Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-131401443142 %58 %
2019-12-141793576056 %44 %
2019-12-15598121865 %35 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 22:14 - 2016/12/01

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1673
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1673

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1673

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш Көкбөрі
Аптордың мекен-жайі: Қазақстан. Алматы қаласы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


01.02. - 11.2016 жыл

Жазғандарымды бір қайталау:



Жұмаш Кенебәй



«ЕРКІН ҰЛТ» топтамасынан үш жыр:




1.БІЗДІҢ ҚАЗАҚ!..



Біздің Қазақ, көкте емес,
Сәл-пәл аздау, жоқ та емес.
Онсыз дағы бұл Қазақ,
Соншалықты көп те емес.


Көп нәрсеге көнеді,
Қадау, қадау, өнеді.
Ең бірінші, Қазаққа
Ауізбірлік керегі.



Тұсау болған асауға,
Кең, жақсылық жасауға.
Ағайын мен туысқа
Бармыз, баймыз қашан да.


Жақсыларын жоқтаған,
Жамандарын соқпаған.
Содан да ма бұл Қазақ,
Тура сөзге тоқтаған.


Жасық емес, ер ұлтпыз,
Сәл аңқаулау, сері ұлтпыз,
Жері қандай кең болса,
Пейілі де кең Ұлтпыз.


«Әттең де...» бар көптеген,
Ойнаған кім өтпенен?
Дархан ұлтты Қазақтай,
Басынбасын деп келем.



Бейне бұлақ, тұнық деп,
Бейне асыл ұрық деп,
Қан жағынан әлемде,
Қазағымдай бір ұлт жоқ!



Мақтан емес, шындық деп!
Сақтап қалар Бірлік тек!
Құл-құтаны есірген,
Осы жағы сұмдық тек!..



Жұмаш Кенебәй,
01.2016 жыл.


2. ҚАЗАҚ ҚАЙТА ГҮЛДЕЙДІ!..




Бұл Қазаққа кім жақын?
Бұл Қазаққа кім жатың?
Көп «әттеген...» бүгінгі
Оңалатын күн жақын.



Ұлт «дүр» етсе, от болар,
Күйдіретін шоқ болар!
Біздің текті Қазақты
Басынғандар жоқ болар.


Тексіз алды ор болар,
Арылмайтын сор болар!
Қазағымның Дін, Тілін,
Қорлағандар қор болар!



Ол не, жанға бататын?
Соншалықты қапа кім?
Киесі бар Қазақтың
Түбі оларды ататын!



Бүршік қайта бүрлейді,
Таң самалы үрлейді.
Құл-құтаннан арылып,
Қазақ қайта гүлдейді!



Ұлт ұрланды, тоналды,
Көш теңселіп, оңалды,
Бір қарғысы Қазақтың,
Жібермейді оларды!


Ұлт көктемі оралар!
Көре алмайтын соны олар,
Ана тексіз құл біткен,
Өзді-өзінен жоғалар...



Жұмаш Кенебәй,
01.11.2016 жыл.




Жұмаш Кенебәй





3. ҰЛТ НАМЫСЫН ДӘЛЕЛДЕ!





Өзіңе-өзің сенсеңші,
Намысты ұлға ерсеңші,
Ал, Қазағым, күттірмей,
«Дүр!..» сілкініп көрсеңші!



Жоқ болады бар қайғы,
От болады, замғайды!
Сен, сілкінсең, құлдардың
Зәре-құты қалмайды!



Сенген қарын, мықынға,
Ана кілең құтырма,
Онсыз дағы тексіздер,
«Тәйт!» де, дайын зытуға!



Ана итінің көзінше,
Езгілесе езін ше...
Момындығын Қазақтың,
Бұлар ұққан өзінше.


Жүрек неге бұлқынды,
Анау неге қылқынды?
Енді Ұлтымның есесін
Қайтаратын күн туды!


Осы жолы үлгерсек,
Көрер таң мен күндер сеп...
«Бұрауда да сұрау бар»
Екендігін бір көрсет!



Менің Текті Қазағым,
Менің отты Қазағым!
Ана кілең құлдарға,
Көрсет тартар азабын!



Мынау тұтас әлемге,
Ірілі, ұсақ бар елге,
Еркін Ұлттың ешқәшән,
Құл болмасын дәлелде!
Атар таңға «Сәлем!» де!!!


Жұмаш Кенебәй,
01.2016 жыл.

Жұмаш Көкбөрі



Н. АЗАРБАЕВ пен Д. ТРАМП НЕ ТУРАЛЫ СӨЙЛЕСТІ?..




Қазақстан президенті Н. Нәзәрбәевтің таяуда ғана сайланған АҚШ президенті Д. Трәмппен телефөн арқылы сөйлескені туралы ақпарат тарады. Ол ақпаратқа қарағанда, Трамп Қазақстан республикәсі халқын тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерей төйімен құттықтаған екен.

Оған рәқмет!


Ал, біздің мемлекет басшысының АҚШ президентінен Ресейге деген жақсы көзқәрәс күтетінін, Укрәйнә жағдайының іреттелуіне АҚШ пен Ресей бірлесе ат салысатынына қатты сенетіні туралы айтылған...

Басқа бір елдің президентінің басқа бір елдің президентінің жағдайын мұндай жоғары дейңгейде ойлаған басшысы адамзат тарихында болды ма, болмады ма, ол жағын өз басым білмедім...


Сондай-ақ, біздің басшымыздың бұл араағйындық ниетіне кім қалай қарар екен? Бұл біздің адам өзімізден гөрі ана көршіміздің жағдайын көп күйіттеп кеткені, дұрыс па өзі?..



Жұмаш Көкбөрі,
01.11.2016 жыл.


02.11.2016 жыл.
Жұмаш Кенебәй



АРМАН ҒАНА ҚАЛА МА?..



Ой кернейді жабыла,
Түн ортасы тағы да,
Ойға аламын мұндайда,
Өткен күнді сағына...


Мақсатым мен мұратым,
Мида кеңес құратын,
Бозбала шақ алаңсыз,
Тек арманнан тұратын.



Ақшатаудың бауыры,
Қоңыртаудың сауыры,
Қалғұтының орманы,
Күннің ыстық жалыны,



Аягөздің бойында,
Игіліктің ойында,
Шалқып әнге салған кез,
Пәленшенің тойында...



Талшыбақтай бұралған,
Көз алдымда гүл арман,
Туындайтын мұндайда
Бір арманнан мың арман...


Тек ғашықтық санада,
Жүрек лаулап жана ма?
Бір күніңнен бір күнің,
Думанды боп бара ма?



Қаратоғай бойында,
Бір досымның тойында,
Жас сұлудың жанары,
Қарақат па, мойыл ма?



Бір сөз күтіп жігіттен,
Сылтау іздеп іліктен,
Мөлдіреген сол жанар,
Қарады ма үмітпен?..



Сан сұрақты шешкенбіз,
Біз алаңсыз өскебіз,
Таусылмастай айлы түн,
Бақытты шақ кешкенбіз...


Сол ұйқысыз таңдар да,
Сол ынтыққан жандар да,
Бүгін соның барлығы,
Арман болып қалған ба?



Көз жіберем далаға,
Ой жіберем қалаға,
Жылдар жылжып өткен соң,
Арман ғана қала ма?..



Жұмаш Кенебәй,
02.11.2016 жыл.



Жұмаш Көкбөрі




НАЗАРБАЕВ пен ПУТИННІҢ АТАМБАЕВҚА НЕГЕ ЖАНДАРЫ АШИ ҚАЛДЫ?



«Қырғыз басшысы сондай-ақ өзіне Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Нәзәрбәевтің "екінші мерзімге қалуға өтініш жасағандарын" да айтты.
– Алайда мен олай жасай алмайтынымды, біздің ел қәзір басқа екенін түсіндірдім. Ел кімді лайықты санаса, соны сайлап алатыны айттым, –деді Алмәзбек Атәмбәев (бұл үзінді www.azattyq.org сайтынан алынды) .

Қырғыз президенті Атәмбәевтің екінші мерзімге қала ма, қалмай ма, бұл екі ағаның не шаруасы барына жұрт таң қалады. Бір жағынан ол жағы айтпаса да түсінікті сияқты. Қырғыз президентінен екі аға өздерінен аумайтын тұлға жасағылары келгенін, көзі қарақты жандардың барлығы да көріп, біліп, тіпті, сезіп отыр.


Бұған жылайсың ба, күлесің бе?..


Қырғыздың екі ағасының бұл жақсы ініге шінімен жандары ашып отыр ма?

Жоқ, бұл ағалардың көксегені мүлдем басқа екенін бүкіл әлем жұртшылығы біліп, көріп отыр...

«Қырғыздың екі ағасының бұл әрекеті қандай жан күйзелтерліктей әрі соншалықты күлкілі әрекет еді дегім келіп, келіп, тағы да келіп тұрды да, әлгі қазақтың «бір елі ауызға екі елі қақпақ» деген қәсиетті сөзі түсе кетіп, қу аузымды қос қолдап жаба қойдым...


Жұмаш Көкбөрі,
02.11.2016 жыл.


«ЕСЕНҒАЛИДЫҢ ЕСІ АУЫСА БАСТАҒАН БА?..»





...Кеше түнде менің атыма тез жариялауымды өтінген тура осындай тәқіріппен бір хабар келіп түсті. Онда айтылған жайларды әлдімен тексеріп, сүзгіден өткізбей болмайтынын сезіп, әзірге жарайяламай отырмын. Бұл хат қайдан, кімнен келді? Бұл қай жақта тұратын Есенғәли, ол кім, не болған байғұсқа? Хабар таратушының аты кім, бұның бәрі әзірге құпия ұсталмақ!


Осында айтылғандар рас болса, БАҚ қа жариялауға тура келеді, өтірік болса, «жабулы қазан, жабулы күйінде қалмақ?..»



Жұмаш Көкбөрі,
02.11.2016 жыл.


Жұмаш Кенебәй

БОЛАТ ӘБІЛЕВ; МАРҚҰМ ЖАРЫ АЙГҮЛДІҢ ҚЫРҚЫН БЕРДІ...




Кеше (01.11.2016 жыл) , Қазақстан тұтастай бірінші президент күнін тойлап жатқан кезде, Алматыдағы «Риц-Палас» дәмхәнәсіндә бір кездегі танымал кәсіпкер, бір кездегі танымал сәясәткер, осыдан қырық күн бұрын жан жары Айгүлін бауыры суық қара жер қойнына берген Болат Әбілев марқұмға арнап ас берді.


Асқа марқұмның ет жақын туыстары, екі қыз, бір ұлы, жақын достары, республикәғә танымал тұлғалар: жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісөв бастаған, Бибігүл Төлегенөвә , т.б. қатысып, құран бағышталып, алуан түрлі естеліктер, ойлар ортаға салынды.

Біз: Балташ Түрсімбәев, Әмірбек Төгісөв, ауыл шаруашылығы ғылымның ғалымы Бәлтәбек және мен бірге барып, марқұмға арнап оқылған дұғаға қатысып, «тие берсін» деген ниетпен бір дастарханнан дәм таттық. Өзіме жақындардан. Қарлығаш келініміз Жақиянова, қарындасымыз Зәуреш Батталованы көзім шалып қалды, бірәқ, жолығып сөйлесе алмадық.


Ас беріліп жатқан «Риц-Палас» - Алматыдағы ең үлкен, іші кең рестөрәндәрғә жатады. Болат Әбілев беріп отырған асқа шәмәмен бес жүзден астам адам келгендей болып көрінді маған.
«Марқұмның жатқан жері жайлы, қәбірі нұрлы, топырағы торқа болсын!» деген ниетпен аттандық бұл астан...




Жұмаш Кенебәй,
02.11.2016 жыл.
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1673

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер