Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-207417144 %56 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 18:29 - 2016/12/02

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1676
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1676

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1676

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


03.12.2016 жыл
Сенбі


Жұмаш Кенебәй



«ҚИЫН СҰРАҚ» топтамасынан үш жыр:




1.«ЖАҚСЫ» МЕНЕН «ЖАМАН» НЕ?..




Өздерінің кім екенін біле ме,
Арпалыста олар өмір сүре ме?
Бұл пенденің «жақсысы» мен «жаманы»,
Бұл Жалғанда олар қатар жүре ме?



«Жақсысы» деп кімді айтуға болады,
«Жаманы» деп кімді айтуға болады?
Шынын айтсақ, екеуі де пенденің
Бұл Жалғанның қатардағы қонағы.



Сенімсіздік, қайдан, қәйтіп жүр еді,
Не деп соғар екі жақтың жүрегі?
Түсінікті деп қояйық «жақсысын»,
Ал, «жаманын», қалай, қәйтіп біледі?



Болар қандай «жаман жанның» өлшемі?
Болар қандай «жақсы жанның» өлшемі?
Ажыратып, «жақсы» «жаман» арасын,
Өлшеп, пішіп, айта ала ма ел соны?



Шініменен, «жаман» - жанның езі ме?
Кім салады, бұны Уақыт Тезіне?
Айтқәнменен: «ол жаман» деп сыртынан,
Кім айта алар, сол «жаманның» көзіне?..




Жұмаш Кенебәй,
03.12.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй



2.ҚИЫН СҰРАҚ?..




«Тазы боп шал, түлкі болса заманың»,-
Дегендейін өз заңы бар даланың...
«Жолы болғыш» - «жолы ауыр» деп Қазағым,
Бөледі рас, қай тұстың да адамын.



Желкілдеген жайлаудағы жағасы,
«Жолы болғыш» - қай істің де дарасы,
«Жолы болғыш» - қай қырынан алғанда,
Болған, толған жаннан болар шамасы.



Бөліп тұрған сонда қандай тас қамал?
Ғұмырында таппаған ба басқа амал?
«Жолы ауырдың» - түсінікті жолы ауыр,
Адамды айтар, ісі өрге баспаған?




Екі жақтың дәл қайсысы көп еді,
Шамалы ғой, дәл осының керегі...
«Жолы ауырлар» - жағдайының жаманын
Қаншалықты кімнен, неден көреді?



Қиын екен, біліп тұрып білмеу де,
Ерекше рас, бұл Қазақта, бұл кеуде...
Болмайтындай қиын сұрақ бұл өзі,
Бірін - қорлап, енді бірін - күндеуге...



Жұмаш Кенебәй,
03.12.2016 жыл.



Жұмаш Кенебәй




3.«СӨЗІ ҰЗЫН БА, ҚАЗАҚТЫҢ?»




Қарсыласқа есе бере салмаған,
Шешендікте жел күнгі өрттей лаулаған.
Біздің Қазақ, Қазақ болып туғалы,
Қай сөзден де алдына жан салмаған.



Қандай болса, Ұлы Дала кеңдігі,
Шетсіз, шексіз ұлт тілінің ендігі.
Қазақ тілі - әлемдегі көп тілдің
Бай тіліне жататыны белгілі.



...Күннен күнге ұлт жағдайы оңбауда,
Айналып тұр Қазақ тілі болмауға...

Осыншама қәсиетті бай тілді
Мына тексіз құл-құтандар қорлауда.



Орысқұлдар - сезгенімен ел сесін,
Бастырмайды «Ұлтым!» деген Ер төсін!
Қанша қорлап, бәсінғәнмен ол иттер,
Түсіре алмас Қазақ тілі еңсесін.


Қазақ Тілі - жер ортада қалмайды,
Мен сенемін, түбі көкке самғайды!
Бұл шошқалар, «ұзын сөзін Қазақтың»
Өлсе дағы сәл қысқарта алмайды!


Деу оңай ма, тура сөзді «дөп атты»?
Деу оңай ма, қыңыр сөзді «жоқ айтты?»
Бұл «Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын»,
Дегенді Абай, кім біледі неге айтты екен?..




Жұмаш Кенебәй,
03.12.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1676

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер