Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:29 - 2020/08/13

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2354
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2354

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2354

Мақала жолдаушы: Elarna Studio
Мақала апторы: Сенбек Әуесқән ұлы
Аптордың мекен-жайі: Құлжа

Ерен табыстың астарындағы қажырлы еңбек
− 2020 жылғы жоғары мектептерге оқушы қабылдау емтихәніндә ортақ тілде оқып емтихән берген аз ұлт оқушыларының жаратылыстық сабақтар түрінде Іле облысы бойынша 1 болып, Қытайның әйгілі Цинхуа университетіне оқуға қабылданған Қазақ үләнімен әңгіме

Әңгімелесуші: Сенбек Әуесқән үлі

Үстегі жылы шілденің 27 күні кеште Іле гәзеті мекемесі Қазақ редәкциясінің уичат тобында қізметтесіміз Серік Сабыр ұлы көппен бөліскен «Цинхуа университеті іздеген ереннің әнәсімен сұхпат» деген тақырыптағы жолдама назарымды бірден аударды, сұхпаттасушы Ыбырай Жұмақадыр ұлы, жариялаушы «Ой дауа» текшесі екен, бірнеше қайталап оқып шықтым. Ойды ой қуалап, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» дегендей, биылғы індетпен күресіп отырған ерекше жағдайда қат-қабат қиыншылықты жеңіп, ашты еңбегінің тәтті жемісін татқан, ата-анасының, ұстаздарының үмітін ақтап, ана мектебінің, туған жерінің даңқын асырған Ерен Сатай үлімен оқушыларды, ата-аналарды қызықтырады-ау деген немесе оқушылардың үйренуіне түрткі болады-ау деген түйіндер жайында әңгімелесіп көру ойына келдім. Ендігі әңгімеміз сұрау-жауап формасында жалғасады.
Тілші: Сәлеметсің бе?! Биылғы мемлекеттік жоғары мектепке оқушы қабылдау емтихәніндә ортақ тілде оқып емтихән берген аз ұлт оқушыларының жаратылыстық сабақтар түрінде 682 нөмір алып, Іле облысы бойынша 1 орында тұрдың, атыңа затыңның сай келіп, ерен нәтиже жәрәтуіңмен қызу құттықтаймын. Бүгін сәті түсіп, өзіңмен үйрену жөнінде әңгімелесіп отырмын. Бастауыш, орталау мектеп сатыларын қайсы мектептерден оқыдың? Әңгімені осыдан бастасақ.
Ерен: Сәлеметсіз бе?! Бастауышты Күнес аудандық 2 бастауыш мектепте оқыдым, ал орталауды Күнес аудандық 6 орта мектепте оқыдым.
Тілші: Бұл мектептер қос тілді мектептер ме, әлде ортақ тілдегі (мемлекетте бір тұтас қолданылатын тіл деген сөз қысқаша «ортақ тіл» деп алынды, төменде осылай) мектептер ме?
Ерен: ортақ тілдегі мектептер.
Тілші: Олай болса, Қазақ тіл-жазуын сырттай оқып-үйрене алдың ба?
Ерен: Қазақ тіл-жазуын үйрету үшін, бастауыштың 5 жылдығын оқыған кезімде шешем Күләш Дәулет қызы өзі қізмет істейтін Күнес аудандық 1 орта мектептің тіл-әдебиет оқытушысы Армия мұғалым ашқан Қазақ тілін үйрету курсінә қатынастырды, сол кісіден үйрендім, үйде Қазақ тілінде сөйлесеміз, кішкене кезімде қысқы, жазғы демәлістәрдә ауылдағы нағашы атамның үйіне көп баратынмын, ауылдағы бәләләрмен көп ойнайтынмын, сондықтан Қазақ тіліндегі тұрмыстық сөздерді негізінен түсінемін, кейін курсқә қатынасу арқылы Абай атаның өлеңдерін жатқа айта алатын, жеті атамды айтатын, сондай-ақ қазақша кітәпті оқитын, жазуын жаза алатын болдым. орта мектепте сабағым ауырлап кеткен кезде мойын бұра алмай, кейбір әріптің оқылуын ұмытып қалыппын, қәзір үйде шешем Әліппені бір сағаттан үйретуде, үйренуге пайдасы тійер деп жаңылтпаштарды да оқимын.
Тілші: Бастауыш, орталау, орта мектептің барлық сатысында үздік оқыдың ба? әлде бастауышта немесе орталауда әдеттегідей оқып, кейін үздіктер қатарына қосылдың ба?
Ерен: Бастан-аяқ үздік оқыдым.
Тілші: Ең алғаш мектеп құшағына түскен кезіңдегі әсерлі сәтті немесе ең алғаш үздік нәтиже жаратып ата-анаңды қуандырған сәтіңді есіңе алып көр ші.
Ерен: Бастауышты үздік нәтижемен бітіріп, шешемнің үздік бітірген оқушылардың ата-аналарының қатарында сөз сөйлегені есімнен кетпейді. Сол кезде ол: «Ұлым, дыбыстауым дұрыс болмай қалмасын, саған оқып берейін, әлдімен сен тыңда, қәте жерін түзет» деп абыржып дайындалып, қағазға жазып алған сөзін қайта-қайта оқып жаттығып еді. Тағы бірде ортақ тіл кләсіндә оқысам да, қос тіл кләсіндәғі бәләләрмен бірге өткізілген қос тілдегі дэкләмәция жарысына қатынастым, шешем ұлттық үлгіде киіндіріп, бірге барды. 1 дәрежелі сыйлық алдым, ортақ тілде оқып, артынан қазақша аударып айтып шықтым, шешем құшақтап: «Жарайсың, ұлым, тынбай құлшына бер! » деді. Одан кейін тұңғыш рет мойныма қызыл гәлстук тағып, пиөнерлер отриядына кіргенім есімнен кетпейді, сол жолы мойнымдағы гәлстугімді қайта-қайта қөліммен сипап, үйге көрсетуге асықтым.
Тілші: Құлжа қалалық 3 орта мектепке қалай түстің?
Ерен: Орталауды Күнес ауданындағы түйінді 6 орта мектептен оқыдым, бітіретін жылы ішкі өлкелердегі Шыңжаң орта мектебіне тізімделіп, емтихәннән 670 нөмір алдым, Шямын университетінің қарамағындағы 2 орта мектептен шақырту келді, бірәқ әке-шешем алысқа жіберуге қимады ма, «Кейін жоғары мектепті ішкі өлкеден оқисың, орта мектепті Шыңжаңда оқи бергенің жөн сияқты» деп жібермеді. Шешем Үрімжі қалалық 8 орта мектептен оқысаң қәйтеді деп, сол мектептің емтихәнінә қатынастырды, өттім, бірәқ жаңа оқу районында оқиды екенсің, қаланың сырты, тамақ шарт-жағдайы қалай болар, не де болса, ауылға жақын, барып-келуіңе, өзімнің барып-келуіме де қолайлы Құлжа қалалық 3 орта мектептен оқысаң, оның үстіне бұл мектеп облысымыздағы маңдай алды бетке басар мықты мектеп деп осы мектепті көрсетті, таңдауымыз дұрыс болыпты, 3 жылдық құлшынысымның нәтижесін көрдім, еліміздегі маңдай алды әйгілі жоғары мектепке түсу алдында тұрмын.
Тілші: Ғылымның атасы-мәтемәтикә деген сөз бар, мәтемәтикә адамның ойлау жүйесін жетілдіруде ерекше рол атқарады, бір мәселе есепті шешудің екі немесе онан да көп жолы болады, мәтемәтикәғә мықты оқушылар әдетте басқа сабақтардан қиналып кетпейді, өзіңнің мәтемәтикәғә құштарлығың қалай пайда болды? Мәтемәтикәні қалай үйрендің?
Ерен: Алғаш рет шешем қолымнан жетелеп Күнес аудандық 2 бастауыш мектептің қақпасынан кіргізді, бұл аудандағы түйінді мектеп екен, ол кезде қос тілдегі кләстәрдің оқыту сапасы да жақсы болып тұрған сияқты, бірәқ шешем мені ортақ тілде оқитын кләсқә берді, мен қаршадайымнан білімге, оқуға құмар, зерек болып өстім, әсіресе, мәтемәтикәғә құштар болдым, әр рет алынған мәтемәтикә емтихәндәріндә толық нөмір алатынмын, бастауыштағы кләс жетекшіміз мәтемәтикә мұғалымы еді, сол кісінің ықпалы да болды. Шешем оқушыларының күндіз тексеріп бітіре алмаған тапсырмаларын үнемі үйге әкеліп тексеретін, шешеммен жағаласып, қолыма қарындашымды ұстап, сатып әкеп берген таяқшаларды санап, есеп істейтінмін, шешемнің де ықпалы болды. Әр реткі ата-аналар жиынында кләс жетекшіміз мені мақтап, оқушылардың үйрену үлгісі деп көрсететін, орта мектепте әр реткі мәтемәтикә нәтижем жоғары болатын, бұл реткі жоғары мектепке оқушы қабылдау емтихәніндә әдеттегі нәтижемнен төменірек алдым, 131 нөмір.
Тілші: Сабақтан сырт кітәп оқуға құштарлығың қашан басталды? қәзірге дейін басты-басты қандай кітәптәрді оқыдың? гәзет-журналға қызығуың қалай? өзің оқыған орта мектептің кітәпхәнәсіндә кітәп, гәзет-журнал қоры мол ма?
Ерен: Сабақтан сырт кітәп оқу − менің басты әуестерімнің біреуі, сабақтан сыртқы кітәптәрді көбінесе жазғы, қысқы демәлістәрдә оқимын, әдетте уақытым шыға қалған сәттерде оқимын, оқыған мектебімнің кітәпхәнәсіндә кітәп көп, жаздырып алып оқимын, одан сырт мектеп маңында Синьхуа кітәп дүкені бар, содан және тордан алып оқимын, орта мектеп бітірген кезде кітәбімнің өзі бірнеше жәшік болды, үйімізде де арнаулы кітәп сөрем бар, негізінен шешем кітәп дүкендерінен кітәпті көптеп әкеліп береді, шешем Шаңхайдағы Шығыс Қытай педәгөгикә университетінде білім толықтап оқыған кезінде қысқы демәлістә бір шабадан толған кітәп алып келіпті, шешем кітәп құмар, ара-тұра жазып-сызады, үйімізде кітәп байлығы жетерлік, кітәпқә қызығу жағында шешемнің ықпалына ұшырадым. Кітәпті көп оқу әдебиет сабағында мақала жазуға көп көмегін тійгізеді, тіл қәбілетін жетілдіреді, Әсіресе, ортақ тілде оқыған Қазақ балалары үшін алғанда әдебиеттен жоғары нөмір алу үшін, сөзсіз, сабақтан сырт кітәп оқу әдеті болу қәжет деп ойлаймын. Өз басым тарихи, әдеби кітәптәрді және ақыл-ой жетілдіру, ашу жақтарындағы кітәптәрді көп оқыдым, әсіресе, шетелдіктердің балалардың жасампаздық қәбілетін қалай жетілдіруі жөніндегі кітәптәрді көбірек оқыдым.
Тілші: Қәзіргі күнде мейлі ата-аналар арасында болсын, әлде оқушылар арасында болсын, сабақ түрі көп, сабақ салмағы ауыр, тапсырма көп деген пікірлер бар, бұл жөнінде қатардағы оқушы ретінде не айтар едің?
Ерен: Енді тапсырма мөлшерінің көптігі рас, бірәқ қәжірліліқпен үйренем деген кісіге көптік қылмай ма деймін, менің көп уақытым тапсырма өріндәумен, жәзумен өтетін, бірәқ «Білім алу инемен құдық қазғандай» емес пе, үйренген сайын үйренгің келеді, аздан көпке, таяздан тереңге бет алып үйрене беру қәжет деп білемін.
Тілші: Құлжа қаласына алғаш келген кезіңде мұндағы орта мектеп пен Күнес ауданындағы өзің оқыған мектеп арасындағы парықты қаншалық дәрежеде сезіндің? мысалы, ортасы, құрылыстануы, оқушылар саны, оқытушылардың сапасы деген сияқты жақтардан?
Ерен: Күнес пен Құлжадағы мектебіміздің құрылыстануы, оқыту шарт-жағдайы, оқытушылардың сапасы жақтарында зор парық болды, Құлжа қалалық 3 орта мектеп облысымыз көлеміндегі түйінді орта мектеп қой, мектеп тәртіп-түзімі кемелді, басқаруы қатаң, оқыту шарт-жағдайы өте жақсы, оқытушылардың сапасы да керемет, менің өзім келе салған жылы нәтижем жақсы болғандықтан орта мектеп 1 жылдығының 6 кләсіндә, яғни тез кләсіндә оқыдым, кләс жетекшіміздің қолында 2017 жылы 3 жылдықты бітіріп емтихән берген оқушылардың ішінен Шыңжаңдағы алдыңғы қатардағы 5 оқушы шығыпты, өзі автономиялы район дәрежелі үздік мәтемәтикә мұғалымы екен.
Тілші: Қаладағы мектепке алғаш келген кезіңде үздік оқушылар ара үйрену бәсекесіне қалай төтеп бердің?
Ерен: Ауданнан қалаға келіп оқыдым, кләстәғі 59 оқушының бәрі нәтижесі үздік, сарапталған оқушылар, бәсеке төтенше ауыр болды, кләстә 4 Қазақ оқушы оқыдық, бастапқыда жатақ тұрмысына бірәз көндіге алмадым, үйрену де қиын сезілді, қанша әйтқәнмен, бастауыш, орталауды Құлжа қаласынан оқыған сабақтастарым үйрену нәтижесі жағында менен озық тұрды, бала емеспіз бе, азын-аулақ қақпайлау да болды, бірәқ жасымадым, қайта өзіме жігер беріп, сөзсіз, үздік нәтижем арқылы өзімнің қәбілет-қарымымды дәлелдеймін деп серт еттім.
Тілші: Өзің де білесің, қәзіргі кезде ұялы телефөн әр жақтан қолайлылық тудірумен бірге, уақытымызды ұрлайтын бірінші құралға айналды, үлкендерден тартып балаларға дейін оны ермек етеміз, өзің телефөнді қашаннан бастап ұстадың, бір күнде қаншалық уақытың телефөнғә қәрәумен өтеді немесе одан қалай пайдаланасың? мектептеріңде оқушылардың телефөн ұстауы жөнінде анық белгілеме бар ма?
Ерен: Дұрыс айтасыз, мен телефөнді әке-шешеммен хабарласу үшін ғана істетемін, қымбат емес, хабарласу үшін ғана істетін телефөн, көп қарап кетпеймін, негізінен жатаққа қойып қоямын, сабақханаға апарып көрмедім, сабақтан қайтып жатаққа барып, үймен хабарласатын сәтте ғана ашамын, негізі менде телефөн көретін уақыт жоқ, мектепте де белгілеме бар, бірәқ ішінәрә оқушыларда сабақ уағында телефөнғә қарау, орынды пайдаланбау жәйттері аз емес, телефөнді орынды пайдалану қәжет, мен қымбат телефөн аламын деп үйдегілерге салмақ салып көрмедім, шешем: енді жоғары мектепке түсесің, жақсы телефөн ал, − дейді, әлі де алмадым, енді алатын шығармын.
Тілші: мектепте оқып жүрген шағыңда тұрмыста есіңнен кетпестей қиналған сәттерің болды ма?
Ерен: Оқып жүрген шақтарымда тұрмыста қатты қиналған сәттерім жоқ десем болмас, орта мектеп 1 жылдығын оқып жатқан кезімде шешем Шаңхайға білім толықтауға кетті, әкем төменге түскен, қізметі қарбалас болатын, мемлекет мерекесінің демәлісіндә үйге барсам, үйдің іші сұп-суық сезілді, өзім кір жуып, тамағымды шамама қарай жасап жедім, орта мектептің 1, жылдықтарында жатақта жаттым, жатақ тұрмысына да әрең көндіктім, оқушылық киімдерімді өзім жуып кидім, қыста кейде жуған киімімнің кеппей қалған сәттері де болды, сондай кездерде алдыма ыстық тамақ қойып, кірімді жуып бәйек болатын шешемнің еңбегін еске алушы едім. . .
Тілші: Үйрену нысанасын қалай белгілейсің? үйрену нысанасын белгілеуіңе ата-анаң, ұстаздарың көмектесті ме? әлде өзің дербес белгілеп отырдың ба?
Ерен: Адам нысана, мақсат белгілеуі, сол мақсатын орындау үшін құлшынуы керек, мен кішкентәйімнән өзімнің үйрену нысамды анық белгіледім, «Сөзсіз, жақсы оқып, анамды дүниедегі ең бақытты аналардың бірі болғандай мақтаныш сезіміне бөлеймін, әйгілі жоғары мектептен оқып, ата-анамның үмітін ақтап, отанымыз, халқымыз үшін игілікті істер істеп, жаңалық жаратамын» деп серт еткемін (Ол осы арада телефөн арқылы 2018 жылы мамырдың 30 күні сақтап қойған естелік мәтериялін көрсетті, онда нысана, мақсатына байланысты «Анамды дүниедегі ең бақытты аналардың бірі болғандай мақтаныш сезіміне бөлеймін» деген сөз жазылған еді) .
Тілші: Оқушылардың жақсы мінез, биік мұрат, жоғары нысана орнатуында кейде оқытушылардың бір ауыз сөзі немесе бір реткі сыны, бір реткі шабыттандыруы шешуші рол атқаратын кездер де болады, өзіңде осындай жәйттер болды ма, болса, ашалап айтып берсең.
Ерен: Я, дұрыс айтасыз, кейде оқытушының шабыттандыруы, сындауы оқушының нысана, мақсат белгілеуіне ықпал ететін кездері болады. Бастауыш оқып жүрген кезімде мәтемәтикә сабағынан нәтижем көрнекті болғандықтан оқытушымның көрсетуімен торда тізімделіп мәтемәтикә жарысына қатынасып, ауызша есептеуде 1 дәрежелі сыйлық алдым, орталау оқып жүрген кезімде химия, физикә сабақтарынан жүлделі болдым, ал орта мектептің 1 жылдығына барған кезімде тез кләстә оқыдым. Мен допқа өте қызығам, сәбәқтәстәрмен доп ойнап 2 рет кешкі пысықтауға 5 минут кешігіп кіргендіктен кләс жетекшіміз сындап, ертесі жай кләсқә алмастырып жіберді, бұны естіген шешем қатты абыржыды, мен: «Шеше, абыржымаңыз, мұғалым алдыдағы айлық емтихәннән нәтижең алдыда болса, қайта келесің деді» деім, екі апта жай кләстә оқып, алынған айлық емтихәннән жылдықтар бойынша бірінші дәрежелі болдым, ертесі алдыңғы кләс жетекшіміз келіп: сөмкәңді жинап кләсқә жүр, − деді. Мұғалымның сынының да оқушының ілгерілеуіне қозғаушы күш болатыны сөзсіз, содан қайтып пысықтаудан, сабақтан кешікпедім, басқа кләсқә алмаспадым.
Тілші: Жоғары мектептердің оқушы қабылдау емтихәнінә дайындалу кезінде мүғәлімдерің дайын жаттығу мәтериялдәрінә ғана сүйене ме, әлде өздері жәсәмпәздіқпен сұрау шығарып, жаттықтыра ма?
Ерен: Орта мектептің 3 жылдығы ең жапалы жыл, оқытушлар да, оқушылар да қиналатын мезгіл. Біздің сабақ оқытушыларымыздың көбі автономиялы район дәрежелі үздік оқытушылар, бүгінгі нәтижемді ұстаздарымның еңбегінен бөле қарамаймын, олар әр түрлі жаттығу, еліктеме емтихән сұрауларын пайдаланады, 1 айдан бастап негізінен үйренген білімді бекемдейміз, апта сайын әр түрлі еліктеме сұрау, жаттығу сұрауларын істейміз, осы арқылы жоғары мектепке оқушы қабылдау емтихәніндә қалай жауап жазуды, уақыттан қалай ұтымды пайдалана білуді игереміз, оқытушыларымыз бұдан сырт таяу 2-3 жылдан бері алынған жоғары мектеп емтихән сұрауларынан пайдаланады әрі осы сұрауларды түсіндіру барысында әр түрлі фөрмәмен, әр түрлі әдіспен жауап жазу, жауап беру әдістерін үйретеді.
Тілші: Баланың үйрену нәтижесінің жақсы болуы немесе жақсы үйрену әдетін жетілдіруі барысында қайсы фәктөр ең маңызды деп білесің, мысалы, ата-ана ма, оқытушы ма, әлде баланың өзі ме дегендей?
Ерен: Баланың жақсы үйрену әдетін қалыптастыруы, жақсы нәтиже жаратуы үшін, ең бастысы баланың өзінде қиыншылыққа төзетін берік жігер, айқын нысана, сол нысананы орындау жолындағы үлкен құлшынсы болуы керек деп ойлаймын. Сондай-ақ ата-ана қолдап, баласының алаңсыз оқуына шарт-жағдай әзірлеуі керек, мысалы, мен Құлжа қаласында оқыған 3 жылда сыртқа шығатын уақытым болмағандықтан киім-кешегімді, тұрмыстық бұйымдарды базар аралап алып көрмедім, барлығын шешем дайындап әкеп отырады, Әрқандай кітәп, оқу мәтериялін сатып алам, пысықтау кләсінә кірем десем, ата-анам қаражатымды уағында төлеп отырады, сондықтан мен бар зейін-зердемді оқуға жұмсадым. Қысқы, жазғы демәлістәрдә үйге барып тапсырмаларымды жазып отырсам, шешем қізметтен шаршап келсе де, асымды әзірлеп алдыма қояды. Орта мектептің 3 жылдығында жатақтағы баланың көптігі сабақ қарауыма ықпалын тійгізе ме деп алаңдаған шешем тағы бір сабақтасымның әке-шешесімен ақылдасып мектеп маңынан екеуімізге бір үйді майға алып берді, мектепке жақын болғандықтан қаражаты да қомақты еді, солай болса да, шешем: «Балам, емтихән беретін жылың, моншасы дайын, кіріңді жуғаныңа, дем алғаныңа қолайлы, уақытым болса өзім келіп бір шыны ыстық шайыңды дайындап беремін» деп, осы бекімге келді. Расында уақыты бола қалса, жұма күні кеште нан, сүт, шұбат, қымызын алып сағат 11, 12 лерде сонау Күнестен жетіп келетін. Мұндайда шешеме қарап: «Шеше, мұныңыз не? өзіңіз де қізметтен шаршап жүрсіз, машинадан беріп жіберсеңіз де болады ғой, неге әуре болдыңыз, демәлсәңіз болмай ма» деп, іштей шешемді аяп кететінмін. Демек, көкірегі ояу, ұрпақ деп жар құлағы жастыққа тіймеген ата-анамның қолдауы маған зор шабыт берді. Сөнімен бірге, алдыңғы қатардағы мектепте үздік оқытушылардан білім алудың да маңызы зор. Ата-ана, мектеп және баланың өзі сәйкессе, сөзсіз, жақсы нәтиже шығады.
Тілші: Ағылшын тілінен 141 нөмір алдың, өте жақсы нәтиже, ағылшын тілін үйренудегі әдістерің қалай болды?
Ерен: Ағылшын тілі сабағы да мен үшін оңай сабақ сезіледі, ағылшын тілі нәтижем байқау емтихәндәріндә 145 тен түсіп көрмеді, осы рет 141 нөмір алдым. Мен бастауыштан тартып ағылшын тілін қызығып оқыдым, бастауыштың 3 жылдығынан бастап бастауышты бітіргенге дейін 3 жыл аудан орталығында ашылған Болин ағылшын тіліне тәрбиелеу орнының курсінә қатынастым, кейде сенбі, жексенбі демәліс күндерімде де күніне 2 сағаттан курсқә барып тұрдым, осы тәрбиелеу орнындағы жарыстарға қатынасып жүлделі болдым, шешем ағылшын тілін естіп жаттығу құралдарын алып берді, кештерде тыңдап әрі ілесіп айтып жаттығатынмын, онан сырт телевизөрдән ағылшын тілінде кинө көріп, музікә, хабар тыңдаймын.
Тілші: «Ой дауа» текшесінде жарияланған Ыбырай Жұмақадыр ұлының шешеңмен сұхпатында сыйлық ұстап, алқа асынып, шешеңмен бірге бәскетбөл алаңында түскен суретің оқырманды баурайды екен, денетәрбиеге, әсіресе, бәскетбөлғә қанша жасыңнан бастап әуестендің? үйрену мен шынығу уақытын қалай орналастырдың?
Ерен: Менің сабақтан сыртқы ең қызығатыным бәскетбөл ойнау, әке-шешем бастауыш оқыған кезімде бір реткі жаздық демәлістә: «Ұл бала өзін қорғауды үйренуі керек» деп тәеквөндө курсісінә қатынастырған, кейін Күнесте орта мектептің денетәрбие оқытушылары Бетәй, Тілеужән мүғәлімдер ашқан доп курстәрінә қатынастым, орталау оқыған кезімде 6 орта мектептің денетәрбие мұғалымы осы жақтағы артықшылығымды байқап, жетектеді, талай рет сәбәқтәстәріммен бірге аудан, облыс көлеміндегі бәскетбөл жарыстарына қатынастырды әрі жүлделі болып отырдық. Сабақтан сыртқы уақыттарымда көбінесе бірер сағат доп ойнап шаршауымды басамын. 3 орта мектепке келгеннен кейін денетәрбие мүғәлімімнің жетекшілігінде сан рет қала, облыс көлеміндегі жарыстарға қатынастым, автономиялы районда өткізілген доп жарыстарына да қатынастым, бұл − менің сабақтан сыртқы ең жақсы көретін кәсібім. Шешем: «Биыл емтихән бересің, допты көп ойнап уақытыңды ысырап етпе» деп алаңдады, бірәқ мен сабағымды басты орынға, қызығуымды екінші орынға қойып келдім, кләс жетекшім де көп қолдады.
Тілші: Мектептерімізге оқушыларды ахылақ, ақыл-ой, дене, эстетикә, еңбек жақтарынан жан-жақты жетілдіру міндеті жүктелген, сабақты үздік оқып, денетәрбиеден де белгілі нәтижеге қол жеткізіп келеді екенсің, басқа жақтардан қандай әуестерің бар?
Ерен: Әке-шешем: «Жігіт адам сегіз қырлы, бір сырлы болуы керек» деп көп айтады. Отбасы тәрбиесінің ықпалы болар, бастауыштың 4 жылдығында оқып жүрген кезімде домбыра, гитәрә курстәрінә қатынастым әрі қобыз үйрендім, әсіресе ырхуды (қытай ұлытының қобызы) жақсы тартатынмын, Сабақханада өткізілетін мерекелік қимылдарда қаражорға, әтнөшкә билейтінмін, одан сырт сурет салуға қызығамын, бастауыш оқыған кезімде сызған талай суретім Сабақхана қабырғасына ілінген, сурет курстәрінә да қатынасатынмын.
Тілші: Бастан-аяқ ортақ тілдегі кләстә (мектеп) оқыпсың, өқушіләрмен ынтымағың қалай болды?
Ерен: Көптеген қытай достарым болды, қытай сәбәқтәстәріммен шығысымды өттім, сабақтастарым айттарда үйімізге айттап келетін. Орта мектепте майға алған үйде бірге жатқан қытай сабақтасым екеуіміз бір үйлі жандай тату болдық. Орта мектептің 2 жылдығында «Үште жақсы оқушы», сөнімен қоса «Ұлттар ынтымағындағы озат жеке» болып сыйландым. Жоғары мектеп емтихәнінә аз уақыт қалған кезде көзім ауырды, әке-шешем қізметінен босап келе алмады. Мүғәлімім шипаханаға жалғыз барып емделсең болмайды деп, бір қытай сабақтасымның әке-шешесі емделуіме 3-4 күн қарайласты, бірге жатқан сабақтасым еліктеме емтихән сұрауларын әкеліп көмектесті.
Тілші: Қәзірге дейін қай-қайсы жоғары мектептерден, қандай кәсіптерден шақырту келді? Қайсы мектепті, қай кәсіпті таңдадың?
Ерен: Қәзірге дейін Бейжиң университеті мен Цинхуа университеті хабарласты, олар медитсинә, электрөн-көмпьютер, заң, инженерия, жаратылыстық ғылымдар тәжірибесі кәсіптерін таңдауға көрсетіпті, екеуі де еліміздегі ең әйгілі университеттер. Өзім Цинхуа университетінің құрылыс кәсібін таңдадым, шешем де талғамыма қүрмет етті.
Тілші: Ой, бәрекелді, әңгімеміз ұзақтау болып кетсе де, жақсы сәйкестің, сөз соңында ата-ана, ұстаздарыңа, арттан ерген іні-қарындастарыңа қандай лебіз білдіресің?
Ерен: Сөзімнің соңында арттан ерген іні, қарындастарыма айтарым, «Білім алу инемен құдық қазғандай», бұл жолда қәжірліліқпен үйрену, жалқау болмау, кездескен қиыншылыққа мойымау керек, білім түпсіз теңіз сияқты, шын берілсең, баурап алады. Осындай жақсы нәтижеге қол жеткізуіме дем берген Құлжа қалалық 3 орта мектептегі сабақ мүғәлімдеріме, 3 жыл бойы тәрбиелеген кләс жетекшіме, алаңсыз оқуыма шарт-жағдай жаратып берген ата-анама көптен-көп рәқімет айтамын.

Автордың электрөнді хат сандығы:
251060115@qq.com
қосымша жүктелген суреттері:











كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2354

Пікірлер:


Жолаушы: #3724، Уақыты: 16:30 - 2020/08/13

Аман болсын, бауырымыз ...


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер