Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-181098330835 %65 %
2019-10-19729232138 %62 %
2019-10-20659214137 %63 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 17:00 - 2016/12/06

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1679
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1679

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1679

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


07.12.2016 жыл,
Сәрсенбі

Жұмаш Кенебәй


«АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ» топтамасынан 5 жыр:



1.БІР ТАМШЫ ЖАС КӨРМЕСЕМ ДЕП...



«Қалың елім, Қазағым...» - жырым едің,
Жүректегі ең асыл сырым едің,
Әр күнінен, әр таңнан үміт күткен
Қазақ деген Текті Ұлттың бір ұлы едім.



Төгілердей бір бақыт балағынан,
Шырқау көкте жүр ме ұшып бала қыран?
Сәтте көгім бұлттанып, күн күркірер,
Қазағымның мұң көрсем қабағынан...


Жамандыққа қандай бір сенбесем деп,
Күшім барда, не іске де селбесем деп,
Қайран Ұлттың тілеуін тілеп келем,
Бір тамшы жас көзінен көрмесем деп...


Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй




2.ТЕКТІ ҰЛТЫММЕН САНАСАР...




Жерім тозып, неліктен ел азыпты?
Қайдан алған ана ұры, мол азықты?
Қайран Ұлттың кетеуін кетірердей,
Тексіздерге бұл Қазақ не жазыпты?



Қаңтарулы Қазақтың Көші неден?
Ана малғұн, кім өзі есінеген?
Қорлайтындай соншама біздің Қазақ,
Болып қапты кінәлі несіменен?


Қайран жүрек, басылар бұлқынар да,
Қадамдары тексіздің қырқылар ма?
Бұлар қашан Қазақты адам көріп,
Текті Ұлтіммен санасар күн туар ма?..



Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй




3.АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ...



Үміт құрып, тозбасын,
Және ұзаққа созбасын,
Көп жылаған Ұлтымның,
Көрер Тәңірім көз жасын!



Әсер қосар әсерге,
Таңдар атар әсем де,
Күні туып Қазақтың,
Домалайды тас өрге!



Біздің Қазақ от еді,
Бір-бірінен өтеді.

Онда ана тексіздер,
Қоңыз теріп кетеді...


Күн аймалап сүйеді,
Төбем көкке тиеді!..
Ен байлығы Қазақтың,
Қайта өзіне тиеді.


Ойлама да ондайды,
Енді Қазақ тоңбайды...
Ұры-қары жоғалып,
Әділ заман орнайды!


Ел ырысы толады,
Тек молшылық болады!
Діні, Тілі Қазақтың,
Тұғырына қонады!



Бір жауым жоқ табалар,
Бір жауым жоқ жан алар,
Әлемдегі барлық ұлт,
Қазағымды бағалар!..


Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.



Жұмаш Кенебәй



4.ЖЫЛАМАСЫН, ЕНДІ ҰЛТЫМ!...



...Қайыршылық, жөқтіқпен,
Ұмытылар кек біткен,
Арман болмай бұл күндер,
Болшы Ақиқат, көп күткем!


Бақыт болып байланшы,
Күпті көңіл жайланшы,
Қазағымның арманы,
Ақиқатқа айналшы!



Батыр болсын, батыры,
Ақын болсын, ақыны!
Жыламасын енді Ұлтым,
Ол Бақытқа қақылы!..


Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.




Жұмаш Кенебәй



5.АҚИҚАТ ПА, АҢЫЗ БА?..



Ұлы Қазақ даласы,
Үлкен, кіші, баласы,
Жайраң қаққан қайғысыз,
Жүздеріне қарашы?!.



Көкбөрі ұзақ ұлыпты,
Ауа қандай тұнық-ты!
Тексіз, дінсіз, тілсіздер -
Бірі қалмай құрыпты.


Қыдыр Ата жолықты,
Басқа Бақыт қоныпты!
Біздің Қазақ, алаңсыз,
Күн кешетін болыпты...



Жұмаш Кенебәй,
07.12.2016 жыл.
كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1679

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ең ұзақ әуе рейсін жас 2 min
Елордада жыл соңына дей 2 min
Мбаппе ПСЖ-мен келісімш 12 min
Нұр-Сұлтан қаласы маңын 22 min
Жалғас Жұмағұлов: Жеңіс 22 min
ҚХЛ: «Барыс» көшбасшы к 28 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
БҚО-да өрт орнынан ер а 1 sagt
ҚПЛ: «Тобыл» өз алаңынд 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алматы облысындағы 22,5 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
22 жыл бұрын Елбасы Жар 2 sagt
Орбұлақ шайқасы: Тарихи 2 sagt
Ең ұзақ ұшқан әуе рейсі 3 sagt
Мәскеуде түркі халықтар 3 sagt
Роналдудың Instagram-на 3 sagt
Атырауда Марфуға Айтқож 3 sagt
Британия парламенті сен 3 sagt
Қаржы пирамидасына алда 3 sagt
Әзербайжанда рұқсат еті 3 sagt
Үлкен Алматы көліне эко 3 sagt
Чилиде ереуілдерге байл 3 sagt
Мамандар Наурызым қорығ 3 sagt
Ливанда ереуіл бәсеңсім 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Халифадан ит сұраған ақ 4 sagt
«С.Ғылмани» мешіті Қарт 4 sagt