Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com




Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:11 - 2020/05/21

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2348
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2348

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=2348

Мақала жолдаушы: ЗАЙДЫН ОРАЗАҚЫН
Мақала апторы: Зайдын оразақын ұлы
Аптордың мекен-жайі: Алматы қаласы наурызбай ауданы

Қазақтың ыдыстары

зайдын оразақын ұлы

қазақтың шебер ұлы ағасы нар ,
« астау » мен бір қой жеитін шамасы бар .
« жан торсық » байлап алып қанжығаға ,
айғыр мініп жортады ала шұбар .

күміс білек , алтын қол анасы бар .
« піспек » гінің мойнында сымбардай тал .
қайыңның қабығына ыстап алған ,
сар қымыз сарқылмайтын « сабасы » бар .

« бұлқыншақ , мес пен шанақ , торсық , тұлып , »
былқылдайды атқа артсаң жерді сызып .
керегеде ілулі қашан барсаң ,
шөлдеп келсең кетеді көзің күліп .

« шанашы » тұз сақтайтын тері қапшық ,
« бөрдекте » тұрады ылғи қымыз ашып .
« сүйретпеге » сақтайды қазақ сусын ,
« самар » мен ет жегені адал кәсіп .

құдықтан су тартады « қауға » менен ,
дарқан халық қазағым таудағы ерен .
бие сауса арнаулы ыдысы бар ,
« шелек » және шүмекті « көнек » деген .

су құятын тері ыдыс « түйе мойнақ » ,
« кеспекке » іркіт сақтап түмен қой бақ .
жәйләуғә тұра қашқым кеп тұрады ,
айранды аңсағанда « күбіні » ойлап .

қазақ үлкен табақты « керсен » деген ,
қонағына кәделі ас берсем деген .
тезек жағып « табаға » шоқ қоздатып ,
апам құқсап бір терлеп көрсем деп ем .

қазақ білген мұрасын қазына деп ,
аталған таяз табақ « зағыма » деп .
« кесе қаптай » тапқырлық болмағанда ,
ыдыс – аяқ көшкенде шағылар ед .

батырлар қымыз тартқан « шара » менен ,
тұтқалы сусын ыдыс « сарқым » деген .
« саптаяқты » жасаған атам қазақ ,
шеттерінен ұстаған өткір беген .

қақпағы бар шараны « зерен » деиді ,
балалар « тостаған » деп елеңдеиді .
шайлық сұтты құямыз « топатай » ға ,
« тегене , тегеш » тектес жер иемдеиді .

көшкенде ыдыс салса « аяқ қапқа » ,
« шылапшын » қол жууға аяқ жақта .
үлкенге іззет етіп су құятын ,
үйіңде « дәрет шәугім , құман » сақта .

« қасық , ожау , бақыраш , шөміштері , »
шұңғыл қазан « шөген » де көріскені .
« самауырын » сарқылдап қайнағанда ,
« шәйнектің » де маңызды бөліскені .

« кереңке » сұт құятын құмырасы ,
« бүйен , қарын » халқымның бұл мұрасы .
аналарым « жуаз » ға шайқаған май ,
қазақтың дертке шипа ғұмыр асы .

« күзе » деген су құйған шағын ыдыс ,
« құтысы » сусын ішкен лағыл ыдыс .
қазағым сынық аяқ ұстамайды ,
тауда жұрып қылмаған тағы бір іс .
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=2348

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер