Еларна қолфон нұсқасына ену

Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-082839893064 %36 %



Түрі: Ел-арна газеті, бұл арадан барлық мақалаларын оқисыз

Жолданған уақыты: 04:41 - 2016/11/30

Қосымша қайнары:http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1670
Тоте жазу нұсқасы:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1670

توتە جازۋ نۇسقاسى:http://www.elarna.net/oku.php?tur=11&id=1670

Мақала жолдаушы: Жұмаш Кенебәй
Мақала апторы: Жұмаш кенебәй
Аптордың мекен-жайі: Алматы

: PDF Download - Жұктеұ - Скачать - ءتۇسىرۋ


30.11.2016 жыл.


Жұмаш Көкбөрі



НКВД ЗАРДАБЫ ТАЛАЙДЫҢ ҚОЯСЫН АШТЫ, ӘЛІ ДЕ АШАТЫН БОЛАДЫ!





Біздегі орысқұл, тексіз, дінсіз, тілсіз биліктің бітетін, су түбіне кететін күні таяп келеді!..
Бұлар ең әлдімен өздері құдайдай табынған, қәзір өз бәстәрімен қайғы Ресейге, орыс халқына су тегінге берсе де, керегі жоқ!
Бұрынғы кеңес империясі кезіндегідей, құлдықтан енді шыққан республикәләрдә билікті білдіртпей басып алған кешегі НКВД жендеттерінің, бәскесерлерінің ұрпақтары, кейде өздері, міне, ширек ғасыр болды, туған ұлтының төбесіне шығып алып, тайраңдады дерсің!
«Бұраудың да сұрауы болатынын» таяуда ғана Ресейде жарияланған НКВД жендеттерінің қара тізімінің ішінде біздің қазақ сатқындарының да үлес салмағы кәдімгідей болып шықты...
Ал, бүгінгі билік басындағылардың кешегі бөльшевиктер мен, көммунистердің есіңізге алсаңыз, олардың тікелей НКВД жендеттері немесе олардың жансыздары болған кешгі құл-құтандардың пәленінші ұрпағы екенін ойласаңыз, төбе шәшіңіз тік тұрады!
Бұдан ең әлдімен адамзатқа, адам баласына жасалған кез келген қастықтың, қастандықтың, жауыздықтың, сатқындықтың, қылмыс атаулының, түбінде ашылатынын көруге болады...
Шындап тұрып, ойланатын уақыт жеткен сияқты, құл-құтандар немесе солардың құл ұрпақтары?..




Жұмаш Көкбөрі,
30.11.2016 жыл.

Жұмаш Көкбөрі



ТАҚ ДЕГЕНІҢ СОНШАЛЫҚТЫ ТӘТТІ НӘРСЕ МЕ, ӨЗІ?..





Оңтүстік Көреянің тарихындағы тұңғыш әйел президенті Пәк Кын Хені орнынан кетіру үшін Көрей халқының сандаған миллионы көшеге сыймай, теңселіп кетті. Бұл әлдімен көрей халқының санасының құлдықтан арылғанының айғағы болса керек. Сол көрей халқының біздегі өкілдері бүгіндегі біздің орысқұл биліктің жандайшаптары, соның арқасында шексіз байып, ойларына келгенін істеп жатқандары, көз алдыңа келгенде амалсыз ойға қалады екенсің...
Әрине, біздегі келімсектерді есіртіп, қазақтың басына шығарып жібергендердің кімдер екенін біз жақсы білеміз.
Сонда жер бетінде үш түрлі кәрістер болып тұр ғой, біріншісі, Оңтүстік Көреядә, екіншісі, қызыл көммунист Сөлтүстік Көреядә және бұрынғы Кеңес империясіндәғі мемлекеттерде тұрып жатқандар болып.
Әңгіменің ашығын айту керек, тағдырдың жәзуімен бір ұлттың осындай үш өлшемге бөлініп, өмір кешуі, олардың қәйбір жетіскенінің белгісі дейсің? Бұл, ұлттық қәсірет!
...Ал, ана Оңтүстік Көреянің президентінің тағына тас кенеше жабысып алып, одан айрылғысы келмеуін қалай түсінуге болады?
Ең бірінші, тақ дегеннің қандай қымбат, бағалы екенін көрсетсе, екінші, оған отырған адамның қаншалықты текті тұқымнан екенін көрсететін бәрөметр болса керек.
Шынында да сол ТАҚ дегенің, соншалықты тәтті нәрсе ме өзі?
Ал, бізде ше?..




Жұмаш Көкбөрі,
30.11.2016 жыл.



https://www.facebook.com/zhumash.kenebay/posts/1123814747738059#





30.11.2016 жыл.
Күн сәрсенбі:






Жұмаш Кенебәй





«ЗАПЫРАН ОЙЛАР» топтамасынан 5 жыр:







1.ОЙ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕ ЖОҚ...






...Уақыт зырлап өткен бе?
Келмес жаққа кеткен бе?
Бұл апта да, мінеки,
Ортасына жеткен бе?





Миың қайда барады,
Ізің қайда қалады?
Міне, осылай бұл ғұмыр,
Өтіп қайда барады?





Кімнің жолы құлама,
Оны ешкімнен сұра ма?
Тұтас бір ұлт дәуірі,
Жекелерден тұра ма?





Ұл, ұлты үшін туа ма,
Қыз, ұлты үшін туа ма?
Сол ұлтымның әр таңы,
Тек Үміттен тұра ма?





Бұлақ, бастан тұнған ба?
Құлақ бар ма тыңдарға?
Қазағымдай ұлтымның
Бағы ашылар күн бар ма?..




Қай ұлт, неден сорлайды,
Көрген көп пе ондайды?
Жер бетінде бір ұлттан,
Бір ұлт артық болмайды...





Бір сәт, босқа өтпейді,
Тағы бір ой көктейді.
Міне, осындай сұрақтар,
Күн, түн, бастан кетпейді.





Ойләрменен алысам,
Ойләрменен жарысам,
Біріменен - хоштассам,
Біріменен - табысам.





Кім бар, терең бойлардай?
Маңырайды ой - қойлардай...
Қазақтың да арманы
Таусылмайтын ойлардай...





Ойлар, ойлар... неткен көп,
Ой-өзенде өткел көп...
Ал, шындығы, Жалғанда
Ой түбіне жеткен жоқ...





Жұмаш Кенебәй,
30.11.2016 жыл.








Жұмаш Кенебәй






2.МОМЫН ҰЛТ, КІМ?..





Қорлап жатса, үндемес,
Зорлап жатса, үндемес,
Қинаса да езгілеп,
Ашуланбас, тілдемес.




Бұл не үнсіздік, масқара?
Неге момын басқаға?
Дінін, тілін кірмелер
Мазақ етіп жатса да,





Қорқынышы аралас,
Неден ұлтым шала мас?
Кілең ұры-қарылар,
Тонаса да қарамас...




Ісі көп пе мұңайтар,
Сөзі көп пе бір айтар?
Біздің Қазақ, соншалық,
Момын ұлт па, кім айтар?..





Жұмаш Кенебәй,
30.11.2016 жыл.





Жұмаш Кенебәй





3.ҰЛТ ЕРТЕҢІН КІМ ОЙЛАР?..




Індет келіп далама,
Індет кіріп қалама,
Жас, кәрісі Қазақтың
Құлға айналып бара ма?



Бірікпейтін бастары,
Досынан көп қастары.
Алжып жатса, кәрісі,
Жынданған ба, жастары?




Жатқандай ма, жайрап кеп,
Дәрменсіздік байлап тек...
Үлкенінде - дәрмен жоқ,
Жастарында - қайрат жоқ.





Менің жаным, жаралы,
Менің жаным, қаралы,
Сонша неге бұл Қазақ,
Азып, тозып, барады?





Іш қазандай қайнайды,
Кім намысты қайрайды?
Қу жоқшылық, Қазақтың
Қолын неге байлайды?





Айтқанды кім ұғады,
Кімнен қорқып, бұғады?
Тығырықтан осы бір,
Ұлтым қашан шығады?




Деп шірен бе: «мұнай бар»,
Деп шірен бе: «құдай бар»,
Айтар болсам, ашығын:
Ұлт ертеңін кім ойлар?..





Жұмаш Кенебәй,
30.11.2016 жыл.




Жұмаш Кенебәй





4.ӨКСИ, ӨКСИ, ӨТЕРМІН...





Қайда бар ма, қиранды,
Кімі, кімге иланды?
Қазағымды өйләумен,
Жаным сонша қиналды.




Бір тұрып, бір құладым,
Зар еңіреп жыладым.
Ойламайын десем де,
Оған жетпес шыдамым.



Мазаламас бекерге ой,
Мен де бір күн кетем ғой...
Бәрін көріп, білгеннен,
Қиыны жоқ екен ғой.




Кім, батпаққа батады?
Кім, күнәғә батады?
Көріп тұрып, көз жұму -
Сатқындыққа жатады.





Жатпайды адам тынғанға,
Жатпайды адам сынғанға,
Баста - миың, кеудеңде -
Жүрек соғып тұрғанда.





Түзде, мейлі үйдемін,
Үстіндемін иненің.
Ұғар болсаң, ағайын,
Мен осындай күйдемін...




Өтпес босқа бекер күн,
Түбі мен де жетермін,
Болмағанда, Жалғаннан,
Өкси, өкси өтермін...




Жұмаш Кенебәй,
30.11.2016 жыл.





Жұмаш Кенебәй





5.БҮГІНГІ ОЙЛАР ТҮЙІНІ





Кімде, ойлар, көп екен,
Кімде, көңіл көк екен?
Бұл адамның қиялы
Жетпейтін жер жоқ екен?



Бірі, миға қонауда,
Бірі, замат солуда,
Бұл түннің де ортасы,
Бітпес өймен толуда.





Сәл ойланып, байқасам,
Жекпе-жекте айқасам,
Өзім қалып, өзіммен
Оңшада шайқасам.




Қолым созам, тоңғанға,
Әр беремін оңғанға,
Бір өйменен бір ойым,
Бітіспес жау болған ба?





Емес бұным «бақсылық»,
Емес бұным қас қылық,
Кімдер, қалай десе де,
Іздегенім ЖАҚСЫЛЫҚ!





Көп пе әлі көрерім,
Көп пе, әлі берерім?
Өз басыма - жөн бөлек,
Тұтас ұлт деп келемін.



Көкте неге мұңайды Ай?
Кім ұйқыға тырайды-ай?..
Сенбесең де, сенсең де,
Бұл, Шындығым, құдайдай!..





Жұмаш Кенебәй,
30.11.2016 жыл







НрәвитсяЕще реәкцииКөмментәрийПөделиться
7 Думан Рамазан, Гулназ Жумалина и еще 5
1 публикәция
Көмментәрии: (4)
Көмментәрии
Хиса Хосай
Хиса Хосай Жаса аға! бойыңнан қуат,ойыңнан рухты жыр кетпесін.
Нравится · Ответить · 9 ч
Жұмаш Кенебәй
Жұмаш Кенебәй рәқмет!
Нравится · Ответить · 8 ч
Nurila Kudaskizy
Nurila Kudaskizy Шындықты жырлайтын нағыз ерсіз аға! Аман болыңыз.
Нравится · Ответить · 6 ч
Гулназ Жумалина
Гулназ Жумалина тусинетин жан болса?......
Нравится · Ответить · 5 ч
қосымша жүктелген суреттері:

كەلۋ قاينارى: http://www.elarna.net/oku_kk.php?tur=11&id=1670

Пікірлер:


Жазған лебізіңіз 300 еріптен аспасын!
tomendegi katekshege 99 dep jazingiz.
98 + 1 = ? sozsiz sifermen tolteringiz, aytpese pikir jaza almaymiz.

Көрші сілтемелер