Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-23481202743 %57 %
2019-06-24558186252 %48 %
2019-06-25370111453 %47 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 00:56 - 2016/12/09

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1685
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1685

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1685

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


09.12.2016жыл.
Жұма:

ЖҰМА, МҮБӘРАК БОЛСЫН!


Өзіміздің мұсылман дініміз де аса мейірімді де қәсиетті саналатын Жұма күні де келіп жетіпті, қалың жамағат. Осы күндеріңіз жандарыңызға жақсылық сыйласын!
Жұма, мүбәрәк болсын, «қалың елім, Қазағым!..»

Жұмаш Кенебәй,
09.12.2016 жыл,
Жұма.


Жұмаш Кенебәй




БҮГІНГІ ТАҢНЫҢ ҚАЗАҒЫ..





Жүру емес, ала-шапқын босқа бұл,
Болсаң жақсы, тек жақсылық қосқаның.
Саналады көп Қазақтың негізі:
Ауыл-аймақ, туыс-жегжәт, дос-бауыр.



Ал, бұлардан ажыраған адамды,
Негізінен жандар дер ем қараңғы.
Дінін, тілін жоғалтқаны қаптаған
Қалай деуге болар мынау заманды?



Ауыл қайда? Және де онда кім қалды?
Бұны айтып ем, неге көзің мұңданды?
Бола ма өзі жатқызуға Қазаққа
Анау кілең «шүлдір-тексіз» құлдарды?



Шыққан бар ма, біреуі озып қатардан,
Кім айтады, қайсы қазақ «қаҺарман»?
Бүгін таңда біздің қазақ негізі:
«Қала қазақ»», «дала қазақ» атанған.


Күндер батып, таңдар талай атады,
Біз елміз бе дүркіреген атағы?
Арқадағы «мейірімді қаламыз»
Қай қазақтың отанына жатады?..


Жұмаш Кенебәй,
09.12.2016 жыл.



ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ, ҚАЗАҒЫМ!



Тағы да бір таң атты,
Ұлы Дала төсінде.
Кімнен, нелер тарапты,
Бәрі де Ұлттың есінде...


Кедей, яки, бай кезде де,
Бірін-бірі сатпаған.
Біздің Қазақ, қай кезде де,
Жеті атасын сақтаған.



Иесіміз жоқ кілттің,
Өткен күннен толы аңыз.
Міне, осындай текті Ұлттың,
Біз ұрпағы боламыз.



Қайырлы таң, бір көрем,
Қайырлы таң, Қазағым!
Әр таң сайын жірменен
Тарихыңды жазамын...



Жұмаш Кенебәй,
09.12.2016 жыл.



Ұстаздарымызды, дәрігерлерімізді
қүрметтемей, Ұлт болып қалуымыз екі талай!..




Түркиянің тұңғыш әрі рефөрмәтөр президенті Мұстафа Кемәл Атәтүрік,өткен ғасырдың басында өзі президенттік таққа отыра салып, екі жарлыққа қол қойыпты:


біріншісі, Түрік ұлтының болашағын қалыптастыруда өлшеусіз еңбек ететін Ұстаздарға,

екіншісі, Түрік Ұлтының денінің саулығына өлшеусіз еңбек ететін дәрігерлерге мемлекеттік деңгейде ерекше қамқорлық жасалып, елдегі айлығы ең жоғарғы аса қүрметті мамандықтарға жатқызылсын!-деген дерек бар.

Ал, тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр болған, Қазақстандағы «үш тілмен» бастарын қатырып қойған ұстаздар мен барлық саладағы адам дәрігерлерлерінің күн көрісі мен еңбек ақысы - биліктегі шенеуніктердің көлеңкесіне де ілесе алмайтын көрсеткіш екен...


Бұның ұяты мен намысы кімге сонда?..



Жұмаш Кенебәй,
09.12.2016 жыл.



ХАБАРЛАНДЫРУ!


Желтөқсән қахармандарын еске алуға байланысты әзірге маған белгілі болғаны мен қатысатын кездесулер мына уақыттарда өтеді деп жоспарлануда:

12-желтөқсән,

14-желтөқсән,

15-желтөқсән...


Өзгерістер болып жатса қосымша хабарлаймын...


Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
09.12.2016 жыл.


Барша Қазақты!

Қазақ Елі Тәуелсіздігі Күнімен құттықтаймын!
Әрі Желтөқсән қәсіреті күніне тағзым етемін!




16-желтөқсән – Қазақ Елінің тәуелсіздік күні!
Осы қәсиетті күнмен өзімнің барлық ет жақындарымды, мақсаттас, мұраттас достарымды, аға-бауыр және ардақты ақсақалдарымызды, іні-қарындастарымызды, өзіміздегі және шетелдердегі барша қазақ қауымын шын жүректен құттықтаймын!


Тағдырдың жәзуімен қолымызға өзі келіп қона кеткен Қазақ Елінің Тәуелсіздгі баянды болсын!


Қазақтың толық Тәуелсіздігіне де көп қалған жоқ!

Сол күнге менің қәсиетті ұлтым: «қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» (Абай) аман-есен жетсе екен деп тілеймін, бір жаратушыдан!


Ал, 17-19-желтөқсән – 1986 жылғы әйгілі Желтөқсән қәсіреті күндеріне жатады!

Бұл күндері ұлт қахармандарын, арманда кеткен ұлт боздақтарын: Желтөқсән ерлерін, Қазақ мемлекеттігінің бастауында тұрған барша «Алаш» көсемдерін, ұлт тәуелсіздігі жолында құрбан болған еліміздегі және жат елдердегі қахарман бауырларымызды да еске алып, марқұмдарға құран бағыштап, әруәқтәрғә тағзым етейік!

«Өлі риза болмай, тірі байымайтынын», бір сәтке де естен шығармайық, барша Қазақ қауымы!




Жұмаш Кенебәй (Көкбөрі) ,
1986 жылғы әйгілі Желтөқсән қәсіретіне бастан-аяқ қатысушы әрі сол өз көзімен көрген ащы шындықты тұңғыш рет «Азат» гәзеті мен «Азаттық» радиосы арқы бүкіл әлемге «Зобалаң» дастаны әтімен жария еткен ақын, журналист, қоғам қәйрәткері, Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының ләуреәті,
09.12.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1685

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар