Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19306206150 %50 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 18:46 - 2017/01/16

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1690
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1690

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1690

Мақала жолдаушы: Almasbek
Мақала апторы: Арай мұқят қызы
Аптордың мекен-жайі:

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


http://abai.kz/post/view?id=10483

12.12.2016 жыл, дүйсенбіде өтетін мәдени шара жобасы:



Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У!




Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ (Көкбөрі) «ЗОБАЛАҢ» дастаны 30 жылдан соң тұңғыш рет сахнаға қойылмақ!


12.12.2016ж. сағат 11.30-да Алматы қаласы Жетісу ауданы №87- жалпы білім беретін метепте мектеп директөрі, «Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі» иегері – Ләззәт Шәймүрәтқізі Шәйкенөвә,

ұйымдастырушы мүғәлім, «Үздік педәгөг» төсбелгісінің иегері - Нүргүл Сағымжанқызы Қәнәйбекөвә,


шығармашыл ұстаз - Зәмзәгүл Асанқызы Жәниевә,


ұйымдастыру оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі - Ербол Үсенүлі Ыльясовтар

үйімдәстіруімен Қазақстан Республикәсі Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған «Татулық пен теңдік жарастығы» атты гәлә-көнцерт болады.


Осы салтанатта ақын, публицист, қоғам қәйрәткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері – Жұмаш Кенебәй (Көкбөрінің) 1986 жылғы әйгілі Желтөқсән қәсіретіне арналған «Зобалаң» атты тарихи дастанының сахналық нұсқасы арада 30 жыл өткеннен кейін тұңғыш рет жұртшылық назарына ұсынылмақшы.


Аталмыш мектеп ұжымы мен авторды, мектеп оқушыларын және режиссерді бұл еңбектері үшін алдын ала құттықтаймыз!


Бұл шарада № 87- мектептің 11 «а» және 11 «ә» сынып оқушылары:

Нәзерке Әсетөвә, Дияс Уәгәп, Арайлым Саятқызы Айгерім Тойболды, Бекжән Орынғазин, Дина Ержанқызы, Гүлбәну Бәзәрбәевә, Индира Джексенбинөвә, Әлия Төқмүхәмедөвә, Дидар Нұртасов, Айбек Сұлтанов, Ұлбала Нүрбек, Фарух Хұсайынов, Әділет Сүлтәнғәлиев өнер көрсетпек.


Жұмаш Кенебәйдің «Зобалаң» дастанын сахналаған режиссер, кинөтәнуші ғалым, прөфессөр - Шәяхмет Имашұлы.


Бұл арада баса назар аударатын бір мәселе - №87-жалпы білім беретін мектепте бүгінде 20 ұлттың өкілі оқитын болып шықты.



Салтанат өтетін мекен-жай:


«Дөрөжник» ықшам ауданы, 43 «а»,
Байланыс телефөндәрі: 290- 43-41, 298-84-15.

Келем деуші БАҚ өкілдеріне, ниеттес қонақтарға мектеп есігі ашық.




Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
09.12.2016 жыл.


Барша Қазақты!


Қазақ Елі Тәуелсіздігі Күнімен құттықтаймын!


Әрі Желтөқсән қәсіреті күніне тағзым етемін!


16-желтөқсән – Қазақ Елінің тәуелсіздік күні!


Осы қәсиетті күнмен өзімнің барлық ет жақындарымды, мақсаттас, мұраттас достарымды, аға-бауыр және ардақты ақсақалдарымызды, іні-қарындастарымызды, өзіміздегі және шетелдердегі барша қазақ қауымын шын жүректен құттықтаймын!


Тағдырдың жәзуімен қолымызға өзі келіп қона кеткен Қазақ Елінің Тәуелсіздгі баянды болсын!


Қазақтың толық Тәуелсіздігіне де көп қалған жоқ!


Сол күнге менің қәсиетті ұлтым: «қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» (Абай) аман-есен жетсе екен деп тілеймін, бір жаратушыдан!



Ал, 17-19-желтөқсән – 1986 жылғы әйгілі Желтөқсән қәсіреті күндеріне жатады!


Бұл күндері ұлт қахармандарын, арманда кеткен ұлт боздақтарын: Желтөқсән ерлерін, Қазақ мемлекеттігінің бастауында тұрған барша «Алаш» көсемдерін, ұлт тәуелсіздігі жолында құрбан болған еліміздегі және жат елдердегі қахарман бауырларымызды да еске алып, марқұмдарға құран бағыштап, әруәқтәрғә тағзым етейік!


«Өлі риза болмай, тірі байымайтынын», бір сәтке де естен шығармайық, барша Қазақ қауымы!


Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,


1986 жылғы әйгілі Желтөқсән қәсіретіне бастан-аяқ қатысушы әрі сол өз көзімен көрген ащы шындықты тұңғыш рет «Азат» гәзеті мен «Азаттық» радиосы арқы бүкіл әлемге «Зобалаң» дастаны әтімен жария еткен ақын, журналист, қоғам қәйрәткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының ләуреәті,
09.12.2016 жыл.



Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі)


АРУЛАРЫМ – НАМЫСЫМ!..



Ұлттың салған ұраны,
Көкте самғар қыраны,
«Тәуелсіздік!»-дегенде,
Көз алдымда тұрады:


Мөлдір бұлақ таза-ақ бір,
Шындығында ғажап бұл!
Ақылына көркі сай,
Арулары Қазақтың!


Оқ аруға дари ма?
Көркі жүрек қари ма?
Арғы бабам Сақтарда:
Томирис пен Зарина...


Ерлік еткен Елі үшін,
Ерлік еткен Жері үшін!
Жанын құрбан еткендер,
Сені менен мен үшін!


Жолдар тауып нешелі,
Ақыл берген көшелі,
Бәрін айт та бірін айт,
Желтөқсәндә кешегі,


Арулары Ұлтымның,
Жүрек болып бұлқындың!
Кекке айналып қызыл шоқ,
Алға қарай ұмтылдың!..


Аруларым, ерледің,
Намысыңды бермедің,
Қазақ қызы ерлігін
Өз көзіммен көргемін!



Елемей күн ызғарын,
Елемей жер мұз, қарын,
Желтөқсәндә көк мұзда
Гүлдеген сол қыздарым!


Жүрегімді тыңдаймын,
Ой боп торда тулаймын!
Содан ба екен мен дәйім
Қазақ қызын жырлаймын!


Гүлге бөлеп оңыңды,
Нұрға бөлеп солыңды,
Арулары Қазақтың,
Қай кезде де бол, үлгі!



Жүрек сырын шертеді,
Намыс сені өртеді!
Арулары Қазақтың,
Сендер Ұлттың ертеңі!


Шындық болып шіркін бұл,
Жүрегіме жыр тұндың...
Аруларым, сен, мәңгі,
Ар-намысы Ұлтымның!..



Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
11.12.2016 жыл.




Ж. КӨКБӨРІНІҢ "ЗОБАЛАҢ" ДАСТАНЫ ТУРАЛЫ АЙРЫҚША ПІКІР!



"...Жұмаш Көкбөрінің (Кенебәй) «Зобалаң» дастанының алғашқы шумақтары жазыла бастағаннан жатқа білемін. Бұл жан айқайы. Диктөрғә тән үнімен ақын өзі дауыстап оқыған сәтте, қолқа-жүрегіңізді біреу суық қәнжәрмен осып-осып өткендей болады. Тән түршігіп, жон арқаңыз шымырлайды. Күні бүгін солай. Желтөқсәнғә байланысты «Зобалаңға» астар боларлық туынды әлі туған жоқ..."


(Қиял Сабдалин. "Темір шымылдық. Желтөқсән және Азаттық" атты мақаласынан)


12.12.2016 жыл, дүйсенбі

Жұмаш Көкбөрі
«ҰМАЙ АНА», «ЖІГІТТЕР» топтамасынан үш жыр:


1.КІМ БҰЙЫҒЫ?..



Тағы да түн... Тағы да ойлар қамайды,
Жалғыз жанды аш иттердей талайды.
Қаншама ойдың ушығына жете алмай,
Арып, ашып, өзек талып, қарайды...


Қоя алмаймын, қанша өзіме: «қой!» десем,
Халқым қайда, тонын берер «той» десең?
Қазағымды аш иттерден талаған,
Қалай, қәйтіп, құтқарсам деп ой кешем...


Жалғыз мен бе, ой-омбысын кешетін,
Жалғыз мен бе, жұрт тағдырын шешетін?,
Күн-түн боран - Сары Арқамның төсінде,
«Ат құлағы көрінбейді» десетін...



Не жағдайда Ұлы Далам қиыры?
Сол күйінде қазағымның тұйығы.
Алматыда жайма-шуақ, ал, бірәқ,
Қайран халқым күн кеше ме бұйығы?..



Жұмаш Көкбөрі,
12.12.2016 жыл.


2.ҰМАЙ АНА
және
ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ!



Көк байрақтай көк түсті еді көгіміз,
Бек сияқты болушы еді Бегіміз!..
Білге қаған, Күлтегіндер кешегі
Көк Түріктен, біздің асыл тегіміз!


Ұмай Ана - Күлтегіннің анасы,
Ұмай Ана - Білге қаған анасы,

Ұмай Ана - тектілікті бұлағы,
Ұмай Ана - даналардың данасы!



Қаған болған Білгедейін тұңғышы,
Ұрпағы үшін қәсиетті бұл кісі!
Ұлы Дала аруының ғажайып,
Ұмай Ана - дер ем нағыз үлгісі!


Ұрпақ қамы, Ұмай Ана санасы,
Не ұлылық, саның жетпес, санашы?
Ұлт намысын, ел намысын сатпаған,
Қазақ қызы, Текті АНАҢА, қарашы?!.



Жұмаш Көкбөрі,
12.12.2016 жыл.


3.НАҒЫЗ ҚАЗАҚ ЖІГІТІ!




Кім батырған қайықты?
Кім ынжыққа лайықты?
Жігіттері Қазақтың
Жігіт болса лайықты!



Бауырларын қолдайды,
Қарындасын қорғайды,
Ең бірінші, жігіттер,
Ата-анасын қорғайды!



Болсын лайық жар қайдан,
Өзің сүйген жанды айнал!
Қазақ қызын алып шық,
Қандай қиын жағдайдан!..



Қай шайқаста ерлеген,
Қай айқаста өрлеген!
Нағыз Қазақ жігіті,
Ұлт намысын бермеген!



Кір түсірмей арына,
Дақ түсірмей жанына,
Ар-намысын Қазақтың
Таптатпаған жауына!..



Кешігуді айып көр,
Ең мықтысы, байыпты Ер!
Жігіттері Қазақтың,
Өз атыңа лайық бол!..



Жұмаш Көкбөрі,
12.12.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:


كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1690

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер