
Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз
Жолданған уақыты: 13:11 - 2020/09/18
Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2357
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2357توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2357

Мақала жолдаушы: Elarna Studio
Мақала апторы: Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Аптордың мекен-жайі: Kazakhstan
Адамзат тарихында, күнтізбенің орны ерекше. Өйткені ол күн, ай, жыл, ғасыр, дәуір оқиғаларын жаңылыссыз, дұрыс есептейтін көп сатылы, күрделі мәдени құбылыс. Яғни, ол адам-қоғам-табиғат үштігі арасындағы үйлесiмдi реттеп, өмірдегі елеулі діни, қоғамдық, шаруашылық оқиғаларды тарих жадысына таңбалап тұратын мәдениет үлгісі.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Кәлендәрьдің түрі көп. Мысалы, Ресейдің Қорған облысы Қазақ Көчердік ауылы маңынан табылған б.з.д. VІІІ ғасыр мұрасы қола семсердің қос қапталына бәдізделген 20 түрлі жануарлар бейнесін зерттеуші В.Н.Котов «20 күндік айды белгілейтін кәлендәрь болуы мүмкін» дейді.
Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған бағзы дәуірде адамдар таяқша, тақтайшаға кертік жасап немесе жіпті түйіп уақытты белгілеген кәлендәрь нұсқалары Америкә, Азия, Африкә құрлықтарынан табылса, мұндай күнтізбені Ахәменид патшасы І Дарий пайдаланғаны жайлы тарих атасы Герөдөттің жазбасында кездеседі. Кертік ағаш кәлендәрьді мажар қыпшақтары мен финн-угөрләр бертінге дейін қолданып келсе, қазақ есепшілерінің «кісе» деп атайтын қарапайым уақыттық есеп құралын да осы санатқа қосуға бөләді.
Дегенмен бүгінге жеткен ең көне күнтізбе «борыш кітәбі-кәлендәриум» 354 жылы Римде жазылғаны жайлы білеміз. Ал баспаханада басылған алғашқы кәлендәрьғә келсек, 1448 жылы неміс шебері Иөгән Гутенберг қабырғаға ілінетін астрономиялық тәбель-кәлендәрь басып шығарса, 1474 жылы оның жерлесі астроном Иөгән Мюллер (Региөмөнтән) алғашқы журнал түріндегі 64 беттік кәлендәрь жәсәғән.
1
Қәзіргі таңда әлем халықтары бірнеше түрлі күнтізбе қолданады. Соның ішінде ең танымалы Григөриән күнтізбесі. Бұл кәлендәрь бойынша жыл 12 айға, ал айлар 28-31 күн аралығында тәуліктік мезгілмен жiктеледi. Бірәқ бұл кәлендәрь «ғаламдық уақыт есептеу жүйесіне сай емес» деген пікір алғаш рет 1923 жылы Женевә қаласында өткен Ұлттар лигәсінің бас қосуында айтылып, болашақта бұл күнтізбені рефөрмәләу ісі Халықаралық Көмитетке жүктелген болатын. Бұдан әлі күнге нәтиже шыққан жоқ. Содан 1954 жылы БҰҰ-ның Экөнөмикәліқ Кеңесі 18-сессиясіндә үнділік астрономдар ұсынған жаңа күнтізбе жобасы талқыланып, оны БҰҰ-ның Бас Ассәмблеясінің қарауына ұсынды. Бірәқ ешқәндәй нақты шешім қабылданбады. Түйткілді дүние сол күйінде қалып қойды.
Соңғы жылдары бұл мәселемен қазақ ғалымдары айналысып жүр. Атап айтсақ, бұл адам – танымал өнертәпқіш, Д.Қөнәев атындағы университеттің қүрметті прөфессөрі, Халықаралық Акмеөлөгияліқ ғылымдарының әкәдемигі (Сәнкт-Петербург) және Платон сыйлығының иегері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кәндидәті Сайлыбай Бекбөләтөв ағамыз.
Қазақтан шыққан білікті ғалым Сайлыбай аға ширек ғасыр тер төгіп, үзбей жүргізген терең ғылыми ізденістерінің нәтижесінде «Мәңгі қазақ кәлендәрі» атты пәтенттің иесі атанып отыр. Бұл жаңалықтың тұсауы 2014 жылы Халықаралық өнер, көммуникәция, ғылым және технөлөгия көнгресінің Англиядәғі Кембридж университетінде кесіліп, осы ұйымға мүше 40 мемлекеттің айтулы ғалымдары тарапынан бірәуіздән мойындалды. Соның нәтижесінде ағамызға «ХХІ ғасырдың ақыл-ойы» деген атақ берілді.
Сөнімен қатар жоғарыдағы мәртебелі жиында қазақ ғалымы С.Бекбөләтөв аталған халықаралық көнгрестің вице-президенті әрі ұйымның Еуропа бойынша бас директөрі болып тағайындалды. Сөнімен бірге Кембридж қаласында орналасқан әлемдегі ең үздік ғалымдардың биөгрәфияләрін жариялайтын Халықаралық Биөгрәфия орталығының марапатына ие болды.
Қазақ ғалымы жасаған кәлендәрь өткен шілде айының соңында Оңтүстік Африкә елінде ағылшын тілінде «Unified, Constant Calender» («Мәңгілік, тұрақты күнтізбе») деген әтпен электрөнді кітәп ретінде жарық көріп, бұл еңбекпен екі айдың ішінде 32 млн адам танысып үлгеріпті.
Осіндәғі «Мәңгі қазақ күнтізбесінің» ерекшелігі, жыл 13 айдан тұрады және әр ай 28 тәуліктен құралады. Жыл 13 айдан тұру себебі, Жер пләнетәсі Күнді айналу жолында 13 шоқжұлдызды жанап өтетіндіктен, Ай біз ойлағандай отыз күнде емес, жиырма сегіз күнде толады деп болжайды ғалым. Демек, әр ай дүйсенбіден басталып, жексенбіде бітеді.
Атәлғән еңбекпен жете танысқан үлкен ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қәйрәткері, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым әкәдемиясінің әкәдемигі Әділ Ахметөв мырза, «бұл дүние тек қазақ ғылымының ғана емес, әлем ғылымның да, сондай-ақ күллі адамзат өркениетінің абыройын асқақтатқан заманауи жаңалық. Ендеше, оның авторын ең әлдімен егемен еліміздің оқырман қауымына сүйінші хабар ретінде үкілеп жеткізуіміз керек» депті.
Осі орайда Әділ Құрманжанұлы айтқандай, гәзет оқырмандарын ғалым ағамыздың жәңәліғімен таныстырып, сүйіншілеу үшін сұхбаттасқан едік.
– Сайлыбай аға, бұл іспен шұғылданып жүргеніңізге қанша жыл болды?
– 25 жылдан асып барады. Мұны есептеу қиын емес. Бірәқ құжаттық тұрғыдан қолданысқа енгізу әзірше мүмкін болмай тұр. Егер біз осы күнтізбені пайдаланар болсақ, талай дүние өзгеріп, қәзіргі қауым қазақилана түсер еді.
Жәлпі, адамзат үшін күнтізбе мәселесі аса маңызды. Өйткені біз қәзір қолданып жүрген Григөриән күнтізбесінде көптеген қәтелік бар. Басқасын айтпағанда 365 тәуліктің өзі құбылмалы. Мысалы, қәзіргі жыл санаудың төртінші жылында 366 күн бар. Бір күн артылып кеткен. Осы қәтеліктің салдарынан бір жылды құрайтын 12 ай: бірде 28, бірде 29, бірде 30, тағы бірде 31 күнге ауысып отырады.
Яғни, әр жыл сайын Жер өз өсін 365 рет айналса, Ай Жерді жыл сайын 13 рет айналады. Ал Күн өз өсін әйнәлумен қатар, бір жылда «Эклиптикә» деп аталатын аспан сферәсіндәғі үлкен шеңбердің бөйімен 13 шоқжұлдызды кесіп өтеді. Бұл табиғи құбылыстар – мәңгі өзгермейтін жаһандық астрономиялық заңдылық. Ал Григөриән күнтізбесі болса, әр жыл сайын Жерді 13 рет айналатын Ай санын ғана емес, әлгінде ғана аталған 13 шоқжұлдыздың біреуін ешбір себепсіз қысқартып тастаған. Ең күлкілісі сол, бұл кемістігін жабу үшін, Григөрий поп 13 деген санды шәйтәнмен байланыстырып, оған тыйым салған.
– Күнтізбеде мұндай қәтелік барын әлем астрономдары білмеген бе?
–Білгенде қандай. 1923 жылы бұл мәселе БҰҰ деңгейінде айтылған. Әлі күн тәртібінен түскен жоқ. Міне, содан бері әлемдік қауымдастық ғалымдарға «қәтесіз, жетілген күнтізбе жасаңдар» дегенді үнемі ескертумен келеді. Өйткені қолданыстағы күнтізбе күллі жаратылыс заңына қайшы әрі үйлесімсіз. Басқасын айтпағанда, апталық жеті күннің жылдық айналымы бір-біріне сәйкес келмейді. Мысалы, жаңа жыл мерекесі бір жылы дүйсенбі күнге сәйкессе, келесі жылы басқа күнге ауысады. Егер қолданыстағы күнтізбе нақты болғанда әр апта, әрбір күн өз нүктесінде, нақтырақ айтқанда, уақыттық шеңберінде қозғалмай қатып қалуы тиіс. Егер күнтізбе қәтесіз болғанда мұндай өзгеріс болмайды. Бұл бір.
Екіншіден – айларды толтырып тұрған күндер санына келсек, бір ай – 30 тәулік, екіншісі – 31 тәулік, енді бірі – 28 тәулік. Демек, уақыттың табиғи балансы бұзылып тұр.
– Неге бұлай?
– Өйткені қәзіргі қолданыстағы күнтізбе жаратылыс заңдылығын ескермей, жеке адамның мүддесіне бағындырылып қолдан жасалған шикі дүние. Оның басында ежелгі Рим империясінің қәйрәткері, осыдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген Юлий Цезәрь жарықтық тұр. Бұл кісі өз қалауын алға тартып, бір айды (июль) өзінің әтімен атаса, бұдан кейінгі патша мүрәгері Август та тағы бір айды өзінің атына жазып алған. Одан соң 161-180 жылдары билік құрған Мәрк Аврелий (имперәтөр Мариус) бір айды өзінің қүрметіне «Март» деп атауды жөн көрген. Сөйтіп ежелгі жыл санаудың табиғи болмысы өзгерген.
– Сіздің пайым бойынша ежелгі ай атауларында қәтелік бар екен. Ал уақытты межелейтін есеп-цифрларда қандай қәтелік бар?
– Уақытты межелеуден кеткен қәтелікте тіпті екі мың жылдың үлесі бар. Ғылымда цифрлық жүйе деген болады. Ол 0-ден 9-ға дейінгі таңба-белгілер реті. Бұл ерте дәуірде тұрақтандырылған. Сізге бір қызық айтайын, алғаш адамзаттық күнтізбе қолданысқа кірген кезеңде цифрлық жүйе 7-еу, яғни жеті сан (таңба) болған. Қәзіргі біз пайдаланып жүрген «8» және «9» сандары болмаған. Міне, осыдан кейін күнтізбелік есептік меже әуелден қәте жасалған. Сол қәтелік әлі түзетілген жоқ.
– Сөзіңізді бөлейін сіз айтып отырған 7 таңбаға кейіннен біріккен «8» және «9» сандары қай мезгілде қосылды?
– Адамзаттың алғашқы есептеу құралы 7 таңбадан құралды десек, соңғы екі сан 1500 жылдан кейін кірді. Бұл екі санды кіргізген арабтар. Кейін мұсылман халифаты дәуірлеген тұста арабтардың осы ондық жүйелігі Еуропаға тарады. Қысқасы, адамзаттық жетілген цифрлық жүйені қарт құрлыққа жеткізген араб мәдениеті. Бірәқ осы арабтар ондық жүйені өз өмірлеріне бүгінде кіріктіре алмай отыр. Оның себебі көп. Бір ауыз сөзбен жеткізу қиін...
Біз көп жағдайда сан мен цифрды ажырата білмейміз. Цифр дегеніміз – 0-ден 9-ға дейінгі тұрақты таңбалар. Осы таңбаларды құрастыру арқылы шексіз санды шығаруға болады. Бұл ұғымды әріп арқылы тәпсірлеп көрелік. Қазақта 42 әріп бар. Осы әріптер арқылы миллиондаған сөздер құрап, жүздеген том кітәп жазуға болады. Сан дегеніміз – жаңа айтып өткендей цифрлар жиынтығы. Осы орайда қазақы танымда «0» санға жатпайды. Абай атамыздың «едницә болмаса не болды өңшең нөл» дегені сияқты. Осыдан кейін, яғни «нөл» есепке алынбағандықтан адамның нөлдік (бір жасқа дейінгі) уақыты есептелмей мүшелді 12 деп жүрміз. Ал шын мәнінде мүшел саны – 13.
– Сіз жасап шыққан күнтізбелікті «Адамзаттың жаңа кәлендәрі» деп атаса да болғандай екен. Неліктен «Мәңгі қазақ кәлендәрі» деп атадыңыз?
– Мен бұл жұмысты «адамзаттық» демес бұрын өзіме «мен қайдан жаратылдым?» деген сұрақ қойдым. Бұған жауапты Құранннан таптым. Қәсиетті кітәптің 51-сүресі, 56-аятында Алла тағала «жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылу үшін жараттым» депті. Демек, барлық жаратылыста құлшылық құпиясы бар. Мысалы, Алла жерді жаратып күнді айналдырып қойды. Гәләктикәдә мыңдаған пләнетә сапырылысып жүзіп жүр. Олар бір сәт қәте баспайды. Бұл неткен дәлдік, нендей қүдірет. Тағы да Құранның 36-сүресі, 38-аятында: «Таңды сөгуші, түнді тынығу және күн мен айды есеп үшін жараттым. Осылар аса білуші Алланың өлшемі» дейді. Осы үкімді оқыған соң өз басым уақыт ол – ең үлкен құлшылық деген тоқтамға келдім. Сөйтіп ғаламдық уақыт есебін зерттеуге бет бұрдым. Мысалы, айдың фазасы 13 грәдусқә аунамай таң атпайды. Бұл түйінді маған дейін ешкім шешкен жоқ. Ал күн кәлендәріндә бір жылда күн мен түн екі дүркін теңеседі. Бірі – 22 наурыз, екіншісі – 22 қіркүйек. Осы екі аралықтағы тәулікті есептеп көріңіз, бірі – 186 тәулік те, екіншісі – 179. Бір апта жоқ.
– Сіз жасаған жаңа күнтізбенің басты ерекшелігі не?
– Жаңа күнтізбенің ерекшелігі – жылды 13 айға бөлдім. Бір айда – 28 күн. Жылдық тәулік есебі: 13 х 28 = 364 күн. Әрі қарай осы жүйемен уақытты жүйелеп көрелік. Мысалы, сіз «1963 жылы 28 қаңтар, дүйсенбі» күні тудыңыз. Жоғарыдағы күнтізбелік жүйе бойынша сіздің туған күніңіз мәңгі тек «дүйсенбі»-ге сай келіп тұрады. Ол ешқәшән өзгермейді. Бұл күнтізбенің басты ерекшелігі осында және уақыттық өлшемдері мүлтіксіз.
Одән кейін ұлтым – қазақ. Адам баласы үшін пайдалы дүние жасадым екен, ол неге қазаққа тән болмайды. Мен еш нәрсені ойдан алып отырғаным жоқ. Абай атамыз айтпақшы, жанымыздан ғылым шығара алмаймыз. Мұндағы есептің барлығы қазақтың көне танымында бар. Сондықтан бұл құжатты «Мәңгі қазақ кәлендәрі» деп атауды жөн көрдім. Екіншіден, «мәңгі» атауын берген себебім, Алладан басқа мәңгілік жоқ. Кім Онімен бірге болады, Оның үкіміне сай дүние жасайды сол ғана мәңгілікпен ұштаса алады.
– «Мәңгі қазақ кәлендәрі» күнтізбесінде ай атауларын қалай қазақшаладыңыз?
– 13 айлық күнтізбеде қазақша ай аттарын әзірше шоқжұлдыздардың әтімен белгілеп қойдым. Балықтар, Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан... деген сияқты. Өйткені қәзіргі ай атаулары: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр... т.б. бұларды тек қазақ қана біледі. Ол шоқжұлдыздар атауы күллі әлемге тән. Осыған сәйкестендіріп айдың ағылшынша-орысша атауларын да тауып қойдым.
– Бұл күнтізбенің күллі адамзат үшін қандай пайдасы бар?
– Ең әуелі, адамзат өміріне тән даталар уақыты ешқәшән өзгермейді. Сол себепті жыл сайын қағаз шығындап кәлендәрь жасамайсыз. Қәзіргі күнтізбеде он жылда бір келетін «кібісе» жылы дейтін бар. Оны кейбір халықтар «қәуіп-қәтерге толы жыл» деп ырымдайды. Осы жалған ырым жоғалады.
Содан кейін бұл күнтізбе – астрономиялық әрі мәтемәтикәліқ тұрғыдан ешқәндәй кінәрәтсіз. Сол себепті жасанды Григөриән күнтізбесінің салдарынан бәнк және қаржы жүйелерінде; технөлөгияләр мен цифрландыру үдерістерінде; медицинәліқ және биөлөгияліқ прөцестерде; мәкрө және микрө ғарыш саласында; қарапайым адамдардың күнделікті өмірінде, т.б. орын алып отырған кедергілер мен кемшіліктердің түбегейлі жойылары анық.
Одан кейін мәңгі өзгермейтін 28 күндік/13 айлық тұрақты күнтізбеде әр жылдың басы Наурыз айының 21-індегі күн мен түннің теңелетін сәтіне дөп келетін бірінші жексенбі ғана нөлден басталады, ал қалған жексенбілер аптаның үйреншікті жетінші күніне сай келіп тұрады. Қалған күндер 13 айлық күнтізбенің өн бойында мәңгі өзгермей, қаққан қазықтай мызғымай орнығады.
Қаржы-экөнөмикәліқ тұрғыдан да, бұл күнтізбе ешбір ысырапқа жол бермейді, өйткені бір рет баспадан шыққан бұл күнтізбенің бастапқы нұсқасын ондаған немесе жүздеген жылдар бойы қолдана беруге болады.
Әңгімелескен
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Egemen Qazaqstan»
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2357
Пікірлер: