТтен – БЕКСЕЙІТ, ЖАРАС, АҚСЕЙІТ, АМАН, ТОҚАЙ, ТАҢАТ (Олар «алты Бегімбет» аталған) .

БЕКСЕЙІТтен — ИГІЛІК, САҚАУ, СОҚЫР, ТӘНІК.

ИГІЛІКтен – ӘБІКЕН, одан – БАРҒАНА, ЖАНАН, АСАН, ҮСЕН, КЕНЖЕБАЙ (БАРЛЫҚБАЙ) , БЕКБАУ (ТОПАҚ) , БӘЙЖІГІТ (бәйбішесі Көрпеден) , ШАНШАР, ДӘУЕТАЙ, ҚОШҚАЙ, ЕЛШАН, ҚҰЛШАН (2-ші әйелі Қәрәшәштән, осы төртеуін ӘУЕК деп те атайды) , ШАМБЫЛ, ШАНШАР (ТӨКІР) , ТҰҢҒАТ (3- ші әйелі Бәтимәдән) .

ЖАНАНнан әйгілі күйші Әшім Дүңшіүлі тарайды.

САҚАУдан — АҚҚОЗЫ, ШҮҢГІЛ, ҚУАНДЫҚ (бұлар бәйбішесінен) , БАЙҒОЗЫ, ҚАРАҚОЛ, ТІНЕЙ, МАРҚА (бұлар тоқалдың балалары болып «тоқал» аталады) .

АҚҚОЗЫдан – БАЗАРКЕЛДІ, ЕСТЕМЕС.

ШҮҢГІЛден – БАЙТӨБЕТ, ҚАТПА, БАЗАРБАЙ, БАЗАР, КЕНЖЕ, ЕСЕНАМАН, БОРАНБАЙ.

ҚАТПАдан — Мүсірбәй (атақты әулие) .

БАЙҚОЗЫдан – БАЙСАЛ, ЖӘПЕК, БАЛПАН, КӨБЕГЕН, БӨБЕК, АЙТУҒАН.

АЙТУҒАНнан — Киікбәй – Сасан (Қызайдың 3 биінің бірі) — Нүптібек.

ТІНЕЙден – ҚЫРҒЫЗБАЙ.

МАРҚАдан – НОҒАЙ.

СОҚЫРдан – ШӨЖЕК, ЕС, ЖАРБОЛ.

ШӨЖЕКтен – ҚҰЛЖАБАЙ, МЫРЗАБАЙ, ИТҚАРА, ҚОШҚАРБАЙ.

ЕСтен – БАЙЫТ, САПАҚ (БӨЖІК) , БӨЛЕКБАЙ.

ТӘНІКтен – АҒАНАС, ТОҒАНАС, СЕҢКІБАЙ.

АҒАНАСтан – БҮРІМЖАР.

ТОҒАНАСтан – МҰҚАНШЫ, МАРАЛ.

СЕҢКІБАЙдан – ҚОДАС, ҚАБАҚ .



ЖАРАСтан — ҚЫҢЫР, МАРҚА, СОЙЫЛҒАС, ТӨЛЕМІС. (Бұлар «төрт Жарас» аталады) .

ҚЫҢЫРдан – ҚОЖАБЕРГЕН, одан – ҚОСАЛ, ТӨЛІБАЙ, БЕКБЕРДІ.

МАРҚАдан – ТІЛЕУЛІ, одан – ЕСТЕМЕС, САРБАЙ, ЖҮП, ҚОЙЛЫБАЙ, ЖАЙЛЫБАЙ, МАЙЛЫБАЙ.

СОЙЫЛҒАСтан – ЕРКЕБАЙ, ЫРЫСБАЙ.

ЕРКЕБАЙдан – ҚҰДАЙБЕРГЕН, ТӘҢІРБЕРГЕН, НОҒАЙ, ҚОЙБАҒАР, КҮШІКБАЙ, ДҮҢГІРШЕК.

ЫРЫСБАЙдан – АСАБАЙ, ЖОЛБАРЫС.

ТӨЛЕМІСтен – ҚАРЖАУ, БӨРТЕ, КӨТЕН, ТІРКЕ, СЫРҒА.

АҚСЕЙІТтен – ЖАҚСЫЛЫҚ.

ЖАҚСЫЛЫҚтан- ЫРЫСКЕЛДІ, СЫРЫМБЕТ, ҚОҢЫРБАЙ, ТОҒЫЗАҚ.

ЫРЫСКЕЛДІден – АЛШЫНБАЙ, ҮЙСІНБАЙ, СИҚЫМБАЙ (СЫЛҚЫМБАЙ, БОЛҒАНБАЙ, ТОЛҒАНБАЙ. Бұлар «Бескөрік» деп әтәләді.

СЫРЫМБЕТтен – БАЙТЕЛЕС, ЖАНТЕЛЕС, ЖӘНІБЕК.

ҚОҢЫРБАЙдан – ҚАЗАНҚАП, ЖАЛҚЫ.

ТОҒЫЗАҚтан — КҮРЕБАЙ.



АМАНнан – ҚҰРМАН, БҰҚА.

ҚҰРМАНнан – БАЙБЕК, СӘТБЕК, МӨҢКЕ.

БАЙБЕКтен – АБЫЗ, ДАҚЫ, ШӨКЕНТАЙ, ЖАҢАБАЙ, ОҢҒҰЛДАЙ.

СӘТБЕКтен – САРТ, ҚОСАЙ, ЕСЕЙ, КӨҢБАС.



ТОҚАЙдан – ЛЕПЕС, ҚАРА.

ЛЕПЕСтен – АЛТЫНБАЙ, БЕСОТАУ, ДӘУЛЕТ, МАМБЕТ.

АЛТЫНБАЙдан – ОЗЫНБЕК, ИТЕН, ҚАШҚЫНБАЙ.

БЕСОТАУдан – ЖАУЛЫБАЙ, КҮШӘКБАЙ, ТЕЗЕК.

ДӘУЛЕТтен – ӨТЕГЕН.

МАМБЕТтен – АРАЛ, БОҚАН.

ҚАРАдан – ШЫНЫ, одан – БОРАНБАЙ, БОСТАН.



ТАҢАТтан – АНДАС, АҚБЕРДІ, ӨТЕПБЕРЛІ, ӨТЕУЛІ, ДӘНДІБАЙ.

АНДАСтан – НҰРЖАН, САЛПЫҚ.

НҰРЖАНнан – БОЛПАШ, ЖОМАРТ, МАМА, АТЫМТАЙ, ТӘН.

САЛПЫҚтан – БЕСБАЙ, ДҮКЕН, ЖАНЫС, АҒЫС.

АҒЫСТАН — Текебәй (Қызайдың атақты биі) .

АҚБЕРДІден – ӨМЕРЕК, БЕКЖАН.

ӨМЕРЕКтен – ЖӘКЕНБИ, одан – Шымшық, Шақа, Мошан.

БЕКЖАНнан – ОРЫМБАЙ, БАЙСЕҢГІР, БАЙТЕЛІ, ЖАНТЫ.

ӨТЕПБЕРЛІден – ҚОРЛЫБАЙ.

ӨТЕУЛІден – АҚЫНБЕТ.

ДӘНДІБАЙдан – АЛТЫНҚАС (АЛТЫҚҰЛАШ) , одан — СЫЛПЫБАС.

Тағы бір деректерде ТАҢАТтан – ЕСБАЛАны таратады.

ЕСБАЛАдан – ЕСТАЙ, ЕСІМБЕК, ТОЛЫҚБАЙ

ЕСТАЙдан – ИМАНГЕЛДІ

ИМАНГЕЛДІден — Әли

ЕСІМБЕКтен — ЕРЖАН

ТОЛЫҚБАЙдан – ЕРЛАН



ДЕРБІС

ДЕРБІСтен – СҮЙІНБАЙ, СҮЙІНДІК, ШӘУКЕ (МАЙМЫЛ) , ЕСЕНБЕРДІ. Бұлар «Төрт ДЕРБІС» аталады.

Ел арасындағы әңгімеге қарағанда, ҚЫЗАЙЛАР Сыр бойынан ауғанда СҮЙІНБАЙ мен СҮЙІНДІКтер бала-шағасына шешек шығып, көше алмай, Қазақтың Ақмешіт деген жеріңде мекендеп қалады. СҮЙІНДІК кейін туыстарын іздеп, көшіп келе жатып, жоңғарлардың шапқыншылығына ұшырап, шарасыздан Ертіс, Еміл өзендерінің бойын мекендеп қалады. Осындай үркіншілікте бір шұбар айғырдың үйірін тауып алып, малданады. Кейін шұбар айғырдың үйірін тауып алған КЕРЕЙЛЕР оны алмақшы болады. «Дауы сүйек бітіреді» деген қазақы қағида бойынша СҮЙІНДІК КЕРЕЙЛЕРмен құдандалы болып сүйек жаңғыртып, сол жерде қалып қояды. Сөнімен СҮЙІНДІК ұрпақтары ШҰБАРАЙҒЫР атанып, КЕРЕЙЛЕРге сіңіп кетеді. Кейін келе олардың бір бөлім атасы ҚХР-дың Толы ауданына мекендейді.

ШӘУКЕ өспеген ел.

ЕСЕНБЕРДІден – ҚҰТТЫБАЙ, ТӘТТІБАЙ, ҰЛЫҒҰЛ (ҚОШАН) , СҮЙЕР ( ЖАҚСЫБАЙ) .

ҚҰТТЫБАЙдан – БАЯН, БӨГЕНБАЙ, ТАСТЕМІР, САДЫ. (Бұларды «Төрт ҚҰТТЫБАЙ» дейді) .

БАЯННАН – МЫРЗАТАЙ, БАЙБАҒЫС, ЕСЕНӘЛІ, АҚКӨШІК.

БӨГЕНБАЙДАН – САҒЫНДЫҚ, ЖАҚАБОЛ, МАШАН, БАРАҚБАЙ, ҚАЛЫБАЙ, БОРАНБАЙ, ТҮМЕНБАЙ, ҚАРТ.

САҒЫНДЫҚтан – ЕСІМ, ҚҰЛШЫМАН.

ЕСІМНЕН – ИГІЛІК, ТАЙЖАН.

ЖАҚАБОЛдан – НОҒАЙБАЙ, ҚОСАҚ, КІБІТ, ҚОЗЫБАҒАР, ТЕКЕР, ЖОЛДЫБАЙ.

ҚАЛЫБАЙдан – ШӘҢКІ, ОРАҚ, ОШАҚ.

БОРАНБАЙдан – АЮША, ЕСҚОЖА.

ТҮМЕНБАЙдан – БЕРДІБЕК.

ҚАРТтан – МОЖА, одан – КЕНДІРБАЙ.

ТӘТТІБАЙ өспеген ата болғандықтан, САДЫ руімен бірге жүріп, жасасып кеткендіктен, сөләрмен бірге «Сады» аталады. Әйгілі ақын ТАҢЖАРЫҚ ЖОЛДЫҰЛЫ осы ТӘТТІБАЙ ұрпағы болады.

САДЫдан – АТЫҒАЙ, ҚАРАҒАЙ, ҚИЯЛ, ДОҒАЛ, ШОҚПАР.

ДОҒАЛдан – БӘТУ, БЕКШЕ, СОПАҚ.

СОПАҚтан – ТІЛЕУ.

ТІЛЕУден – Мейрән, Түкібәй, Мәкібәй.

Мейрәннән — Әбілғәзі, одан — Тұрды.

ҰЛЫҒҰЛдан – ЖАҚСЫБАЙ, ҚОШАН.

ЖАҚСЫБАЙдан – ДӘУІШ.

ДӘУІШтен 16 ұл туады: ҚУАНДЫҚ, ТҮКТІАЯҚ, ШАҚАБАЙ, СЕҢГІРБАЙ, АЙТУҒАН, БАЛТА, ЖАНЫСБАЙ, ҚОНЫСБАЙ, ҚҰЛБАЙ, БҰҚАБАЙ, ҚҰЛЖАБАЙ, ЕГІЗЕК, ШАҒАНБӨЛЕК, ТӘУТЕКЕ, ТЕКЕБАЙ, СЕКСЕНБАЙ.

ҚОШАНнан – КӨЛБАЙ, одан – ЖАМАН, ШАҢ, БӨРІБАЙ, БАЙҒАБЫЛ, ӨЗЕНБАЙ.

СҮЙЕРден – МӘЛІК, ШОЛАҚ.

МӘЛІКтен – ТӨЛЕНДІ, БАЙБОЛ, ҚҰДАНҚҰЛ, МАРҚА.
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2361

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер